Бағдарламасының бас беті ф со пму 18. 3/21 Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі



жүктеу 92,88 Kb.
Pdf просмотр
Дата20.01.2018
өлшемі92,88 Kb.
#7678
түріБағдарламасы


Педагогикалық практика 

бағдарламасының бас беті 

Ф СО ПМУ  7.18.3/21

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі

С..Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті

Биотехнология кафедрасы

050701 "Биотехнология" мамандығының студенттері үшін 

ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ПРАКТИКАНЫҢ

БАҒДАРЛАМАСЫ 

 

 



Павлодар


Практиканы өту бойынша                                                                         

бағдарламаны және әдістемелік                              

                            

Ф СО ПМУ 7.18.3/22

нұсқаулықтарды бекіту парағы

                              

           

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі 

С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті

              

050701 "Биотехнология" мамандығы бойынша студенттердің Павлодар

қаласы мектептерінде педагогикалық практиканы өту бойынша



БАҒДАРЛАМАЛЫҚ ЖӘНЕ ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУЛЫҚ

Бағдарлама   050701   "Биотехнология"   ГОСО   ҚР   3.08.327-2006   Қазақстан

Республикасы жалпыға міндетті білім беру мемлекеттік стандарт

негізінде әзірленген 

Құрастырушылар:  доцент, биол.ғылым.канд.___________ Ж.А. Адамжанова

«Биотехнология» кафедрасы

"Биотехнология" кафедрасы отырысында ұсынылды, 2009ж. "24"тамызы

№1 хаттама

Кафедра меңгерушісі   _________________________ Ж.А. Адамжанова

Агротехнология факультетінің оқыту-әдістемелік кеңесімен құпталған.

2009ж. «25» тамыз №  1 - хаттама

ОӘК төрағасы   ________________     М.Е. Жагипарова

КЕЛІСІЛДІ

Факультет деканы ________________Т.К. Бексеитов  «___» ______ 2009 ж.

ҚҰПТАЛДЫ

ОПП бастығы____________                            «___»________2009 ж.

ОпиМО бастығы__________А.А. Варакута    «___»________2009 ж.

БЕКІТЕМІН

ОЖ бойынша проректор

__________ Н.Э. Пфейфер 

«___» ___________2009 ж.




1 Педагогикалық практиканың мақсаттыры және міндеттері

Педагогикалық практика – бітіру курсында биотехнология бакалавры –

маманын кәсіби дайындаудың соңғы кезеңі болып енеді. Ол болашақ кәсіби

қызметіне неғұрлым жақын түрдегі жағдайда өткізіледі.



Практиканың  мақсаты:  Пән  мұғалімінің  және сынып  жетекшісінің

қызметін мақсатты түрде орындауға, оқушылармен оқыту-тәрбиелеу жүйесін

өткізуге,   педагогикалық   процессті   мұғалім   іс   –   әрекетінің   тұтас   нысаны

ретінде қабылдауға дайындау;



Практиканың міндеттері: 

білім, шеберлік, дағды және құзыреттелікті меңгеру, мұғалімнің және

оқушылардың   өзара   әрекеттерін   ЦПП   нысандары   ретінде,   мектеп

оқушысының   өздігінен   дамуын   қалыптастыруда   мұғалімнің   басты   ролін

түсіну;

-   тұлғалық-бағдарлы   білім   беру   жағдайында   білім   беру   және



тәрбиелеудің  жаңа заманғы технологияларын меңгеру;

-   таңдап   алынған   мәселе   бойынша   психологиялық-педагогикалық

зерттеуді іске асыру.

Пререквизиттері:   химия, органикалық және  биоорганикалық химия,

микроағзалардың   биотехнологиясы,   биохимия,   жалпы   және   молекулярлық

генетика, өсімдіктердің физиологиясы.

Постреквизиттері:    микробиология   және   вирусология,   жасушалық

биотехнология,   өсімдіктердің   биотехнологиясы,   жануарлардың

биотехнологиясы,   медициналық   және   ветеринарлық   биотехнология,

экологиялық биотехнология. 

Оқыту-тәрбиелеу   практикасының   ерекшелігі   болып,   студенттердің

мұғалімнің – тәрбиешінің кәсіби еңбегінің шынайы мәселелерінің шеңберіне

енетіндігі   есептелінеді,   олар   оның   жұмысының   нақты   мазмұнымен   және

көлемімен   танысады.   Әрбір   студент   мұғалім   –   тәрбиешінің   қызметінің

барлық негізгі түрлеріне енгізіледі.

2 Бағдарлама бөлімдерін орындаудың күнтізбелік кестесі 

Педагогикалық   практика   7-ші   семестрде   өткізіледі,   практикадан   өту

үшін 1 кредит бөлінеді (30 сағат).

Практиканы   өткізу   базалары:  Павлодар   қаласының   №№3,4,9,10,24

жалпы орта  білім беру мектептері (6-11 – шы сыныптар), ПМУ колледжі,

технологиялық колледж.

3 Практиканың мазмұны

3.1 Танысу:

-   пән   мұғалімінің   және   сынып   жетекшісінің   оқыту-әдістемелік

құжаттамаларымен (мемлекеттік стандарт, оқу, тақырыптық, сабақ жоспары,

пән бойынша сыныптан тыс жұмыс жоспары, тәрбие жұмысының жоспары

және т.с.с);



- бекітілген сыныптағы мектеп оқушыларының рухани тәрбие деңгейі;

- Психологиялық   климат,   отбасындағы   педагогикалық   процесс,

жоғары сынып оқушыларының психологиялық ерекшеліктері;

- оқыту-тәрбиелеу   қызметінің   психологиялық   басымдылықтары

(сабақтың   психологиялық   құрылымы,   оқушылардың   дәлелдері,

педагогикалық   этика,   танымдылық   іс-әрекеттерінің   ерекшеліктері,

қатынасу, сабақтағы микроклимат);

- пән бойынша оқу және сыныптан жұмыс жүйесі;

- мектептің әдістемелік қызметін ұйымдастыру;

- пән бойынша оқушылардың білім, шеберлік деңгейі;

- мектептің инновациялық әдістерді және технологияларды жинақтау

бойынша жұмысы;

- сыныптағы   тәрбиелеу   процессі   (даму   заңдылықтарын   есепке   алу,

субъект   –   субъектілік   қатынас,   тұлғаның   әлеуметтік   белсенділігі,

жоғары сынып оқушыларының мінез-қылық дәлелдері және сипаты)

және т.б.;

- мұғалімдердің ғылыми-зерттеу жұмыстары.

3.2 Құрастыру:

- студенттің педагогикалық практика кезіңде пән мұғалімі және сынып

жетекшісі ретіндегі дербес жұмыс жоспары;

- тақырыптық және сабақ жоспарлары;

- пән бойынша сыныптан тыс жұмыс жоспары;

-   педагогикалық   практика   кезіңдегі   ғылыми-зерттеу   жұмысының

жоспары.

3.3 Іске асыру: 

- пән мұғалімі ретіндегі іс-әрекеті (сабақтарды, пән бойынша сыныптан

тыс жұмыстарды өткізу, үлгермеушілермен жұмыс және т.с.с.);

-   жаңа   заманғы   инновациялық   технологияларды,   оқытудың

интерактивті әдістерін қолдана отыра оқытуды;

- жоспарға сәйкес сынып жетекшісінің қызметін;

-   сыныпта   өткізілетін   тәрбиелік   шаралардың   психологиялық   –

педагогикалық, психологиялық талдауы;

- жаңа заманғы компьютерлік технологияларды және оқыту құралдарын

қолдану;


- ата-аналармен өзара әрекеттесу, серіктес болудың жекелеген түрлерін

және   әдістері   негізінде   оқыту-тәрбиелеу   процессін   ұйымдастыру   (ата   –

аналар жиналыстарын, сұхбаттар, сауалнамалық сұрақтар дайындау);

- оқушылармен кәсіби бағдар беру жұмыстарын;

-   оқушылармен   бірге   пән   бойынша   жалпы   мектептік   шараларды

дайындау  және өткізу  (пәндік  кеш, апталық,  олимпиада, конкурстар,  білім

күні);



- ұжымдық  шығармашылық  іс-әрекет   (ҰШІӘ)негізінде  оқушылармен

бірге   пән   бойынша   жалпы   мектептік   шараларды   дайындау   және   өткізу

(тақырыптық кеш, күзгі бал және т.б.).

3.4Қатысу:

- Мектептің педагогикалық кеңесінің жұмысына;

- пән мұғалімдерінің әдістемелік бірлестігінің жұмысына;

- сынып жетекшілерінің семинарының жұмысына ;

- оқыту қызметіне талдау және өздігінен талдау жасауға ;

- оқушылармен тәрбие жұмысына талдау және өздігінен талдау 

жасауға.

4 Практика бөлімдерін орындау бойынша тапсырма 

Практиканың   бірінші   аптасы   пассивті,   ол   студенттердің   мектеппен,

сыныппен,   мектеп   тәртібімен,   мұғалімдер   ұжымымен   және   мектеп

басшыларымен танысуға беріледі. Практикант – студенттер өз сыныбының

барлық сабақтарына қатысады, оқушылармен жақын танысады, олардың бір-

бірімен   қатынасын   бақылайды,   көшбасшыларын   анықтайды   және

оқушылардың   қызығушылықтарымен   танысады.   Бұл   кезеңде   студенттер

сынып   журналдарын   және   оқушылардың   күнделіктерін   қарайды,

оқушылардың сабақтағы белсенділік деңгейін және үлгерімін өзі үшін жазып

алады,   оларды   дұрыс   толтыруды   үйренеді;   сонымен   қатар   биология

мұғалімдерінің   және   сынып   жетекшісінің   күнтізбелік   жоспарларымен

танысады және бірінші аптаның соңына қарай практиканың барлық кезеңіне

дербес   жұмыс   жоспарын   құрады,   оған   практика   кезіңдегі   әрбір   күнде

істелінетін   шаралар,   биология   бойынша   сабақ   тақырыптары,   сынып

сағаттары және сыныптан тыс шаралар енеді.

Екінші аптадан бастап студенттердің белсенді практикасы басталады.

Сабақтардың нақты тақырыптары бойынша қажетті әдебиет таңдап алынады,

сабақтың   түрі,   сонымен   қатар   оны   өткізу   тәсілдері   және   әдістері   таңдап

алынады. Әрбір сабаққа конспект жазылады, оны мұғалім немесе кафедрас

әдіскері тексереді. Қажеттілігіне орай көрнекі және (немесе) дидактикалық

материал уақытында дайындалады. Бұл кезеңде студент-практиканттар бір-

бірлерінің   сабақтарына   қатысады   және   оларды   талдауға   міндетті   түрде

қатысады.   Осымен   қатар   сынып   жетекшісінің   жұмысы   жүргізіледі,   жеке

жоспарында   қарастырылған   тақырыптар   бойынша   сынып   сағаттарының

конспектісі   жазылады,   сыныптан   тыс   шаралардың,   кештердің   және   т.с.с.

сценарийі әзірленеді.

 

Жеке тапсырмалар

1.

Жоспар құру:



а)

Студент-   практиканттың   жеке   жұмыс   жоспары   (ұйымдастырушылық,

ғылыми-әдістемелік, тәрбиелік, ғылыми-зерттеу жұмысы);

б)

күнтізбелік, тақырыптық жоспар немесе оқылатын тақырыптың немесе



бөлімнің технологиялық картасы;


с)   тәрбие   жұмысының,   пән   бойынша   және   сыныппен   сыныптан   тыс

шаралардың жоспары (пән мұғалімінің және сынып жетекшісінің жоспары

бойынша).

2. Тақырып бойынша сабақ конспектісін құру.

3. Сыныптан тыс шараның конспектісін құру.

4. Нақты бір мәселені (тақырыпты) оқыту мәселесі бойынша есеп беру.



Теориялық сабақ

1. Мектепте оқыту-тәрбиелеу процессін жоспарлау түрлері, типтері.

2. Сабаққа талдау жасау түрлері және әдістері.

3.

 Биология   бойынша   оқыту   материалының   мазмұның   саралау



(морфологиялық, анатомиялық, физиологиялық және т.б.).

4.  Оқыту   материалының   мазмұнына   байланысты   сабақты   жүргізу

ерекшеліктері. 

Практика кезіңдегі экскурсия

1. Мектеппен танысу.

2.Кабинеттермен танысу: биология, әдістемелік.

3.Мектеп мұражайымен танысу.

4. Мектеп жанындағы учаскемен және мектеп жылыжайымен танысу.

5 Еңбекті қорғау және қауіпсіздік техникасы 

Мектепте биология кабинетінде жұмыс кезіңде қауіпсіздік 

техникасының жалпы ережелері 

1.   Зертханада зертханалық жұмыстарды орындау кезіңде тазалықты,

тыныштықты, тәртіпті және ҚТ ережелерін сақтау керек  (осындай ережелер

әрбір кабиентте (зертханада) көрініп тұратын жерде ілініп тұруы қажет).

2. Әрбір жұмыс істеуші зертханада (кабинетте) өрт сөндіру құралдары

және алғашқы көек көрсетуге қажетті заттардың барлығы бар аптечка қандай

жерде тұрғандығын білуі қажет.

3. Кабинетте (зертханада) шылым шегуге, тамақтануға, су ішуге қатаң

түрде тыйым салынады.

                     4. Оқушылар қауіпсіздік техникасын және оны орындауды толық

меңгергенге дейін жұмысты бастауға болмайды.

  5. Жұмыс аяқталғаннан соң суды және электр жабдықтарын сөндіру қажет. 



6 Оқушының міндеттері

- практика өтетін жерге уақытында келу;

-   практика   бағдарламасында   қарастырылған   жұмыс   түрлерін   толық

орындау;


- мектептің күн тәртібіне бағыну;

-   практика   жетекшісінің   тапсырмаларын   сауатты   және

шығармашылықпен   орындау;   орындалатын   жұмысқа   штаттық

қызметкерлермен бірдей жауапкершілікті;

- есеп беру құжаттамаларын уаықтында тапсыру.



7 Есеп беру құжаттамаларын ресімдеуге қойылатын талап 

Есеп беруге қойылатын талап

1.Сабақ конспектісіне

2.Сыныптан тыс шара конспектісіне.

3. Дербес (жеке) жоспарға.

4. Күнделікке.



Әдістемелік нұсқаулықтар

Педагогикалық практика кезіңдегі дербес (жеке) жұмыс жоспарының

болжаулы ықшамсызбасы 

Жұмыстың


негізгі бағыттары

Студенттің

өткізетін

шаралары


Күнтізбелік

өткізу мерзімдері

Орындау туралы

баға


Жұмыстың негізігі бағыттары

1.

Практиканың бірінші аптасында оқушылармен және сыныппен танысу:



өз пәндері бойынша сабақтарда, сынып жетекшісінің, басқа мұғалімдердің

сабақтарында, сыныптан тыс және мектептен тыс жұмыстарда оқушыларды

бақылау.

2.

Жұмысты жоспарлау:



- пән (биология) мұғалімінің жұмыс жоспарымен танысу;

- сынып жетекшісінің жұмыс жоспарымен танысу;

-  практика кезіңе өзінің оқыту-тәрбиелеу жұмысын жоспарлау  (мұғаліммен

және сынып жетекшісімен бірге).

3.

Оқыту жұмысы:



- басқа студент – практиканттардың сабақтарына қатысу;

- сабақты өздігінен өткізу (әрбір сабақтың тақырыбы және өткізу мерзімі).

4.

П.ән бойынша сыныптан тыс жұмыс:



- сыныптан тыс шараларға қатысу;

- сыныптан тыс шараларды өздігінен өткізу (экскурсиялар, үйірме сабақтары

және т.с.с.);

- кабинетте жұмыс (көрнекі құралдарды дайындау және жөндеу және т.б.);

- үлгермейтін оқушылармен қосымша сабақтар өткізу.

5.

Сынып   жетекшісі   ретінде   оқушылармен   тәрбие   жұмыстарын



өткізу:

-  ағымдағы тәрбие жұмыстарына қатысу  (сынып кезекшілігінде,  сенбілікті,

саяхаттарды, экскурсияларды және кештерді өткізуде және т.с.с.);

-  тәрбие жұмысын өздігінен өткізу  (  шаралардың тақырыбын, өткізу күнің

және орынын көрсетіп).

6.

Ата-аналармен жұмыс  (ата-аналар жиналысын дайындауға және



өткізуге қатысу, ата-аналар жиналысында сөз сөйлеу). 

7. Әдістемелік және зерттеу жұмыстарына қатысу:




-  сынып   жетекшілерінің   семинарына,   пән   мұғалімдерінің   әдістемелік

мәжілістеріне, студенттердің семинарларын;

- курстық және дипломдық жұмыстың тақырыптары бойынша оқушылармен

тәжрибелік жұмыс өткізу.

Студент-практиканттың педагогикалық күнделігінің үлгі түрі 

Күнделікте студент-парктиканттың мектептегі барлық жұмысы көрініс

табуы қажет.

Күнделіктің мазмұны:

- мектептегі үзіліс кестесі;

- бекітілген сыныптағы сабақ кестесі;

-   студент-практикант   өткізген   сабақтардың   кестесі   және   пән

мұғалімінің бағасы;

- студент-практикант өткізген сыныптан тыс шаралардың кестесі және

пән мұғалімінің бағасы; 

- студент-практиканттың практика кезіңдегі жеке жоспары.

Студент-практиканттың есеп беруінің үлгі ықшамсызбасы

Есеп беру

______________________________________________________факультетінің

_________тобының студенті _____________________________№___мектепте

________бастап _________дейінгі кезеңдегі практикасы бойынша есеп беруі.

1.   Педагогикалық   практика   жоспарын   орындау.   Жоспардан   қандай

ауытқулар   болды,   неліктен   ол   жоспардан   тыс   болды,   практиканың

ерекшеліктері.

2.   Өткізілген   сабақтар   саны.   Қандай   сабақтар   неғұрлым   жақсы

өткізілді, қандайлары қиыншылық тудырды, неліктен ?

3. Практика кезіңде дидактикалық негізгі қандай міндеттер шешілді ?

Қандай нәтижелер алынды ?

4. Жұмыстың озық тәжірибесі қалай есепке алынды және қолданылды

(мәселелік оқыту элементтері, озық мұғалімдердің жаңа әдістері, ТСО және

т.б.)   ?   Нақты   мысалдар   келтір.   Осы   жұмыстан   қанағаттандыыңыз   ба,   жән

қандай қиыншылықтарға тап болдыңыз ?

5.   Практика   кезіңде   қандай   тәрбиелік   негізгі   міндеттер   шешілді   ?

Бекітілген   сынып   оқушыларымен   тәрбие   жұмысының   жүйесіне   қандай

түрлер енгізілді ?

6.   Практика   кезіңде   оқушыларға   дербес   жанасу   қалай   жүзеге

асырылды?

7.   Практика   процесінде   қандай   дағдылар   және   шеберліктерді

меңгердіңіз ?

8.   Практика   туралы   жалпы   қорытындылар.   Практиканың   мазмұның

және оны ұйымдастыруды жетілдіру бойынша сіздің ұсыныстарыңыз.




Сабаққа талдау жасуадың үлгі ықшамсызбасы

1.   Сабақ   тақырыбы.   Берілген   сабақтың   тақырып   бойынша   сабақтар

жүйесіндегі орыны.

2. Сабақтың мақсаты және оның білім беру-тәрбиелік міндеттері.

3. Сабақты ұйымдастыру. Оқушылардың сабаққа келуі және олардың

сабақтарға   дайындығы.   Оқушыларды   ұйымдастыру   (олардың   көңілін

шоғырландыру,   жұмыс   орындарын   дайындауға   қойылатын   талаптар   және

т.с.с.). Сынып бөлмесінің сабаққа дайындығы.

4. Оқушылардың білімін, дағдыларын, шеберліктерін тексеру мазмұны

және әдісі. Тұтас және жеке сауланама үшін, практикалық тапсырмаларды,

өздік   жұмыстарын,   саралап   оқыту   түріндегі   тапсырмаларды   тексеру

сұрақтарының   мазмұны.   Оқушылардың   жауаптарының   сапасы.   Сыныптың

белсенділігі.   Білімді   тексеру   қорытындысын   шығару.   Оқушылардың

жауаптарын бағалау.

5.   Жаңа   білім   берудің   мазмұны   және   әдісі.   Мұғалімнің   оқыту

материалын   ауызша   баяндаудың   тақырыбы   және   мазмұны.   Мұғалімнің

беретін білімінің көлемі және жүйесі, баяндау әдісі. Берілетін материалдың

ғылыми   және   идеялық   бағыты,   өмірмен   байланысы,   тәрбиелік   сипаты.

Баяндау,   білім   беру   жүйесі   және   дәйектілігі,   баяндаудың   түсінікті   болуы,

алдында   өткенмен   байланысы.   Оқушылардың   оқыту   материалын

өздіктерінен оқуының тақырыбы және мақсаты. Оушылар алдына мәселелік

сауалдарды,   танымдық   міндеттерді   қою,   логикалық   тапсырмаларды

тұжырымдау.   Оқушылардың   танымдық   іс-әрекетін   белсенділендіру,

жекелеген кезеңдерде оқушылардың қызығушылығын және назарын қолдау

тәсілдері. Жаңа материалды қабылдау және түсіну бойынша шығармашылық

жұмыстарға   оқушыларды   тарту.   Көрнекі   материалдардың,   кестелердің,

кинофильмдердің   және   басқада   көрнекі   құралдардың   орыны   және   рөлі.

Тақтаны   және   дәптердегі   жазбаларды   қолдану.   Жаңа   материалды   оқу

процессінде,   оқулықпен,   анықтамалармен   және   қосымша   әдебиеттермен

оқушылардың өздік жұмыстарының орыны және рөлі. Жаңа материалды оқу

процессінде оқушылардың білімдерін есепке алу әдісі.

6. Оқылған материалды бекіту мазмұны және әдісі. Бекіту тақырыбы

және   мазмұны.   Бекіту   әдісі.   Саралау   сипатындағы   өздік   жұмыстары   және

жаттығулар.

7. Үй тапсырмасының мазмұны және әдісі. Үй тапсырмасының көлемі

және   түрлері.   Оны   орындау   туралы   нұсқаулық.   Жекелеген   оқушыларға

қосымша (дербес) тапсырмалар.

8. Оқушылардың танымдылық іс-әрекетінің сипаттамасы.




Бақылау түрлері және әдістері

1.

Бақылаудың ауызша түрі:



-   практиканттың   жеке   жоспарына   сәйкес   сабақтарға   қатысу,   талдау   жасау

жәнге бағалау;

- талдау жасау және бағалап сыныптан тыс шараларына қатысу;

- жеке және топтық қосымша сабақтар өткізу.

2.

Бақылаудың жазбаша түрі:



-   жұмысты   жоспарлауды   тексеру   (жеке   (дербес),   күнтізбелік,   сабақ

жоспарлары);

- оқыту-тәрбиелеу процессін өткізу бойынша конспектілерді тексеру;

- үлгі бойынша есеп берулерді тексеру;

- шығармашылық тапсырмаларды орындау бойынша есеп берулерді тексеру

(оқыту-әдістемелік және ғылыми-әдістемелік).



8 Практика қорытындысын жасау тәртібі 

Студенттердің   педагогикалық   практикасының   қорытындысы   мектеп

директорының   қатысуымен   мектептің   педагогикалық   кеңесінде   және

факультеттің қорытынды конференцияларында шығарылады. 

Осы шаралардың басты міндеттері, мынадан тұрады:

- практиканттардың оқыту-тәрбиелеу жұмыстарының қорытындысын

шығару;

- олардың жұмытарындағы жетістіктерді және кемшіліктерді анықтау;



- студенттердің   мектептегі   оқыту-тәрбиелеу   жұмысына   теориялық

және практикалық дайындығу туралы қорытынды жасау;

- практиканы   ұйымдастыру   бойынша   университет   мұғалімдерінің

және мектеп педагогтарының жұмысының сапасының бағасы;

- практиканы одан әрі жетілдіру бойынша шараларды құру.

Практика   қорытындысы   бойынша   студент   тиісті   кафедраға   практика

бойынша   күнделігін,   мінездемесін   және   есеп   беруін   тапсырады,   оны

практика жетекшісі тексереді, кафедра меңгерушісінің нұсқауымен құрылған

комиссия алдында қорғайды. Есеп беруді қорғау нәтижесі бағалау жүйесінің

бекітілген балл-рейтингтің әріптік жүйе бойынша бағаланады. 



9 Білімді бағалау тәртібі және критерийлері 

Практика бойынша баға былайша қойылады:

-   практика   бойынша   екі   жетекші   тағайындалғанда   қорытынды   баға

практика   базасының   жетекшісінің   бағасын   оның   қорытынды   бағадағы

меншікті салмағы 40%  және ПМУ –нен берілген есеп беруді қорғау бойынша

болған жетекшінің бағасын есепке ала отыра қойылады, оның қорытынды

бағадағы   меншікті   салмағы   60%   құрайды.   Әрбір   баға   100   баллдық   баған

бойынша қойылады.

Оқушының   практикасы   бойынша   есеп   беру   құжаттамасы   (практика

бойынша   күнделігі,   есеп   беру)   оның   университеттегі   оқуы   біткенге   дейін

кафедрада сақталады.

10 Ұсынылатын әдебиет



Негізгі

1. Абдуллина О.А., Загрязина И.Н. Педагогическая практика студентов. –

М.: Просвещение, 1989.

2. Боровицкий   П.И.  және   т.б.  Методика   преподавания   биологии.   –   М.:

ВШ, 1962.

3. Верзилин Н.М. Методика преподавания биологии. – М., 1972.

4. Верзилин   Н.М.,   Корсунская   В.М.   Общая   методика   преподавания

биологии. – М.: Просвещение, 1989.

5. Всесвятский Б.В. Общая методика биологии. – М.: Учпедгиз, 1960.

6. Классному   руководителю.   Учебно-методическое   пособие   /   Под   ред.

М.И. Рожкова. – М.: Владос, 1999. – 280с.

7. Методика   воспитательной   работы:  пед.жоғары   оқу   орындарының

студенттеріне/ Л.А. Байкова, Л.К. Гребенкина, О.В. Еремкина и др.; Под

ред. В.А. Сластенина. – М.: Академия, 2002. – 144б.

Дополнительная

8. Конаржевский   Ю.А.   Анализ   урока.   –   М.:   Центр   «Педагогический

поиск», 2000. – 336б.

9. Педагогика. Курс лекций. – Алматы, 2005.

10.Селевко Г.К. Педагогические технологии на основе дидактического и

методического   усовершенствования   УВП.   –   М.:   Энциклопедия

образовательных технологий, 2005.

11.Хмель   Н.Д.   Теория   и   технология   реализации   целостного

педагогического   процесса:   Учебное   пособие   (В   помощь

преподавателям,   аспирантам,   магистрантам,   студентам).   –   Алматы:

Абай атындағы АМУ, 2002. – 90б.

12.Чернявская А.П. Педагогическая техника в работе учителя. – М.: Центр

«Педагогический поиск», 2001. – 176б.

13.Щуркова   Н.Е.   Классное   руководство:   игровые   методики.   –   М.:



Педагогическое общество России, 2001. – 224б.

Document Outline

  • БЕКІТЕМІН
    • ОЖ бойынша проректор
    • ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ПРАКТИКАНЫҢ БАҒДАРЛАМАСЫ
  • Павлодар
  • Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
    • Бағдарлама 050701 "Биотехнология" ГОСО ҚР 3.08.327-2006 Қазақстан Республикасы жалпыға міндетті білім беру мемлекеттік стандарт негізінде әзірленген
  • ОӘК төрағасы ________________ М.Е. Жагипарова
    • КЕЛІСІЛДІ
    • Факультет деканы ________________Т.К. Бексеитов «___» ______ 2009 ж.
      • Практиканы өткізу базалары: Павлодар қаласының №№3,4,9,10,24 жалпы орта білім беру мектептері (6-11 – шы сыныптар), ПМУ колледжі, технологиялық колледж.
      • Теориялық сабақ
      • Практика кезіңдегі экскурсия
      • 6 Оқушының міндеттері
      • Есеп беруге қойылатын талап
      • Әдістемелік нұсқаулықтар
      • Жұмыстың негізігі бағыттары
      • Студент-практиканттың педагогикалық күнделігінің үлгі түрі
      • Студент-практиканттың есеп беруінің үлгі ықшамсызбасы
      • Сабаққа талдау жасуадың үлгі ықшамсызбасы
      • Бақылау түрлері және әдістері
      • 8 Практика қорытындысын жасау тәртібі
    • Негізгі

жүктеу 92,88 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау