2017 жылы барлығы 237 835 консультация.
7-сурет.
8-сурет. 2017 жылғы 4-тоқсанда көрсетілген қызметтердің саны мен түрлері.
2017 жылғы 4-тоқсанда шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің КҚО жұмысында, сондай-ақ кәсіпкерлік бастамасы бар халық арасында аса көп тараған мемлекеттік қолдау құралдары жөніндегі мәселелер 22 256 бірлікті (50%) құрайды. Бұл ретте, аталған қызмет түрі бойынша 4-тоқсандағы ең үлкен көрсеткіш Алматы облысында (4 273 консультация), Жамбыл облысында (2 370 консультация), Шығыс Қазақстан облысында (2 266 консультация) және Ақтөбе облысында (2 117 консультация) тіркелген.
Шағын және орта кәсіпкерлік субъектілеріне «бір терезе» арқылы қызмет көрсету, қайталануларды жою, қағидалар мен талаптарды жеңілдету және оңтайландыру, белгіленген рәсімдер мен регламенттерді автоматтандыру қағидаттары сақталған жағдайда, мемлекеттік қаржылық емес қолдау шараларын көрсету Шығыс Қазақстан облысында (791 консультация), Оңтүстік Қазақстан облысында (703 консультация) және Қарағанды облысында (433 консультация) көп талап етілетіні байқалды. Бұл ретте, Жамбыл және Маңғыстау облыстарында аталған қызмет түріне деген сұраныстың мүлдем болмағанын атап өткен жөн.
Шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері мен кәсіпкерлік бастамасы бар халыққа мемлекеттік қаржылық емес қолдау көрсетудің функционалдық бағыттарын іске асыру Оңтүстік Қазақстан облысында (1 570 консультация), Шығыс Қазақстан облысында (680 консультация) және Қарағанды облысында (379 консультация) аса талап етіледі. Костанай, Маңғыстау және Жамбыл облыстарында бұл қызметке сұраныс болған жоқ.
2017 жылғы 4-тоқсанда шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері мен кәсіпкерлік бастамасы бар халықтан қаржылық емес қолдау құралдарын алуға арналған өтінімдерді жинау Шығыс Қазақстан облысында жиі жүзеге асырылды – 615 консультация, бұл аталған қызметтің жалпы санының 18,25 % құрайды.
Кәсіпкерлік қызметті ашу және жүргізу бойынша консультациялық қызметтердің жиі ұсынылғаны Қарағанды облысында – 1 160 консультация, Шығыс Қазақстан облысында – 1 131 консультация және Костанай облысында - 841 консультация.
Қаржы институттарымен жұмыс істеу шарттарын түсіндіру бойынша мына облыстарда консультациялар көбірек берілді - Қарағанды облысында – 802 консультация, Ақмола облысында – 750 консультация және Шығыс Қазақстан облысында – 695 консультация.
9-сурет. 2017 жылғы 4-тоқсандағы өңірлер бөлінісінде көрсетілген қызметтердің саны мен түрлері.
КҚО көрсетілген консультациялардың аймақтық бөліністегі жалпы саны және түрлері бойынша ақпарат
10-сур. 2017 жылдың қорытындылары бойынша көрсетілген қызметтердің саны мен түрлері.
Достарыңызбен бөлісу: |