Еңбек нарығы және нәтижелі жұмыспен қамтуды және
жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017 – 2021 жылдарға
арналған «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасының
2019 жылы II-тоқсанында орындалуы
Жыл басынан бері жұмыс іздеуші есебінде -1969 адам хабарласты. Олардың ішінде: жұмыссыз статусын алғандар- 994 адам.
Жұмыс іздеуші есебінде хабарласқандардан - 1496 адам жұмыспен қамтылды (оның ішінде: жастар тәжірибесіне -234, қоғамдық жұмыс -617, әлеуметтік жұмысқа -111, тұрақты-534 адам)
Бірінші бағыт: Қатысушыларды техникалық және кәсіптік біліммен және қысқа мерзімді кәсіптік оқумен қамтамасыз ету.
Техникалық және кәсіптік білімі бар кадрларды даярлау үшін 9-11-сыныптарды бітірушілер, оқу орындарына түспеген, жұмыс іздеп жүрген адамдар, сондай-ақ азаматтардың өзге санаттарына жататын үміткерден 100 адам оқыту жоспарланып отыр. Оқу қыркүйек айында басталады.
Қысқа мерзімді кәсіптік оқуға республикалық бюджеттен 180 адамды оқытуға 55,557 млн.теңге қаржы қаралды. Еңбек нарығына байланысты қажетті мамандықтарды белгілеп, тігінші мамандығы бойынша 70 адам оқуға жолданды.
Екінші бағыт: Жаппай кәсіпкерлікті дамыту.
«Бастау Бизнес» жобасы аясында 110 адам оқыту жоспарланған.
Жыл басынан бері 128 адам «Бастау Бизнес» жобасына оқуға жолданды. 88 оқуын аяқтады.
Мемлекеттік грант 100 айлық есептік көрсеткіш бойынша, яғни 252500 теңгеден 50 адамға беру жоспарланып отыр. 6 айда 30 адамға грант берілді.
Үшінші бағыт: Халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесу және еңбек ресурстарының ұтқырлығы арқылы еңбек нарығын дамыту.
Әлеуметтік жұмыс орындарына республикалық бюджеттен 70 адамға 25,021 млн.теңге бөлінді. Әлеуметтік жұмыс орындарына 111 адам жолданды. Әлеуметтік жұмыс орындарын аяқтаған 8 адам тұрақты жұмысқа орналасты.
Жастар тәжірибесіне қаржыландыруға 256 адамға 96,960 млн.теңге бөлініп (200 адамға РБ 75, 750 млн.т, 56 адамға ЖБ 21,210 млн.т), 212 жас маман жастар тәжірибесіне жолданды. Тәжірибеден өткен 20 жас маман тұрақты жұмысқа орналасты.
Қоғамдық жұмысқа 95,323 млн.теңге бөлінді (облыстық бюджеттен 39,850 млн.теңге, жергілікті бюджеттен 55,473 млн.теңге). Жұмыссыз ретінде тіркелген 617 адамға (ауылдық жерден 454 адам) жолдама берілді.
Жаңа жұмыс орындарының ашылуы - аудан бойынша жыл көлемінде 900 жаңа жұмыс орындарын ашу жоспарланса, ол 509 болып орындалды (56,5 пайыз), оның ішінде ауылдық жерден 192 адам.
Тұрақты жұмысқа орналасқандар салалары бойынша:
Ауыл, орман және балық шаруашылығы саласы -17;
Өнеркәсіп саласы - 29;
Білім беру саласы бойынша - 17;
Денсаулық сақтау және
әлеуметтік қызыметтер бойынша - 13;
Экономикалық қызметтің түрлері бойынша - 160;
Көлік және қоймалау - 4
Көтерме сауда - 253;
Құрылыс саласы - 2;
Уақытша және маусымдық жұмысқа -14.
Мүмкіндігі шектеулі азаматтардың жұмысқа орналасуы (жоспар 33 адам) -«Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңына сәйкес жұмысқа жарамды жұмыс іздеуші ретінде 34 адам хабарласып, тұрақты жұмысқа-10, қоғамдық жұмысқа-20, жастар тәжірибесіне-2, әлеуметтік жұмысқа-2 және 4 азамат қысқа мерзімді оқуға тізімге алынды.
Қылмыстық атқару инспекциясы және жазасын өтеп келгендердің есебінде тұратындардан - 14 адам хабарласып, барлығы тұрақты жұмысқа орналасты.
Жыл басынан бері 7 (жеті) жәрмеңке ұйымдастырылып, 79 кәсіпорын мен мекемелер 214 бос жұмыс орындары ұсынып, 71адам тұрақты жұмысқа, 70 адам қоғамдық жұмысқа, 7 адам кәсіптік оқуға, 11 адам әлеуметтік жұмысқа, 14 адам жастар тәжірибесіне орналасты. Жәрмеңкенің нәтижесінде 147 адамға ҚР «Еңбек кодексіне», ҚР «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңына сәйкес және бағдарлама бағыттары бойынша консультациялар берілді.
2019 жылдың 1 шілдесіне жұмыссыздар саны (қалдық) базалық дерекқор бойынша 972 адам, яғни маусым айының жұмыссыздық деңгейі 2,9 пайызды құрады.
Жалпы жұмыссыздық деңгейі аудан бойынша 4,9 пайыз.
Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек жөніндегі
Анықтама
Арал ауданы бойынша 2042 отбасыдан атаулы әлеуметтік көмекке құжаттар қабылданып, оның ішінде 1844 отбасы шартты ақшалай көмекке және 198 отбасы шартсыз ақшалай көмекке тағайындалды.
Осы жоғарыда тағайындалған отбасылардың еңбекке жарамды мүшелерін жұмыстарға тарту барысында, 5 адам тұрақты жұмысқа, 7 адам әлеуметтік жұмысқа, 5 адам жастар тәжірибесіне, 3 адам кәсіптік оқуға және 427 ақылы қоғамдық жұмыстарға жолданды.
Достарыңызбен бөлісу: |