9 Пәннің қысқаша сипаттамасы
«Деректану» пәні тарихи пәндердің цикліне кіреді. Курстың мақсаты
мен міндеттері студенттің 18-20-шы ғасырдың басындағы қазақ даласында ғы
деректермен жұмыс, оның дамуы, рөлі мен орыны туралы білім жиынтығын
алуды қажет етеді.
Пән 30 апта бойы оқытылады. Пәннің жалпы еңбек көлемі – 90 сағатты
құрайды, оның 60 сағаты аудиториялық сабақтарға 15 сағат студенттердің
өзіндік жұмысына бөлінген.
10 Курс компоненттері
10.1 Пән тақырыптарының мазмұны
1-тақырып. Кіріспе
Қазақстан тарихын ғылыми кезеңдеудің негзідері және
Қазақстан тарихының деректері туралы жалпы түсінік.
2-тақырып.
Деректану теориясы, тарихы және
терминдері
Тарихи деректер бейнелеу теориясы тұрғысынан.
Деректердегі объективтілік пен субъективтілік туралы.
Тарихи шыңдық пен деректің, дерек пен тарихшының
диалектикалық байланыс механизмі. Тарихи танымның
ретроспективті сипаты. Тарихи дерек ұғымы ақпарат
теориясы туралы білім тұрғысынан. Деректану және тарихи
зерттеу.
3-тақырып. Тарихи деректерді сыныптау проблемасы.
Тарихи деректер эволюциясы. Қазақстан тарихы
деректерінің түрлік өзгерістерге ұшырауының өзіндік
ерекшеліктері.
Деректердің
дамуының
негізгі
тенденциялары.
4-тақырып. Деректанудың қалыптасуы және дамуы
Орыс тарихшысы В.О.Ключевский XIX ғ. соңындағы
Ресей тарих ғылымының ерекшелігі мен міндеттері, тарихи
деректер, тарихи сын және тарихи сынның ерекшеліктер
туралы. А.С.Лаппо – Данилевскийдің (1863 – 1918) деректану
методологиясы туралы концепциясы. Деректану – тарихи
деректер туралы біртұтас жүйелі ғылым.
5-тақырып. Қазақ ғалымдары мен ойшылдарының
деректанушылық көзқарастары.
Е.Бекмахановтың деректанушылық көзқарастары.
О.Сүлейменовтың “Азия” – сы және деректің түпнұсқалық
проблемасы. Қазақтың деректанушы ғалымдары және
олардың еңбектері. Қазақстан тәуелсіздігі және деректану
ғылымы.
6-тақырып. Тарихи деректерді талдау методикасы
Объективтік принцип, тарихилық принцип, партиялық
принцип – деректану методикасының негізгі принциптері.
Деректермен жұмыс істеудің негізіг үш кезеңі:
деректерді іздеу, табу (деректанулық эвристика),
деректанулық талдау (сын), деректердегі алынған
мәліметтер нақты зерттеулерге пайдалану, тәсілдерін жасау
(методика).
7-тақырып. Деректің пайда болуын сынау
Дерек авторының не құрастырушының атын анықтау
(атрибуция). Тарихи деректің әлеуметтік функциясын
анықтау. Деректанудың шынайылық проблемасы. Тарихи
деректану ғылымындағы өкілеттілік проблемасы.
8-тақырып. Халық ауыз әдебиетінің туындылары тарихи
дерек ретінде.
Шежіренің деректік маңызы, орыны, ерекшелігі.
Шежіренің түрлері. Шежіренің тарихи дерек ретіндегі
эволюциясы. Шежіренің пайда болуын сынау. Шежіредегі
объективтілік пен субъективтілік. Шежіретану – кезеңдері
мен қажеттілігі. Ш. Уәлиханов, А.Байтұрсынұлы шежіренің
деректік маңызы мен ерекшелігі туралы. Шежіренің
қазақтардың этногенезисін, Қазақстан территориясында
тайпалардың
орналасуын,
түркі
халықтарының
этногенетикалық байланыстарын зерттеудегі маңызы.
Шежіретану проблемалалары.
9-тақырып. Ежелгі жазба тарихи деректер.
Араб деректері, IX – XIII ғғ. ал – Жазидің, ибн – Фадлан,
ал Факихтың т.б. тарихи трактаттары, ал – Масудидің (“Ахбар
– аз - заман”), Худун ал – Алемнің (Дүние шеңбері. X ғ.), Ибн –
Хордабектің (“Шет аймақ кітабы ”), Ибн – Рустенің ( “Асыл
алқалар кітабы”) т.б. тарихи – географиялық еңбектер мен
географиялық карталардың деректік маңызы және оларға
деректанулық талдау жасау жолдары.
Батыс Европа саяхатшылары Плано Карпиниди (1182 –
1252), Вильгелм Рубруктің, Марко Полоның т.б. жазбалары.
10-тақырып. Жылнамалар және жылнаматану
Қазіргі жылнаматану проблемалары: жылнама
жазушылықтың бастапқы кезеңін қалпына келтіру,
жылнаманың шынайылық проблемасы, жылнаманың
өкілеттілік проблемасы.
11-тақырып. Орта ғасырлық жазба ескерткіштер
Дулатитану ғылымының қалыптасуы. “Тарих–и
Рашидидің” деректік маңызы. Қадырғали би Қосымұлының
“Жылнамалар жинағы”. Деректанулық талдау. Әбілғазы
Баһадурдың (1603 – 1663) “Түріктер шежіресі”, “Зафарнама”
және “Бабурнама”.
12-тақырып. Батырлар жыры – қазақтардың жоңғар
шапқыншылығына қарсы күрес тарихының дерегі.
Батырлар жырының тарихи дерек ретіндегі маңызы,
орны, ерекшеліктері. Оларды тарихи дерек көзі ретінде
зерттеу методикасы. “Абылай хан”, “Қабанбай батыр”,
“Бөгенбай батыр ”, “Наурызбай батыр”, “Өтеген батыр” т.б.
жырларға.
Достарыңызбен бөлісу: