қайшылықтарды
тереңдете
түскен
ұлтаралық
шиеліністердің өсуін көріп отырмыз. Осыған байланысты
бүгінгі күні бір ұлттан мемлекеттердің алдында өз
қоғамдарына басқа ұлттық еңбек мигранттарының
интеграциялануы процесіне негізгі проблемасына
байланысты көптеген мәселелер қосылып отыр.
Ұлттық мәселерді шешпейінше біздің
қоғамымыздағы тепе теңдіктер мен тұрақтылық
жағдайында ұстау күрделігі елдің тыныштығы мен
бейбітшілігін, оның тыныштығы мен қауіпсіздігін
қамтамасыз ету мүмкін еместігі айқындала түсуде.
Әрине, бұл үшін ішкі саясатты дұрыс бағыттап, жүргізу
қажет. Соның ішінде Қазақстанда тұратын ұлттардың
өзара бірлікте болуын қамтамасыз ету өте маңызды
мәселе болып отырғаны анық. Қазақстан демократия
мен ізгілік пайдасына жасаған өз тандауына адалдығы
әлемдік қауымдастық пен беделді халықаралық ұйымдар
арасында жоғары бағалаушылық туғызбай қоймайды.
Қазақстанның ұлтаралық ішкі қатыныстары өзара
құрметке және мүдделер мен есептеулерге құрылатын
тең құқықтық қауымдастық ретіндегі мемлекетаралық
бірлестіктерді дұрыс көреді. Саясатта көпарналық
принципін негізге алған біздің еліміз
өзіміздің
шекаралық бойында бір "қауіпсіздік құра отырып,
барлық ұлттардың онды және серпінді дамып келе
жатқан қатынастар орнатты.
Бізде тұрақтылық пен келісімді қамтамасыз ету,
түрлі көзқарастар мен оларды талдау, біздің қоғамның
негізгі саяси күштерінің бағдарын үйлестіру, үкімет пен
саяси
партиялардың
және қоғамдық кеңестің
мақсаттары болып отырғандығы маңызды деп
санаймыз. Қоғам мүдделерін естіртудің жаңа тетіктерін
қалыптастыру - бұл демократияландыру процесін
дамытудағы оң қадам екендігі сөзсіз. Біздің еліміз
қоғамда топтық және әлеуметтік мүдделер жеткілікті
дәрежеде айқын тұлғаланып, оларды ашық саясат
саласына шығару мүмкін болған шенге жетіп отыр.
Мемлекеттің ұлтаралық келісімді сақтап, орнатуға
бағытталған саясаты Қазақстандық қоғамның
тұрақтылығын қамтамасыз етеді, бұл еліміздегі саясаттың
көп арналылығының белгісі.
Қазақстандықтардың этносаяси қауымдасуы басынан
өткерген тарихи саяси-әлеуметтік сипатына, рухани-
адамгершілік тұрпаттағы қатынастарында біріктірушілік
ұйымдық көрініс тауып, өзінің өміршенділік іс-әрекетінің
жалғастылығын қамтамасыз етеді.
Қазақстан халқының топтасқандығы мен қоғамдық
болмысы этносаяси тұр ретінде көбіне-көп дұрыс ұлттық
саясат жүргізуімен анықталады. Қазіргі кезде ұлттық
қарым-қатынас саясаты ғылыми негізделген болуы
керек. Қазақстандықтардың ұлт саясатын жүргізуі көп
ұлтты халқымыздың күрделі жетістігі, ұлт мәселесін
ғылыми шешілуі мен қоғамдық демократияландыру
жемісі.
Қазір ұлтттық проблеманың шешімі сондай-ақ оның
кемеліне келуінің басты мақсаттары Қазақстанның
жаңаруы болып табылатын, түрлі ұлттар өкілдерінің ортақ
тату отбасына бірігуіне ықпал жасауымен маңызды.
Ұлттық қауымдастықтар қарым-қатынас
орнату
саясатында көптеген игішараларды іске асыруда.
Барлық ұлт азаматтарының тендігі принципіне
негізделген және іс жүзінде ұждан бостандығы жүзеге
асырып отырған мемлекет саясаты атқаратын рөл аз емес.
Біз барлық ұлттардың қарым-катынасының дұрыстығын
қалаймыз.
Жалпы ұлттық қарым-қатынас саясаты қоғамдағы
көп ұлтты мемлекеттер үшін әрқашанда маңызды сфера
болып табылады. Ұлттық қарым-қатынас көптеген
мемлекеттерде мына
жағдайларға
байланысты
бұзылады: олар біріншіден территориялық
жағдайларға байланысты. Екіншіден автономия немесе
тәуелсіздік үшін күресте.
Қазақстан үшін ұлттық қарым-қатынас
саясатының өз спецификасы бар: Біздің елдегі басқа
ұлттармен дұрыс қарым- қатынас тек біздің елде
ғана емес, ол дүниежүзінің Азия елдерінде де маңызды.
Ұлттық құрамы мен конфессиялық алуан түрлілігі
жағынан Қазақстан бұл күндері жер шарындағы сирек
кездесетін мемлекеттердің қатарына жатады. Сан алуан
саяси оқиғалар мен геосаяси жағдайларға байланысты
осындай құрамда тәуелсіз мемлекетіміз өзінің дамуын
күннен-күнге дамытып, алға қарай
жылжытуда.
Қазақстанның басты ұраны мен идеологиясы ұлтаралық
бірлестік, ұлтаралык келісім және ұлтаралық татулық
болып отыр. Мемлекеттің еңбасты мақсаты ішкі
тұрақтылық пен татулықты сақтау.
. Саны жағынан аз ұлттармен әлеуметтік жұмыс
технологиясы
Жоспар
1. Ұлттардың саны жағынан аз бөлігі
2. Әлеуметтік жұмыстағы диаспорлар түрлері
3. Ұлттық диаспора деңгейлері
Ұлттардың саны жағынан аз бөлігі жалпы қоғамның
әлеуметтік құрылымына барлық әлеуметтік қабаттар мен
әлеуметтік демографиялық топтарды, сонымен қатар
әлеуметтік құбылыстарды (нашақорлық, алкоголизм,
күштеу, экстримизм, терроризм және т.б.) кірістіре
отырып сипаттайды. Халықтың саны жағынан аз бөлігімен
жұмыс істеудің негізгі шарты ұлттардың саны жағынан аз
бөлігінің ерекшеліктері қандай және қалай пайда болады,
олар кімдер, олар туралы білімдер саны.
Бұл келесі міндеттермен байланысты:
Ұлттардың санының аз бөлігі, диаспора туралы
қажетті мәліметтерді ұсыну;
Ұлттардың саны жағынан аз бөлігінің әртүрлілігін
топтастыру;
Олармен әлеуметтік жұмыс істеудің саяси-
құқықтық базасын қарастыру;
Жақын және алыс шетелдегі ұлттардың саны
жағынан аз бөлігінің проблемаларын талдау.
Бұл саланың саяси және әлеуметтік қызметінің
терминалогиясы терең талдауды және нақтылы
қолдануды қажет етеді.
Ұлттардың саны жағынан аз бөлігі дегеніміз кімдер?
Бұлар өздерінің титулдық шекарасынан тыс өмір сүріп
жатқан ұлттар тобы.
“Саны жағынан аз бөлігі” ұғымы “халықтық” деген
пысықтауышпен сәйкес қолданғанда белгілі бір ұлттың
санын көрсетпейді.
“Ұлттардың саны жағынан аз бөлігі” ұғымын “саны аз
халықтар” ұғымымен салыстыруға болмайды.
Ресей федерациясында саны аз аборигендіктер болып
өзінің туған-туыстарынан, дәстүрлі территориясынан
алшақ тұратындар, өзіндік тұрмыс салтын сақтаған және
50 мың адамнан аспайтын халықтарды есептейді. Оларға
Сібірдің және Қиыр Шығыстың, Солтүстік халықтары
кіреді: саамдар, ханттар, манси, селькуп, ненцтар,
нганастар, кеттер, долгандар, тофалар, эвенкилер,
Достарыңызбен бөлісу: |