1. Бөлімнің қызмет көрсету аймағында тұратын және
бөтен көмекті қажет ететін жалғыз басты қарттар мен
жұмысқа жарамсыз азаматтарды анықтау және есепке
алу.
2. Жалғыз басты қарттарға шефтік көмек көрсету
мақсатында соғыс және ардагерлері мен мүгедектердің
бұрын жұмыс істеген еңбек ұжымдарымен, Қызыл Крест
комитетімен және ардагерлер Кеңесімен, басқа да
қоғамдық бірлестіктермен байланыс жасау.
3. Интернат үйлерге орналастыру үшін, қамқорлықты,
қорғаншылықты анықтау үшін қажетті құжаттарды
жиыстыруда көмек көрсету.
4. Жалғызбасты
және
жұмысқа
жарамсыз
азаматтарға әлеуметтік қызметкерлермен әр түрлі қызмет
түрлерін ұсыну.
5. Үйлеріне түскі тамақтарын, шала фабрикаттарды,
азық-түлік, өнеркәсіп тауарларын және дәрі-дәрмектерді
жеткізу.
6. Үй заттары мен киім-кешекті жууға, химиялық
тазартуға, жөндеуге апарыптапсыру және оны жеткізу.
7. Тиісті медициналық көмек көрсетілуіне, тұрақты
жерін тазартуда, жөндеу жұмыстарына, пәтер ішіндегі
сантехникалық жабдықтарды жөндеуге көмек көрсету.
8. Туған-туыстарға, жолдастарға хат жазысу,
коммуналдық қызметтер ақысын төлеу, бір реттік
тапсырмаларды орындау.
Үйде қызмет көрсетуді қажет ететіндер зейнеткердің
жеке өтінішінің негізінде, осындай көмектің қажеттігі
жөнінде медициналық мекеме қорытындысының және
жалғыз тұрып жатқан қарт азаматтың материалдық-
тұрмыстық жағдайын тексеру мәліметтерінің негізінде
облыстық, аудандық (қалалық) еңбек және халыққа
әлеуметтік көмек көрсету бөлімдерінің меңгерушілерінің
шешімдері бойынша тіркеледі.
Ережеде бөлім жұмысын ұйымдастыру мәселелері, іс
жүргізудің ережелері, әлеуметтік қызметкерлерді
жұмысқа алу ережелері туралы айтылған.
4. Кемтар балаларға арналған үйде әлеуметтік көмек
көрсету бөлімдері.
Кемтар балаларға арналған үйде әлеуметтік көмек
көрсету бөлімдері өз жұмысын ҚР-ның 2002 жылғы 11-
шілдедегі “Кемтар балаларды әлеуметтік және
медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау
туралы” заңының және бөлімдер туралы Ережесінің
негізінде жүргізіледі.
ҚР-ның кемтар балаларды әлеуметтік және
медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы
заңдары ҚР-ның Конституциясына негізделеді және осы
заң мен ҚР-ның өзге де нормативтік құқықтық актілерінен
тұрады.
Ереже ҚР-ның 2002 жылғы 11-шілдедегі “Кемтар
балаларды әлеуметтік және медициналық-педагогикалық
түзеу арқылы қолдау туралы” Заңына сәйкес кемтар
балаларға үйде әлеуметтік қызмет көрсетудің жалпы
тәртібін анықтайды және 10 бөлімнен тұрады:
1. Жалпы ережелер.
-
Басқа адамның күтімі мен көмегін керек ететін
кемтар балаларға үйде әлеуметтік қызмет психологиялық-
медициналық-педагогикалық кеңестік қорытындысы
бойынша көрсетіледі.
2. Үйде әлеуметтік көмек көрсету бөлімдерін құру.
3. Негізгі міндеттер.
4. Үйде әлеуметтік көмек көрсету бөлімі қызметінің
негізгі бағыттары.
Бұл бөлімде үйде әлеуметтік көмек көрсету бөлімі
қызметінің негізгі бағыттары мен шарттары жөнінде
жазылған.
5. Үйде әлеуметтік көмек көрсету бөлімдерінің
құқықтары.
6. Әлеуметтік қызмет көрсету бөлімдерінің қызмет
тәртібі мен шарттары.
7. Үйде қызмет көрсетуге қабылдау шарттары.
8. Үйде әлеуметтік қызмет көрсету бөлімін басқару.
9. Әлеуметтік көмекті ұйымдастыру.
10. Әлеуметтік көмек бөлімдерін қаржыландыру.
5. Белгілі тұрағы жоқ адамдарға арналған әлеуметтік
бейімдеу орталықтары.
Өз жұмысында ҚР Үкіметінің 2000 жылғы 16-сәуірдегі
“Белгілі тұрағы жоқ адамдарға арналған әлеуметтік
бейімдеу орталықтарын құру туралы” Қаулысын
басшылыққа алады. ҚР еңбек және халықты әлеуметтік
қорғау министрлігінің бұйрығымен “Белгілі тұрағы жоқ
адамдарға арналған әлеуметтік бейімдеу
орталықтарының қызметін ұйымдастыру ережесі”
бекітілген, ереже 9 бөлімнен тұрады:
1. Жалпы ережелер. Орталықта тұруға құқылы
адамдардың санаттары аталып, қай уақытқа дейін
болатындығы көрсетілген.
2. Орталықтарды құру. Орталықтардың құрылу
шарттары /100 мың адамнан астам халқы бар қалалар/.
Орталықтар өз жұмыстарын денсаулық сақтау, халықты
әлеуметтік қорғау, ішкі істер органдарымен тығыз
әрекеттестікте құрайды.
3. Орталықтардың жұмыс істеуінің жағдайы мен
тәртібі.
Орталықта тұру барысында санитарлық нормаларды
сақтау, қоғамдық тәртіпті сақтауды қамтамасыз ету,
жұмыс режимін және ішкі тәртіп ережесін сақтау.
4. Орталыққа қабылдаудың және онда ұстаудың
шарттары. Орталыққа адамдарды қабылдау еңбек,
халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау
басқармасының денсаулық сақтау және ішкі істер
органдарының жолдамасы бойынша сөтке бойына
жүргізіледі. Орталыққа қабылдамау айғақтары.
Орталықта тұрып жатқан адамдардың міндеттері.
5. Әлеуметтік көмекті ұйымдастыру. Орталықта
көрсетілетін әлеуметтік көмектің түрлері.
6. Медициналық көмекті ұйымдастыру. Орталықта
көрсетілетін медициналық көмектің түрлері.
7. Еңбекпен оңалтуды ұйымдастыру. Еңбекпен
оңалтудың түрлері.
8. Орталықтарды қаржыландыру. Орталықтарды
қаржыландыру көздері анықталған. Орталықты
қаржыландыру жергілікті қаражаттың есебін және ҚР-ның
заңнамасында тыйым салынбаған өзге де қаражат
көздерінен жүзеге асырылады.
9. Орталықтың қызметін бақылау. Орталықтың
қызметін бақылау үшін облыс әкімдерінің шешімімен
әкімшіліктің, еңбек, халықты жұмыспен қамту және
әлеуметтік қорғау, денсаулық сақтау және ішкі істер
органдарының, қоғамдық, діни және өзге де ұйымдардың
өкілдерінен қамқорлық кеңестері құрылады.
Осы ереже белгілі тұрағы жоқ адамдарға арналған
әлеуметтік бейімделу орталықтарының қызметін
ұйымдастырудың тәртібін белгілейді.
Достарыңызбен бөлісу: |