«БТА Банкі» АҚ
TotalPay (5.3 нұсқасы)5.3.3.15
бағдарламасын пайдалану жөніндегі нұсқаулық
Әзірлеуші: BTA Card ендіру жөніндегі жобалық офис,
«БТА Банкі» АҚ АФ, Ақтөбе қ.
Ақтөбе қ., 2009
Мазмұны
1. Жүйеге қойылатын талаптар
|
|
2. TotalPay бағдарламасын орнату
|
|
3. TotalPay бағдарламасын пайдалану («Анықтамалықтар», «Деректемелер», «Сервис», «Құжаттар»)
|
|
3.1. TotalPay іске қосу. Анықтамалықтар («Анықтамалықтар» «ТТК» және «Экономика секторлары»).
|
|
3.2. Ұйым туралы деректерді толтыру («Деректемелер-Ұйым»)
|
|
3.3. Алушы туралы деректерді толтыру («Деректемелер-Алушы»)
|
|
3.4. Бөлімшелерді құру («Деректемелер-Бөлімшелер»)
|
|
3.5. Қызметкерлердің кестесін толтыру («Деректемелер-Қызметкерлер»)
|
|
3.6. МТ102 форматындағы файлдан, TotalPay 4 ДБ-нан, MS Excel файлынан және WageClientMT бағдарламасының кестелерінен қызметкерлер туралы деректерді импорттау, IBAN нөмірлерін және ЖСН өзгерту
|
|
3.7. Бағдарламаның жалпы баптауларын тексеру және орнату («Сервис-Баптаулар»)
|
|
3.8. «Сервис-ЭСҚ қол қою…» қосымша бетінде жұмыс істеу
|
|
3.9. Құжатты құру және оны толтыру («Құжаттар-Құжаттарды құру»)
|
|
3.10. Файлдан (МТ102), DBF форматындағы файлдардан құжатқа деректерді импорттау
|
|
3.11. МТ102, төлемдік тапсырмаларды және басқа құжаттарды құру
|
|
4. «Ыстық» пернелер
|
|
5. Негізгі ұғымдар
|
|
6. Тех. қолдау
|
|
7. Толықтырулар мен түзетулер (new!)
|
|
Жүйеге қойылатын талаптар
Операциялық жүйеге қойылатын талаптар:
Windows XP (SP2), Server 2003 (SP1), 2000, Vista, Seven
MS Office 97, 2003, 2007, 2010
«Бастау-Басқару панелі-Тіл және Аймақтық Баптаулар» бөлімінде тілі «орысша»
Бағдарламалық қамсыздандыруға қойылатын талаптар (кеңес етіледі):
KAZWIN РК1048 (міндетті емес).
Tumar CSP (ЭСҚ үшін)
TotalPay бағдарламасын орнату
TotalPay_Setup.exe файлы қосылады. Орнатушы бағдарламаның нұсқауларын орындай отырып, Сіз TotalPay бағдарламасын C:\Program Files\TotalPay5 папкасына орнатасыз.
TotalPay бағдарламасын пайдалану
Бағдарламаны іске қосу
TotalPay бағдарламасын іске қосу үшін бағдарламаның белгішесін шерту қажет (жұмыс үстелінде және бағдарламалар тізімінде). Егер жүйе бағдарламаның талаптарына жауап берсе және оның барлық құрамбөліктері қатесіз орнатылса, TotalPay сипаттамасы бар терезе пайда болуы тиіс (1-сурет).
Осы бағдарлама base.mdb деректер базасымен жұмыс істейді. Осы деректер базасында (ДБ) ұйым, құжаттар және т.б. туралы барлық ақпарат сақталған. TotalPay бағдарламасы өзі орналасқан папкада оны автоматты түрде іздейді. ДБ болмауы TotalPay бағдарламасы үшін үлкен қателік болып табылады. Егер қандай да бір себепке байланысты base.mdb ДБ атауы өзгертілген немесе басқа папкаға ауыстырылған болса, онда TotalPay бағдарламасын іске қосу кезінде ДБ орналасқан жерін көрсету туралы терезе пайда болады (2-сурет). Бұл орайда қажетті ДБ (3-сурет) таңдап, «Жүктеу» пәрменін басу қажет. Егер ДБ біржола жоғалып кетсе, егер ол зақымданса немесе клиент оны қайдан табу керектігін білмесе, «Жабу» пәрменін басып (бағдарлама жұмысын аяқтайды), іздеу арқылы ДБ табуға тырысу керек. Үнемі base.mdb ДБ резервтік көшірмесін жасап тұру қажет (аптасына бір рет), бұл қандай да бір қателік туындаған жағдайда, оның жұмысын қалпына келтіру үшін қажет.
МАҢЫЗДЫ! 2-суретте сипатталған қате бағдарлама үшін дұрыс орнатылмаған аймақтық баптаулардың нәтижесінде де туындауы мүмкін. Егер клиент «base.mdb» ДБ дәл сондай атаумен бағдарламаның папкасында болғанына, атауы өзгертілмегеніне, басқа жерге ауыстырылмағанына көзі жетсе, онда ол «Бастау- Басқару панелі- Аймақтық Баптаулар» бөліміне кіріп, «тілді» - «орысша», ал «елді» «Қазақстан» деп белгілеуі қажет.
Ең дұрыс жолы – клиент өзі base.mdb ДБ тауып, оны TotalPay бағдарламасы бар папкаға салғаны және TotalPay іске қосқаны жөн.
1-сурет
2-сурет.
3-сурет.
1-суретте көріп тұрғаныңыздай, бағдарламада терезенің сол жағында бірнеше қосымша беттер қарастырылған:
«Анықтамалықтар» - ТТК және экономика секторларының қарапайым анықтамалықтарынан тұрады әрі олар ішінара толтырылған және бағдарламаның жұмысында қолданылады.
«Деректемелер» - ұйымның (ұйымдардың), алушы-банктің (банктердің), ұйым бөлімшелерінің, қызметкерлердің, ұйым банктерінің бірқатар ірі анықтамалықтарынан тұрады.
«Құжаттар» қосымша бетінде құжаттарды құрастыруға, оларды редакциялауға, МТ102 және DBF форматтарындағы файлдардан деректерді импорттауға, құжаттарды құруға (МТ102, МТ100, төлемдік тапсырмалар, төлем шоттары) және оларды ЭСҚ қол қоюға болады.
«Сервис-Баптаулар» қосымша беті опциялар жинағынан тұрады. Атап айтқанда, мұнда Деректер базасына (әдепкі күйі бойынша) және электрондық-сандық қолтаңбаны (ЭСҚ) қалыптастыруға арналған кітапханаға жол көрсетілген.
«Қосымша» қосымша бетінде осы нұсқаулыққа және бағдарлама туралы ақпаратқа сілтеме жасалған.
ЭСҚ алдын ала Tumar CSP БҚ, жазылушының сертификаты, түпкі сертификат және клиенттің жабық кілті орнатылған болғанда пайдалануға болады. Олай болмаған жағдайда, ЭСҚ қалыптастыру мүмкін болмайды. ЭСҚ төлем құжаттарын Қазынашылыққа жіберетін бюджеттік ұйымдар үшін ғана қажет.
Ұйым, алушы банктер, қызметкерлер, файлдардан импорттау туралы әр алуан деректерді енгізген жағдайда, бақылау тобына қатысты СТТН/ЖСН/БСН, бөтен және рұқсат етілмейтін символдардың бар-жоғына қатысты аты-жөні, банктердің IBAN шоттары қатаң тексеріледі, бұл ретте ондай опциялар «Сервис-Баптауларда» орнатылған болуы тиіс.
Достарыңызбен бөлісу: |