206
3.96-сурет. Слайдатр ауысуының баптауы
өзгеруін орнату және көрсетілімнің көрсету уақытын орнату қажет.
Анимация. Анимацияны слайдтағы кез-келген нысанға орнатуға
болады. Ол үшін слайдты экранға шақырып, содан кейін Слайдтарды
көрсету, Анимацияның баптауы мәзіріне кіру. Пайда болған терезеде
Уақыт қосымша бетінде тінтуірді шертумен қажетті нысандарды таңдап
және Автоматты түрде анимацияны қосу қажет (3.95-сурет). Әсерлер
қосымша бетінде экрандағы әсерін, дыбысын және әсердің пішінін
таңдаңыз, сол терезеде сіз диаграмманы анимациялай аласыз,
нысандардың анимациясының тәртібін орнатасыз және мұның бәрін
терезенің жоғарғы оң жақ бұрышындағы үлгіде көре аласыз.
Әсерлер қосымша бетінде
экрандағы әсерін, дыбысын
және әсердің пішінін таңдау,
сол
терезеде
диаграмманы
жандандыруға,
нысандар
анимациясының
тәртібін
орнатуға
және
осының
барлығын терезенің оң жоғарғы
бұрышындағы үлгіде қарап
шығуға болады.
3.97-сурет. Көрсетілім
режимін таңдау
Слайдтардың ауысуы. Слайдтардың ауысуының әсерін көрсетілімнің
тартымдылығы үшін беріледі. Бұл осылай жасалады: слайдтарды
әрқайсысына тоқтап, парақтайды, Слайдтарды көрсету, Слайдтың ауысуы
мәзіріне кіріп, пайда болған терезеде Әсерді, оның жылдамдығын (баяу,
орта, тез), жылжуын (секундтан кейін автоматты түрде басу арқылы),
дыбыспен немесе дыбыссыз таңдайды (3.96-сурет). Слайдты қарап шығу
немесе көру кезінде түсініктеме беру уақытын есептеу үшін Слайдтарды
көрсету, Уақытты баптау мәзіріне кіру қажет. Содан кейін бағдарлама
қарап шығуға немесе әрбір слайдты оқуға және оны тіркеуге уақытты
есептейтін болады.
Слайдтың баптауы. Слайдтың көрсету әртүрлі режимдерде жүргізілуі
мүмкін. Адамдардың қатысуынсыз, яғни автоматты түрде көрсетілімді
көрсету мысалын қарастырайық. Слайдтарды көрсету, Көрсетілімнің
баптауы мәзіріне кіріп, пайда болған терезеде Слайдтарды көрсету –
автоматты түрде (толық экран), Слайдтар – барлығы, уақыт бойынша
Слайдтардың алмасуын таңдау және ОК батырмасына басу (3.97-сурет).
Бұл режимде слайдтар алдын ала белгіленген уақыт интервалдарына
сәйкес компьютер экранында алмасатын болады. Қол режимінде,
слайдтардың алмасуы тінтуір батырмасын басқаннан кейін жүргізіледі.
Бақылау сұрақтары
1. PowerPoint бағдарламасы қандай қызмет атқарады?
2. Көрсетілім дегеніміз не?
3. Көрсетілімді құрудың негізгі тәсілдерін, олардың артықшылықтары мен
кемшіліктерін атаңыз.
4. Слайдтарды рәсімдеудің әртүрлі нұсқаларын қалай пайдалануа болады?
5. Слайдтарды сұрыптаушы қандай қызмет атқарады?
6. Анимацияның баптауы параметрлерін атаңыз.
7. Слайдтардың ауысуы дегеніміз не?
8. Көрсетілімдерді баптау терезесінде қандай параметрлер орнатылады?
9. Көрсетілімнің негізгі режимдерін атаңыз.
208
4 -
Т А Р А У
КОМПЬЮТЕРЛІК ГРАФИКА ЖӘНЕ ҮСТЕЛДІК БАСПА
ЖҮЙЕЛЕРІ
Компьютерде жұмыс істейтін әр адамда өзінің құжаттарын суреттер
және жиектемелермен безендіру, өзінің таныстары үшін құттықтау ашық
хаттарын жасау немесе сызу және жобалау бойынша жұмыстарды орындау
қажеттілігі туындайды. Интернеттің пайда болуы және дамуымен көбісі үй
веб-сайттарын әзірлеумен айналыса бастады, мұның ерекшелігі дизайн
болып табылады. Компьютерлік графикамен жұмыс істеуге деген
сұраныстың өсуін ескере отырып, кәсіби суретшілер мен дизайнерлермен
ғана емес, сондай-ақ арнайы білімі жоқ қарапайым пайдаланушылармен
қолдануға бағытталған заманауи графикалық құралдар әзірленген болатын.
Графикалық кескінді электронды түрде өңдеу ыңғайлылығы қағаздағы
графикті түзету және өңдеу кезіндегіге қарағанда теңдесіз жоғары.
Компьютерлік графиканы көшіру, графикалық объектілер мен олардың
фрагменттерін қою, басылымның әртүрлі нұсқаларын сақтау, суреттерді
түрлі-түстен қара және ақ түске ауыстыру немесе, керісінше, әдемілеу, кез
келген дана санын басып шығару, сіздің компьютеріңіздің тек қатты
дискісінде орын алатын электрондық альбомдар немесе каталогтар түрінде
сақтау оңай.
4.1.
КОМПЬЮТЕРЛІК ГРАФИКАНЫҢ ТҮРЛЕРІ
Қазіргі уақытта бейнемен жұмыс істеуге арналған көптеген
бағдарламалар бар, бірақ оған қарамастан, бейненің туындау тәсілдері
бойынша компьютерлік графиканы үш негізгі түрге бөледі: растрлық
(нүктелі); векторлық (объектілі-бағдарланған); фракталдық (есептелген).
Растрлық графика. Растрлық бейне әрқайсысының өзіндік түсі бар
нүктелер жиынтығымен (пикселдер) жасалады. Растрлық графиканың
209
мысалы ретінде мозаикалы панно болуы мүмкін, онда сурет әртүрлі түсті
фрагменттерден қосылады. Қашықтан панно толық суретке ұқсайды, ал
анағұрлым жақын қашықтықтан қашықтықтан қараған кезде бейне
қосылатын жеке блоктар көрініп тұрады. Растрдың негізгі артықшылығы
әрбір жеке алынған пиксель жалпы көрінетін кескінге тәуелсіз қолданыста
болады және оның өзгерісі тек бір координатпен – түспен анықталуында
қорытындыланады.
Бастапқы растрлық бейненің масштабын өзгерту кезінде, өлшемдердегі
нүктелер көбейеді, ал аумақ бірлігіне (бейненің кеңейтілуі) саны тұрақты
болып қалады. Растрлық графикалық бейнені сақтау кезінде файлда
бейненің әрбір нүктесінің координаттары және оның түстері туралы
деректер сақталады.
4.1-суретте растрлық бейненің әртүрлі масштабта қарау ерекшеліктері
көрсетілген. Күшті үлкейту кезінде оң жақта бейнені қалыптастыратын
жеке пикселдер көрінеді.
Растрлық графика әртүрлі электронды қосымшалардың басып шығару
және өңдеуде өз қолданысын тапты.
Растрлық графиканың бейнелері көбінесе қағаздағы орындалған
түпнұсқаларды сканерлеу арқылы немесе сандық фото және бейне
камералар арқылы алады.
Векторлық графика. Векторлық бейнелер объектілерден – тікелей
сызықтардан, доғалардан, шеңберден және Безье қисықтарынан тұратын
геометриялық пішіндерден тұрады. Безье қисықтарын салу әдісі оның
ұштарында нүктеге қарай жүргізілген сызыққа бағытталған екі
жанамаларды қолдануға негізделген. Тәжірибеде векторлық бейнелермен
жұмыс жасау кезінде, бұл жанамалар (оларды сондай-ақ басқарушы
сызықтар деп атайды) тетіктердің рөлін атқарады, олардың көмегімен
түзуді қажеттілігі бойынша қашық жүруге болады (4.2-сурет).
Векторлық бейнені қарау параметрлерін өзгерту кезәнде, біз
ұлғайтылған нысандарды, бейненің бөлшектерін көреміз, сонымен бірге
көрінетін суреттің сапасы ұлғайту масштабына тәуелді емес. Векторлық
бейненің файлын сақтау кезінде компьютер сызықтардың параметрлерін
4.1-сурет. Растрлық сурет
Достарыңызбен бөлісу: |