Бағдарламасын бекіту, «Бизнестің жол картасы 2020»


шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту



жүктеу 0,94 Mb.
бет35/37
Дата14.06.2020
өлшемі0,94 Mb.
#30749
түріБағдарламасы
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   37
шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту

 

390-1. Ірі компаниялардың айналасында шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі әріптестік бағдарламаларды іске асыру шарттары.



Мемлекеттің қала түзуші кәсіпорындармен әріптестік бағдарламаларды іске асыру ірі компаниялардың, мемлекеттің және қаржы институттарының күш-жігерін біріктіру арқылы өңірлерде шағын және орта бизнесті (ШОБ) дамытуға және қолдауға бағытталатын болады.

390-2. Бағдарлама шеңберінде республикалық бюджеттен мыналарды:



1) кредиттер бойынша субсидиялау мен кепілдік беруді;

2) инфрақұрылым жеткізуді;

3) «Бизнес-Кеңесші» жобасын;

4) «Бизнес-Өсу» жобасын;

5) «ШОБ топ-менеджментін оқыту» құрауышын;

6) бизнесті жүргізуді сервистік қолдауды;

7) «Іскер байланыс» жобасы шеңберінде квоталар беруді қамтитын құралдар топтамасы ұсынылатын болады.

390-3. Әріптестік бағдарламаларды іске асырудағы ірі компаниялардың рөлі:



1) жергілікті өндірушілерді ұзақ мерзімді тапсырыстармен қамтамасыз етуден, кәсіпорындар шығаратын өнімдерді ірі кәсіпорындарда сұранысқа ие өнімдер тізбесіне қосудан;

2) «келесі қайта өңдеулерді» дамыту үшін шикізатқа арналған квоталарды ұсынудан;

3) қызметтің баламалы түрлерін дамыту жөніндегі жобаларды қолдаудан тұрады.

Халықаралық ұйымдар мыналарға:

1) технологияларды тартуға және жабдықтарды сатып алуға;

2) оқыту бағдарламалары мен мамандандырылған тренингтерді ұйымдастыруға;

3) консультациялар үшін кәсіпорындарға тікелей шетелдік жоғары білікті мамандарды тартуға жәрдем көрсететін болады.

390-4. Әріптестік бағдарламаларды іске асыру тетігі:



1) әріптестік бағдарламаларды іске асыру бойынша ірі компаниялармен бірлескен іс-қимыл жоспарын әзірлеу;

2) әріптестік бағдарламаларды іске асыру бойынша ірі компания, жергілікті атқарушы органдар, «Даму» КДҚ» АҚ арасындағы өзара түсіністік және ынтымақтастық туралы меморандумдарға қол қою;

3) кәсіпкерлерді қоғамдық ұйымдарға біріктіру;

4) ірі компаниялармен жергілікті ШОБ субъектілерінен сатып алынатын тауарлар мен көрсетілетін қызметтер тізбесі негізінде сатып алу үшін пилоттық бағыттарды, жауапты адамдарды және өзара іс-қимыл форматын айқындау;

5) жергілікті ШОБ субъектілерінің өзекті тізілімін жасау және жүргізу және оларды өнімдердің түрлері бойынша бөлу;

6) жүйе құраушы компаниялардың, әкімдіктің, «Даму» КДҚ» АҚ-ның қатыстуымен ШОБ субъектілерімен мерзімді кеңестерін өткізу;

7) ШОБ мүдделі компанияларының қатарынан әлеуетті қатысушыларды іріктеу және олар үшін таңдап алынған пилоттық бағыттар бойынша мамандандырылған семинарлар мен тренингтер ұйымдастыру, бизнес-тағылымдамалар ұйымдастыру; кәсіпкерлерге қызметтің жаңа түрін дұрыс жолға қою, бизнес-жоспар әзірлеу, технологиялар мен жабдықтар сатып алу, маркетингті ұйымдастыру мен өткізу мәселелері және басқа да мәселелер бойынша жеке консультациялық көмек ұсыну;

8) жергілікті ШОБ субъектілерімен ұзақ мерзімді келісімшарттар жасасу;

9) қаржыландыруды ұсыну, жетіспейтін инженерлік инфрақұрылымды жеткізуге жәрдемдесу мәселелерін шешу.

390-5. «Әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорация (бұдан әрі - ӘКК) әріптестік бағдарламаларды іске асыру операторы болып табылады.



Оператордың функцияларына:

1) әріптестік бағдарламаларды іске асыру жөніндегі бірлескен іс-қимыл жоспарын әзірлеу;

2) әріптестік бағдарламаларды іске асыру бойынша тұрақты жұмыс істейтін жұмыс топтарының қызметін ұйымдастыру;

3) жергілікті ШОБ субъектілерінен сатып алу үшін ірі компаниялармен бірге тауарлар мен көрсетілетін қызметтер тізбесін айқындау;

4) жергілікті ШОБ субъектілерінің - бағдарламаға әлеуетті қатысушылардың тізілімін жасау және оны жүргізу;

5) ШОБ мүдделі компанияларының қатарынан әлеуетті қатысушыларды іріктеу;

6) кәсіпкерлерге мамандандырылған семинарлар мен тренингтер, басқа да мәселелер бойынша консультациялық көмекті ұйымдастыру;

7) бағдарламаға қатысушыларға жергілікті ШОБ субъектілерімен ұзақ мерзімді келісімшарттар жасасуға жәрдемдесу жатады.

390-6. Әріптестік бағдарламаларды іске асыру бойынша ӘКК операторлық көрсетілетін қызметтердің ақысы жергілікті бюджет қаражаты есебінен төленетін болады.

 

 

Бағдарламаны іске асыру мониторингі



 

391. Бағдарламаны іске асыру мониторингі оның нысаналы индикаторларына, міндеттері мен нәтижелер көрсеткіштеріне толық және уақтылы қол жеткізуді, Бағдарламаны іске асырудың ағымдағы жай-күйі туралы үнемі ақпарат алуды, сондай-ақ Бағдарламаны, оның ішінде Қазақстан Республикасында кәсіпкерлікті дамытудың сыртқы және ішкі құбылмалы факторларын ескере отырып, оның құралдары мен тетіктерін уақтылы өзектілендіруді қамтамасыз ету мақсатында жүзеге асырылады.

392. Бағдарлама мониторингі үш деңгейде жүргізіледі:



1) статистикалық көрсеткіштерді талдау кәсіпкерлік санаттары, мемлекеттік қолдау түрлері, салалық және өңірлік тиесілілік бөлінісінде ұсынылатын қызметтер саны мен қолдау құралдарының тізбесі бойынша көрсеткіштерді жинау мен өңдеуге бағытталған;

2) Бағдарлама құралдарын іске асыру сапасының аудиті Бағдарлама құралдарын алушылардың қанағаттануын, ұсынылатын мемлекеттік қолдау құралдарының жеткіліктілігі мен толықтығын бағалауды көздейтін Бағдарлама құралдарын іске асыру сапасын бағалауға бағытталған;

3) Бағдарлама нәтижелілігінің аудиті мемлекеттік қолдау құралдарының жеке кәсіпкерлік субъектілерінің кәсіпкерлік қызметінің түпкілікті сапасы мен нәтижелілігіне ықпалын субъективті бағалауға, сондай-ақ Бағдарлама құралдарының әлеуметтік, бюджеттік және экономикалық тиімділігін объективті бағалауға бағытталған.

393. Бағдарламаны пайдаланушының портретін сипаттауға, кәсіпкерлік қызметінің нәтижелілігінің жақсаруын/нашарлауын экономикалық немесе басқарушылық тұрғыдан бағалауға, сондай-ақ қолдау құралдарын алу жылдамдығы мен сапасын анықтайтын Бағдарламаның ішкі факторларына баға беруге қабілетті кешенді талдамалық есеп мониторинг қорытындысы болып табылады.

394. Мониторинг жүргізу үшін:

1) ұлттық және ведомстволық статистика;

2) Бағдарлама құралдарын алу кезінде толтырылатын бастапқы нысандар;

3) кәсіпкерлердің көрсетілген қызметтер сапасына қанағаттануын бағалауға арналған нысандар;

4) мемлекеттік қолдау алған кәсіпкерлерге телефон арқылы және тікелей сауалнама жүргізу;

5) кәсіпкерлермен өткізілген семинарлар, кеңестер, кездесулер ақпарат көзі болып табылады.

395. Бағдарламаның бірінші, екінші және үшінші бағыттары шеңберінде статистикалық көрсеткіштерді талдауды, сапа мен нәтижелілік аудитін қаржы агенттігі жүргізеді.

396. Бағдарламаның төртінші бағыты шеңберінде статистикалық көрсеткіштерді талдауды, сапа мен нәтижелілік аудитін Қаржылай емес қолдау операторы жүргізеді.

397. Бағдарлама құралдарын іске асыру сапасының аудитін қаржы агенттігі мен Қаржылай емес қолдау операторы телефонмен және тікелей сауалнама өткізу арқылы жүргізеді. Сауалнама жүргізу үшін қаржы агенттігі мен Қаржылай емес қолдау операторы білікті мамандарды бөледі, олар қызметтерді ұсыну сапасының тікелей мониторингін жүзеге асырады. Тікелей сауалнама кәсіпкер толтыратын сауалнама парағының негізінде жүргізіледі.

398. Бағдарлама нәтижелілігінің аудиті статистикалық көрсеткіштерді талдау, Бағдарлама құралдарының іске асырылу сапасы аудитінің нәтижелері, оның ішінде Бағдарлама құралдарын пайдаланғаннан кейін өздері алған әлеуметтік, бюджеттік және экономикалық нәтижелерді көрсетіп, кәсіпкерлер есеп беретін семинарлар мен кездесулердің қорытындылары бойынша жүзеге асырылады.

399. Бір жылдық статистикалық көрсеткіштерді, сапа және нәтижелілік аудитін талдау нәтижелерін қолдана отырып, Бағдарламаның тиімділігі туралы кешенді талдамалық есеп дайындауды Қаржылық емес қызмет көрсету операторы жүзеге асырады.

ҚР Үкіметінің 2016.19.04. № 234 Қаулысымен 400-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)

400. Бағдарлама мониторингін жүргізу тұрақтылығы:

1) статистикалық көрсеткіштерді талдау - уәкілетті органға мемлекеттік қолдау құралдарының іске асырылуы бойынша ақпарат беру жолымен ай сайын;

2) Бағдарлама құралдарының іске асырылу сапасының аудиті - кейіннен уәкілетті органға жиынтық есеп жібере отырып, Бағдарлама жұмысының сапасын бағалау сауалнамасының деректерін өңдеу жолымен тоқсан сайын және қолдау шараларын алу үшін жыл бойы өтініш бергендерінің жалпы санының кемінде 5%-ы мөлшерінде көрсетілетін қызметтерді алған кәсіпкерлерге телефонмен немесе тікелей сауалнама жүргізу жолымен жыл сайын;

3) Бағдарлама нәтижелілігінің аудиті - КҚКО базасындағы форматқа сәйкес семинар өткізу жолымен жыл сайын.

Бағдарлама нәтижелілігі аудитінің нәтижелері есепті жылдан кейінгі қаржы жылының шілдесінен кешіктірмей қаржылай емес қолдау операторы уәкілетті органға беретін Бағдарлама тиімділігінің кешенді талдамалық есебіне қосылады.

401. Жалпы кешенді жылдық талдамалық есепті дайындау қорытындылары бойынша Бағдарламаны іске асыруды жүзеге асыратын мүдделі мемлекеттік органдар мен ұйымдардың қатысуымен «Бағдарламаны іске асыру мониторингі» тақырыбы бойынша жұмыс бабындағы қорытынды кеңес өткізіледі.

402. «Бағдарламаны іске асыру мониторингі» тақырыбы бойынша жұмыс бабындағы қорытынды кеңес шеңберінде қатысушылар Бағдарлама құралдарын жетілдіруге қажетті шаралар туралы хаттамалық шешім қабылдайды.

403. Мониторингті қаржыландыру мынадай түрде жүргізіледі:



1) Бағдарламаның бірінші, екінші және үшінші бағыттарының шеңберінде статистикалық көрсеткіштердің аудиті қаржы агенттігінің меншікті қаражатының есебінен; Бағдарламаның төртінші бағытының шеңберінде Қаржылай емес қолдау операторының меншікті қаражатының есебінен жүзеге асырылады;

2) Бағдарлама құралдарының іске асырылу сапасының аудиті - уәкілетті орган, қаржы агенттігі мен Қаржылай емес қолдау операторының арасында тиісті шарттар жасасу жолымен республикалық бюджет қаражатының есебінен;

3) Бағдарлама нәтижелілігінің аудиті - Қаржылай емес қолдау операторы қаражатының есебінен;

4) «Бағдарламаны іске асыру мониторингі» тақырыбы бойынша жұмыс бабындағы қорытынды кеңес өткізу - Қаржылай емес қолдау операторының қаражаты есебінен.

 

Бағдарламаға қатысушылардың өзара іс-қимыл жасауы



 

404. «Бизнестің жол картасы - 2020» бағдарламасын іске асыру шеңберінде жасалған банктердің/лизингтік компаниялардың кредиттері/қаржылық лизинг шарттары бойынша сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау және банктердің/лизингтік компаниялардың кредиттері/қаржылық лизинг шарттары бойынша кепілдік беру жөніндегі келісімдер Бағдарламаны іске асыру кезінде қолданылады және қайтадан жасалмайды.

405. Қаржы агенттігінің көрсетілетін қызметтеріне ақы төлеуді уәкілетті орган республикалық бюджет қаражатынан жүзеге асырады.

406. Қаржы агенттігі кредиттер/қаржылық лизинг шарттары бойынша сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау, кредиттер бойынша кепілдік беру және мемлекеттік гранттар беру бөлігінде Бағдарламаның іске асырылу мониторингін жүзеге асырады.

ҚР Үкіметінің 2016.19.04. № 234 Қаулысымен 407-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)



407. Бағдарлама тиімділігінің жылдық кешенді талдамалық жалпы есебін қалыптастыру мақсатында қаржы агенттігі есепті жылдан кейінгі жылдың сәуірінен кешіктірмей Бағдарламаның бірінші, екінші және үшінші бағыттары мониторингінің нәтижелерін қаржылай емес қолдау операторы мен уәкілетті органға жібереді.

ҚР Үкіметінің 2016.19.04. № 234 Қаулысымен 408-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

408. Кәсіпкерлер кәсіпкерлік қызметті қолдаудың қаржылық шараларына мониторинг жүргізу мақсаты үшін қаржы агенттігіне Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетіне Қазақстан Республикасының салықтық заңнамасына сәйкес салықтық құпия болып табылатын мына:

1) кәсіпкер кірісінің өсу серпінін қаржы агенттігінің айқындауы үшін кірістер;

2) қаржы агенттігінің кәсіпкер жұмыс орындарының орташа жылдық санының өсуін айқындауы үшін жұмыскерлер саны;

3) жұмыскерлердің есептелген кірістері және жеке тұлғаларға өзге де төлемдер бойынша шығыстар;

4) бір жұмыскердің орташа айлық жалақысы;

5) қаржы агенттігінің кәсіпкердің бюджетке салық төлемдерінің ұлғаю серпінін айқындауы үшін салық төлемдері сомасы туралы мәліметтерді қаржы агенттігіне ұсынуға келісім беру туралы өтініш береді.

Кәсіпкердің кірісінің, жұмыскерлерінің орташа жылдық санының өсу, салықтық төлемдерінің ұлғаю серпінін айқындау үшін қаржы агенттігі Кәсіпкердің салықтық есептілігінің тиісті нысандарында көрсетілген ақпаратты пайдаланады. Кәсіпкердің кірісінің, жұмыскерлерінің орташа жылдық санының өсу, салықтық төлемдерінің ұлғаю серпінін есептеу кезіндегі есепті күн ӨҮК шешімі қабылданған күнге қарамастан, келесі қаржы жылының басы болып табылады.

409. Бағдарламаның өңірлік үйлестірушісі өңірлерде өндірістік инфрақұрылымды дамыту, мемлекеттік гранттар беру, кәсіпкерлік қызметті көшіру бойынша көліктік шығындарды өтеу, кадрларды даярлау бөлігінде Бағдарламаның іске асырылу мониторингін жүргізеді және уәкілетті органға тоқсан сайын есеп береді. Есептің құрылымын уәкілетті орган айқындайды.

 

Бағдарламаның критерийлері



 

ҚР Үкіметінің 2016.19.04. № 234 Қаулысымен 410-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)



410. Мемлекеттік қолдау алуға үміткер кәсіпкерлердің кредиттері/лизингтік мәмілелері/микрокредиттері мынадай критерийлерге сәйкес болуға тиіс:

1) Бағдарлама шарттарына сәйкес кәсіпкерлердің кредиттері/лизингтік мәмілелері/микрокредиттері жаңа инвестициялық жобаларды, сондай-ақ өндірістерді жаңғыртуға және кеңейтуге, оның ішінде айналым қаражатын толықтыруға бағытталған жобаларды іске асыруға бағытталуға тиіс;

2) банктердің/лизингтік компаниялардың/микроқаржы ұйымдарының кредиттері/лизингтік мәмілелері/ микрокредиттері бойынша сыйақы мөлшерлемелерін субсидиялау және оларға ішінара кепілдік беру:

ұйымдардың үлестерін, акцияларын, сондай-ақ мүліктік кешен ретінде кәсіпорындарды сатып алуға бағытталған;

Даму банкін қоспағанда, мемлекеттік даму институттары берген;

банктердің/Даму банкінің/ лизингтік компаниялардың сыйақы мөлшерлемесі Бағдарлама шеңберінде арзандатылған кредиттерін/лизингтік мәмілелерін қоспағанда, сыйақы мөлшерлемесі бюджет қаражаты есебінен арзандатылған;

қонақ үй немесе қонақ үй кешендерін сатып алуға берілген;

овердравт түрінде берілген кредиттер/лизингтік мәмілелер/ микрокредиттер бойынша жүзеге асырылмайды;

3) ұлттық және шетелдік валюталарда кредит беруге жол берілетін Бағдарламаның үшінші бағытын қоспағанда, кәсіпкердің кредиті/лизингтік мәмілесі/микрокредиті ұлттық валютада берілуге тиіс.

ҚР Үкіметінің 2016.23.06. № 370 Қаулысымен 411-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)



411. Мыналар:

1) моторлы көлік құралдарын шығаруды және өзі өсірген жүзімнен шарап жасауды көздейтін жобаларды қоспағанда, акцизделетін тауарларды/өнімдерді шығаруды жүзеге асыратын;

2) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 31 желтоқсандағы № 1434 қаулысына сәйкес мониторингке жататын ірі салық төлеушілердің тізбесіне енгізілген металлургия өнеркәсібінің жобаларын іске асыратын;

3) қиыршықтас және құм карьерлерін қазуға, тұз өндіруге бағытталған жобаларды қоспағанда, өз қызметін тау-кен өндіру өнеркәсібінде жүзеге асыратын;

4) құрылтайшылары ұлттық басқарушы холдингтер, ұлттық компаниялар және акцияларының (жарғылық капиталына қатысу үлестерінің) елу және одан көп пайызы мемлекетке, ұлттық басқарушы холдингке, ұлттық холдингке, ұлттық компанияға (әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорацияны, сондай-ақ мемлекеттік-жекешелік әріптестік туралы шарт шеңберінде құрылған кәсіпкерлерді қоспағанда) тікелей немесе жанама түрде тиесілі ұйымдар болып табылатын кәсіпкерлер, сондай-ақ меншік нысаны жеке меншік мекеме ретінде ресімделген кәсіпкерлер Бағдарламаға қатысушы бола алмайды;

412. Субсидиялау қайтарымды лизинг, қайталама лизинг, қосалқы лизинг шарттары бойынша жүзеге асырылмайды.

413. Субсидиялау, кепілдік беру жөніндегі, гранттар беруге және өндірістік (индустриялық) инфрақұрылымды салуға немесе қайта жаңартуға арналған, 2015 жылғы 31 наурызға дейін ӨҮК-те мақұлданған жобаларды қаржыландыру бұрын ӨҮК мақұлдаған шарттарға сәйкес жүзеге асырылады.

414. Кәсіпкерлердің «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасының «Кәсіпкерлік секторды сауықтыру» бағытының шеңберінде мақұлданған жобалары бойынша банктердің/Даму банкінің кредиттері бойынша сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасының «Кәсіпкерлік секторды сауықтыру» екінші бағытының шеңберінде екінші деңгейдегі банктердің жеке кәсіпкерлік субъектілеріне берген кредиттері бойынша сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау қағидаларына сәйкес тараптар өздері алған міндеттемелер аяқталғанға дейін жалғасады.

ҚР Үкіметінің 2015.11.12. № 1001 Қаулысымен 415-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)

415. Бағдарламаның бірінші, екінші және үшінші бағыттарын іске асыру мақсатында уәкілетті орган жергілікті бюджетке нысаналы трансфертті жүзеге асырады және әрбір облыс, астана, республикалық маңызы бар қала үшін қаржыландырудың жалпы лимитін айқындайды.

Жұмыс істеп тұрған кәсіпорындарға айналым қаражатын толықтыруға бағытталған кредиттер бойынша сыйақы мөлшерлемесін субсидиялауға Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан қаражат бөлу кезінде Уәкілетті орган жергілікті атқарушы органдардың өтінімдері негізінде әрбір облыс, астана, республикалық маңызы бар қала үшін қаржыландырудың жалпы лимитін айқындайды.

416. Бағдарламаның өңірлік үйлестірушілері Бағдарламаны іске асыру бағыттары бойынша қаржыландырудың жалпы лимитін бөледі және оны уәкілетті органмен келіседі.

417. Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің кәсіпкерлік әлеуетін тарту Қазақстан Республикасының ресурстық әлеуеті және Ресей Федерациясы мен Беларусь Республикасы резиденттерінің бірлесіп қатысуымен кәсіпорындар құру қажеттігі бар шекара маңындағы аумақтарында қаржылай және қаржылай емес қолдау шараларын ұсыну жолымен жүзеге асырылатын болады.

ҚР Үкіметінің 2016.19.04. № 234 Қаулысымен 418-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)



418. Бағдарлама шеңберінде субсидиялауға бөлінген және ағымдағы қаржы жылында Бағдарламаның өңірлік үйлестірушілері/Бағдарламаның жергілікті үйлестірушілері/қаржы агенттігі/МУҰ пайдаланбаған қаражат кезекті қаржы жылы жобаларды, оның ішінде кезекті қаржы жылында мақұлданған жобаларды субсидиялауға пайдаланылуы мүмкін.

419. Қаржылай және қаржылай емес қолдау шаралары Қазақстан Республикасының резиденттері - Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттер Кәсіпкерлерінің қатысуы арқылы жаңадан құрылған және Қазақстан Республикасының аумағындағы жобаларды іске асыратын кәсіпкерлік субъектілеріне де ұсынылады.

420. Қазақстан Республикасының резиденттері қатарынан қазіргі жұмыс орындарын қолдау немесе жаңа жұмыс орындарын құру Бағдарлама шарттарының бірі болып табылады.

421. Шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері үшін кредиттік ресурстардың құнын төмендету және банктердің/микроқаржы ұйымдарының/лизингтік компаниялардың ұйымдық-техникалық мүмкіндіктерін тарту арқылы олардың қаржыландыруға қолжетімділігін арттыру мақсатында Даму банкі берген кредиттерді/қаржылық лизинг шарттарын қоспағанда, қаржы агенттігі арқылы халықаралық қаржы институттарының кредиттік ресурстарын тарту жөнінде шаралар қабылданады.

422. Бағдарламаның өңірлік үйлестірушілері аумақтарды дамыту бағдарламаларын әзірлеу кезінде осы Бағдарламаның ережелерін ескеретін болады.

423. Кәсіпкерге Бағдарламаның барлық құралдарының шеңберінде кешенді қолдау көрсетілуі мүмкін.

ҚР Үкіметінің 2016.19.04. № 234 Қаулысымен 424-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)

424. Қаржыландыру (қайта қаржыландыру) бойынша жобаларды іріктеуді және шешім қабылдауды Бағдарламада белгіленген шарттарға сәйкес банктер/Даму банкі/микроқаржы ұйымдары/лизингтік компаниялар дербес жүзеге асырады.

Бұл ретте кредиттер/лизингтік мәмілелер бойынша сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін субсидиялау құралы бойынша Бағдарламаға қатысушылар қаржы агенттігі белгілеген мерзімдерде кәсіпкерлер және олармен жасалған субсидиялау шарттары бөлінісінде субсидиялар сомасын уақтылы есептен шығаруды көздейтін МТ102 форматындағы файл алмасуды автоматтандыруды қаржы агенттігімен бірлесіп іске асырған банктер/банктер-төлем агенттері болуы мүмкін.

425. Бағдарламаны іске асыру шеңберінде кәсіпкерлер жобаларының Бағдарлама критерийлеріне сәйкестігін ӨҮК қарайды және қаржылай қолдау көрсету мүмкіндігі (немесе мүмкін еместігі) туралы шешім қабылдайды.



ӨҮК отырыстары жобалардың қалыптасу шамасына қарай, бірақ айына 2 реттен сиретпей өткізіледі. ӨҮК мүшелерінің саны 12 адамнан аспауға тиіс, олардың кемінде 50%-ын кәсіпкерлер қоғамдастығы ұсынуға тиіс. Шешімдер қатысушылардың жалпы санының кемінде 2/3 даусымен қабылданады. Кворум ӨҮК мүшелері санының кемінде 2/3-ін құрауға тиіс.

ӨҮК шешімі ӨҮК отырысы өткізілген күнінен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде тиісті хаттамамен ресімделеді. ӨҮК шешімінің қолданылу мерзімі олар қабылданған күннен бастап 6 (алты) айды құрайды.

Бағдарламаның өңірлік үйлестірушісі 1 (бір) күн ішінде ӨҮК хаттамасының көшірмесін/ хаттамасынан үзінді көшірмені Бағдарламаның жергілікті үйлестірушісіне, банкке/лизингтік компанияға/Даму банкіне және қаржы агенттігіне жібереді.

426. Бағдарламаның бірінші, екінші және үшінші бағыттарының шеңберінде Кәсіпкерлерді ислам банктері қаржыландырған кезде ислам банктерінің табысын құрайтын тауарларға үстеме бағаның бір бөлігін және жалгерлік төлемнің бір бөлігін субсидиялау шарттары, тәртібі, тетігі Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен бекітілетін Бағдарлама шеңберінде кәсіпкерлерді ислам банктері қаржыландырған кезде ислам банктерінің табысын құрайтын тауарларға үстеме бағаның бір бөлігін және жалгерлік төлемнің бір бөлігін субсидиялау қағидаларымен регламенттеледі.

 

 



6. ҚР Үкіметінің 2016.31.08. № 515 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)

 

 



ҚР Үкіметінің 2015.11.12. № 1001 Қаулысымен 7-бөлім өзгертілді (бұр.ред.қара); ҚР Үкіметінің 2016.31.08. № 515 Қаулысымен 7-бөлім жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)


жүктеу 0,94 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   37




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау