7-тақырып. Rational Rose ортасында модельдерді жасау.
Rational Rose – дегеніміз автоматтандыру үрдістерін талдау және ақпараттық жүйені жобалау үшін арналған, сонымен қатар әртүрлі тілдердегі кодтарды генерациялауға және жоба құжатнамаларды шығаруға арналған Rational Software Corporation фирмасының объекттілі-бағытталған CASE-құралдары.
Rational Rose UML тіліне негізделіп жобалау және обьектілі бағытталған талдау әдістерін қолданады. Rational Rose осы болжамасы C++, Visual C++, Visual Basic, Java, PowerBuilder, CORBA Interface Definition Language (IDL) бағдарламалар үшін кодтар генерациясын және ANSI SQL, Oracle, MS SQL Server, IBM DB2, Sybase үшін мәліметтер қорының генерация бейнеленуін, сонымен қатар диаграмма түріндегі жобалау құжаттарын және егжей- тегжейлерін іске асырады. Rational Rose жаңа жобаларда бағдарламалық компоненттерінің қайта қолдануын қамтамасыз ететін бағдарламалар мен мәліметтер қорының реверстік инжинирингтің құралдарынан тұрады.
Құрылымдар және функциялар. Rational Rose-де жұмыс істеудің негізі жүйе архитектурасының статикалық және динамикалық аспектілерін анықтайтын UML егжей- тегжейі мен диаграммаларды құру болып табылады. Rational Rose құрамындағы келесі алты негізгі құрылымдық компоненттерді белгілеуге болады: репозиторий, қолданушының графикалық интерфейсі, проектті қарау құралдары (браузер), проектті бақылау құралдары, документтердің статистикалық және генераторлық құралдарын жинау. Оларға сонымен қатар кодтар генераторлары (әрбір тіл үшін жеке) және реверстік инжинирингті қамтамасыз ететін C++ үшін анализатор кіреді.
Репозиторий проектің мәліметтер қоры болып табылады. Браузер иерархия кластары бойынша орын ауыстыру, диаграммалардың бір түрінен екінші түріне ауысуды проект бойынша «навигацияны» қамтамасыз етеді.
C++ тіліндегі автоматы түрдегі генерация кодтар бағдарламасының құралдары компоненттер мен диаграммалар кластарында болатын бағдарламаны қолданады да тақырыптар және класстардың файлдары және объектілерін қалыптастырады. Осындай түрмен бағдарламаның «қанқасын» жасайды да ол C++ тілінде тура бағдарламалауда анықталады. C++-тағы кодтар анализаторы жеке бағдарламалық модуль тәрізді негізделген. Оның тағайындалуы C++- тегі қолданушы анықтайтын текстерінде болатын бағдарламаның негізінде Rational Rose-дегі проекттер модулін құру. Жұмыс барысында анализатор тексттердің дұрыстылығын және қателердің болдырмауын іске асырады. Оның жұмыс қорытындысында алынған модель бүтіндей немесе бөлшектей әртүрлі проекттерде қолданылуы мүмкін. Анализатордың кіріс және шығыс күі бойынша кең мүмкіншіліктері бар. Мысалы файлдар типін, компилятор қорларын , қандай анықтама моделге кіруі және қандай модель элементтері экранға шығуы екенің анықталуы мүмкін. Осындай мүмкіншіліктермен Rational Rose/C++ бағдарламалық компоненттердің қайта қолднылуын қамтамасыз етеді. Проектті құрудың қорытындысында Rational Rose-дың CASE-құралдарының көмегімен келесі документтер құралады:
- UML диаграммалары;
- кластар, обьектілер, атрибуттар және операциялар спецификациясы;
- бағдарламалар текстінің дайындау нүсқалары.
Бағдарлама тексті програмисттің келесі жұмыстары үшін дайындау нұсқалары болып табылады.
Келесі құралдармен әрекеттестік және топпен жұмыс жасау ұйымы.
Rational Suite келесі варианттары бар:
Rational Suite AnalystStudio – анықтау және толық жиындар талаптарын басқаратын құралдар жүйесі;
Rational Suite Development Studio – ақпараттық жүйені жобалау және орындауға арналған;
Rational Suite Test Studio – қосымшалардың автоматты түрде тестілеу үшін арналған нәрселер жиыны;
Rational Suite Enterprise – ақпараттық жүйенің толық өмірлік циклін қамтамасық етеді;
Rational Suite жиынына Rational Rose-дан басқа келесі компоненттер кіреді:
Rational Requisite Pro – өңдірушілер тобының бірігіп жұмыс істеу ұйымы үшін арналған талаптармен басқару құралы;
Rational ClearCase – ақпараттық жүйе конфигурациясымен басқару құралы;
Rational SoDA– жобалы құжаттаманың автоматты генерацияның құралы;
Rational Clear Quest – e-mail және web құралдар негізінде өзгерістерді басқару және пректте ақауларды қадағалау құралы;
Rational TeamTest – бағдарламаның орындалуы кезіндегі қателерді автоматты түрде табу және регресивті тестілеу өткізу үшін сценарилер генерациясының құралы;
Rational Robot – тестілердің автоматты түрде жіберілу және модификацияны құру құралы;
Rational Purify – Бағдарламаның орындалу кезіндегі қиын табылатын қателерді локализациялау құралы;
Rational PureCoverage – тестілеу кезінде өткізілген кодтың идентификациялау учаскісінің құралы;
Rational Quantify – бағдарламаның толық жұмыс жасау нәтижелілігіне байланысты болатын тар орындар көлемін анықтау құралы;
Rational Suite Performancestudio – «клиент-сервер» қосымшасы мен Web-қосымшасының жүктемелік тест құралы. Топтық жұмыстың ұйымы үшін Rational Rose-та модельді басқаратын ішкі модельдерге бөлуі мүмкін. Олардың әрбіреуі дискда тәуелсіз сақталады немесе модельге жүктеледі, сапасында ішкі модельдер қаттама немесе ішкі жүйелерге қатысуға болады.
Функцияландыру ортасы. Rational Rose әр түрлі платформада функцияландырады: IBM PC {Windows 95/98/NT), Sun SPARCstations {UNIX, Solaris, SunOS), Hewlett-Packard (HP UX) IBM RS/6000 (ADC).
Rational Rose интерфейсі экранының элементтері - бұл браузер,құжаттар терезесі, құралдар тақтасы, диаграмма терезесі және журнал. Олардың белгілеулері келесі түрде сипатталады:
- браузер {browser) – модель бойынша жылдам навигация үшін қолданылады.
- құжаттар терезесі {documentation window) – модель элементінің текстік мазмұнының жұмысы үшін қолданылады;
- құралдар тақтасы(toolbars) – таратылған топтарға жылдам рұқсат үшін қолданылады;
- диаграмма терезесі (diagram window) – қарау үшін және бір немесе бірнеше UML диаграммасын саралауда қолданылады;
- журнал (log) – қателерді көру үшін және әр түрлі топтардың орындағаны жөнінде есеп беруде қолданылады.
Браузер – модель бойынша навигацияны жүзеге асыруға рұқсат беретін иерархиялық құрылым. Оған қосылатындардың барлығы – әрекет етуші жеке тұлғалар, қолдану нұсқалары, кластар, компоненттер браузер терезесінде көрсетілетін болады.
Браузердің көмегімен төмендегілерді орындауға болады:
- моделге элементтерді қосу;
- моделдің бар элементтерін қарастыру;
- моделдің элементтерінің арасындағы бар байланыстарды қарастыру;
- модель элементтерінің орнын ауыстыру;
- бұл элементтерді өзгерту;
- диаграммаға модель элементтерін қосу;
- элементті файлмен немесе Интернет адресімен байланыстыру;
- қаттамада элементтерді топтастыру;
- элементтің деталденген спецификациясымен жұмыс жасау;
- диаграмманы ашу.
Браузер төрт көрсетуді қолдайды (view): қолдану нұсқаларының көрсетілуі, компоненттер, орналастыру және логикалық көрсетілу. Олардың барлығы және де оған кіретін модельдің элементтері төменде сипатталған.
Браузердің ұйымы бұрынғы құрылымды көрсетеді. Модельдің әрбір элементі оның иерархиясының төменгісінде орналасқан басқа элементерден тұруы мүмкін. «-» белгісі - яғни, оның тарауы толығымен ашық. «+»белгісі – яғни, оның тарауы жиналған.
Құжаттар терезесі. Оның көмегімен Rose моделінің элементтерін құжаттауға болады. Мысалы, әрбір әрекет етуші жеке тұлғаға қысқаша сипаттама жасауға болады. Құжаттар Rose ортасында құрылатын есеп беру сияқты енгізілетін болады.
Құралдар тақтасы. Rose кеңейтілген топтарға жылдам рұқсатты қамтамасыз етеді. Бұл ортада құралдар тақтасының екі типі бар: стандартты тақта және диаграмма тақтасы. Стандартты тақта әрқашан көрініп тұрады, оның баспалары кез келген диаграммамен жұмыс жасау үшін қолданылатын топтармен сәйкес келеді. Диаграмма тақтасы UML диаграммасының әрбір типі үшін қолданылады.
Барлық құралдар тақтасы қолданушымен өзгеруі немесе реттелуі мүмкін. Бұл үшін Tools → Options меню пунктін, одан кейін Toolbars қалтасын таңдаңыз.
Келесі түрде стандартты құралдар тақтасын (диаграмманың құралдар тақтасын) көрсетуге немесе жасыруға болады:
Tools → Options пунктін таңдаңыз.
Toolbars қалтасын таңдаңыз.
Көрінетін немесе көрінбейтін стандартты құралдар тақтасын жасау үшін Show Standard ToolBar (не Show Diagram ToolBar) тексеру ауыстырғышын белгілеңіз (не белгішені алыңыз).
Құралдар тақтасында баспаның өлшемін үлкейту үшін:
Көрсетілген панелге барып, тышқанның оң жақ батырмасын шертіңіз.
Жылжитын менюде Use Large Buttons (Үлкен баспаны қолдану) пунктін таңдаңыз.
Құралдар тақтасын реттеу үшін:
Көрсетілген панельге барып, тышқанның оң жақ батырмасын шертіңіз.
Customize (реттеу) пунктін таңдаңыз.
Баспаны қосу немесе өшіру үшін сәйкес келетін баспаны таңдап алыңыз, содан кейін Add(қосу) немесе Remove (өшіру) баспасын тышқанмен шертіңіз.
Диаграмма терезесі. Мұнда UML-модельдің бір немесе бірнеше диаграммасы көрініп тұрады. Диаграманың элементінде Rose өзгеруінде автоматты түрде браузер жаңартылады. Элементте өзгертілу кезінде Rose браузерінің көмегімен сәйкес диаграммалар автоматты түрде жаңартылады. Бұл қарама қайшылықсыз жағдайда модельді қолдауда көмектеседі.
Журнал. Жұмыстың әрекетіне қарай сіздің моделіңіздегі анықталған ақпарат журнал терезесіне бағытталатын болады. Мысалы, оған кодты генерациялағанда шығатын қате жөніндегі хабар кіреді. Журналды мүлде жабу тәсілі болмайды,бірақ оның терезесі кішірейтілген болуы мүмкін.
Rose моделінде төрт көрсетілім қарастырылады - ол нұсқаның қолданылуы, логикалық үйлестірілуі, компонент және таратылу үйлестірілуі. Әрбіреуі өзінің маңыздылығы бойынша және сәйкес аудиторияға байланысты . Кітаптың келесі тарауларда біз қысқаша бұл модельдердің сипаттамасын береміз.
Нұсқаның қолдануы орындаушыларды, нақты диаграмма жүйесінің толық нұсқаларын және ол кейбір тізбектілік диаграмма және кооперативті диаграммасын құрайды.
Нұсқаның қолданылуы келесіден тұрады:
- орындаушы тұлға;
- қолдану нұсқасы;
- қолдану нұсқасының құжаттарды (оларда болған оқиғалар ағынын қателерді жөндейді). Бұл пиктограмма Rose моделіне қосылған сыртқы файлға ұқсас. Пиктограмманың пішіні оқиғалар ағынына қолданылған құжаттармен сәйкес болуы керек.
- қолдану нұсқасының диаграммасы. Жүйенің бірнеше бұндай диаграммалар болады, олардың әрқайсысы ішкі орындаушыларды немесе қолдану нұсқасын құрайды.
- Қолдану нұсқасының топтары және/немесе орындаушылары болып табылатын пакеттер.
Логикалық үйлестірілуі қолдану нұсқасында жүйе қалай өзінің әрекеттерін іске асыруын қарастырылады. Ол нақты суретті, өзінде болған нақты бөліктерді береді. Логикалық үйлестірілуі өзіне қосады: нақты қарастырылатын кластар және диаграмма құрылымы.Олардың көмегімен жүйеде қарастырылатын деталдық проект құрастырылады.
Логикалық үйлестірілуі құрайды :
- кластар;
- кластар диаграммалары. Жүйені көрсету үшін бірнеше кластар диаграммалар құрайды, олардың әрбіреуі әрбір жүйеде ішкі кластары бар.
- қолдану нұсқасында оқиғалар ағынының объектілерді көрсету үшін қолданылатын өзара әрекеттестік диаграммалары.
- жағдайлар диаграммасы.
- өзара байланысқан кластардың топтары болып табылатын пакеттер.
Компоненттерді көрсету келесілерден тұрады:
- кодтың физикалық модулі болып табылатын компоненттері;
- компоненттер диаграммалары.
- өзара байланысқан кластардың топтары болып табылатын пакеттер
Орналастыруды көрсету – Rose-тің соңғы көрсетілімі. Ол оның логикалық архитектурасынан айырмашылығы болатын жүйенің физикалық орналасуына сәйкес келеді.
Орналастыруды көрсетуге келесілер кіреді:
- ағындар (threads) болып табылатын үрдістер.
- мәліметтерді өңдеуге қабілетті кез келген компьютерлерді қамтитын процессорлар. Кез келген үрдіс бір немесе бірнеше процессорларда орындалады.
- құрылғылар, яғни кез келген аппаратура, тіпті мәліметтерді өңдеуге қабілетсіз құрылғылар. Мысалы, енгізу-шығару терминалдары, принтерлер және т.б.
- орналастыру диаграммасы.
Бейнелеуді баптау параметрлері (кластар диаграммаларында атрибуттар мен операцияларды бейнелеу)
Rose-де кластар диаграммаларын төмендегі мүмкіндіктері болатындай етіп, баптауға болады:
- барлық атрибуттар мен операцияларды көрсету;
- операцияларды жасыру;
- атрибуттарды жасыру;
- кейбір атрибуттарды немесе операцияларды ғана көрсету;
- операцияларды олардың толық сигнатураларымен немесе олардың тек аттарымен ғана көрсету;
- атрибуттар мен операциялардың көрінуін көрсету немесе көрсетпеу;
- атрибуттар мен операциялардың стереотиптерін көрсету немесе көрсетпеу.
Параметрдің әрбір мәнін Tools → Options пункт меню арқылы көрсетуге болады.
Берілген кластың диаграммасында
- барлық атрибуттарды көрсетуге,
- барлық атрибуттарды жасырын етуге,
- тек қана таңдалынған атрибуттарды көрсету,
- атрибуттардың шығарылуына қысым көрсетуге болады.
Атрибуттардың шығарылуына қысым көрсету атрибуттардың диаграммадан жоғалуына әкеліп қана қоймай, класта атрибуттардың орналасқан орнын көрсететін сызықтардың жойылуына да әкеледі.
Диаграммада атрибуттарды көрсетудің параметрлеріе өзгертудің екі тәсілі бар. Әрбір класта қажет мәндерді дара орнатуға болады. Сондай-ақ қажет параметрлердің мәндерін кластар диаграммаларын жасаудың басында бірден өзгертуге болады. Осылайша енгізілген өзгерістер жаңадан жасалынған диаграммаларға ғана әсер етеді.
Кластың барлық атрибуттарын көрсету үшін:
Диаграммада қажет класты ерекшелеу қажет.
Сол кластың жанама мәзірін шақыру керек (тышқанның оң жақ батырмасын басу арқылы).
Жанама мәзірден Options → Show All Attributes командасын алу қажет.
Класта тек таңдалынған атрибуттарды көрсету үшін:
Диаграммада қажет класты ерекшелеу керек.
Жанама мәзірді шақыру қажет.
Жанама мәзірден Options → Select Compartment Items командасын алу қажет.
Edit Compartment терезесінде қажет атрибуттарды көрсету керек.
Класс диаграммасының барлық атрибуттарының шығарылуына қысым көрсету үшін:
Диаграммада қажет класты ерекшелеу керек.
Жанама мәзірді шақыру қажет.
Жанама мәзірден Options → Suppress Attributes командасын алу қажет.
Бастапқы жағдайда қабылданған атрибуттың түрін өзгерту үшін:
Модельдің мәзірінен Tools → Options пунктін таңдау керек.
Diagram бөлігіне көшу қажет.
Атрибуттардың бейнеленуінің параметрлерінің мәндерін орнату үшін Suppress Attributes және All Attributes бақылау қосқыштарын пайдалану керек. Бұл мәндердің өзгертілуі жаңадан тұрғызылатын диаграммаларға ғана әсер етеді. Осығанға дейін бар кластар диаграммаларының түрі өзгермейді.
Атрибуттар жағдайындағы сияқты диаграммаларда операцияларды көрсетудің бірнеше нұсқалары бар, яғни
- барлық операцияларды көрсетуге,
- барлық операцияларды жасырын етуге,
- кейбір операцияларды көрсету,
- операциялардың шығарылуына қысым көрсетуге болады.
Сондай-ақ,
- тек операция атын көрестуге болады. Бұл жағдайда диаграммада аргументтер емес немесе қайтарылатын мәндердің типтері емес тек операция аты ғана көрестіледі.
- операцияның толық сигнатурасын көрсетуге болады. Диаграммада операцияның аты ғана емес, сондай-ақ оның барлық параметрлері, берілген параметрлердің типтері және операцияның қайтарылатын мәнінің типі көрсетіледі.
Кластың барлық операцияларын көрсету үшін:
Диаграммада қажет класты ерекшелеу керек.
Осы кластың жанама мәзірін шақыру керек.
Жанама мәзірден Options → Show All Operations командасын алу керек.
Кластың таңдалынған операцияларын ғана көрсету үшін:
Диаграммада қажет класты ерекшелеу керек.
Осы кластың жанама мәзірін шақыру керек.
Жанама мәзірден Options → Select Compartment Items командасын алу керек.
Edit Compartment терезесінде қажет операцияларды көрсету керек.
Диаграмманың класының барлық оперцияларының шығарылуына қысым жасау үшін:
Диаграммада қажет класты ерекшелеу керек.
Осы кластың жанама мәзірін шақыру керек.
Жанама мәзірден Options → Suppress Operations командасын алу керек.
Кластар диаграммасында операциялардың сигнатураларын көрсету үшін:
Диаграммада қажет класты ерекшелеу керек.
Осы кластың жанама мәзірін шақыру керек.
Жанама мәзірден Options → Show Operation Signature командасын алу керек.
Операцияның бастапқыда қабылданған түрін өзгерту үшін:
Модель мәзірінен Tools → Options пунктін таңдау керек.
Diagramm бөлігіне көшу керек.
Операциялардың параметр мәндерін орнату үшін Suppress Operations, Show All Operations және Show Operation Signature бақылау қосқыштарын пайдалану керек.
Кластың атрибутының және операциясының көрінуін көрсету үшін:
Диаграммада қажет класты ерекшелеу керек.
Осы кластың жанама мәзірін шақыру керек.
Жанама мәзірден Options → Show Visibility командасын алу керек.
Көрінуді көрсететін параметрлердің мәндерінің бастапқыда қабылданғандарын өзгерту үшін:
Модель мәзірінен Tools → Options пунктін таңдау керек.
Diagramm бөлігіне көшу керек.
Көрінуді бейнелейтін параметрлерді орнату үшін Show Visibility бақылау қосқышын пайдалану керек.
Rose және UML көріністерінің нотациялары арасында ауысу үшін:
Модель мәзірінен Tools → Options пунктін таңдау керек.
Notation бөлігіне көшу керек.
Нотациялар арасында ауысу үшін Visibility as Icons қосқышын пайдалану керек. Егер бұл қосқыш белгіленген болса, онда Rose нотациясы қолданылады, әйтпесе UML нотациясы қолданылады. Бұл параметрді өзгерту жаңа диаграммаларға ғана әсер етеді. Бұрыннан бар диаграммалар бұрынғы қалпында қала береді.
8 Тәжірибелік сабақтардың мазмұны
1-тапсырма. Ақпараттық жүйелерді жобалауда құрылымдық тәсілдің қолданылуы.
1. Есептің қойылымын жасау.
Аурухана әкімшілігі науқастарды қабылдау және медициналық хатшылық бөліміне ақпараттық жүйелерді әзірлеуге тапсырыс берсін. Бұл жаңа жүйе дәрігерлер, науқастар, науқастарды қабылдау және емдеу туралы мәліметтерді өңдеуге арналған. Ақпараттық жүйе дәрігерлердің немесе әкімшіліктің сұранысы бойынша есептер шығаруы керек.
Жобалау алды зерттеу уақытында қарастырылатын бөлімшенің мынандай сипаттамасы алынды.
Ауруханаға қабылдау үшін дәрігер мен науқастың кездесуі болады. Дәрігер науқастарды қабылдау бөліміне науқасты қабылдау және ол туралы мәліметтерді хабарлайды. Науқас ауруханаға бір реттен көп қабылдануы мүмкін, бірақ егер науқас ауруханада бұрын емделмеген болса, онда оған тіркеу номері беріліп, оның мәліметтері (аты-жөні, мекен-жайы, туған жылы) жазылады. Науқас жүйеге ауруханаға қабылданғанға дейін тіркелуі керек.
Біраз уақыттан кейін дәрігер науқастарды қабылдау бөлімінде ауруды қабылдауды рәсімдейді. Қабылдаудың реттік номері анықталып, науқасты қабылдау мәліметтері сақталады. Осыдан кейін қабылдау бөлімі ауруды қабылдау туралы бекітуді дәрігерге хабарлайды. Бұл хабарламада науқастың тіркеу номері жәнеоның фамилиясы, қабылдаудың реттік номері, емдеуді бастау мерзімі және палата номері болады.
Қабылдау күні науқас қабылдау бөліміне өзінің келуі туралы хабарлап, өзі туралы мәліметтерін береді. Қабылдау бөлімі науқастың мәліметтерін тексереді және қажет болса түзетеді. Егернауқас өзінің тіркеу нөмірін ұмытқан болса, онда әйкесінше сұраныс жасалады. Тіркеуден кейін науқас тіркеу картасын алады. Тіркеу картасында науқастың аты-жөні, мекен-жайы, туған жылы, телефон нөмері, қан тобы, сақтандыру компаниясының атауы, сақтандыру нөмері сияқтымәліметтер болады.
Науқастың ауруханада болған уақытында бірнеше дәрігерде емделуі мүмкін; әр дәрігер бір немесе бірнеше емдеу курсын белгілейді, бірақ әрбір курс тек ғана дәрігермен белгіленеді. Емдеу курстары туралы мәліметтер медициналық хатшылыққа тапсырылады. Медициналық хатшылық науқастардың емдеу кординациясымен айналысады. Содан мәліметтер сонда тіркеліп, сақталады. Мәліметтер дәрігер номерін, науқас номерін, қабылдаудың реттік номерін, емдеу курсының атауын, белгілеу мерзімін, уақытын және ескертуді қамтиды.
Қажет болған жағдайда дәрігер медициналық хатшылыққа науқастың ауру тарихына (емдеу курстары туралы мәліметтер болады) сұраныс жасайды. Ауру тарихы кестесін құру қажет. Емдеу курстары аяқталған соң емдеуші дәрігер науқасты ауруханадан шығару туралы шешім қабылдайды. Науқас ауруханадан шығарында қабылдау бөліміне хабарлайды. Қабылдау бөлімі шығу туралы мәліметтерді тіркейді де, ауруханадан шығу туралы анықтама береді.
Дәрігер өзі туралы мәліметтерді және мәліметтердегі өзгерістерді қабылдау бөліміне береді. Дәрігер туралы мәлімет: дәрігер нөмері, аты-жөні, мекен-жайы, туған жылы, үй телефон нөмірі, мамандану, кабинет номері, жұмыс телефон номерін қамтиды.
Аурухана әкімшілігі науқастар туралы есеп сұрауы мүмкін. Сұраныста уақыт аралығы көрсетіледі (бастапқы және соңғы мерзім). Сол себепті науқастар туралы құрастыру керек. Аурухана әкімшілігі әр дүйсенбіде сағат 9:00-де соңғы аптадағы ауруларға шолуға сұраныс жасайды.
2. Ауруханада науқасты қабылдау жүйесінің контексін сипаттау және бастапқы контексті диаграмманы тұрғызу.
Гейн-Сэрсон нотациясында мәліметтер ағындарының бастапқы контексті диаграммасын тұрғызу. 0-ші үрдісті салып, оған жүйе атын беру (науқастарды қабылдау жүйесі). Науқастарды қабылдау бөлімі және медициналық хатшылық қызметтері модельденетін болғандықтан диаграммада сыртқы мәндер ретінде Дәрігер, Науқас және Аурухана әкімшілігі қатысады. Сыртқы мәндерді салып, оларды мәліметтер ағындарымен 0-дік үрдіспен біріктіру. Мәліметтер ағындары сыртқы мәндер жүйемен алмасатын құжаттар, сұраныстар немесе хабарламалар болады.
3. Мәліметтер құрылымының спецификацияларын құрастыру.
Мәліметтердің концептуалды моделін құрастыру үшін мәліметтер ағындарының құрамын анықтап, модельге қажет бастапқы ақпараттарды дайындау.
1. «*» символымен “итерация” түріндегі, яғни қайталанатын мәндері болатын барлық мәліметтердің құрылымдарын және элементтер белгіленеді.
2. «0» символымен “шартты кірістіру” (условное вхождение) типіндегі, яғни қатысуы міндетті емес болып табылатын барлық мәліметтердің құрылымын және элементтерін белгілейік.
3. «|» символымен “альтернатиа” типіндегі барлық мәліметтердің құрылымдары мен элементтерін белгілейік, яғни егер сәйкес құрылымға аталған элементтердің тек біреуі ғана кіретін болса.
4. Мәліметтердің құрылымы мен мәліметтерін ірі құрылымдарға біріктіре отырып 2-5 әрекеттерді қайталайық. Нәтижесінде мәліметтердің әр ағынына иерархилық ағаш тәріздес құрылым құрастырылуы керек. Оныі соңғы элементтері (жапырақтары) мәліметтер элеметтері болып табылады, ал ағаш түйіндері мәліметтер құрылымы, ағаштың жоғары түйіні тұтастай алғандағы мәліметтер ағынына сәйкес келеді. Нәтижені бағдарламалау тілдерінде мәліметтер құрылымын сипаттауға ұқсас мәтіндік сипаттама түрінде көрсетуге болады.
Мәліметтер құрылымдарының спецификацияларын құрастыру.
4. Мәліметтердің концептуалды моделінің бастапқы нұсқасын тұрғызу.
Silverrun,CASE-құралдарының нотациясын қолданып, науқастарды қабылдау жүйесінің мәліметтерінің әр объектісі үшін мәндерді анықтап, салайық. Мәндердің әр мүмкін жұбын қарастырып, олардың арасында байланыстарды орнатайық. Байланыс мәндер арасындағы өзара әрекеттестіктің бар екендігін бейнелейді және жүйеде осы өзара әрекеттестік туралы ақпарат сақталуы қажет.
“Мән-байланыс” диаграммасын салу. Әрбір байланысқа ат беріп, оның мінездемелерін (байланыс дәрежесі және міндеттілік) анықтау.
2-тапсырма. Ақпараттық жүйелерді жобалауда объектіге бағытталған тәсілдің қолданылуы
1. Оқу орны үшін тіркеу жүйесін әзірлеу есебінің қойылымы.
Университеттің оқу үрдісінде студенттерді тіркеудің клиент-серверлік жүйесін әзірлеу қажет. Бұл жүйе студенттерге университеттің локалдық жүйесіне қосылған кез келген дербес компьютерден курстарға тіркелуге және өздерінің оқу үлгерімдерін қарауға мүмкіндік береді. Профессор-оқытушылар құрамы өздері оқитын курстарын көрсетуі үшін және осы курстар үшін бағаларын қоя алатындай онлайн жүйесіне қол жеткізе алады.
Әрбір семестрдің басында студенттер осы семестрде оқылатын курстар тізімі бар курстар каталогына сұраныс жасайды. Әрбір курс туралы ақпарат оқытушының аты-жөнін, кафедраның атауын және курсты оқып-үйрену үшін алдын ала дайындық деңгейінің талаптарын қамтиды.
Бұл жүйе семестрге 4 курсты таңдауға мүмкіндік береді және студентке 2 альтернативті курсты таңдау мүмкіндігін де ұсынады, бұл қандай да бір таңдалынған курстардың толып кетуі немесе алынып тасталуы жағдайында қажеті болады. Әрбір курсқа 3 студенттен кем емес және 10 студенттен артық емес студенттер саны жазылуы керек, егер студенттердің саны 3-тен кем болса, ол курс жүргізілмейді. Әрбір семестрде студенттердің өздерінің жоспарларын өзгерте алатындай мерзім болады. Осы уақытта студенттер қандай да бір курстарды таңдауына немесе таңдалынған курстарды алып тастауы үшін жүйеге кіре алады. Студенттердің тіркелуі аяқталғаннан кейін тіркеу жүйесі ақпаратты есеп тік жүйеге жібереді, себебі студент семестрдегі курсы үшін төлем жасауы керек. Ал егер тіркеу үрдісінде курс студенттермен толық болса, онда студенттің жеке оқу жоспарын құру аяқталғанға дейін студентке осы туралы хабарлама жасалуы керек.
Семестр соңында студенттер оқу үлгерімдерінің электрондық нұсқасын көруі үшін жүйеге қатынай алады. Бұл ақпарат құпия болғандықтан, жүйе оның рұқсатсыз қатынаудан қорғалуын қамтамасыз етуі керек.
Оқытушылар өздері оқитын курстарды көрсетуі үшін және курсқа жазылған студенттердің тізімін көруі үшін жүйеге қатынай алады. Сондай-ақ оқытушылар студенттердің курстан алған бағаларын қоюға мүмкіндігі болуы керек.
2. Жоба сөздігін құрастыру.
Сөздік пәндік аймақтың терминологиясын сипаттауға арналған. Ол жүйенің мәліметтерінің формалды емес сөздігі ретінде қолданылады.
2-кесте. Жоба сөздігі
Термин
|
Түсіндірмесі
|
Курс
|
Университет ұсынатын оқу курсы
|
Нақты курс (Course Offering)
|
Нақты семестрде берілген курстың нақты оқылуы (бір курс бірнеше паралель сессияларда жүргізіле беруі мүмкін). Аптаның нақты күндері мен уақытын қамтиды.
|
Курстар каталогы
|
Университетпен ұсынылатын барлық курстардың толық каталогы
|
Есептік жүйе
|
Курстардың төлемі туралы ақпаратты өңдейтін жүйе
|
Баға
|
Нақты курс үшін студенттің алған бағасы
|
Профессор
|
Университет оқытушысы
|
Үлгерім табелі (Report Card)
|
Семестрде студенттің барлық курстар үшін алған бағалары
|
Курс тізімі (Roster)
|
Нақты курсқа жазылған барлық студенттердің тізімі
|
Студент
|
Университетте оқитын тұлға
|
Оқу кестесі (Schedule)
|
Ағымдағы семестрде студентпен таңдалған курстар
|
3. Қосымша спецификациялардың сипатталауы.
Қосымша спецификацияларды тағайындау – қолдану нұсқаларының моделі қамтымайтын курстарды тіркеу жүйесіне талаптарды анықтау. Олар бірге жүйенің талаптарының толық жиынын құрайды.
Қосымша спецификациялар жүйенің қызметті емес талаптарын, мысалы: сенімділік, қолдану ыңғайлылығы, өнімділігі, үйлесімділігі, сондай-ақ қолданудың бірнеше нұсқалары үшін ортақ болып табылатын қызметті талаптарды да анықтайды.
Қызметтік мүмкіндіктер: Жүйе жұмыстың көп пайдаланушылық режимін қамтамасыз етуі керек.
Егер студенттің өзінің оқу кестесін құру уақытында курс толық болса, онда жүйе бұл туралы хабар беруі керек.
Қолдану ыңғайлылығы: Пайдаланушы интерфейсі қазіргі қолданылып жүрген операциялық жүйелерде үйлесімді болуы керек.
Сенімділігі: Жүйе аптаның 7 күнінде, тәуліктің 24 сағатында жұмыс жасауға қабілетті болуы керек.
Өнімділігі: Жүйе бір уақытта пайдаланушыларының орталық мәліметтер қорымен жұмыс істейтін 2000 дейінгі пайдаланушыларды және локалдық серверлерде бір уақытта жұмыс істейтін 500 пайдаланушыны қолдауы керек.
Қауіпсіздігі: Жүйе студенттердің тек өзінің оқу кестесін өзгертуіне мүмкіндік жасайды, яғни басқа студенттердің оқу кестесін өзгертуіне жол бермейді. Сондай-ақ оқытушыларға басқа оқытушылардың таңдаған курстарын түрлендіруіне жол бермейді.
Студенттерге бағаны тек оқытушылар қоя алады. Студенттер туралы ақпаратты тек тіркеуші өзгерте алады.
Жобалық шектеулер: Жүйе реляциялық МҚБЖ негізінде қызмет жасайтын курстардың каталогтармен кіріктірілуі керек.
4. Қолдану нұсқаларының моделін жасау.
Қатысушы актерлер:
Студент (Student) – курсқа жазылады.
Профессор (Professor) – оқытуға курсты таңдайды.
Тіркеуші (Registrator) – оқу жоспарын және курстар каталогын құрастырады, курстар, профессорлар және студенттер туралы барлық мәліметтерді жүргізеді.
Есептік жүйе (Billing system) – жүйеден курстарға төленген ақы туралы ақпарат алады.
Курстар каталогы (Course Catalog) – униерситет ұсынатын курстар каталогынан ақпаратты жүйеге береді.
Rational Rose ортасында жүйеге қатысушы (әрекет етуші) кейіпкерлерді жасау.
Браузерге әрекет етуші тұлғаларды орнаастыру үшін:
Браузерде қолдану нұсқаларын көрсету пакеті бойынша жанама мәзірді шақыру керек.
Мәзірден New – Actor командасын аламыз.
Браузерде NewClass атымен жаңа әрекет етуші тұлға пайда болады. Оның атының сол жағынан UML-дің әрекет етуші тұлғасының пиктограммасы көрінеді.
Жаңа әрекет етуші тұлғаны ерекшелей отырып, оған ат енгізуге болады.
Әрекет етуші тұлғаларды енгізіп болғаннан кейін модельді сақтау керек (File – Save).
Бұл жүйеде әрекет етуші тұлғалардың қажеттілігінен келесі қолдану нұсқаларын алуға болады:
Логин, яғни жүйеге кіру (Login);
Курсқа тіркелу (Register for Courses);
Үлгерім табелін қарау (View Report Card);
Оқытылу үшін курс таңдау (Select Courses to Teach);
Бағаларды қою (Submit Grades);
Профессорлар туралы ақпарат жүргізу (Maintain Professor Information);
Студенттер туралы ақпарат жүргізу (Maintain Student Information);
Тіркеуді жабу (Close Registration);
5. Rational Rose ортасында қолдану нұсқаларын жасау.
Браузерде қолдану нұсқаларын орналастыру үшін:
Браузерде қолдану нұсқаларын көрсететін пакет бойынша жанама мәзірді шақыру.
Мәзірден New – Use Case командасын таңдау.
Браузерде NewUseCase атымен жаңа қолдану нұсқасы пайда болады. Оның сол жағында UML-дің қолдану нұсқасының пиктограммасы көрінеді.
Жаңа қолдану нұсқасын ерекшелей отырып, оның атын енгізіңіз.
Қолдану нұсқаларының диаграммасы.
Тіркеу жүйесі үшін қолдану нұсқаларының диаграммасын жасаңыз.
Rational Rose ортасында қолдану нұсқаларының диаграммалары қолдану нұсқаларының көрсетілімімен жасалады. Басты диаграмма (Main) бастапқы жағдаймен бірден ұсынылады. Жүйені модельдеу үшін содан кейін толықтырылған диаграммаларды қажетінше әзірлеуге болады.
Қолдану нұсқаларының басты диаграммасына кіру үшін:
Браузердегі қолдану нұсқаларының көрсетілімінің жанындағы «+» таңбасына баысп, осы көрсетілімді ашыңыз.
Тышқанды екі рет басу арқылы басты диаграмманы ашыңыз: [Use Case Diagramm: Use Case view / Main] фразасын қамти отырып, атаулар жолы өзгереді.
Қолдану нұсқаларының жаңа диаграммаларын жасау үшін:
Браузерде қолдану нұсқаларын көрсету пакеті бойынша жанама мәзірді шақыру.
Мәзірден New – Use Case Diagram командасын алу.
Жаңа диаграмманы ерекшелеп, жаңа атты енгізіңіз.
Браузерде осы диаграмманың атына тышқанды екі рет шерту арқылы оны ашыңыз.
6. Қолдану нұсқаларының диаграммаларын тұрғызу.
Main қолдану нұсқаларының диаграммасын ашыңыз.
Әрекет етуші тұлғаны немесе қолдану нұсқасын браузерден қолдану нұсқаларының диаграммасына тышқанның көмегімен әкеліңіз.
Саймандар панелінің Unidirectional Assosiation (Однонаправленная ассоциация) батырмасы көмегімен әрекет етуші тұлғалармен және қолдану нұсқалары арасында ассоциацияларды салыңыз.
Кіру (Login) қолдану нұсқасының үш әрекет етуші тұлғаларға ортақ екендігі анықталып, Any User атты әрекет етуші жаңа тұлғаның пайда болуына әкеледі.
7. Қолдану нұсқаларына сипаттамаларды енгізу.
Браузерде Register for Courses қолдану нұсқасын ерекшелеңіз.
Құжаттама терезесінде осы қолдану нұсқасына «Бұл қолдану нұсқасы студентке ағымдағы семестрде курсқа тіркелуге мүмкіндік береді» сипаттамасын енгізіңіз.
MS Word бағдарламасының көмегімен Жүйеге кіру (Login), Курсқа тіркелу (Register for Courses) және Тіркеуді жабу (Close Registration) қолдану нұсқаларына сипаттамаларды үш мәтіндік файлға жасаңыз.
Жүйеге кіру (Login) қолдану нұсқасы
Қысқаша сипаттама: Бұл қолдану нұсқасы пайдаланушының курстарға тіркеу жүйесіне кіруді сипаттайды.
Оқиғалардың негізгі ағыны:Бұл қолдану нұсқасы пайдаланушының курстарға тіркелу жүйесіне кіргісі келген уақыттан орындалуын бастайды.
Жүйе пайдаланушының атын және паролін сұрайды.
Пайдаланушы аты мен паролін енгізеді.
Жүйе енгізілген ат пен парольді тексереді, содан кейін жүйеге қатынау ашылады.
Альтернативті ағындар: Дұрыс емес ат/пароль. Негізгі ағынды орындау барысында пайдаланушы атын және/немесе паролін дұрыс енгізбесе, жүйе қате туралы хабарлама шығарады. Пайдаланушы Негізгі ағынның басына қайта оралуына болады немесе жүйеге кіруден бас тартуы мүмкін, бұл жағдайда бұл қолдану нұсқасы аяқталады.
Алдында берілген шарт: жоқ.
Соңында берілген шарт: Егер қолдану нұсқасы сәтті орындалса, пайдаланушы жүйеге кіреді. Қарсы жағдайда жүйе жағдайы өзгеріссіз қалады.
Курсқа тіркелу (Register for Courses) қолдану нұсқасы.
Қысқаша сипаттама: Бұл қолдану нұсқасы студентке ағымдағы семестрде нақты курсқа тіркелуге мүмкіндік береді. Студент өзінің пәндерге тіркелуіне семестрдің басында белгіленген уақытқа дейін өзгеріс жасау арқылы таңдауын өзгерте алады, яғни жаңадан курсты таңдай алады немесе курсты жоюына болады. Курстардың каталог жүйесі ағымдағы семестрдің барлық нақты курстарының тізімін береді.
Оқиғалардың негізгі ағыны: Бұл қолдану нұсқасы студент нақты курсқа тілкеле бастағанда немесе өзінің курстар кестесіне өзгерту жасағысы келген уақытта орындала бастайды.
Жүйе қажетті әрекетті (жаңадан кестені жасау, кестені жаңалау немесе кестені жою) сұрайды.
Студент өзіне қажетті әрекетті (кестені жасау, жаңалау, жою немесе қабылдау) көрсеткен кезінде бағынышты оқиғалар орындалады.
Кестені жасау
Жүйе курстар каталогында қол жетімді нақты курстарға іздеу жасап, олардың тізімін береді.
Студент тізімнен 4 негізгі және 2 альтернативті курсты таңдайды.
Таңдаудан кейін жүйе студенттің кестесін жасайды.
«Кестені қабылдау» бағынышты ағыны орындалады.
Кестені жаңалау
Жүйе студенттің ағымдағы кестесін шығарады.
Жүйе курстар каталогында қол жетімді нақты курстарға іздеу жасап, олардың тізімін береді.
Студент нақты курстарды жойып, жаңа курсты қосып, өзінің курстарды таңдауын өзгерте алады.
Таңдаудан кейін жүйе кестені жаңалайды.
«Кестені қабылдау» бағынышты ағыны орындалады.
Кестені жою
Жүйе студенттің ағымдағы кестесін шығарады.
Жүйе студенттен кестені жою туралы бекітуін сұрайды.
Студент жоюды растайды (бекітеді).
Жүйе кестені жояды. Егер кесте студент жазылған нақты курстарды қамтыса, онда ол осы курстардың тізімінен жойылуы керек.
Кестені қабылдау
Әрбір таңдалынған, бірақ әлі кестеде тіркелмеген нақты курсты жүйе студентке қойылған алдын ала талаптардың орындалуын, яғни пререквизиттерді, нақты курстың ашылу фактісін және кестеде қарама-қайшылықтардың болмауын тексереді. Содан соң жүйе таңдалынған нақты курстарға студент туралы мәліметтерді енгізеді. Курс кестеде тіркеледі және жүйеде сақталады.
Альтернативті ағын
Кестені сақтау
Студент кез келген уақытта кестені қабылдаудың орнына оны сақтауына болады. Бұл жағдайда «Кестені қабылдау» қадамы төмендегілермен ауысады:
Тіркелінбеген нақты курстар кестеде таңдалынған болып сақталады.
Кесте жүйеде сақталады.
Студентке алдын ала қойылатын талаптар орындалмаса, курс толып кеткен болса немесе кестеде қарама-қайшылық туындаса
Егер «Кестені қабылдау» бағынышты ағыны орындалу барысында жүйе Студентке алдын ала қойылатын талаптар орындалмағанын немесе таңдалынған курс студенттермен толыққанын немесе кестеде қарама-қайшылық туындағанын байқаса, онда студентке қате туралы хабарлама шығады. Студент басқа курсты таңдап, қолдану нұсқасының орындалуын жалғастыруына болады. Әйтпесе кестені сақтауына немесе әрекетті болдырмауына болады, онда оқиғалардың негізгі ағыны қайта басталады.
Кесте табылмады. Егер «Кестені жаңалау» немесе «Кестені жою» бағынышты ағындарын орындау барысында жүйе студенттің кестесін таба алмаса, онда қате туралы хабарлама шығады. Бұл хабарламаны студент бекіткен соң, негізгі ағын қайта басталады.
Курстар каталогы жүйесі қатынаусыз, яғни қол жетімді емес. Егер Курстар каталогы жүйесімен байланыс орнатылмаса, онда қате туралы хабарлама шығады. Бұл хабарламаны студент бекіткен соң, қолдану нұсқасы аяқталады.
Курсқа тіркелу аяқталды. Қолдану нұсқасының орындалу басында ағымдағы семестрге тіркелу аяқталған болса, онда хабарлама шығады және қолдану нұсқасы аяқталады.
Жою болдырылмады. Егер «Кестені жою» бағынышты ағынды орындау барысында студент оны жоймау туралы шешім қабылдаса, жою болдырылмайды және негізгі ағын басынан қайта басталады.
Алдында берілген шарт
Қолдану нұсқасын орындаудың басында студент жүйеге кіруі керек.
Соңында берілген шарт
Егер қолдану нұсқасы сәтті аяқталса, онда студент кестесі жасалады, жаңарады немесе жойылады. Әйтпесе жүйе жағдайы өзгеріссіз қалады.
Тіркеуді жабу (Close Registration) қолдану нұсқасы
Қысқаша сипаттама. Бұл қолдану нұсқасы тіркеушіге тіркеу үрдісін жабуға мүмкіндік береді. Студенттердің қажетті саны жазылмаған нақты курстар жабылады. Есептеу жүйесіне курстарға төлем жасауы үшін әрбір студенттің әрбір нақты курс бойынша ақпарат беріледі.
Оқиғалардың негізгі ағыны. Бұл қолдану нұсқасы тіркеуші тіркеуді тоқтату туралы сұраныс жасағанда орындалады.
Жүйе тіркеу үрдісінің жағдайын тексереді. Егер тіркеу әлі орындалып жатса, онда хабарлама береді де қолдану нұсқасы аяқталады.
Жүйе әрбір нақты курс үшін оны қандай да бір оқытушы жүргізе ме, ол курсқа кем дегенде 3 студент жазылды ма тексереді. Егер бұл шарттар орындалса, онда жүйе осы курсты қамтитын әрбір кестеде нақты курсты тіркейді.
Әрбір студенттік кестеде негізгі курстардың максималды санының болуы тексеріледі. Егер толық болмаса, онда жүйе осы кестенің тізімінен альтернативті курстармен толықтырады, яғни алғашқы альтернативті курс таңдалынады. Егер бұндай курстар болмаса, онда ешқандай толықтыру болмайды.
Жүйе барлық нақты курстарды жабады. Егер қандай да бір нақты курста 3 студенттен кем студент болса, онда жүйе оны болдырмайды және осы курс бар барлық кестеден алып тастайды.
Жүйе ағымдағы семестрде әрбір студентке осы курсты оқыту үшін төлемді есептейді де ақпаратты есептеу жүйесіне жібереді. Есептеу жүйесі студенттерге олардың соңғы кестелерінің көшірмесімен төлемдер есебін жібереді.
Альтернативті ағындар
Нақты курсты ешкім жүргізбейді. Егер негізгі ағындарды орындау барысында курсты ешқандай оқытушы жүргізбейтіндігі анықталса, онда бұл курс алынып тасталады. Жүйе бұл курс бар барлық кестеден осы курсты алып тастайды.
Есептеу жүйесі қатынаусыз, яғни қол жетімді емес. Егер есептеу жүйесінмен байланыс орнату мүмкін болмаса, орнатылған нақты уақыттан кейін тағы жүйемен байланыс орнату мүмкіндігі қайта іске қосылады. Осылайша байланыс орнатылғанға дейін қайталана береді.
Алдын ала берілген шарт
Бұл қолдану нұсқасын орындаудың алдында тіркеуші жүйеге кіруі қажет.
Соңында берілген шарт
Егер қолдану нұсқасы сәтті аяқталған болса, онда тіркеу жабылады, әйтпесе жүйе жағдайы өзгеріссіз қалады.
8. Қолдану нұсқасына файл бекіту.
Қолдану нұсқасында жанама мәзірді шақырыңыз.
Жанама мәзірден Open Specification пунктін таңдаңыз.
Файлдар қалтасына өтіңіз.
Ақ өрісте жанама мәзірді шақырып, Insert File пунктін таңдаңыз.
Алдын ала жасалған фацлды таңдап, қолдану нұсқасына файлды бекіту үшін Open батырмасына басыңыз.
Қолдану нұсқаларын және әрекет етушілерді жою. Модель элементін жоюдың екі тәсілі бар: бір диаграммадан немесе барлық модельден.
Диаграммадан модель элементін жою үшін:
Диаграммада қажет элементті ерекшелеу.
Delete пернесін басу.
Элементтің диаграммадан жойылса да, ол браузерде және жүйенің басқа да диаграммаларында қалғанын байқауға болады.
Элементті модельден жою үшін:
Диаграммад элементті ерекшелеу.
Мәзірден Edit – Delete from Model командасын алу немесе CTRL+D перенелерін басу.
3-тапсырма. Жүйелерді талдау
1. Архитектуралық талдау
Модельдеу бойынша келісімдерді қабылдау төмендегілерді қамтиды:
қолданылатын диаграммалар және модельдің элементтері;
оларды қолдану ережелері;
элементтерді атау бойынша келісімдер;
модельдерді (пакеттерді) ұйымдастыру.
Модельдеуді келісімдеу мысалы:
қолдану нұсқаларының аттары қысқа етістіктер болуы керек.
Әрбір қолдану нұсқасы үшін қолдану нұсқасының ең болмағанда бір жүзеге асырылуын, «View Of Participating Classes» (VOPC) диаграммасын қамтитын Use-Case Realization пакеті әзірленуі керек.
Кластар атауы пәндік аймақтың ұғымдарына мүмкіндігінше сәйкес келетін зат есімдер болуы керек.
Кластар атауы бас әріппен басталуы керек.
Атрибуттар мен операциялардың аттары кіші әріптермен басталады.
Құрама аттар сызықшасыз бір тұтас болуы керек, яғни әрбір жеке сөз бас әріппен басталуы керек.
2. Қолдану нұсқасын жүзеге асыру (Use-Case Realization)
Нақты қолдану нұсқасын өзара әрекеттесетін объектілер терминдерінде жүзеге асырылуын сипаттайды және қолдану нұсқасын жүзеге асыру үрдісінде объектілердің өзара әрекеттесуін бейнелейтін диаграммалардың (қолдану нұсқасының жүзеге асырылуын көрсететін кластар диаграммасы, өзара әрекеттесу диаграммалары – тізбектілік диаграммалары және кооперативті диаграммалар) көмегімен көрсетіледі (34-сурет).
жүзеге асыру (<>)
Қолдану нұсқасы (Use Case)
Қолдану нұсқасы жүзеге асыру
(Use-Case Realization)
34-сурет. Қолдану нұсқасының жүзеге асырылуы
Кілттік абстракциялардың идентификациясы. Жүйенің кластарын (талдау кластарын) алдын ала анықтаумен сипатталады. Қолданылатын көздер: пәндік аймақ бойынша білім, жүйеге қойылатын талаптар, глоссарий (сөздік). Тіркеу жүйесі үшін талдау кластарын құрастыру керек.
3. Архитектуралық талдаудың талаптарына сәйкес талдау кластарын және модельдің құрылымын жасау.
Traceabilities пакеттерін және диаграммаларын жасау:
Браузердің логикалық көрсетілімінде жанама мәзірді шақыру.
Жанама мәзірден New – Package командасын алу.
Жаңа пакетті Design Model деп атаңыз.
Осылайша Қолдану нұсқасының жүзеге асырылуы (Use-Case Realizations), Қолдану нұсқасының жүзеге асырылуы – Тіркеуді жабу (Use-Case Realization – Close Registratoin) , Қолдану нұсқасының жүзеге асырылуы – Кіру (Use-Case Realization – Login) және Қолдану нұсқасының жүзеге асырылуы – Курсқа тіркелу (Use-Case Realization – Register for Courses) пакеттерін жасаңыз.
Қолдану нұсқасының жүзеге асырылуы (Use-Case Realization) типінің әр пакетінде Тіркеуді жабу (Close Registratoin), Кіру (Login) және Курсқа тіркелу (Register for Courses) сәйкес кооперацияларын жасаңыз (әрбір кооперация қолдану нұсқасының спецификациясында берілетін «use-case realization» стереотипімен қолдану нұсқасын көрсетеді).
Қолдану нұсқасының жүзеге асырылуы (Use-Case Realization) пакетінде Traceabilities атымен қолдану нұсқаларының жаңа диаграммасын жасаңыз және оны 35-суретке сәйкес тұрғызыңыз.
35-сурет. Traceabilities диаграммасы
4. Абстракциялау кілті (Key Abstractions) талдау кластарын және сәйкес диаграммаларын жасау.
5. Өзара әрекеттестік, кооперативті диаграммаларды тұрғызу.
Кластарға атрибуттарды, байланыстарды қосу.
9 Өздік жұмыстардың тапсырмалары
Тапсырма 1. Төменде берілген тақырыптардың әрқайсысына материал жинақтау, реферат жазу.
Тапсырма 2. Төменде берілген тақырыптардың біреуін таңдап алып, тақырыпқа сәйкес блогын жобалау.
Студенттердің өз бетімен оқып-үйренуіне арналған тақырыптар тізімі:
Ауысатын гипермәтінді құжаттарды зерделеу және құру.
HTML – құжаттарының құрылымын зерделеу.
HTML – құжаттарын динамикалық генерациялау.
HTML-де кесте ұйымдастыру; HTML – құжатына кілтті сөздер, бөлімдер және т.б. арқылы іздеуді ұйымдастыру.
Электронды оқулық құрудың бар әдістеріне шолу жасау.
Кәсіпорынның инвестициялық қызметі.
Инвестициялық жобаның бизнес-жобасы.
Нарықтық экономиканың сұранысы мен ұсынысы.
Ресейдің вертикальды-интегралды мұнай компаниялары. Олардың тәжірибесін ҚР-да қолдану.
ҚР кәсіпорындарында маркетинг концепциясын құру. Кәсіпорынның маркетинг қызметін қалыптастыру.
Модельдеудің UML – унифицияланған тілін зерделеу.
10 Білім алушылардың оқытушымен өздік жұмысына кеңес беру кестесі
Барлық сұрақтар бойынша кеңес ағымдағы семестрдегі білім алушылардың оқытушымен өздік жұмысының кестесіне сәйкес жүргізіледі.
11 Білім алушылардың білімдерін тексерудің кестесі
Барлық дәрістер, тәжірибелік және лабораториялық жұмыстарға қатысып, тапсырмаларды уақытында орындау 0-100 баллмен бағаланады.
Пән бойынша тапсырмаларды орындау және тапсыру кестесі
№
|
СӨЖ түрі
|
Есеп формасы
|
Бақылау түрі
|
Көлемі (сағ)
|
1
|
Дәріс сабақтарға дайындық
|
|
Сабақтарға қатысу
|
22,5
|
2
|
Тәжірибе сабақтарына қатысу (тақырып бойынша материалдарды оқып-үйрену, есептерді шығару және т.б.)
|
Жұмыс дәптері
|
Сабақтарға қатысу
|
22,5
|
3
|
Аудиторлық сабақтардың мазмұнына кірмеген материалдарды оқып-үйрену
|
Конспект, сызбалар және т.б.
|
Сұрақ-жауап, тест және т.б.
|
20
|
4
|
Семестрлік тапсырмаларды орындау (рефераттар, курстық жұмыс және т.б.)
|
Реферат, курстық жұмыс және т.б.
|
Семестрлік тапсырманы қорғау
|
20
|
5
|
Бақылау шараларына дайындық
|
|
1 МБ, 2 МБ, бақылау жұмысы, тестілеу және т.б.
|
5
|
Барлығы:
|
90
|
Достарыңызбен бөлісу: |