Кафедра меңгерушісі ___________________ Оспанова Н.Н.
ФМжАТ факультетінің оқу-әдістемелік кеңесімен мақұлданды 2014 ж. «_____»______________ №____хаттама
ОӘК төрағасы __________ Искакова А.Б. 2014 ж. «____»_____________
1. Оқу пәнінің паспорты
Пәннің атауы «Ғылыми зерттеулердің негіздері»
Пән – элективтік пәндер каталогының пәні
Кредиттер саны және оқу мерзімі
Барлығы – 3 (4) кредит
Курс: 3
Семестр: 1
Барлық аудиториялық сағаттар – 45 сағат (60 сағат)
Лекция - 30 сағат (30 сағат)
Практикалық сабақтар – 15 сағат (30 сағат)
МӨЖ – 90 сағат (120 сағат)
оның ішінде СОӨЖ – 22,5 сағат (30 сағат)
Жалпы сыйымдылық – 135 сағат (180 сағат)
Бақылау формасы
Емтихан – 1 семестр
Пререквизиты
- информатика;
- философия.
Постреквизиты
курстық жұмыстар;
дипломдық жұмыс.
2. Оқытушылар туралы мәліметтер және байланысу ақпараты
Оспанова Назира Нұрғазықызы
Педагогика ғылымдарының кандидаты, математика және информатика кафедрасының профессоры
Математика және информатика кафедрасы А корпуста (Ломов к-сі, 64) орналасқан, ауд. А-408, тел. 67-36-87 (ішкі 11-25)
nazira_n@mail.ru
3. «Ғылыми зерттеулердің негіздері» пәні студенттердің ғылыми зерттеу жұмыстары туралы түсініктерін қалыптастырып, өздерінің зерттеу жұмыстарын жүргізе білуге үйрететін пән болып табылады.
Пәнннің мақсаты – қазіргі заманға сай студентерге ғылыми зерттеулерді ұйымдастырудын және жүргізудің негіздерімен таныстыру және сәйкес түсініктерді қалыптастыру және ғылыми зерттеулер нәтижелерін жобалау және өндеудің теоретикалық негіздерімен таныстыру.
Пәннің оқытудың міндеті – Интернетте ақпараттық ресурстарды және мультимедиялық қосымшаларды құру туралы білімдерін қалыптастыру.
4. Білімге, іскерлікке, дағдысына, құзыретке қойылатын талаптар
Курстың оқылу нәтижесінде студенттер:
ғылыми зерттеулердің әдіснамасын білуі қажет;
студентер тәжірибелік-іздеу жұмыстарды жүргізуді білуі қажет;
ғылыми-зерттеу жұмыстарының түрлері, жүргізу кезеңдері, оларды рәсімдеуге қойылатын талаптары туралы түсініктері болуы керек;
ғылыми зерттеулерді ұйымдастыру және жүргізу құзырлылықтары болуы керек.
5 Пәннің тақырыптық жоспары
Сабақтардың түрлері бойынша академиялық сағаттарды бөлу
№
|
Тақырыптар атауы
|
Сағат саны
|
дәрістер
|
практика
|
СӨЖ
|
оның ішінде СОӨЖ
|
|
Ғылыми зерттеулердің әдіснамасы
|
1
|
1
|
2
|
5
|
5
|
2
|
1
|
|
Ғылыми зерттеулердің түрлері
|
2
|
1
|
2
|
5
|
5
|
2
|
1
|
|
Ғылыми зерттеулердің кезендері және құрылымы
|
2
|
1
|
3
|
10
|
20
|
2
|
4
|
|
Диссертация ғылыми енбек түрінде
|
4
|
2
|
3
|
10
|
20
|
3
|
4
|
|
Зерттеулердің әдістері
|
4
|
2
|
4
|
15
|
20
|
3
|
4
|
|
Ғылыми зерттеулерде компьютерді қолдану
|
4
|
2
|
4
|
10
|
10
|
2
|
4
|
|
Зерттеулерді жүргізудегі құралдарды әзірлеу технологиясы
|
5
|
2
|
4
|
15
|
20
|
2
|
4
|
|
Тәжірибе нәтижелерін өндеу технологиясы
|
4
|
2
|
4
|
10
|
10
|
4
|
4
|
|
Интеллектуалды меншікті қорғау
|
4
|
2
|
4
|
10
|
10
|
2,5
|
4
|
Барлығы: 135 сағат (3 кредит)
|
30
|
15
|
30
|
90
|
120
|
22,5
|
30
|
6. Дәрістік сабақтардың мазмұны
1-тақырып Ғылыми зерттеулердің әдіснамасы.
Жоспар:
Қазіргі замандағы ғылым ролі.
Ғылыми зерттеулердің ұғымдары.
Ғылыми жұмыстың әдіснамасы.
Әрбір сұрақтың қысқаша мазмұны
Қазіргі заманғы ғылым адамның ойлауы мен психикалық және дене күштерінің ынталуының талап ететін іс-әрекеттің бір түрі болып табылады.
Ғылыми әдіснаманың 3 деңгейі бар:
Философиялық - әдіснама ретінде зерттеушіні табиғат, қоғам, сана дамуының жалпы заңдарын білуін, әлемнің біртұтастығын қамтумен зерттеген мәселесі басқалардан ішінен орны мен байланысын анықтаумен қаруландырады.
Жалпы ғылыми – зерттеудің кейбір заңдары мен ұстанымдарын меңгеруге көмектеседі. Солардың ішінен білімнің түрлі саласынан тиімділерін таңдауға мүмкіндік береді.
Нақты ғылымдылық – ғылыми пәнге қатысты тиімді заңдылықтарды, нәрселерді, ұстанымдарды қамтиды.
Ғылыми әдіснаманың ең бір басты бөлігі – нақты зерттеу облысын білу. Кәсіби білім деңгейін үнемі және жоспарлы түрде арттыру керек. Екінші маңызды бөлігі – философия. Ғылыми маңызды сәтінің бірі – жаңа ойпайын шығару және болжам жасау. Ғылыми заңдарға байланысты жасалған болжамдардың бірнеше түрі болады:
Эмпирикалық – заңдары тәжірибе мен бақылауға негізделеді.
Теориялық – заңдар табиғаттың шын заңдылықтарын тереңірек, толығырақ айқындайды.
Құрылымдық
Динамикалық – заңдары объектілердің алғашқы қалпы мен кейінгі жағдайын біле отырып кез-келген жағдайда оның өзгеруін білуге мүмкіндік береді.
Статикалық – заңдылықтардың объектілер жиынтығының және элементтердің біртекті объектінің көптігіне қатысты болады.
Сапалы – түрде тұжырымдалған заңдылықтар көріністердің жалпы даму бағыттарын айқындайды.
Санды – заңдар математикалық формулалар мен теңдіктер ретінде тұжырымдалады.
Қазіргі заманғы ғылым - еңбек іс-әрекетін адамның ойлауы мен психикалық және дене күштерінің ынталануын талап ететін бір түрі болып табылады.
Тақырып 2. Ғылыми зерттеулердің түрлері
Жоспары:
1 Мақсаттық қызметі бойынша ғылыми зерттеулердің түрлері.
2 Қоғамдық өндіріс байланыстары бойынша түрлері.
3 Қаржыландыру көзі бойынша түрлері.
Әрбір сұрақтың қысқаша мазмұны
Ғылыми зерттеудің мақсаты ғылымда әзірленген принциптер және тану әдіс негізінде құбылыстың, үрдістің немесе объектінің құрылымын, байланыстарын және қатынастарын жан-жақты және шынайы оқып білу. Кез-келген ғылыми зерттеудің өз объектісі және пәні болады. Ғылыми зерттеудің объектісі материалды немесе идеалды жүйе болып табылады.
Ғылыми зерттеудің пәні бұл жүйенің құрылымы, жүйенің ішінде және сыртындағы элементтердің өзара әрекеттістігінің заңдары: даму заңдары, әртүрлі қасиеттері, сипаттары және т.б.
Ғылыми зерттеудің классификациясы:
Қоғамдық өндіріс байланыстарының түрі бойынша бөлінеді:
Жаңа технологиялық өндірістерді, машиналарды, құрылыстарды жасауға бағытталған жұмыстар.
Өндірістің тиімділігін арттыруға бағытталған жұмыстар.
Еңбек шарттарын жетілдіру.
Адамның жеке тұлғасын дамыту.
Мақсаттық қызметі бойынша:
Іргелі – олар қандай да бір жаңа құбылыстарды, табиғат заңдарын ашуға және зерттеуге бағытталған. Мақсаты – қоғамның ғылыми білімдерін кеңейту. Болашақта адамның тәжірибелік әрекетке пайдалануға болатын заңдарды ашу.
Қолданбалы зерттеулер – қандай да бір табиғат заңдарын қолдануға, тәсілдерін табуға бағытталған. Мақсаты – ғылыми білімдерді қалай қолдануға болатынын білу.
Іздеу жұмыстары – жаңа технологиялардың жасау жолдарын табу, объектіге әсер ететін факторларды орнату.
Ғылыми зерттеу жұмыстары – жаңа технологияларды сынау құралдарды, аспаптарды жасау.
Сынау конструкторлық – құрылыстың логикалық негізін анықтайтын сипаттарын таңдау.
Жасалымдар – соңғы мақсаты – қолданбалы зерттеудің материалдарын еңдіруге дайындау.
Қаржыландыру көзіне байланысты:
Мемлекеттік бюджет
Келісім бойынша (хоз-договор)
Қаржыланбайтын
Зерттеулерді жүргізу уақыты бойынша
Зерттеу объектісі бойынша ғылым жаратылыстану және гуманитарлы болып бөлінеді.
Жаратылыстану - өмірде объективті түрде адам тәуелсіз құбылыстарды зерттейді. Бұған физика, химия, медицина, т.б. жатады.
Гуманитарлы – адамның рухани өміріне байланысты және оның жігеріне, дамуына уақыт пен кеңістікке тәуелді үрдістерді зерттейді: психология, социология, философия, бұл ғылым объективті.
Тақырып 3. Ғылыми зерттеулердің кезендері және құрылымы
Жоспары:
1 Зерттеу үрдіс туралы ұғым.
2 Зерттеулерді жүргізу алгоритмі.
3 Зерттеулерді жүргізудің негізгі кезендері.
Әрбір сұрақтың қысқаша мазмұны
Әр ғылыми зерттеу жұмысы қандай да бір ғылыми бағытқа жатады. Ғылыми бағыттың құрамдас бөліктері:
Кешендік мәселелер – бір мақсатпен біріккен мәселелер жиынтығы.
Мәселелер шешу қоғамда қажетті болған күрделі теоретикалық және практикалық есептер жиынтығы.
Тақырыптар – мәселенің құрамдас бөліктері.
Ғылыми сұрақтар – ғылыми зерттеудің нақты тақырыбына сәйкес кіші ғылыми есептер.
Мәселе немесе ғылыми зерттеудің тақырыбын таңдаған кезде бірден зерттеу бағытын қарама-қайшылығын талдау негізінде мәселе және жалпы түрде күтетін нәтиже анықталады. Содан кейін мәселенің құрылымы әзірленеді. Тақырыптар, сұрақтар және орындаушылар ерекшеленеді. Олардың өзектілігі орнатылады.
Кезеңдері.
Ғылыми-техникалық зерттеуді жүргізу үшін ең алдымен техникалық тапсырма құрастырылады. Ол міндетті құжат ретінде есептелінеді. Техникалық тапсырмада зерттеудің мақсаты, мазмұны, зерттеу нәтижелерін жүзеге асыруы анықталады.
Ақпараттық ізденіс және зерттеу әдістемесін құру.
Зерттеудің алғашқы әзірленуі.
Зерттеудің тәжірибелік бөлігін дайындау және жүргізу.
Тәжірибе мәліметтерін өңдеу.
Нәтижелерді талдау, жалпылау, рәсімдеу.
Өнеркәсіпке аяқталған әзірлерді ендіру.
Мәселе бойынша ақпаратты жинау орындалады. Зерттеу саласындағы сұрақтың жағдайы туралы реферат жасау үшін ақпарат көздері сарапталады: ғылыми мақалалар, есептер, рефераттар, аңдатпалар, потенттер, т.б. Содан кейін зерттеу жоспары құрылады. Барлық кезеңдер үшін ғылыми жетекшілер, орындаушылар және кеңес берушілер болу керек. Материалдық-техникалық қамсыздандыру анықталады. Ал жоспар барысында әр зерттеу кезеңін орындау ұзақтығын бағалап, шығындарды және қаржы көздерін анықтау керек.
Осы кезеңде зерттеудің үрдіс немесе құбылыс бағыналатын іргелі заңдылықтар анықталады және алғашқы болжамы құрылып, негізделінеді. Үрдістің немесе аспаптың ақпараттық моделін құрғанда, зерттеу объектісінің сипаттама арасында себепті байланыстар орнатылады. Мысалы, қандай да бір факторлардың әсері, шектеулер және т.б. Математикалық апаратты таңдағаннан кейін ақпараттық моделін математикалық тілге аударылады. Есптеу техниканың қандай құралдары пайдаланатыны анықталады. Осы кезең жобаны жасаудың техникалық тапсырманың беруімен анықталады.
Осы кезеңде тәжірибелік құрылыстың жобасы жүзеге асырылады. Осы кезеңнің соңында тәжірибелік зерттеудің хаттамасы ретінде нәтижелерді рәсімдеу керек.
Кез келген тәжірибе(эксперимент) шыққан мәліметтердің өңдеуімен және нәтижелерді кесте, сызба, формулалар және сөздік сипаттауымен аяқталу керек. Тәжірибе нәтижелері өңдеуден кейін алғашқы болжамы тексеріліп, қажет болса өзгертіледі. Осы кезең жаңа факторларды және заңдарды, теоретикалық және практикалық қорытындылардың қалыптастыруымен аяқталады.
Ғылыми-техникалық зерттеудің нәтижелерінде алынған материалды, өнделіп бір жерге келтіру керек және нәтиже бойынша есеп жазылады. Есепке қойылатын талаптар:
құрылудың анықтылығы
материалдың логикалық тізбектілігі
аргументтердің дәлелділігі
формулировкалардың дәлдігі және қысқаша формада берілуі, объективтілігі
жұмыстың нәтижелерінің нақтылығы
ұсыныстар мен қорытындылардың дәлелділігі.
Көбінесе есептің келесі құрылымы болады:
Титулдық бет
Орындаушылардың тізімі
Реферат
Мазмұны(оглавление)
Шарт белгілердің, символдардың, терминдердің, бірліктердің тізімі
Кіріспе
Есептің негізгі мазмұны
Ең басында әдебиет көздеріне шолу жасалады. Шолуда мәселелердің жағдайы туралы рефераттың материалдарын көрсетуге болады. Жаңа ойларға және мәселелерге көңіл аудару керек. Қойылған есепті шешу үшін әртүрлі ықпал қарастырылады. Шолу алынған әдістемесінің және зерттеу жоспарының ғылыми-техникалық зерттеудің негіздемесімен аяқталады. Содан кейін зерттеудің алғашқы әзірленуімен тәжірибелік бөлімнің барысы және нәтижелері тізбектеп жазылады.
Қолданылған әдістерімен тәжірибе мәліметтерінің нәтижелері қарастырылады. Тәжірибелік және теориялық зерттеудің жалпылаудың және талдаудың мәліметтері келтіріледі. Зерттеудің нақты кезеңдерінде орындауында қолданылған жаңа әдістемелер толық сипатталады және әр тарау бойынша шыққан нәтижелері жалпыланады, олардың қолдану мүмкіндіктері көрсетілуі керек.
Қорытынды. Зерттеу нәтижелері бағаланады және қойылған мақсатқа сәйкестігі бағаланады. Егер теріс нәтижелері шықса, оларды қорытындыда көрсету керек.
Қолданылған көздердің тізімі.
Қосымшалар (қандай да бір үлкен кестелер, сызбалар, математикалық есептеулер, хаттамалар және бағдарламалар, т.б.)
Зерттеу нәтижелерді қойылған мақсатқа жетсе, оларды мақала немесе монография түрінде көпшілікке көрсетуге болады. Мақалада ғылыми немесе практикалық мәні болатын нақты сұрақтың нәтижесі көрсетіледі. Мақаланың көлемі 12 бетке дейін болуы керек.
Монография – бір тақырыптың немесе сұрақтардың шектеулі шеңберінің әзірлеріне арналған ғылыми еңбек. Монография бір авторға немесе көзқарастары бірнеше авторға жазады.
Ғылыми өнімнің формаларының бірі – диссертация. Диссертация – қандай да бір ғылыми дәрежеде ізденуге және арнайы отырыста ізденушімен қорғалатын зерттеу.
Ғылыми өнімнің өндіріске ендіру үрдісі екі кезеңнен тұрады:
тәжірибелі-өндірістік
сериялық ендіру
Бірінші кезеңде өндірістік ортада әзірлеулер тексеріледі. Сынау нәтижелері хаттама ретінде рәсімделіп, сынайтын үлгілердің технологиялық, эксплуатациондық, энергетикалық және т.б бағалары беріледі. Сынау нәтижесінде үлгілерді жетілдіруші ұсыныстар жасалынады және техникалық құжаттар дәлділенеді. Содан кейін ғана өндіріске ендіру орындалады. Ғылыми әзірлеуді өндіріске ендіруі актін рәсімдеумен экономикалық тиімділігін есептеумен анықталады.
Тақырып 4. Диссертация ғылыми енбек түрінде
Жоспары:
1 Диссертациялық зерттеулердің түрлері.
2 Диссертацияны дайындау формалары.
3 Диссертацияны жүргізудің көздері.
4 Ғылыми жұмыстың этикасы. Ғылыми жетекшінің қасиеттері.
Әрбір сұрақтың қысқаша мазмұны
Диссертациялардың келесі түрлері болуы мүмкін:
Докторлы-ғылыми дәрежеде (Pahe D)
Кандидаттық
Магистрлы
1. Өзіндік басшылықпен жүргізілетін зерттеу, яғни ізденуші тарапынан негізделген ғылыми жанры қалыптастырады. Осы жарғылардың жиынтығын жаңа келешегі бар зерттеу деп жіктеуге болады немесе экономикалық, саяси, әлеуметтік мәдениет маңыздылығы бар ірі ғылыми мәселелердің шешімі деп қабылданады.
2. Тәжірибелік маңызы бар өзекті ғылыми мәселенің жаңа шешімін ұсынатын ғылым докторының баршылығымен атқарылатын аяқталған ғылыми зерттеу жұмысы. Міндетті түрде қорғаудың алдында диссертациялық жұмыс (қолжазба құқығында) автореферат түрінде баспаға ұсынылады. Ғылыми ізденуші тарапынан арнайы мамандырылған кеңеске қалыптасқан қатаң тәртіп негізінде құжаттар тізімі тапсырылады.
3. Магистрлы диссертация – ғылыми жетекші тарапынан атқарылатын ғылыми жұмыстың бір түрі. Магистрлы диссертация ізденушінің өзінің кәсіби жолындағы алғашқы ғылыми қабілетерін көрсету қажет және алдындағы шешілген ғылыми мәселелердің модельдеуі жүргізіледі. Диссертация қорғау мемлекеттік біліктілік комиссия отырысында болады. Мемлекеттік біліктілік комиссияда магистрант өзінің жеке жоспарын кәсіби бағдарлама бойынша орындаған жөнінде диссертация және еңбектерін ұсынады. Магистрлы диссертацияға міндетті түрде пікір беріледі.
Диссертацияны дайындау формалары:
1) Докторантура
2) Аспирантура, егер әскери жоғары оқу орны – адьюнктура, Pahe D докторантура
3) Ізденушілік және магистратура
Зерттеулерді жүргізу көздері
1. Жалпы азаматтық, адамгершілік, идеалды. Олар көп жағдайда әлеуметтік сұраныста нақты кейпін көрсетпейді.
2. Адамзат туралы ғылым кешенінің жетістігі.
3. Қазіргі және өткеннің озық тәжірибесі (наваторлық).
4. Ұжымның, қоршаған әлеуметтік ортаның кәсіптік әлеуеті (потенциал)
5. Адамдардың кәсіби шығармашылық әлеуеті.
Диссертацияны жазу тікелей ғылыми жетекшіге байланысты. Ғылыми жетекшінің міндеттері:
1) Жоғары кәсіби маман болу керек, қатал талап қою керек, жұмысты ұйымдастыра білу керек.
2) Аспирант ізденушілердің басқару тәжірибесі болу керек, қандай да бір идея беру керек, жаңа идеяларды беру.
3) Бағыт-бағдар беру қажет.
Болашақ диссертацияның жұмыс жоспарын бірге әзірлейді. Ізденушінің күнтізбелік кестесін құрастырады. Тақырып бойынша әдебиеттің нұсқау жасау блу қажет. Жүйелі түрде кеңес береді. Ізденушінің бекітілген жеке жоспарының орнын бақылайды. Диссертацияның бөліктерін толық түрде бағалап, қорғауға ұсынылған келісім береді.
Зерттеушінің жеке қабілеттері: жүйелі ойлау, сыни көзқарас, табандылық, байқаушылық, өз бетімен жұмыс істеу.
Ғылыми зерттеудің жалпы логикалық сұлбасы:
1. Өзектілігі (көкейкестілігі) негізделеді.
2. Зерттеу мақсатын анықтау.
3. Зерттеу объектісін және пәнін анықтау.
4. Зерттеу болжамдарын құру және нақты міндеттерін анықтау.
5. Зерттеу әдістерін және құралдарын таңдау.
6. Зерттеу үрдісін сипаттау.
7. Зерттеу нәтижелерін талдау.
8. Алынған нәтижелерді бағалау және қорытындыларды шығару.
Диссертацияның тақырыбын таңдау барысында қажет:
1. Мәселе бойынша қорғалған диссертацияның каталогтарын қарап шығу.
2. Іргелес салаларда жаңа зерттеу нәтижелерімен танысу.
3. Зертеу әдістердің әзірлеу жағдайларын бағалау.
4. Белгілі ғылыми шешімдерді жаңа әдістер арқылы қарап шығу.
5. Сараптамалық шолулармен, мақалалармен танысу.
6. Тақырып бойынша мамандардан кеңес алу.
Зерттеудің негізгі сипаттамалары. Дұрыс анықталды ма тексеру үшін зерттеуші келесі сұрақтарға жауап беру керек:
1. Өзектілігі: Осы мәселені қазіргі кезде неге зерттеу керек?
2. Мәселе: бұрын зерттелмеген нәрселерден бүгін нені зерттеу керек?
3. Тақырып: осыны қалай атаймыз?
4. Зерттеу объектісі: нені қарастырамыз?
5. Зерттеу пәні: объект қалай қарастырылады, осы зерттеу қандай жаңа қатынастарды, аспектілерді, функцияларды, қасиеттерді ашады?
6. Зерттеуші қандай нәтиже алу керек? Нәтиже қандай болу керек? Зерттеуші осы нәтижені қалай көреді?
7. Міндеттері: Мақсатқа жету үшін не істеу керек?
8. Болжам: Объектте басқалары байқамайтын, зерттеуші нені көріп тұр?
Тақырып 5. Зерттеулердің әдістері
Жоспары:
1 Статистикалық әдістері және формализациялау құралдары.
2 Теоретикалық зерттеулердің әдістері.
3 Эмпирикалық зерттеулердің әдістері.
Әрбір сұрақтың қысқаша мазмұны
Зерттеулерде формализациялау құралдары және статистикалық әдістер.
Дисперсиялардың талдауы. Қандай да бір бақылайтын белгі (Y) бойынша бір-біріне тәуелсіз жеке белгілердің (A,B,C) әсерін анықтауға арналған.
Регрессиялық сапалы талдау. Мәліметтердің көпөлшемді талдаудың әдістер тобы. Қандай да бір тәуелді Y белгіге бірнеше сапалы тәуелсіз X белгілерінің әсерін бағалауға мүмкіндік береді.
Кластрлық талдау. Объектілерді сипаттайтын белгілердің және осы объектілердің жіктеу әдісі болады. Жіктеу мақсаты – қандай да бір қарастырылатын жиынтықты біртекті объектілер топтарға бөлу.
Латентті құрылымды талдау. Қандай да бір сұрақтар жиынына респонденттердің жауаптары бойынша қандай да бір жасырын (латентті белгі бойынша). Олардың жіктелуі.
Факторлық талдау. Бақылайтын белгілердің, корреляцияларын талдау әдістер тобын біріктіреді. Белгілерді топтаудың нақты тәсілі болады.
Зерттеудің эмпирикалық және теориялық деңгейлерде қолданатын әдістер:
1. Абстрактылау. Осы әдістің мағынасы ойда заттың маңызды емес қасиеттеріне, байланыстарға, қатынастарға көңіл бөлмей бір немесе бірнеше зерттеушіге маңызды қасиеттерін ерекшелеу.
2. Талдау. Заттарды құрамдас бөліктерге бөлу.
3. Синтез. Талдау кезіндегі бөліктерді бір бүтінге біріктіру.
4. Аргументтеу. Басқа пікірлер арқылы біздің пікірдің ақиқаттылығы негізделетін логикалық үрдіс. Аргументтеу мақсатына жетеді, егер дәлелдеу ережелері сақталса: дәлелдеу тезисі анық және нақты болу керек. Дәлелдеу барысында тезис өзгермеу керек. Аргументтер жеткілікті болу керек және бір-біріне қарсы болмау керек.
5. Индукция. Жекеден жалпыға қарай ойлау.
6. Дедукция. Жалпыдан жекеге қарай ойлау.
7. Модельдеу әдісі. Модельдер арқылы объектілерді зерттеу, нақты бар болған заттардың және құбылыстардың модельдерін құрып зерттеу. Модель осы объектілердің зерттеуге маңызды қасиеттеріне ие болды (заттық, графиктік, статикалық, динамикалық).
8. Жалпылау.
9. Жіктеу.
10. Жүйелеу.
11. Түсіндіру.
12. Салыстыру.
13. Өлшеу.
14. Сипаттау.
Тақырып 6. Ғылыми зерттеулерді жүргізудегі компьютерді қолдану
Жоспары:
1 Есептеулерді жүргізу.
2 Зерттеулердің нәтижелерін өндеу және рәсімдеу.
3 Ақпарат көздері. Компьютерлік модельдеу.
Әрбір сұрақтың қысқаша мазмұны
Ғылыми зерттеулерде компьютерді қолданудың төрт бағыты бар:
Есептеу амалдарды орындау
Құжаттарды және зерттеу нәтижелерін безендіру
Ақпарат көзі ретінде қолдану
Компьютерлік модельдеу
Дайын бағдарламалық өнімдерді қолдану. Ғылыми калькулятор – Wise Calculator. Microsoft Excel, Matlab, Mathcad.
Есептеу амалдарға арнайы алгоритм құрастырып бағдарлама құру.
Программалау тілдерінің жіктелуі:
Төменгі деңгейдегі тілдер (Assembler)
Assembler тілдерінің командасы машиналық командаға сәйкес келеді, процессорға тәуелді болады.
Жоғарғы деңгейдегі тілдер. Тілдердің бір командасы бірнеше машиналық командаға сәйкес келеді. (Pascal, Fortran, C, C++, Object Pascal, C#, Visual Basic)
Мәтіндік процессорды қолдануға болады. Microsoft Word
Графикалық редактор.
Мәтіндік редактор.
Презентация бағдарламасы – Power Point.
Электрондық кестелер.
Арнайы бағдарламалар.
Мәліметтер қоры (СУБД) Oracle
Интернеттің іздеу жүйелері.
4. Модель – қарастырылатын объектінің, құбылыстың немесе үрдістің мәнді ерекшеліктерін бейнелейтін қандай да бір жаңа объект.
Модельдеу – модельді жасау және зерттеуден тұратын тану әдісі болады. Модель екі топқа бөлінеді:
Заттық (материалды)
Абстрактылы (материалды емес) – сызба, формула, мәтін.
сөздік
математикалық
ақпараттық
Модельдеу мақсаттары.
Нақты объектінің қалай құрылғанын немесе үрдіс қалай жүретінін, негізгі қасиеттерін, қоршаған ортамен өзара байланысты және даму заңдарын түсіну үшін.
Объектіні немесе үрдісті басқару және берілген критерий бойынша басқарудың неғұрлым ыңғайлы тәсілін анықтау үшін.
Объектіге әрекетін әртүрлі формаларға және берілген тәсілдерінің жүзеге асыруына тура немесе жанама салдарды болжау үшін.
Имитация – модель көмегімен бір шынайы жағдайатты жаңғырту, зерттеу және соңында оның оңтайлы шешімін табу.
Имитациялық модельдеу күрделі жүйе немесе ықтималдық теориясына және математикалық статистикасына негізделеді.
Имитациялық модельдің өзі шынайы жүйенің математика моделін құруда және осы модельдерде барлық мүмкін жағдайаттарды бағалау үшін тәжірибеден қоюдан тұрады.
Тақырып 7. Зерттеулерді жүргізудегі құралдарды әзірлеу технологиясы
Жоспары:
1 Саулнамаларды, тестілерді және тағы да басқа материалдарын әзірлеу.
2 Есептерді құрастыру ережелері.
3 Рефераттарды, мақалаларды жазуға ұсыныстар.
Әрбір сұрақтың қысқаша мазмұны
Зерттеуді жүргізу құралдарын әзірлеу технологияларына жатады:
Сауалнама
Тестілер
Сауалнама дегеніміз нақты сұрақтарға жауап алу жолы мен мәліметтерді жинау;
Сөздік коммуникация негізінде алғашқы әлеуметтік және психологиялық ақпаратты алудың әдістемелік құралы;
Сауалнаманы құрастырған кезде келесі принциптер қолданылады:
Сауалнама зерттеу құралдарының бір бөлігі болып табылады.
Сұрау қағазын мағыналы бөліктері мөлшерлеп алғанда бір көлемде болуы керек.
Сауалнаманы құрастырған кезде бірінші сұрақтар қарапайым болуы керек, содан кейін одан күрделі сұрақтар кетеді, одан соң ең күрделі сұрақтар (мотивация-дәлелді), одан кейін орташа сұрақтар (оқиғалық, факт), соңында паспорт болады.
Сауалнаманы жүргізген кезде анонимділігін сақтау керек.
Сауалнаманы жүргізген кезде келесі ережелерді сақтайды:
Сауалнаманың мазмұны зерттеудің тақырыбына және міндеттеріне сәйкес болу керек.
Сауалнаманың тілі әңгімелесу тіліне жақын болу керек және респонденттерге түсінікті болу керек.
Сауалнаманың сұрақтарына жауап құрастырған кезде, респонденттерге өз пікірін және әсерін, қысымын көрсетпеу.
Сұрау кезінде респондент көп уақыт алатын күрделі есептерді шешпеу керек.
Сауалнаманы уақыт бойынша анықтау керек және жүргізу орнына байланысты құру керек.
Сауалнаманы ұқыпты рәсімдеу керек, сұрақтарды және жауаптарды ерекшелендіру үшін әртүрлі шрифтерді қолдану.
Сауалнаманың мазмұны және құрылымы әртүрлі болуы мүмкін. Мысалы,
Кіріспе: қандай ұйым, қандай мақсатымен алынған мәліметтер қалай пайдаланылады. Сауалнаманы толтыру бойынша нұсқаулар. Алдынала ынтымақтастыққа алғыс білдіру.
Сауалнаманың негізгі бөлігі: Кіріспе сұрақтар: оқиғалық, қандай да фактор бойынша сұрақтар, респондентті қызықтыру үшін және жұмысқа кірістіру үшін.
Негізгі сұрақтар: респондентке маңызды сұрақтар, форма бойынша күрделі сұрақтар, ашық сұрақтар.
Қорытынды сұрақтар: салыстырмалы-жеңіл сұрақтар, респонденттің шаршамауын ескеру.
Үш паспорты: респонденттік-әлеуметтік сұрақтар бойынша (білімі, жасы, т.б.)
Сауалнамаға қатысу үшін алғыс білдіру.
Зерттеуді жүргізудің принциптерінің бірі – сауалнама жүргізгенде жасырындық(анонимность). Оның екі түрі болады:
Зерттеушіге қатысты анонимділігі
Әлуметтік ортаға қатысты анонимділігі
Зерттеу ақпаратының валиттілігі – зерттеу ақпаратының сенімділігінің құрамдас бөлігі.
Ақпараттың валиттілігі – теориялық қателердің жоқтығының деңгейін көрсетеді.
Дидактикадағы тестілердін екі түрі болады:
Білім деңгейін өлшейтін тестілер.
Тұлғалық тестілер, тұлғаның әлеуметтік-психологиялық анықтамаларын анықтайды.
Тестілердің формалары:
Ашық тестілер
Жабық тестілер
Сәйкестікке тестілер
Дұрыс тізбегін анықтауға тестілер
Құралатын жауаптарымен тестілер
Жартылай ашық, жартылай ашық.
Оқыту мақсаты бойынша тестілердің түрлері:
Есте сақтауға қажетті заңдарды, теорияны, ұғымдарды, фактілерді білуін тексеру. Репродуктивті жауаптар.
Алған білімдердің негізінде ойлау операциялардың орындау біліктерін тексеру. Типтік есептерін шығару.
Оқылғандарға өз бетімен сыни бағасын беру біліктерін тексеру.
Алған білімдердің негізінде жаңа нақты оқиғаларды, есептерді шығару біліктерін тексереді.
Тестілерде 60-70% орташа қиындылығы болуы керек. 15-20% жеңіл сұрақтар, қиын сұрақтар болуы керек.
Тесттің сапалы критерилерін бағалау әдістері:
Тесттің сенімділігі. Тестті қолдану кезендегі тұрақтылығы.
Валиттілігі-тесттің жағымдылығы. Не үшін жасалған, өлшеу қабілетін көрсетеді. Сәйкестігі.
Анықтылығы.
Бірмағыналығы.
Қарапайымдылығы. Формулировка тура мағыналы болуы керек.
Тану тестілері
Айыру тестілері
Жіктеу тестілері
Алмастыру. Бос жерлерді толтыру.
Құрылымды.
Типтік.
Күрделі.
Типтік емес есептерді шешу
Шығармашылық
Интервью, қандай да бір ақпарат алу үшін қандай да бір адаммен әңгімелесу.
Әңгіменін мазмұны бойынша:
Құжаттылық
Пікір бойынша
Жүргізу техникасы бойынша еркін, формальданған болды және жартылай стандартты болды.
Респондеттер мен қарым-қатынасты ұйымдастыру тәсілі бойынша топтық және жекеленген.
Техникалық құралдары бойынша телефон және компютер.
Талаптар:
Жүргізу орынды дұрыс талдау.
Сұраудың алдында кіріспе сөзді айту керек.
Әңгімелесу барысында жүргізушінің нейтралды позициясы.
Зерттеу нәтижелерін ғылыми жариялым арқылы көрсетуге болады. Оның бірі-мақала. Мақала жазудағы ұсыныстар:
Мақалада міндетті түрде қандай да бір жаңалық сипатталу керек. Көлемі 5-10 бет болуы керек.
Міндетті түрде қолданылған библиографиялық сілтемелер болуы керек.
Мақала тақырыбы оның мазмұнын бейнелеу керек. Өте ұзын және өте қысқа болмау керек.(орташа 10 сөз)
Мақала алынған нәтижелерді қолдану облысынан басталу керек.
Келесі кезеңде қазіргі уақыттағы сұрақтың жағдайы сипатталу керек.
Есеп қойылады. Қазіргі кезде бар болған мәселе қалыптасады және оны шешу үшін құралдар жоқтығы мен қиындылығы.
Ұсынылатын жаңа шешімнің түрлері беріледі, оның қолдану мүмкіндігі мен жұмыс қабілеттілігі дәлелдену керек.
Жаңа құрылғы ұсынылса, оның негізгі түйіндері мен қызметтері сипатталады; технология ұсынылса оның негізгі кезеңдері, қызметі және тізбегі сипатталады.
Қажет болса негізгі формулалар мен есептеулер беріледі.
Негізгі қорытындылар беріледі: зерттеудің негізгі ғылыми нәтижесі, жаңа идеяның қайда қолданылуы, тиімділігі, болашағы және келесі зерттеулер қандай бағытта жалғастырылады.
Қолданатын әдістер тізімі.
Тақырып 8. Тәжірибе нәтижелерін өндеу технологиясы
Жоспары:
1 Тәжірибе нәтижелерін өндеу әдістері.
2 Тәжірибе нәтижелерінің сенімдік шекаралары.
3 Параметрлық және параметрлықсыз әдістер.
4 Корреляция және оны анықтау әдістері.
Әрбір сұрақтың қысқаша мазмұны
Тәжірибе үшін кездейсоқ шаманың үлестіруін бағалау және параметрлерді өлшеу нәтижесі бойынша аз көлемдегі партиядан алынған мәліметтердің статистикалық жиынтығындағы өнделген бүйымның өндіріс сағаттың айқындау туралы пікір айтуға мүмкіндік бар. Бүл әдістемені 1908 жылы Карл Госсет жасап, Стьюдент деген жалған атты жамылып жариялаған.
Стьюдент үлестіруі симметриялы болады, бірақ нормалы үлестіру иініне қарағанда жалпақтау келеді, сондықтан иіннің үштары созылыңқы. Әрбір n мәніне өзінің t -функциясы жәнг үлестіруі бар. Стьюдент үлестіруінде коэффициент z коэффициент t-ға ауыстырылған, коэффициент t мәні Стьюдент үлестірудің иінімш іріктемеден бұйым саны іске асудың қай бөлігі таңдалған, саланың сыртында жататынын анықтайтын берілгея мәнділік деңгейіне байланысты. Т коэффициентінің мәні кестеде берілген.
Үлкен мәнді n болғанда Стьюдент үлестіруі асимптотикалык турде қалыпты нормалы үлестіруге жақындайды. Қолдануға жарайтын дәлдікпен п > 30 Стьюдент үлестіруі, кейде оны t-үлестіруі деп атайды, норм алы түріне ауысады.
t - үлестірудің параметрлері нормалы үлестіру параметрлеріне үқсас. Бүл орта арифметикалық X. және орта квадратты ауытқу a . Бірінші (10.1) формуласымея анықталады, ал екінші мынадай формуламен есептелшеді:
Дәлдік бақылауы
Кездейсоқ шаманьщ үлестіруі белгілі жағдайда бүйымның берілген партиясыньщ ерекшелігін білуге, орта мәнін, дисперсиясын анықтауға, .т.б. болады. Бірақ өндіріс бүйым партиясының статистикалық параметрлерінің толық жиынтығы, ал сонымен бірге ықтималдық үлестіру заңы да, партия дайын болған соң белгілі болады. Іс жүзінде бұйым жиыктығыньщ үлестіру заңы әркашанда белгісіз, акпараттың жалғыз көзі болып шағындалған іріктеме ғана шығады. Іріктелген мәлімет бойынша есептелген әрбір сан сипаттамасы, мысалға орта арифметикалық немесе дисперсия кездейсок шаманың іске асуы, әр іріктеме жасаған сайын түрлі мәнге ие болады. Бақылау міндеті берілген шаманың кездейсоқ мәннен айырмашалығы дәл санын талап етпеген соң әлдеқайда жеңілденеді. Бақылап отырған мәндер мүмкін қателіктің шамасынан қаншалықты айырмасы бар екшін білсе болады. Негізгі жиынтықты тарату іріктелген мәлімет бойынша жасалған бағаны белгілі бір ыктималдыкта P(t) болады.
Сонымен, негізгі жиынтықтың қасиеті туралы пайымдау әрқашанда ықтималды сипатта, қауіпті элемент қосады. Қорытынды іріктелген мәлімет бойынша жасалады, яғни шектелгда ақпарат жағдайында бірінші және екінші қатар қателіктері туындайды. Бірінші түрдегі қатені жіберу ыктималдығын маңыздылық деңгей
Ықтималдық (критический) критикалық деп аталып, ал оны толықтыратын сала мүмкінді деп аталады. Ол косымша салуға түсу ықтималдығы 1 -а-ға тең. Екінші түрде қатші деп белгілейді, ал 1 - fi шама критерий күштілігі деп аталады. a шамасы өндеуші қауігіі деп, ал (і шамасы тұтынушы қаупі деп аталады. (1-а) ықтималдықпың толық жиынтықтьщ Хо белгісіз мәні нормалы үлестіру үшін (X - Z) интервалында табылады.
Х4 шеткі жатқан мәндерді сенімді шектеулер деп атайды. Стьюдент үлестіруінде іріктеме көлемі азайғанда сенімді шектеулер кеңейеді, ал қате ықтималдығы өседі. Мысалға, 5 % мәнділік деңгейді бере (а-0,05) отырып, X -не белгісіз мәні (Хсі - t a , ..., X, + a ) интервалында болады деп ссептейді. Басқаша айтқанда, ізделген үлестік X + to. болады, ескеретін жағдай осы жіберу мүмкіндіктің шегінің сыртында жататын бүйым саны 5 % аспайды. Мысалы: Зерттеушілер токарь станогының жоңғыш үстаушының жаңа конструкциясын жасады, оны сьшақтан өткізді. Ол үпіін 45 бірдей дайындаманы алып, бірдей жағдайда диаметрі 10,25 мм мелшерінде өңдеді. Өңдеуден кейін барлық 45 бөлшекті өлшеп, олардьщ шыи мәкіндеіі диаметр мөлшері алынды. Жана жабдықта өңделген бөлшектердің дәлдігін анықтау керек.
Орта арифметикалық мәнді анықтаймыз Хс)=461,26/ 45=10,25022 мм
Орта квадратық ауытқуды анықтаймыз: Ст =0.009228 мм
Мәнділік деңгейлердің мән интервалын анықтаймыз
Өндірістің нақты жағдайында технологиялық үрдіс параметрлерінің шын мәндері мен жасалған өнімнің сипаты кездейсоқ ағаттықтың есебінен бейберекет қана өзгермей, уақыт өте бірте-бірте берілген мәніне ауыса бастайды, яғни жүйелі түрдеп ағаттықтар пайда болады. Бүл ағаттықтарды аңғару және оларға себеп болатын жағдайды түзету жолымен жойылады. Мәселенің күрделігі нақты жағдайда жүйелі ағаттықтарды, кездейсоқтан айыру қиынға соғады. Еленбейтін жүйелі ағаттықтар арнайы статистика талдауынсыз көпке дейін кездейсоқ ағаттықтар қатарында аңғарылмай жүре береді.
Талдау жүйелі қателіктер жоқ болғанда параметрлердің шын мәні кездейсок өзгергендіктен негізделген. Бірақ олардың орта мәні мен негізгі қателіктері уақыт бойы өзгермей қала береді. Мүндай жағдайда технологиялық үрдісті қалыпты деп атайды. Қалыпты үрдісте кездейсоқ ағаттықтар нормалы үлестіру заңына бағынады,
оның ортасы ц - xQ. Әртүрлі партияда алынған параметрлердің орта мағынасы Х() өзара жуықталған түрге тең. Қалыпты талдауда дәлдік бақылауында пайдаланған материал бола алады. Егер олар жеткілікті мерзім бойы үзіліссіз бақылау барысында алынса немесе белгші уақыттан кейін жиналып, іріктемеден қүрылса, сонда ғана жарамды болады. Сынама деп аталған іріктеме арасындағы интервалды жабдықтың байқалған бүзылу жиілігіне қарап белгілейді.
Экономикалық есептен сынама саны мүмкіндігі аз болғаны дүрыс. Шағын іріктеме жағдайында жуықталған тендіктің дәлдігін мына Стьюдент үлестіруіне бағынатын шамадан шығаруға болады:
Т=Г Ү Vs
Екі сынамауда теңдей өлшем алынғанда, яғни п~пх~ и,, орта квадратты ауытқу ортасы тең болады:
Мәндіктің берілген деңгейде түрлі партияда орта мәнінің t-S шамасынан артық өзгешелігі болмайды.
/X -X ,/
Осы шарт орындалса үрдіс қалыпты және екі партия да бірдей жағдайда шығарылған деп есептелінеді. Егер екі партияның орта мәнінің өзгешелігі;. s артык болса, бүл айырмашылық кездейсоқ себептерден пайда болды деп есептелііеді. Үрдісте түракты басым фактор пайда болып, партиядағы параметрлер мәнін белгілі түрақты заң бойынша өзгертіп отырады. Үрдіс қалыпты емес, сондықтан әр түрлі, бөлек уақытта шығарылған бүйымдар бір-бірінен катты өзгешеленіп келеді.
Сонымен. әртүрлі партияда орта мәннің t S шамасынан артық алшақтануы жүйелі қателіктердің барына және оларды табу, себепкер жағдайды анықтау қажеттілігін көрсетеді.
Жаңа бүйымның параметрі жеке сынаманы қалаған мәнді қабылдауы мүмкін, бірақ бүл енгізілген түзеудің пайдасына жатпайды, себебі oл нәтиже кезінде болуы мүмкін. Басқа жағынан қараганда, егер жаңа мәндердің ескілерден айрмашылығы жоқ болса, онда бүл нәтиже екі (партияның кездейсоктық тура келуі ме деп анықтау қажет. Сондықтан сынама өткізіп, мәліметтерге статистикалық өңдеу жасау керек. Онда жетілдіру тиімділігін мәнді деп есептеуге болады. Керек жағдайда конструкцияға немесе технологияга енгізілген түзетулер күтілген нәтижеге әкелмеді деп айтуға болады.
Күрделі өндіріс және ғылыми жүйелер параметрлері үлкен санмен сипатталады. Мүнда көптеген факторлар, мысалға, мәртебе, серіктің сшімділігі, сырт бейнесі, эргономикалык параметрлер, т.б. таразыға салынбайды, сызғызшпен өлшшбейді, олардың тіпті стандартты өлшеу бірлігі де жоқ. Бірақ дәл осы эстетикалык, психологиялық, әлеуметтік белгілер мақсатты мотивтендіру факторы және алынған нәтижесінің бағасы ретінде алға шығады. Олардың салыстырмалы мәні түрлі адамдарды субъективті ұнату, бағалау арқылы анықталады.
Жүйе мақсатына және оған жету критерийлерің дәл анықтама беру, бірыңғай ауыспалыларды салыстыру және өлшеудің жалпылама ең бір қиын мәселесі болып келеді. Нәтижесінде мүндай параметрлер арасында жай арифметикалық амалдар жасалуы мүмкін емес, тек оларды рангілеу мүмкін, яғни салыстырмалы түрде субъективті қүндылық пен приоритет шкаласының иерархиясын орнатуғаболады. Олар формализацияға жатпайды, сондықтан көп жағдайда арнайы білімі бар сарапшылардың пікіріне сүйенеді.
Ранг - басқа объектілердің тобындағы бағалауға жататын қүбылыс немесе объекттің рет орнын сипаттайтын көрсеткіш. Рангілеу - зерттелген объектілердің бір бірінің алдындағы артықшылығы негізінде, салыстырмалы мәнділігін айқындау тәртібі. Көп артықшылығы бар объектіге бірінші ранг, ал онысы аз объектіге - соңғы ранг беріледі. Рангты тағайындау үшін тәуелсіз сарапшылар шақырылады. Жалпы әрбір сарапшы рангілеу барысьшда барлық объектілердің қүндылық дәрежесін бағалап, ретпев орналастырьш тізуі керек. Әрбір объектіге 1-ден бастап орьш беріледі. Рангілеу сенімділігі меп бағалау дәлдігі объект санына байланысты: олардың саны аз болған сайын, оларды ажырату жоғары және ранг дүрыстығы анық болады. Бірақ күрделі өндіріс және ғылыми мәселелерді шешуде жеке мамандардың жүйесіз пікірін пайдалану тиімсіз болып шығады. Себебі олар үлкен жүйе элементтері арасындағы өзара байланыс байлығын қамти алмағандықтан, туындаған мәселелерді шешуде альтернативті жолдарын ескере алмайды. Мүндай жағдай білімнің түрлі саласындағы - экономика, математика, техника, дизайн, т.б. -
Мамандарды сарапшы ретінде топтауга мәжбүр етеді. Осындай топ көмегімен ғалымдар түрлі вариантты бағалап, қойылған мәселенің ең жақсы шешімін табуға талаптанады.
Рангілеуді бірнеше сарапшы жасайды, алдымеи әрбір объект үшін ранг қосындысы есептелінеді, мүнда жоғары ранг ең аз қосындыны жинаған объектіге береді. Керісінше, ең көп қосындыға ие болған объектіге ең темен ранг беріледі. Басқа объектілер ранг қосындысына қарап бірінші ранпсе ие болған объектіден төмен қарай реттеледі.
Ранг басқа объект арасында нақты объекттің орнын анықтайды, бірақ рангілеу әдісі зерттелгсн объектілер бір бірінш қанпіалықты алшақ түрганына жауап бермейді. Ранг қай вариант, қайсысына жақсы екенін көрсетпейді. Сол себептен рангілеу әдісі тікелей бағалау әдісімен қатар қосарланып қолданды. Ол үшін интервал шкаласы жасалады, әрбір градацияға белгілі салмақ (балл) беріледі, мысалға 1-ден 5 дейін, немес 1-ден 100 дейін, т.б. Сарапшы көзқарасымен интервал шамалары тең болу керек. Сарапшылардың міндеті - қарастырылған объектілерді белгілі бағалау интервалына орналастыру, яғни оған белгілі балл беру.
Алынған бағаның сенімділік дәрежесі жеке сарапшының немесе топтың бағаларының шашылуымен немесе бағалардың дәлме-дәл келу дәрежесімен анықталады. Бағалардьщ дәл келу дәрежесі конкордация коэффициенті W және мәнділіктің тиісті деңгеймен сипатталады. Коэффициент W формуламен табылады.
Тақырып 9. Интеллектуалды меншікті қорғау
Жоспары:
1 Интеллектуалды меншік туралы ұғым.
2 Интеллектуалды меншікті қорғау туралы халықаралық келісімдер.
3 Патенттеу жүйесі.
Әрбір сұрақтың қысқаша мазмұны
Интеллектуалды меншік туралы ұғым..
Ғылыми идея мен зерттемелер табыс беретін өнімге айналған. Сондықтан интеллектуалды өнімді жасаушы ғалымдық, авторлық, мүдделік құқығын қорғау міндетті өзекті болып табылады. Ол үшін ғылыми немесе техникалық идеяның интеллектуалды өнімнің жасаушының авторлық және мүдделік құқығын растайтын мемлекеттік қорғау құжатының бергі жүйесі бар. Өз құқығының саласын түсіну мен қамту үшін зерттеуші техникалық идеяның мәнін патент арқылы қорғайтын патент құқығын және шығарманың мәтінін қорғап, бірақ сол шығарманың идеясын мәнін қорғамайтын автор құқығының саласын анық ажырата білу керек. Авторлық құқық шығармашылық іс-әрекетінің нәтижесінде туындаған ғылым, әдебиет және өнер шығармашылығына қатысты болып, ол шығарманың құндылығына, оның көрсету тәсіліне байланысты емес. Авторлық құқықпен байланысты іс-қимылдар «авторлық және шектестік құқық» туралы заңымен реттеледі. Бұл заң жарияланған әртүрлі формада өмірде бар және жарияланбағанда шығармаларды қорғайды.
Авторлық құқықтың объектілері:
Әдебиет және өнер шығармалары, барлық жанрдағы әдеби шығармалар, музыка, драмалық шығармалар, сценарийлер, ғылыми мақалалар мен монографиялар, хореографиялық шығармалар мен пантамима, сурет, графика шығармалары, мүсіндер, қолданбалы және сценографиялық өнер шығармалары, сәулет құрылысымен бақша салу өнер шығармасы, фотографиялық шығармалар және оларға ұқсас географиялық карталар, жоспарлар, аудиовизуалды шығармалар.
Реңге арналған бағдарламалар және кез-келген тілдер мен формадағы мәлімет қоры.
Интегралды микросхемалардың топологиясы.
Авторлық құқық ережелерімен қорғалатын шығарманың міндетті белгісі ретінде оның шығармашылық сипаты мен объективті формада өрнектелу табылады. Туындының шығармашылық сипатының көрсеткіші – оның бірегейлігі, жаңалығы. Авторлық құқық шығарманың мазмұнын емес, формасын ғана қорғайды.
Авторлық құқықтың әсер ету мерзіміавтордың өмір бойы және ол дүниеден қайтқан соң 50 жыл бойы сақталады. Авторлықтың моральдық мүдделік емес құқығы мерзімсіз сақталады. Шектестік құқық авторлық құқықты жүзеге асыратын орындаушы азаматтардың құқығы. Бұл құқықтар екі жақты келісім негізінде іске асады. Мұндай шектестік авторлық құқық алғашқы орындаудан немесе авторлық құқық обьектінің жаңғыртудан кейін елу жыл бойы сақталады.
Жаңалық деп материалдық дүниенің обьективті бар заңдылықтарын, қасиеттері мен құбылыстарын зерттеу. Ол бүкіл әлемдегі ғылым үшін шынымен жаңа болу керек. Мұндай жаңалық абсолюттік деп аталады. Жаңалықтар әдетте патент ведомствада тіркеліп, авторлық диплом беріледі. Жасалым деп халық шаруашылығы мәдениет, денсаулық, қорғаныс саласындағы ерекше жаңалықпен көрінген оң нәтиже беретін техникалық есептің шешімі саналады. Ұсыныс жасалым деп келесі шарттарға сәйкес болғанда есептелінеді:
Техникалық есептің шешімін ұсынады
Бүкіл дүниежүзілік жаңалығы бар
Оң нәтиже беруге қабілеті бар
Жасалымдар патент ведомствасында тіркеледі. Авторларға және патент иегерлеріне приоритетті мен авторлығын растайтын қорғау құжаттары – патент беріледі. Ол белгілі мерзімде 5жылдан 20 жылға дейін меншік құқығын заңды түрде бекітеді. Жасалым объектілері:
Құрылғы – бұл конструкциялар, бұйымдар, машиналар, аспаптар, т.б. Келесі қасиеттермен сипатталады:
Құрылымдық элементтердің болуы.
Элементтер арасында байланыс.
Элементтердің өзара орналасуы.
Элементті орындау формасы.
Элементтер арасындағы байланыс орнату.
Параметрлер мен элементтердің басқа сипаттамалардың байланысы.
Элементтерді орындау материалдары.
2.Тәсіл – материалды әрекет жасау үрдісі. Қасиеттері: әрекет жиынтығы, әрекеттерді орындау тәртібі, әрекетті орындау шарты, құрылғы заттарды қолдану тәртібі.
3. Зат - бұл далалық қосылымдар. Жоғарғы молекулярлық құрамалар және гендік инженерия объектілері жатады.
4. Микроағзалар штаммдары. Бұл дара микроағзалар, өсімдік пен жануарлар, дақылдар.
5. Қолданыс. Бұрыннан белгілі құрылғы. Тәсіл заттарды жаңа тәсілмен қолдану.
Жасалымдардың жіктелуі. Барлық жасалымдар тақырыптар бойынша қатаң құралатын халықаралық сыныптау бойынша реттеледі. Тақырып сыныптауы техникалық іс-әрекеттің негізгі салаларынан басталады. Барлығы сегіз бөлім:
А- адамның өмірлік мұқтаждығын қанағаттандыру.
В- түрлі технологиялық үрдістер, транспорттау.
С- химия және металлургия.
D- текстиль мен қағаз.
Е- құрылыс.
F- қолданбалы механика, жарық пен жылыту, қозғалтқыштар, насос, қару мен оқ-дәрі, жару жұмыстары.
G- техникалық физика.
Н- электрлендіру.
Әр бөлім 99 сыныпқа бөлінген, әр топ жасалымның қолдану аясын айқындайды.
Патент әдебиеті.
Кез келген дамыған елдің жасалымдарды сипаттайтын үлкен жиынтығы патент қорын құрастырады. Пайдаланушыға ақпаратты жеткізу үшін патент ведомствасы болады және жасалымдарды тіркейтін барлық елдерге жаңа жасалымдарды хабарлайтын арнайы жасалымдар бар. Қазақстанда ұлттық патент ведомствасы 1993 жылдан бері бар. Жасалым патент қабілетінің шарттары:
жасалым құқық қорғауға ие болады, егер оның жаңалығы, өнер табу деңгейі бар және өндірісте қолдануға мүмкіндігі болса;
жаңалық және техника деңгейі жарияланған немесе басқа ақпарат мәліметі бойынша анықталады;
жасалымды сипаттайтын жарияланымы;
ресми түрде бекітілген және тиісті мемлекеттік мекемелерде тіркелген басылым, монаграфия, кітаптар, ғылыми жинақтар т.б;
ғылыми мақалалар;
мемлекеттік тіркеудің ресми номерлері және елдің орталық кітапханасында өткізілген ғылыми зерттеу және тәжірибелік конструкторлық жұмыстар.
9. Білім алушылардың оқытушымен өздік жұмысына кеңес беру кестесі
Барлық сұрақтар бойынша кеңес ағымдағы семестрдегі білім алушылардың оқытушымен өздік жұмысының кестесіне сәйкес жүргізіледі.
10. Білім алушылардың білімдерін тексерудің кестесі
Пән бойынша тапсырмаларды орындау және тапсыру кестесі
№
|
Жұмыс түрлері
|
Тақырып, мақсаты және тапсырма мазмұны
|
Ұсынылатын әдебиеттер
|
Орындау ұзақтығы
|
бақылау формасы
|
Тапсыру мерзімі
|
1
|
2
|
3
|
4
|
5
|
6
|
7
|
1
|
СӨЖ тапсырмаларын орындау
|
1-2 тақырып
|
|
3-апта
|
|
4-апта
|
2
|
СӨЖ тапсырмаларын орындау
|
3-5 тақырып
|
|
2-апта
|
|
6-апта
|
3
|
Межелік бақылау
|
1-5 тақырып
|
|
|
|
7-апта
|
4
|
СӨЖ тапсырмаларын орындау
|
6-7 тақырып
|
|
10-апта
|
|
12-апта
|
5
|
СӨЖ тапсырмаларын орындау
|
8-9 тақырып
|
|
12-апта
|
|
15-апта
|
7
|
Межелік бақылау
|
6-9 тақырып
|
|
|
|
15-апта
|
11. Білім алушылардың білімдерін бағалау критерийлері
Пәнді оқып-үйрену өтілген барлық материалдарды қамтитын емтиханмен аяқталады, емтихан аралас, яғни тестілеу және жазбаша түрде өткізіледі. Емтиханға жіберудің міндетті шарты – бағдарламадағы барлық тапсырмаларды орындау болып табылады.
Әрбір тапсырма 0-100 балмен бағаланады.
Жіберу рейтингі ағымдағы сабақтардың түрлеріндегі (дәрістерге қатысу, үй тапсырмалары, студенттің өздік жұмысы бойынша тапсырмалары, практикалық сабақтардың тапсырмалары және т.б., межелік бақылау) барлық орындалған тапсырмалардың орташа арифметикалық мәнімен шығарылады.
Қорытынды бақылауға жұмыс оқу бағдарламасының барлық талаптарын орындаған (барлық практикалық және СӨЖ тапсырмаларын орындаған және тапсырған), жіберу рейтингі 50 балдан төмен емес студенттер жіберіледі.
Студенттердің әр пән бойынша оқу жетістіктерінің деңгейі қорытынды бағамен анықталады:
Қ = ЖР*0,6 + ҚБ*0,4
Салмақтық үлестер жыл сайын университеттің Ғылыми кеңесімен бекітіледі, мұнда ЖР 0,6-дан көп емес, ал ҚБ 0,3-тен төмен емес.
Пә бойынша қорытынды баға білім алушының жіберу рейтингісі және қорытынды бақылау бағасы 50-ден жоғары болғанда ғана есептеледі. Қорытынды бақылауға себепсіз келмеген студентке «қанағаттанарлықсыз» деген баға қойылады. Студенттерге емтихан және аралық аттестаттау нәтижелері емтихан тапсырған күні немесе ертеңінде (егер жазбаша емтихан түстен кейін қабылданса) хабарланады.
Қорытынды бағаны есептеудің дұрыстығы үшін межелік бақылау және қорытынды емтихан 0-100%-ға дейін бағаланады.
Студенттің оқу жетістіктері төмендегі кестеге сәйкес бағаланады.
.
Әріптік жүйе бойынша баға
|
Балдардың цифрлық эквиваленті
|
Пайыздық мазмұны
|
Дәстүрлі жүйе бойынша баға
|
A
|
4,0
|
95-100
|
Өте жақсы
|
A-
|
3,67
|
90-94
|
B+
|
3,33
|
85-89
|
Жақсы
|
B
|
3,0
|
80-84
|
B-
|
2,67
|
75-79
|
C+
|
2,33
|
70-74
|
Қанағаттанарлық
|
C
|
2,0
|
65-69
|
C-
|
1,67
|
60-64
|
D+
|
1,33
|
55-59
|
D
|
1,0
|
50-54
|
F
|
0
|
0-49
|
Қанағаттанарлықсыз
|
12. Оқытушының талаптары, саясат және процедуралар
Босатылған сабақтар деканатпен қойылған тәртіп бойынша қайта тапсырылады. Көп дегенде екі сабақты ғана босатуға болады. Сабаққа 2 рет кешігу 1 рет сабақ босатқанмен тең. Екі рет сабақ босатқаннан кейін оқытушы студентті сабаққа кіргізбеуіне құқылы және бұл мәселе әкімшілік шешімін табуы керек. Дәрістерге бөтен, яғни осы топтың студенті емес адамдарға кіруге болмайды.
Берілген тапсырмаларды белгіленген мерзімде тапсыру қажет. Барлық тапсырмаларды тапсырудың соңғы мерзімі – емтихан сессиясының басталуына 3 күн қалғанға дейін.
Барлық тапсырмаларды тапсырмаған студенттер емтиханға жіберілмейді.
Әрбір оқу сабағы бойынша тақырыптарды қайталау және өтілген материалдарды қайталау міндетті. Оқу материалдарын меңгеру дәрежесі жазбаша жұмыстармен тексеріледі.
Студенттің оқытушымен орындайтын өздік жұмысын орындау барысында келесілерді есте сақтау қажет:
оқу пәні бойынша кестеге сәйкес сабақтардан оқытушының берген ақпаратын студенттердің белсенді түрде қабылдауын жүзеге асыру;
оқытушының нұсқауларына сәйкес студенттер өз беттерімен оқу-әдістемелік құралдарды, әдебиеттерді оқып-үйрену, үй тапсырмаларын, курстық жұмыстарды орындайды. Осы кезеңде студенттерден жұмыс әдістерінің білуді, олардың жұмысты орындау барысында кездескен қиыншылықтарын хабарлауды, жұмыстарды өзіндік ұйымдастыруды талап етіледі;
оқу материалын меңгеру барысында кездескен қиыншылықтарды жүйелеу және талдау, осы жұмысты оқытушымен реттеу;
студенттер оқытушыға өздерінің сұрақтарын қойып, түсініксіз жайларды нақтылап, кеңестер алады.
13. Әдебиеттер тізімі
Основы научных исследований/Крутов В.И.,Грушко И.М.Попов В.В.и др. .-М.,1989
|
Аскаров Е.С., Балапанов Е.Қ., Қойшыбаев Б.Ә. Ғылыми зерттеулердің негіздері: Өқу-әдістемелік құрал.–Алматы:ЖТИ, 2004 – 181 б.
|
В.В.Егоров, Э.Г.Скибицкий. Методология и методика научного исследования. – алматы: Ғылым, 2005. – 353 с.
|
Андреев И.Д. О методах научного познания.-М.:Наука,1964
|
Бреннан Р. Словарь научной грамотности/Пер.с англ.-М.,1997
|
Плюсин Ю.М.Как писать научные работы.-Новосибирск,2002
|
Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі
С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті
Информатика және ақпараттық жүйелер кафедрасы
6М011100 – Информатика мамандығы магистранттарына «Компьютерлік желілер, интернет және мультимедиа технологиялар» пәнінен
ЕМТИХАН ТАПСЫРМАЛАРЫ
6М011100 – Информатика мамандығы магистранттарына «Компьютерлік желілер, интернет және мультимедиа технологиялар» пәнінен
ЕМТИХАН ТАПСЫРМАЛАРЫ
1. Компьютерлік желілер.
2. Ауқымды компьютерлік желілер.
3. Интернеттің пайда болу тарихы.
4. Интернет ақпараттық ресурс (желі) және технология ретінде.
5. Электрондық почта технологиясы.
6. Файлдар алмасу технологиясы (FTP).
7. WWW технологиясы.
8. Интернетте ақпараттарды іздеу.
9. Қазіргі замандағы Интернет-технологиялар.
10. HTML тілі.
11. HTML тілінің негізгі тәгтері және оларды пайдалану.
12. Мәтінді форматтау тегтері.
13. Тізім. Web беттегі графика.
14. Сілтеме.
15. HTML-де кесте жасау.
16. JavaScrіpt тіліне кіріспе.
17. HTML-бетінде JavaScrіpt-ті орналастыру.
18. Оқиғалар.
19. Функциялар.
20. JavaScrіpt объектілерінің иерархиясы.
21. Фреймдерді жасау.
22. Формалар.
23. Суреттерді кірістіру.
24. Мультимедиялық қосымшаларды құру.
25. Мультимедиа және Интернет.
Құрастырушы: ____________ Оспанова Н.Н. «___» _______2013 ж.
«Информатика және ақпараттық жүйелер» кафедрасының отырысында қарастырылған: « 08» 11 20 13ж., № 6 хаттама.
Кафедра меңгерушісі ____________ Оспанова Н.Н. «___» _______2013 ж.
Достарыңызбен бөлісу: |