Бағдарламасы (syllabus) Курс: оқу мерзімі: 4ж Кредит саны: Қарағанды 2021 Тақырып 1



жүктеу 182,62 Kb.
бет8/13
Дата13.02.2022
өлшемі182,62 Kb.
#35853
түріБағдарламасы
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13
Деректер қоры-эллекция

Тақырып 8. Формалар құру


Жоспар:

  1. Формалармен жұмыс

  2. Форма шебері



Кейде кестені жасырын түрде ұстап (пайдаланушыға толық керсетпей), бір ғана жазуымен таныстырады. Осы себепті көп жағдайларда кесте форма түрінде дайындалады. Бұл – Accessтің негізгі ерекшеліктерінің бірі.

Форма - берілгендерді экраннан енгізуді жеңілдету үшін дайындалған бланк. Форманы кесте негізінде құрып, оған өзгерістер енгізуге болады. Бұл кезде өзгерістер автоматты түрде кестеге де енгізіліп қойылады. Форма құрудың үш тәсілі бар:



  • Автоформа (форманы автоматты түрде құру);

  • Формалар шебері (форманы жартылай автоматты түрде құру);

  • Қолдан құру (конструктор режимі арқылы).

Автоформа – кестені автоматты түрде форма түрінде көрсетудің қарапайым түрі. Автоформа жазуларын түзетуге және оған жаңа жа-зулар қосуға болады. Автоформа құрудың үш тәсілі бар:

  1. әр жазуды бөлек-бөлек бір бағанда көрсету (бағандық автоформа);

  2. әр жазуды қалпын сақтап көрсету (таспалық автоформа);

  3. әдеттегідей кесте түрінде көрсету (кестелік автоформа).

Олар Жаңа форма терезесі арқылы таңдалады. Терезені ашу үшін ДҚ терезесінен Формалар — Құру командасының берілуі тиіс. Оның "Автоформа" қатарларының бірін және кестелер тізімі енгізілген өрістен кесте атауын таңдау керек.

Кестені таспалық және кестелік режимдерде көру, форма құру, оны өңдеу тәсілдері де бағандық формамен жұмыс істеу тәсілі сияқ-ты. Таспалық және кестелік формалар әдеттегі кесте сияқты көрі-неді, бірақ біріншісінде әр өріс мәні тік төртбұрыш ішіне алынып және оларға форма режимі орнатылып қойылады.

Автоформалардың кестеден тағы бір ерекшелігі — Access-те оларға автоматты түрде фондық сурет кірістіріп қойылады.

Формалар шебері

Автоматты түрде форма құрудың екінші тәсілі — Формалар шебері программасын пайдалану. Онымен жұмыс істеу тәсілі:



  1. "Жаңа форма" терезесін экранға шығару

  2. Терезенің "Форма шебері" қатарын және кестелер тізімінен кесте атауын тандап, ОК батырмасын шерту. Төрт қадамдық сұхбаттық терезесі бар Форма шебері іске қосылады.

  3. Бірінші қадам терезесінде өрістерді "Тандалған өрістер" бөліміне көшіру.

  4. Екінші қадам терезесінде Бір бағанға, Таспалық, Кестелік, Тураланған атаулы ауыстырып қосқыштар көрінеді. Олардың бірін (мысалы, Бір бағанға белгісін) орнату.

  5. Үшінші қадам терезесінде форманың сырт көрінісін безендіруге арналған Глобус, Шырша, Бұлттар, Кеш, т.б. фондық сурет атауларының бірін таңдау.

  6. Соңғы терезеде жаңа формаға ат беріп, "Көріп шығу не берілгендерді енгізу үшін форманы ашу" ауыстырып қосқышын орнату және Дайын батырмасын шерту.

Дайындалған форманы көріп шығу үшін ашылған түрін редакциялауға және оған жаңа жазулар енгізуге болады.

Форманы қолдан құру. Форма конструкторы



Автоформа не Форма шебері арқылы құрылған форма құрылымы түрлі бөлімдерден тұрады. Олармен танысу үшін дайын форманы Конструктор режимінде ашъш, көріп шығу жеткілікті. Құрылымда Форма тақырыбы, Деректер облысы және Форма ескертпесі бөлімдері бар.

Формаға енгізілгендердің бәрін басқару элементтері деп атайды. Олар негізінен екі типті: байланысты және байланыссыз.



Байланысты басқару элементтері ДҚ кестесінің өрістік деректерін пайдаланады. Мысалы, деректер облысына өpic атауы көшіріліп, форманы іске қосу кезінде атау орнына кестедегі сәйкес мән жазылады. Керісінше, өріске не мән енгізілсе, ол кесте өрісіне де енгізіледі.

Байланыссыз элемент формада кесте өрістеріне байланыссыз құрылған элемент, мысалы, формаға енгізілген түсініктеме сөздер, сызылған түрлі кескіндер, т.б.

Элементтер панеліне форманың басқару элементтерін құру үшін пайдаланылатын батырмалар енгізілген: Үстіне жазу (Надпись), Өріс, Ауыстырып қосқыштар, Жалауша, Тізім, Сурет, Сызық, Төртбұрыш, т.б. (5 суретті қараңыз).




5 сурет. Форма терезесі. Элементтер панелі.
Деректер облысының өлшемін тышқан арқылы өзгерту қиын емес. Элементтер панелін де экранның кез келген жеріне орналастыруға болады.
1.Негізгі Ұсынылған әдебиеттер


1

Гринченко Н.Н., Гусев Е.И. и др. Проектирование баз данных. СУБД MS Access: учебное пособие для вузов. – М.: Горячая линия – Телеком, 2014.

2

Камардинов О. Информатика. Oқу құралы. Алматы: «Ғылым» ғылыми баспа орталығы, 2014.

3

Гончаров A. Access в примерах. – СПБ.: БХВ-Петербург, 2012.

4

Робинсон С. Microsoft Access 2010. – СПБ.: БХВ-Петербург, 2011.

5

Хансен Г. Базы данных: разработка и управление: Перевод с англ. – М.: Изд-во БИНОМ, 2014.

6

Карпова Т. С. Базы данных: модели, разработка, реализация: Учеб. – СПб.:

ПИТЕР, 2010.



7

Золотова С.И. Практикум по Access: Подгот. курс, предваряющий более глубокое изучение технологии баз данных. М.: Финансы и статистика, 2010.


Қосымша әдебиеттер

1

Шафрин Ю.А. Основы компьютерной технологии. М., 2012.

2

Симонович С.В. и др. Специальная информатика. М., 2014.

3

Бойко В.В., Савинков В.М. Проектирование баз данных информационных систем. –М.: Финансы и статистика,2013.

4

Гусева Т.И., Башин Ю.Б. Проектирование баз данных в примерах и задачах. –М.: Радио и связь, 2012.

5

Дейт К. Введение в системы баз данных. 6-е изд. –М.: Вильямс. 2010.


.3 Интернет көздері


1

www.rns-soft.ru

2

www.gost.ru

3

http://www.intuit.ru/department/economic

s/mathecon/



4

http://www.intuit.ru/video/tree/catalog/mathem

atics/


5

http://scintific.narod.ru/numerical.htm




жүктеу 182,62 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау