ОӘҚ төрайымы_________________________М.Е. Жагипарова КЕЛІСІЛДІ Факультет деканы______________________ Т.К. Бексеитов «____»___________2009ж.
жжәқб КЕЛІСІЛДІ
ЖжӘҚБ бастығы__________________А.А. Варакута
«____» ___________2009ж.
1.«Пәнің оқу үрдесіндегі мақсаты мен міндеті»
Пәнді оқытудың негізгі мақсаты – студенттерге тыңайтқыш көмегімен өсімдік қоректенуіне жақсы жағдай жасау тәсілдерін, олардың топырақпен әрекетеу ерекшеліктерін, шаруашылықта жекелеген дақылдарға тыңайтқыш қолдпну, ауыспалы егістік жүйелерін дұрыс құруды үйрету.
Пән мынадай міндеттерді шешеді – егіншілікті химияландырудың теориялық негіздерін игеру; өсімдіктің қоректенуінің теориялық мәселелерін зерттеу және оларды реттеу тәсілдері; органикалық және минералдық тыңайтқыштардың негізгі қасиеттерін зерттеу; Қазақстанның негізгі топырақ типтерінің агрохимиялық қасиеттерін зерттеу; топырақ-климат жағдайларымен дақылдардың биологиялық ерекшеліктерін ескере отырып тыңайтқыштарды дұрыс қолдану жолдарын үйрету; әртүрлі далалық, вегетациялық тәжірибелер салу мен агрохимиялық талдаулар жүргізудің практикалық үрдісін қалыптастыру.
Пән оқу нәтижесінде студент білуге міндетті:
Өсімдіктің химиялық құрамын және олардың қоректену ерекшеліктерін;
Тыңайтқыш қолдануға байланысты әртүрлі топырақ типтерінің агрохимиялық қасиеттерін;
Тыңайтқыштардың химиялық құрамы мен қасиеттерін;
Ауылшаруашылық дақылдарынан жоспарланған өнім алу үшін тыңайтқыш қолданудың тиімді жағдайларын;
Дақылдардың тыңайтқышқа қажеттілігін анықтайтын қазіргі әдістерін;
Өсімдік пен топыраққа химиялық талдаулар жүргізу әдістерін;
Эксперименттік мәліметтрді өңдеудің математика – статистикалық әдістерін.
Істей білуі керек:
Талдаулар үшін топырақ және өсімдік үлгілерні алу;
Топырақ, өсімдік және тыңайтқыштарға талдау жүргізу;
Топырақ және өсімдік диагностикасын жүргізу.
2. Пререквизиттер:
- ботаника
- өсімдіктер физиологиясы
- топырақтану геология негіздерімен
- егіншілік
- генетика
- ауылшаруашылығы дақылдарының селекциясы және и тұқымөсіру шаруашылығы
Пәннің тақырыптық жоспары ПМУ ҰС Н 7.18.2/07
3. Пәннің мазмұны
3.1 ПӘННІН ТАҚЫРЫПТЫҚ ЖОСПАРЫ (Оқу түрі күндізгі)
|
№ п/п
|
Тақырыптың аталуы
|
Сағат саңы
|
Дәріс.
|
Зертх.
|
СӨЖ
|
1
|
2
|
3
|
4
|
6
|
1
|
КІРІСПЕ. Ауылшаруашылық дақылдарыныңтүсімін жоғарлатуда әрі өнім сапасын жақсартуда және топырақ құнарлығын арттыруда органикалық минералдық тыңайтқыштардың маңызы.
|
1
|
-
|
4
|
2
|
Өсімдіктің қоректенуі және оны реттеу әдістері
Өсімдіктің химиялық құрамы.
|
3
|
-
|
5
|
3
|
Өсімдіктің қоректенуі мен тыңайтқыш қолдануға байланысты топырақтың агрохимиялық қасиеттері
|
1
|
-
|
30
|
4
|
Тыңайтқыштар, олардың қасиеттері және қолданылуы.
|
1
|
-
|
4
|
5
|
Азот тыңайтқыштары
|
1
|
-
|
4
|
6
|
Фосфор тыңайтқыштары
|
1
|
-
|
4
|
7
|
Калий тыңайтқыштары
|
1
|
-
|
4
|
8
|
Микротыңайтқыштар
|
1
|
-
|
4
|
9
|
Комплексті тыңайтқыштар
|
1
|
-
|
4
|
10
|
Органикалық тыңайтқыштар
|
1
|
-
|
4
|
11
|
Тыңайтқыш қолдану жүйесі
|
1
|
-
|
4
|
12
|
Тыңайтқыш қолдану және қоршаған ортаны қорғау
|
2
|
-
|
4
|
13
|
Өсімдікті талдау
|
|
20
|
5
|
14
|
Топырақты агрохимиялық талдау
|
|
20
|
5
|
15
|
Тыңайтқыштарды талдау
|
|
20
|
5
|
|
Барлығы
|
15
|
60
|
90
|
3.1 ПӘННІН ТАҚЫРЫПТЫҚ ЖОСПАРЫ (Оқу түрі сырттай)
|
№ п/п
|
Тақырыптың аталуы
|
Сағат саңы
|
Дәріс.
|
Зертх.
|
СӨЖ
|
1
|
2
|
3
|
4
|
6
|
1
|
КІРІСПЕ. Ауылшаруашылық дақылдарыныңтүсімін жоғарлатуда әрі өнім сапасын жақсартуда және топырақ құнарлығын арттыруда органикалық минералдық тыңайтқыштардың маңызы.
|
0,5
|
-
|
5
|
2
|
Өсімдіктің қоректенуі және оны реттеу әдістері
Өсімдіктің химиялық құрамы.
|
0,5
|
-
|
5
|
3
|
Өсімдіктің қоректенуі мен тыңайтқыш қолдануға байланысты топырақтың агрохимиялық қасиеттері
|
0,5
|
-
|
5
|
4
|
Тыңайтқыштар, олардың қасиеттері және қолданылуы.
|
0,5
|
-
|
5
|
5
|
Азот тыңайтқыштары
|
0,5
|
-
|
5
|
6
|
Фосфор тыңайтқыштары
|
0,5
|
-
|
5
|
7
|
Калий тыңайтқыштары
|
0,5
|
-
|
5
|
8
|
Микротыңайтқыштар
|
0,5
|
-
|
5
|
9
|
Комплексті тыңайтқыштар
|
0,5
|
-
|
5
|
10
|
Органикалық тыңайтқыштар
|
0,5
|
-
|
5
|
11
|
Тыңайтқыш қолдану жүйесі
|
0,5
|
-
|
5
|
12
|
Тыңайтқыш қолдану және қоршаған ортаны қорғау
|
0,5
|
-
|
5
|
13
|
Өсімдікті талдау
|
-
|
4
|
5
|
14
|
Топырақты агрохимиялық талдау
|
-
|
4
|
5
|
15
|
Тыңайтқыштарды талдау
|
-
|
4
|
8
|
|
Барлығы
|
6
|
12
|
78
|
3.2. Пәннін теориялық бөлімінің мазмұны
1 Тақырып. КІРІСПЕ. Ауылшаруашылық дақылдарыныңтүсімін жоғарлатуда әрі өнім сапасын жақсартуда және топырақ құнарлығын арттыруда органикалық минералдық тыңайтқыштардың маңызы. Қазақстанда жергілікті және минералды тыңайтқыштарды қолдану жағдайы. Қазақстанның әртүрлі топырақ-климат аймағында қолданылатын тыңайтқыштардың өніммен қайтарылу мөлшері. Агрохимия ғылымының міндеттері мен тәсілдері. Агрохимияның негізгі объектілері (өсімдік, топырақ, тыңайтқыш) және олардың бір-біріне әсері. Өсімдік қоректенуі мен тыңайтқыш қолдану мәселелерін зерттеуде агрохимияның басқа агрономиялық ғылымдармен байланысы. Агрохимияда пайдаланатын зерттеу әдістері.
Тыңайтқыш қолдану және өнім сапасы. Тыңайтқыш қолданудың экологиялық аспектісі. Өсімдікте нитраттың жиналуы. Жоғары сапалы өнім жинау – агрохимияның нарықты экономика жағдайындағы басты міндеті. Тыңайтқыш әсерінің топырақ-климат жағдайлары мен агротехникалық шараларға (топырақ өңдеу жүйесі, мол өнім беретін дақыл сортын себу, арам шөптермен,ауру тудыратын зиянкестермен күресу, ауыспалы егістерде дақылдарды дұрыс алмастыру, суару, мелиоранттар қолдану т.б.) тәуелділігі.
Агрохимия ғылымының даму тарихы. Өсімдіктің тамыр арқылы қоректенуі мен тыңайтқыш қолдану мәселелерін зерттеуде Ж.Буссенго, Ю.Либих, Г.Гельригель, Д.И.Менделеев, А.Н.Энегельгардт, К.А.Тимирязев, П.А.Костычев, К.К.Гедройц, Д.Н.Прянишников, жұмыстарының маңызы. Қазақстанда агрохимия ғылымының қалыптасуы мен дамуында К.Иманғазиев, Д.Мәденов, А.Пономарева, Б.Бәсібеков, Р.Елешев, А.Бектуров, Т.Дарканбаев, В.Черненок, С.Рамазанова сияқты ғалымдардың еңбектерінің ролі.
2 Тақырып. Өсімдіктің қоректенуі және оны реттеу әдістері
Өсімдіктің химиялық құрамы. Түрлі топқа (астық, дәнді бұршақ, майлы көкөніс, техникалық) жататын дақылдардың затының құрамы. Өсімдік құрамындағы әртүрлі органикалық қосылыстар мөлшері. Макро- және микро элементтер, олардың өсімдік қоректену үшін ролі. Өсімдік жасына және қоректену жағдайында байланысты оның құрамының өзгеруі.
Өсімдіктің қоректенуі, олардың түрлері. Жекелеген элементтердің өсімдік тіршілігіндегі ролі. Қоректік элементтердің өсімдікке сіңірілуі және олардың ауылшаруашылық дақылдары өнімімен шығымы.
Өсімдіктің тамыр арқылы қоректенуі. Тамырдың өсімдіктің қоректік элементтерді сіңірудегі ролі. Тамыр жүйесінің құрылысы мен топырақтан өсімдіктің қоректік заттарды сіңіру құбылысының арасындағы байланыс. Өсімдіктің ауа және тамыр арқылы қоректенуінің бір-бірімен байланысы. Өсімдік пайдаланатын қоректік элементтердің формалары.
Өсімдіктің қоректік заттарды қабылдауына сыртқы орта жағдайларының (қоректік ерітінді концентрациясының, элементтердің ара қатынасының, температураның, топырақ ылғалдылығы мен аэрациясының, жарықтың) әсері. Қоректік ертіндінің физиологиялық тепе – теңдігі. Иондардың антогонизмі мен синергизмі. Өсімдіктің қоректенуі мен зат алмасуға сыртқы орта әсерінің реакциясының әсері. Өсімдіктің қоректік элементтердің сіңіруінің талғампаздығы. Тұздардың физиологиялық реакциясы және оның өсімдік қоректенуіне әсері. Өсімдіктің қоректік элементтердісіңіруіне топырақ микроорганизмдерінің әсері. Өсімдіктің өсуі мен дамуы кезінде қоректік заттарды пайдаланудың негізгі заңдылықтары. Өсімдіктің қоректік заттарды пайдалануының жауапты кезеңі. Өсімдіктің қоректік заттарды мүмкіндігінше көп пайдалану кезеңі. Өсімдік қоректенуінің мерзімділігі.
Өсімдіктердің қоректену диагностикасы. Өсімдік қоректенуін диагностикалаудың негізгі тәсілдері. Топырақты диагностикалаудың маңызы. Өсімдік қоректенуін визуалды және химиялық тәсілмен диагностикалау.Өсімдік қоректенуде жеке элементтердің жетіспеушілігінің сыртқы белгілері. Ауылшаруашылығы дақылдарының вегетациялық дәуірінде олардың қоректік заттармен қамтамасыз етілуін бақылауда және тыңайтқышты қажет етуін анықтауда өсімдік диагностикасын пайдалану. Кешенді диагностика және оны өсімдік қоректенуде пайдалану.
3 Тақырып. Өсімдіктің қоректенуі мен тыңайтқыш қолдануға байланысты топырақтың агрохимиялық қасиеттері
Топырақ ауасымен ертіндісінің және қатты фазасының құрамы, олардың өсімдік қоректенуі үшін маңызы. Топырақтың қатты фазасының минералды құрамы. Әртүрлі топырақ құрамындағы органикалық заттың мөлшері және оны молайту жолдары. Түрлі топырақ құрамындағы қоректік заттардың жалпы және өсімдікке сіңімді түрлерінің мөлшері. Топырақтың нәтижелі және жасырын құнарлығы. Топырақты нәтижелі құнарлылығына қарай топтастыру.
Өсімдік қоректену мен тыңайтқыш қолдануда топырақтың биологиялық, физикалық, химиялық және физика – химиялық сіңіру қабілеттерінің маңызы. Топырақ сіңіру кешенінің құрамы мен құрылысы. Қазақстанның негізгі топырақтарының катиондарының құрамы. Тыңайтқышты топырақтың сіңіру кешенімен әрекеттесуін анықтайтын негізгі заңдылықтар. Катиондардың топырақта алмаспайтын түрге ауысуы. Әртүрлі топырақтың сіңіру сиымдылығы. Аниондардың алмаспалы сіңірілуі.
Топырақ реакцмясы және оныңтыңайтқыш қолданудағы ролі. Топырақтың негізбен қанығу дәрежесі мен буферлік қабілеті және олардың тыңайтқыш қолдану үшін маңызы.
Қазақстанның негізгі топырақ түрлерінің агрохимиялық қасиеттері. Құрамындағы қоректік элемент түрінің мөлшері және тыңайтқыш нормасына анықтауда әрі белгіленген тыңайтқыш нормасын түзету енгізуде топырақты агрохимиялық таңдаудың маңызы. Тыңайтқыштың топырақтың агрохимиялық қасиеттеріне әсері.
Топырақты химиялық жолмен мелиорациялау. Қышқыл топыраққа әк қолданудың маңызы. Сор, сортаң топыраққа гипс қолдану, оның қасиетін жақсарту шарасы. Гипс тыңайтқыштың топыраққа бергенде өтетін құбылыстар. Топырақты гипстеу үшін қолданылатын материалдар. Гипс қолдану нормасы, мерзімі және тәсілі. Сортаң топырақты биологиялық жолмен мелиорациялау.
4 Тақырып. Тыңайтқыштар, олардың қасиеттері және қолданылуы.
Тыңайтқыш туралы ұғым. Тыңайтқыштарды жіктеу. Жергілікті және өндірістік, минералды және органикалық, жәй және кешенді, тікелей және жанама әсер ететін тыңайтқыштар. Минералды тыңайтқыштардың физикалық және химиялық қасиеттері.
5 Тақырып.Азот тыңайтқыштары
Өсімдік үшін азоттың ролі. Өсімдік қоректенуі үшін азот көзі. Өсімдіктің аммоний және нитратты азотпен қоректену ерекшеліктері. Өсімдікте нитраттардың тотықсыздануы. Аммиактың алғашқы ассимиляциялануы. Өсімдік құрамындағы азот мөлшері.
Қазақстанның негізгі топырақ типтерінің құрамындағы азот мөлшері. Топырақта азот қосылыстарының өзгеруі. Аммонификация, нитрификация, денитрификация құбылыстары. Осы құбылыстардың жүруі үшін қолайлы жағдайлар. Топырақтағы азоттың иммобилизациялануы. Азоттың шайылуы. Топырақтағы азоттың газ күйінде ысырап болуы. Топырақтағы аммоний ионының алмаспайтын күйге ауысуы. Табиғаттағы азот айналымы. Егіншіліктегі азот балансы. Атмосферадағы азотты байланыстыру. Топырақты азотпен байытуда бұршақ тұқымдас өсімдіктердің маңызы.
Азот тыңайтқыштарын жіктеу. Аммонилі азот тыңайтқыштары, олардың құрамы, қасиеттері және ауыл шаруашылығы дақылдарына қолдану ерекшкліктері. Нитратты тыңайтқыштардың құрамы, қасиеттері және қолдану ерекшеліктері. Аммонилі-нитратты тыңайтқыштар, құрамы, қасиеттері және қолдану. Амидті тыңайтқыштар, құрамы, қасиеттері және қолдану ерекшеліктері.
Азот тыңайтқыштарының топырақпен әрекеттесуі. Топырақ қасиетіне, өсімдік түріне және тыңайтқыш нормасына, оны беру мерзімі мен әдісіне қарай тыңайтқыш құрамындағы азотты ауылшаруашылығы дақылдарының пайдалану коэффициенті. Азот тыңайтқышының тиімділігін арттыру жолдары. Агротехникалық және мелиоративтік шаралардың азотты тыңайтқыштардың тиімділігіне әсері. Азот тыңайтқыштардың мөлшерін қолайландыру. Оларды қолдану мерзімі мен тәсілдері.
Өсімдіктердің азотпен қоректенуінің топырақ диагностикасының қазіргі әдістері және азот тыңайтқыштарын қажетсіңуі, олардың тиімділігін болжау.
6 Тақырып.Фосфор тыңайтқыштары
Өсімдік үшін фосфордың маңызы. Өсімдікке қажетті фосфордың көзі. Өсімдік қоректенуде фосфор жетіспеген жағдайда оның мүшелерінің сыртқы түрінде болатын өзгерістер. Өсімдіктің фосфорды пайдалануы. Ауыл шаруашылығы дақылдарының фосфорды қабылдауының жауапты және барынша мол пайдалану кезеңдері. Топырақтағы фосфаттардың химиялық жолмен байланысуы. Фосфор қышқылының топырақпеналмаспалы сіңірілуі. Қазақстан егіншілігінде фосфор айналымы мен оның балансы. Фосфор тыңайтқыштарын өндіретін шикізаттар және олардың сипаттамасы.
Фосфор тыңайтқыштарын жіктеу. Жай, байытылған, қос суперфосфаттар. Преципитат, фторсызданған фосфат, томасшлак, термофосфаттар, фосфорит ұны, олардың құрамы мен қасиеттері. Фосфор тыңайтқыштарыныңтопырақпен әрекеттесуі. Әртүрлі топырақтың фосфаттарды сіңіруі. Өсімдіктің тыңайтқыш құрамындағы фосфорды пайдалану коэффициенті.
Қазақстанның түрлі топырақ аймақтарында ауыл шаруашылығы дақылдарының түсімін арттыруда әрі оның сапасын жақсартуда фосфор тыңайтқышын қолданудың маңызы. Фосфор тыңайтқыштарының кейінгі әсері. Фосфор тыңайтқыштарының тиімділігін арттыру жолдары.
7 Тақырып. Калий тыңайтқыштары
Өсімдік үшін калидің маңызы. Ауыл шаруашылығы дақылдары өнімінің құрамындағы калий мөлшері. Өсімдік қоректенуде калий жетіспеген жағдайда мүшелерінің сыртқы түрінде болатын өзгерістер.
Топырақтағы калий қосылыстарының мөлшері мен түрі. Табиғат пен шаруашылықтағы калий айналымы мен және оның балансы.
Калий тыңайтқыштарын өндіретін агрономиялық кендер, олардың сипаттамасы. Концентрлі калий тыңайтқыштары (калий хлориді, күкірт қышқыл калий, хлор-калий электролиті, калий тұзы, калимагнезия, калий-магний концетраты), оларды алу жолдары, құрамы мен қасиеттері. Өнделмеген (тазартылмаған) калий тыңайтқыштары (сильвинит, карналлит, каинит, полигалит, лангбейнит), олардың құрамы және қолдану ерекшеліктері. Калий тыңайтқыштарының топырақпен әрекеттесуі. Өсімдіктің биологиялық ерекшеліктері мен топырақ-климат жағдайларына байланысты калий тыңайтқыштарын қолдану. Өсімдіктің калий тыңайтқыштарындағы калийді пайдалану коэффициенті. Калий тыңайтқыштарының тиімділігін арттыру жолдары. Калий тыңайтқыштарының нормасын қолайландыру.
8 Тақырып.Микротыңайтқыштар
Негізгі микроэлементтердің (В, Мо, Мn, Zn, Сu, Co) өсімдік тіршілігі үшін ролі. Өсімдік құрамындағы жеке микроэлементтердің мөлшері. Ауыл шаруашылығы дақылдарының жеке микроэлементтерді пайдалануы. Топырақтағы микроэлементтердің қосылыстарының түрі мен олардың мөлшері. Қазақстан топырағын микроэлементтердің жылжымалы түрінің мөлшеріне қарай топтастыру.
Құрамында бор, молибден, марганец, мырыш, мыс, кобальт болатын минералдық тыңайтқыштар және олардың сипаттамасы. Топырақ-климат жағдайлары мен аул шаруашылығы дақылдарының биологиялық ерекшеліктеріне сәйкес қолданылатын микротыңайтқыштар нормасы, мерзімі және беру тәсілдері. Микротыңайтқыш тиімділігін арттыру жолдары. Қазақстанда микротыңайтқыш қолдану жағдайы.
9 Тақырып.Комплексті тыңайтқыштар
Комплексті тыңайтқыштар туралы түсінік, оларды жіктеу, өндіру әдістеріне қарай кешенді тыңайтқыштарды топтастыру (күрделі, күрделі-аралас, аралас) және олардың анықтамасы. Қатты және сұйық комплексті тыңайтқыштар. Біржақты минералдық тыңайтқыштармен салыстырғанда комплексті тыңайтқыштардың артықшылығы.
Аммофос, диаммофос, калий селитрасы, аммоний полифосфаты, калий метофосфаты оларды алу жолдары және негізгі қасиеттері. Күрделі-аралас тыңайтқыштар (нитрофос, нитрофоска, нитроаммофос, нитроаммофоска, карбоаммофос, карбоаммофоска, мочевина фосфаты), оларды алу жолдары, құрамы және негізгі қасиеттері. Аралас комплексті тыңайтқыштар, олардың құрамы мен қасиеттері. Тыңайтқыштарды бір-бірімен араластыру ережелері. Тыңайтқыш қоспасын дайындау технологиясы. Түрлі топырақ-климат жағдайында комплексті тыңайтқыштарды қолдану ерекшеліктері және тиімділігі. Комплексті тыңайтқыштардың ауыл шаруашылығы дақылдарының өнім сапасына әсері.
10 Тақырып. Органикалық тыңайтқыштар
Негізгі органикалық тыңайтқыштар. Минералдық тыңайтқыштар тиімділігін арттыру үшін көннің маңызы. Органикалық және минералдық тыңайтқыштарды дұрыс ұштастырып қолданудың маңызы.
Төсенішті көң, оның құрамы мен қасиеттері және қолдану. Мао түріне, оларға берілетін азық мөлшері мен сапасына байланысты төсенішті көннің химиялық құрамы. Көнді сақтау барысында болатын өзгерістер. Төсенішті көнді сақтау әдістері. Әртүрлі топырақ климат аймақтарында ауыл шаруашылығы дақылдарына қолданылатын төсенішті көң мөлшері, оны топыраққа сіңіру тереңдігі мен әдісі.
Төсенішсіз көң, оның түрі, құрамы мен қасиеті. Төсенішсіз көң мөлшерін анықтау. Төсенішсіз көңді сақтау. Төсенішсіз көңді қолдану ерекшеліктері.
Көң садырасының құрамы, қасиеті және қолдану.
Құс саңғырығы, оның құрамы, қасиеті және қолдану.
Қордалар, олардың химиялық құрамы, қасиеті және қолдану.Өсімдіктің қорда құрамындағы азот, фосфор, калий элементтерін сіңіруі. Қорданы тыңайтқыш ретінде пайдалану.
Жасыл тыңайтқыштар. Топырақты органикалық зат, азот және басқа қоректік элементтермен байытуда жасыл тыңайтқыштың маңызы. Құнарлығы төмен құм, құмды топырақтарға жасыл тыңайтқыш қолданудың маңызы. Сидераттың негізгі түрлері. Жасыл тыңайтқыш ретінде пайдаланылатын өсімдіктер және оларды өсіру агротехникасы. Сидератты тыңайту. Топырақта сидераттардың жасыл массасының ыдырауы. Қазақстанда жасыл тыңайтқышты қолдану және топырақ-климат жағдайына байланысты оның тиімділігі. Жасыл тыңайтқыштардың әртүрлі дақылдардың өнімі мен топырақ қасиеттеріне әсері.
Топырақта шірінді балансын жақсарту үшін сабан қолданудың маңызы. Сабанды тыңайтқыш ретінде пайдалану тәсілдері.
Минералды және органикалық тыңайтқыштарды сақтау. Минералды тыңайтқыш қоймасы мен көң қоймасының түрлері. Тыңайтқыштарды тасымалдауда, сақтауда, топыраққа енгізуде ысырапты төмендету жолдары. Минералдық, органикалық тыңайтқыштарды тасымалдау, дайындау және топыраққа енгізу жұмыстарын механикаландыру. Тыңайтқышты топыраққа енгізу жұмысын бақылау. Тыңайтқыштармен жұмыс атқаруда қауіпсіздік техникасын сақтаудың негізгі ережелері.
11 Тақырып. Тыңайтқыш қолдану жүйесі
Ауыл шаруашылығы дақылдарының түсімін арттыруда және оның сапасын жақсарту үшін тыңайтқыш қолдану жүйесінің маңызы.
Шаруашылықта, аыспалы егісте және жеке дақылдарды тыңайту жүйесі. Тыңайтқыш қолдану жүйесінің типтері: органикалық-минералдық, минералдық, органикалық.
Ауыл шаруашылығы дақылдарының түсімімен бірге қоректік заттарды шығаруының биологиялық және шаруашылық түрлері. Өсімдіктің топырақтағы қоректік заттарды пайдалануы. Ауыл шаруашылығы дақылдарының органикалық және минералдық тыңайтқыштардан қоректік заттарды пайдалануының орташа коэффициенті. Өсімдіктің аңыз және тамыр қалдықтарының топырақтағы қоректік заттардың құрылымына әсері.
Топырақ-климат жағдайларының органикалық және минералдық тыңайтқыштардың тиімділігіне әсері. Ауыл шаруашылығы дақылдарының топырақ типіне қарай тыңайтқышты қажет етуі. Топырақтың механикалық құрамы және тыңайтқыш тиімділігі. Топырақты микробиологиялық құбылыстардың тыңайтқыш тиімділігіне әсері. Тыңайтқышты тиімді қолдануда агрохимиялық картограмманың маңызы.
Түрлі агротехникалық шаралардың тыңайтқыш тиімділігіне әсері. Органикалық және минералдық тыңайтқыштарды бірге қолданудың артықшылығы.
Тыңайтқыш қолданудың негізгі әдісі, мерзімі және тәсілі. Ауыл шаруашылығы дақылдарының қоректенуін реттеу үшін негізгі тыңайтудың, тұқымды себу кезінде тыңайтудың және үстеп қоректендірудің ролі. Әртүрлі топырақ-климат аймақтарында тыңайтқыштарды негізгі тыңайту үшін қолдану мерзімі. Негізгі тыңайтудың егістікке шашу арқылы беруге қарағанда таспа түрінде негізудің артықшылығы. Фосфор және калий тыңайтқыштарының бірнеше жылға арналған мөлшерін бірден қолдану. Тыңайтқышты қатарлап енгізудің маңызы мен оның құрамы. Жеке ауыл шаруашылығы дақылдарын үстеп қоректендірудің маңызы. Ауыл шаруашылығы дақылдарына органикалық, минералдық тыңайтқыштарды негізгі тыңайтуда, тұқымды себу кезінде және үстеп қоректендіруде пайдаланылатын машиналар мен механизмдер.
Тыңайтқыш мөлшері туралы түсінік және оның түрлері. Тыңайтқыш мөлшерін анықтаудың негізгі әдістері. Далалық тәжірибелер нәтижелерімен агрохимиялық картограммалар негізінде минералдық тыңайтқыш мөлшерін анықтау. Минералдық тыңайтқыштардың мөлшерін есептеу әдістері (қарапайым баланс) бойынша анықтау. Тыңайтқыш мөлшерін анықтаудың кешенді әдісі.
Негізгі ауыл шаруашылығы дақылдарының қоректену ерекшеліктері және оларды тыңайту жүйесі. Жаздық және күздік масақты дақылдардың қоректену ерекшеліктері. Алғы дақыл түріне байланысты астық дақылдарына тыңайтқышты қолдану әдісі мен мерзімі. Суармалы және тәлімі жерлерге себілетін күздік бидайға тыңайтқыш қолдану жүйесі. Жүгері егістін тыңайту. Қарақұмық пен тары дақылдарын тыңайту.
Күрішті және күріш ауыспалы егіс дақылдарын тыңайту. Мақта ауыспалы егіс дақылдарын тыңайту жүйесі. Көкөніс және бақша дақылдары, ауыспалы егіс дақылдарына тыңайтқыш қолдану жүйесі. Картоп дақылының қоректенуі және оны тыңайту. Жеміс-жидек дақылдарының қоректену ерекшеліктері және оларды тыңайту. Дәнді бұршақ дақылдарына, көпжылдық шөптер және суармалы жайылым мен шабындықтарға тыңайтқыш қолдану. Ауыл шаруашылығы дақылдарына тыңайтқыш қолдану нормасы, мерзімі, әдістері.
Ауыспалы егістің тыңайту жүйесін құру. Тыңайту жүйесін құру үшін қажетті негізгі құжаттар. Ауыспалы егістің тыңайту жүйесін құрудың негізгі сатылары. Тыңайту жүйесінің жалпы схемасы. Ауыспалы егістің жеке дақылдарына минералдық тыңайтқышты бөлу. Тыңайтқыш қолданудың календарлық жоспары. Тыңайтқышты топыраққа енгізу мерзіміне сәйкес ауыл шаруашылық техникаларының қажетті санын анықтау.
Тыңайтқыш қолданудың экономикалық тиімділігін анықтацтын негізгі көрсеткіштер. Тыңайтқыш қолдануға байланысты шығындар. Тыңайтқыш қолданудың экономикалық тиімділігінесептеудің әдістемесі.
12 Тақырып. Тыңайтқыш қолдану және қоршаған ортаны қорғау.
Тыңайтқыштардың топырақтың санитарлық жағдайына әсері. Тыңайтқыш әсерінен су көздерінің санитарлық құбылымының өзгеруі. Тыңайтқыштарды қолдану және өнім сапасы. Өсімдіктегі, топырақтағы және судағы уландырғыш қосылыстардың концентрациясының шекті мөлшері. Қоршаған ортаны тыңайтқыштармен ластаудандырудан қорғау шаралары.
3.3 Зертханалық сабақтардың мазмұны
Зертханалық жұмыс № 1 Өсімдікті талдау
Өсімдіктің үлгісін талдауға дайындау және ортақ үлгі алу.
Өсімдік құрамындағы құрғақ зат пен ылғал мөлшерін анықтау.
Өсімдік құрамындағы «шикі» күл мөлшерін анықтау.
Өсімдік үлгісін К.Гинзбург әдісімен күлдендіру.
Өсімдік құрамындағы азот, фосфор, калий мөлшерін анықтау.
Өсімдік құрамындағы микроэлементтерді анықтау.
Өсімдік құрамындағы белокты заттарды анықтау.
Майлы дақылдар құрамындағы май мөлшерін анықтау.
Өсімдік құрамындағы крахмалды анықтау.
Көкөніс, жеміс-жидек дақылдарының құрамындағы қантты анықтау.
Қанттылықты оптикалық әдіс арқылы анықтау.
Мал азығының құрамындағы клетчатканы анықтау.
Көкөніс, жеміс-жидек дақылдарының құрамындағы аскорбин қышқылын анықтау.
Көкөніс, дақылдарының құрамындағы каротин мөлшерін анықтау.
Көкөніс, жеміс-жидек дақылдарының жалпы қышқылдығын анықтау.
Ионселективті электрод көмегімен өсімдік құрамындағы нитраттар мөлшерін анықтау.
Зертханалық жұмыс № 2 Топырақты агрохимиялық талдау
Топырақ үлгілерін талдауға дайындау;
Топырақ құрамындағы жалпы азотты анықтау;
Топырақ құрамындағы нитратты азотты анықтау;
Топырақ құрамындағы сіңірілген аммоний мөлшерін анықтау;
Топырақ құрамындағы жеңіл ыдырайтын азотты анықтау;
Топырақ құрамындағы жалпы фосфорды анықтау;
Топырақ құрамындағы жылжымалы фосфор мөлшерін анықтау;
Топырақ құрамындағы алмаспалы калий мөлшерін анықтау;
Топырақ құрамындағы микроэлементтердің жылжымалы түрлерінің мөлшерін анықтау.
Зертханалық жұмыс № 3 Тыңайтқыштарды талдау
Сапалық реакциялар бойынша минералдық тыңайтқыштардың құрамын анықтау.
Аммиакты, аммиакты-нитратты тыңайтқыштар құрамындағы азот мөлшерін анықтау.
Мочевина құрамындағы азотты спектрофотометрлік әдіспен анықтау.
Фосфор тыңайтқыштарының құрамындағы сіңімді фосфорды анықтау.
Калий тыңайтқыштарының құрамындағы калийді анықтау.
Көң құрамындағы жалпы азотты анықтау.
Көң құрамындағы жалпы фосфорды анықтау.
Көң құрамындағы жалпы калийді анықтау.
3.4 СӨЖ мазмұны (Оқу түрі күндізгі)
№
|
СӨЖ түрі
|
Есеп беру түрі
|
Бақылау түрі
|
Сағат көлемі
|
1
|
Дәріс сабақтарына дайындық
|
Жұмыс дәптері
|
Сабаққа қатысу
|
0,5*15=7,5
|
2
|
зертханалық сабаққа дайындық
|
|
Сабаққа қатысу
|
0,5*30=15
|
3
|
Үй жұмысына дайындық
|
|
Ауызша
|
33,75
|
4
|
Ғылыми жұмыстарына дайындық, рефераттарды қорғау
|
|
Жазбаша
|
25,75
|
5
|
Бақылау іс шараларға дайындық
|
|
РК 1, РК 2,.
|
2*4=8
|
Барлығы
|
90
|
Өздік жұмыстарды дара орындау тапсырмалары
Тақырып: Өсімдіктің қоректенуі мен тыңайтқыш қолдануға байланысты топырақтың агрохимиялық қасиеттері
Тыңайтқыш – топырақ құнарлылығы мен ауылшаруашылық дақылдарының өнімділігін арттырудың жылдам әсер ететін құралы.
Минералдық және органикалық тыңайтқыштарды қолдану тәсілдері.
Қоректік заттарды сіңірудің сыртқы орта жағдайларымен байланысы.
Тыңайтқыш және ауыл шаруашылығының дақылдары өнімінің сапасы.
Күздік бидайды тыңайту жүйесі.
Органикалық және минералдық тыңайтқыштардың қант қызылшасы өнімі мен сапасына әсері.
Егіншіліктегі биологиялық азот.
Бұршақ тұқымдас дақылдарды тыңайту ерекшеліктері.
Тыңайтқышты қолданудың экономикалық тиімділігі.
Жергілікті органикалық тыңайтқыштарды жинау және оларды бөлу. Сыртқы белгілері бойынша өсімдіктердің қоректік элементтердің қажетсіңуін анықтау (визуальды диагностика).
Минералдық тыңайтқыштардың алынуының карт-схемаларын құру.
Әртүрлі ауыл шаруашылық дақылдарының өнімі мен қоректік элементтердің биологиялық және шаруашылықтық пайдалануының шамасын анықтау.
Қазақстан Республикасының әртүрлі топырақ-климат аймақтарында әртүрлі ауыл шаруашылық дақылдарына қолданылған тыңайтқыштардың салыстырмалы тиімділіктерін анықтау.
Достарыңызбен бөлісу: |