Бағдарламасы педагогика 5В010400 Бастапқы әскери дайындық



жүктеу 346,38 Kb.
Дата05.02.2018
өлшемі346,38 Kb.
#8553
түріБағдарламасы

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
Республикалық оқу-әдістемелік кеңес
ТИПТІК ОҚУ БАҒДАРЛАМАСЫ


ПЕДАГОГИКА
5В010400 - Бастапқы әскери дайындық

3 кредит (135 сағат)



Қарағанды 2016



АЛҒЫ СӨЗ


  1. 5В010400 - Бастапқы әскери дайындық мамандығы бойынша типтік оқу бағдарламасы Е.А.Бөкетов атындағы ҚарМУ-дың оқу-әдістемелік бірлестігімен әзірленді.

  2. Типтік оқу бағдарламасы Мемлекеттік жалпы міндетті жоғарғы білім беру стандартына сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің 23 тамыз 2012ж. №1080 қаулысымен қарастырған және толықтырулар мен өзгертулер 13 мамыр 2016ж. №292 қаулысымен енгізілген.

  3. Типтік оқу бағдарламасы Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігінің 30 маусым 2016ж. №2 хаттамасымен Республикалық оқу-әдістемелік кеңесінде бекітілген.


ТҮСІНІК ХАТ
Кәсіптік білім беруді ізгілендіру адамның шығармашылық мүмкіндігінің дамуына жеке тұлғаның интелектуалды, эмоционалды және адамгершілік қырларын арттыру үшін жағдайлар жасауына, өзін-өзі танытуға талаптануды, өзін-өзі дамыту ауқымын ұлғайтуына байланысты. Педагогикалық білім беру мақсатындағы ізгілендіруге жол ашу аясында барлық педагогикалық процестерге қатысушылар және солардың ішінде педагогтердің жеке басының кәсіби дамуы мен үздіксіз қарым-қатынасын жүзеге асыруда.

Осыған орай педагогтерді кәсіби даярлау мақсаты да өзгеріп отырады. Кәсіптік білім, іскерлік және дағдыларымен (кәсіби ұқыптылық) қоса, ол педагогтің жалпы мәдени дамуын да қамтиды, ондағы жеке бастың ойын қалыптастырады (педагогикалық іске мотивациялық құндылық қатынасы). Сондай-ақ, бұл бірлік сапалы жаңа білім ретінде көрінеді. Ол педагогтің жеке басының ісі мен әрекетінің сыртқы жай-күйімен ғана емес, ішкі дүниетанымы мен ой-қорытындысын анықтайтын даму деңгейімен сипатталады.

Мұғалімнің кәсіби іс-әрекеті педагогикалық ақиқат деген нақты затттың ұғымымен байланысты. Олай болса, болашақ мұғалімдердің білімі мен практикалық жұмыс оқу орындағы тұтас педагогикалық процестің кәсіби ісіндегі ең негізгі нысаны болуы керек.

Педагогика оқу пәнінің мақсаты – тұтас педагогикалық процесті кәсіби іс-әрекеттік объектісі ретінде жүйелі жүргізу.

Міндеттері:

- мұғалімнің кәсіби іс-әрекетінің объектісі ретінде педагогикалық процесс туралы тұтас түсініктерді қалыптастыру;

- оқушыларды оқыту мен тәрбиелеуді ұйымдастырудың тәсілдері, мазмұны, заңдылықтары туралы білімді қалыптастыру;

- білм алушыларды педагогикалық іс-әрекеттерді бағалауды, психологиялық-педагогикалық талдауды, оқушының оқу-танымдық іс-әрекетін басқаруды игеруге оқыту;

- әлеуметтік-ізгілендіру пәндері кешенін оқып-үйрену барысында алынған жеке адам туралы білім, оның дамуы, тәрбиелеуі және құрылуының интеграциясы;

- өзіндік білім алуға педагогикалық іс-әрекет пен дайындық ынтасын құру;



  • қазiргi әлемдегi бiлiмнiң әлеуметтiк-экономикалық маңыздылығын ашу;

  • болашақ мұғалімнің кәсіби-педагогикалық әрекеті, оның жалпы педагогикалық және арнайы кәсіби қызметі туралы алғашқы білім негіздерін қалыптастыру;

  • болашақ кәсіби іс-әрекеттің шығармашылық сипатын студенттердің түсінуіне жағдай жасау;

Студенттер міндеті:

- негізгі педагогикалық ұғымдарының мазмұнын игеру;

- педагогиканың пәнішілік және пәнаралық байланыстарын қалыптастыру;

- әдебиеттермен жұмыс жасаудың, педагогикалық тәжірибені оқып-үйренудің оқушылардың жеке басының диагностикасы мен педагогикалық процестердің ғылыми-педагогикалық әдістерін меңгеру;



- педагогикалық процесті жоспарлауды жүзеге асыру, тәрбие процесін ұйымдастыру формалары мен мұғалім мен оқушының бірлескен жұмысының ең озық түрлерін таңдау;

  • болашақ мамандығының әлеуметтік мәні, оның мазмұнын тыңғылықты сезіну;

  • мұғалім іс-әрекетінің обьектісі, пәні жөнінде көзқарастарының болуы;

  • педагогикалық іс­әрекеттің негізгі бағыттары мен мәні функциялары, құрылымы, мазмұны, жөнінде білімдерді меңгеру;

  • мектептің педагогикалық үрдісін диагностикалаудың практикалық іскерліктерін меңгеру;

  • өз бетімен оқу, ғылыми-зерттеушілік, қоғамдық іс-әрекеттерге саналы және белсене қатысу.

ПӘННІҢ ТАҚЫРЫПТЫҚ ЖОСПАРЫ



Тақырып атаулары

1

Адамзаттың тарихында білім берудің, мектептің және педагогикалық ой-пікірлердің дамуы

2

Педагогика адам тәрбиесі туралы ғылым ретінде

3

Адамзат дамуының ерте кезеңінде тәрбиені ұйымдастыру формаларының туындауы

4

Мұғалімнің зерттеушілік мәдениеті – оқу-тәрбие үдерісі нәтижелігінің шарты

5

Тұтас педагогикалық үдерістің (ТПҮ) мәні және құрылымы, оның заңдары мен заңдылықтары

6

Тәрбиенің мақсаты, оның әлеуметтік тұрғыдан негізделуі

7

Ғылыми дүниетаным – оқушының интеллектуалды дамуының негізі

8

Тұтас педагогикалық үдерістегі тәрбиенің мәні мен мазмұны

9

Тәрбие үдерісінің формалары мен әдістері, құралдарының жүйесі

10

Балалар ұжымы – тәрбиенің объектісі және субъектісі

11

Сынып жетекшісі – сыныптың тәрбиелік жүйесін ұйымдастырушы

12

Отбасы тәрбиесінің негіздері

13

Тұтас педагогикалық үдерістің құрылымындағы оқыту

14

Қазіргі мектептегі білім мазмұны

15

Оқытудың формалары, әдістері мен құралдары

16

Оқушылардың оқу жетістіктерін диагностикалау және тестілеу

17

Оқушылардың тұтас педагогикалық үдерістегі танымдық іс-әрекетін белсендендіру

18

Білім берудегі инновациялық педагогикалық үдерістер және мұғалімнің кәсіби іс-әрекетіндегі педагогикалық технологиялар

19

Тұтас педагогикалық үдерісті ұйымдастырушылық- әдістемелік басқару, мектеп шеңберінде мұғалімдердің біліктілігін арттыру және оларды аттестациялау

20

Мектептің тұтас педагогикалық үдерісін диагностикалау және жоспарлау

21

ҚР-да 12 жылдық орта білім беру моделіне көшу жағдайындағы білім беруді басқарудың жаңа тәсілдері

ПӘННІҢ МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ
Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында білім беру процесінің барлық қатысушыларының үздік білім беру ресурстары мен технологияларына тең кол жеткізуін қамтамасыз ету мақсат етіп қойылған. Өйткені қай салада болса да өз мамандығының шебері, өздігінен ізденуге мүмкіндігі бар, кәсіби бағыттылығы жоғары маман даярлау мәселесі – заманауи педагогика ғылымының басты талабы. Осы тұрғыда болашақ мұғалімдерді даярлау саласында салмақты ғылыми зерттеулер мен нақты ұсыныстар талап етіледі.

Педагогика табиғаттың, қоғамның, жекенің өшпес өзегіндегі адам дамуын танып біледі және әсер ету тәсілдерін айқындайды. Сондықтан педагогикалық оқу, теория, концепция, модельдер және ұсыныстар адам дамуы туралы жүйелі білім мен тұтас ізгілі тұғырда тұрғызылады.

Педагогика нақты педагогикалық жүйе аясында жеке адамның жас және дербес ерекшеліктерін есепке ала отырып, жалпы, мәдени құндылықтармен қарым-қатынасты, адамның ақпарат алуы мен беруінің жолы тәсілдерін оқытып үйретеді.

Сонымен, педагогика – нақты педагогикалық жүйенің шеңберінде адам дамуын қамтамасыз ететін, педагогикалық процесс туралы ғылым. Жеке тұлғаны тәрбиелеу, оқыту, білім беру, қалыптастыру оның басты категориялары болып табылады. Осыған орай оның әртүрлі салалары өзгеруі арқылы ашық, айқын жүйені аңғартады.

Педагогикалық теория мен практиканың бір-біріне тәуелді негізгі бағдарға сәйкес келетінің ескеріп, оқыту мен тәрбиелеуді ұйымдастыруды жекелеу, жекебас, жеке тұлға ретіндегі адамның қалыптасуы мен дамуын тиімді қамтамасыз ететін нұсқауларын практикада жүзеге асыру қажет. Орындау барысында қоғам мен адамның өмірі мен іс-әрекетінің уақыттық, әлеуметтік-экономикалық, мәдени-тарихтық факторларын ескерген жөн.

Педагогика – адам білім жүйесіндегі ізгілендіру ғылымдарының саласын аңғартады. Оның дәл ортасында адамның, рухани дамуының құндылықтар жүйесі тұратындығы анық. Педагогика жоғары мектептердің білім беру процесіндегі оқу пәні ретінде орта мектептердегі педагогикалық процесті басқару мен ұйымдастыру тәсілдерін игеру, негізінде маманның жеке басының шығармашылық еркіндігін, адамгершілік сапасын қалыптастыруды міндет етіп алады.

Типтік бағдарлама мазмұнында мұғалімнің кәсіби сипаттамасында көрсетілген кәсіби­педагогикалық іскерліктер мен теориялық білімдер және оларды өзін-өзі тәрбиелеу, өз білімін көтеру, оқыту процесінде меңгеру жолдары көрініс табады.

НЕГІЗГІ БӨЛІМ
Адамзаттың тарихында білім берудің, мектептің және педагогикалық ой-пікірлердің дамуы

Педагогика тарихы мен білім берудің теориялық-әдіснамалық негіздері. Адамзат дамуының ерте кезеңінде тәрбиені ұйымдастыру формаларының туындауы. Ежелгі әлем. Ежелгі Шығыс және көшпенді өркениет мемлекеттеріндегі тәрбие мен оқыту. Антикалық дәуірдегі білім берудің ерекшеліктері. Орта ғасыр дәуірі. Византиядағы педагогикалық ой-пікірдің дамуын оқыту. Орта ғасырдағы Индия мен Қытайдағы оқыту мен тәрбие. Таяу Шығыста және Орталық Азияда Ренессанс және Алтын орда дәуірінде білім беру мен педагогикалық идеялардың дамуы (VI-XII ғғ.). Еуропа мен Америка елдері тарихындағы білім беру, мектеп және педагогикалық ой-пікірлер. Ресей тарихындағы ағартушылық пен мектептің дамуы. Кеңестік кезеңдегі білім беру жүйесі мен педагогика ғылымы. Қазақстан тарихында мектептің, тәрбие мен педагогикалық ой-пікірлердің дамуы (XV-XVIII ғғ. Қазақ хандығы кезеңі) Қазақстанда XIX-XX ғ. білім беру мен педагогика ғылымы. Ғасырлар тоғысындағы білім беру жүйесі.


Педагогика адам тәрбиесі туралы ғылым ретінде

Педагогика – қазіргі адамтанудың саласы. Педагогика ғылым ретінде. Тәрбие – тұлғаны әлеуметтік мәдени модель үлгісінде қалыптастырушы және қоғамдық қызмет.

Педагогика пәні, оның негізгі категориялары (тәрбие, оқыту, білім беру, педагогикалық үдеріс), олардың өзара байланысы. Пәнаралық ұғымдардың (тұлға, іс-әрекет, қарым-қатынас, дамыту, әлеуметтену, қалыптастыру) педагогикалық ғылымдар жүйесінде қолданылу ерекшелігі. Педагогиканың әлеуметтік және мәдени қызметі. Педагогикалық ғылымдар жүйесі. Педагогиканың философия, психология, әлеуметану, физиология және т.б. ғылымдармен байланысы. Педагогикалық теория мен практиканың диалектикалық өзара әрекеттестігі.

Педагогика ғылымының әдіснамасы және оның деңгейлері жөніндегі түсінік. Қазіргі педагогиканың негізгі әдіснамалық ережелер жиынтығы. Философиялық заңдар, заңдылықтар. Диалектиканың заңдары, олардың жалпы сипаты. Таным теориясы. Жүйелі әдіс-тәсілдердің құбылыстар байланысындағы жалпылама бейнесі. Тұлға теориясы. Іс-әрекет теориясы. Құндылықтар теориясы. Басқару теориясы. Әлеуметтендіру теориясы.

Педагогика ғылымдарының әдістері. Педагогика ғылымдарының қазіргі қоғамның даму жағдайындағы міндеттері. Мұғалімді кәсіби дайындаудағы педагогикалық теориялардың маңызы.
Жеке тұлғаны дамытуға, қалыптастыруға, тәрбиелеуге әсер ететін факторларға сипаттама және олардың әртүрлі жастағы топтарды көрінуі

Адамды педагогикалық тұрғыдан табиғи, әлеуметтік, тарихи, белсенді мүше ретінде түсінудің және оны дамыту, қалыптастыру, тәрбиелеу факторларының философиялық ережелері мен әдіснамалық негізі. «Тұлға», «адам», «индивид», «даралық» ұғымдары және олардың өзара байланысы. Тұлға құрылымының көп күрделілігі, көпқырлылығы және барлық компоненттерінің өзара байланысы. Тұлға іс-әрекет және өзін-өзі дамыту субъектісі ретінде. «Даму», «тәрбиелеу», «қалыптастыру» ұғымдарына сипаттама және олардың арақатынасы. Адамның биологиялық және әлеуметтік дамуының арақатынасы, оның тұлғасын қалыптастырудың негізгі тұжырымдары (биологиялық, әлеуметтік және биоәлеуметтік). Тұлғаны қалыптастыруға және дамытуға әсер ететін негізгі факторлар (тұқымқуалаушылық, орта, тәрбие), олардың өзара байланысы. Іс-әрекет және қарым-қатынас тұлғаны дамыту мен қалыптастырудың факторы ретінде. Тұлға – тәрбиенің, өзіндік дамуының объектісі және субъектісі. Тұлғаны дамытудың және қалыптастырудың қозғаушы күштері мен негізгі заңдылықтары. Өзін-өзі тәрбиелеу – тұлғаның дамуы мен қалыптасуының шарты, нәтижесі. Жеке тұлға дамуының жас ерекшелігі туралы түсінік, оның табиғи әлеуеті. Әртүрлі жастағы білім алушыларды оқытудың, тәрбиелеудің ерекшеліктері


Мұғалімнің зерттеушілік мәдениеті - оқу-тәрбие үдерісі нәтижелігінің шарты

Мұғалімнің зерттеушілік мәдениеті – кәсіби педагогикалық мәдениеттің бөлігі. Мұғалімнің зерттеушілік мәдениетінің сипаттамасы. Мұғалімнің зерттеушілік мәдениетінің мәні, құрылымы және қызметі. Мұғалімнің зерттеушілік мәдениетін қалыптастырудың әдіснамалық және теориялық негіздері. Зерттеуші-мұғалімнің әдіснамалық мәдениетін қалыптастыру. Мұғалімнің зерттеушілік мәдениетінің қалыптасу үдерісі.

Ғылыми-педагогикалық зерттеудің мәні мен мазмұны. Ғылыми-педагогикалық зерттеулер технологиясы. Ғылыми зерттеу бағдарламасы мен процедурасы. Мұғалімнің зерттеушілік мәдениетінің әдістері. Педагогикалық зерттеудің әдіснамалық негіздері. Нақты педагогикалық зерттеуді ұйымдастыру және өткізу әдістемесі. Мұғалімнің инновациялық, зерттеушілік іс-әрекетінің мәні. Мұғалімнің зертеушілік қабілеті мен біліктілігін дамыту мазмұны, шарттары мен механизмдері. Зерттеушілік инновациялық іс-әрекет. Мұғалімнің зерттеушілік мәдениеті. Мұғалімнің зерттеушілік мәдениетін қалыптастыру. Зерттеуші-мұғалімнің әдіснамалық мәдениеті.
Тұтас педагогикалық үдерістің мәні және құрылымы, оның заңдары мен заңдылықтары

Үдеріс ғылыми категория ретінде. ТПҮ компоненттері мен құрылымының ерекшеліктері. Оқушы – педагогикалық үдерістің субъектісі. Педагогикалық үдерістің белгілері, сапалары мен қасиеттері. Тұтас педагогикалық үдеріс қызметтерінің өзара байланысы мен бірлігі. Педагогикалық үдерістің оқу және оқудан тыс саласының бірлігі жеке тұлғаны қалыптастырудың шарты.

Педагогикалық үдеріс дамушы жүйе. Қарама-қайшылық – педагогикалық үдерістің қозғаушы күші. Педагогикалық үдерістің қозғалыс тетіктері (құралдар, формалар, әдістер мен тәсілдер). Педагогикалық үдерістегі тұлғааралық қатынас. Педагогикалық үдерістің тәрбиелік механизмдері – педагогтер мен оқушылар арасындағы, топ ішіндегі қарым-қатынас жүйесі. Тұтас педагогкалық үдеріс теориясы туралы білім – мұғалімнің кәсіби құзыреттілігінің негізі. Педагогикалық үдерістің негізгі заңдылықтары, оларға сипаттама. Оқу-тәрбие үдерісінің қағидалары, оның заңдылықтарының нақты көрінуі. Қағидалардың мәні, оларға сипаттама. Мұғалімнің педагогикалық үдерісті басқарудағы, болжаудағы заңдылықтар мен қағидаларды есепке алуының маңызы.

Тәрбиенің мақсаты, оның әлеуметтік тұрғыдан негізделуі

Мақсат – ғылыми категория және тұлғаның идеалдық моделі. Тәрбиенің мақсаты – тұтас педагогикалық үдерістің жүйетүзуші факторы. Педагогикалық үдерістегі мақсаттардың иерархиясы.

Тәрбиенің мақсаты – нақты тарихи құбылыс. Педагогикалық ойлар тарихындағы тәрбие мақсаты туралы мәселелер. Тәрбиенің мақсаты – жан-жақты және үйлесімді дамыған тұлға ұғымын қалыптастыру. Тәрбие мақсатының жалпыадамзаттық құндылықтар, мәдениеттілік, жеке тұлғаны жан-жақты үйлесімді дамыту идеясы, ұлттық құндылық бағдар, тәрбие үдерісін ізгілендіру және демократияландыру, құзыреттілік тұрғысы негізіндегі қазіргі анықтамалары.

Әлемдік және ұлттық мәдениет – тәрбие мақсатын анықтаудың әдіснамалық негізі. Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық дамуының жас ұрпақты өз бетімен өмір сүруге тәрбиелеу мен дайындау мақсатына, міндеттеріне әсері.

Педагог құзыреттілігінің мақсатты үдеріске әсері.
Ғылыми дүниетаным – оқушының интеллектуалды дамуының негізі

Ғылыми дүниетаным – қоғамдық сананың ең жоғары формасы. Ғылыми дүниетаным – әлемге деген ғылыми, философиялық, адамгершілік, эстетикалық көзқарастар жүйесі. Оқушылардың дүниетанымының мәні мен қызметтері. Дүниетанымның құрылымы: білім, көзқарастар, сенім, идеалдар, өмірлік ұстаным. Тұлғаның іс-әрекеті, оның дүниетанымының көрінуі. Дүниетанымның түрлері.

Дүниетанымды қалыптастырудың әдіснамалық негіздері. Жеке тұлғаның құндылық бағдары, оның интеллектуалды дамуы – оқушылар дүниетанымының қалыптасу көрсеткіші.

Тұлға дүниетанымын қалыптастыру жолдары және құралдары. Оқушылардың дүниетанымын қалыптастыру құралдары: оқыту мен тәрбиенің мазмұны, формасы, әдістері, пәнаралық байланыс, оқушыларды әр алуан іс-әрекет түрлеріне қатыстыру; отбасы мен мектептің өзара әрекеттестігі, ТПҮ жобалау және т.б.

Оқушылардың дүниетанымын қалыптастырудың қазіргі мәселелері. Жеке тұлғаның ғылыми дүниетанымын қалыптастырудағы мұғалімнің кәсіби-педагогикалық құзыреттілігінің маңызы.
Тұтас педагогикалық үдерістегі тәрбиенің мәні мен мазмұны

Тәрбие – тұтас педагогикалық үдерістің бөлігі. Тәрбие мазмұны ұғымы. Тәрбиенің мақсаты, міндеттері мен мазмұнының өзара байланысы. Тәрбие мазмұнының қоғамдық сана мен құндылық ұстанымға тәуелділігі. Тәрбиенің түрлері және оларға сипаттама. Тәрбиенің дәстүрлі түрлері. Тәрбие мазмұнының әлеуметтік-экономикалық негізделуі.

Тәрбие мазмұнын көкейкестендіру және жаңарту: адамгершілік-рухани, азаматтық-патриоттық, құқықтық, көпмәденилік, экологиялық, денсаулыққа және салауатты өмір салтына құндылық қатынасты қалыптастыру және т.б. 12 жылдық білім беру жағдайындағы кәсіптік бағдар беру жұмысының ерекшеліктері.

Ұлттық тәрбиелік әлеует. Ұлттық мәдениетке ұлттық сана мен құндылық қатынасты қалыптастыру, этникааралық толеранттылыққа тәрбиелеу, ұлтаралық қатынас мәдениеті – ҚР тәрбие үдерісінің басымды бағыты.

ТПҮ тәрбие түрлерінің өзара байланысы. Тәрбие мазмұнындағы тұлғалылықты күшейтудің бастамасы: өзін-өзі тану, өзін-өзі дамыту, өзін-өзі тәрбиелеу. Оқушының өмірлік өзін-өзі анықтауы, әлеуметтік белсенділігі.

Әлеуметтену контексіндегі тәрбие. Әлеуметтендірудің педагогикалық сипаттамасының компоненттері. Мектеп жағдайында әлеуметтенудің түрлері, кезеңдері. Оқушының әлеуметтенуінің негізгі басқыштары: бірегейлік, даралық, жекелік. Тәрбиелік кеңістік – оқушыны әлеуметтендіру факторы.


Тәрбие үдерісінің формалары мен әдістері, құралдарының жүйесі

Тұтас педагогикалық үдерістің қозғаушы тетіктері ретінде тәрбиенің құралдары, формалары, әдістері туралы түсінік, олардың өзара байланысы мен бір-біріне тәуелділігі. Оқушылармен тәрбиелік жұмыс формаларының негізгі топтары: мектептік өмірді басқару және өзін-өзі басқару формалары; танымдық формалары; қызықтырушылық формалары және т.б. Тәрбие әдістерін жіктеу және оларды дайындаудың өлшемдері.

Тұлғаның санасын қалыптастыру әдістері. Оң тәжірибе мен мінез-құлық мәдениетін қалыптастыру әдістері. Мінез-құлық пен іс-әрекетті ынталандыру әдістері. Тәрбие әдістерін қолданудың педагогикалық шарттары. Педагогикалық шығармашылықты көрсету ретінде тәрбиенің әдістерін сұрыптау. Тәрбиенің инновациялық, интерактивті әдістері және тәрбие технологиясы. Тұлға тәрбиелігінің диагностикасы. Тұлғаның тәрбиелігінің өлшемдері. Тәрбиелік іс-әрекетті тиімді ұйымдастыру шарты ретінде құрал, форма, әдістердің өзара байланысы. Тәрбие құралдарын, формалары мен әдістерін анықтаудағы мұғалімнің кәсіптік құзыреттілігі.

Балалар ұжымы – тәрбиенің объектісі және субъектісі

Педагогика ғылымындағы «ұжым» ұғымы. Балалар ұжымы - әлеуметтік ортаның құрамдас бөлігі. Балалар ұжымдарының әртүрлі типтері, олардың ерекшеліктері, бір-біріне әсері және сабақтастығы. Ұжым – тәрбиенің объектісі және субъектісі, ұжымның мәні. Ұжым теориясы мен практикасының қалыптасуы және дамуындағы А.С.Макаренконың рөлі.

Балалар ұжымын қалыптастырудың кезеңдері, заңдары және атқаратын қызметтері. Балалар ұжымын қалыптастырудың негізгі құралдары. Қоғамдағы оң тәжірибелерді меңгеру үшін ұжымдық өмірдің эмоционалдық (сезімдік) байлығы, ұжымдық дәстүрдің маңызы. Оқушылар ұжымында іс-әрекет пен қатынасты ұйымдастыру.

Тәрбиелеуші ұжым – оқушының тұлғалық әлеуметтенуінің факторы. Педагогикалық үдерісті реттеудегі тәрбиелік тетіктер: әртүрлі ұжымдық іс-әрекетте педагогтар және оқушылардың өзара әрекеттестігі. Сыныптан тыс жұмыстарда әртүрлі жастағы оқушылардың ұжымдық іс-әрекетіне педагогикалық басшылық жасау. Тұлға және ұжым. Тұлға мен ұжымның қарым-қатынас моделі.

Ұжым және тұлғаның даралық дамуы. Дербестік, топтық, ұжымдық тапсырмалар. Өзін-өзі басқару – тұлға мен ұжым қалыптасуының жетекші факторы. Өзін-өзі басқарудың сыныпта, мектепте тәрбие үдерісін ізгілендіру мен демократияландырудағы маңызы. Педагогикалық үдерістегі балалар ұжымының мониторингісі. Оқушылар ұжымын қалыптастыруда мұғалімнің құзыреттілігі.
Сынып жетекшісі – сыныптың тәрбиелік жүйесін ұйымдастырушы

Сыныптың тәрбие жүйесі және оны басқару туралы ұғым. Тәрбие жүйесін құрудағы сынып жетекшісінің іс-әрекеті. Педагогикалық үдеріске қатысушылардың өзара әрекетін үйлестірудегі сынып жетекшісінің рөлі. Сынып жетекші жұмысының мақсаты мен міндеттері. Сынып жетекшісінің қызметін анықтаудың қазіргі жаңа тұрғылары. Оқушыларды педагогикалық қолдау – сынып жетекшісі іс-әрекетінің негізі. Сыныптың тәрбие үдерісін жоспарлау.

Сынып жетекші мен оқушылар ата-анасының ынтымақтастығы. Мектеп пен отбасының өзара әрекеттестігінің формасы. Ата-аналар жиналысы – сынып жетекшісімен ата-ананың өзара әрекеттестігінің негізгі формасы. Ата-аналар жиналысын ұйымдастыру және өткізу технологиясы. Оқушының тәрбиелілігінің диагностикасы мен болжауы. Сынып ұжымында этникааралық қарым-қатынас мәдениетін қалыптастыру бойынша сынып жетекшісінің іс-әрекеті.

Сынып жетекшісінің қосымша білім беру ұйымдарымен, ата-анаға қамқорлық кеңестерімен және басқа да қоғамдық ұйымдармен іс-әрекетінің интеграциясы. Тәрбие үдерісіне ақпараттық қолдау көрсету. АКТ (ақпараттық коммуникациялық технологияны) тәрбиелік іс-әрекетті оңтайландыру үшін пайдалану. Сынып жетекшісінің кәсіби құзыреттілігі.



Отбасы тәрбиесінің негіздері

Отбасы – бала тұлғасын әлеуметтендірудің факторы және белсенді субъектісі. Отбасы тәрбиесінің нормативтік-құқықтық негіздері. Отбасы тәрбиесінің ізгіліктік және этнопедагогикалық аспектісі. Отбасының қызметтері, типтері. Қазіргі отбасының ерекшеліктері.

Отбасында педагогикалық үдерісті ұйымдастыру. Отбасындағы педагогикалық үдерістің негізгі компоненттері: отбасы тәрбиесінің мақсаты, міндеттері, мазмұны, балалар мен ересектердің өмірлік тіршілігін ұйымдастырудың құралдары, формалары, әдістері. Педагогикалық үдерістің негізгі бағыттары. Отбасы тәрбиесінің қазіргі мәселелері.

Отбасындағы тәрбиенің этникалық ерекшеліктері. Отбасының оқушы тұлғасының ұлттық санасын қалыптастыруға ықпалы. Ата-ананың педагогикалық мәдениеті. Ата-аналардың білім беруді басқаруға қатысуы. Отбасы және мектептің ынтымақтастығының формалары. Отбасы мен педагогикалық ұжым жұмысындағы сынып жетекшісінің рөлі.



Тұтас педагогикалық үдерістің құрылымындағы оқыту

Дидактика – оқыту және білім беру теориясы. Дидактиканың негізгі категориялары. Дидактика – жеке әдістеменің негізі. Оқыту – тұтас педагогикалық үдерістің құрамды бөлігі. Оқыту үдерісінің мәні. Оқытудың әдіснамалық негізі. Таным теориясы. Оқытудағы интерактивті тәсілдер. Оқытудың мақсаты мен міндеттері. Оқытудың заңдылықтары және қағидалары. Оқыту үдерісінде педагогикалық үдерістің қызметтерін іске асыру – білімділік, тәрбиелік, дамытушылық. Оқыту үдерісінің құрылымы, негізгі кезеңдері.

Тұлғалық-бағдарлық оқытудың негіздері. Оқытудағы құзыреттілік тәсіл. Тұлғаның түйінді құзыреттіліктері – оқыту нәтижесі.

Оқытудың психологиялық негіздері. Оқытудың психологиялық теориялары: ассоциативтік-рефлекторлық, ақыл-ой әрекеттерін сатылап қалыптастыру және т.б. Оқыту мен білім берудің тәрбиелік мүмкіндіктері. 12 жылдық мектептегі оқытудың өзіндік ерекшеліктері. Оқушылардың танымдық іс-әрекетінің ерекшеліктері. Бағдарлы оқытудың мәні және оны ұйымдастырудың ерекшеліктері. Қазіргі мектептегі электронды (E-learning) оқыту жүйесі. Өздігінен білім алу – қазіргі кезеңде оқытудың маңызды шарты. Дидактикалық құзыреттілік – мұғалімнің кәсіби-педагогикалық құзыреттілігінің құрылымдық компоненті.


Қазіргі мектептегі білім мазмұны

«Білім мазмұны» ұғымы. Білім мазмұны – педагогикалық бейімделген әлеуметтік тәжірибе. Білім мазмұнының теориялары. Білім мазмұны – тұтас педагогикалық үдерістің компоненті. Білім мазмұнын анықтаудың ғылыми-педагогикалық негіздері. Жалпыадамзаттық мәдениет. Білім мазмұнына қойылатын талаптар. Білім мазмұнын іріктеу факторы және көздері. Мектептегі білім мазмұнын іріктеу өлшемдерінің дидактикалық жүйесі және негізгі қағидалары.

Білім мазмұнының негізгі компоненттері. Білім мазмұны – білім алушылардың интеллектуалды дамуының факторы. Білім мазмұнының тәрбиелік аспектісі. Құзыреттілік тәсіл негізінде 12 жылдық мектептің білім мазмұнын модернизациялау. Білім мазмұнын ізгілендіру, гуманитарландыру, этнопедагогикаландыру. Функционалды сауаттылық – тұлғаның өмір тіршілігінің әртүрлі саласындағы міндеттерді шешу нәтижесі және негізі.

Бағдарлы оқыту мазмұнының ерекшіліктері. 12 жылдық мектепте білім мазмұнын пәнаралық байланыс негізінде интеграциялау.

Білім мазмұнын анықтайтын нормативті құжаттарға сипаттама: білім беру стандарттары, базистік оқу жоспары, оқу жоспарлары, оқу бағдарламалары, оқулықтар мен оқу-әдістемелік кешендер (ОӘК).

Қосымша білім берудің мазмұндық жүйесі және мәні.


Оқытудың формалары, әдістері мен құралдары

Оқыту формалары мен әдістері, құралдары туралы түсінік, олардың өзара байланысы. ТПҮ-тегі оқыту құралдары – іс-әрекеттің түрлері. Дидактикадағы дәстүрлі оқыту құралдары және олардың сипаттамасы. Оқытуды ұйымдастырудың формаларының дамуы мен қалыптасуы. Мектеп тарихындағы оқытудың сыныптық – сабақ жүйесін дамыту.

Қазіргі мектептегі оқу жұмысын ұйымдастырудың формалары. Сыныптан тыс оқу жұмысының формалары. Инновациялық оқыту формаларын қолдану – педагогикалық шығармашылықтың нәтижесі. Оқушылардың оқу және оқудан тыс танымдық іс-әрекетінің үйлесімділігі.

Қазіргі сабақтың теориясы. Сабақ – тұтас жүйе, оның компоненттері мен міндеттері. Қазіргі сабаққа қойылатын талаптар. Сабақтың типологиясы (жіктелуі) және құрылымы. Сабақтың логикалық-психологиялық, дидактикалық және әдістемелік құрылымының арақатынасы.

Сабақта оқушылардың оқу іс-әрекетін ұйымдастырудың топтық, дербестік, фронтальды формалары. Оқушылардың бірін-бірі оқытуына, ұжымдық-танымдық іс-әрекетіне мұғалімнің басшылық жасау ерекшеліктері. Сабақты ұйымдастырудың дәстүрлі емес формалары. Сабақты талдаудың типологиясы мен түрлері.

Оқыту әдістері мен әдістемелік тәсілдері туралы ұғым. Әдіс – тұтас педагогикалық үдеріс компоненті. Оқыту әдістерінің атқаратын қызметі және қолданылуы. Оқыту әдістерінің дидактикалық, психологиялық және технологиялық аспектілері. Оқыту әдістерінің тәрбиелік, білімдік, дамытушылық мүмкіндіктері. Оқыту әдістерінің екіжақты сипаты. Сабақта оқыту әдістерін таңдау негізі. Оқыту әдістерінің көптүрлілігі. Оқыту әдістерін жіктеу және оларды дайындаудың өлшемдері. Оқыту әдістеріне сипаттама. Нақты сабақ үшін оқыту әдістерін іріктеу. Оқыту әдістері, құралдары және тәсілдерінің өзара байланысы.

Қазіргі мектептегі оқытудың инновациялық әдістері. Оқытудың интербелсенді әдістеріне сипаттама – «ойға шабуыл», рөлдік, іскерлік ойындар, тренинг, кейс әдісі, жоба әдісі және т.б. Мұғалімнің оқытудың қозғаушы тетіктерін тиімді басқаруындағы әдістемелік және технологиялық құзыреттілігі.

ТПҮ-тегі оқыту құралдары. Дидактикадағы дәстүрлі оқыту құралдары және олардың сипаттамасы. Материалдық және рухани құндылықтар оқытудың құралы ретінде. Оқытудың көрнекі құралдары: оқытудың вербальдық құралдары, ақпараттық-коммуникативтік құралдар.


Оқушылардың оқу жетістіктерін диагностикалау және тестілеу

Жалпы ұғымдар: бақылау, бағалау, белгілеу. Үлгерім – оқушылардың оқу жетістігінің сипаттамасы. Оқушылардың іс-әрекет нәтижесін бақылаудың мақсаты мен қағидалары.

Оқу іс-әрекетінің нәтижесін бақылау және бағалау қызметтері: ынталандыру, дамыту, білімдік, үйретушілік, бақылаушылық, тәрбиелік. Бақылау қызметінің өзара байланысы мен өзара негізділігі. Бақылаудың теориялық негіздері және оқу жұмысының нәтижелілігін есепке алу. Бақылаудың түрлері. Оқу жұмыстарын бақылау әдістері мен нәтижелігін бағалау жүйесі.

Оқушылардың оқу жетістігін бақылау мен бағалаудың қазіргі заманғы формалары. Тестілік және рейтингілік бақылау. Тестілердің типтері. Оқушылардың оқу жетістіктерін бағалау жүйесі. Оқушылардың портфолиосы.

Бағалау үдерісін ұйымдастыруға қойылатын талаптар. Бағалау үдерісіне оқушылардың қатысуы және өзара әрекеттестігі: бірін-бірі бағалау, өзін-өзі бағалау, бағалау пікірі.

Ұлттық бірыңғай тестілеу – ҚР білім беру мекемелерінде білім алушылардың оқу әрекетінің нәтижесін тексеру және бақылаудың соңғы кезеңі. 12 жылдық мектепте білім алушылардың түйінді құзыреттіліктерінің қалыптасуын және оқу жетістігін бақылау мен бағалаудың түрлерін, формаларын жаңарту.


Оқушылардың тұтас педагогикалық үдерістегі танымдық іс-әрекетін белсендендіру

Оқу, үйрену – оқушылардың танымдық іс-әрекеті. Белсенді танымдық іс-әрекет ұғымы. Оқушы тұлғасын танымдық іс-әрекет субъектісі және өзіндік дамуы ретінде қалыптастыру. Оқушыларда танымдық қызығушылық пен ақыл-ой әрекетінің тәсілдерін қалыптастыру. Оқушыларды үйрету (оқыту) мотивтері. Оқушылардың белсенді танымдық іс-әрекетке және өзінің интеллектуалдық қабілеттерін дамытуға мотивациялық дайындығын қалыптастыру. Оқушылардың танымдық шығармашылық іс-әрекеті.

Мұғалімнің оқушылардың белсенді танымдық іс-әрекетін ұйымдастырудың шарттары мен құралдары. Педагог-новаторлар тәжірибесіндегі белсенді танымдық іс-әрекет идеясы мен технологиясы. Оқушылардың танымдық іс-әрекетін белсендірудің дәстүрлі және қазіргі тәсілдері.

Оқушылардың өздігінен білім алу, ақпараттық, коммуникативтік, құзыреттілігі, функционалды сауаттылығы – олардың белсенді танымдық іс-әрекетінің нәтижесі. Педагогтің кәсіби құзыреттілігінің оқушылардың белсенді танымдық іс-әрекетін белсендіруге әсері.


Білім берудегі инновациялық педагогикалық үдерістер және мұғалімнің кәсіби іс-әрекетіндегі педагогикалық технологиялар

Білім берудегі инновация туралы түсінік. «Жаңарту, новация», «инновация», «жаңалық енгізу», «инновациялық үдеріс», «инновациялық іс-әрекет», «жаңашылдық» ұғымдарының мәні. Білім берудегі инновациялық үдерістердің мәні, олардың жіктемесі. Педагогикалық инновацияның обьектісі мен пәні. Қазіргі мектеп тәжірибесіне инновацияны ендірудің мақсаты, компоненттері мен алгоритмдері.

Инновациялық мектептер. Авторлық мектеп түсінігі. Авторлық мектептің сипаттамасы: жаңашылдық, альтернативтілік (баламалық), концептуалдық, кешенділік, әлеуметтік-педагогикалық мақсатқа бағыттылық, шынайылық, өндірушілік, тиімділік. Авторлық мектептердің инновациялық моделі: «Назарбаевтың интеллектуалдық мектебі», өзін-өзі анықтау мектебі (Ш.А.Амонашвили); мәдениет диалогы мектебі (М.М.Бахтин, В.С.Библер) және т.б. Қазақстандағы педагогикалық инновациялық. (Искаков А., Жампеисова М.М., Караев Ж.).. Оқу мекемелерінің инновациялық үдерістерінің негізгі бағыттары. Мұғалім – жаңалық енгізудің негізгі субъектісі. Мұғалімнің инновациялық іс-әрекетінің мазмұны мен құрылымы. Мұғалімнің жаңашылдық (инновативті) санасының мәні. Педагогтың жаңашылдығының негізгі сипаты. Мұғалімнің жаңашылдық іс-әрекетінің нәтижесі. Мұғалімнің инновативтілік құзыреттілігі.

Педагогикалық технологиялардың негізгі сипаттамалары. Педагогикалық технологиялардың қызметтері. Педагогикалық технологиялардың түрлері.


Тұтас педагогикалық үдерісті ұйымдастырушылық- әдістемелік басқару, мектеп шеңберінде мұғалімдердің біліктілігін арттыру және оларды аттестациялау

«Педагогикалық менеджмент» ұғымы. Басқарудың мәні және оның негізгі қызметтері. Басқару қағидалары. Мектеп туралы нормативті құжаттарға сипаттама. Мектептегі педагогикалық үдеріс – әкімшілік басқарудың объектісі.

Мектеп әкімшілігінің білім беру жүйесінде менеджер ретіндегі іс-әрекеті: директор, тұтас педагогикалық үдерістің әртүрлі аспектісіндегі директордың орынбасарлары, менеджер. Мектептегі бүгінгі менеджмент.

Мектептегі педагогикалық үдерісті басқарудағы алқалық ұйымның қызметтері (педагогикалық кеңес, әдістемелік кеңес). Мектептегі педагогикалық кеңес – ғылыми тұрғыдан педгогикалық үдерісті дамыту бағытындағы алқалық басқару ұйымы. Мұғалімдердің кәсіби-педагогикалық құзыреттілігін көтеру сапасындағы әдістемелік бірлестіктер мен кафедраның іс-әрекеті.

Мектептегі әдістемелік қызмет. Мектептің әдістемелік қызметі – педагогтердің кәсіби құзыреттілігі мен біліктілігін көтерудің негізі. Мұғалімдердің әдістемелік дайындығымен тұтас оқу-тәрбие үдерісінің тиімділігін арттырудың өзара байланысы. Мектептің әдістемелік қызмет шеңберінде мұғалімдерді ғылыми-зерттеу және инновациялық педагогикалық іс-әрекетке дайындау.

Мұғалімдерді аттестациялау – олардың кәсіби шеберлігінің шынайы деңгейін айқындайтын құрал. Мұғалімдерді жіктеу деңгейлері, оларға сипаттама. Ішкі және сыртқы сараптама барысында мұғалімдерді аттестациялау және диагностика технологияларына қойылатын қазіргі талаптар. Портфолио – педагог іс-әрекетінің және оның кәсіби құзыреттілігін дамытудың мотивациялық негізі.


Мектептің тұтас педагогикалық үдерісін диагностикалау және жоспарлау

«Тұтас педагогикалық үдеріс диагностикасы», «педагогикалық диагностика» ұғымдарының мәні. Диагностиканың негізі – тұтас педагогикалық үдеріс, оның әр түрлі кезеңдердегі қолданылуы жайлы ақпарат. Педагогикалық үдерістің жағдайы туралы ақпарат түрлері: бастапқы, тактикалық, оперативтік.

Педагогикалық үдерістің негізгі сипаттамасы: үлгерім сапасы, функционалды сауаттылық, интеллектуалдық даму деңгейі, оқушылардың тәрбиелік деңгейі, балалар ұжымының қалыптасу деңгейі, оқушылардың әлеуметтену белсенділігінің деңгейі. Педагогикалық үдеріс жайлы ақпаратты өңдеу әдістемесі және мектептің іс-әрекетін болжау үшін нәтижелерін көрсету.

Педагогикалық үдерісті басқару жайын зерттеу үшін ақпараттарды таңдау өлшемдері.

Мектепішілік бақылаудың формалары және әдістері. Мектептегі педагогикалық ұжымының іс-әрекетін бағалау өлшемдері – педагогтарды аттестациялаудың негізі. Педагогикалық ұжымның іс-әрекетінің көрсеткіштері мен өлшемдері. Мектептің тұтас педагогикалық үдерісін басқару мониторинг сапасы.

Мектеп жұмысының барлық түрін жоспарлау үшін педагогикалық үдеріс жайлы ақпаратты пайдалану. Болашақ және жылдық жоспар. Мектеп жұмысының барлық жоспар түрлерінің орындалуына бақылау жасау формаларының, мазмұндық бірлігі

Мектеп құжаттары. Мектепті басқарудағы мектеп құжаттарының рөлі. Негізгі құжаттардың тізімі және сипаттамасы. Бұйрық кітаптарына, сынып журналдарына және басқа да құжаттардың жүргізілуіне қойылатын талаптар. Мектептік құжаттарды жүргізудің электрондық формасы.
ҚР- да 12 жылдық орта білім беру моделіне көшу жағдайындағы білім беруді басқарудың жаңа тәсілдері

Білім беруді басқаруды ұйымдастырудың әлемдік тенденциялары. Білім беруді басқарудың әртүрлі үлгілері: орталықтандырылған, орталықтандырылмаған, аралас.

Білім беруді мемлекеттік-қоғамдық басқару (БМҚБ) – білім беру жүйесін басқарудағы мемлекеттік және қоғамдық құрастырушылардың шығармашылық өзара әрекеттестігі, басқарудың ерекше типі.

Білім беруді басқарудың мемлекеттік-қоғамдық қызметтері мен қағидалары. Қазақстанда білім беруді басқарудың мемлекеттік-қоғамдық типін қалыптастыру. 2011-2020 жылдарға арналған ҚР-да білім беруді дамытудың мемлекеттік бағдарламасындағы БМҚБ.

Білім беру менеджментін жетілдіру: корпоративтік басқарудың қағидаларын ендіру, білім беруде мемлекеттік-жеке серіктестік жүйесін қалыптастыру, қоғамдық ұйымдарға қатысу, қамқорлық кеңестер, бизнес өкілдері, ұлттық-мәдени қауымдастық, даму фонды және т.б.

ҚР-да 12 жылдық оқыту жағдайында білім беру ұйымдары




СЕМИНАР САБАҚТАРДЫҢ ТАҚЫРЫПТАР ТІЗІМІ


  1. Тарихи-педагогикалық зерттеулердің әдіснамасы, әдістері

  2. Эллинизм дәуіріндегі ағартушылық. Демокрит, Сократ, Платон, Аристотель ілімдеріндегі педагогикалық идеялар

  3. Кеңестік кезеңдегі білім берудің жетекші концепциялары

  4. Кеңестік кезеңде Қазақстанның ғалым-педагогтары еңбектеріндегі білім беру мәселелері

  5. Қазақстандағы (XVIII – XIX ғғ.) алғашқы ұлттық мектептер.

  6. Педагогикалық білім – адамзат капиталын сақтаудың және дамытудың негізі

  7. Тұлғаның іс-әрекеті – оның өзін-өзі дамытуының негізі

  8. Тұтас педагогикалық үдеріс – педагогиканың пәні және мұғалім іс-әрекетінің объектісі

  9. Мұғалім мен оқушының педагогикалық үдерістегі өзара әрекеттестігі

  10. Оқушылардың интеллектуалды әлеуетін дамыту

  11. Педагогтің кәсіптік іс-әрекетіндегі мақсаттылық

  12. Қазіргі мектепте рухани-адамгершілік, толерантты тұлғаны қалыптастыру мәселелері

  13. Оқытудағы құзыреттілік тәсіл. Оқушылардың түйінді құзыреттілігі – оқытудың нәтижесі

  14. Тұлғаның функционалды сауаттылығы

  15. 12 жылдық мектептегі оқытудың ерекшеліктері: кәсіптік оқыту

СОӨЖ ТАҚЫРЫПТАРЫНЫҢ ҮЛГІЛІК ТІЗІМІ

.


  1. Шыңғысханның Ұлы – «Жасақ» – қоғамның заңдар жинағы мен тәрбиесінің негізі

  2. Жәңгір хан (1841) мен «Мамания» (1889) мектептеріндегі білім беру жүйесінің ерекшеліктері

  3. Мектеп пен отбасының баланы әлеуметтендіру үдерісіндегі рөлі. Педагогикалық мамандық және оның қоғамдағы мәні.

  4. Мұғалімнің кәсіби құзыреттілігі жөніндегі түсінік.

  5. Қазіргі заман мұғаліміне қойылатын талаптар, оның құқықтары мен міндеттері. Қазақстан Республикасының «Білім беру туралы» Заңы.

  6. Педагогикалық қарым-қатынас стильдері және олардың технологиялық сипаттамасы.

  7. Педагогтің сөйлеу мәдениеті табысты кәсіби қызметінің шарты ретінде.

  8. Болашақ мұғалімдерді даярлау жүйесінде педагогикалық іс­тәжірибенің алатын орны.

  9. Педагогикалық іс­тәжірибенің мазмұны мен міндеттері.

  10. Кәсіби өзін­өзі тәрбиелеу және педагогтің өз білімін көтеруі.

  11. Кәсіби­педагогикалық дамудың тұлғалық­бағыттылық бағдарламалары.

  12. Педагогикалық ғылымдар жүйесі

  13. Ғылыми педагогикалық зерттеулер әдістері

  14. Білім алушылардың ғылыми дүниетанымын қалыптастыру

  15. Тәрбиені ұйымдастыру әдістері мен формалары

  16. Оқытуды ұйымдастыру әдістері мен формалары

  17. Педагогикалық технологиялар

  18. Педагогикалық менеджмент

  19. Мектептегі әдістемелік қызмет



КУРСТЫҚ ЖҰМЫСТАРДЫҢ ҮЛГІЛІК ТАҚЫРЫПТАРЫ

  1. Қазақстандағы педагогикалық мамандықтың пайда болу және даму ерекшеліктері.

  2. Мұғалімнің кәсіптік қызметі мен оның тұлғасы.

  3. Революцияға дейінгі Қазақстандағы халықтық білім беру жүйесінің құрылуына Ы.Алтынсариннің қосқан үлесі.

  4. Мұғалімнің кәсіби педагогикалық бейімделу мәлелелері.

  5. Бала құқығын қорғау туралы Халықаралық Конвенция.

  6. Мектеп пен отбасының баланы әлеуметтендіру үдерісіндегі рөлі

7. Мұғалімнің сабаққа дайындық жүйесі

8. Дүниетаным – қалыптасушы тұлғаның өзегі

9.Қазіргі мектептегі тәрбие жүйесі және мазмұны

10. Сынып жетекшісінің тәрбиелік жүйені құру бойынша іс-әрекеті

11. Мектептегі инклюзивті білім берудің мәні және оны жетілдіру

12.Қазіргі мектептегі электрондық оқыту жүйесі

13.Құзіреттілік тұрғыдан оқушының оқу әрекетінің нәтижесін бақылау және бағалаудың формалары

14.Қазіргі мектептегі оқытудың ақпараттық және коммуникативтік технологиясы



15. Мектептегі әдістемелік қызмет.

ҰСЫНЫЛАТЫН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

Негізгі әдебиеттер:

  1. «Білім туралы» Қазақстан Республикасының Заңы./ «Егемен Қазақстан» , 2007 .- 15 тамыз

  2. Қазақстанның 2030 жылға дейінгі даму стратегиясы Алматы, 1998.

  3. Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасы /Егемен Қазақстан, 2003.- 26 желтоқсан

  4. Қазақстан Республикасы этномәдени білім беру тұжырымдамасы /«Егемен Қазақстан», 1996.- 7 тамыз.

  5. Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы /Егемен Қазақстан, 2010.- 5 желтоқсан

  6. Қазақстан Республикасы білім беру саласындағы мемлекеттік саясатының тұжырымдамасы, Алматы: Казақстан, 1996.

  7. Введение в педагогическую профессию: Учеб. пособие для студ. сред. пед. учеб. заведений. Батурина Г.И., Кузина Т.Ф. – М., 1998.

  8. Ахметова Г. К., Исаева З. А. Педагогика: учеб. для магистратуры ун-тов / - Алматы : Қаз. ун-ті, 2006. - 323 с.

  9. Ахметова Г. К., Исаева З. А., Әлқожаева Н.С.Педагогика: оқулық. – Алматы:Қазақ ун-ті, 2006. – 218 б.

  10. Әбиев Ж.Ә., Бабаев А.М., Құдиярова А.М. Педагогика:оқу құралы. – Алматы: Дарын, 2004. – 443 б.

  11. Әленұлы Ш. Педагогика: ұлттық мектепке негізделген оқу құралы. – Алматы: РОСТ, 2002. – 302 б.

  12. Г.К.Ахметова., Ш.Т.Таубаева. – Алматы: Қазақ ун-ті, 2006. – 335 б.

  13. Әбілдина С.Қ. Педагогика тарихы: оқу құралы. – Қарағанды: Гласир баспасы, 2009.- 236 б.

  14. Коркина В.И., Әбілдина С.Қ. Педагогика тарихы бойынша атлас. –Қарағанды: Гласир баспасы, 2010.- 265 б.

  15. Қалкеева Қ.Р. Педагогика пәнінің логикалық-құрылымдық курсы: оқу құралы. – Жезғазған: ЖезУ, 2005. 126 б.

  16. Қоянбаев Ж.Б., Қоянбаев. Педагогика: Университеттер студ. арналған оқу құралы. – Алматы: Эверо, 2004. – 420 б.

  17. Беркімбаева Ш.К. Педагогика тарихы: білім беру және педагогикалық ойлар тарихы: оқулық. – Алматы: ҚазМемҚызПУ, 2009. – 397 б.

  18. Баширова Ж.Р. Педагогикалық технологиялар арқылы оқушылардың танымдық қызығушылығын қалыптастыру:оқу-әдістемелік құралы. – Алматы:Қазақ ун-ті, 2003. – 61б.

  19. Сейталиев Қ. Педагогиканың жалпы негіздері: оқу құралы. – Алматы: Өлке, 2009. – 223 б.

  20. Сейталиев Қ. Педагогика тарихы: университеттер мен педагогикалық оқу орын. арн. оқулық.- Алматы: Білім, 2008. – 414 б.

Қосымша әдебиеттер:

      1. Абильдина С.Қ. Қазақстанда оқушыларға этномәдени білім берудің қалыптасуы мен дамуы /Ғылыми басылым. – Алматы: «Әрекет – принт». 2011.- 349 б.

      2. Белухин Д.А. Основы личностно-ориентированной педагогики. - М.,1996.

3. Вайндорф-Сысоева М. Е. ,Л. П. Крившенко. Педагогика : пособ. для сдачи экзамена. М. : Юрайт-Издат, 2005. - 239 с.

4. Вигман С. Л. Педагогика в вопросах и ответах : учеб. Пособие. М. : Проспект, 2005. - 207 с.

5. Волынкин В.И. Педагогика в тестах : учеб. пособие. Ростов н/Д : Феникс, 2008. - 126 с.

6. ВульфовВ.З., Иванов В.Д. Основы педагогики в лекциях, ситуациях, первоисточниках. Учебное пособие. - М.,1997.

7. Громкова М.Т. Педагогика образования взрослых.- М.,1995

8. Гусинский Э.Н., Тучанинова Ю.И. Введение в философию образования.- М.,2000.

9. Джуринский А.Н. Зарубежная школа: современное состояние и тенденции развития. - М.: Просвещение, 1993.

10. Измайлов А.Э. Народная педагогика: педагогические воззрения народов Средней Азии и Казахстана.- М.,1991

11. Каменская Е.Н. Педагогика : учеб. пособие. 2-е изд. - М. : Дашков и К, 2009. - 316 с.

12.Кан-Калик В.А. Учителю о педагогическом общении.-М.,1987

13. Кожахметова К.Ж. Казахская этнопедагогика: методология, теория, практика.- Алматы, "Гылым", 1998.

14. Қалиев С.Қ., Майғаранова Ш., Нысанбаева Ғ Тәрбие хрестоматиясы. - Алматы : Ғылым, 2001. – 330 б.

15. Кульневич С. В., Т. П. Лакоценина. Современный урок : науч.-практ. пособие для учителей, методистов, руководителей образоват. учреждений, студ. и аспирантов пед. учеб. заведений, слушателей ИПК. Ростов н/Д : Учитель. - 2005.

16. Маркина Л.Н. Исследовательская культура учителя. - Караганда, КарГУ, 1996.



  1. Михайлова Н.Н., Юсфин С.М. Педагогика поддержки: учеб.-метод.пособие .М. : МИРОС, 2002. - 207с.

  2. Наурызбай Ж.Ж. Ұлттық мектептің ұлы мұраты. – Алматы: Ана тілі, 1995. -192 б.

  3. Наурызбай Ж.Ж. Этнокультурное образование. - Алматы, "Ғылым", 1997. – 152 с.

  4. Окомков О.П. Современные технологии обучения в вузе: сущность, принципы проектирования, тенденции развития. Высшее образование в России. –1994. №2

  5. Оконь В. Введение в общую дидактику. - М., 1990.

  6. Педагогика народов мира : История и современность. - М. : Пед.о-во России, 2000. – 568 с.

  7. Педагогика [Электронный ресурс] : учебник / под ред. Л. П. Крившенко. - Электрон. дан. - М. : Проспект : КноРус, 2009

  8. Пряжников Н.С. Профессиональное и личностное самоопределение. Воронеж, 1996.

  9. Сарсекеева Ж.Е. Культура профессионального мышления педагога. – Караганда: Изд КарГУ, 2011. – 386 с.

  10. Селевко Г.К. Современные образовательные технологии. - М., 1998.

  11. Сарбасова Қ.А., Шаушекова Б.Қ.. Педагогика негіздері: Оқу-әдістемелік құралы. – Қарағанды: ҚарМУ баспасы, 2004. – 118б.

28. Смирнов С.А. Педагогическая система: теория и технология. – М., 1996.

29. Соколов В.Н. Педагогическая эвристика. – М., 1995.



30. Стефановская Т. А. Педагогика: наука и искусство. М., 1998.

  1. Хмель Н.Д. Целостный педагогический процесс в общеобразовательной школе. – Алматы, 1984..

  2. Щуркова Н.Е. Новые технологии воспитательного процесса. - М., 1994.

  3. Шалғынбаева К.К. Педагогика: оқулық.- Алматы: Print-S, 2005. -429 б.

Интернет көздері:

  1. www.gnpbu.ru - общий электронный каталог Государственной научной педагогической библиотеки им.К.Д.Ушинского

  2. fond.tpu.ru/fond – история и методология науки

  3. www. gramota. ruметоды исследования

  4. dictionary.fio.ru – педагогический энциклопедический словарь

  5. dis.finansy.ru -структурные части научной работы, оформление результатов научного исследования.

  6. www.edu.gov.kz – ҚР Білім және ғылым министірлігі сайты

  7. www.educontrol.kz – ҚР Білім және ғылым саласындағы бақылау комитетінің web сайты

  8. www.naukakaz.kz – Бәрі Қазақстан ғылымы туралы

  9. www.professional.kz – ҚР заңдарына түзетулер.

  10. www. zakon. kz – Бәрі Қазақстан заңнамасы туралы.

  11. Образование.- http:logs.wallest.ru


Авторлары:

Абильдина С.К., Е.А.Бөкетов атындағы ҚарМУ-і, бастауышта оқытудың педагогикасы мен әдістемесі кафедрасының профессоры., п.ғ.д.

Шаушекова Б.К., Е.А.Бөкетов атындағы ҚарМУ-і, бастауышта оқытудың педагогикасы мен әдістемесі кафедрасының доценті., п.ғ.к.

Асетова Ж.Б., Е.А.Бөкетов атындағы ҚарМУ-і, бастауышта оқытудың педагогикасы мен әдістемесі кафедрасының аға оқытушысы., п.ғ.м.

Шаяхметова М.Н., Е.А.Бөкетов атындағы ҚарМУ-і, бастауышта оқытудың педагогикасы мен әдістемесі кафедрасының доценті., п.ғ.к.

Медиева С.Х., Е.А.Бөкетов атындағы ҚарМУ-і, бастауышта оқытудың педагогикасы мен әдістемесі кафедрасының аға оқытушысы., п.ғ.м.




жүктеу 346,38 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау