Бағдарламасы қостанай, 2016 жыл мазмұНЫ



жүктеу 3,02 Mb.
бет8/13
Дата20.11.2018
өлшемі3,02 Mb.
#21889
түріБағдарламасы
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13

Ішкі саясат

858 қоғамдық ұйымдарымен әрекеттесуі іске асырып жатыр, соның ішінде: саяси партиялардың облыстық бөлімшелері - 6, этномәдени бірлестіктер – 18, этнобағдарлы бірлестік – 61, үкіметтік емес ұйымдар (ҮЕҰ) - 773 ауыл ҮЕҰ үлесімен - 24%.

Соңғы 3 жылдар бойынша ҮЕҰ саны 5%-ға артты (2014 ж. – 737)

Қостанайдағы ҮЕҰ-дың негізгі қаржыландыру көзі жыл сайынғы ұлғаюымен және салалық көзқарасының кеңейтуімен сиппаталатын мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс болып табылады. Нәтижесінде, мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс соңғы 5 жыл бойынша 1,7 есе ұлғайды.

2015 жылы ҮЕҰ жобаларының қаржыландыру көлемі 167,9 млн. теңгені құрады, оның ішінде 63,2 млн. теңге өңірлік қаржыландыру және салалық қаржыландыру – 104,7 млн. теңге.

Облыс мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстың іске асыруына 56 үкіметтік емес ұйым қатыстырылды. ҮЕҰ қызметтерімен 180 мыңнан астам адам қамтылған, бұл облыс халқының жалпы санынан 20% құрайды.

Мемлекет пен азаматтық қоғам институттарының конструктивті қарым қатынасын қамтамасыз ету шеңберінде тұрақты қызмет ететін диалогтық алаңдардың жұмысы қалыпқа келтірілді, олардың араларында Медиа-форум, Азаматтық форумдар, ауылдық ҮЕҰ форумы, Патриоттар форумы, Аймақтық жергілікті ғылыми-практикалық конфнренциясы, этникааралық қатынастар мәселелері бойынша аймақтық жергілікті семинары, Достық үйінің зияткерлік қонақ үйі бар қоғамдық тыңдаулар дәстүрлі болып табылады.

Қазақстанның жаһандық халықаралық ұйымдардағы көшбасшылығын мойындаудың жетекші факторларының бiрi облыстағы мемлекеттiк саясатты, Мемлекет басшысының жыл сайынғы жолдауларының негiзгi бағыттарын және оларды іске асыру барысын түсiндiру мен насихаттау жөніндегі жұмыстар қолдайтын iшкi саяси тұрақтылық болып табылады. Тұрғындардың арасындағы ақпараттық-насихаттау жұмысы басты тетік болып табылады. Мемлекет басшысының Жолдауын негізге ала отырып, облыстық ақпараттық топ (АТ) құрамы жасақталады.

Аудандар мен қалалар халқының қалын ортасын ақпараттандыру үшін 2015 жылы мемлекеттiк органдардың жетекшiлерi, аудандық және қалалық мәслихаттардың депутаттарынан, жұртшылық пiкiрiнiң жетекшiлерiнен біріктірген 21 ақпараттық-насихаттау топ жұмыс жасады (1 облыстық, 20 қалалық және аудандық АТ).

Облыста 61 этнобағытталған бірлестік қызмет етіп келеді, 18-і облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясының құрамына кіреді.

Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс шеңберінде тұрақты негізде ұлтаралық келісімнің қазақстандық моделін насихаттау бойынша «Достық керуені» тобының ақпараттық-насихаттау тақырыптық қызметі ұйымдастырылған.

2016 жылдың 01 қаңтарындағы жағдай бойынша Қостанай облысының аумағында 119 бұқаралық ақпарат құралдары, оның iшiнде 84 газет және журналдар, 35 электрондық БАҚ (15 кабельдік теледидар студиялары, 9 радиостанция, 10 телекомпания және 1 авторлық теледидар студиясы). Олардың 95%-ы мемлекеттік емес болып табылады.

Қостанай облысындағы 45 бұқаралық ақпарат құралының өзіндік интернет-ресурсы бар. Одан басқа, ақпараттық агенттіктің 1 сайты, облыс әкімінің интернет-порталы, қалалар мен аудандар әкімдіктерінің 20 интернет-ресурстары, облыс әкімдігі басқармаларының 25 сайты, облыстық департаменттер мен мемлекеттік мекемелердің 21 сайты қызмет етіп келеді.

2015 жылы облыс бойынша мемлекеттік ақпараттық тапсырыс 474,8 млн. теңгені құрады (соның ішінде 268,0 млн. теңге – облыстық бюджет қаражаты, 206,8 млн. теңге – қалалар мен аудандар бюджеттерінің қаражаты).

Мемлекеттік ақпараттық тапсырыс соңғы үш жылда 1,2 есеге ұлғайды (2013ж. – 395,7 млн теңге). Мемлекеттік тапсырыс жүйесіне 30 облыстық, қалалалық, аудандық газет, 3 республикалық газет пен 14 телерадиостудия қатысады.

Елді дамытудың негізгі басымдықтары мен облыстық, аудандық және қалалық БАҚ арқылы өткізілетін мемлекеттік саясат туралы облыс тұрғындарының ақпараттандыру деңгейі 78% құрады.


Жастар саясаты

2016 жылдың 01 қаңтарындағы жағдай бойынша облыста тұрғындардың жалпы санынан 25,4% құрайтын 14 пен 29 жас аралығындағы 217268 жастар, бұл елдегі жастардың жалпы санынан 5,3% және өңірлердегі жастардың жалпы санынан 25,4%.

Экономикалық белсенді жастар 118,9 мың адамды құрайды (оның ішінде қала – 66,4 мың адам, ауыл – 52,5 мың адам).

Жыл сайын мемлекеттік жастар саясаттың іске асыруына қаржыландыру көлемі өседі. 2012 жылы осы мақсаттарға 70 млн теңге, 2013 жылы 135,560 млн теңге, 2014 жылы 170 млн. теңге бөлінсе, сонда 2015 қаржыландыру сомасы 154,97 млн теңгені құрады (2012 жылғы деңгейге 2,2 есе өсуі).

Қостанай облысында 8 жоғары оқу орны қызмет етеді, оның базасында 17798 адам (оның ішінде 12802 – күндізгі бөлімде, 4996 – сырттай бөлімде) оқытылады. «Серпін – 2050» мемлекеттік бағдарлама бойынша оқуға еліміздің оңтүстік өңірлерінен келген студенттер саны - 1028 адам.

Оқу орындарында жүйелі негізде жастармен жұмыс бойынша бөлімшелердің қызметі жүргізіледі (тәрбие жұмысы бөлімдер, жастар істері жөніндегі комитеттер, студенттік өзін-өзі басқару органдары т. б.). Студенттік бірлестіктер, үйірмелер құрылған, ҮЕҰ республикалық жастар өкілдігі жұмыс істейді.

Техникалық және кәсіптік біліммен қамту деңгейі (14-тен 24 жасқа дейінгі ) 10,7% құрайды.

Соңғы жылдары алынған бағдар жұмыс мамандығына колледж түлектері санының ұлғайуынын (2012 ж. - 7092 адам, 2013 ж. - 9187 адам, 2014 ж. - 8625 адам, 2015 жылы – 7846 адам) және жоғары оқу орындарында түлектер санының азайуын (2012ж. - 5413 адам, 2013 ж. - 4138 адам, 2014ж. - 3867 адам, 2015 ж. - 3665 адам) көрсетеді.

Республикалық - 72,5%-ы кезінде бітірушілердің жұмысқа орналасқандар үлесі 82% құрайды. Аталған көрсеткіш жұмысқа орналастыру бойынша жоғары оқу орындары мен колледждердің түлектеріне түсіндіру жұмысытарының, облыс кәсіпорындарымен меморандумдар қорытындысының, жұмысқа орналастыру бойынша мемлекеттік бағдарламаларды іске асыру бойынша жұмысқа бағытталған бос орындар жәрмеңкесін жүргізудің арқасында қол жеткізіледі.

Жастарды жұмысқа орналастыруға қосымша талаптар мемлекеттік бағдарламаларды іске асырумен құрылады.

«Дипломмен – ауылға!» республикалық жоба Қостанай облысы бойынша 2009 жылдан бастап іске асырылуда. Жобаны іске асырудың басынан бастап ауылдық жерлерге 3 200 астам маман жұмысқа тартылды (2012 жылы – 503 адам, 2013 жылы – 529 адам, 2014 жылы – 454 адам, 2015 жылы – 330 адам).

Сондай-ақ, аталған мемлекеттік бағдарлама шеңберінде тұрғын үй сатып алуға бюджеттік кредит алу арқылы тұрғын үй мәселесін шешу ұсынылады. 2015 жылы мемлекеттік бағдарлама шеңберінде 222 жаңадан келген мамандарға 597 млн. теңге мөлшерінде қаражат бөлінді.

Жастарды маусымдық жұмыспен қамту мәселесін шешуге «Жасыл Ел» мемлекеттік бағдарламасы бағытталған.

2012-2015 жылдарға «Жасыл Ел» жобаны іске асыруға облыста 40-тан астам млн. теңгеде қаржыландырумен (2013 жылы – 16 млн. теңге, 2014 жылға – 10 млн. теңге, 2015 жылы – 14 млн. теңге) 2000-нан астам адам қамтылды (2013 жыл – 519, 2014 ж. – 520, 2015 жылы – 1000).

Мемлекеттік жастар саясатын іске асыру өңірде сондай-ақ үкіметтік емес сектор арқылы жүзеге асырылады. 2016 жылдың 01 қаңтардағы жағдай бойынша облыста 115 жастар үкіметтік емес ұйымдарда қызмет атқарады (оның ішінде 9 республикалық жастар ұйымдары: Жас Отан, Жас Улан, Жас Қыран, Ауылдық жастар одағы, Студенттер альянсы, Жасыл Ел, Жастар конгрессы, Жұмысшы жастар одағы, Ұлттық еріктілік жүйесі).

Жастар саясаты саласында 4 сайттың жұмысы жалғасуда: Zhastar.kz, Patrioti.kz, kcmi.kz, zhastar.kostanay.gov.kz. Вакансиялар және ізденуші ашық базасы бар жастарды жұмыспен қамту бойынша интернет-портал құрылған.

2016 жылғы 01 қаңтардағы жағдай бойынша Қостанай облысының аумағында 19 Жастар бастамаларының орталығы қызмет етеді, бұл 2012 жылдан 4,8 есе көп. Орталықтардың қызметі тұрғылықты жері, оқу және жұмысы бойынша атаулы жұмысты түзуге, жастарды дамыту және өзін-өзі таныту үшін жағдай жасауға бағытталған.

2015 жылы 900 іс-шаралар өткізілді, 800 консультациялар көрсетілді, проф бағдарлау, жастарға кеңес беру бойынша жұмыс белсендірілді, өткізілетін іс-шараларға мемлекеттік органдардың мамандары тартылады.

Қостанай облысы әкімдігінің қарамағында Жастар істері жөніндегі кеңесі, қалалар мен аудандардың әкімдіктері қарамағында 20 Кеңестер жұмыс істейді, олардың құрамына мемлекеттік органдардың басшылары, үкіметтік емес ұйымдар, мәслихат депутаттары мен жастар ұйымдарының көшбасшылары кіреді.

Орындарында жастар айналымда әлеуметтік қауырттылығының өсуіне жол бермеу бойынша алдын ала шамалардың жоспарлар іске асырылады.

Саланың дамыту жағдайының Swot-талдауы:


Күшті жақтары:

1. Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс шеңберінде облыстық және 4 өңірлік ресурстық орталықтары арқылы жүргізілетін ҮЕҰ мен облыстың бастамашыл топтары үшін гранттық жүйесі енгізілген.

2. ҮЕҰ ақпараттық және әдістемелік қамтамасыз ету үшін Қостанай облысы ҮЕҰ Ресурстық орталығының grin_kost@mail.ru сайты жұмыс істейді.

3. Облыста Қазақстанның ұлттық бірлігі Доктринасының негізгі көрсеткіштерін іске асыру бойынша жүйелі жұмыс ұйымдастырылған

4. Облыстың мнтернет кеңістігіне БАҚ әсері кеңейе түсті – үш жыл ішінде БАҚ сайтының саны 24-тен 45-ке дейін ұлғайды.

5. 2015 жылдан бастап мемлекеттік органдар қызметінің ашықтығы мен қолжетімділігін арттыруға бағытталған Аймақтық коммуникациялар қызметі жұмыс істейді.

6.Кәсіби топтарда жұмыс істейтін облыстық, үнемi жұмыс iстейтiн 2 тақырыптық ақпараттық-насихаттаушы топтардың және «Жас саясаткер» жастар ҮЕҰ қорытындылары бойынша қызмет және керi байланыс қалыптасты.

7.Аймақтарда жастар бастамасы орталықтары ашылды (19).

8.Жастар үкiметтiк емес ұйымдарының саны 115-ға дейiн өскені байқалып отыр.


Әлсіз жақтары:

1.Бейінді ҮЕҰ үшiн әлеуметтiк тапсырысты салалық қаржыландырудың жеткiлiксiз деңгейi.

2.Ақпараттық-насихаттау жұмыстарын өткiзу кезiнде жаңа ақпараттық технологияларды, коммуникативтік технологияларды қолданудың жеткiлiксiз деңгейi.

3. Электронды БАҚ-да ресейлік телеарналардың сұранысқа ие болуы бұрынғыша жоғары, бұл мемлекеттік ақпараттық саясаттың негізгі басымдықтары туралы халықтың хабардар болу деңгейін төмендетеді.



Мүмкіндіктері:

1. Әдістемелік семинарлар жүргізу арқылы ақпараттық-түсіндіру жұмыстарының кадрлық әлеуетті кәсібилендіру үшін әдістемелік көмекті ұйымдастыру.

2. Облыс өңірлерінің бейінді ҮЕҰ ескере отырып мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс лотының тақырыптарын реттеу арқылы мемлекет пен ҮЕҰ әлеуметтік әріптестігін одан әрі тереңдету.

3. Қазақстанның тәуелсіз құндылықтары мен мемлекеттің даму Стратегиясын жылжытуға арналған аймақтық ғылыми-практикалық конференцияға қатысуға ғылыми зиялы қауымды тарту.

4. Отандық БАҚ контентінің қажеттілік деңгейін арттыру мақсатында ұлттық жерсеріктік хабар таратуды дәйекті түрде енгізу.

5. Жастар саясаты саласындағы түрлі форматтағы іс-шаралар өткізу.

6. Жастар арасында мәдени-демалыс, ақпараттық түсіндіру жұмыстарын қолдау.


Қауіп-қатерлері:

1.Қоғам-саяси жағдайын тұрақсыздандырушы факторлерды қалыптастыру.

2. Халықтың өмір сүру деңгейінің сапасын төмендету нәтижесінде әлеуметтік шиеленістің күшеюі.


Негізгі проблемалар

Облыс тұрғындарының қолдауымен Мемлекеттің даму стратегиясы деңгейін төмендету.

Мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттарын насихаттау бойынша ақпараттық жұмыстарының кадрлық әлеуетін кәсібилендірудің жеткіліксіз деңгейі.

Салалық ҮЕҰ, азаматтық қоғам институттарын кадрлық қамтамасыз ету үшін мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстың салалық қаржыландыруының жеткіліксіз көлемі.

Қазақстандық мазмұнымен облыс медия кеңістігінің жеткіліксіз қамтылуы.

Ауыл жастарын жұмысқа орналастырудың төмен пайызы.

Жастар арасындағы қылмыс.

Жастар саясатын жүзеге асыруға кадрлық, ғылыми және ақпараттық қамтамасыз ету жеткіліксіз.



2.1.3.Қоғамдық қауіпсіздік және құқықтық тәртіп

2012-2014 жылдары тіркелген қылмыстардың саны 22 537-ден 23 441-ге дейін өсті, 2015 ж. – 22 661. Бұл ретте 2014 жылы 2013 жылмен салыстырғанда жалпы қылмыстар 25580-нен 23441-ге дейін (-8,4%) төмендеуі байқалады.

Облыста нақты қылмыстық ахуал әлеуметтік-тиімді деңгейде сақталып отыр.

Егерде 2013 жылды 2012 жылмен салыстырғанда тіркеудің өсуі негізінен зорлаудың (+48,2%), бұзақылықтардың (+95,9%) және алаяқтықтардың (+25,6%) қылмыстардың есебінде орын алса, 2014 жылы 2013 жылмен салыстырғанда ол өлтірудің (-26,3%), тонаулардың (-54%), алаяқтардың (-18,9%), малды (-25,5%) және ұялы телефондарын (-23,7%) ұрлықтардың тіркеу төмендеуімен байланысты болды.

Бұл ретте, 2015 жылы 2014 жылғы ұқсас кезеңімен салыстырғанда мынадай қылмыстардың тіркеуінің өсуі байқалады: адам өлтіру (+5,1%), ауыр дене жарақатын салу (+59,2), қарақшылық (+75,0) және ұрлау (22,5%). Мынадай қылмыстардың төмендеуі байқалады: қорқытып алушылық (-52,3), ұрлық (-12,3%), тонау (-28,9%), бұзақылық (-31,6%).

2012-2015 жылдары бойынша қоғамдық жерлерде және көшелерде болатын қылмыстың төмендеуі байқалады. Қоғамдық жерлерде 36,8%-дан 29,6%-ға дейін және көшелерде жасалған қылмыстың үлес салмағы 58,4%-дан 18,1%-ға дейін төмендеді.

2015 жылы 2014 жылғы ұқсас кезеңімен салыстырғанда, қоғамдық орындарда (-0,7%) және көшелерде (2,1%) жасалған барлық қылмыстардың үлес салмағының азайуы байқалады. Алайда, ағымдағы кезеңде қоғамдық орындарда және көшелерде қылмыстардың үлес салмағы әлі де жоғары деңгейде, сәйкесінше 28,9% және 16,0%.

2015 жылы 2012 жылмен салыстырғанда аса ауыр қылмыстар саныны 33,5%-ға азайғаны байқалды, соның ішінде кісі өлтіру 23,4% - ға, қарақшылық 2,6 есе.

Көше қылмысын ұстау мақсатында қоғамдық тәртіпті және қауіпсіздікті сақтауды ұйымдастыруды одан әрі жетілдіру бойынша шаралар қабылданды:

-көшелерде, қоғамдық жерлерде, шағын тұрғын үй аудандарында және азаматтар көп баратын орындарда бейне бақылау жүйелері орнатылуда;

- облыс көшелерінде «Әмбебап полицей» принципі бойынша қылмыстардың алдын-алу, қоғамдық тәртіпті күзету, жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету, қылмыстардың «іздерін суытпай» ашу негізгі міндеттері болып табылатын жол-патрульдік қызметкерлері қызмет атқарады.

2012-2015 жылдары бойы жасөспірімдер арасындағы қылмыс көрсеткіштерінің төмендеуінің қарқыны байқалып отыр. Кәмелетке толмаған жасөспірімдермен жасалған қылмыстардың үлес салмағы 2012 жылы 5,6%-тан 2015 жылы 4%-ға дейін төмендеді, 2015 жылы-3,8%. Көпшілікте, әрбір қалалық және ірі ауыл мектептеріне бекітілген алдын алу іс-шаралары жүргізілетін кәмелетке толмаған қылмыстығының оң серпіні «мектеп» полиция инспекторларының жұмыс қорытындыларымен байланысты.

Қылмыс санын төмендеуімен бірге 2012-2015 жылдар аралығында қылмыс жасалған және қылмыстық жауапкершілігіне тартатын кәмелетке толмаған жасөспірімдердің саны 24%-ға (393-тен 298-ге дейін) төмендеді, соның ішінде жалпы білім беретін мектептерде оқитын 11,7%-ға (188-ден 166-ға дейін) төмендеді.

2012-2014 жылдардағы кезеңде жол-көлік апаты 3,4%-ға (705-тен 729 дейін) өсті, нәтижесінде 128 адам қайтыс болды (+33,3%, 2012 жылы-96 адам) және әр түрлі жарақат алған 934 адам (+5,1%, 2012 жылы-889).

Алайда, 2015 жылы 613 дейін тіркелген жол-көлік оқиғасы санының төмендеуі белгіленген, бұл 2014 жылғы деңгейден 16%-ға (729 жко) төмен, онда 105 адам қайтыс болды (204 ж. – 128 адам, (-18,0%,) 772 адам жарақаттанған (204 ж. – 934, (-17,3%).

2015 жылы ЖЖЕ 93704 әкімшілік құқықты бұзу анықтылған (2014ж.-86689, (+8,1%), 2014 ж. – 70441, ( +33%).

Өңірде дін ахуалы тұрғындар арасында дінге дәстүрлі көзқарастың басымдылығымен, ұлысаралық және дінаралық қарсылықтар үшін принципиалды себептердің болмауымен сипатталады. 2013-2015 жылдардағы кезеңде тіркелмеген дін ұйымдары қызметін жүзеге асырудың факті анықталмады (2012 жылы – 2 факт).

2012-2015 жылдары қылмыс құрылымында есірткі қылмыстарының үлесі 1,6%-дан 1,4%-ға дейін азайып жатыр.

2015 жылы облыс аймағында 320 есірткі қылмысы тіркелген (2014ж.-306, 2013ж.-318, 2012 ж. - 362).

2012-2014 жылдары бойынша анықталған есірткі сату фактілерінің саны 217-ден 174-ке дейін (19,8%), есірткі сақтау 130-дан 93-ке дейін (28,5%) азайды. 2015 ж. есірткі сатудың 188 факті тіркелді (8%-ға өсті), бұл ретте жеке тұтыну үшін аса ірі мөлшерде есірткі заттарын сақтау фактілері санының төмендеуі жалғасты – 87 (6,5% төмендеу).

2015 ж. заңсыз айналымнан алынған есірткі заттарының жалпы салмағы - – 836,119 кг құрады, бұл 2012 жылғы деңгейден 2,9 есе жоғары (2012ж. – 282,135 кг).

Облыс аумағына есірткі заттарының арналарын анықтау және жолын кесу бойынша жүргізілген іс-шаралар барысында, Қазақстан Республикасы ҰҚК ШҚ біргіп, Қостанай облыс бойынша есірткі заттары контрабандасының 41 фактісі анықталды (2014ж. - 36,2013ж. – 20, 2012 ж. - 7).

Қостанай облысындағы есірткі жағдайына әсер ететін белгілі фактор Ауғанстаннан, ортаазиялық республикалардан және елдің оңтүстік өңірлерінен Ресейге «оңтүстік-солтүстік» бағытындағы есірткі тасымалдаудың пайдалы «транзиттік дәлізі» ретінде оның географиялық орналасуы болып табылады.

Саланың дамыту жағдайын Swot-талдауы:



Күшті жақтары (S):

1. Азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын, заңды мүдделерін қорғау бойынша жағдайлары жасалған.

2.Қылмыс туралы барлық өтініштер мен хабарлардың толық тіркеуі;

3. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Бөтен мүлікті ұрлауға қарсы іс-қимыл жөніндегі 2015-2017 жылдарға арналған бағдарламасын іске асыру.

4. Қолиция қызметкерлерінің қызметтік және жауынгерлік даярлық, жауынгерлік қабілеті мен кәсіби деңгейін арттыру.


Әлсіз жақтары (W):

1. Отбасы-тұрмыстық салада құқықбұзушылықтың алдын алу бойынша шаралардың жеткіліксіздігі

2. Тұрмыстық маскүнемдік, маскүнемдіктің және нашақорлықтың алдын алу проблемаларының шешілмеуі.

3. Қиын өмірлік жағдайға тап болған тұлғаларға, әлеуметтік бейімдеу және оңалту деңгейінің жеткіліксіздігі

4. Ұйымдасқан балалардың бос уақыты нысандарының, өтеусіз аула клубтарының, үйірмелер, спорттық секциялардың жетіспеушілігі.

5. Қажетті материалдық-техникалық қамтамасыз ету деңгейінің жеткіліксіздігі және полиция бөлімшелері оқу базасының болмауы.



Мүмкіндіктері (O):

1. Қылмысқа қарсы күресте халықаралық ынтымақтастықты жетілдіру;

2.Ақпараттық жүйелерді және электрондық деректер базасын жаңғырту және құру;

3. Құқық бұзушылық пен қылмыс саны өсуінің алдын алу бойынша дер кезінде шаралар қабылдау;

4. Террористік және экстремистік ұйымдар мүшелерін анықтау және ұстау бойынша іс-шараларды жүргізу;

5. «Мектеп» полиция инспекторларының институтын дамыту.

6. Полиция нарядтарының іс-қимыл жеделдігін арттыру.

7. Облыстың қалалары мен аудандарында бейне бақылау жүйесін құру.



Қауіп-қатерлері (T):

1. Біртұтас экономикалық кеңістік аумағында қылмыстық топтардың белсенді шоғырландыру қауіпі артады.

2. Қазақстанмен шектес мемлекеттердегі тұрақсыз әлеуметтік-саяси жағдайы көші-қон ағынының және олардың қылмысына ілесуінің өсуіне ықпал етеді;

3. Дәстүрлі емес экстремистік бағыттағы ағымдарды білдіретін шетелдік миссионерлер мен діни бірлестіктердің қызметі.



Негізгі проблемалар

Қоғамдық орындарда және көшелерде қылмыстың үлес салмағы жоғары.

Жол қозғалысына қатысушылардың мінез-құлық мәдениеті төмен.

Облыс полицейлерінің, оның ішінде жол патрульдік полициясының бос лауазымдарының толықтырылмауы.

Автопатрульдердің, жылжымалы және стационарлық полиция бекеттерінің санын ұлғайту, оларды бірыңғай мәліметтер банкісіне кіруге мүмкіндігі бар компьютерлермен жарақтандыру.

Бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған тұлғалардың әлеуметтік бейімделуінің және оңалтудың толыққанды жүйесі жоқ.

Есірткі пайдалануда халықтың қатысу деңгейі жоғары.

Даму беталысы

Салауатты өмір салтын насихаттау, жол қозғалысы ережесін және қоғамдық тәртіп саласындағы заңнаманы сақтау мақсатында халық арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізу.

Тәуліктік тәртіпте жол қозғалысы ережелері бұзушылықтарын бақылау және автоматты фиксациялау жүйесін дамыту.

Ерте нашақорлықтың алдын алу жүйесін құру қажет.

Мамандандырылған медициналық мекемелерді дамыту.

Жалпы мемлекеттік есірткіге қарсы насихаттау жүйесін қалыптастыруға тәсілдерін ұйымдастыруды жетілдіру, оның ішінде және заңнамалық деңгейде.

Барлық мемлекеттік органдардың және бұқаралық ақпарат құралдарының әлеуетін пайдалана отырып пәрменді ақпараттық-насихаттау шараларының кешенін қабылдау.
Табиғи сипаттағы төтенше жағдайлар салдарының алдын алу және зардаптарын азайту

Облыс аумағы маусымдық су тасқынына, қыс мерзімінда тұрмыстық, өндірістік және ландшафтық өрттерге және төтенше жағдайларға тәуелді.

2012-2015 жылдар аралығындағы кезеңде облыста 5648 техногендік және табиғи өрт жағдайлары тіркелген, онда 197 адам қаза болды.

2015 жылы 1279 жағдай тіркелген, бұл 2014 жылғы деңгейден 8,3%-ға жоғары (1181 жағдай). Бұл ретте, қаза болғандар саны 39 адамды құрады (2014 жылы - 40), 2,5%-ға төмен. ТЖ Департаментінің күшімен авариялық - құтқару жұмыстарына 313 (2014 ж. - 296) шығулар жүзеге асырылды, 56 (2014 ж. - 80) адам құтқарылды, ТЖ аймағынан 2487 (2014 ж. - 3466) адам қауіпсіз жерге көшірілді, алғашқы медициналық көмек 6 (2014 ж. - 0) зардап шеккенге көрсетілді. Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметімен авариялық-құтқару жұмыстарына 313 (2014 ж. - 296) шығулар жасалды. Жедел - құтқару қызметтерімен 4431 (2014 ж. - 4634) шығулар жасалды, 419 (2014 ж. - 319) адам құтқарылып, 2554 (2014 ж. - 3466) адам қауіпсіз жерге көшірілді. «СӨАЖҚЖ» ММ бөлімшесімен 2015 жылы су айдындарындағы төтенше жағдайлар мен оқиғаларға 420 (2014 ж. - 324) шығулар жүргізілді. Іздестіру-құтқару операциялары Барысында 268 адам (2014 ж. - 239) құтқарылды, 14 (2014 ж. - 25) зардап шеккендерге медициналық көмек көрсетілді.

Мемлекеттің орман қорының 211 мың гектардан астамы орман өрттеріне шалдықты, жазық дала алқаптарында және ауыл шаруашылығы жерлерінде өртке шалдығу қауіп-қатерлері бар. 2012-2015 жылдардағы кезеңде жалпы 4068,97 гектар аумақта ормандар мен жануарлар әлемін қорғау жөніндегі мемлекеттік мекемелерде 163 өрт жағдайы тіркелді. Материалдық шығын 73,49 млн. теңге құрады.

Қарлы борандар ұзындығы 870,5 км республикалық және облыстық маңызы бар жолдардың 306 участкесінде автомобиль көлігінің қозғалысын қиындатуы немесе толық тоқтатып тастауы мүмкін.

Төтенше жағдайлардың алдын алу және жоюдың облыстық аумақтық кіші жүйесі күштерінің төтенше жағдайлардың барлық спектріне шұғыл ден қою деңгейі құтқару жүйесінің, оның ішінде апаттық-құтқару қызметі құрылымдарының хабарлау, ақпараттық қамтамасыз ету және байланысу, жеткіліксіз техникалық жарақтандырылуы сияқты құтқару жүйесін құрастырудың аяқталмауына байланысты төмендеуде.

Апаттар мен апаттық жағдайларға қарсы іс-әрекеттер және жою жөніндегі шаралардың кешені олардың көп қаржы талап етуіне байланысты жеткілікті көлемде іске асырылмай отыр.

Мемлекеттік өртке қарсы қызметтің бөлімшелері жоқ елді мекендерді өртке қарсы қорғау деңгейі төмен болып отыр.

2012-2015 жылдардың кезеңінде 178 адам суға батып кетті, соның ішінде 23 бала. 2015 жылы 14 оқиға тіркелген, бұл 2014 жылғы деңгейден 6%-ға төмен. 2015 жылы суға шомылу маусымының басынан 166 бала жүзуге үйретілді.

2015 жылы табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларға қарсы әрекет ету, қысқы, су тасқыны, өрт қауіпі кезеңдерінде ТЖ алдын алу, суда адамдар өлімін болдырмау мәселесі бойынша БАҚ-та ТЖ және өрт қауіпсіздігінің алдын алу бойынша 5407 (2014 ж. - 1.381) материалдар, соның ішінде: теледидарда – 457 (2014 ж. – 134) сюжеттер, радио мен радио нүктелер кәсіпорындарда – 3610 (2014 ж. - 470 ) баяндамалар орнатылды, баспа беттерде 774 (2014 жылы – 224) мақалалар жарияланды, ҚР ІІМ ТЖК және Департаменттің интернет – ресурстарында 522 (2014 ж. - 466) материал орнатылды, ақпараттық агенттіктердің электрондық беттерінде 44 (87 - 2014 ж.) материал жарияланды.

2015 жылы Толықтырма жоспарына сәйкес ҚР ІІМ ТЖК Қостанай облысының Төтенше жағдайлар бойынша Департаменттің тындаушыларымен 1166 адам оқытылады (2014 ж. – 1113 адам).

ТЖ және АҚ жағдайларында іс-әрекеттерге оқыту бойынша халықпен жұмыстардың артуына байланысты облыстың су айдындарында жазатайым оқиғалар саны қысқарды.

Қазақстан Республикасы ішкі істер Министрлігінің төтенше жағдайлар Комитетінің «Азаматтық қорғаудың Республикалық оқу-әдістемелік орталығы» ЖШС төтенше жағдайлар туындаған және әскери қақтығыстар немесе осы қақтығыстар салдарынан төтенше жағдайлар пайда болған кезде қорғану тәсілдері және іс-қимылдарға оқытуды жүзеге асыру мүмкіндігі.



Даму беталысы

1. Ауылдық елді мекендерде өрт сөндіргіш деполары құрылысы, оларды күш және қаражатпен қамтамасыз ету (адамдар және өрт сөндіруге арналған арнайы техника).

2. Су тасқыны және өрт қауіпті кезеңдерде ғарыштық және жер үстінгі мониторингті жүргізу ТЖ салдарынан болатын залалын барынша төмедетуге мүмкіндік береді. Сонымен бірге, орман және дала өрт көздерін дер кезінде анықтауын жеделдетеді, және төтенше жағдайлардың пайда болудың ерте кезеңінде қорғаныс іс-шараларын жедел жоспарлау әрекетін жоғарылатады.

3. Су тасқынына және селге қарсы инфрақұрылымды құру бойынша іс-шаралар кешенін жүзеге асыру.

4. Азаматтық қорғаудың насихаттау саласындағы оқу-материалдық базасын жақсарту.

5. Халықты осы заманғы зақымдау құралдарынан қорғау бойынша, әр түрлі қарқындағы әскери даулар туындаған кезде халықтың аман қалуын қамтамасыз ететін материалдық-техникалық құралдардың жеткілікті көлемін қамтамасыз ету бойынша іс-шаралар кешенін жүзеге асыру.

Саланың дамыту жағдайын Swot-талдауы:


Күшті жақтары (S):

1. Желқуар және Тобыл өзендерінің қоймаларында орналасқан елді мекендердің су тасқыны кезінде су астында қалуын болдырмау үшін «Қостанай облысы Жітіқара ауданының Желқуар су қоймасының айналма каналын қайта құру» жобасы іске асырылды.

2. Алтынсарин ауданының Шоқай және Свердловка селоларындағы бөгеттердің күрделі жөндеуі.

3. Облыс халқын теле мен радио каналдармен, смс-хабарлармен пайдаланып, төтенше жағдайлардың қауіп-қатері туралы хабарлау.



Әлсіз жақтары (W):

1. Табиғи және техногендік сипаттағы қауіп төнген немесе төтенше жағдайлар туындаған кезде халыққа шұғыл ақпаратты толық көлемде беруге халықты хабардар етудің қолданыстағы жүйесінің қабілетсіздігі.

2.Жергілікті атқару органдарының құрылымдары мен азаматтық қорғау қызметтер құралымдардың авариялар мен дүлей апаттардың аймақтарында шұғыл құтқару жұмыстарын жүргізу үшін қажетті жабдықтармен, құралдармен және жарақтармен төмен жабдықталуы.


Мүмкіндіктері (O):

1. Бұқаралық ақпарат құралдары арқылы, түрлі төтенше жағдайлар кезінде қолданылу ережелері бойынша көрнекі құралдарды тарату азаматтық қорғаныс және төтенше жағдайлар саласындағы білімдерді насихаттау бойынша кең көлемдегі жұмыстар жүргізу.

2. Табиғи өрттердің залалдарын айтарлықтай қысқарту, сондай-ақ елді мекендерді, шалғайдағы аудан орталықтарын қорғауды қамтамасыз ету үшін өрт сөндірудің тірек пункттерінің санын дамыту және көбейту.

3. Тасқын қауіпті учаскелерді инженерлік қорғау бойынша іс-шаралар өткізу.



Қауіп-қатерлері (T):

1. Су тасқынының теріс салдары облыстың 23 елді мекендеріне су деңгейінің көтерілу қауіпін төндіруде.

2. Мемлекеттік қызмет бөлімшелері жоқ елді мекендеріндің өртке қарсы қорғаудың деңгейі төмен.


Негізгі проблемалар

1. Облыстың барлық елді мекендерінде өрт сөндіру бекеттерінің болмауы.

2. Судағы халықтың жаппай демалу орындарында Қостанай облысының қалалары мен аудандарында ресми жағажайдың болмауы.

3. Таран ауданы, Таран а. Аят өзенінің оң жақ жағалауы бойынша қоршау бөгетінің құрылысын қаржыландыру бойынша шешімнің ұзақ болмауы.

4. Халықтың жеке қорғануына құралдардың қажетті қорының болмауы, әр түрлі қарқындылығы әскери даулар туындаған кезде халықтың аман қалуын қамтамасыз ететін қорғаныш құрылыстарының қажетті санының болмауы.
2.1.4. Инфрақұрылым

Байланыс және коммуникация

2012-2015 жылдары Қостанай облысының телекоммуникациялар желілері оң серпінмен дамыды.

2012-2015жылдар аралығында мына учаскелерде талшықты-оптикалық байланыс желісінің (ТОБЖ) құрылысы бойынша жобалар іске асырылды: Қостанай – Силантьевка; Қостанай – Әулиекөл – Октябрьский – Есіл – Арқалық; Әулиекөл – Құшмұрын; Октябрьский – Қарасу; Құшмұрын – Федоровка – Қашар – Қарабалық; Әулиекөл - Қараменді, Арқалық - Амангелді.

Қазіргі уақытта, облыстың барлық қалалары мен аудандық орталықтары ТОБЖ-мен қамтылған сондай-ақ аудандық орталықтан төменгі АЕМ 64.

2012 жылдан бастап, Қостанай облыстық орталығында iD Net сауда белгісімен FTTH технологиясын пайдалана отырып оптикалық байланыс желілері бойынша аса жоғары жылдамдықпен Интернет желісіне кіру қызметі енгізілді. Барлығы 2011 - 2015 жылдар аралығында «Қазақтелеком» АҚ FTTH желісімен 679 абаттандырылған тұрғын үйлер қамтылды, 18 000 абонент қосылған. Рудный және Лисаков қалаларында FTTH құрылысы бойынша жобаны іске асыру 2016жылдың жоспарында.

Жалпы желілік жоба шеңберінде қамтылмаған ТОБЖ-мен облыстың АЕМ-де қазіргі заманғы телекоммуникация қызметтерін ұсыну мақсатында CDMA/EVDO радиоқатынау желілерінің негізінде ауыл байланысының телекоммуникация желісін дамыту орындалады.

Бүгін, Қостанай облысы желісінде 67 WLL CDMA 450 базалық станциялар пайдаланылады, оның ішінде 380 ауылдарды қамти отырып 64 базалық станцияларда EV-DO технологиясы бойынша интернет желісіне кең жолақты қатынау қызметтері ұсынылуы мүмкін. Қазіргі уақытта облыс ауылдарында EV DO қызметтеріне 4 000-нан астам абонент қосылған.

2014 жылдан бастап 4G технологиясы бойынша төртінші буын стандартының жоғары жылдамдықты мобильді қол жетімділікті Интернет желісі қызметтерін ұсыну басталды. Интернет желісіне қол жеткізу 20 Мбит/с дейінгі жылдамдығында жүзеге асырылады, абоненттерге ыңғайлы болу үшін бірегей тарифтік жоспарлардың кең желісі ұсынылған. Қазіргі уақытта қызметпен Қостанай мен Рудный қаласы, Затобол аудандық орталығы, Жітіқара қ., Лисаковск қ. қамтылған. Келешекте LTE 4G технологиясын пайдалана отырып көрсетілетін қызметтер сондай-ақ, Арқалық, Лисаковск, Жетіқара қалаларында және облыстың барлық аудандық орталықтарында ұсынылатын болады.

Нәтижесінде, 2016 жылғы 1 қаңтарға дамудың мынадай индикаторларына қол жеткізілді: жергілікті байланысты цифрландыру деңгейі 100% - ды құрады, тіркелген телефон желілерінің тығыздығы 100 тұрғынға – 30,4 бірлік, тіркелген интернет абоненттерінің тығыздығы 100 тұрғынға -12 бірлік.

Ақпараттық технологияларды Қостанай облысы әкімдігінің инфрақұрылымдық кешенінің бөлігі ретінде дамыту «электрондық әкімдік» іс-шаралары шеңберінде жүзеге асырылып жатыр.

2012 жылдан бастап 2015 жылға дейінгі кезеңде облыс әкімі аппаратының ақпараттық коммуникациялық инфрақұрылымы жетілдірілді: жұмыс орындарын 100% компьютерлеу қамтамасыз етілді, 14 сервер сатып алынды (олардан - 7 облыстық маңызы бар), ақпараттық қауіпсіздік талаптарына сәйкес серверлік орын-жай құрылды (кепілдендірілген үздіксіз қуат көзі қамтамасыз етілді, өрт және күзет дабылы, бейне қадағалау, ауаны реттеу құрылғысы, мәліметтерді ғимарат күзетінің басқарып отыратын тетігіне шығара отырып, температура және ылғалдылық мониторингі жүйелері орнатылды).

2012 жылмен салыстырғанда жергілікті атқарушы органдарда серверлік жайлардың саны 2,1 есе ұлғайтылды (2012ж.-18, 2015ж.-38). Көпшілікте қалалар мен аудандар әкімдіктерінде, облыстық басқармаларында өнеркәсіптік өндірісінің серверлік жабдығы жаңартылды (2012ж. 15 серверден бастап 2015 ж. 29 серверге дейін).

2015 жылы «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ кезінде Қостанай қаласында деректерді өңдеу Орталығы (ДӨО) ашылды. оның қолдану, «электрондық үкіметінің» құрамдауыштары үздіксіз жұмыс істеуін қамтамасыз етеді, бағдарламалық-аппараттық кешендердің қызмет етуінің жұмыс істемеуін 99,74 %-ға болдырмауды арттырады.

Облыс әкімінің аппараты, қалалық, аудандық әкімдіктер, облыстық басқармалар арасында ведомствоаралық өзара әрекеттесуді қамтамасыз ету үшін IP-VPN технологиясы бойынша жабық көлік желісі құрылды, 2015 жылы жүйе қамтуы 98 сегментті құрады.

Әкімдік органдары әкімшілік қызметінің жеделдігін арттыру мақсатында электрондық құжат айналымның бірыңғай жүйесін (ЭҚАБЖ) дамыту жалғасуда. ЭҚАБЖ-бен 289 мемлекеттік мекеме, 2 маслихат, 29 орталық мемлкеттік органдардың аумақтық бөлімше қамтылды.

Облыс әкімдігі интернет-ресурстарының серпінді дамуы байқалады, атқарушы органдарының 20 ресми веб-сайттары жұмыс істейді.

Жетекші өңірлік ақпараттық ресурс Қостанай облысы әкімдігінің www.kostanay.gov.kz. порталы болып табылады, оның платформасында мынадай интернет-ресурстар орналастырылған: облыс әкімінің ресми сайты, облыс мемлекеттік органдар басшылардың blogs.kostanay.gov.kz ресми блог-платформасы, www.e.kostanay.gov.kz мемлекеттік электрондық сайты.

Пайдаланушылардың арасында облыс әкімінің kostanay.gov.kz ресми сайты ең белгілі интернет-қоры болып табылады, күн сайын 800 астам адам қарап шығады. 2016 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша ресми блог-платформаға 11823 өтініш түсті.

Электронды қызметтердің www.e.kostanay.gov.kz сайты әр түрлі қызмет саладағы 30 тарауды құрайды, бұл тараулар бойынша 1560 ақпараттық-анықтамалық қызмет көрсетеді.

Жергілікті атқарушы органдардың веб-ресурстарының ақпараттық қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында 2015 жылы облыстық басқармаларын, қалалық, аудандық әкімдіктерін интернет-ресурстарынан Бірыңғай интернет-платформасына өту басталған.

Ақпараттық технологиялар пайдалану тиімділігін бағалау шеңберінде Қостанай облысы әкімінің 2014 жылдың 30 маусымдағы №172-р өкіміне сәйкес жергілікті атқарушы органдардың функциялар тізбесі бойынша 2015 жылы 111 функциядан 107 функция автоматтандырылған (96%). Автоматтандыру дәрежесі бойынша 107 функциядан толық дәрежесі 40 (37%), ішінара 67 (63%) функция.

Электрондық қызметті пайдалану деңгейін арттыру мақсатында Ұлттық куәландырушы орталығының Қостанай филиалымен 512173 (2015 жылы – 173006) электрондық цифрлық қолтаңба сертификаттары берілді.

Халықты компьютерлік сауаттылыққа оқыту бойынша іс-шаралар жүргізілді, 2012-2015 жылдар аралығында барлығы 180 080 адам оқытылды, Бағдарламаның іс-шараларын қаржыландыруға республикалық бюджеттен 265,9 млн. теңге бөлінді және игерілді.

2013-2014 жылдарға арналған халықтың компьютерлік сауаттылығын арттыру және электронды қызметпен пайдаланушылардың санын ұлғайту бойынша іс-шаралар жоспарын орындау үшін компьютерлік сауаттылыққа 2013 жылы - 19 715, 2014 – 19 977 адамды оқыту жүргізілді.

Swot анализ состояния развития отрасли


Күшті жақтары:

1. Телекоммуникациялық қызмет көрсету жүйесін дамыту

2. Жаңа сандық технологияларымен ауыстырумен АТС жаңарту.


Әлсіз жақтары:

1. Облыстық, қалалық, аудандық және ауылдық деңгейде ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымның біркелкі дамымауы, халықтың сандық сауаттылық деңгейі.

2. Сандық жергілікті телефон байланысымен және Интернет желісіне кеңжолақты қатынау қамтамасыз етілудің жеткіліксіз деңгейі.


Мүмкіндіктері:

1. «Ақпараттық Қазақстан – 2020» мемлекеттік бағдарламасын іске асыру шеңберінде сәулеттік тәсіл негізінде мемлекеттік басқару жүйесінің тиімділігін қамтамасыз ету, ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылның қол жетімділігін қамтамасыз ету және ақпараттық-коммуникациялық технологияларды енгізу арқылы азаматтардың өмір сүру сапасын арттыру.

2. 100 тұрғынға телефон байланысы желілерінің тығыздығы деңгейін 29,5% - ға дейін қол жеткізу.

3. Интернет қолданушылардың үлесін 80,9% - ға дейін қол жеткізу.

4. Халықтың сандық сауаттылығының деңгейін 80%-ға дейін қолжеткізу.


Қауіп-қатерлері:

1.Ұялы байланысқа өтуше байланысты тіркелген байланыс желісі абоненттері санының азаюы



Негізгі проблемалар:

интернет желісіне кеңжолақты қатынаудың жеткіліксіз дамуы;

белгіленген телефон байланысы абоненттері тығыздығының төмен деңгейі.

Даму беталысы:

облыстың телекоммуникациялық инфрақұрылымын жаңарту мен даму;

мемлекеттік секторында ақпараттық технологиялар пайдалану тиімділік деңгейінің өсуі.
Құрылыс

01.01.2016 жылына облыста барлық меншік нысандарының 1209 құрылыс ұйымдары қызметін жүзеге асырады, бұл 2013 жылдың деңгейінен (1181) 2,4 %-ға артық. Орындалған құрылыстың мердігерлік жұмыстар көлемі 88 706,0 млн. теңгені құрайды, бұл 2013 жылға қарағанда 2,4%-ға артық (83 728,0 млн. теңге).

Алайда, 2015 жылдың қорытындысы бойынша облыс бойынша НКИ 2014 жылдың деңгейіне қарағанда құрылыс жұмыстарының көлемі 6,2% - ға төмендеді. Орындалған құрылыстың мердігерлік жұмыстар көлемі 2014 жылдың деңгейіне 93,8% құрады.

Құлдырау құрылыс саласында экономикалық жағдайдың нашарлауымен және ірі инвестициялық жобалардың болмауына байланысты негізделген.

Облыс бойынша құрылыс жұмыстарының ең үлкен көлемі жеке құрылыс ұйымдарымен – жалпы көлемнен 99,1%, мемлекеттік – 0,9% орындалды.

Орындалған құрылыс жұмыстарының құрылымында - 76,6% үлесті құрылыс-монтаж жұмыстары, 16,8% – күрделі жөндеу жұмыстары, 6,6% – ағымдағы жөндеу жұмыстары алды.

Тұрғын үйдің ең үлкен көлемі Қостанай қаласында енгізілді (157,2 мың ш. м. немесе енгізілген тұрғын үй алаңының жалпы көлемінен 63,2%).

Құрылыстың орташа нақты құны тұрғын үйлердің жалпы алаңының 1 шаршы метрін 79,3 мың теңгені құрады. Тұрғын үйдің 1 ш. м. ең жоғары құны Қостанай қаласында (90,2 мың теңге), Рудный қаласы (85,9 мың теңге) және Қарасу ауданында (76,2 мың теңге) қалыптасты.

2012-2014 жылдар аралығында «Қол жетімді тұрғын үй – 2020» бағдарламасы әрекет етеді, 2015 жылдың 1 қаңтарынан бастап Өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі бағдарламасы әрекет етеді, оның мақсаты халықтың тұрғын үйге қол жетімділігін әрі қарай жоғарылатуды қамтамасыз ететін тұрғын үй құрылысын дамыту проблемасын кешенді шешу болып табылады.

2012 - 2014 жылдар аралығында «Қол жетімді тұрғын үй – 2020» «Өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі бағдарламасы» бағдарламаның шеңберінде тұрғын үй құрылысына және тұрғын үй объектілеріне инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымға республикалық және жергілікті бюджеттен 16 млрд. теңгеден астам қаражат берілді.

2012 - 2015 жылдар аралығында барлығы облыс бойынша барлық қаржыландыру көздері бойынша 933,3 мың ш.м, оның ішінде кезекте тұрғандар үшін жалдамалы тұрғын үй – 46,8 мың ш.м., жастар үшін жалдамалы тұрғын үй – 27,7 мың ш.м., кредиттік тұрғын үй (ипотекалық) – 83,4 мың ш.м., басқа қаржыландыру көздері есебінен – 769,5 мың ш.м. тұрғын үй берілді.

Жыл сайын тұрғын үйді пайдалануға беру көлемі өсіп жатыр. Осылайша 2012 жылы – 204,8 мың ш.м., 2013 жылы – 231,8 мың ш.м., 2014 жылы – 247,9 мың ш.м., 2015 жылы – 248,9 мың ш.м. пайдалануға берілді. Сонымен бірге үй салу құрылыс қарқындарының оң серпіні сақталды (2012 жылыл - 104,4%, 2013 жылы - 113,2%, 2014 жылы - 107,0%, 2015 жылы-100,4%).

Тұрғын үйді уақытылы пайдаланымға енгізу мақсатында тұрғын үй құрылысымен қатар инженерлік коммуникация құрылысы жүргізіледі.

2012 жылы 80,0 км жоспарымен 1654442,5 мың теңге сомасына 111,3 км салынды, 2013 жылы 40 км жоспарымен 1605764 мың теңге сомасына 102,4 км салынды, 2014 жылы 98,2 км жоспарымен 2238588 мың теңге сомасына 80,37 км салынды, 2015 жылы 14,07 км жоспарымен 893 123,0 мың теңге сомасына 20,927 км салынды.



Мүгедектерге рұқсат берілген әлеуметтік инфрақұрылымның объектілері бойынша

32-кесте


2012-2015 жылдарға арналған паспортталған объектілер көрсеткіштерінің серпіні

Көрсеткіш атауы

2012 жыл

2013 жыл

2014 жыл

2015 жыл

Паспорттандырылған нысандар, бірлік

76

1492

1568

1568

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 14 сәуірдегі № 213 қаулысымен Қазақстан Республикасында мүгедектердің құқықтарын қамтамасыз ету және өмір сүру сапасын жақсарту жөніндегі 2012 – 2018 жылдарға арналған іс-шаралар жоспары бекітілген.

Қолжетімділікті қамтамасыз ету бойынша іс-шараларды уақтылы өткізу мақсатында 2014-2017 жылдарға арналған мүгедектердің мұқтаждықтарына әлеуметтік, көліктік инфрақұрылым нысандарын бейімдеу жоспары бекітілді.

Әлеуметтік нысандарға мүгедектерге қолжетімділікті қамтамасыз ету бойынша іс-шаралар Қостанай облысында 2014 жылдан бастап жүргізіледі. Сондай-ақ 2014 жылдан бастап мүгедектердің мұқтаждықтарына әлеуметтік, көліктік инфрақұрылым нысандарын бейімдеу қарқынына бақылау басталды. 1568 паспортталған нысандардан 1377 (87,8%) мүгедектердің мұқтаждығына бейімдеуге жатады.

2012-2015 жылдардан бастап жалпы паспортталған нысандардан (1568) 578 нысандар немесе 36,9 % бейімделді. 2016 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша мүгедектер жүйелі түрде келіп тұратын барлық әлеуметтік нысандарға паспорттау жүргізілген.

Swot анализ состояния развития отрасли


Күшті жақтары:

1.Өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі бағдарламасы шеңберінде халықтың әлеуметтік-қорғалатын санаттары үшін тұрғын үй салу: тұрғын үй жинақ жүйесі арқылы кезекте тұрғандар үшін, жас отбасылар үшін тұрғын үй салу.

2. Өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі бағдарламасы шеңберінде көпқабатты тұрғын үйлерге жөндеу және терможаңғырту жүзеге асырылады.


Әлсіз жақтары:

1. Салынған тұрғын үйлерді сатып алу бойынша халықтың төлем қабілеттілігі төмен.

2.Жеке тұрғын үй құрылысына бөлінетін жер учаскелерінің инфрақұрылымның жеткілікті қамтамасыз етілмеуі.

3. Қолданыстағы инженерлік инфрақұрылым қуатының жеткіліксіз түрінде салынып жатқан және салынған объектілердің инфрақұрылымға қосылған кездегі кедергілер.



Мүмкіндіктері:

1. Салынған учаскелерге, қолданыстағы коммуникацияларды қайта жаңғыртуға бөлінген инженерлік коммуникация жүргізуге жобалық-сметалық құжаттаманы әзірлеуге республикалық бюджеттен қаржыландыруды ұлғайту қажет;

2. Өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі бағдарламасының негізгі бағыттарының бірін іске асыру басталды - «Қазақстан ипотекалық компаниясы» Ипотекалық ұйым» акционерлік қоғамы сатып алу құқығымен жалға берілетін тұрғын үй құрылысы

3. Үй құрылысы комбинатының бұйымдарынан индустриялық тәсілмен тұрғын үй құрылысын енгізу жоспарлануда, бұл тұрғын үй құрылысының мерзімін айтарлықтай қысқартады және бір тұрғын үйдің шаршы метрнің өзіндік құнын төмендетеді.



Қауіп-қатерлері:

1. Мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үй алуға кезекте тұрған азаматтар санының өсуі.

2. Қаржы-несие жүйесінің тұрақсыздық күшінде құрылыс саласының тоқырауы


Негізгі проблемалар:

тұрғын үйдің құны жоғары, бұл жаппай тұрғын үй құрылысы өсуінің тежеуші факторы болып табылады.

мемлекеттік тұрғын үй қорында үй алуға кезекте тұрған азаматтар санының өсуі байқалады. Себептері құралдарын халықтың әлеуметтік-қорғалатын санаттарында тұрғын үйді сатып алуға қажетті ақшалай қаражаттарының жоқтығы, ауылдық жерлерден қалаларға халықтың көші-қоны болып табылады.
Жолдар және көлік

Автомобиль көлігі

Автомобиль көлігі жолаушыларды тасымалдау бойынша жетекші орын алады.

Облыста 594 елді мекендерінен автобус қатынасымен 335 елді мекен қамтылған (саны 50 адамнан кем емес 46 елді мекендер), бұл 60% құрайды. Жолаушылар тасымалдауды 33 тасушы қызмет көрсетеді. Облыс аумағында жолаушылар мен тасымалдаушыларға қызмет көрсету үшін 1 автовокзал, 10 автостанция және 1 қызмет көрсету пункті жұмыс істейді.

2012-2015 жылдары жолаушыларды, жүкті және жолжүкті автомобиль көлігімен тасымалдау саласында өсудің үрдісі байқалады. 2015 жылы 2012 жылмен салыстырғанда жолаушыларды тасымалдаудың өсуі 120% құрады (2015 жылы – 1,8 млрд жолаушы, 2012 жылы - 1,5 млрд жолаушы). Жүк тасымалдаудың өсуі 107% құрады (2015 жылы – 294,8 млн тонна, 2012 жылы - 275 млн тонна).

Жолаушылар тасымалын 51 тасымалдаушы қызмет көрсетеді. Қалааралық облысішілік маршруттарын 33 тасымалдаушы қызмет көрсетеді, оның ішінде 3 заңды және 30 жеке тұлғалар. Қалалық және қала маңындағы маршруттарды 9 тасымалдаушы қызмет көрсетеді, облысаралық 4 тасымалдаушы, халықаралық маршруттарды 5 тасымалдаушы.

Жолаушылар тасымалдауында тұрғындар сұранысын қанағаттандыру үшін облыс бойынша 169 автобус маршруттары жұмыс істейді, оның ішінде: қалалық - 63, қала маңындағы - 18, қалааралық облысішілік – 65, халықаралық - 9, облысаралық - 7, ауданішілік - 3 және кентішілік - 4.

Тұрақты маршруттарда 900-ден астам автобустар іске қосылған, олардың тозуы 65% - ды құрайды (пайдалану 12 жылдан астам).

Теміржол көлігі

Облыс аумағынан Қазақстанның негізгі көлік дәліздері өтеді. Астана – Қостанай – Челябі – Екатеринбург полимагистральдік байланыстар, ТАТМ Солтүстік дәлізі, Алматы – Екатеринбург транзиттік автодәлізі.

Жүк тасымалдау ішкі республикалық бағыттарда, дизельдік локомотивтермен қозғалатын қала сыртындағы поездар жүреді. Қаладан 90 км қашықтықта – ірі теміржол айырымы – Тобыл стансасы орналасқан.

Қостанай жүк айналымы жол бөлімшесінде 2015 жылы (16,6 млрд/тонна/км) 2012 жылмен салыстырғанда 26,8%-ға төмендеді.

2014 жылы «Арқалық-Шұбаркөл» теміржол бағытының құрылысы аяқталды. Темір жолдың ұзындығы 214 км, оның ішінде 49,3 км Қостанай облысы арқылы өтеді.

Әуе көлігі

«Қостанай» халықаралық әуежайынан әуе рейстерін «Эйр Астана», «Бек Эйр», «SCAT» ұлттық тасымалдаушылары және «Белавиа» (Беларуссия) сияқты әуе компаниялары жүзеге асырады.

2016 жылғы 1 қаңтарындағы жағдай бойынша Қостанайдан неміс қалалары Ганноверге, сонымен қатар Мәскеуге, Минскке, Турцияға Анталияға дейін және Алматы және Астана сияқты қазақстандық қалаларға әуе жолымен жетуге болады.

Жыл сайын жолаушыларды жіберу өсуі байқалады. 2012-2015 жылдары бойынша өсу 110,7% құрады (2015 жылы - 62 мың, 2012 жылы - 56 мың жолаушы).

Жүк және «Қостанай» халықаралық әуежайы» АҚ поштасын жөндеу төмендеуі байқалады. 2015 жыл бойынша 2012 жылдың деңгейіне төмендеуі 12,5% құрады (2015 жылы - 223 тонна, 2012жылы - 255 тонна).

Инженерлік-көлік инфрақұрылымы

Ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін, Костанай әуежайында қазіргі жасанды ұшу-қону жолағы (ЖҰҚЖ) қайта жаңартылатын болады.

Жобаны іске асыру қазіргі заманғы әуе кемелерінің барлық түрлерін қабылдауға және қызмет көрсетуге, әуе кемелерін, жолаушыларды, жүктерге қызмет көрсету жөніндегі әуежайдың өткізу қабілетін арттыруға және халықаралық стандарттарға сәйкес әуе кемелерін қауіпсіз пайдалануды қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Республикалық бюджеттен қаржы қаражатын бөлу есебінен Қостанай қаласының әуежайын қайта құру және жаңарту өткізу қарастырылған.



Автомобиль жолдары

Қостанай облысының жалпы пайдаланылатын автомобиль жолдарының ұзындығы 9289 км, оның ішінде: республикалық маңызы бар жолдар – 1410 км, облыстық маңызы бар – 2208 км, аудандық маңызы бар 5671,2 км құрайды.

Негізінен аудандық және облыстық маңызы бар жолдар III-IV техникалық санатқа жатады, ал ауылдық елді мекендерге баратын кейбір кіре беріс жолдар V техникалық санатқа жатады. Ауыспалы жабын түрлері бар автомобиль жолдарының участкелері және балшық жолдар қозғалыс жылдамдығы жағынан да, өс салмағы жағынан да талаптарға жауап бермейді және жол қозғалысының қауіпсіздігін қамтамсыз етпейді.

2016 жылғы 1 қаңтарға облыстың облыстық және аудандық маңызы бар автокөлік жолдарының желісі 7879,848 км, оның ішінде: қара жабынмен жабылғаны – 4244 км, ұсақ тасты жабынмен жабылғаны – 640,9 км, топырақ жабынмен жабылғаны – 2994,9 км құрайды, 63 көпір және 2030 су өткізгіш құбырлар бар.

2012-2015 жылдар аралығында жергілікті маңызы бар жолдардың күрделі жөндеуден өтті жалпы 592,8 км (2012 жылы - 145,2 км, 2013 жылы - 178,2 км, 2014 жылы - 159,2 км, 2015 жылы – 110,2 км) және облыс жолдар жол саласына бюджеттік инвестициялардың жиынтық көлемі 21 447,1 млн теңге құрады.

2012-2015 жылдардағы кезеңде қанағаттанарлық жай-күйі бар автомобиль жолдарының үлесі 8% -ға артты (тиісінше 54% - дан 62% - ға дейін).

2016 жылғы 1 қаңтарға Қостанай облысының жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдарының жай-күйі жақсы және қанағаттанарлық жағдайда 62% құрады немесе 5 008 км (оның ішінде облыстық маңызы бар автожолдар -1 719 км; аудандық маңызы бар – 3289 км).

Қостанай облысы бойынша автожолдардың 1 ш.м. ағымдағы жөндеу және ұстау бойынша жұмыстарды қаржыландыру нормативке сәйкес 1,8 млн. теңге құрауы керектігін айта кету қажет. Облыстың автожолдарын ағымдағы жөндеуге және ұстауға 12,7 млрд. теңге сомасына ақшалай қаражат бөлу қажет, бұл нормативтен 10 есе аз.

Осыған байланысты, облыстың автожолдарын жөндеу және ұстау бойынша жұмыстарды республикалық бюджет қаражаттарынан, сондай-ақ жергілікті бюджет қаражаттарынан қаржыландыру көлемдерін ұлғайту қажеттілігі бар.

Облыс экономикасының тұрақты дамуы үшін көлік-коммуникациялық желіні жаңарту қажет. Облыстық және аудандық маңызы бар қатты жабынмен қапталған автомобиль жолдарын күрделі жөндеуден өткізу және қайта жаңарту; жабындардың түрлерін жетілдіру; жол жиегіндегі автоқызметтердің деңгейін дамыту; Ресейдің шекаралық облыстарына шығуды жаңғырту.

Облыс аумағында су көлігі саласында 1 бірлік өзендік және 2 000 шағын көлемді кемелер тіркелді, оның ішінде 676 өздігінен жүретін және 1324 өздігінен жүрмейтін.

Инфрақұрылымды дамыту, сондай-ақ ішкі су көлігі саласында кеме қатынасы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында ұсталған кемелерді, оның ішінде шағын көлемді кемелерді сақтауға арналған облыстың су айдындарында (көп жиналатын жерлерде кемелерін) арнайы тұрақ құру жоспарлануда.

Саланың дамыту жағдайын Swot-талдауы:


Күшті жақтары:

1.жеке аумақтар үшін жалғыз көлік қатынасы-автожолдар болып табылады.

2. өткізіп тұратын қабілеттің қорлары


Әлсіз жақтары:

1.инфрақұрылымның негізгі қаражаттарының маңызды физикалық және саналы тозуы.

2. инновациялық және автоматизацияылқ процесті енгізудің төмен деңгейі.


Мүмкіндіктері:

1.жекешелік-мемлекеттік серіктестік механизмнің дамуы

2.автомобиль жолдардың, көпірлердің көлік-пайдаланымдық көрсеткіштердің жақсаруы

3.автомобиль жолдар желісін сақтау мен даму

4.қайта жаңғырту мен күрделі жөндеуден кейін автомобиль жолдарында жөндеуаралық мерзімдерін сақтау

5.сапасымен меңгеру халықаралық стандарттарын автожол саласына енгізу.



Қауіп-қатерлері:

1.ішкі мен сыртқы конъюнктурасын нашарлану мүмкіндігімен байланысты макроэкономикалық батылдықтар

2.бюджеттік қаржыландырудың қысқартуы

3. кадрлық тәуекелдер

4.заң шығыратын батылдықтар

5.техногенндік жіне экологиялық батылдықтар

6.байырғы батылдықтар

7.жол-пайдаланымдық техниканың жоғары тозуы



жүктеу 3,02 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау