Бағдарламасы негізінде құрастырылған Құрастырушы: аға оқытушы Бақтиярова Альфия Жалелқызы «Есеп және қаржы»


ПӘН БОЙЫНША ДӘРІСТЕРДІҢ КОНСПЕКТІСІ



жүктеу 0,58 Mb.
бет6/8
Дата15.04.2020
өлшемі0,58 Mb.
#29651
1   2   3   4   5   6   7   8

5. ПӘН БОЙЫНША ДӘРІСТЕРДІҢ КОНСПЕКТІСІ


5.1 Дәрістердің тезистері

1,2-тақырып. Қаржы нарығының инфрақұрылымы және оның негізгі элементтері

Мақсаты. Қаржы нарығы, делдалдары және кәсіби қатысушылары туралы түсінік. Қаржы нарығы және оның құрылымы. Қор биржалары және олардың қаржы нарықтарындағы ролі.

Негізгі сұрақтар мен қысқаша мазмұны:

  1. Қаржы нарығы түсінігі, ролі.

  2. Қаржы нарығындағы кәсіби қатысушылар.

  3. Қаржы нарығының құрылымы.

  4. Қор биржасының ролі, қызметінің ұйымдасытырылуы

  5. Қаржы нарығындағы андеррайтингқызметінің ерекшеліктеріне сипаттама беру

  6. Әлемдік және Қазақстандағы қор биржасының қалыптасу тарихы жөнінде жазбаша тапсырма орындау

Қаржы нарығы, делдалдары және кәсіби қатысушылары туралы түсінік. Қаржы нарығы және оның құрылымы. Қор биржалары және олардың қаржы нарықтарындағы ролі.

Қазақстан Республикасының қатаң түрде орталықтандырылған жоспарлы экономикадан қағидалы жаңа, мемлекет тарапынан реттелініп отыратын нарықтық экономикаға көшуі елімізде оған қызмет көрсететін барлық институттармен бірге қаржы рыногының құрылуын талап етті. Қазақстанда қаржы рыногы бұрын-соңды болған емес.



Қаржы рыногы-бұл, ең алдымен дербес экономикалық категория ретінде бағалы қағаздарды сату мен қайта сату жөніндегі операцияларды жүзеге асыру жолымен кәсіпорындардың, фирмалардың, банктердің, жинақтаушы зейнетақы қорларының, сақтық институттарының, мемлекеттің және халықтың уақытша бос ақшасын жұмылдыруды, бөлуді және қайта бөлуді қамтамасыз ететін нарықтық қатынастардың жиынтығы. Ол нарықтық қатынастар жүйесінің құрамды бөлігі болып табылады және тауар, ақша, кредит, сақтық, валюта және басқа рыноктармен (капитал, жұмыс күші, тұрғын үй, жер, алтын және т.б рыноктарменетене байланысты).

Экономикалық жүйедегі рыноктың өзара байланысы


Табиғи

Ресурстар

рыногы

Қордаланған инвестициялық ресурстардың рыногы

Өнім және қызмет көрсету рыногы

Еңбек рыногы

Материалдық нысанда

Ақшалай нысанда (кредит рыногы)

Қаржы рыногы

Жер

рыногы


Бағалы қағаздар рыногы

Шаруашылық жүргізудің қазіргі жағдайында қаржы рыногы қаржы ресурстарын үздіксіз қалыптастырып отырудың, оларды неғұрлым тиімді пайдаланудың, ұлттық шаруашылықта ақша қозғалысын ұтымды ұйымдастырудың айрықша нысаны болып табылады және бағалы қағаздар рыногы, сондай-ақ несие рыногы түрінде де іс-әрекет етеді. Қаржы рыногы экономиканың түрлі шаруашылық жүргізуші субъектілері арасында ақшаны қайта бөлуді барлық әр түрлі нысанда реттейтін нарықтық қатынастардың бүкіл жиынтығын біріктіретін неғұрлым жалпы (ортақ) ұғым болып табылады.

Экономикалық әдебиеттерде және шаруашылық практикада қаржы рыногы ұғымы ақша, валюта, кредит, капитал рыноктарын қоса отырып кеңінен түсіндіріледі. Бұл қаржыны жалпы ақша мен құн категорияларына бара-бар категория ретінде қарастыратын практикамен, негізінен жүниежүзілік практикамен байланысты, өйткені экономикалық ресурстардың кез-келген түрі меншіктің титулдары болып табылатын ақшамен немесе тиісті бағалы қағаздармен, басқа құжаттармен ортақтастырылуы мүмкін.




Қ
Айналыстағы қолма-қол ақша рыногы

Несие капиталының рыногы

Қор рыногы

Туынды бағалы қағаздар рыногы

Бағалы қағаздар рыногы
аржы рыногының құрылымы
.

Ақша рыногы дегеніміз қолма-қол аұша ғана емес, қолма-қолсыз төлем қаражаттарын да қосатын төлем қаражаттарының рыногы.

Кредит рыногы несие бойынша банктнрдің кредит операцияларымен байланысты.

Ақша мен кредит рыноктары , әдеттегідей, айналым активтерінің қозғалысына қызмет етеді.



Капитал рыногында қоғамдық өндіріс қатысушыларының орташа және ұзақ мерзімді қорланымдарының қозғаласы жүзегеасырылады.

Қаржы рыногында сатып алу- сатудың обьектілері айрықшалықты тауарлар – ақша және бағалы қағаздар болып табылады.

Қаржы рыногында бағалы қағаздардың қозғалысымен ортақтастырылатын экономикалық қатынастар болып табылатын бағалы қағаздар рыногы маңызды орын алады. Қор құндылықтарының – бағалы қағаздар мен туынды бағалы қағаздардың айналысымен байланысты ьолғандықтан оны қор рыногы деп те атайды. « Қор рыногы» термині бастапқыда бағалы қағаздармен мәміле жасалынатын және рәсімделінетін мекеменің – қор биржасының атымен байланысты.

Рыноктың барлық тұрпаттарының өзара байланысы қаржы рыногының жұмыс істеу шарттарын айшықтайды. Оған мыналар жатады:



  1. реттелінген тауар рыногының болуы, яғни кез келген түрлердегі және арналымдағы тауарлар мен қызмет көрсетулер бойынша сұраным мен ұсынымның теңгерімділігі;

  2. Ұлттық ( орталық ) банк тарапынан ақша айналысын қалыпты реттеп отыру : бұған қолма-қол және қолма-қолсыз айналым бойынша эмиссияға бақылау жатады;

  3. кредит рыногының жандандырылуы, оның толық коммерциялануы, яғни кредит ресурстарын еркін рынокқа орналастыру, крелит ресурстарының қозғалысы Орталық банктің пайыздық есептік мөлшерлемесін, коммерциялық банктердің міндетті резервтерінің нормасын, ашық ақша рыногында операциялар жүргізуді белгілеу арқылы реттелінеді.

Кез келген субъектінің қаржы ресурстарына қажеттілігі және оны қанағаттандырудың нақты көздерімен тура келмеуі қаржы рыногының жұмыс істеуінің объективті алғышарты болып табылады.

Қаржы рыногының жұмыс істеуінің негізгі алғышарттарына мыналар жатады:



  1. бәсекені дамыту мен монополизмді шектеу мақсатындағы материалдық өндіріс сферасының бастапқы шаруашылық буындарының- меншіктің барлық нысандары кәсіпорындарының, соның ішінде мемлекеттік сектордың да кең дербестігі;

  2. қаржы ресурстарын қайта бөлудегі мемлекет рөлінің қысқаруы: өндірістік күрделі жұмсалымдарды орталықтан қаржы ландырудың, қаражаттарды кәсіпорындар арасында ішківедомстволық қайта бөлудің азаюы;

  3. шаруашылық жүргізуші субъектілер мен халықтың бағалы қағаздарға және басқа активтерге инвестицияланатын ақшалай табыстарының өсуі;

  4. бюджет тапшылықтарын қаржыландыру үшін несие қорын пайдалануды тоқтатуреспубликалық, сондай-ақ жергілікті бюджеттердің тапшылықтары мемлекеттік қарыздарды шығару арқылы жабылуы тиіс.

Қаржы рыногының маңызы бос ақша қаражаттарын алу және оларды қайта бөлу есбінен ұдайы өндіріс процесіне ықпал етумен ғана айқындалып қоймайды. Оның жұмыс істеуі әкімшіл-әміршіл экономикаға тән «сатылас» әдістің орнына «деңгейлес»қозғалыс бойынша ресурстарды қайта бөлуге мүмкіндік береді. Деңгейлес қозғалыс кезінде шаруашылық жүргізуші субъектілер арасында қаржы ресурстарын өтеусіз қайта бөлу түрінде төте байланыстар іс-әрекет етеді. Бұл қаражаттарды маңызды сфералар мен объектілерге жедел аудару есебінен кәсіпорындардың, салалардың және жалпы экономиканың қаржылық жағдайын тұрақтандырады.

Қаржы рыногы бағалы қағаздардың бағасын белгілеу жолымен бизнестің нақтылы құнын бағалауға мүмкіндік береді: тиімді жұмыс істейтін шаруашылық жүргізуші субъектілерде олардың неғұрлым жоғары бағасы белгіленеді.

Қаржы рыногының болуы инфляцияны тежейді, өйткені бюджет тапшылығын жабу үшін үкімет ақша эмиссиясын пайдаланбайды, рынокта еркін жүретін, бағасы сұраным мен ұсыным арқылы анықталатын құнды қағаздар шығарады.

Экономикалық реформа процесінде қаржы рыногының қалыптасып, жұмыс істеуі экономиканың дағдарысын тудыратын және оның инфляциясымен қосарланатын қарама-қайшылықтарға және қиыншылықтарға кезігеді.

Инфляция бағалы қағаздарға айтарлықтай шектеу жасайды- олар қысқа мерзімді несие құны жоғалмай жеңіл өтетіндей болуы тиіс. Бағаның үнемі өсіп отырған жағдайында инвесторлар қаражаттарды өтімі аз бағалы қағаздарға ұзақ мерзімді инвестициялар үшін жылжымайтын дүние – мүлікке, тауарларға, еркін айырбасталымды бағалы қағаздарға жұмсау неғұрлым тартымды болып табылады.

Қаржы рыногының дамуы халықтың көпшілік бөлігінің тұрмыс деңгейінің төмендігінен тежеліп отыр, мұның өзі жеке инвесторлардың санын азайтады. Кәсіпорындардың төлеуге созылмалы қабілетсіздігі жағдайында олардың қаражаттарды бағалы қағаздарға салуы екі талай.Ақша қаражаттарының тапшылығы қысқа мерзімді кредиттер мен дерозиттер бойынша пайыздық мөлшерлемелердің өсуіне жеткізеді, мұның нәтижесінде бағалы қағаздардың табыстылығы банктердің ақша – кредит операциялары жөніндегі мұндай табыстылықпен бәсекелесе алмайды.

Қаржы рыногының жұмыс істеуінің маңызды факторы сонымен қатар саяси тұрақтылық болып табылады, ал бағалы қағаздардың айналысы бірқатар елдердің экономикалық кеңістігін қамтуы мүмкін. ТМД елдерінің саяси болмыстары не ол, не бұл кәсіпорындарының рентабельділігіне қатысты ұзақ мерзімді болжамның мүмкіндігін жоққа шығарады және солай болған соң бағалы қағаздарды сатып алу ықыласын шектейді.

Қаржы рыногының жандануы корпоративтік бағалы қағаздарды – экономиканың нақты секторы кәсіпорындарының акциялары мен облигацияларын шығару және олардың айналысын жандандыру кезінде мүмкін. Қазақстанда соңғы уақытқа дейін қаржы рыногының бұл сегменті жақсы дамымады, бұл жалпы экономикалық әлуетті тежейді.

Инвестициялық институттар, қор биржалары, биржадан тыс сауда, депозит мекемелері түріндегі құрамды элементтерді кірістіретін ұлттық қор жүйесін қалыптастыру бір мезгілде басқа нарықтық құрылымдардың, ең алдымен әр түрлі тұрпаттағы акционерлік қоғамдардың қалыптасуымен, бұл жүйенің қызметін мемлекеттің экономикадағы оң құрылым жасаушы рөлі кезіндегі сенімді заңнамалық қамтамасыз ету жағдайында жүргізілүі тиіс
Қор биржасы
Бағалы қағаздармен сауда саттықты қор биржасы, заңдарға сәйкес өзге де ұйымдар ұйымдастырады.

Қор биржасы- акционерлік қоғамның ұйымдық- құқықтық нысанында құрылған, осы сауда-саттық ұйымдастырушының сауда жүйесін пайдалана отырып, оларды тікелей жүргізу арқылы сауда-саттықты ұйымдық және техникалық жағынын қамтамасыз етуді жүзеге асыратын заңи тұлға және акционерлік қоғам нысанындағы өзін-өзі реттейтін коммерциялық емес ұйым. Қор биржасының қызметі өзін-өзі өтеу қағидатына негізделеді және оның қызметінен түскен кірістер биржаны материалдық-техникалық дамуға пайдаланады.

Қор биржасы:



  1. сауда жүйелерін пайдалану және қолдау;

  2. қор биржасының тізіміне бағалы қағаздарды енгізу жорамалданып отырған немесе енгізілген эмитенттерге, сондай-ақ қор биржасында айналысқа жіберілетін бағалы қағаздар мен өзге де қаржы құралдарына талап қою;

  3. қор биржасында айналысқа жіберілген бағалы қағаздар мен өзге де қаржы құралдарымен мәміле жасау мақсатында сауда жүйесіне кіруге өз мүшелеріне мүмкідік беру, осы қаржы құралдары бойынша тұрақты сауда-саттықұйымдастыру және өткізу, қаржы құралдарымен мәмілелер бойынша есеп айырысуды ұйымдастыру және жүзеге асыру, не осындай есеп айырысуды жүзеге асыру үшін қажет ақпаратты әзірлеу;

  4. өз мүшелеріне ұйымдық, консультациялық, ақпараттық және өзге де қызметтер көрсету;

  5. бағалы қағаздар рыногы және өзге де қаржы құралдары мәселелері бойынша талдамалық зерттеулер жүргізу;

  6. банк заңнамасында белгіленген тәртіппен банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыру және қор биржасының ішкі құралдарында көзделген өзге де функцияларды жүзеге асырады.

Қор биржасы бағалы қағаздардың қайталама рыногының ұйымдастырушысы болып табылады. Биржадан тыс рынок, әдеттегідей, тек бағалы қағаздардың жаңа шығарылымдарын қамтиды. Онда көбінесе облигациялар орналастырылады. Биржада керісінше, бағалы қағаздардың ескі шығарылымдарының, негізінен акционерлік қоғамдардың акцияларының бағамы белгіленеді. Қор биржасы инвестициялық институттар ретінде қызметпен айналыспайды, бірақ меншікті акциялар шығара алады, бұл оның мүшелері болуға құқық береді.

Қор биржасы заңнамаға сәйкес тіркелінеді және бағалы қағаздармен биржалық қызмет жүргізуге Бағалы қағаздар жөніндегі ұлттық комиссиясында лицензия алады.

Бағалы қағаздар рыногының кәсіби қатысушылары және заңдарға сәйкесбағалы қағаздардан басқа өзге қаржы құралдарымен өзге де мәліметтерді жүзеге асыру құқығы бар өзге де заңи тұлғалар қор биржаларының мүшелері болып табылады. Қор биржасында бағалы қағаздар рыногының кәсіби қатысушыларының кемінде он мүшесі болуы тиіс. Қор биржасының мүшелері мәмілелерді жасау осы мүшелер үшін қор биржасының ережелерінде жол берілетін қаржы құралдарының түрлері бойынша сауда-саттыққа қатысуға құқылы.

Сауда-саттық ұйымдастырушының кірісі оның негізгі қызметінен алынатын қаражат есебінен құрылады. Сауда-саттықты ұйымдастырушы мынадай жағдайларда:



  1. сауда-саттық ұйымдастырушының мүшелігіне кіргені үшін;

  2. сауда-саттық ұйымдастырушының мүлкін пайдаланғаны үшін;

  3. бағалы қағаздар листингі үшін және олардың сауда-саттықты ұйымдастырушының тізімінде болғаны үшін;

  4. мәмілелерді тіркеу және рәсімдеу үшін;

  5. ақпараттық қызмет көрсеткені үшін және өзге де жағдайларда ақшалай жарнамалар мен алымдар алады.

Биржадан тыс бағалы қағаздар рыногының баға белгілеу ұйымы –акционерлік қоғамның ұйымдық-құқықтық нысанында құрылған, осы сауда-саттық ұйымдастырушы клиенттердің арасында баға белгілеу арқылы айырбастау жүйесін пайдалану мен қолдау арқылы сауда-саттықты ұйымдық және техникалық қамтамасыз етуді жүзеге асыратын заңи тұлға. Бұл ұйымның негізгі мақсаты оның клиенттері арасында бағалы қағаздарға баға белгілеудің алмасу жүйесін ұйымдастыру болып табылады. Бағалы қағаздар рыногының кәсіби қатысушылары ғана баға белгілейтін ұйымның клиенттері бола алады.

Қаржы рыногының жұмыс істеуі мемлекеттік реттеуді талап етеді. Ол бағалы қағаздар рыногының субъектілері қызметіне міндетті талаптар белгілейтін нормативтік құқықтық актілер шығыру, эмиссиялық бағалы қағаздарды шығаруды тіркеу мен оларда көзделген шарттар мен міндеттерді элементтердің сақтауын бақылауды жүзеге асыру, бағалы қағаздар рыногының кәсіби қатысушыларымен олардың өзін-өзі реттейтін ұйымдар қызметін лицензиялау және олардың қызметіне бақылау жасау және т.с.с. жолдармен жүзеге асырылады. Қазақстанда мұндай функцияларды жүзеге асырушы уәкілетті орган Ұлттық банктің құрамындағы Бағалы қағаздар жөніндегі депортамент болып табылады. Ол эмитент қызметіне талаптар мен стандарттарды белгілейді, эмиссиялардың проспектілерін және бағалы қағаздарды шығару туралы шешімдерін тіркейді, эмиссиялар бойынша барлық шарттар мен міндеттемелерді эмитенттердің сақтауына бақылауды жүзеге асырады, бағалы қағаздар рыногының кәсіби қатысушыларының қызметін лицензиялайды, бұл рыноктағы әлемдік қаржы дағдарысының және экономиканың нақты секторларындағы өндірістің құлдырауынан туындаған сыртқы және ішкі факторлардың еліміздің бағалы қағаздар рыногына тигізетін жайсыз әсеріне қарамастан, ол даму үстінде. Республиканың бағалы қағаздар рыногында жасалып жатқан қадамдар соңғы кездері айтарлықтай белсенді бола түсті. Стратегиялық тұрғыдан келгенде экономиканы сақтандыру, қазір жұмыс істеп тұрған өндіріс орындарын жандандыру жөнінде жаңаларын құру үшін қажетті алғы шарттар жасау, халықтың әлеуметтік жағдайын жақсарту жөніндегі табысы шаралар ғана Үкіметтің қаржы рыногының өтімділігінің төмендігі проблемасын толақ шешуіне мүмкіндік береді.

Биржаның негіз қалаушы қағидаты бағалы қағаздар рыногының өтімділігін қамтамасыз ету болып табылады. Қор биржасы бағалы қағаздар рыногының субъектісіне келтірілген залалдардың орнын толтырады және оған өз жарғысын, биржалық сауда ережелерін бұзғаны немесе коммерциялық құпияны жария еткен жағдайда заңнамаға сәйкес жауап береді.


3-тақырып. Капитал нарығы.

Мақсаты. Капитал нарығы туралы түсінік, қатысушылары. Бағалы қағаздар эмиссиясы және айналысы. Бағалы қағаздардың жіктелуі. Акциялар түсінігі ерекшеліктері, кірістіліктері.

Неггізгі сұрақтар мен қысқаша мазмұны.


  1. Капитал нарығының қарыз нарығынан айырмашылығы.

  2. Бағалы қағаздар эмиссиясы, жіктелуі.

  3. Бағалы қағаз эмиссиясының тіркелу тәртібі.

  4. Акциялар: түрлері, орналастыру тәртібі, құндары, курсы.

  5. Облигациялар: түрлері, қамтамасыз етілуі, кірістілігі.


4-тақырып. Ақша нарығы.

Мақсаты. Ақша нарығы туралы түсінік, оның құралдары. Банктік акцептер, ерекшеліктері. Вексельдер: түрлері ерекшеліктері. Депозиттік сертификаттар.

Негізгі сұрақтар мен қысқаша мазмұны.

  1. Ақша нарығы туралы түсінік. Ақша нарығының құралдары.

  2. Банктік акцептер және олардың ерекшеліктері.

  3. Қазыналық вексельдер және оларға мінездеме.

  4. Коммерциялық вексельдер.

  5. Депозиттік сертификаттардың түрлері және оларды шығару ерекшеліктері.

Ақша -тауар өндірісінің тарихи категориясы немесе айырбастың ұзақ мерзімді дамуының объективті негізделген нәтижесі.

Ақша жалпыға ортақ балама ретіндегі тауар өндірісі мен тауар айырбасына қажет, ол еңбектің әр түрлі жіктелуі кезінде әр түрлі өнімдерді дайындауға қажетті қоғамдық еңбек шығындарын салыстыруға мүмкіндік береді.



Ақша өзінің дамуында мынадай сатылардан өтті:

  • Металдық

  • Қағаздық

  • Несиелік

  • Электрондық ақша

Ақша нарығының негізгі функциялары:

  • Төлем функциясы

  • Коммерциялық несиелендіруді ету қамтамасыз

  • Есепке алу және т.б.

Ақша нарығының құралдарын және қаржы нарығының ерекшеліктерін ескере отырып оның келесідей сигменттерін бөліп көрсетуге болады.
5,6-тақырып. Валюта нарығы.

Мақсаты : Валюта нарығының түсінігі, ерекшеліктері. Валюталық операциялар, жіктелуі. Валюталық тәуекелдер және сақтандыру әдістері. Валюталық операцияларды бақылау және реттеу.

Негізгі сұрақтар мен қысқаша мазмұны.

  1. Валюта нарығы түсінігі, оның басқа нарықтармен қатынасы.

  2. Валюталық спот операциялары.

  3. Мерзімді валюталық операциялар.

  4. Валюталық операцияларды бақылау және реттеу.

  5. ҚР валюталық реттеу туралы заңдылығына түсініктеме.

  6. Халықаралық валюта-несие ұйымдары қызметтеріне сипаттама.

7-ақырып. Туында бағалы қағаздар нарығы.

Мақсаты : Туынды бағалы қағаздар түсінігі, ерекшеліктері. Варранттар нарығы. Опциондар нарығы. Фьючерстік контракттер. Туынды бағалы қағаздар шығару мен орналастырудың ерекшеліктері.

Негізгі сұрақтар мен қысқаша мазмұны.

  1. Туынды бағалы қағаздар туралы түсінік.

  2. Варранттар және опциондар.

  3. Фьючерстік контрактер.

  4. Туынды бағалы қағаздарды шығару мен орналасытрудың ерекшеліктері.


8,9-тақырып. Коммерциялық банктердің қаржы нарығындағы қызметі.

Мақсаты : Қаржы нарығы инфрақұрылымындағы коммерциялық банктердің ролі. Банктерің инвестициялық және несиелік стратегиясы. Коммерциялық банктердің бағалы қағаздардың эмитенттері және инвесторлары. Коммерциялық банктердің қаржы нарығындағы кәсіби қызметтері.
Негізгі сұрақтар мен қысқаша мазмұны.

  1. Қаржы нарығындағы банктердің ролі.

  2. Банктердің мнвестициялық және несиелік операциялары.

  3. Коммерциялық банктердің бағалы қағаздардың эмитенттері және инвесторлары.

  4. Коммерциялық банктердің қаржы нарығындағы кәсіби қызметкер.

10-тақырып. Зейнетақы қорлары.

Мақсаты: ҚР зейнетақы жүйесі. ҚР мемлекеттік емес жинақтаушы зейнетақы қорлары. Зейнетақы қорларының операциялары. Зейнетақы жинақтарын сақтауды кепілдендіру жүйесі.

Негізгі сұрақтар мен қысқаша мазмұны.

  1. ҚР зейнетақы жүйесі.

  2. ҚР мемлекеттік емес жинақтайшы зейнетақы қорлары.

  3. Зейнетақы қорларының операциялары.

  4. Зейнетақы жинақтарын сақтауды кепілдендіру жүйесі.

11-тақырып. Сақтандыру компаниялары.

Мақсаты : Сақтандырудың экономикалық мәні, қажеттілігі. Сақтандырушының қаржылық негізі. Сақтандыру тәуеклдері. Сақтандыру маркетингі. Сақтандыру компанияларының инвестициялық стратегиялары.

Негізгі сұрақтар мен қысқаша мазмұны.

  1. Сақтандырудың экономикалық мәні, қажеттілігі.

  2. Сақтандырушының қаржылық негізі.

  3. Сақтандыру тәуеклдері.

  4. Сақтандыру маркетингі.

  5. Сақтандыру компанияларының инвестициялық стратегиялары.

12-тақырып. Инвестициялық компаниялар және қорлар

Мақсаты :Инвестициялық компаниялардың құрылуы, қызметі, инвестициялық компаниялардың типтері. Ұжымдық инвестициялау түсініг және ерекшеліктері. Бағалы қағаздар портфелі, оларды және капиталды орналастыру. Инвестициялық компаниялар мен қорлардың инвестициялық саясаты.

Негізгі сұрақтар мен қысқаша мазмұны.

  1. Инвестициялық компаниялардың құрылуы, қызметі, ерекшеліктері.

  2. Инвестициялық компаниялардың типтері.

  3. Тұрақты және өзгермелі бағалы қағаздар портфелі, оларды басқару.

13-тақырып. Қаржы нарығындағы брокерлік-дилерлік қызмет.

Мақсаты : Қор нарығындағы кәсіби қазмет, оны лицензиялау. Брокерлік фирмалар қызметтері. Брокерлер және биржалар.

Негізгі сұрақтар мен қысқаша мазмұны.

  1. Қор нарығндағы кәсіби қызмет.

  2. Брокердің іс-әрекеті.

  3. Брокер қор биржасында.

  4. Биржалық мәмілелер.

14,15-тақырып. ҚР Ұлттық банкі –қаржы нарығын реттеуші орган.

Өзін-өзі реттеуші ұйымдар.

Мақсаты : Ұлттық банк қызметтері. Қаржы нарығының кәсіби қатысушыларын лицензиялау. Өзін-өзі реттеуші ұйымдардың ролі, қызметтері. ҚР қаржы нарығынң даму стратегиясы.

Негізгі сұрақтар мен қысқаша мазмұны.

  1. Ұлттық банктің қызметтері, міндеттері.

  2. Қаржы нарығындағы өзін-өзі реттеу ұйымдарының ролі.

  3. Өзін - өзі реттеуші ұйымдардың ролі, қызметтері.

  4. ҚР қаржы нарығының даму стратегиясы.



6. СЕМИНАР САБАҒЫНЫҢ ЖОСПАРЫ




Тақырып

Семинар сабағының мазмұны

Апта

Әдебиеттер



Қаржы нарығының инфрақұрылымы және оның құрамдас элементтері

1.Қаржы нарығының экономикалық мәні мен функциясы

  1. Қаржы нарығының құрылымы

  2. С.Ковалев тұжырымдамасы бойынша қаржы нарығының құрылымы






3,5, 15,20.


2.

Ақша нарығы және оның қаржы құралдары
1.Ақша нарығы түсінігі және қызметі

2. Қазақстан ақша қаражаттары нарығының негізгі сегменттері

3. Ақша нарығының төлем құралдары






2,10,17,22

3

Депозит нарығының қызметтерінің ерекшеліктері


1. Депозит нарығының экономикалық мәні мен ролі

2. Депозит түрлері және оларға сипаттама

3. ҚР депозит нарығының институционалдық құрылымы

4. Қазақстандық депозит нарығының сегменті






2,12,14,16,23.


4

Несие нарығы, оның мәні және маңызы

1. Несие нарығы және оның атқаратын қызметтері

2. Несие нарығының қатысушылары: қарыз алушы және несие беруші

3. Несие нарығы құралдарының түрлері мен формалары




3,5,7,18,20.

5

Валюта нарығы және валюталық операциялар


1. Валюта нарығы түсінігі және құрылымы

2. Валюта бағамы және оған әсер ететін факторлар

3.Қазақстанның валюта нарығының құрылымы




4,6,8,11.

6

Бағалы қағаздар нарығы, оның қызметі және құрылымы

1.Бағалы қағаздар және олардың түрлері

2.Бағалы қағаздарды эмиссиялау тәртібі

3.Бағалы қағаздар нарығы және оның қатысушылары




12,22,25.



7

Сақтандыру нарығы және Зейнетақы нарығы


1. Сақтандырудың экономикалық мәні және түрлері

2.Сақтандыру нарығының қатысушылары

3. Қаржы нарығы жүйесіндегі зейнетақы нарығының ролі


  1. Зейнетақы нарығының қатысушылары

  2. Зейнетақы жүйесінің түрлері






22,23,24.


8

Қаржы делдалдығы және қаржы делдалдары.

Коммерциялық банктердің қаржы нарығындағы қызметі



1.Қаржы нарығы жүйесіндегі коммерциялық банктердің ролі

2. Банктердің инвестициялық және несиелік стратегиясы

3. Коммерциялық банктердің бағалы қағаздармен операциялары

4. Банктердің кастодиандық қызметі






2,3,6,8,9,12,17.


9

Зейнетақы қорлары мен

Инвестициялық қорлар және компаниялар




1.Жинақтаушы зейнетақы қорларының құқықтары мен міндеттері

2.Жинақтаушы зейнетақы қорларының қызметінің негізгі қағидалары

3.Инвестициялық қорлар мен компаниялардың қалыптасуы мен қызметі

4.Инвестициялық қорлардың типтері






12,22,23,26.


10

Сақтандыру ұйымдары және қорлары.

Мамандандырылған қаржылық институттар



1.Сақтандыру қызметінің негізі. Сақтандыру компанияларының типтері

2.Қазақстандағы сақтандыру компанияларының қызметі

3. Банктік емес ұйымдардың несие беруі

4.Несиелік серіктестіктер, ломбардтар, қаржылық компаниялардың қызметі






12,13,16.


11

Қор биржасы, оның қызметі және құрамы.

Қазақстандағы қаржы нарығын құқықтық реттеудің негіздері




1. Қор биржасының пайда болуы мен түсінігі

2. Қор биржасының құрамы мен қызметтері

3. Қаржы нарығын реттеудің мәні мен модельдері

4. Қаржы нарығын реттеудің түрлері мен негізгі бағыттары






11,13,14,20.


12

ҚР Ұлттық банкі қаржы нарығын реттеуші орган ретінде.

Қаржы нарығын реттеу және қадағалау бойынша Агенттіктің қызметі



1. Ұлттық банктің функциялары мен операциялары

2. Ұлттық банктің ақша-несие саясаты

3. ҚР қаржы нарығын реттеу мен қадағалау агенттігінің қызметі мен міндеттері




2,11,13,15,16,22,24


13

Өзін өзі реттеу ұйымы және

әлемдік қаржы нарығының құрылуы және дамуы




1. Өзін өзі реттеу ұйымдарының түсінігі мен қызметі

2. Қазақстанның өзін өзі реттеу ұйымдарының міндеті

3. Әлемдік қаржы нарығының мәні мен мағынасы

4. Қаржы нарығының негізгі даму кезеңдері






11,12,15,16,17, 22


14

Халықаралық бағалы қағаздар нарығы және

әлемдік валюта нарығы




1. Халықаралық валюта нарығының сипаттамасы

2. Халықаралық қаржыландырудың негізгі сипаттамасы

3. Әлемдік валюта нарығының түсінігі мен құрылымы




14,16,18,20,22,24,29.

15

Шет елдердің зейнетақы жүйесі мен дамыған және дамушы елдердің қаржы нарығы


1. Шетелдердің зейнетақы жүйесі

2. Дамыған және дамушы елдердің қаржы нарығы






4,6,8.



7. ПӘНДІ МЕҢГЕРУ БОЙЫНША ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУ

7.1. Теориялық білімді меңгеру үшін әдістемелік нұсқау

«Қаржы нарықтары және делдалдары» курсы экономикалық ғылымның маңызды бөліктерінің – базалық оқу пәні болып табылады. Қаржы туралы ғылымның ерекшеліктері зерделетін «Қаржы менеджменті»- арнаулы пән және оның мақсаты – теориялық курс. Ол болашақ қаржыгерлер мен банкирлерді кең профильді маман ретінде дайындауға негіз береді. Бұл курс экономикалық теория, макро және микро деңгейдегі экономика, қаржы, бухгалтерлік есеп және аудит, менеджмент және сол сияқты басқа оқу пәндерімен қосылып, ақша-несие қатынастарының, банктік қызмет теориясының және ұйымдастыру негіздерінің мәні туралы білімді қалыптастырып, олардың маңызы мен экономикадағы қолдану механизмін тереңірек түсінуге мүмкіндік береді.


7.2. Семинар жұмыстарына әдістемелік нұсқау

Семинар сабағы оқу сабағын өткізудің неғұрлым кең қолданылатын нысаны болып табылады. Ол пәнді оқытудың негізі және неғұрлым күрделі мәселелерін игеруге мүмкіндік береді.

Семинар сабағының негізгі тапсырмалары мыналар:


  • дәрісте берілген студенттің өз бетінше жұмыс істеу бырсында игерілген теория және тәжірибе сұрақтары бойынша білімді тереңдету;

  • әдебиеттер мен басқалай ақпараттық материалдармен өз бетінше жұмыс істеу қабілетін қалыптастыру;

  • қарастырылатын мәселелерге сәйкес талдау жасай білу қабілетін қалыптастыру;

  • материалдың игерілгендігіне бақылау жасау.

Студент семинар сабағына қатысу үшін оған алдын- ала дайындықпен келуге, әдеби шолу жасап, тапсырманы орындауға міндетті.

Семинар сабағына студенттер қаржының көптеген анықтамалары мен, қаржылық бақылау, қаржылық басқару түрлерімен, бағалы қағаздарды жетілдіру нысандарымен танысады. Практикалық оқып-үйренуге бастайтын, сондай-ақ қаржы заңдылықтарын қамтамасыз етуге комплексті шаралар қолдану көзделеді.



7.3. СӨЖ бойынша әдістемелік ұсыныстар

  1. СӨЖ орындауға дайындық кезінде ойлау, әр түрлі нұсқаулар ұсынып және оларды шетел тәжірибесімен салыстыру қажет.

  2. Жеке және топ презентациясын жүргізу кезінде міндетті түрде тақырып сұрақтарын бөлу керек, ойды мазмұндау формасын табу және көрсетілім пособияларын қолдану қажет. Презентация тақырыбының логикалық моделін құрастыру қажет, яғни кіріспе, негізгі бөлім және қорытынды бөлімдері.

  3. Реферат жазу барысында келесідей талаптар қойылады: жоспар және қолданылған әдебиеттер тізімімен басылымды түрде минималды 10 бет. Реферат орфографиялық қатесіз және бет параметрлері сақталу қажет.

(А 4 беттің барлық жағынан 2 см)
7.4. Рефератты жазу үшін әдістемелік нұсқау

Бірнеше тақырыпты еңбектерді шолу немесе белгілі бір тақырып бойынша бірнеше автордың пікірі, қандай да бір тақырыпты, сондай ақ бір ойшылдығ еңбегін талдау реферат болып табылады. Реферат кітапханадағы белгілі бір оқулықтар негізінде жазылады. Реферат комьпютерде 14 шрифтпен жазылады, 1,5 интервалымен, жан жақтары сол жағы- 3 см, оң жағы-1,5см, жоғарғы және төменгі жағы 1,5 см. Жалпы бет көлемі – 13-15бет. Кіріспе- 1,5 бет, негізгі бөлім- 10-12 бет, қорытынды бөлім-1,5 бет. Кіріспе 3 беттен бастап нөмірленеді.

Реферат құрылымы:


  1. Титуль беті

  2. Жоспар

  3. Кіріспе

  4. Негізгі бөлім (2-3 сұрақтан) тұрады

  5. Қорытынды бөлім

  6. Пайдаланылған әдебиеттер (3-4 әдебиет кем дегенде)


7.5. ОЖСӨЖ және СӨЖ-нің ұйымдастырылуы бойынша әдістемелік нұсқау
1 апта

Тақырып: Қаржы нарығының инфрақұрылымы және оның құрамдас элементтері

ОЖСӨЖ мақсаты: Үйге берілген тапсырманы тексеру, түсінбеген сұрақтарды талқылау

Өткізу түрі: ауызша

Сұрақтар:

1.Қаржы нарығының экономикалық мәні мен функциясы

2. Қаржы нарығының құрылымы

3. Қазақстанның қаржы нарығының ерекшеліктері



Әдістемелік нұсқаулар: Бұл тақырыпты толық қамту үшін студент берілген әдебиеттер мен қосымша материалдар оқу қажет.

Пайдаланатын әдебиет: Бохаев Д.Т., Искаков Ұ.М., Рузиева Э.А. Қаржы нарығы және делдалдары. Алматы: Экономика, 2008жыл
2 апта

Тақырып: Ақша нарығы және оның қаржы құралдары

ОЖСӨЖ мақсаты: Үйге берілген тапсырманы тексеру, түсінбеген сұрақтарды талқылау

Өткізу түрі: ауызша

Сұрақтар:

  1. Ақшаның пайда болуы және оның тауарлы табиғаты.

  2. Құнның салыстырмалы және эквиваленттік формасы – құнның екі қарама-қарсы жақтары. Ақша жалпы құн эквиваленті ретінде.

  3. Ақшаның дүниежүзілік қызметі.

Тапсырмалар: “Ақшаның атқаратын қызметтері” тақырыбында реферат дайындау

Әдістемелік нұсқаулар: Бұл тақырыпты толық қамту үшін студент берілген әдебиеттер мен қосымша материалдар оқу қажет.

Пайдаланатын әдебиет: Сейіткасымов Г.С. «Ақша, Несие, Банктер». – Алматы: Экономика, 2005, Сәниев М.С. «Ақша. Несие. Банктер», - Алматы, 2001ж.
3 апта

Тақырып: Депозит нарығының қызметтерінің ерекшеліктері

ОЖСӨЖ мақсаты: Үйге берілген тапсырманы тексеру, түсінбеген сұрақтарды талқылау

Өткізу түрі: ауызша

Сұрақтар:

1. Депозиттерді сақтандыру жүйесі және депозиттердің сақтандырудың шетелдік тәжірибесі. 2. Депозиттерді ерікті сақтандыру, міндетті түрде сақтандыру, мемлкеттік сақтандыру, жеке сақтандыру, аралас түрде сақатндыру. 3. «Қазақстанның жеке тұлғаларының депозиттеріне кепілдік беру қоры» ЖАҚ оынң негізгі қызметі , құрылтайшысы.



Әдістемелік нұсқаулар: Бұл тақырыпты толық қамту үшін студент дәрісті, берілген әдебиеттер мен қосымша материалдар оқу қажет.

Пайдаланатын әдебиет: Хамитов Н.Н. Банк ісі. Алматы: Экономика, 2006 жыл, Хамитов Н.Н. Банк менеджменті. Алматы: Экономика, 2007 жыл, «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметтері туралы» ҚР Заңы, 31.08.1995ж
4 апта

Тақырып: Несие нарығы, оның мәні және маңызы

ОЖСӨЖ мақсаты: Осы тақырыпқа бойынша үй тапсырмаларын тексеру, жаңадан енген терминдердің мазмұнын түсіндіру

Өткізу түрі: Ауызша, жазбаша

Терминдер: несие пайызы, несие, ссуда, заем, қарыз алысу, қарыз қаражаты, қарызгер, қарызға қызмет көрсету, қарызды ұластыру, несие желісі, несие капиталы, несие карточкасы, несие құны, несие мөлшері, несие ресурстары, несие нарығы, несие шарты, несие шоты, несиегер, несиелік ақша, несиелік билеттер, несиелік шектеу, несиелендірудің ерекше режимі.

Конспект сұрақтары:

1) несие қағидалары,

2) Несие формалары: банктік, мемлекеттік, дербес, тұтынушылық, коммерциялық, халықаралық, ипотекалық..

Әдістемелік нұсқаулар: Дәрісті оқу, ұсынылған әдебиеттерді оқу, терминдерді тауып, оның әрбіреуіне сипаттама жазып, жаттап алу керек

Пайдаланатын әдебиет: Сейіткасымов Г.С. «Ақша, Несие, Банктер». – Алматы: Экономика, 2005, Сәниев М.С. «Ақша. Несие. Банктер», - Алматы, 2001ж., 1. Бақтиярова А.Ж., Баудиярова Э.Н. «Ақша.Несие.Банктер пәні бойынша студенттерге арналған түсіндірме экономикалық сөздіктер». Орал, 2008 жыл
5 апта

Тақырып: Валюта нарығы және валюталық операциялар

ОЖСӨЖ мақсаты: Осы тақырыпқа бойынша үй тапсырмаларын тексеру, жаңадан енген терминдердің мазмұнын түсіндіру

Өткізу түрі: жазбаша және ауызша

Сұрақтар:

1) Валюта бағамы, оның ел экономикасына әсері. Валюта қатынастары;

2) ҚР валюта жүйесі;

3) Дүниежүзілік валюта жүйесінің даму кезеңдері: Париж конференциясы, Генуя конференциясы, Бреттон Вудс конференциясы



Терминдер: Валюта, Валюта жүйесі, Валюта қатынастары, Валюта қоржыны, Валюта бағамы (курсы), Валюталық паритет, Валюталық операциялар, Валюталық интервенция, Валюталық шектеулер, Валюталық саясат, Валюталық механизм, Валюталық нарық, Валюта аймағы, Валюта басқыншылығы, Валюта дағдырысы, Валюта декларациясы, Валюта демпингі, Валюта жайғасымы, Валюта келісімі, Валюта клирингі, Валюта қоры, Валюта құндылықтары, Валюта мәмілесі, Валюта монополиясы, Валюта несиесі, Валюта одақтары, Валюта өтелімділігі, Валюта саясаты, Валюта тәуекелдігі, валюталық қатер, Валюта түсімі, Валюталық арбитраж, Валюталық аударым қорлары, Валюталық аутрайт, Валюталық берешек, Валюталық бақылау, Валюталық бақылау декларациясы, Валюталық дәліз, Валюталық девиз саясаты, Валюталық ескертпе, Валюталық касса, Валюталық коэффициент, Валюталық құбылмалы бағам, Валюталық құндылықтар, Валюталық опцион, Валюталық резервтер, валюталық сақтық қорлар, Валюталық реттеу, Валюталық своп, Валюталық тосқауыл, Валюталық шот, Валютаны реттеу қорлары, Валютасыз айырбас.

Әдістемелік нұсқаулар: Дәрісті оқу, ұсынылған әдебиеттерді оқу, терминдерді тауып, оның әрбіреуіне сипаттама жазып, жаттап алу керек

Пайдаланатын әдебиет: Сейіткасымов Г.С. «Ақша, Несие, Банктер». – Алматы: Экономика, 2005,

Сәниев М.С. «Ақша. Несие. Банктер», - Алматы, 2001ж., Бақтиярова А.Ж., Баудиярова Э.Н. «Ақша.Несие.Банктер пәні бойынша студенттерге арналған түсіндірме экономикалық сөздіктер». Орал, 2008 жыл


6 апта

Тақырып: Бағалы қағаздар нарығы, оның қызметі және құрылымы

ОЖСӨЖ мақсаты: Дәрісте үлгерілмеген сұрақтарды талқылау, үй тапсырмаларын тексеру

Өткізу түрі: жазбаша және ауызша

Сұрақтар:

  1. Жалған капитал түсінігі.

  2. Жалған капиталдың нақты және қарыз капиталынан айырмашылығы.

  3. Бағалы қағаздар жалған капиталдың формасы ретінде. Бағалы қағаздардың түрлері: акциялар, облигациялар, жинақ сертификаттары, вексель.

  4. Бағалы қағаздар эмиссиясының тәртібі.

  5. Бағалы қағаздарды шығару және айналысқа түсіру тәртібі.

Әдістемелік нұсқаулар: дәрісті қайталау, сұрақ бойынша конспект жазу үшін ұсынылған әдебиеттерді оқу

Пайдаланатын әдебиет: Сейіткасымов Г.С. «Ақша, Несие, Банктер». – Алматы: Экономика, 2005, Сәниев М.С. «Ақша. Несие. Банктер», - Алматы, 2001ж., Бақтиярова А.Ж., Баудиярова Э.Н. «Ақша.Несие.Банктер пәні бойынша студенттерге арналған түсіндірме экономикалық сөздіктер». Орал, 2008 жыл
7 апта

Тақырып: Сақтандыру нарығы және зейнетақы нарығы

ОЖСӨЖ мақсаты: Осы тапсырманы орындауда студенттер сақтандырудың экономикалық негізін және арналымын оқып үйренеді.

Өткізу түрі: жазбаша және ауызша

Сұрақтар:

1. Бұл тақырыпты толық қамту үшін студент берілген әдебиеттер мен қосымша материалдар оқу қажет.

2. Сақтандыруда қолданылатын негізгі түсініктер мен терминдерге жазбаша қысқаша сипаттама беру. (Слип, оферта, акцепт, агент, брокер, своп, делдал, тариф, сақтандыру оқиғасы, сақтанушы, сақтандырушы, өкілетті аудитор, тәуекел, полис).

3. Төмендегі сұрақтар бойынша қосымша тапсырма орындау:

А)Сақтандырудың қаржы несие қатынастарындағы ролі.

Б) Заңды және жеке тұлғалардың мүліктік қызығушылығын қорғауды қамтамасыз ету үшін сақтандыруды пайдаланудың қажеттілігі.



Әдістемелік нұсқаулар: Бұл тақырыпты толық қамту үшін студент берілген әдебиеттер мен қосымша материалдар оқу қажет.

Пайдаланатын әдебиет: Гвозденко А.А. Основы страхования: Учебник.-2-ое изд.,перераб.и доп.- М.: Финансы и статистика, 2006г; Гвозденко А.А. Страхование : учеб.- М.: ТК Велби, Изд-во Проспект, 2006г; Грищенко Н.Б. Основы страховой деятельности: Учеб.пособие.- М.: Финансы и статистика, 2006г
8 апта

Тақырып: Қаржы делдалдығы және қаржы делдалдары. Коммерциялық банктердің қаржы нарығындағы қызметі

ОЖСӨЖ мақсаты: Үйге берілген тапсырманы тексеру, презентация жасау арќылы таќырыпты терең түсіну

Өткізу түрі: ауызша және жазбаша

Тапсырмалар: ҚР-ғы барлық коммерциялық банктер бойынша презентациялар жасау

Сұрақтар:

1. Банктерді қайта құру: ерікті және еріксіз қайта құру

2. Шетелдердегі Орталық және коммерциялық банктердің қызмет ету ерекшеліктері


  1. Банктердің негізгі қызметтері. Банктің қызмет етуін қалыптастыру, қайта ұйымдастыру және оны тоқтату тәртібі

  2. Банктік лицензия түсінігі. Банктердің банкротқа ұшырау барысындағы қолданылатын іс-қимылдары

Әдістемелік нұсқаулар: дәрісті қайталау, ұсынылған әдебиеттерді оқу, сұрақтарға конспект жазу

Пайдаланатын әдебиет: Сейіткасымов Г.С. «Ақша, Несие, Банктер». – Алматы: Экономика, 2005, Сәниев М.С. «Ақша. Несие. Банктер», - Алматы, 2001ж., 1. Бақтиярова А.Ж., Баудиярова Э.Н. «Ақша.Несие.Банктер пәні бойынша студенттерге арналған түсіндірме экономикалық сөздіктер». Орал, 2008 жыл
9 апта

Тақырып: Зейнетақы қорлары мен инвестициялық қорлар және компаниялар

ОЖСӨЖ мақсаты: Дәрісте үлгерілмеген сұрақтарды талқылау, үй тапсырмаларын тексеру

Өткізу түрі: жазбаша және ауызша

Сұрақтар:

1.Жинақтаушы зейнетақы қорларының құқықтары мен міндеттері

2.Жинақтаушы зейнетақы қорларының қызметінің негізгі қағидалары

3.Инвестициялық қорлар мен компаниялардың қалыптасуы мен қызметі

4.Инвестициялық қорлардың типтері

Әдістемелік нұсқаулар: дәрісті қайталау, сұрақ бойынша конспект жазу үшін ұсынылған әдебиеттерді оқу

Пайдаланатын әдебиет: Бохаев Д.Т., Искаков Ұ.М., Рузиева Э.А. Қаржы нарығы және делдалдары. Алматы: Экономика, 2008жыл
10 апта

Тақырып: Сақтандыру ұйымдары және қорлары. Мамандандырылған қаржылық институттар

ОЖСӨЖ мақсаты: Тақырыпты толық түсіну

Өткізу түрі: жазбаша

Тапсырмалар:

Бақылау жұмысын жазуға дайындалу



Әдістемелік нұсқаулар: дәрісті қайталау, сұрақ бойынша конспект жазу үшін ұсынылған әдебиеттерді оқу

Пайдаланатын әдебиет: Бохаев Д.Т., Искаков Ұ.М., Рузиева Э.А. Қаржы нарығы және делдалдары. Алматы: Экономика, 2008жыл
11 апта

Тақырып: Қор биржасы, оның қызметі және құрамы. Қазақстандағы қаржы нарығын құқықтық реттеудің негіздері

ОЖСӨЖ мақсаты: Дәрісте үлгерілмеген сұрақтарды талқылау, үй тапсырмаларын тексеру

Өткізу түрі: жазбаша және ауызша

Сұрақтар:

  1. Дамыған елдердегі қор биржаларын басқару мен ұйымдастыру ерекшеліктері.

  2. Қазақстан Республикасындағы қор биржаларының қызметі мен мақсаты.

  3. Бағалы қағаздар нарығына қатысушылар. Оның кәсіби мамандары: брокерлер мен дилерлердің қызметі

Тапсырмалар: «Қазақстан Республикасындағы бүгінгі таңдағы қор биржасының дамуы мен жағдайы» тақырыбына баяндама дайындау

Әдістемелік нұсқаулар: дәрісті қайталау, сұрақ бойынша конспект жазу және баяндама жасау үшін ұсынылған әдебиеттерді оқу,

Пайдаланатын әдебиет: Сейіткасымов Г.С. «Ақша, Несие, Банктер». – Алматы: Экономика, 2005, Сәниев М.С. «Ақша. Несие. Банктер», - Алматы, 2001ж., Бақтиярова А.Ж., Баудиярова Э.Н. «Ақша.Несие.Банктер пәні бойынша студенттерге арналған түсіндірме экономикалық сөздіктер». Орал, 2008 жыл
12 апта

Тақырып: ҚР Ұлттық банкі қаржы нарығын реттеуші орган ретінде. Қаржы нарығын реттеу және қадағалау бойынша Агенттіктің қызметі

ОЖСӨЖ мақсаты: Үйге берілген тапсырманы тексеру, презентация жасау арќылы таќырыпты терең түсіну

Өткізу түрі: ауызша және жазбаша

Тапсырмалар: «Ұлттық Банк- «банктердің банкісі» тақырыбына презентациялар (слайд) дайындау

Әдістемелік нұсқаулар: Теледидар жаңалықтарын тыңдау, БАҚ оқу, дәрісті қайталау, презентация жасау үшін Ұлттық банктің сайтына кіріп керек материалдарды алыңыз, «Ұлттық банктің Хабаршысы» мерзімді басылымын қараңыз, презентацияны электронды түрде жасап, түсті принтер арқылы шығарыңыз

Пайдаланатын әдебиет: Сейіткасымов Г.С. «Ақша, Несие, Банктер». – Алматы: Экономика, 2005, Сәниев М.С. «Ақша. Несие. Банктер», - Алматы, 2001ж., 1. Бақтиярова А.Ж., Баудиярова Э.Н. «Ақша.Несие.Банктер пәні бойынша студенттерге арналған түсіндірме экономикалық сөздіктер». Орал, 2008 жыл
13 апта

Тақырып: Өзін өзі реттеу ұйымы және әлемдік қаржы нарығының құрылуы және дамуы

ОЖСӨЖ мақсаты: Дәрісте үлгерілмеген сұрақтарды талқылау, үй тапсырмаларын тексеру

Өткізу түрі: жазбаша және ауызша

Сұрақтар:

1. Өзін өзі реттеу ұйымдарының түсінігі мен қызметі

2. Қазақстанның өзін өзі реттеу ұйымдарының міндеті

3. Әлемдік қаржы нарығының мәні мен мағынасы

4. Қаржы нарығының негізгі даму кезеңдері

Әдістемелік нұсқаулар: дәрісті қайталау, сұрақ бойынша конспект жазу және баяндама жасау үшін ұсынылған әдебиеттерді оқу,

Пайдаланатын әдебиет: Сейіткасымов Г.С. «Ақша, Несие, Банктер». – Алматы: Экономика,
14 апта

Тақырып: Халықаралық бағалы қағаздар нарығы және әлемдік валюта нарығы

ОЖСӨЖ мақсаты: Бақылау жазу арқылы тақырыпты есте сақтау

Өткізу түрі: жазбаша

Тапсырмалар: Бақылау жазу үшін дәрісті қайталап, ұсынылған әдебиеттерді оқу

Әдістемелік нұсқаулар: дәрісті қайталау, сұрақ бойынша конспект жазу және баяндама жасау үшін ұсынылған әдебиеттерді оқу,

Пайдаланатын әдебиет: Бохаев Д.Т., Искаков Ұ.М., Рузиева Э.А. Қаржы нарығы және делдалдары. Алматы: Экономика, 2008жыл
15 апта

Тақырып: Шет елдердің зейнетақы жүйесі мен дамыған және дамушы елдердің қаржы нарығы

ОЖСӨЖ мақсаты: Дәрісте үлгерілмеген сұрақтарды талқылау, үй тапсырмаларын тексеру

Өткізу түрі: ауызша

Сұрақтар:


      1. Чилидің зейнетақы нарығы

      2. Дамыған және дамушы елдердің зейнетақы нарықтары

      3. АҚШ пен Жапонияның зейнетақы нарықтары

Әдістемелік нұсқаулар: дәрісті қайталау, сұрақ бойынша конспект жазу және баяндама жасау үшін ұсынылған әдебиеттерді оқу,

Пайдаланатын әдебиет: Бохаев Д.Т., Искаков Ұ.М., Рузиева Э.А. Қаржы нарығы және делдалдары. Алматы: Экономика, 2008жыл

8. КУРСТЫҚ ЖҰМЫСТАРДЫ ОРЫНДАУ БОЙЫНША ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУ

Бұл пән бойынша курстық жұмыс жоспарланбаған.


9. СТУДЕНТТІҢ ӨЗІНДІК ЖҰМЫСЫНА (СӨЖ) АРНАЛҒАН МАТЕРИАЛДАР

СӨЖ – дидактикалық тапсырмаларды өз бетімен орындауға, танымдық қабілетті арттыруға және белгілі бір ғылым саласысына байланысты білімін толықтыруға негізделген оқу процесінің ерекше бір түрі.

СӨЖ шығармашылық белсендікті, логикалық ойлауды дамытуды қамтамасыз ететін практикалық тапсырмаларды жүзеге асырумен байланысты болып табылады.

СӨЖ оқытушының қатысуымен (ОЖСӨЖ) аудиториядан тыс және оқытушысыз аудиториядан тыс (СӨЖ) сабақтардан тұрады.



9.1. СӨЖ материалдарының түрлері, келесі құжаттарды қамтиды:

  • типтік және жұмыс оқу бағдарламарының негізгі бөлімдеріне сай келетін тапсырмалар жүйесі

  • рефераттардың, баяндамалардың, шығармашылық жұмыстардың тақырыптары

  • негізгі және қосымша әдебиеттердің тізімі

  • кеңес түрлері

  • бақылау түрлері

  • бағалау критериялары, орындалатын жұмыстың көлемі және оны тапсыру уақыты т.б.

9.2. СӨЖ-дің ұйымдастырылуы

  • жазбаша жұмыстарды дайындаумен (реферат, баяндама, бақылау тапсырмалары,глосаррий),

  • ғылыми жобаны өндеумен (проблемалық мақалалар),

  • виртуальдық жұмыстарды іздестірумен (интернет жүйесі және локальды желі арқылы),

  • электрондық курстың материалын меңгерумен (компьютерлік жүйе арқылы),

9.3. Өзіндік жұмысты істеу кезінде студенттерге қойылатын талаптар.

  • Мәтінмен жұмыс істей білу

  • Білімді қарым қатынас жасауға бейімділік

  • Өзіндік ұйымдастыру

  • Жоғары білімділік пен ой-өрістің кеңдігі

9.4. Курс бойынша жазба жұмыстарының тақырыптары (реферат, баяндама)

  1. Қаржы нарығы – нарыктык категория.

  2. Бағалы қағаз нарығы құрылымы.

  3. Қазақстан қор биржасының ұйымдастырылуы.

  4. Несие нарығы, қалыптасуы, дамуы.

  5. Валюта нарығы, ерекшеліктері.

  6. ҚР-дағы бағалы қағаздар нарығын реттеу.

  7. Брокерлік фирманың қызметінің ұйымдастырылуы.

  8. Қаржы нарығындағы институционалдық инвесторлар.

  9. ҚР-ның банк жүйесінің дамуы .

  10. Мемлекеттік бағалы қағаздар нарығының ұйымдастырылуы, дамуы.

  11. Негізгі бағалы қағаздар нарығы.

  12. Туынды бағалы қағаздар нарығы.

  13. Вексель – борыштық міндеттеме

  14. ҚР зейнетақы жүйесінің дамуы

  15. ҚР несие жүйесі

  16. ҚР ипотекалық несиелендірудің проблемалары

  17. Акционерлік қоғамның дивиденттік саясаты

  18. Инвестициялық қорлардың қызметі

  19. Жинақ банкілердің актив және пассив операциялары

  20. Банктік маркетинг

  21. Банктік менеджмент

  22. Несиелік капитал мен пайыз

  23. Халықаралық несиенің нысандары

  24. Банктің өтімділігін басқару

  25. Коммерциялық банктердің қызметтері

  26. Инвестициялық банктердің операциялары

  27. Несиегердің төлем қабілеттілін бағалау

  28. Банкир үйлері мен олардың сипаттамасы

  29. Коммерциялық банктің несие саясаты

  30. ҚР сақтандыру ісінің даму проблемалары

  31. Халықаралық қаржы есеп айырысудың нысандары мен әдістері

  32. Халықаралық қаржы-несие институттары

  33. Несиенің мәні мен экономикадағы рөлі

  34. Коммерциялық банктегі стратегиялық жоспарлау

  35. Қазақстанның тұрғындық құрылыс жинақтаушы банкінің қызметі

  36. Сақтандырудың әлеуметтік және экономикалық мәні.

  37. Коммерциялық банктің актив операциялары

  38. Коммерциялық банктің пассив операциялары

  39. Коммерциялық банктердің дәстүрлі емес қызметтері

  40. Сақтандыру сферасындағы маркетинг

  41. Коммерциялық банктердің пайда болу тарихы

  42. ҚР зейнетақы жүйесін жетілдіру бағыттары

  43. ҚР ипотекалық несиелендіруді жетілдіру бағыттары

  44. ҚР бағалы қағаз нарығының қалыптасу мен даму проблемалары

  45. Қор биржасының қызметі

  46. ҚР валюта нарығының қалыптасуы мен дамуы

  47. Коммерциялық банктердің валюталық операциялары

  48. Банк қызметіндегі тәуекелдік

  49. Банктік қызметті бақылау мен қадағалау

  50. Банктік қызметті ұйымдастырудың негізгі қызметтері


10.ОҚУ, ӨНДІРІСТІК ЖӘНЕ ДИПЛОМАЛДЫ САРАМАНДЫ ӨТКІЗУ ЖӨНІНДЕ ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУЛАР ЖӘНЕ ЕСЕП ҚҰЖАТТАРЫНЫҢ ТҮРІ (ЕГЕР ПӘН БОЙЫНША ҚАЖЕТ БОЛСА)

Бұл пән бойынша қарастырылмаған


11.СТУДЕНТТІҢ ОҚУ ЖЕТІСТІКТЕРІН БАҚЫЛАУ ЖӘНЕ БАҒАЛАУ МАТЕРИАЛДАРЫ
11.1.Білімді бағалау схемасы




«Қаржы нарықтары және делдалдары» пәні бойынша білімді бағалау кестесі


Бағалау критериясы


Бағалау түрі

Атпа

Жұмыс үшін %

Барлығы

%


1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

14

15

1

Дәрістерге қатысу

1

14

+

+

+

+

+

+

+

+

+

+

+

+

+

+




2

Семинар сабақтарына белсенді түрде қатысу

1

14

+

+

+

+

+

+

+

+

+

+

+

+

+

+




3

СӨЖ-на берілген тапсырмаларды орындау (реферат, баяндама, бақылау жұмыстары және т.б.)

2

30

+

+

+

+

+

+

+

+

+

+

+

+

+

+

+

4

Коллоквиум

1

2



















+






















+

5

Р1 + Р2




60














































6

Емтихан




40














































Барлығы




100















































11.2.Бағалау саясаты

Бағалау саясаты келесі принциптерге негізделу керек: шынайлық, әділдік, айқындылық, икемділік, жоғары дифференциация.

Қорытынды бағалауға рейтингтік бақылау және емтихан кіреді.

Ќорытынды бағалау мен рейтингті бақылау



  • Семестрдің 7(8) аптасында (1-7 апта нәтижесі бойынша) және 15 аптада (8-15 апта нәтижесі бойынша) оқытушы 100 пайыздық шкала бойынша рейтингті бақылау нәтижелерін шығарады және оқытушы өткізген рейтингке қойылатын баға, ағымды, рубеждік бақылау балдарының сомасын көрсетеді.

  • Қорытынды баға мына формула бойынша есептеледі

U = [(P1 +P2) / 2] * 0,6 + E * 0,4

P1 - бірінші рейтингті бағалаудың цифрлік эквиваленті

P2 - екінші рейтингті бағалаудың цифрлік эквиваленті

Е – емтихандағы бағалаудың цифрлік эквиваленті

Яғни 30% (1 рейтинг) + 30% (2 рейтинг) + 40% (емтихан).

Семестр барысында екі аралық бақылау жүргізіледі 7(8) және 15 апталарда.

Аралық бақылаулар бойынша студенттің максималды үлгерім көрсеткіші 60% құрайды. Семестр аяғында оқу пәні бойынша қорытынды аттестациялау – емтихан өткізіледі (максималды көрсеткіші - 40%).

Пән бойынша қорытынды емтихан бағасы аралық бақылаулар және қорытынды аттестациялаудың максималды көрсеткіштер сомасы ретінде анықталады.

Қорытынды емтихан пәннің негізгі теориялық және практикалық материалдарын қамтитын нұсқауларға бөлінген тест тапсырмалары түрінде өтеді.

Әріптік бағалау және оның балдардағы цифрлік эквиваленті дұрыс жауаптардың пайыздық көрсеткіші бойынша анықталады (кесте бойынша)


Курс саясаты және іс-жосығы (процедурасы)

Студенттерге қойылатын талаптар:

Курсты бағалау бүкіл семестрді қамтиды, сондықтан студент барлық сабақ түрлерінде беделді түрде қатысуы керек. Максимальды балды студент қойған сұраққа нақты, дұрыс жауап берсе, жұмыстарын мұқия, толық жағдайда жауап берсе, ғана алады.



Сабаққа қатысуы: студент сабаққа міндетті түрде қатысуы керек. Жіберген сабақты міндетті түрде қайта өтеді.

Аудиториядағы жағдайы: сабаққа беделді қатысуы, сабаққа кешікпеуі керек. Ұялы телефонды айырып қоюы керек.

Үй тапсырмасы: берілген тапсырманы өз уақытында тапсыру керек. Сабақ кестесін бұзған кезде, себепсіз жағдай болса, қабылданбайды.

Жеке тапсырма: семестр бойы жеке жұмыстарды орындауы керек. Студент оны орындаған кезде ғана есептелінеді. Студент қате жазған болса, студентке қайтарылып, дұрыстап қайта тапсыруы керек. Бұл тапсырмалар бөлек-бөлек бағаланады, қорытынды баға әсер етеді.

Бақылау жұмысы: бақылау жұмысы сабақ уақытында орындалады, сабақ аяғында тапсыруы керек. Сабақтан кейін қабылданбайды және бағаланбайды.
11.3. Бақылау тапсырмалары

  1. Коммерциялық несие болып:

А) кез- келген несие

Б) банк несиесі

В) сатушының сатып алушыға несиесі табылады


  1. Бірінші талап бойынша қайтарылған қысқа мерзімді несиенің түрі:

А) жедел ссуда

Б) ипотекалық несие

В) онкольдық несие



  1. Айналым құралдарын несиелендірумен байланысты, сауда-комиссиондық операциялардың әртүрлілігін көрсететін несие формасы:


жүктеу 0,58 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау