Бағдарламасы мұҒалімге арналғАН



жүктеу 5,01 Kb.
Pdf просмотр
бет32/83
Дата25.05.2018
өлшемі5,01 Kb.
#17089
түріБағдарламасы
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   83

75
Қорыта  келгенде,  жекелеген  пәндерді  оқытуға  білім  технологияларын  ықпалдастыру 
мұғалімнің  қарқынды  дамуына,  оқудың  барлық  үш  аспектісін  өзара  байланыста  белсенді 
қолдануына дайын болуын қажет ететіндігін және бұл оқыту мен оқу үдерістерін білікті түсіну 
көрсеткіші болып табылатындығын баса айту керек.
АКТ-ны қалай қолдану керек
Технологиялық білім сыныпта АКТ-ны қолдану жөніндегі білімдерді қамтиды.
Мектептегі технологияларға мыналар жатады:
•  Теледидар бағдарламалары;
•  Сандық теледидар;
•  Интернет/ WWW;
•  Ұялы телефон;
•  Ұтқыр қондырғылар;
•  Компьютер/ноутбук.
Сандық видеоны қолдану
Бағдарламалық жасақтама (БЖ)
Windows-тың  көшірмелерінің  көбісінде  видеоны  редакциялауға  мүмкіндік  беретін  тегін 
және қолданыста өте жеңіл Windows MovieMaker бағдарламалық жасақтамасы бірге жүреді. 
БЖ тегін болуына қарамастан, видеоны редакциялауда таптырмайтын құрылғы. Осы БЖ-ның 
бізге ұсынатын мүмкіндіктері құны жүздеген фунтқа жететін басқа бағдарламалар ұсынатын 
мүмкіндіктерден еш кем түспейді. Бірақ бұл құрылғыда қолданушылардың көбі әдетте қолдана 
бермейтін бірқатар жоғары техникалық функциялар жоқ. БЖ орнатылған iMovie деп аталатын 
Macintosh компьютерінің көбісінде осыған ұқсас функциялар орналастырылған.
Кейде  бейнекамераны  қолдану  қиын  болып  жатады,  дегенмен  Сізде  камерамен  бірге 
жүретін диск және қолдану жөніндегі нұсқаулық болса, жұмысыңыз жеңілдейді. Бағдарламалық 
жабдықтарды сенімді түрде колданудың жалғыз жолы – оларды пайдалануды бастау. Ол үшін 
кез келген қысқа бейнеклипті жүктеп алып, өзіңіздің бағдарламалық жасақтамаңызға енгізіп, 
онымен мұқият жұмыс істеңіз. Бұл жұмыс алғашында біраз уақытыңызды алуы мүмкін, бірақ 


76
кейіннен жеңіл және жылдам жұмыс істеуіңізге мүмкіндік береді.
Жарықтандыру 
Бұл  нағыз  проблема  болуы  мүмкін.  Сандық  камералардың  көбінде  автоматты  жарықты 
икемдеу функциясы бар. Түсіп тұрған жарық көзі сай болып, әрі камераңыз жылжымай, бір 
жерде тұратын болса, бұл функция ыңғайлы болады. Ал камераңыз орын ауыстырып, жарық 
түсу деңгейі өзгеріп тұрса, бұл нағыз проблемаға айналуы мүмкін. Егер камераңыздың ор-
нын  ауыстырып  тұруды  жоспарласаңыз,  орын  ауыстыру  жолын  алдын  ала  ойластырыңыз, 
өйткені  дұрыс  емес  орынға  (мысалы,  терезеге  арқаңызбен)  тұрып  қалуыңыз  мүмкін.  Фото-
суреттерде  жарық  деңгейін  өзгерту  айтарлықтай  оңай, Windows  MovieMaker  сияқты  кейбір 
бейнебағдарламалар  да  жарық  деңгейін  өзгертіп,  редакциялай  алады.  Бірақ  жарықтандыру 
мәселесін алдын ала ойластырып алған дұрыс.
Микрофондар
Көптеген  камералардың  орнатылған  микрофоны  бар,  бірақ  Сізге  түсіріп  жатқан 
видеоңыздың дыбыстық жолы маңызды болса, екінші микрофоныңыз болғаны дұрыс. Кейбір 
сандық бейнекамералардың екінші микрофонды қосуға арналған 3,5 мм ұясы болады. Микро-
фонды қосар алдында камераға орнатылған микрофонның өшіріліп, теңшеулердің барлығын 
жөнге салғандығыңызды және микрофонды ұстау ыңғайлы екендігін тексеріңіз (ұзын сымы 
бар микрофон пайдаланыңыз). Тағы бір тәсіл – саундтрек және баяндауды бөлек жазып, кейін 
оны  қосу.  Видеоны  редакциялауға  арналған  БЖ  арқылы  саундтректерді  кейіннен  қосуға  да 
болады (бірнеше рет те қосуға болады).
Аудио және подкастинг
Подкастинг – бұл балаларға өз жұмысы мен жаңалықтарын Интернеттегі өте үлкен аудито-
риямен бөлісудің керемет тәсілі. Мектеп ұжымы не істеп жатқандары туралы айту үшін және 
балаларының жетістіктерін тойлау үшін Интернетті жиі пайдаланады, ал подкастинг – бұны 
көрсетудің тамаша тәсілі.
Подкаст деген не?
Подкаст радиоқойылымға ұқсас (интернетте орналастырылған, цифрланған бағдарлама). 
Бірақ тікелей эфирден шығарудың орнына подкаст жазылады және кейіннен кез келген уақытта 
тыңдай алатындай етіп Интернет арқылы таратылады. Жалпыға қызықты ойын-сауықтан ба-
стап белгілі тақырыптар бойынша (мысалы, компьютерлер/ музыка/ білім) мамандандырылған 
мыңдаған қолжетімді подкасттар бар.
Қалай тыңдау керек
Сіз подкасттарды оларды жасаған адамдардың web-сайттарынан тікелей тыңдай аласыз 
(төмендегі кейбір мысалдарды қараңыз). Бірақ Сізге iPodder және iTunes сияқты БЖ пайдала-
на отырып, подкасттарға «жазылуға» болады. Бұл бағдарламалар соңғы шоуларды автоматты 
түрде жүктейді және Сіз оларды өз компьютеріңізден және/немесе mp3 плеермен тыңдай ала-
сыз. Подкастқа жазылу үшін Сізде RSS таспа (бұл ақпарат подкасттың web-сайтында болуға 
тиіс)  болу  керек.  iTunes-те  анықтама  бар,  Сіз  тек  «Жазылу»  («Subscribe»)  түймесін  басып, 
шоуға жазыла аласыз.
Подкаст жасаудың балалар үшін қандай пайдасы бар?
•  Өз жұмысын көрсету үшін оларға мыңдаған адамнан тұратын әлеуетті аудиторияны 
құрады.
•  Сауаттылық дағдыларын дамытуға көмектеседі (сценарийлер, сұхбат жазу және т.б.) 
әрі балаға сөйлеу машықтарын іс жүзінде қолдануға мүмкіндік береді, сонымен қатар 
олар АКТ-ны қолдану жөнінде белгілі бір дағдыларды үйренеді.
•  Подкасттар интербелсенді болуы мүмкін және аудитория өз пікірлерін білдіре алады, 
бұл балаларға олардың жұмысы туралы бағалы кері байланыс алуға мүмкіндік береді. 


77
•  Подкаст  құру  командамен  жұмыс  істеу  машықтарын  дамытуға  да  үлкен  пайда-
сын  тигізеді.  Тамаша  бағдарлама  жасауға  ұмтылғандықтан,  балалар  бір-бірімен 
ынтымақтасуға тырысады.
Подкастты қалай құруға болады?
Мектеп  подкасты  мектептің  web-сайтына  орналастырылатын  бір  оқиғадан  бастап, 
келушілер  RSS  таспасы  арқылы  жазыла  алатын  музыкасы  мен  сұхбаты  бар  апта  сайынғы 
радиоқойылымға дейін өзгере алады. Сіздің подкасттыңыз қандай болатыны тек өзіңізге ғана 
байланысты.
Подкаст құру үшін Сізге жазатын құрылғы (ішкі және сыртқы микрофон) мен Audacity 
бағдарламалық  жасақтамасы  (http://audacity.sourceforge.net/)  бар  компьютер  қажет.  Бұл 
бағдарламалық жасақтама тегін жүргізіледі және Сізге жазба жасап, содан кейін оны mp3 файл 
ретінде экспорттауға мүмкіндік береді. Кейінірек Сіз оны мектептің web-сайтына жүктей ала-
сыз.
Сондай-ақ төмендегілерді пайдалана отырып, өзіңіздің подкастыңызды әзірлей аласыз:
•  Жазбаны ғимарат ішінде емес, mp3 плеерінің жазба құрылғысын пайдалануға мүмкіндігі 
бар нақты бір жерде, мектептің жанында немесе ұжыммен серуенге шыққанда жазып 
көріңіз. Сонда Сіз бұл түсірілімді өз компьютеріңізге жүктеп, шоуыңызға қоса аласыз.
•  Подкастшыларға  арналған  плей-парақтарының  күйін  келтіруге  және  подкасттардан 
тікелей  mp3-ке  жазуға  мүмкіндік  беретін  күрделі  бағдарламалық  жасақтама  Mixcast 
Live (PC) пайдаланыңыз. Сонымен қатар өзіңіздің мектеп подкасттарыңыз үшін iTunes 
және Nicecast комбинациясын пайдалануыңызға болады.
Подкастқа не қосуға болады?
•  Мектеп жаңалықтары – балалар мен ата-аналарға мектепте не болып жатқаны туралы 
хабарлаудың тамаша тәсілі.
•  Балалар  жұмыстары  –  балалар  өз  жұмысын  басқа  біреулермен  бөліскенді  жақсы 
көреді. Олардан өз бастарынан кешкен оқиғалары жайлы жазуды немесе мектепте жа-
сап көрген іс-әрекеттері туралы есеп жазуын сұраңыз.
•  Мектеп өлеңдері.
•  Сұхбат – мектеп ұжымымен, балалармен, қоғамдастық мүшелерімен және мектепке 
келушілермен.
•  • Музыка – авторлық құқықтың бұзылатынына байланысты подкасттарда коммерциялық 
музыканы пайдаланбағандарыңыз жөн. Авторлардың ресми келісімін алған жағдайда 
ғана подкасттарда автор музыкасын пайдалануға рұқсат беріледі.
Wiki беттері
Wiki дегеніміз не?
Wiki бір топ адамға HTML немесе басқа бағдарлама тілін білмей-ақ, web-сайтты бірлесіп 
дамытуға мүмкіндік береді. Кез келген адам wiki-де беттерді қоса алады немесе редакциялай 
алады – бұл толық эгалитарлы (тең құқылы) болып табылады. Беттің атымен жаңа сілтемені 
жасай  отырып,  кез  келген  адам  wiki-дің  жаңа  беттерін  жасай  алады.  Беттер  иерархиялық 
қағидатпен емес, олардың арасындағы еренсілтемелермен байланыстырылған.


жүктеу 5,01 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   83




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау