Бағдарламасы мұҒалімге арналғАН



жүктеу 11,77 Mb.
Pdf просмотр
бет48/126
Дата17.02.2020
өлшемі11,77 Mb.
#29267
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   126

106
Бастапқы  кезеңде  кәсіби  қоғамдастықтың  жұмысына  қатысты  құлшынысты  кәсіби 
қоғамдастыққа  кіретін  мектептердің  жоғары  басшылығынан  көруге  болады.  егер  білім 
алушылар қоғамдастығының қызметі адамдардың көптеген топтарына байланысты болса, онда 
осы  бастапқы  кезеңде  барынша  көп  қызметкерлер  топтарын  жұмысқа  қатыстыру  маңызды 
болып  табылады.  Қолданылып  жүрген  тәжірибеге  сәйкес,  жұмысына  көп  адам  тартылған 
кәсіби қоғамдастықтар оқушылардың нәтижелеріне жақсы ықпал ететіндігі дәлелденген. 
Кәсіби қоғамдастықты құрудың бастапқы кезеңдерінде мониторинг жүргізіп, бағалауды 
қарап отыруды естен шығармаған жөн. егер жетістіктің белгілі бір «көрсеткіштері» алдын ала 
келісіліп, ал басындағы «негізгі» деректер жинақталып қойылған жағдайда жұмыстың ықпалын 
өлшеу едәуір жеңіл болады. Іріктелген көрсеткіштер кәсіби қоғамдастықта оқытудың басты 
мақсатына және бірлесіп жұмыс істеу арқылы сіздердің нені көздегендеріңізге тікелей қатысты 
болуға  тиіс.  Бағалау  стратегиясын  айқындау  үшін  кәсіби  қоғамдастықтың  көшбасшылары 
мектептерде  жұмыс  істеуге  тиіс.  Қоғамдастық  дами  келе  әсер  етуші  іс-қимылдар  туралы 
нақты  түсінік  пайда  болғанда,  бұл  оларға  алдағы  қызметке  байланысты  негізделген  шешім 
қабылдауға көмектеседі.
жұмыс сапасына қатысты мектеп деректері мен көрсеткіштерін талдау жұмысы жекелеген 
мектептердің  жетістіктерінің  өскенін  көрсете  отырып,  мектептер  арасындағы  жетістіктер 
алшақтығының қысқаруын бағалауға көмектеседі. Бір мектепте сәтті қолданылған белгілі бір 
стратегияларды  кәсіби  қоғамдастықтың  сәйкестендіре  алатынын  ескере  келе,  басқалар  оны 
қабылдап,  жүзеге  асыруы  мүмкін.  Сондай-ақ  кейбір  мектептер  өздерінің  білім  алушылар 
қоғамдастығына  қатысу  арқылы  қол  жеткізуді  жоспарлап  отырған  нақты  мақсаттарын 
айқындай алады.
Тиімді  білім  алушылар  қоғамдастықтары  жаңа  білім  мен  түсініктемелерді  өздерінің 
оқу  орындарынан  тыс  жерлерден  іздестіреді,  одан  кейін  осы  білімді  тәжірибе  алмасу  және 
тәжірибені  жақсарту  үшін  пайдаланады.  Білім  алушылар  қоғамдастықтарының  басты 
қағидаты – «зерттеу негізіндегі тәжірибе», яғни деректерге және дәлелдерге негізделген оқыту. 
Кәсіби қоғамдастықтарда ересектер «бірлескен зерттеу» арқылы білім алуға тиіс, бұл оларға 
қазіргі заманғы теориялар мен зерттеулер туралы біліп, мамандану саласы бойынша ақпарат 
жинауға көмектеседі, сөйтіп оларға жинақталған ақпаратқа талдау жүргізу арқылы болашақта 
тәжірибенің қай бағытын дамыту қажет екендігін анықтауға көмектеседі. Мектептердің кәсіби 
қоғамдастықтарында бірлескен зерттеуді әртүрлі мектептердің қызметкерлері жүргізеді, әрі ол 
бүкіл кәсіби қоғамдастықтың жұмысы болып саналады.
 
Жүйелік көшбасшылық
жүйе көшбасшылары – өз мектептерінің басшылық әлеуетін арттыратын көшбасшылар, 
сонымен  бірге  олар  өз  мектептерінен  тыс,  кәсіби  қоғамдастыққа  кіретін  мектептердегі 
барлық балалардың атынан қызмет атқарады. Олар өз мектептерінің балаларына қамқорлық 
көрсеткендей, басқа мектептердің балаларын да қамқорлыққа алады. Олар өздерін «мекеме 
басшысы»  ретінде  емес,  «білім  беру  саласы  басшылығының»  өкілі  ретінде  санайды.  Олар 
өзгеріс енгізуге тиіс, әрі бұны жасағанда, оны жергілікті жүйенің деңгейінде және басқалармен 
ынтымақтаса отырып жасау керек. жүйе басшылары өздеріне, басқаларға және «жүйеге» терең 
мәнді сұрақтар қоя отырып, жергілікті жердегі қиындықтармен күреседі (System leaders – жүйе 
көшбасшылары – орталық, облыстық, аудандық білім басқармаларында/ департаменттерінде 
жұмыс  істейтін  адамдар.  алайда  қазіргі  кезде  бұл  сөздің  мағынасы  кеңейіп,  оған  кәсіби 
қоғамдастық  аясында  өзінің  ғана  емес,  басқа  да  мектептерді  басқаруға  араласатын  мектеп 
басшылары да жатқызылуда. Brian J. Caldwell).
Мэтьюз  (2009)  жүйе  көшбасшыларының  әріптестерімен  жүргізетін  жұмысына  тар 
құрсаудан  босану  сияқты  қарайды,  ол  жүйедегі  мектептер  арасындағы  ішкі  мәдениеттен 
және  бәсекелестікке  бағдарланудан  анағұрлым  жоғары  тұрады  деп  болжайды.  Басшылар 
үйренуді  бастапқы  жағдайдан  бастауға  өкілеттіміз,  бүкіл  сұрақтарға  ешкім  де  жауап  бере 


107
алмайды, сондықтан барлық басшылар мен басқа да мамандар оқуды жалғастыра алады және 
жалғастыруға тиіс деп есептейді.
Кәсіби  қоғамдастық  көшбасшыларға,  практиктер  мен  мектептерге  жүйеде  бар  барлық 
білімге,  тәжірибелер  мен  идеяларға  жол  ашады.  Сондай-ақ  кәсіби  қоғамдастықтың  жақсы 
идеяларға  кеңінен  қол  жеткізуді  қамтамасыз  ететіндігі  күмән  тудырмайды.  Бірақ  жүйе 
көшбасшылары кәсіби қоғамдастықтың жай ғана тәжірибе алмасуға қарағанда, едәуір іргелі 
үдерістерді ұсынатындығын атап көрсетеді. Кәсіби қоғамдастық адамдарды ынтымақтастырып, 
жаңа идеялар мен тәжірибелерді шоғырландыру үшін серпінді жағдай жасайды. Қоғамдастық 
ішінде  өзара  сенімділік  пен  сыйластық  қарым-қатынастары  орнағаннан  кейін  ізінше  ол 
білім беру мекемелерінің басшылары шығармашылықпен ойлай бастайтын және табанды іс-
қимылды  жасайтын  ортаға  айналады.  жүйе  көшбасшылары  өз  қоғамдастықтарын  тәуекел 
түрткісі ретінде сипаттайды, ол адамдарды серпілтеді, өйткені «қандай да бір мақсатты жүзеге 
асыруға» көмектеседі.
Кәсіби қоғамдастықта қатысушыларға арналған кәсіптік және басқарушылық көмектің мол 
ресурсы  бар.  Кәсіби  қоғамдастықтардағы  мектеп  директорлары  енді  проблемаларды  өздері 
жалғыз  шешпейтіндігін  айтады.  Олар  өздерінің  әріптестеріне  ұсыныс  беру,  қолдау  көрсету 
жөнінде өтініш жасай алады, әріптестер тарапынан жасалатын қолдау проблеманы шешуге 
көмектескенімен қатар, ол әріптестердің достық сезімдерін паш етеді. Өз кезегінде бастықтар 
да қиындық көріп отырған әріптесіне көмек қолын ұсынудың әртүрлі тиімді тетіктерін құрады. 
Қолда бар ресурстардың барлығын – басшылықты, практиктің құзыретін, уақытты және кейбір 
жағдайларда ақшаны біріктіре отырып, кәсіби қоғамдастық қиыншылыққа тап болып отырған 
мектептерге жағдайларын жақсарту үшін көмек береді.
Кәсіби  қоғамдастық  –  ауқымды  өзгерткіштік  әлеуеті  бар  ұйымдастырушылық  нысан. 
Мектептерге бір біріне қарсы болу сезімін әлі де таңып келе жатқан жүйелік құрылымдарға 
қарамастан,  жүйе  көшбасшылары  білім  алушылар  қоғамдастығында  жұмыс  істеуді  таңдап 
отыр,  өйткені  елеулі  кәсіби  ынтымақтастық  балалардың  өмірі  мен  біліміне  түрлендіруші 
өзгеріс енгізудің дара жолы болып табылады деп пайымдайды.
ПАйДАЛАНЫЛҒАН әДЕБИЕТ
Ballantyne, P., Jackson, D., Temperley, J., Michael, J. & Lieberman, A. (2006). Leading networks 
leading the system. Accounts of practice [жүйені басқаратын жетекші кәсіби қоғамдастық. 
Тәжірибе туралы баяндамалар]. Nottingham: National College for School Leadership.
Carter,  K.,  &  Paterson,  F.  (2006).  Understanding  Learning  Networks  [Білім  алушылар 
қоғамдастықтары ұғымы]. Nottingham: National College for School Leadership.
Chapman, J. D., & Aspin, D. N (2004). Why networks and why now? [Неге кәсіби қоғамдастық 
және  неге  тап  қазір?  Білім  алушылар  қоғамдастықтарында  оқытудың  халықаралық 
перспективалары]. In International Perspectives on Networked Learning, Nottingham: National 
College for School Leadership.
Department for Education and Skills. (2004). Primary Strategy Learning Networks [Білім алушылар 
қоғамдастықтарының базалық стратегиясы]. London, DfES.
Department for Education and Skills. (2006). Effective Provision for Gifted and Talented Children in 
Primary Education [Бастауыш білім беру барысында дарынды және қабілетті балалар үшін 
жасалған тиімді жағдайлар]. London: DfES.
Fullan, M. (2004). Leadership and Sustainability [Көшбасшылық және тұрақтылық]Thousand 
Oaks, CA: Corwin Press.
Hill,  R.,  &  Matthews,  P.  (2009).  Schools leading schools: The power and potential of National 
Leaders of Education [Мектептерді басқарушы мектептер: билік және білім берудің ұлттық 
көшбасшыларының әлеуеті]. Nottingham: National College for School Leadership.
 ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТ


жүктеу 11,77 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   126




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау