Бағдарламасы мұҒалімге арналғАН



жүктеу 11,77 Mb.
Pdf просмотр
бет22/126
Дата17.02.2020
өлшемі11,77 Mb.
#29267
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   126

49
ойлау жылдамдығына байланысты емес. Шын мәнінде, қолда бар дәлелдемелер IQ жоғары 
балалар, шығармашылық есептерді IQ төменірек оқушылардан жылдам шығармайды, алайда 
баяуырақ ойласа да тереңірек түсінетінін көрсетеді деп болжауға мүмкіндік береді (Davison, 
Deuser & Sternberg, 1996).
Пайым оқушылардың жас ерекшеліктері тұрғысынан
Бұл бөлімде біз пайымдаудың үш түрін: ұқсастық бойынша пайымдау, моральдік пайымдау 
және зерде теориясын қарастырамыз.
Ұқсастық бойынша пайымдау
Ұқсастық бойынша ойлау қабілеті – адамның санасы және білім алуы үшін аса маңызды. 
Ұқсастық бойынша пайымдау – проблемалармен табысты жұмыс істеуге мүмкіндік беретін 
жоғары  деңгейлі  дағды,  білімді  жаңа  жағдайларға  орайластыру  және  әртүрлі  мәнмәтіннен 
алынған түрлі ақпаратты пайдалану арқылы оқу қабілеті (Chen et al., 1997; Gentner & Holyoak, 
1997; Goswami & Brown, 1990; Richland et al., 2006).
Мұның алдында қарастырылған зерттеушілер балалар ұқсастық бойынша пайым жасай 
алмайды деп есептеген. Мысалы, Пиаже формалды оперативтік кезеңіне дейін ұқсастықтың 
классикалық проблемасын шешуге қажетті байланысты орнату үшін балалардың танымдық 
қабілеттері  жоқ  деп  есептеген  (Inhelder  &  Piaget,  1958).  Пиаже  балаларға A:B::C:?  суретті 
тапсырма ұсынып, суретті жиынтықтан D-ны табуды сұрады. Ол балалардың проблеманы шешу 
үшін негізінен, төмен деңгейдегі өзара байланысқа сүйенгенін, мәселен, С-мен байланысты 
немесе С-ға ұқсас суреттерді таңдағанын анықтады (Piaget et al., 1977). Пиаже а – В және 
C – D арасындағы деңгейі жоғары өзара байланысты анықтауға қабілеттердің болмауының 
негізінде  балалардың  формалды  оперативтік  сатысына  (шамамен  11  жас)  жеткенге  дейін 
ұқсастық бойынша пайымдауға қабілетті болмайды деген тұжырым жасады. Бірақ, алдыңғы 
зерттеулер  балалардың  ұқсастық  бойынша  пайымдау  қабілетіне  күмән  туғызса  да,  соңғы 
зерттеулер  бұл  пікірді  теріске  шығарды  (бастауыш  мектеп  жасындағы  балалар  ұқсастық 
бойынша тиімді пайым жасай алатынын көрсетті). егер үш жастағы балаларға проблеманы 
шешуге қажетті байланыс таныс болса, онда олар A:B::C:D классикалық ұқсастықты дұрыс 
орналастыра алады (Goswami & Brown, 1989). Чен және оның әріптестері (1977) 13 айлық 
нәресте қолы жете қоймайтын ойыншықты алу үшін оған бұның модельденген стратегиясы 
көрсетілген  жағдайда,  ол  бұл  білімін  қолдана  алатынын  көрсетіп  берді.  Бұл  ретте  аталған 
стратегия ұқсастық бойынша пайымдау өмірдің бірінші жылында қол жеткізілетін маңызды 
жетістіктердің бірі бола алатынын меңзейді.
Моральдік пайымдау
Өнегелі даму – психология мен педагогикадағы негізгі тақырыптардың бірі. Пиаже өнегелі 
дамудың  екі  кезеңдік  үдерісін  сипаттады,  ал  Кохлберг  өнегелі  даму  теориясында  әртүрлі 
үш деңгейдегі алты кезеңді бөліп көрсетті. Кохлберг өнегелі даму – бұл өмір бойы жүретін 
тұрақты үдеріс деп болжап, Пиаженің теориясын дамытты. Кохлберг өз теориясын бастауыш 
мектеп  жасындағы  балалар  топтарымен  жүргізген  зерттеулер  мен  сұхбаттарына  негіздеді. 
Бұл зерттеуге қатысушыларға моральдік дилеммалар беріліп, әр сценарий бойынша олардың 
ойларына  негіз  болған  пайымдауларды  анықтау  ұсынылды.  Бұдан  әрі  Кохлберг  балаларға 
ұсынған «Ганс дилеммасы» деп аталған мысал келтірілген…


50
«Ганстың дәрі ұрлауы
Еуропада  бір  әйел  рактың  ерекше  түрімен  сырқаттанып,  өлім  аузында  жатады. 
Дәрігерлердің пікірінше ол әйелге көмектесе алатын бір дәрі бар екен. Бұл – радийдің бір түрі, 
оны осы қалада тұратын фармацевт жуырда ойлап тауыпты. Мұндай дәріні шығару өте 
қымбат жұмыс, ал фармацевт оны сатуға он есе қымбат баға қойған. Радий үшін ол 200 
доллар төлеп, дәрінің кішкентай мөлшерін 2000 долларға бағалады. Сырқат әйелдің күйеуі 
Ганс таныстарының барлығынан қарыз сұраса да, соманың жарты құнын, яғни 1000 доллар 
ғана  жинайды.  Ол  фармацевке  әйелінің  өлім  аузында  жатқанын  айтып,  дәріні  арзанырақ 
сатуды  немесе  кейінірек  төлеуге  рұқсат  етуді  сұрайды,  бірақ  фармацевт:  «жоқ,  мен  бұл 
дәріні таптым және мен осы дәрімен ақша табамын» – деп жауап береді. Осы сөзге қатты 
ашынған Ганс дәріханаға баса-көктеп кірді де әйелі үшін сол дәріні ұрлап әкетті. Ганс дәл 
осылай істеуге тиіс пе еді?» (Kohlberg, 1963).
Кохлбергті қызықтырғаны – Ганс дұрыс істеді ме деген сұраққа беретін жауаптары емес 
еді, ғалымды қатысушылар өз шешімін негіздеген пайымдары қызықтырды. жауаптар өнегелі 
даму  теориясын  негіздеу  сатылары  бойынша  жіктелді.  Бұл  модель  әрқайсысы  екі  кезеңнен 
тұратын үш деңгейге бөлінді.
I деңгей. Нормативтікке дейінгі моральдік пайымдау
1-кезең. Тілалғыштық және жазалау.
Өнегелі  дамудың  ең  ерте  кезеңі,  бастауыш  мектеп  жасындағы  балалар  арасында  кең 
тараған.  Бұл  кезеңде  балалар  ережелерді  абсолютті  және  мызғымас  деп  санайды.  ережеге 
бағыну маңызды, себебі бұл жазаға ұрынбау дегенді білдіреді.
2-кезең. Тұлғалық ерекшелену және өзара әрекеттесу.
Өнегелілік дамудың бұл кезеңінде балалар дара көзқарастарды ескереді, қылықтар туралы 
жеке қажеттіліктерге қаншалықты сәйкес келетініне қарай ой білдіреді. Ганс дилеммасында, 
балалар Ганс қажеттіліктеріне қызмет ететін іс-әрекет ең дұрысы дегенді ұстанды. Өнегелі 
дамудың бұл сатысында өзара түсіністік болуы үшін ол жеке мүддеге сәйкес келуге тиіс.
II деңгей. Дәстүрлі моральдік пайымдау
3-кезең. Тұлғааралық қатынастар.
Әдетте «жақсы ұл – жақсы қыз» деп қарастырылады. Бұл сатыда даму әлеуметтік тұрғыдан 
күтілетін  нәтиже  мен  рөлдерге  қол  жеткізуге  шоғырланады.  Конформизмге  және  «жақсы» 
болып саналатынның барлығына; таңдаудың өзара қарым-қатынастарына әсері туралы ойларға 
назар аударылады.
4-кезең. Әлеуметтік тәртіпті қолдау.
Өнегелі дамудың бұл сатысында адамдар пайымдау жасағанда қоғамды тұтас қарастырады. 
ережелерді орындау және борыш пен өкілеттілікті атқару арқылы заң мен тәртіпті қолдауға 
ерекше назар аударылады.
III деңгей. Нормативтіктен кейінгі моральдік пайымдау
5-кезең. Әлеуметтік шарт және жеке құқықтар.
Бұл кезеңде адамдар түрлі құндылықтарды, басқа адамдардың пікірі мен көзқарастарын 
ескере  бастайды.  Заңның  қағидалары  қоғамды  қолдау  үшін  аса  маңызды  десек  те,  қоғам 
мүшелері мұндай стандарттармен келісуге тиіс.
6-кезең. Әмбебап қағидаттар.
Кохлберг бойынша моральдік пайымдаудың соңғы деңгейі әмбебап этикалық қағидаттарға 
және абстрактілі пайымдауға негізделеді. Бұл кезеңде адамдар, егер олар қағидалармен және 
заңдармен келіспесе де, әділдіктің үйреншікті болған қағидаттарына сүйенеді.


жүктеу 11,77 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   126




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау