Бағдарламасы мұҒалімге арналғАН


НЕЛІКТЕН БАҒДАРЛАМА ОҚУ ТәЖІРИБЕСІН ӨЗГЕРТЕ



жүктеу 11,77 Mb.
Pdf просмотр
бет5/126
Дата01.01.2020
өлшемі11,77 Mb.
#25670
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   126

12
НЕЛІКТЕН БАҒДАРЛАМА ОҚУ ТәЖІРИБЕСІН ӨЗГЕРТЕ
АЛАДЫ ДЕП САНАйМЫЗ?
Білім беру мақсаттарына жетудегі мұғалімдердің кәсіби дамуы
Осы Бағдарламадан күтілетін нәтижелер мұғалімдерді оқушыларға қалай оқу керектігін 
үйретіп, соның нәтижесінде еркін, өзіндік дәлел-уәждерін нанымды жеткізе білетін, ынталы, 
сенімді,  сыни  пікір-көзқарастары  жүйелі  дамыған,  сандық  технологияларда  құзырлылық 
танытатын оқушы қалыптастыруға даярлау болып табылады. 
Мектеп  әкімшілігі  мен  білім  беру  жүйесі  басқару  органдарының  мұғалімдерді  тиісті 
ресурстармен қамтамасыз ету қызметінен гөрі, оқушыларды тәрбиелеу, дамытуға бағытталған 
мұғалімнің сыныптағы күнделікті жұмысы оқыту үдерісі мен оқушылардың оқу нәтижелеріне 
оң  ықпал  етеді  (Barber  and  Mourshad,  2007).  Мектеп  жұмысы  мен  оқушы  жетістіктерін 
өрістетудегі негізгі тұлға – мұғалім (Strong, Ward & Grant, 2011).
Дүние  жүзіндегі  көптеген  мұғалімдердің  іс-тәжірибесінен  тұрақты  орын  алған  оқыту 
жұмысын ұйымдастыру мен жоспарлаудың негізгі қағидаттарын қолдану орынды да нәтижелі 
екендігін  дәлелдейтін  фактілер  бүгінгі  таңда  ғылыми-педагогикалық  әдебиетте  жеткілікті 
деңгейде кездеседі.
Табысты  мұғалімдердің  қасиеттері,  икемдіктері  және  олардың  жұмыс  тәртібі  туралы 
зерттеулерден  білуге  болады.  Біз  сонымен  қатар  бұндай  қасиеттер  мен  жұмыс  тәртібін 
мұғалімнің кәсіби дамуындағы қандай мүмкіндіктер дамытатындығы туралы да көп білеміз. 
Зерттеулерден көрініп отырғандай, кәсібилік мұғалімнің өзін 
білім беру қоғамдастығының 
бір бөлігі ретінде қарастыруын талап етеді (Bolam, McMahon, Stoll et al., 2005). Бұл тәсілдің 
аясында  көшбасшы-мұғалім  ұсынған  зерттеулер  мен  инновациялар  негізінде  мұғалімнің 
тәжірибесі жетіледі (Frost and Durrant, 2003). Кәсіби біліктілік пен білім жай қабылданбайды, 
мұғалімдер оны өз қолымен жасайды. адамгершілік мақсатты көздейтін мұғалімдер өздерінің 
әріптестері  мен  айналасындағыларға  әсер  ету  үшін,  көшбасшылық  қасиеттерін  көрсетеді. 
Олардың  көңілінде  үнемі  талапқа  сай  оқыту  тұрады  (Frost,  2011).  Әріптестеріне  ықпал  ету 
үшін, сондай-ақ оқыту мен оқудың дамуына қолдау көрсету үшін табысты мұғалімдер коучинг 
пен тәлімгерлікке жүгініп, басқа мұғалімдердің идеяларын жүзеге асыруға қолдау көрсетіп, 
өз  тәжірибелерін  зерделеумен  айналысады.  егер  Үшінші  деңгей  бағдарламасы  табысты 
мұғалімдердің  қасиеттерін,  икемдіктері  мен  жұмыс  тәртібін  дамытуға  бағытталған  болса, 
екінші деңгей Бағдарламасы берілген мазмұнға қосымша, өз әріптестеріне ықпал етуге қажетті 
тәлімгерлік дағдыларын дамытуды мақсат етеді. Бұларға қоса Бағдарлама әріптестеріне бүкіл 
мектеп жағдайында коучингті іске асыруды үйрететін көшбасшыларды дайындауға арналған.
Бағдарламаның  осы  нұсқаулығы  жоғарыда  көрсетілген  ғылыми  зерттеулер  кешеніне 
негізделеді. Сонымен қатар мұнда ұсынылған түсініктер мен тәсілдер еңбек жолын жаңа бастап 
жатқан мұғалімдердің, тәжірибелі ұстаздардың, сондай-ақ тәлімгерлер мен тренерлердің көп 
жылғы тәжірибесіне негізделген.
Педагогиканы өзгерту 
Қазіргі  ақпараттық  қоғамда  табыспен  өмір  сүру  үшін  балалар  мен  жастар  мән-жайды 
түсініп, тәуелсіздік алу мақсатында белсенді, сындарлы оқудың тиімді тәсілдеріне тартылуы 
қажет. Оқуды дербестендіру және даралау қажеттігі күн санап өсуде, олар оқушылардың әртүрлі 
топтарына инклюзивті және сезімталдықпен білім алуға мүмкіндік бере алады. Өз кезегінде, 
мектеп көшбасшыларына педагогикаға өзгеріс енгізу үшін жаңаша оқыту тәжірибесін жүргізуге 
мүмкіндік алу мақсатында педагогиканың жаңа нысандарын игеруге тура келеді.


13
Бағдарлама шеңберінде кәсіби өсу
Көшбасшылық қасиеттерді зерделеу мақсатында жүргізілген зерттеулер көшбасшылардың 
өздері  атқарып  отырған  істерінің  мақсаттарын,  сондай-ақ  көшбасшылықтың  алып  отырған 
орнын және жақсарту үшін нені өзгерту қажеттілігін ұғынудың маңызды екендігіне ерекше 
көңіл бөледі (Sinek, 2009). Синектің жұмысы іскерлерге, кәсіпкерлерге арналып жазылғанына 
қарамастан, ол пайдаланып отырған конустық фигураны мектептегі өзгерістерді басқаруда да 
қолдануға болады (4-сурет).
4-сурет. Көшбасшылықтың конустық метафорасы (Синек)
Конустың жоғары бөлігі – НЕГЕ – мектепте өзгеріс енгізу қажеттігін дәйектеп, оны басқару 
үдерісін білдіреді. Басқа сөзбен айтқанда, мектеп көшбасшылары өзгерістерді не үшін енгізіп 
отырғанын жетік біліп, оны өз командасының барлық мүшелеріне жеткізуге тиіс. НЕГЕ-ні білу 
оқыту және оқушылар туралы жан-жақты, терең білімнің болуын, сондай-ақ жоғары деңгейлі 
өзін-өзі тану мен мақсатты сын тұрғысынан талдауды талап етеді.
Мектеп көшбасшылары тәлімгерлік пен коучинг арқылы өз мектептеріндегі мұғалімдерге 
тәжірибелерін  өзгертуге  ҚАЛАЙ  көмектесуге  болатынын  білуге  тиіс.  ал  мұғалімдер 
оқушылардың оқу үдерісін жақсарту үшін НЕ істеу керек екенін білуге тиіс. Сонымен өзгеріс 
енгізу үдерісін ойдағыдай жүргізе білу үшін көшбасшылар мен мұғалімдер енгізіліп жатқан 
өзгерістердің мақсатын анық түсінуге тиіс.
Осылайша, Бағдарламаның өзара байланысты үш бағытын атап көрсетуге болады:
•  Оқыту мен оқудың күрделілігіне және оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдерді қолдануға 
қатысты жеке түсінігін дамыту;
•  Коучинг, тәлімгерлік және сыныптағы бірлескен зерттеулер арқылы нәтижелі әрі тиімді 
оқытуды жүзеге асыру мақсатында әріптестерге қолдау көрсету;
•  Мектепті жетілдіру мақсатында кәсіби қоғамдастық аясында білім алуға бастама жасау 
және қолдау көрсету.
ПАйДАЛАНЫЛҒАН әДЕБИЕТ
Cordingley, P., Bell, M., Rundell, B., Evans, D. (2003). The impact of collaborative CPD on classroom 
teaching  and  learning  [Бірлескен  тұрақты  біліктілікті  арттырудың  сыныптағы  оқыту  мен 
оқуға  ықпалы].  In  Research Evidence in Education Library.  London:  EPPI-Centre,  Social 
Science Research Unit, Institute of Education, University of London. Available at: http://eppi.
ioe.ac.uk/cms/Default.aspx?tabid=395&language=en-US
Darling - Hammond, L. (2006). Constructing 21st-century teacher education [ХХІ ғасыр мұғалімі 
білімінің қалыптасуы]. Journal of Teacher Education, Vol. 57, No. X, 1-15.
Desimone, L., Porter, A. C., Garet, M. S., Yoon, K. S., & Birman, B. F. (2002). Effects of professional 
development on teachers’ instruction: Results from a three-year longitudinal study [Нұсқаулық 
беру  үдерісіндегі  мұғалімнің  кәсіби  даму  тиімділігі:  үш  жылдық  зерттеу  нәтижелері]. 
Educational Evaluation and Policy Analysis, 24 (2), 81-112.
Frost, D., & Durrant, J.
 (2003). Teacher-led Development Work: guidance and support [Мұғалімнің 


жүктеу 11,77 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   126




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау