Бағдарламасы мұҒалімге арналғАН



жүктеу 11,77 Mb.
Pdf просмотр
бет18/126
Дата01.01.2020
өлшемі11,77 Mb.
#25670
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   126

40
•  ақпараттарды шұғыл өңдейді.
•  Проблемаларды нақты және дұрыс шешуге ұмтылады.
•  Түйінді қағидаттарды жеңіл игереді.
•  Зияткерлік тапсырмаларды ұнатады.
•  Оқудың жекелеген кезеңдерін аттап өтеді.
•  Проблемаларды қайта қарауға ұмтылады, идеялар ұсынып, болжам жасайды.
•  Проблемаларды анықтайды және шешеді.
•  Барлығына талдау жасайды.
•  идеяларды тұжырымдап, дәлелдермен айғақтайды.
•  Кең ауқымды білімді пайдалана алады.
•  Пікірлер  айтуда  тәуелсіз  және  «неге»,  «қалай»  деген  сұрақ  қойып,  жаңалық  ашуға 
ұмтылады.
Креативті ойлаудың сипаттамасы:
•  ерекше идеяларды табады.
•  Зияткерлік пайымдауы мен қиялы дамыған.
•  ерекше мәтіндер құрайды, жаңалық ойлап шығарады.
•  Әзілшіл.
•  ерекше түсінік қалыптастырады.
•  Эстетикалық қасиеттерді түсінетінін көрсете біледі.
•  Болашақты ойлағанды жақсы көреді.
•  Басқа біреу сияқты болуға қорықпайды.
•  Көптеген идеяларды ойлап шығарады.
•  жаңа идеяларға сынақ жүргізуге және қателесуге тәуекел етуге дайын.
•  ерекше нәрселерді іздейді.
Ынталандыру сипаттамасы:
•  жеке жетістіктердің жоғары стандарттарына ұмтылады.
•  Дербес.
•  Мақсатқа ұмтылады және өзіне мақсат қояды.
•  Міндеттерді шешуде дәйекті.
•  Табанды және іспен бар ынтасымен шұғылданады.
•  Өзін-өзі сынауға және бағалауға бейім.
•  Сенімді.
•  Өз бетінше жұмыс істегенді жақсы көреді.
Қоғамдық көшбасшылық сипаттамасы:
•  Қоғамдық жағдайларда бастаманы өзіне алады.
•  Құрбы-құрдастары құрметтейді.
•  Басқалармен жылдам тіл табысады.
•  Қоғамдық жағдайларда көшбасшылық орната алады.
•  Мақсатқа жету үшін топты жігерлендіру қабілетін көрсетеді.
•  Топты идеялар мен әдістерді қабылдауға иландырады.
•  Өзіне сенімді.
•  жаңа жағдайларға тез төселеді.
•  Спорттық іс-шараларда белсенді көшбасшылықты іздейді.
•  Әлеуметтік тұрғыдан қалыптасқан.
•  Өзіне жауапкершілік алуға дайын.
•  Іс-қимыл жоспарын әзірлеу үшін топ мүшелерінің идеясын қорытады.


41
Табандылық сипаттамасы:
•  Өктем өтініштерге сенбей қарайды.
•  Өткінші шешімдерге күмән келтіреді.
•  Мұғалімдер мен ересектерді түсініктеме беруге жетелейді.
•  «ересектер» проблемаларына қызығушылық танытады.
•  игерілген дағдыларды қолдана бергенді жақтырмайды.
•  Күнделікті жаттанды тапсырмалардан тез шаршайды.
•  жоғары сынып оқушыларымен, ересектермен тіл табысады; олардың ортасында жиі 
болуға тырысады.
•  Тиянақты, қойған сұрақтары нақты.
Бұл бөлімде «дарынды» және «талантты» деген ұғымдар «дарынды және талантты» деп 
біріктірілді.  Дегенмен  кейбір  зерттеушілер  олардың  әртүрлі  екендігін  алға  тартып,  оларды 
саралау қажет деп санайды. Санаттарды саралаған жағдайда дарындылықты зияттың немесе 
қабілеттің  жоғары  деңгейімен,  ал  талант  –  музыка,  өнер,  түрлі  қолөнер,  би  немесе  спорт 
және т.б. салалардағы жоғарғы деңгеймен байланыстырылады. Кейбір зерттеушілер бұл екі 
ұғымды жеке қарастыру маңызды деп санаған, өйткені дарындылық қанша дегенмен, олардың 
пікірінше,  қабілеттілікке  (зияткерлікке,  шығармашылыққа,  әлеуметтік,  аффекттік  және  т.б.) 
жатады,  ал  талант  түрлі  саладағы  айтулы  жетістіктер  (ғылыми,  техникалық,  көркем,  жеке 
тұлғалық,  спорттық  және  т.с.с.)  болып  саналады.  Талантты  кейде  кемеліне  жету  және  ұлы 
жетістіктермен  байланыстырады,  бірақ  кейде  ол  құзыретті  субъектілердің  аз  ғана  бөлігіне 
тиесілі болып қалады.
Қорытынды
•  Қазіргі  уақытта  дарынды  және  таланттыларды  жалғыз  аспектілік  аясында  (мысалы, 
жоғары  IQ)  қарастырудан  бас  тартып,  көп  аспектілік  пайдасына  қарай  ауысу  үрдісі 
қалыптасуда, ол баланың көптеген ерекше қабілеттерін қарастыруды көздейді.
•  Баланың бойында белгілі бір қабілеттер мен қасиеттердің бар екенін көрсететін мәдени 
құндылықтар  дарындылық  пен  таланттың  кез  келген  тұжырымдамасының  маңызды 
бөлшегі болып табылады.
•  рәсімдерді анықтау кезінде және бағдарламаның мазмұны мультимәдени перспектива-
ларды тең дәрежеде ескеруге тиіс.
•  Әлеуметтік, эмоционалдық және ынталандыру факторлары дарындылық пен таланттың 
маңызды аспектілері деп қарастырылады.
•  Оқуға қызығушылық және тілдік дағды сияқты мінез-құлық сипаттамалары, сондай-ақ 
абстрактілі ойлау дағдылары, білімнің жоғары деңгейі, білімге құштарлық пен ынта 
дарынды және талантты оқушыларды табуда өте пайдалы болмақ.
•  Әлеуетті анықтау және оның тиімділігін көрсету анағұрлым маңызды.
•  Қабілеттілік  әлеуетін  іске  асыруда  оқушыларға  құзырлы  көмек  көрсету  үшін 
мұғалімдерге бай әрі көп аспектілі тәжірибе қажет.
Мұғалімдер үшін маңызы
Мұғалімдер дарынды және талантты балаларды қалай анықтайды?
Оқушылардың  оқу  үлгерімі  артқан  сайын,  олардың  академиялық  жетістіктері  ресми 
тіркеліп,  баланың  таланттарын  көрсететін  портфолиоға  қосылуы  мүмкін.  Оқыту  және  оқу 
тәжірибесінде белгілі бір жастағы балалардан көріне бермейтін ойлаудың барынша толысқан 
түрі  кездеседі,  немесе  күнделікті  оқу  жағдайында  қолданылмайтын,  әдетте  оқудан  тыс 
кездері көрініс табатын, назар аударуды талап ететін оқушының зияткерлік дарыны, жоғары 
әлеуметтік дағдылары мен көшбасшылық қасиеттері кездеседі. Оқушының дарындылық және 
таланттылық  ауқымын  анықтауға  көмектесу  үшін  баланың  мінез-құлқының  сипаттамалары 


42
енгізілген  бақылау  үлгілері  жасалды,  мысалы:  «өте  әсершіл,  өз  пікірін  білдіреді»  немесе 
«өзіндік әзілі бар».
Орта мектептің оқушысы бір нақты пән бойынша айрықша дарындылық көрсетіп, басқа 
пәндер  бойынша  көзге  түспеуі  мүмкін.  арнайы  пәндер  бойынша  қабілеттері  мықты  болу 
мүмкін. Британияның география қауымдастығы «күрделі үдерістерді түсіну, физикалық және 
адамдық  ортаның  арасындағы  өзара  байланыс»  сияқты  мамандандырылған  ерекше  пәндік 
салаларды  да,  сондай-ақ  сенімді  қарым-қатынасқа  түсу,  шығармашылық  және  ойлаудағы 
бірегейлік,  басқа  адамдармен  қарым-қатынас  орната  білу  сияқты  қасиеттерді  қамтитын 
бақылау парағын құрастырды. 
Фриман  (1998)  төменде  көрсетілген,  ғылыми  негізделген  критерийлерді  дарынды  және 
талантты балаларды анықтауда оңтайлы қолдануға болады деп санайды:
•  олардың есте сақтау қабілеттері өте жоғары; олар ақпаратты біліп қана қоймай, оны 
пайдалана алады;
•  олар оқу үдерісінің қалай жүретінін басқалардан гөрі жақсы біліп, өздерінің оқуын рет-
тей алады;
•  олар жоспарлауға көп уақыт жұмсауы мүмкін, бірақ жоспарды тез жүзеге асырады;
•  олар ақпаратты толықтырып, олардың қайшылықтарын анықтап, мәніне тезірек жетеді;
•  олар оқуда және проблемаларды шешуде балама шешімдерді көріп, қабылдай алады;
•  басқаларға қарағанда олардың тәртібі жақсы;
•  қызығушылығын арттыру үшін олар күрделі ойындар мен тапсырмаларға ұмтылады;
•  ерте жасынан бастап ерекше қабілеттерін ұзақ уақытқа шоғырландыра алады;
•  олар ерте жасынан сөйлей, оқи және жаза бастайды (Freeman, 1998).
Мұғалімдер  өз  сыныптарындағы  дарынды  және  талантты  балаларды  анықтай  алмауы 
мүмкін  болғандықтан,  оларға  жоғарыда  аталған  белгілерді  анықтау  үшін  оқу  барысында 
оқушыларды мұқият бақылау қажет болады.
Мұғалімдерге осындай оқушыларды анықтауға қалай 
көмектесуге болады?
америка Құрама Штаттарының Білім беру саласындағы зерттеу және жетілдіру кеңсесі 
(1993) мектептерге дарынды және талантты оқушыларды анықтауға көмектесетін бес тапсырма 
ұсынған:
•  талантты оқушылардың әртүрлі қабілеттерінің өрісін белгілеу;
•  мәдени  және  басқа  наным-сенімдеріне  қарамастан  барлық  оқушыларға  бірдей 
мүмкіндік ұсыну;
•  оқушылардың тек көрсетіп жүрген ғана емес, сонымен бірге көрсетуі мүмкін әлеуетті 
жетістіктерін анықтау;
•  ерекше қабілетті оқушыларды анықтау үшін бағалаудың түрлі жүйелерін пайдалану;
•  уәждеуді оқушылардың жетістігі үшін ерекше маңызы бар қозғаушы күш деп бағалау.
Дарынды және талантты балаларға құрдастарының тапсырмаларынан өзгеше, анағұрлым 
«күрделі»,  «ынталандыратын»  тапсырмалар  қажет  деген  пікір  қалыптасқан.  Эйр  (2001) 
Выготский  мен  Катцтың  еңбектерінен  дәйексөз  келтіре  отырып,  теория  мен  зерттеулерді 
табиғатты  зерттейтін  «міндеттер»  ретінде  қарастырады.  Міндет  қоя  отырып  жұмыс  істеу 
оқушыларды  жайлылық  аймағынан  аздап  шығатын  деңгейде  жұмыс  істеуге  міндеттейді. 
Ол,  Выготский  бойынша,  тым  күрделі  жұмыс  балаларға  орындалмайтын,  ынтасын  жоятын 
жұмыс болып көрінетіндігін дәлелдейтін «жақын арадағы даму аймағы» теориясы негізінде 
балалардың өзекті қабілеттерінің деңгейлерін бағалаудың тиімді екендігін баса айтады. Эйр 
теорияның осы бөлігін пайдалана отырып, дарынды балаларға арналған оқу жоспарына өзгеріс 
енгізу жөніндегі ұсынысында ол жоспарда жоғары деңгейлі ойлау, біліктілігін дамыту және 
проблемаларды шешу дағдылары қамтылуы керектігін айтады.


жүктеу 11,77 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   126




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау