Бағдарламасы мұҒалімге арналған нұСҚаулық


Табысты оқыту мен табысты мұғалім



жүктеу 4,87 Mb.
Pdf просмотр
бет4/109
Дата14.11.2018
өлшемі4,87 Mb.
#19412
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   109

10
Табысты оқыту мен табысты мұғалім
Оқытудың  сындарлы  теориясына  негізделген  «Мектептегі  мұғалім  көшбасшылығы» 
бағдарламасы  мұғалімнің  алдына  ең  алдымен  оқушының  жан  дүниесін  жақсы  түсіне  білу 
жөнінде  нақты  міндеттеме  қойып  отыр.  Сапалы  оқытудың  маңызды  факторы  мұғалімнің 
оқушының тақырып мәнін өз бетімен меңгеруін түсінуі мен бағалай алуы болып табылады. 
Себебі оқытудағы сындарлы тәсіл бұл үдеріске оқушының өзінің де қатысуын талап етеді. Осы-
лайша, оқушы да өзінің оқуы үшін жауапты болады. Оқушы мұндай жауапкершілікті көбіне 
сабақ  беру  барысында  мұғалім  қалыптастыратын  ортада  сезініп,  қабылдайды.  Сондықтан 
мұғалімде Шульман «үш көмекші» (Shulman, 2007) деп атаған қасиеттер болған жағдайда ғана 
оқыту табысты болып саналады (1-кесте).
Табысты  оқыту  білім  алуға  мүмкіндік  беретін  нақты  жағдайларды  жасаумен  қатар,  сол 
жағдайлардың өзімен тығыз байланыст. Табысты мұғалім оқушыларға, ортаға және ресурстарға 
лайықтап нақты кезеңде қолданылуы тиімді оқыту элементтерін «реттеп» отырады. Расында, 
оқытудың сапалы және табысты болуы белгілі бір деңгейде мұғалімнің қалыптасып отырған 
жағдайларға бейімделе алуына да тығыз байланысты.
Табысты оқыту – мұғалім бейнесімен танылатын сан алуан элементтер арасындағы байла-
ныс болып табылады, ол өзі белгілі бір деңгейде тәуелді жағдайлар жасалынған кезде жүзеге 
асырылады. Табысты оқыту оқушылардың, қоршаған орта жағдайы және оқыту, білім алу 
мүмкіндіктерінің бірлігі ретінде қарастырылады.
1-кесте. Шульман ілімі
Мұғалімнің үш көмекшісі 
(Shulman, 2007)
Табысты мұғалімге тән белгілер
Бас
Кәсіби түсінік
Оқыту мен оқу, сондай-ақ жеке тұлға ретінде оқушылар туралы 
тұғырлы  теориялық  базаға  негізделген,  жеткілікті  білімнің 
болуын  талап  етеді.  Сондай-ақ  тәжірибені  түсіну,  дамыту/
жетілдіру үшін дәлелдер/зерттеулер нәтижелерін қалай қолдану 
керектігін білуді көздейді.
Қол
Оқытудың тәжірибелік дағдылары
Бұл  оқытуды  іске  асыру,  түзету  және  бағалау  барысында 
түйінді  кәсіби  идеяларды  түсіндіре  білудің  техникалық  және 
тәжірибелік  дағдыларын,  әртүрлі  әдістер  мен  тәсілдерді  білуді 
талап  етеді.  Сонымен  қатар  ынталандыру,  көтермелеу,  шектеу, 
сабақтарды,  сондай-ақ  оның  жекелеген  кезеңдерін  жоспарлау 
және оқушыларды бағалау әдістемелерін меңгеру қажет. 
Жоғарыда аталған білімдер мен дағдылар болған жағдайда, мұғалім 
сабақ  үстінде  оқушылардың  оқуға  ынтасын  арттырып,  тиісті 
және одан да жоғары деңгейлерге қол жеткізуге ұмтылатындай 
қолайлы орта қалыптастырып, оның тұрақтылығын қамтамасыз 
етері анық.
Жүрек
Кәсіби-адамгершілік тұтастық
Мұғалімдер  ұстаз  мамандығының  этикалық  және  моральдық 
құндылықтарын ұстанады. Демек, олар шыншыл, батыл, төзімді, 
оқушыларға  аяушылық,  мейірім  және  құрмет  көрсете  білетін 
әділ адамдар. 
Мұғалімдер – өз мамандығын сүйетін, балаға білім беру құнды 
қызмет  екенін  түсініп,  осыған  қатысты  нақты  ұстанымдары 
қалыптасқан  жандар,  олардың  бұл  ұстанымдарын  осы 
мамандықтың басқа иелері де бөліседі.


11
Сапалы және табысты оқыту жайында тұжырым қалыптастыру
Оқытудың сапасын екі тәсіл арқылы анықтауға болады. 
Бірінші тәсіл бойынша, бағалау оқу қызметінің нәтижесіне байланысты болмай, мұғалімнің 
іс-әрекетінің  тәжірибе  талаптарына  сәйкестігін,  яғни  –  мұғалім  жұмысының  тиімділігін, 
оқушылармен  өзара  байланысының  сипаты  мен  жиілігін  анықтау  мақсатында  жүргізіледі. 
Бұл  жағдайда  баға  мұғалім  жұмыс  істейтін  оқушыларға  байланысты  қарастырылып,  оқыту 
үдерісіне тәуелді болмайды. 
Оқыту сапасын бағалаудағы екінші тәсіл жай ғана кәсіби міндеттерді жауапкершілікпен 
орындағаннан  гөрі,  көбірек  күш-жігерді  талап  ететін  сапалы  әрі  табысты  оқытуға  ерек-
ше  көңіл бөледі. Табысты оқыту білім беру үдерісіне тәуелді болғандықтан, оқытудың шын 
мәнінде жүзеге асырылуы мен құзіреттілік, шеберліктің деңгейі қаншалықты екенін де сара-
лай білу қажет. Сонымен қатар оқушылардың жай-күйі мен әлеуметтік ортасының сипатын, 
мүмкіндіктерінің дәрежесі мен қолжетімділік деңгейін білу қажет. Осыған байланысты сынып 
туралы мәнмәтіндік мәлімет  қажет болады. 
Жоғарыда айтылғандардың негізінде «Мек
тептегі мұғалім көшбасшылығы» 
бағдарламасы:
1) оқыту мен зерттеуге ынта-жігерін салып, белсенді жұмыс істейтін және оқушыларға 
қамқорлық көрсете отырып, ықпал ететін және бағдар беретін мұғалімдерді;
2) әрбір оқушының пән туралы түсінігін қалай құрылымдау қажеттігін ойластыра білетінін 
сезінетін, осы көзқарастар тұрғысынан білімі мен тәжірибесін қалыптастыратын; сондай-ақ 
оқушының білім беру бағдарламасы деңгейлері бойынша ілгері жылжуы мақсатында мазмұнға 
сәйкес кері байланыс орната алатын кәсіби білімі мен түсінігі бар мұғалімдерді;
3)  оқытудың  мақсаты  мен  сабақтың  нәтижелі  де  табысты  өту  өлшемдерін,  өзі  мен 
оқушыларының бұл өлшемдерге қандай дәрежеде сәйкес келетіндігін білетін, оқушылардың 
игерген  білімі  мен  оқушылар  мойындаған  «Біз  қайда  бара  жатырмыз?»,  «Қандай  іс-әрекет 
жасау  керек?»,  «Одан  әрі  не  істеу  керек?»  деген  сияқты  табыс  критерийлері  арасындағы 
алшақтықты жою үшін не істеу керек екенін білетін мұғалімдерді;
4)  бастапқы  идеядан  туынды  идеяларды  өрістете  байланыстыратын  және  сол  идеялар-
ды  оқушылардың  өздері  құрастырып,  жандандыра  алатындай  етіп  жинақтап,  толықтырып, 
тереңдетіп  бере  алатын,  дайын  білім  мен  идеяларды  ұсынбай,  сол  білім  мен  идеяларды 
оқушылардың өздерінің құруына түрткі болатын мұғалімдерді даярлауға бағытталған. 
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТ
Barber, M., & Mousahd, M. (2007). How the best schools systems came out on top [Ең үздік мектеп 
жүйелері  бірінші  орынға  қалай  шығады].  Online  at  http://mckinseyonsociety.com/how-the-
worlds-best-performing-schools-come-out-on-top/ Accessed on 19
th
 November 2011.
Bolam, R., McMahon, A., Stoll, L., Thomas, S., Wallace, M., Greenwood, A., Hawkey, K., Ingram, 
M., Atkinson, A., & Smith, M. (2005). Creating and Sustaining Effective Professional Learning 
Communities  [Тиiмдi  кәсiби  оқу  қоғамдастығын  құру  және  қолдау].  The  Department  for 
Education and Skills.
Fenstermacher, G., & Richardson, V. (2005). Making Determinations of Quality in Teaching [Оқытуда 
сапаны анықтаудың туындысы]. Teachers College Record, 107 (1), 186-213.
Frost, D. (2011). Supporting teacher leadership in 15 countries: the International Teacher Leadership 
project [15 елдегi мұғалiмнiң жетекшiлiгiнiң қолдауы: Мұғалiмнiң жетекшiлiгi Халықаралық 
жобасы]. Phase 1, A report, Cambridge: LfL at the University of Cambridge Faculty of Education.
Frost, D., & Durrant, J. (2003). Teacher Leadership: Rationale, Strategy and Impact [Мұғалiмнiң 


жүктеу 4,87 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   109




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау