Бағдарламасы Мазмҧны Бағдарламаның тӛлқұжаты



жүктеу 469,11 Kb.
Pdf просмотр
бет7/14
Дата16.02.2018
өлшемі469,11 Kb.
#9840
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   14

14 

 

МСАК-тің  әлеуметтік  бағытталуы    МСАК,  әлеуметтік  қорғау  және  қоғамдық 

денсаулық сақтау қызметтерінің жұмысын интеграциялау, бірінші буын мамандарын халық 

денсаулығын  сақтау  жӛніндегі  сектораралық  ӛзара  іс-қимыл  шеңберіндегі  іс-шараларға 

белсенді түрде тарту есебінен қамтамасыз етілмек. 

 

Қызметтердің  барынша  қолжетімді  болуын  қамтамасыз  ету  үшін  ӛңірлердегі 

демографиялық,  географиялық  және  инфрақұрылымдық  жағдайларды  ескере  отырып 

МСАК ұйымдарының желісі дамитын болады.  

Халықтың  тұрғылықты  орнына  барынша  жақындатылған,  кіші  және  шағын  ұйым 

нысанына басымдық берілетін болады.  

Бұл мақсатта:  

- алғашқы медициналық кӛмек кӛрсету саласындағы жеке меншік секторды, кіші және 

орта бизнесті дамытуға мемлекеттік қолдау кӛрсетілетін болады

 

-  МСАК  нысандарын  салуды,  қызмет  бейіні  тұрақты  сақталған  жағдайда  кейін 



жекешелендіру  мүмкіндігімен  мемлекеттік  нысандарды  сенімгерлікпен  басқаруға  беруді 

қамтитын мемлекеттік –жеке меншік әріптестік (МЖӘ) тетігі дамитын болады. 

 МСАК  нысандарын  дамыту  халықты  медициналық  кӛмекпен  қамтамасыз  ету 

нормативтеріне сәйкес, халықты қолжетімді әлеуметтік және жалға берілетін тұрғын үймен 

қамтамасыз ету жӛніндегі бағдарламаларда инфрақұрылымның міндетті нысандары ретінде 

қарастырылатын болады. 

Қолжетімді медициналық кӛмек ЖТД қызметтерінің қолжетімділігін арттыру арқылы 

МСАК  қызметтерін  азаматтардың  тұрғылықты  жеріне  барынша  жақындатуды  кӛздейді: 

орташа  алғанда,  1  ЖТД-не    уақыт  ӛте  келе  1,5-нан  1,8  мыңға  дейін  тіркелген  тұрғыннан 

келетін болады. 

 

Ауыл халқына МСАК қолжетімділігіне мыналар



ауылдық  жерлерде  мемлекеттік  медицина  ұйымдарының  желісін  дамытудың 

стандарттарын әзірлеу және енгізу кезінде иілімділік, жеке қадам жасау; 

тиісті  материалдық  ынталандырумен,  ауылдағы  дәрігерлік  және  орта  медициналық 

персоналдың функционалын кеңейту; 

ауылдық  денсаулық  сақтауда  ұтқыр  (кӛліктік)  және  ақпараттық-коммуникациялық 

технологияларды (АКТ) әрі қарай дамыту; 

online  режимінде  жоғары  тұрған  буын  мамандарының  кӛмегімен  диагностикалау 

жүргізу  мен  емді  анықтауға  мүмкіндік  беретін  телемедицинаны  жаппай  енгізу  арқылы 

қосымша қолдау кӛрсетілетін болады. 

 

        МСАК  қаржылық  орнықтылығын  қамтамасыз  ету  үшін  қызметтерді  қаржыландыру 



және МСАК қызметкерлеріне еңбекақы тӛлеу жүйесін жетілдіру жалғастырылатын болады. 

 

Денсаулық 



сақтау 

жүйесінде 

МСАК-тің 

басымдығын, 

тиімділігін 

және 


тартымдылығын қамтамасыз ету үшін МСАК-тің кадр әлеуетін жетілдіру жӛніндегі жұмыс, 

лауазымдық нұсқаулықтар мен біліктілік талаптарын оңтайландыру жүргізілетін болады. 

Пациентті әрі қарай бақылаудың кешенді тәсілін қамтамасыз ететін жалпы дәрігерлік 

тәжірибе  жүйесіне  кезең  кезеңімен  ӛту  жүзеге  асырылатын  болады.  ЖТД  санын  үлкейту 

есебінен МСАК қызметтерінің қолжетімділігі артатын болады.     

Жоғары  білімнің  жаңа  мемлекеттік  стандарттары  бойынша  ЖТД  даярлау  қазіргі 

заманғы  білімге,  тәжірибелік,  коммуникативтік  дағдыларға  және  командада  жұмыс  істеу 

икеміне ие, кең бейінді мамандарды қалыптастырудың негізін қалайды. 

Қазіргі  учаскелік  терапевтер  мен  педиатрларды  қосымша  кәсіби  білім  беру 

шеңберінде қайта даярлау ЖТД тапшылығын ішінара жауып тұр.   

Пациенттерді  бақылау,  созылмалы  ауруларды  басқару,  сондай-ақ  пациенттерге 

үйлерінде  қызмет кӛрсету бойынша кей функциялар кезең кезеңімен арнайы дайындалған 

жалпы тәжірибе мейіргеріне берілетін болады.  

Орта  медициналық  қызметкерлерді  (бұдан  әрі  –  ОМҚ)  оқыту  МСАК  басымдығын, 

оның кӛпфункционалдығын және  әмбебаптығын ескере отырып жүргізіледі, ол денсаулық 



15 

 

сақтаудың  басқа  секторларына  қарағанда,  ОМҚ-дің  кӛбірек  дербестігін  талап  етеді.  ОМҚ 



оқыту  стандарттары  да  әзірленген  кәсіби  стандарттарға  сәйкестендіріледі.  Білім  беру 

бағдарламаларын аккредиттеу мамандар даярлау сапасын қамтамасыз етеді.     

МСАК-ке  мамандар  тарту  мақсатымен  қызметкерлерді  әлеуметтік  қолдау  жүйесі 

құрылады,  соның  ішінде  ауылдық  денсаулық  сақтау  мамандары  үшін  әлеуметтік  пакеттің 

құрамы мен үлкендігі қайта қаралатын болады. 

 

МСАК-тің  орнықты  дамуын,  оның  тұтастығы  мен  тартымдылығын  арттыруды 



қамтамасыз  ету  үшін  амбулаториялық  деңгейде  қамтамасыз  етілетін  дәрілік заттардың 

тізбесі кезең кезеңімен кеңейтілетін болады.  

 

Амбулаториялық және стационарлық мамандандырылған кӛмекті (ММК) дамыту. 



 

 

           Медициналық  кӛмектің  толық  интеграциясы  мен  сабақтастығын  қамтамасыз  ету, 

түрлі  қызметтер  мен  ресурстардың  қайталануын  болдырмау  мақсатымен,  сондай-ақ  оның 

толықтығы  мен  сапасының  жоғары  болуын  қамтамасыз  ету  үшін  МСАК-тің  үйлестіруш 

рӛлінің негізінде мамандандырылған медициналық кӛмек кӛрсету қағидалары мен тәртібін 

жетілдіру қамтамасыз етілетін болады. 

           

 

           Сабақтастықты 



қамтамасыз  ету  үшін  жер-жерде  пациенттерге  түсіндіру, 

консультация  беру,  тіркеу  және  мониторингтеуге  арналған  жергілікті  және  ӛңірлік  call-

орталықтар  құрылатын  болады.  Бұл  ретте  заманауи  ақпараттық-коммуникациялық 

технологиялар (АКТ) кеңінен енгізілетін болады. 

          Медициналық  кӛмектің  әралуан  түрлерін  интеграциялау  хаттамаларын  әрі  қарай 

әзірлеу және енгізу қамтамасыз етілетін болады. 

 

 

          Ӛз бейіндері шеңберінде алғашқы және мамандандырылған кӛмек кӛрсетудің барлық 



деңгейлерінде олардың мониторингі, сабақтастығын, тиімділігі мен сапасын қамтамасы ету 

бӛлігінде  республикалық  клиникалардың,  ғылыми  орталықтар  мен  ғылыми-зерттеу 

институттарының рӛлі мен жауапкершілігі күшейетін болады.  

 

           Қолжетімділігі  мен  тиімділігін  арттыру,  аз  шығындармен  үздік  нәтижелерге  қол 



жеткізу  мақсатымен  мамандандырылған  медициналық  кӛмек  (ММК)  кӛрсетудегі 

стандарттауды (диагностикалау мен емдеу хаттамаларын, клиникалық нұсқаулықтарды) 

одан әрі дамыту жалғастырылатын болады. 

           Озық медициналық технологиялар трансфертін одан әрі ынталандыру, сондай-ақ, бір 

жағынан,  медициналық  кӛмектің  қолжетімділігін,  толықтығы  мен  сапасын  кӛтеру,  екінші 

жағынан денсаулық сақтау жүйесінің қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз ету мақсатымен, 

жан-жақты талдау  ӛткізіп,  жоғары мамандандырылған және  қымбат медициналық кӛмекті 

(ЖММК) әрі қарай дамытудың жаңа тәсілдерін жасау қажет.    

        ЖММК-ті  жоспарлау,  кӛрсету  және  қаржыландыру  бӛлігінде  ЖММК  ұсынуды 

стандарттау  жүргізіледі.  ЖММК  қызметін  кӛрсету  үшін  оның  тиісті  сапасы  мен 

қауіпсіздігін  ұстап  тұру  мақсатында  міндетті  аккредиттеуден  ӛту  бойынша  медициналық 

ұйымдарға талаптар белгіленетін болады.   

 

          Еліміздің  денсаулық  сақтау  жүйесін  жаңғырту  шеңберінде  қымбат  медициналық 



кӛмекті  қаржыландырудың  жаңа  тәсілдерін  жасап  шығару  қажет.  Бұл  ретте  бір  уақытта 

шығындарды  басқару  тетіктерін:  қымбат  медициналық  қызметтер  мен  тауарларды  (дәрі-

дәрмектерді,  ММБ)  орталықтандырылған  сатып  алу,  зертханалық  және  радиологиялық 

қызметтердің аутсорсингі және т.б  енгізе отырып, қаржыландырудың қажетті деңгейі мен 

тұрақтылығы қамтамасыз етілуі тиіс. 

 

5.2.4. Медициналық кӛмектің, дәрі-дәрмектік қамтамасыз етудің және оңалтудың 



толықтығын қамтамасыз ету. 

 


жүктеу 469,11 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   14




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау