Бағдарламасы Мазмҧны Бағдарламаның тӛлқұжаты



жүктеу 469,11 Kb.
Pdf просмотр
бет10/14
Дата16.02.2018
өлшемі469,11 Kb.
#9840
түріБағдарламасы
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14

20 

 

            Денсаулық  сақтау  ұйымдарының  дәрілік  формулярлары  жекелеген,  неғұрлым 



шығын  кӛп  жұмсалатын  ДЗ-ға  қатысты  қолдану  тиімділігіне  тұрақты  түрде  мониторинг 

және бағалау жүргізудің негізінде ұдайы жетілдіріліп тұратын болады. 

            Денсаулық  сақтау  ұйымдарында  штаттағы  клиникалық  фармакологтар,  ішкі  аудит 

қызметтері  және,  қажіттілігіне  қарай,  сыртқы  тәуелсіз  сарапшылар  ДЗ  ұтымды 

қолданылуына толыққанды мониторинг және талдау жасауды қамтамасыз етеді. 

            Медициналық  ұйымдардың  клиникалық  фармакология  мамандарымен  қажетті 

кадрлық жарақтандырылуы бойынша шаралар іске асырылады.  

            ҰДҚС тұрақтылығын қамтамасыз ету үшін ұйымның меншік нысанына қарамастан, 

дәрі-дәрмекпен  қамтамасыз  ету  саласында  мамандарды  жаппай  оқыту  бағдарламасы 

әзірленеді және іске асырылады.    

           Осы  Мембағдарламаның  мониторингтеу  іс-шараларының  шеңберінде  ҰДҚС  іске 

асырылуының тиімділігін мониторингтеу және талдау қамтамасыз етеді. 

Жоғарыда  сипатталған  шараларды  тиімді  іске  асыру  үшін  денсаулық  сақтау 

саласындағы  уәкілетті  органның,  медициналық  және  фармацевтикалық  қызметті  бақылау 

жӛніндегі  уәкілетті  органның,  жергілікті  денсаулық  сақтауды  басқару  органдарының 

міндеттері мен функциясы талданатын және  қайта  қаралатын болады, нормативтік базаны 

жетілдіріледі.   

 

5.5. НИЕТТЕСТІКТІ ЕНДІРУДІҢ НЕГІЗІНДЕ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ 

ЖҤЙЕСІН ЖЕТІЛДІРУ ЖӘНЕ ОНЫҢ ҚАРЖЫЛЫҚ ОРНЫҚТЫЛЫҒЫН 

АРТТЫРУ 

 

5.5.1. Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруды енгізу 

 

Ортақ қаржыландыру тетігін іске асыру үшін мемлекетпен қатар, жұмыс беруші мен 



жұмыскер  саланы  қаржыландыруға  ортақ  қатысатын  міндетті  әлеуметтік  медициналық 

сақтандыру (бұдан әрі – МӘМС) жүйесі енгізілетін болады. 

МӘМС қаражаты жүйедегі 7 бағыт, атап айтқанда:  

ЖТД  қамсыздандырылуын  1500  тұрғынға  1  ЖТД  арақатынасына  дейін  ұлғайту 

арқылы МСАК қолжетімділігін арттыру; 

дәрігерлер  жалақысының  экономика  бойынша  орташа  жалақыға  арақатынасын 

ұлғайту; 

амбулаториялық дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету аясын кеңейту; 

қалпына  келтіру  емі  мен  медициналық  оңалту  қызметтерінің  қолжетімділігін 

арттыру; 

паллиативтік кӛмек және мейіргерлік күтім қызметтерін кеңейту; 

медициналық ЖОО оқытушыларының жалақысын кӛтеру; 

негізгі  қаражатты  жаңартуға  шығыстарды  медициналық  қызметтер  тарифіне  қосу 

бойынша сапалық жақсартуларға бағытталатын болады. 

 Бірінші кезеңде 2016 жылдан бастап: 

-    ӛңірлер  арасында  ТМККК  деңгейін  теңестіре  отырып,  оны  қаржыландыру 

бойынша барлық бағдарламаларды біртұтастандыру; 

 -  денсаулық  сақтау  жүйесін  бір  арналық  қаржыландыру  (бюджеттік)  тетігі 

жағдайында МҚАК негізінде «шын мәніндегі бірыңғай тӛлеушіні» қалыптастыру; 

- кӛп арналы жүйеге бюджеттік үлгі кезінде бірыңғай тӛлеуші жүйесін бейімдеу. 

 

2017  жылдан  бастап  мемлекеттің,  жұмыс  беруші  мен  қызметкердің  ортақ 



жауапкершілігін  қамтамасыз  ететін,  кӛп  арналы  қаржыландыру  жүйесімен  Қызметке 

бірыңғай  ақы  тӛлеуші  базасында  міндетті  әлеуметтік  медициналық  сақтандыру  қоры 

құрылатын болады.  

Бұл үшін: 




21 

 

-  Қазақстан  Республикасының  міндетті  әлеуметтік  медициналық  сақтандыру 



жүйесінің заңдық базасы әзірленеді және бекітіледі; 

-  міндетті  әлеуметтік  медициналық  сақтандыру  жүйесін  орындаудың,  үйлестірудің, 

басқарудың және мониторинг жүргізудің ұлттық және ӛңірлік құрылымдары құрылады; 

-  қаражат  жинау,  жинақтау,  бӛлуді,  қаржылық  ресурстарды  мониторингтеу  мен 

бақылауды  қамтитын  медициналық  сақтандыру  жүйесін  басқару  үшін  ақпараттық  жүйе 

құрылады және енгізіледі. 

 

            5.5.2. Тарифтік саясатты жетілдіру 



 

МӘМС  енгізу  тағы  бір  айқын  ӛзгеріске  –  денсаулық  сақтаудың  қаржы 

қаражаттарының мемлекеттік  қазынашылық жүйеден  шығуына  алып  келеді.  Бір  жағынан, 

бұл  денсаулық  сақтау  қызметтерін  неғұрлым  иілімді  және  тиімді  қаржыландыру  үшін 

мүмкіндіктер  ашады,  ал  екінші  жағынан,  жүйе  қатысушыларының  МӘМС  қаражатын 

ұтымды пайдалануға деген жауапкершілігін арттырады. 

Түрлі  медициналық  қызметтің  ӛнім  берушілерімен  ӛзара  қарым-қатынастағы  анық 

және айқын тарифтік және келісім-шарттық саясат МӘМС-дың тиімді  қызметінің негізіне 

айналады. 

Пациенттердің  мүддесіне  сай  медициналық  қызметтердің  кешенділігі  мен 

сабақтастығын  қамтамасыз  ету  үшін  амбулаториялық  деңгейде  ынталандырушы 

компонентімен бірге жан басына шаққандағы қаржыландыру жүйесі, біріккен қызметтердің 

амбулаториялық тарификаторы (кешенді немесе байланысқан тарифтер) дамитын болады. 

 

ММК  саласында  неғұрлым  кең  таралған  патологиялар  мен  оларды  диагностикалау 



және  емдеу  стандарттарының негізінде  әралуан  қызметтерлі  кешенді  (байланыстырылған) 

тарифтерге біріктіру негізінде амбулаториялық тарификатор жетілдірілетін болады.  

Сырқаттарды басқарудың ендірілетін тұжырымдамасының шеңберінде кей жағдайда 

тарифтер  медициналық  кӛмек  кӛрсетудің  барлық  деңгейлерін:  МСАК-тен  стационарлық 

емдеуге және кейінгі оңалтуға дейін  біріктіретін болады. 

Стационарлық  деңгейде  біртіндеп  тарифтерді  есептеудің  халықаралық  әдістемесіне 

ӛтумен  клиникалық-шығындық  топтардың  негізінде  тарифтер  де  жетілідірілетін  болады. 

шығындарды  оңтайландыру  мақсатымен  қымбат  ММБ-ды  тарифтер  құрылымынан 

шығарып тастаумен оларды орталықтандырылған сатып алу енгізілетін болады.  

Кезең  кезеңімен,  шығыстарды  есепке  алуды  ақпараттандырудың және  электрондық 

сырқат  тарихтарын  енгізудің  негізінде  шығындарды  мониторингтеу  жүйесі  (құрылымдық 

бӛлімшелер  бойынша),  ал  2020  жылға  қарай  –  амбулаториялық  және  стационарлық 

ұйымдарда шығындарды есепке алудың тұлғаландырылған жүйесі енгізілетін болады. Бұл 

іс  жүзіндегі  шығындар  негізінде  тариф  саясатының  айқындығы  мен  тиімділігін 

айтарлықтай кӛтеруге мүмкіндік береді. 

МӘМС  қызметін кӛрсетуге  қатысатын денсаулық сақтау субъектілерінің қаржылық 

тұрақтылығын  арттыру  мақсатымен,  медициналық  қызметтердің  тарифтеріне  кезең 

кезеңімен  амортизациялық  алымдар  бойынша  шығыстар,  қаржылық  қызметтер  құны 

(лизинг, қарызға қаржыландыру) және жекелеген жағдайларда, капиталдық шығындар мен 

пайда түсіруі қосылатын болады.  Бұл жеке меншік инвестициялар тарту және мемлекеттік-

жеке меншік әріптестікті (МЖӘ) дамыту үшін сектордың тартымдылығын кӛтереді.  

 

5.5.3. Жергілікті атқарушы органдардың денсаулықты сақтау және нығайтудағы 

рӛлін кӛтеру. 

 

Мемлекеттік  басқаруды  орталықсыздандыру  үдерістері,  жергілікті  атқарушы 

органдардың (бұдан әрі – ЖАО) рӛлін кӛтеру жергілікті мемлекеттік басқару органдарының 

халық  денсаулығын  сақтау  және  нығайту  мәселелерін  шешуге  қатысуымен  тығыз 

байланысты.  

Осыған орай ЖАО-мен бірге мыналар зерделеніп, анықталатын болады: 




жүктеу 469,11 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау