Бағдарламасы Мазмұны Бағдарламаның паспорты Кіріспе


Отандық өнімнің әлемдік нарыққа, ЕурАзЭҚ-тың нарығына қол жеткізуі үшін кедергілерді алып тастау және ішкі нарықты қорғау



жүктеу 0,82 Mb.
бет3/4
Дата09.01.2018
өлшемі0,82 Mb.
#7334
түріБағдарламасы
1   2   3   4

2.2 Отандық өнімнің әлемдік нарыққа, ЕурАзЭҚ-тың нарығына қол жеткізуі үшін кедергілерді алып тастау және ішкі нарықты қорғау

ЕурАзЭҚ мен БӘСҰ шектеулерін есепке ала отырып экспортты қолдау бойынша шаралар

Нарық көлемін, ара қашықтықты және сауда факторларын есепке ала отырып, Ресейдің шекаралас өңірлері, КО мен Орта Азия елдері, Ауғанстан, Иран, Кавказ елдері, Қытайдың батыс өңірлері өңдеуші өнеркәсіп өнімдерін экспорттаудың басты бағыттары болады. Өңдеуші өнеркәсібінің импортындағы қазақстандық өнімнің үлесі 2030 жылға дейін 6% деңгейінде әділ құнына жетуі керек Ресей Федерациясының нарығы ерекше рөл атқаратын болады. Сонымен қатар елдердің – саудаға қатысушылардың ҚҚТ-ға кіруімен «Жаңа жібек жолы» жобасының әлеуеті қолданылатын болады.

Осылайша, келесдегідей секторлық және елдік бағыттарға күшті жұмылдыру өңдеу өнеркәсібінің экспортының өсуіне негізгі әсер етуі мүмкін.

- азық-түлік өнімдерін шығару: Ресей (импорттан 6,4%);

- түсті металлургия: Қытай (2,9%), Түркия (4,8%);

- автокөлік құрастыру: Ресей (4%);

- электрқұралдары: Ресей (3,4%);

- мұнайгазхимия:Ресей (6,2%);

- құрылыс материалдары: Ресей (7,9%);

- қара металлургия: Иран (15%).

Экспортты дамыту мен жылжыту жүйесіне жалпыұлттық тәсіл қолданылатын болады. Осы мақсатта, тауар таңбаларын насихаттау, бірыңғай ұлттық стенд форматында халықаралық көрмелерде тұсаукесерлер, шетелде сауда миссияларын ұйымдастыру, экспорттаушыларға көмек ретінде экспорттық өнімдер анықтамасы мен әдебиеттер шығару; экспорттаушыларға ақпараттық – сараптамалық көмектесу; оқыту тренингтерін жүргізу, сонымен қатар экспорттық өндіріске шетелдік турлар жасау; экспорттық буып-түю саласының дамуы; экспорттаушылар мен сатып алушылар үшін интернет-ресурстарды ілгерілету; экспортқа бағдарлану идеологиясын қалыптастыру; гуманитарлық көмек шеңберінде өнім жеткізушілер қатарына Қазақстанның интеграциялануы бойынша іс – шаралық жұмыстар жалғастырылатын болады. Сондай-ақ, Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрлігінің жанындағы Экспорттаушылар кеңесінің жұмысы жалғасатын болады. Мақсатты нарықтарда промоутерлің қолдау желісі құрылатын болады.

ЕурАзЭҚ мен БӘСҰ шектеулерін есепке ала отырып жергілікті ұстауды дамыту

Жергілікті ұстауды дамытуды келесі бағыттар шеңберінде жүзеге асыру ұсынылады:

- «халықаралық келісімшарттарға қайшы келмейтін жағдайларда қазақстандық қызмет көрсетулер, жұмыстар, тауарлар сатып алуға басымдық» белгілеу, ол тапсырыс берушілерге халықаралық келісімдерге қайшы келмейтін жағдайларда қазақстандық өндірушілерден өнеркәсіптік тауарларды тікелей сатып алуға мүмкіндік жасайды;

- «Қазақстан Республикасының халықаралық келісімшарттарға қайшы келмейтін жағдайларда» шартты жеңілдіктер беру, жергілікті ұстау талаптарын белгілеу жолымен ДСҰ ережелеріне сәйкес квазимемлекеттік сектор мен жер қойнауын пайдаланушылар сатып алуы шеңберінде қолдау шараларын бейімдеу. ДСҰ ережелеріне сәйкес мемлекеттің қатысуымен мемлекеттік кәсіпорындардың және заңды тұлғалардың сатып алуы кезінде, егер тауарлар мен қызметтер коммерциялық нарықта қайта сатылмаса немесе коммерциялық сату үшін тауарларды шығару мен қызмет көрсету өндірісі үшін пайдаланылмайтын болса жергілікті ұстау рұқсат етіледі.

- отандық өндірушілерді ұзақ мерзімді тапсырысытармен қамтамасыз ету;

- офсеттік келісімдерді қолдану;

- экономиканың, тауар түрлерінің және оларды өндірушілердің басым секторлары бойынша екі жылға дейінгі мерзімде мемлекеттік сатып алулар саласында ұлттық режимнен алуды белгілеу;

- білім беру, денсаулық сақтау ментқылмыстық-атқару жүйесі ұйымары үшін азық-түлік өнімдері мен қызметтерді сатып алуды сатып алулар туралы заңнама күшінің әсерінен шығару;

- отандық тауар өндірушілер мен отандық жұмыстар мен қызметтерді жеткізушілерден тауарды, жұмысты, қызметтерді жеке ірі тапсырыс беруші сатып алуына қызығушылық тудыру мәселелерін ойластыру;

- құрылыс жұмыстары мен қызмет көрсетулерін сатып алу кезінде құрылыс индустриясындағы отандық материалдар мен құрастырушыларды қолдану бойынша механизмді ендіру;

- СТ-KZ Сертификатын беру процедурасын реформалау.

Мемлекеттік сатып алу заңнамасы саласында мемлекеттік сатып алу әлеуетін пайдалану бөлігінде сатып алынатын тауарлардың, жұмыстардың және қызметтердің инновациялық критерийлерін анықтаудың жеке тәртібі енгізілетін болады. Технологиялық меморандумдар негізінде енгізілетін өнімдерді жеткізуге ұзақ мерзімді келісімшарт бекіту механизмі әзірленетін болады.

Мемлекеттік сатып алулар жасаған кезде техникалық ерекшеліктерінде сапасыз және қауіпсіз емес өнімнен қорғау үшін олар бар болса ұлттық немесе үкіметтік емес стандарттар талаптары белгіленетін болады. Ол үшін квазимемлекеттік сектор мен жер қойнауын пайдаланушыларды сатып алуды реттейтін нормативтік құқықтық актілерге өзгерістер мен толықтырулар енгізіледі, техникалық ерекшеліктерінде ұлттық немесе үкіметтік емес стандарттар талаптарын, олар болса, міндетті түрде белгіленетін болады.

Өңдеуші өнеркәсіптің өнімін пайдаланудағы импорт деңгейі 2020 жылға 60% және 2030 жылға 40% төмендетілуі керек.


Техникалық реттеу

Экономика салаларының жедел индустриалдық дамуы үшін бүгінгі күні, индустриялық даму салаларын жеделдету үшін, салалық зертханаларда, сынақ орталықтарында техникалық жабдықталудың жаңа деңгейге шығуын қамтамасыз ету, техникалық реттеудің жоғары стандарттарын қабылдау қажет. Салаларды қажетті қалыптасрыу үшін: инвестициялар – әзірлеулер – енгізу үдерісі (өндіру) – сапалы жақсаруды алу үдерістерін жүзеге асыру қажет.

Осылайша, стандарттауды техникалық реттеу тұтқасы түрінде тиімді пайдалануға мемлекет тікелей мүдделі болады. Сала мамандарын стандарттау үдерісіне кеңінен тарту қажет, бұған зерделенетін және қабылданатын стандарттардың сапасы тәуелді.

Халықаралық стандарттарды есепке ала отырып қолданылып отырған ұлттық стандарттарды үйлестіру және жаңаларын қабылдау қажет. Бұл әрекетті орындау үшін, басым секторларда стандарттар әзірлеуге байланысты сарапшылардың шығыстарын субсидиялау мен шығынының бөлігін қайтару механизмін пайлану, сонымен қатар секторларда сараптамалар мен жүйелеулер жүргізу керек.

Өнім бөлігі туралы (әрі қарай-ӨБТ) келісімдер реттейтін жобалар шеңберінде мұнайгаз саласына құрал-жабдықтар, құрастырушылар мен материалдарды жеткізу кезінде кәсіпорындар үшін тең экономикалық жағдай жасалуы қажет.

Бұл бәсекеге қабілетті және жоғары сапалы өнімдер өндірісі, сондай-ақ берілген сәйкестікті және сынақ есептерін сертификаттарын тану тетігін жасау сияқты, Кеден одағының техникалық регламенттерін іске асыру мақсатында, Қазақстанның ДСҰ-ға және ЭЫДҰ қосылуына байланысты экономиканың басым секторларында қолданыстағы сынақ зертханаларын жаңадан құру, кеңейту және қайта жабдықтау қарастырылған. Тапсырманы іске асыру мынадай бағыттар бойынша жүзеге асырылатын болады:

- қауіпсіздікпен тікелей байланысты жеке сектор үшін тиімсіз салаларда бюджеттік қаржыландыру;

- кәсіпкерлікті дамыту институттарының гранттық қаржыландыру пайдалануы;

- жоғары оқу орындарының зертханалық базасын пайдаланумен;

- аккредиттеу ұлттық жүйесінің аккредиттеу бойынша халықаралық стандарттар мен халықаралық ұйымдар (ILAC, IAF) талаптарына сәйкестігін растау.

Халықаралық талаптарды ескере отырып жыл сайын 500 кем емес стандарттар әзірленіп, енгізілетін болады.

Техникалық реттеу, метрология және басқару жүйесі саласындағы қызметкерлерді (жылына кем дегенде 1 300 адам) даярлау біліктіліг арттыру жүзеге асырылатын болады.

Стандарттау бойынша халықаралық және өңірлік ұйымарда стандарттау бойынша техникалық коді-экспорттаушыларды тарту қарастырылады.

Өндірілген соңғы өнімнің жобаларды техникалық реттеу және метрология (техникалық регламенттерге, стандарттарға, сынақ зертханасымен қамтамасыз етілгендігіне және т.б.) жүйесі талаптарына сәйкестігіне бағаланады.




Арнайы қорғаныс, демпингке қарсы және өтем шаралары

ЕАЭҚ нормативтік – құқықтық базасына сәйкес қолдану:



  • арнайы қорғау шараларын - импорттық квота, арнайы квота немесе арнайы баж, оның ішінде алдын ала арнайы баж арқылы өскен импортты шектеу;

  • демпингке қарсы шаралар – демпингке қарсы баж, соның ішінде демпингке қарсы арнайы баждарды, немесе экспорттаушы қабылдаған бағалық міндеттемелерді мақұлдауды енгізу арқылы импортты демпингке қарсылық;

  • Өтемдік шаралар - экспорттаушы үшінші елдің өтемақы баждарын енгізу (алдын ала өтемақы бажын қоса алғанда) немесе субсидиялаушы үшінші елдің немесе экспорттаушы қабылдаған ерікті міндеттемелерді мақұлдау арқылы арнайы субсидия әсерін.


3. Аймақтық бастамаларды қолдау бойынша шаралар

Кластерлік тәсіл кәсіпорындардың бәсекеге қабілеттілігін арттыру үшін стратегиялық, мемлекеттік-жекеменшік бастамаларды талдау, басымдықтарын және іске асыру үшін платформаны құру арқылы индустриялық даму, бәсекеге қабілеттілікті және экономикалық тиімділігін ілгерілету үшін маңызды құралы ретінде танылған.

Кластерлік тәсіл арқылы бәсекеге қабілеттілігін арттыру көптеген елдердің даму стратегиясында кең тараған.

Индустриялық-инновациялық даму саласы мен даму институты саласындағы уәкілетті органның атынан Қазақстан Үкіметі кластерлік бастамаларды дамытуға осы үдеріске жеке кәсіпкерлікті, әсіресе, шағын және орта кәсіпорындарды белсенді тарту жолы арқылы ден қоятын болады.



Мақсаты: тауарлар мен қызметтерді қайта бөлу дәрежесі, қосылған құн және табысты бизнес-стратегияларын өнімділігі жоғары деңгейдегі салаларды қалыптастыруға бағытталған кластер дамыту бойынша іс-шаралар жүзеге асыру арқылы отандық өнеркәсіптің бәсекеге қабілеттілігін арттыру.

Атап айтқанда, кластерлеу процесі нарық субъектілері, технологиялық жаңғырту, нарықтық өсу стратегиясын, жұмыс тиімділігі мен жедел инновациялық даму арасындағы өзара іс-қимылды дамытуға бағытталған.



Тапсырмалары:

1) кластерлік бастамаларды дамыту бойынша қолайлы жағдай жасау;

2) кәсіпорындардың бәсекеге қабылеттілігін арттыру;

3) аймақтарда өңдеуші өнеркәсіптің басым секторларында өндірістің дамуын қолдау.

Кластерлерді қалыптастыру салалық және өңірлік мамандандырудың индустриалдық және әлеуметтік-экономикалық әлеуетін ескере отырып, еліміздің барлық өңірлерінің қажеттiлiгiне негізделетін болады.

Аймақтағы кәсіпорындардың мамандануын дағдарысты деңгейі, бизнес-ортаны ұйымдастыру үшін қолдау кластерді дамытуға ықпал етеді. Осы мақсатта, «Бизнестің жол картасы-2020» бизнесті дамыту мен қолдаудың Бірыңғай бағдарламасы аясында аймақтық мамандандырылуына сәйкес өңірлерде бизнес жүргізетін өңдеу өнеркәсібі кәсіпорындары үшін бизнесті қолдауға неғұрлым тартымды жағдай жасауға мүмкіндік береді.

Бағдарламаны іске асыру кезеңінде мемлекет дамыту және теңгерімді қолдауға шоғырланатын болады:

мұнай және газ, мұнай-газ химия, мұнай-газхимиялық машина жасау және мұнай мен газ өңдеу өнеркәсібі үшін сервистік қызметті өндіру және қайта өңдеумен байланысты негізгі ресурс салаларынан бір ұлттық кластерге;

іріктеу рәсімдерінің нәтижелері бойынша айқындалатын өңдеу өнеркәсібі мен нарыққа бағдарланған өңдеуші секторларын және қызмет көрсетуге бағдарланған кем дегенде алты аймақтық кластерлер;

Астана қаласында («Назарбаев Университет» кластері), Алматы қаласында («Инновациялық технологиялар паркі» кластері) - «жаңа экономика» саласында екі инновациялық кластер.

Бағдарламамен қарастырылған жаңа кластерлерді қалыптастыру және дамыту бойынша шешімдер, және кластерлік бастамаларды қолдау шараларын жетілдіру, кластерлердің әлеуметтік-экономикалық әсерлі дамуының талдау және бағалау негізінде қабылданатын болады.
Ұлттық кластерді дамыту

«Қазақстан-2050 қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» Стратегиясын ескере отырып, Қазақстан Республикасының перспективалы ұлттық кластерлерді дамыту мақсаттары, міндеттері мен бағыттары Қазақстан Республикасының Үкіметі 2013 жылғы 11 қазанда бекіткен

№ 1092 2020 жылға дейінгі Қазақстан Республикасының Перспективалы ұлттық кластерлерді қалыптастыру тұжырымдамасында анықталған (бұдан әрі - ұлттық кластерлер Тұжырымдамасы).

Бағдарлама аясында Атырау, Маңғыстау және Батыс Қазақстан облыстары аумағында мұнай-газ өнеркәсібі үшін мұнай-газ, мұнай-химия, ілеспе инженерлік және қызметтерді өндіру және қайта өңдеу жөніндегі ұлттық кластерді дамытуға мемлекеттік қолдау көрсетілетін болады,.

Ұлттық кластерді дамыту биліктің орталық органдары мен тиісті даму институттарымен үйлестірілетін болады. Оны үйлестіру және пайымдау, жоспарлар мен кластер мүшелерінің бағдарламаларын келісу мен бекіту үшін алаң ретінде, сондай-ақ оның даму стратегиясын қолдау үшін арнайы басқару құрылымы (кластер кеңесі) жасалатын болады.

Ұлттық кластерер кеңесін Қазақстан Республикасының мұнай және газ министрі басқаратын болады. Мемлекет пен жеке бизнес мүдделерінің тепе-теңдігін қамтамасыз ету үшін Қазақстан Ұлттық кәсіпкерлер палатасы мен «Самұрық-Қазына» «Ұлттық әл-ауқат қоры»» өкілдері арасынан оның екі орынбасары айқындалатын болады.

Кеңес функциялары:

1) ұлттық кластер және жол картасын егжей-тегжейлі даму стратегиясын әзірлеу және бекіту;

2) кластер қатысушыларының қызметін үйлестіру;

3) кластер қатысушыларына мемлекеттік және басқа да қолдау алуға жәрдемдесу;

4) кластердің бағдарламалары мен жобаларын жүзеге асыру үшін бөлінген қаржының тиімді жұмсалуын бақылау.

Кластер интеграторының функциясына, оның дамуына жедел ұйымдастырушылық - функционалдық қолдау көрсетуді «ҚазМұнайГаз» Ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамы қамтамасыз ететін болады.

Кластердегі бизнес консолидациясының үйлестірілуін кластер интеграторының серіктестері Кәсіпкерлер Ұлттық палатасы мен «KAZENERGY» мұнай-газ және энергетика кешені ұйымдарының қауымдастығы қамтамасыз ететін болады.

Кластердің әлеуетін іске асыру үшін салықтық, кедендік жеңілдіктер мен басқа преференциялар қолданылуы мүмкін, соның ішінде АЭА «Ұлттық индустриялық мұнай-химия технопаркі» мен «Ақтау теңіз порты» қатысушыларын ұсынылатын инфрақұрылым объектілерімен қамтамасыз ету көзделген. Бұл елдің әлемдік нарықта бәсекелестік артықшылықтарды күшейтетін, жоғары қосылған құны бар жаңа өндірістерді құру және дамыту үшін шығындарды тиімді оңтайландыруға мүмкіндік беріп, экономиканың басым секторларының сабақтас және іргелес өндірісті дамытуға серпін береді.

Кластерді дамыту үшін кластерді дамытудың жол картасына сәйкес кластерлік бастамаларды бірлесе қаржыландыру бойыша мемлекеттік қолдау шаралары ұсынылатын болады.

Қазақстан Республикасының заңнамасы аясында мемлекеттік қолдаудың қаржылық шараларын ұсынатын «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ қаржы агентi ретінде әрекет етеді.


Аймақтық кластерлерді дамыту

Кластерлерді дамытудың пилоттық бастамаларын дамыту үшін алты (6) өңірлік кластерлер таңдалады. Кластерлік бастамашылықты іске асыру кезінде жинақталған тәжірибе, нақты жағдайға сәйкес келетін толыққанды әдістемелік үлгіні жасауға және келешекте оны жаюға мүмкіндік береді, осылайша кластер ресурстарын басқару мен әлеуетін дамыту оңтайландырылады.

Кластерлік саясатты табысты жүзеге асыруда индустрияны, жергілікті атқарушы органдар мен жеке секторды дамыту институты маңызды рөл ойнайды.

1. Индустрия саласындағы даму институты

Индустриялық даму саласындағы даму институты кластерлік саясат бағдарламаларын жүзеге асыру кезінде ақпараттық-әдістемелік қолдау көрсетіледі, өңірлік кластерлерді үйлестіру, мониторинг және оқыту, делдалдар таңдау процесін ұйымдастыруды мен жүзеге асыру үдерісі іске асырылады, сондай-ақ кластерді дамыту шаралары жоспары мен кластерлік даму бойынша бастамалардың мониторингі мен бағалануы жүргізіледі.
2. Қазақстан өңірлерінің әкімдіктері

Қазақстан өңірлерінің әкімдіктері өнеркәсіптік даму үшін қолайлы жағдай жасау жөніндегі жұмысты жалғастыру керек, соның ішінде мынадай бағыттар бойынша:

1) Өңірдің бәсекеге қабілеттілігін нығайтуға бағытталған іс-шараларды әзірлеу және іске асыру;

2) кластерлерді қолдау және басым жобаларды жүзеге асыру;

3) жергілікті деңгейде кластерлік даму бастамаларын жүзеге асыруда индустрия дамыту саласында даму институтын қолдау;

4) кластерлерге шетелдік инвестицияларды тартуда көмек көрсету;

5) нарықты кеңейту және экспорт бойынша бастамалары есебінен кәсіпкерлік және шағын және орта бизнесті дамытуды насихаттау.

3. Жеке сектор

Аумақтық кластерін дамытудың барлық кезеңдерінде, бұл олардың бәсекелестік позицияларын жақсартуға бағытталған кластерлік бастамаларды дамыту және іс-шаралар артықшылықтарын соңғы алушылар болып табылатын, жеке сектордың қатысуы маңызды болып табылады.

Компаниялардың рөлі қоғамдық талқылау шеңберінде, сондай-ақ кластерлердің іс-шаралар жоспарларын әзірлеу және іске асыру әзірленген ұсыныстары негізінде басқа да компаниялармен, кластерлерді іріктеуге қатысу үшін өтінімдерді дамытуға қатысу болып табылады.

Кластерлерді құру бастамашысы және аймақтық кластерлерді іріктеуге қатысу үшін өтінімдерді берудің рөлі, кластер іс-шаралар жоспарларын іске асыру дамыту және қолдау бизнес тобын, өңірлік кәсіпкерлер палаталарының, әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялар, арнайы экономикалық аймақтарды басқару компанияларын, бизнес қауымдастықтарды артық уақыт кетуі мүмкін.

Бизнес үшін қызмет көрсететін кластердің, ұйымның қосылған құн тізбегінің аймақтық жүйесінің қатысушысы бола отырып (ғылыми-зерттеу институттары, жоғары оқу орындарының, техникалық мектептер, және басқалар.), кластерлерді дамыту шараларын іске асыруға белсенді ынтымақтастықты жүзеге асырады.

Аймақтық кластерлерді дамыту бойынша мемлекеттік қолдауды ұсыну мынадай қағидаттарға негізделеді:

1) салалық басымдықтарды есептеу - еншілес және олармен байланысты өндірістер мен қызметтерді қолдау үшін, ең алдымен, бағдарламаға басымдық ретінде анықталған барлық салалар арасынан таңдау;

2) Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен 2011 жылғы 21 шілде бекітілген № 118 2020 жылға дейінгі елдің аймақтық-кеңістіктік дамуының болжамды схемасында және осы Бағдарламаның 3.2 бөлімінде айқындалған аймақтық мамандандыру есебі;

3) өңірлік деңгейде қол жетімді мемлекеттік және жеке ресурстарды тиімді пайдалану, қолда бар ресурстарды, адам және өңірлердің инфрақұрылымдық әлеуетін ұтымды пайдалану;

4) ең төменгі шығын кезінде аумақтық кластердің тиімділігін барынша арттыруға қол жеткізу;

5) мемлекеттік-жеке меншік әріптестік механизмін кеңінен пайдалану.

Аймақтық кластерлерді іріктеу критерийлері мен тәртібі

Аймақтық кластерлерді таңдау мынадай критерийлерге сәйкес анықталады:

1) стратегиялық тәуекелдерді еңсеру, кәсіпорындар тобы мен жекелеген кәсіпорындар үшін кластерге қосылу артықшылығы болып табылады;

2) қосылған құн тізбегінің даму деңгейі - бір-бірімен өзара байланыстағы және бір-бірін толықтыратын кәсіпорында мен ұйымдардың сыни массасының, сондай-ақ шағын және орта бизнестің мамандандырылған белгілі бір деңгейінің болуы, өндіріс үшін мамандандырылған қызметтер мен ресурстарға қол жеткізу;

3) өңірдегі қолайлы қоршаған орта - қосылған құн тізбегінде субъектілердің болуы, мысалы, қызмет көрсетулер мен инфрақұрылымды ұсынатын ШОБ қолдаушы ұйымдар. ШОБ бірлесе жұмыс жасау тәжірибесінің болуы ескерілетін болады;

4) ол жұмыс істейтін аймақтағы және саладағы кластерлік бастамаларды дамыту соның ішінде ұлттық және аймақтық стратегияларға сәйкестену және жұмыс орындарын жасау кластер дамуы бойынша бастамадан күтілетін әлеуметтік-экономикалық әсер;

5) ішкі, аймақтық және жаһандық нарықтардың дамуын ескере отырып, кластер дамуының келешегі, болжалды қызмет көрсеткіштері.

Аймақтық кластерді іріктеу процесінде өңірлер бағасы мен секторлар сараптамасы сияқты, жоғарыда көрсетілген критерийлердің бағасы да есепке алынады, ол сол немесе басқа кластерді дамытудың мақсаттылығын айқындайды.

Одан әрі дамыту үшін ұсынылатын аймақтық кластерлер қамтиды:

1) аймақтық кластерлерді іріктеу өлшемдері мен тәртібі туралы анықтама және мәліметтер;

2) аймақтық кластерлерді іріктеу аясында өтінімдерді беру тәртібіне әлеуетті кандидаттарды дайындау;

3) аймақтық кластерлерді таңдауға қатысу үшін ұсынылған өтінімдерді бағалау, өнеркәсіптік даму жөніндегі Комиссияның отырысында өтініштерді қарастыру және іріктеуден өткен кандидаттарды анықтау;

4) мемлекеттік қолдау көрсетілетін аймақтық кластерлерді хабарлау

Өнеркәсіптік даму жөніндегі Комиссия туралы Қазақстан Республикасының Үкіметі 2013 жылғы 31 желтоқсанда бекіткен № 1522 Ережесіне аймақтық кластерлерді іріктеуге қатысуға беделін беру бөлігінде өзгерістер мен толықтырулар енгізіледі (бұдан әрі - Комиссия);

Аймақтық кластерлерді іріктеу тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын болады. Алайда, бұл процедура аумақтық кластерлерді іріктеу өлшемдерін қамтиды.

Кластерлерді дамытуға таңдалған өтініштер жаһандық және мемлекет ішілік бизнес тенденцияларын, өсу кедергілерін және бәсекеге қабілеттілігін арттыру стратегиялық талдау және бағалау қызметі құн тізбегінің бәсекеге қабілетті динамикасын біріктіру бірқатар әдістемелік қадамдардан өтеді.

Компаниялар, жеке сектор өкілдері, сондай-ақ орталық және жергілікті мемлекеттік органдар мен өзге де мүдделі ұйымдар (университеттер, ғылыми-зерттеу орталықтары, т.б.), кластерлерді дамыту іс-шаралар жоспарларын әзірлеуге және жүзеге асыруға, стратегиялық талдау жүргізу кезінде бірлесе қимылдайтын болады.

Таңдаудан өтпеген, бірақ дамуға әлеуеті бар аймақтық кластерлер, келешекте аймақтық кластерлер іріктеуіне қатысу мүмкіндігін зерттеу және Бағдарлама аясында мемлекеттік қолдау көрсету мақсатында индустриялық даму саласындағы даму институтымен әрі қарай жасалатын болады.

Барлық мүдделі тараптардың ашық қатысуын қамтамасыз ету кластерлерді дамыту табысының басты факторы болып табылады. Ортақ пайдалану және мұқият талдауға жәрдемдесу қатысушыларды кластерге біріктіру аумақтық кластерді дамыту бойынша мақсатқа жетуге, осылайша бәсекелестік артықшылықтарын дамыту үшін қолда бар әлеует артықшылығын пайдалануға мүмкіндік береді. Бұл үдеріс индустриялық даму саласындағы даму институтының кластер фасилитаторларымен жүргізілетін болады.

Аумақтық кластер деңгейінде кластердің дамуы шаралары жоспарын іске асыру

Кластердің дамуы шараларының жоспары, бұрын іске асырылған стратегиялық талдаулар аясында қоғамдық талқылау процесінде негізделген әрбір аумақтық кластер сипатына және стратегиялық талдауына байланысты әр түрлі болады

Бұл шаралар компаниялар, олардың бизнес стратегиясын іске асыруға, функционалдық тиімділігі мүмкіндіктерін айқындау және олардың бәсекелестік тұрғысын күшейтуге көмектеседі.

Мемлекеттік қолдауды жүзеге асыратын мемлекеттік органдар мен ұйымдар, мемлекеттік қолдаудың қаржылық және қаржылық емес шаралары, стратегиялық жобаларды бірлесіп қаржыландыруды қамтамасыз ету арқылы, оның ішінде кластерді дамытудың іс-қимыл жоспарын іске асыруға ықпал ететін болады.
Инновациялық кластерлерді дамыту

Бағдарлама аяснда екі инновациялық кластерді жасалады - іргелі және қолданбалы ғылымның дамуын жүзеге асыратын - «Назарбаев Университеті» және алдыңғы қатарлы озық технологиялар бойынша мәселелерді шешу үшін, сонымен қатар зерттеу нәтижелерін өндіріске ендіру бойынша - «Инновациялық технологиялар паркі».

Инновациялық кластерлердің мақсаты бұрын елде болмаған ғылыми сыйымды өндірісті және экономика секторлары, жаңа технологиялық құзыреттер, инновациялық серпілісті қамтамасыз ету негізінде әлемдік нарықта елдің жаңа бәсекелестік артықшылықтарын қалыптастыру (білім кластері, жаһандық технологиялық аутсорсинг).

Инновациялық кластерлерді шеңберінде медицина саласында, «3D-басып шығару», геология, металлургия, композициялық материалдар, сондай-ақ энергия үнемдеу мен құрылыс технологияларын ғылыми-зерттеу орталықтары құрылатын болады. Ғылыми орталықтар құрудың негізгі принципі - білім беру ұйымдары, ғылым және өндіріс арасындағы ынтымақтастықты дамыту (кластерлік саясаттың үш спиральды ұстанымы).

«Nazarbayev Research and Innovation Sistem (бұдан әрі - NURIS) жеке мекемесі мен «Қазгеология» АҚ арасындағы стратегиялық ынтымақтастық туралы меморандум аясында Қазақстан Республикасы геологиялық зерттеулер ғылыми орталығын құру жоспарлануда.

NURIS қазірдің өзінде энергетикалық зерттеулер орталығы мен Тақырыпаралық аспаптық орталық қызмет етуде, олар жаңартылатын энергетика технологияларын құру және іске асыру бойынша зерттеулер жүргізеді.

Өңірлік кластерлердің басқа ғылыми орталықтарымен параллель кооперациялар салынады.

Астанадағы «Назарбаев Университеті» зияткерлік және инновациялық кластері энергия үнемдеуші технологиялар, биотехнологиялар, жаңа материалдар өндірісінде мамандандырылумен өмір, медицина, гендік инженерия, материалтану, туралы ғылымдар саласындағы іргелі зерттеулерді дамытуға күш жұмсайтын болады.

Кластер интеграторы NURIS болады. «Назарбаев Университеті» кластері қатысушыларын іріктеу ережесін университеттің Қамқоршылық кеңесі бекітеді.

Кластерлік «Назарбаев Университеті», зерттеушілер үшін қолайлы жағдай жасау, университет белдеуін айналасында ғылыми сыйымды және жоғары технологиялы кәсіпорындармен дамытуға, ғалымдарға қолайлы жағдай жасауға, университет базасында жаңа технологиялық зерттеулерге инвестициялар тартуға, Қазақстан инженерлік әлеуетті дамытуға, жаңа технологиялардың трансферті және коммерцияландырылуы, ДББҰ «Назарбаев Университеті» бітірушілері үшін жаңа жұмыс орындарын жасау. Бұл үшін жаңа құзыреттілік, жобалық және инжинирингтік орталықтар құрылады, шетелден әлемнің үздік ғалымдары шақырылады, үздік ғылыми-зерттеу жобалары таңдалады, , старт-аптар мен спин-оффтар құруға көмек көрсетіледі.

«Назарбаев Университеті» кластерін офис коммерцияландыру кластердің маңызды элементі болады, өйткені ол тұрақты түрде ғалым-инноваторлармен жұмыс істейтін болады, ғалым үшін «аялдаманың алғашқы пункті» қызметін атқармақ, және ол үшін «Назарбаев Университеті» кластерін коммерцияландыру үшін саланың бар мүмкіндіктері мен ресурстарынан қажетті ақпаратты ұсынады.

Офис коммерцияландыру патент қабілеттілігі жоғары және нарық табысы жоғары жобаларды іздеу және бағалаумен айналысады және коммерцияландыру үшін тиісті қаржыландыру гранттарын қамтамасыз етеді.

Бизнес-инкубаторда компаниялар үшін технологиялық бизнес-инкубациялау қызметтері ұсынылады, жобаның бизнес-жоспары егжей-тегжейленеді, оның барысында идея ресімделеді, ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстардың қажетті кезеңдері өткізіледі. Содан кейін, өнеркәсіптік үлгілердің тәжірибелік және пилоттық өндірісі үшін, қолданылатын жаңа технологиялары тестілеу үшін жоба келесі кезеңіне көшеді және технопарктерде орналастыру үшін аударылады.

«Назарбаев Университеті» кластерінің дамуындағы маңызды рөлді ғылыми парк атқаруы тиіс. Ғылым паркі миссиясы ғылым, бизнес пен мемлекеттің интеграция тұжырымдамасын жүзеге асыру, сондай-ақ инновациялық нығайтуға бағытталған синергия, ұлттық экономиканың бәсекеге қабілеттілігін және әртараптандыруды арттыру болып табылады.

«Назарбаев Университеті» кластерінің ғылыми паркі Қазақстан эконмикасының нақты секторын дамытуға бағытталған қолданбалы R&D орталықтар мен жоғары технологиялы ШОБ орналастыру мен дамыту үшін жасалады.

Ғылыми-зерттеу және білім беру қызметімен қатар ғылыми паркте инженерлік, тәжірибелік-өнеркәсіптік инвестициялық қызметтер белсенді, жүргізілетін болады.

Қазақстанның инновациялық дамуының басымдықтарын ескере отырып бірінші кезеңде келесі кластерлерді құру жоспарланып отыр: геологиялық кластер, ақпараттық және коммуникациялық технологиялар кластері, инженерлік кластері (жаңартылатын энергия, ғарыштық техника), биомедициналық кластер.

«Назарбаев Университеті» кластері қатысушыларын іріктеу ережесін университеттің Қамқоршылық кеңесі бекітеді. Кластер қатысушыларына университеттен Қамқоршылық кеңесі бекіткен тәртіпте қолдау шаралары ұсынылатын болады. Кластер интеграторы NURIS болады.

«Инновациялық технологиялар паркі» инновациялық кластері «Инновациялық технологиялар паркі» АЭА қаланың ірі ғылыми және оқу орындары мен кластердің Қамқоршылық кеңесі бекіткен басқа да тұлғаларды қатысушы компанияларды біріктіру арқылы Алматы қаласында құрылды.

Ғылыми және оқу орындарының негізінде туған және оларды зерттеу «идеялары» өседі және сыналады, содан кейін «Инновациялық технологиялар паркі» АЭА аймағында өндіріске енгізуге беріледі. Кластерді дамытудың оның ішінде, мобильді, мультимедиялық технологияларды, аэроғарыштық, ақпараттық және коммуникациялық технологияларды қоса алғанда басым бағыттары болмақ.

«Инновациялық технологиялар паркі» кластерін Қазақстан Республикасы Президентінің басшылығымен, Қамқоршылар кеңесі басқарады. Қамқоршылық кеңесінің функциялары кластерді дамыту, бизнес өкілдерінің, бизнес-қауымдастықтар мен одақтарды шоғырландыру, қор құралдары есебінен қаржыландырылатын қатысушылар жобасын анықтау, сондай-ақ оларды іске асыру үшін әлеуетті инвесторлар іздеу.

Кластер аясында және жүзеге асырылатын бастамаларды қолау және оның Стратегиясын жүзеге асыру үшін автономдық кластерлік қор құрылады. Қор жеке кәсіпкерлік субъектілері мен ғылыми-зерттеу қызметі және жаңашыл субъектілерімен тығыз және жемісті ынтымақтастық механизмін құруы, кластер қатысушыларына қолдау құралдарын алуда қатысушыларға көмек көрсетуі керек.

Ведомствоаралық қатынасты реттеу үшін, бюджеттік-қаржылық саясатты бекіту үшін Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің төрағалығымен, Қорды Басқару комитеті құрылады.

Кластердің Қамқоршылық кеңесі, автономиялық кластерлік қорын Басқарушы комитеті қоғамдық бірлестіктердің, ұлттық компаниялардың, ұлттық басқарушы холдингтердің, жоғары оқу орындарының, салалық ғылыми-зерттеу институттарының өкілдерінен құралатын болады.

Алматы қаласының өңірлік мамандандырылуын және Қазақстан Республикасының инновациялық саясатын, ақпараттық-коммуникациялық технологияларын, ғылыми-білім қызметін және «болашақтың» экономикасын ескере отырып, кластердің даму стратегиясы үш бағытта негізделуі тиіс.
Кластерлерді мемлекеттік қолдау шаралары

Кластерді дамыту жөніндегі іс-шаралар жоспарларын жүзеге асыру үшін мемлекеттік қолдау шаралары пысықталатын болады:

1) кластер қатысушыларының ынтымақтастығын және бірлесіп жұмыс істеуін қолдау және дамыту. Басты мақсаты – қосылған құн әлемдік тізбектеріне қатысушылардың интеграциясын арттыру, және оның бәсекеге қабілеттілігін арттыру жолдарын анықтау. Мысалы: шикізат пен компоненттер кластерлік компаниялардың, ғылыми-зерттеу ұйымдары мен серіктестердің ұжымдық сатып алу үшін ортақ жеткізуші базасын және ақпараттық алаңын қалыптастыру;

2) кластердегі адами ресурстарын дамыту. Басты мақсаты – кластер қатысушыларына қолжетімді дағдылар жиынтығын және мамандарды дамыту.

Мысалы:

кластерлік процестің барлық барлық деңгейдегі қатысушыларын (мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдар, ҰКП, бизнес-қоғамдастықтың) оқытуды ұйымдастыру;



кластерге кіретін жоғары оқу орындары мен кәсіптік оқу орындарының бірлесе қатысуымен компаниялар;

кластерлер компанияларының қажеттіліктеріне сәйкес біліктілікті арттыру курстары мен оқытуды ұйымдастыру;

кластер компаниялары үшін кадрларды даярлау және қайта даярлау орталықтарын құру;

кластер қажеттіліктерін ескере отырып жаңа оқу орындарын салу және қолданыстағыларын жаңарту;

жоғары оқу орындарының студенттері және басқа да студенттер үшін кластерлік компаниялардың бос жұмыс орындарына жәрмеңке ұйымдастыру;

3) кластер кеңейту. Негізгі мақсаты - кластер қатысушыларының санын ұлғайту. Мысалы:

жобалар үшін бизнес-инкубатор жасау;

шетелдік инвесторларды тарту;

кластерге жаңа қатысушыларды тарту үшін халықаралық форумда ақпараттық-жарнамалық компания өткізу;

4) инновациялар мен технологияларды дамыту. Басты мақсаты - қызмет көрсету саласында инновация мен үдерістік инновацияны дамыту. Мысалы:

мамандандырылған конструкторлық бюроларды құру;

жаңа өнім шығару үшін технологиялық платформаларды (тәжірибелік үлгілер және партия) жасау, кластер кәсіпорындарындағы қолданыстағы технологиялар ды жетілдіру мен жұмыс істеп тұрған кәсіпорындарды жағдайларына әлемнің үздік технологияларына бейімдеу;

ҒЗТКӘ бойынша (ғылыми-зерттеу институттарын, білім беру мекемелері мен кәсіпорындарын тарта отырып) кластер қатысушыларының бірлескен жобаларын дамытуды қамтамасыз ету;

өнеркәсіптік зерттеулерге, соның ішінде (мақсатты технологиялық бағдарламаларды жүзеге асыру) инновациялық гранттар;

өңірлік технопарктердің, өнеркәсіптік конструкторлық бюролардың қызметін ұсыну;

өнертабыстарды патенттеу бойынша қызметін ұсыну;

компанияның әзірлеу бөлімі мен зерттеу ұйымдары өкілдернің кездесулерін ұйымдастыру;

5) бизнес климатты және инфрақұрылым жасау. Негізгі мақсаты - кластер шеңберінде бизнес үшін жағдайларды жақсарту. Мысалы:

өңірлерде бар энергетикалық, телекоммуникациялық, коммуналдық және көлік инфрақұрылымына, оның ішінде арнайы экономикалық және индустриялық аймақтардың, технопарктер, конструкторлық бюролар, бизнес-инкубаторларға және кәсіпкерліктің басқа да нысандарына қол жеткізуді қамтамасыз ету;

жалпы пайдалану нысандарын бірлесіп салу, мысалы ұжымдық қолданыстағы логистикалық жүк тиеу кешен, мамандандырылған құрал-жабдықтар;

кластер кәсіпорындары шығаратын шығаратын өнімнің сапасын арттыру бойынша іс-шаралар ұйымдастыру (сынау базалары және / немесе зертханалар), соның ішінде КО техникалық регламенттері талаптарына сәйкес;

кластер өнімдерін сертификаттау үшін зертханалар құру;

ақпаратты сақтау үшін деректер орталығының құрылысы,

инфрақұрылымдық жобаларды іске асыру;

5) тұтастай алғанда кластерді дамыту үшін басқа да арнайы нақты шаралар.

Кластердің барлық қатысушыларына құжаттарды дайындау және жариялау арқылы әдістемелік және ақпараттық қолдау қамтамасыз етіледі.

Кластерлерді дамыту бойынша мемлекеттік шараларды іске асыру үшін анықталған және гранттық негізде, және / немесе жеке бюджеттік өтінімдері бойынша, оның ішінде қажетті бюджеттік қаражат, ұсынылатын болады.

Кластердің компания-қатысушыларына барлық кезеңдерде жалпы негізде түрлі бағдарламалар аясында индустриалды-инновациялық қызмет субъектілеріне берілетін мемлекеттік қолдау құралдарын алуға мүмкіндік беріледі.


жүктеу 0,82 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау