Бағдарламасы жоо-ның педагогикалық мамандықтарының колданыстағы типтік оқу жоспарына сәйкес 5В010400 «Бастапқы әскери дайындық»



жүктеу 0,66 Mb.
Pdf просмотр
бет17/37
Дата11.01.2023
өлшемі0,66 Mb.
#40897
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   37
Педагогикалық шеберлік (3)

Сӛйлеу техникасы (мәнері) 
Оқушылардың оқу материалын дұрыс және тез қабылдап алуына мұғалімнің сӛйлеу 
техникасының дүрыс анық айқын болуының үлкен мәні бар. 
Сӛйлеу техникасының талабы бойынша мұғалімнің сӛйлеу тілі жатық, оқушылардың 
ұғым деңгейіне сай, аудитория кӛлеміне шақталған, дауыс темпі не жоғары, не тӛмен болуы 
керек. 
Кейбір адамдардың дауыс тембірінің не кӛтеріңкі, не баяу болуы табиғатынан деушілік 
бар, оған келісуге болмайды. 
Тарихта оратырлыққа жаттығуда ӛзінің дауыс тембірін, тонын ӛзімен-ӛзі жаттығу 
нәтижесінде дұрыс жолға қойған талай ораторларды айтуға болады. Мысалы, Демосфен (ескі 
гректің саяси ораторы) ӛзінің тіл жӛнінде физикалық кемістігін жаттығу арқылы жоя білген. 
Сол сияқты В. Маяковский 20 жасында дауысын бір ырғаққа жаттықтыру үшін, ағынды ӛзен 
жағасына барып аузына тас салып, сӛйлеп жаттығады. 
Қазір театр педагогикалық ӛнеріне жаттығудың айтарлықтай қалыптасқан тәжірибесі 
бар соған жаттығуымыз керек. 
Тыныс, тыныстау 
Сӛйлеу техникасында тыныс, тыныстау организмнің физиологиялық ӛмір сүруінің 
функциясын жүзеге асырумен бірге сӛйлеудің энергиялық базасы да бола алады. Мұғалім 
сабақ үстінде материалды ұзақ баяндаса, не ұзақ лекция оқыса, тыныс алуға жаттықпаса, 
мұғалімнің шаршағаны бет-пішінінен бірден біліне бастайды. Бет-пішіні қызарып тынысы 
тарылып, ентіге бастайды. Осыдан мұғалімнің сӛйлеу мәнері бұзыла бастап тыныс алуды 
қажет етеді. 
Бұлшық еттің қатысуына байланысты тыныс алу, демалу техникасының тӛрт түрі бар: 
1

жоғарғы 
тыныс 
алу 

бұлшық 
ет 
арқылы 
орындалады. 
Иығың кӛтеріліп сонан соң тӛмен басылады. Кеуде клеткасының алдыңғы жағы жоғары 
кӛтеріледі. Ӛкпенің жоғарғы жағы белсенді қызмет атқарады. 
2
- кеуде тынысы - қабырға бұлшық еттері арқылы жүзеге асырылады. Кеуде клетка
тынысы ӛзгереді, тыныс жолы жіңішкереді. 
3
- диафрагмалық тыныс - кеуде тынысының ұзыннан бойлай тыныстау арқылы. Тыныс 
азаяды. 
4
- қабырғалық демалу - қабырға арқылы тыныс жолдарының, бұлшық еттерінің 
созылуы арқылы жүзеге асырылады, бұл тыныстау сӛйлеу тілінде дұрыс пайдалануға
ыңғайлы келеді. 
Сӛйлеу тіліне қатысты демалу, тыныстау ауыз, мұрын арқылы жүзеге асырылады. 
Тыныс алу — дем шығару пауза осы тәртіппен жүзеге асырылады. 
Сӛйлеу тынысты, ауаны сыртқа шығаруға байланысты жүзеге асырылады. 
Қабырғалық бұлшық еттің жұмыс істеуі - дем алыстың жүзеге асырылуына 
байланысты. Мысалы, жатып демді мұрын арқылы ішке тартса, ӛкпенің тӛменгі жағына ауа 
толады. Осылай жаттығу арқылы ауаның ӛкпенің тӛменгі жағына толатындығын ескеру 
керек (практикалық сабақта осыған жаттығу керек). 
Дем тарту, дем шығару, тыныс алу сӛйлегенде үлкен кӛлемді ауа қажет етеді. Оны 
экономикалық түрде шығарып, экономикалық жолмен пайдаланған жӛн. Әуелі ауаны ішке 
тартады, сонсоң пауза жасайды, содан кейін сыртқа шығарады. 
Қабырғалы демалу үшін, арнаулы жаттығулар жүргізу керек. Шалқаңнан жатып, ауаны 
мұрынмен тартсаң, ӛкпенің тӛменгі жағы кішірейеді, ал түрегеп түрып, мұрынмен дем алу, 
қабырға арқылы жүзеге асады. 

жүктеу 0,66 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   37




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау