Бағдарламасы жаңаөзен, 016 жыл мазмұны бағыт. Экономика



жүктеу 3,71 Mb.
бет2/6
Дата20.05.2018
өлшемі3,71 Mb.
#15018
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6

2.1.1. бағыт. Экономика.


2.1.1.1. Өңірлік макроэкономика

Жаңаөзен қаласын әлеуметтік-экономикалық дамыту – Мемлекет басшысының жыл сайынғы Жолдауларына, «Маңғыстау облысының Жаңаөзен қаласын әлеуметтік-экономикалық дамытудың 2012-2020 жылдарға арналған Кешенді жоспарын», «Моноқалаларды дамытудың 2012-2020 жылдарға арналған бағдарламасы» аясында жасақталған «Маңғыстау облысының Жаңаөзен қаласын дамытудың 2015-2017 жылдарға арналған Кешенді жоспарын», Жаңаөзен қаласын дамытудың 2016-2020 жылдарға арналған бағдарламасын іске асыру арқылы жүзеге асырылады.

Бағдарламалар аясында қабылданған барлық шаралар экономиканы сапалық тұрғыдан өсіруді қамтамасыз етуге, халықтың әл-ауқат деңгейі мен өмір сүру сапасын арттыруға бағытталған және де қаланың әлеуметтік-экономикалық проблемаларын шешуге мүмкіндік береді. Сондай ақ, белсенді шағын кәсіпорындардың санын көбейту, күнкөріс және жұмыссыздық деңгейін төмендету, апаттық тұрғын үйлердің санын азайту күтілуде.

Жаңаөзен моноқаласының әлеуеттік дамуы – орта. Мамандырылуы – кен өндіру өнеркәсібі.



Бюджет және салық саясатының негізгі басымдықтары.

Салықтар бойынша бюджетке түсетін түсімдердің көлеміне Өзенмұнайгаз» АҚ-ы; «ҚазГӨЗ», «Бұрғылау», «Жөндеу», «КРУЗ» және «КенҚұрылысСервис» ЖШС-тері сияқты кәсіпорындардың жағдайы ықпал етеді.

2013 жылдың 1 қаңтарынан бастап «Өзенмұнайгаз» АҚ-ы мұнай өндірушілер санатына кіргізіліп, пайдалы қазбаларды өндіруге салынатын салық жыл басынан бері Ұлттық қорға төленіп келеді. Мұнай-газ секторынан Қазақтан Республикасының Ұлттық қорына 2013 жылы - 150,0 млрд.теңге, 2014 жылы - 214,0 млрд.теңге көлемінде түсімдер түсті. 2014 жылды 2013 жылмен салыстырғанда 42,7%-ға өсті. 2015 жылдың 11 айында 68,9 млрд.теңге көлемінде түсімдер түсті, 2014 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 65,6%-ға төмендеді. Алайда, әлемдік нарықтағы мұнай бағасының төмендеуіне байланысты өңірдің өнеркәсіптік кәсіпорындарының өндірістік қызметіне теріс әсер етті.

Қала бюджетінің негізгі үлесін құрайтын - жеке табыс салығы мен әлеуметтік салық. Мәселен, 2014 жылы жеке табыс салығының үлесі 43,2%, әлеуметтік салықтың үлесі 40,3% құрады. 01.10.2015 жылғы жағдай бойынша тиісінше – 45,8% және 39,1% құрайды.

Мемлекеттік бюджетке (Ұлттық қорды есепке алмағанда) 2014 жылы барлығы 38,7 млрд.теңге көлемінде салықтар мен өзге де міндетті төлемдер түсті, 2013 жылмен салыстырғанда 36,4%-ға өсті (республикалық бюджет – 16,8 млрд.теңге (33,9%-ға), жергілікті бюджет – 21,8 млрд.теңге (38,4%-ға).

Жергілікті бюджетке түсетін салықтық және салықтан емес түсімдердің көлемі 2012 жылы 9829,8 млн.теңгеден 2014 жылы 11904,2 млн.теңгеге дейін немесе 1,2 есе ұлғайды. 2015 жылға жоспар 11349,8 млн.теңгені немесе 2014 жылдың деңгейіне 97,9% құрады.

2014 жылғы қала бюджетінің кіріс бөлігі нақтыланған бюджет бойынша барлығы 18,3 млрд.теңгені құрады, 2012 жылмен салыстырғанда 8,3%-ға өсті (2012 жылы - 16,9 млрд.теңге). 2015 жылға арналған жоспар 16,6 млрд.теңгені немесе 2014 жылдың деңгейіне 88,4% құрады.

Республикалық бюджеттен берілетін трансферттер (бюджеттік кредиттерді есепке алмағанда) 2012 жылғы 7,0 млрд.теңгеден 2014 жылғы 6,3 млрд.теңгеге дейін немесе 10%-ға азайды. 2015 жылға жоспар 5,1 млрд.теңге немесе 2014 жылдың деңгейіне 19,0%-ға азайды.



Қаражаттардың тұрақты түсуінен 2014 жылдың ішінде қала бюджетінің шығыстары 14,0-ден 18,7 млрд.теңгеге дейін немесе 4,7 млрд.теңгеге ұлғайды, оның 48,6%-ы (9,1 млрд.теңге) әлеуметтік саланы дамытуға бағытталды.


Атауы

Жылдар бойынша орындалысы (млн.теңге)

2010

2011

2012

2013

2014

01.10.2015

I. КІРІСТЕР

14216,9

14547,1

16938,6

14390,2

18297,1

13318,9

Салықтық түсімдер

7044,6

7932,3

9753,7

8628,7

11714,3

8495,5

Салықтан тыс түсімдер

151,7

91,4

76,1

223,3

189,9

49,0

Негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер

290,2

186,0

110,1

23,5

48,2

50,3

Ресми трансферттердің түсімдері

6709,0

6337,4

6998,7

5514,7

6344,8

4724,1

Кірістердің жалпы көлеміндегі үлес, %:



















өзіндік кірістер

52,7

56,4

58,7

61,7

65,3

64,5

трансферттер

47,3

43,6

41,3

38,3

34,7

35,5


2010-2015 жылдардағы қала бюджетінің құрылымы

Атауы

жылдар, %

2010

2011

2012

2013

2014

01.10.2015

Кірістер, барлығы

98,8

97,2

100,8

103,2

100,2

83,3

Салықтық түсімдер

97,5

95,0

104,4

105,0

100,1

79,0

Салықтан тыс түсімдер

102,0

89,1

28,5

107,3

101,5

93,0

Негізгі капиталды сатудан түскен түсімдер

99,8

103,0

99,6

237,3

160,0

95,1


Қала бюджетінің 2010-2015 жылдардағы шығыстары

млн.теңге

Атауы


2010ж.

2011ж.

2012ж.

2013ж.

2014ж.

01.10.2015ж.

БАРЛЫҒЫ

14009,8

14388,7

17009,2

14212,9

18685,7

12170,5

Оның ішінде,

әлеуметтік салаға



5726,6

6111,0

7661,1

7708,2

9074,2

7029,4



Өңірлік макроэкономика бойынша SWOT-талдау:

МЫҚТЫ ЖАҚТАРЫ:

ӘЛСІЗ ЖАҚТАРЫ:

оралмандардың және Қазақстанның басқа өңірлерінен тұрғындардың келуі есебінен халықтың миграциялық өсімінің жоғарылығы

тұщы судың табиғи көздерінің жоқтығы, ауыл шаруашылығын дамыту және өңірдің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін табиғи-климаттық шектеулер;

мұнай-газ секторы мен экономиканың қалған секторлары арасындағы жалақының саралануы



МҮМКІНДІКТЕР:

ҚАТЕРЛЕР:

мұнай-газ саласындағы, құрылыс индустриясындағы, туризмдегі кластерлік дамыту мүмкіндігі;

өңдеу өнеркәсібін дамыту;

ауыл шаруашылығын дамытуда тамшылатып суаруды, жылыжайлық өсімдік шаруашылығын енгізу;


қаладағы мұнай-газ ресурстарының түгесілу қаупі;

азық-түлік тауарларының және оларды өндіруге арналған шикізаттың тасымалданып әкелуіне байланысты қаладағы азық-түлік қауіпсіздігінің қатері.




Өңірлік макроэкономиканың негізгі проблемалары:

өңір экономикасының моношикізаттық бағыты;

өңірдің республиканың негізгі эконономикалық орталықтарынан шалғайлығына байланысты жоғары көліктік шығындар;

ауыз су тапшылығы;

өңірдің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету;

халық табысының жоғары саралануы.



2.1.1.2. Өнеркәсіп
Өнеркәсіптік өндіріс көлемі 2012-2014 жылдарда 26,3%-ға өсіп, 2014 жылдың қорытындысымен 145,8 млн.теңгені құрады. Бұл облыс бойынша өнеркәсіптік өндіріс көлемінің 2014 жылы 6,3% құрады. Өнеркәсіптік өнімнің нақты көлем индексі 2014 жылы 107,8% құрады.

Өнеркәсіптің құрылымында негізгі үлесін 86,3% құрайтын – кен өндіру өнеркәсібі және карьерлерді қазу, оның ішінде шикі мұнай мен табиғи газ өндіру (33,0%) алады. Өңдеу өнеркәсібінің үлесі – 9,9%.



1-кесте. 2012-2014 жылдардағы өнеркәсіп көрсеткіштері


Салалар

Өндіру көлемі,

млн. тенге



НКИ, %

Үлес салмағы,%

2012ж.

2013ж.

2014ж.

2012ж.

2013ж.

2014ж.

2012ж.

2013ж.

2014ж.

Барлығы

115393,0

132407,0

145836,8

182,3

113,0

107,8

100,0

100,0

100,0

Кен өндіру өнеркәсібі және карьерлерді қазу

102 218,0

113701,6

125820,6

185,1

112,7

108,1

88,6

85,9

86,3

Өңдеу өнеркәсібі

7 837,0

13317,0

14459,0

112,1

123,2

108,6

6,8

10,0

9,9

Электрмен жабдықтау, газ, бу беру, ауа балтау және сумен жабдықтау

2790,0

2509,0

2323,2

123,4

99,5

92,8

2,4

1,9

1,6

Сумен жабдықтау: кәріз жүйесі, қалдықтардың жиналуын және таратылуын бақылау

2548,0

2879,4

3234,0

92,6

102,7

107,8

2,2

2,2

2,2


Кен өндіру өнеркәсібі және карьерлерді қазуды дамыту.

Мұнай-газ секторын дамыту.

Кен өндіру өнеркәсібі және карьерлерді қазу - өнеркәсіп өндірісінің жалпы көлемінің 2014 жылы 86,6%, 2013 жылы 86,5%, 2012 жылы 90,1% құрайды. Нақты көлем индексі 2014 жылы 107,1% құрады. Маңызды сала – мұнай және газ өндіретін ірі кәсіпорындардың бірі «Өзенмұнайгаз» АҚ-ы, «Қазақ газ өңдеу зауыты» ЖШС болып табылады.



«Өзенмұнайгаз» АҚ-да 9300-ден астам қызметкерлер еңбек етеді. 2014 жылы орташа айлық жалақы 537003 теңгені құрады (2012 жылы – 353740 теңге). Тауарлы өнімінің көлемі 2014 жылы 495,7 млрд.теңгені құрады, 2012 жылмен салыстырғанда 14,2% төмен (2012 жылы - 577,7 млрд.теңге).

«ӨМГ» АҚ арқылы мұнай өндіру көлемі 2014 жылы 5328,1 мың тонна болып, 2012 жылмен салыстырғанда 377,9 мың тоннаға немесе 7,6 пайызға өсіп отыр (2012 жылы - 4950,2 мың тонна, 2013 жылы – 5207,6 мың тонна). Өндірілген шикі мұнайдың 92% жуығы Қарақия ауданының есебіне тіркеліп отыр. Себебі, мұнай бұрғылау скважиналары осы ауданның аумағында орналасқан.



«Қазақ газ өңдеу» зауытының негізгі қызметі: мұнайдың ілеспе газын залалсыздандыру; табиғи газ және газ конденсатын өндіру; ілеспе мұнай газын жинау және тасымалдау; газ және газ конденсатын тасымалдау және өндеу; өндірілген дайын өнімді тұтынушыға тарату. Тауарлы өнімінің көлемі 2014 жылы 14,6 млрд.теңгені құрады, 2012 жылмен салыстырғанда 1,7 есе көбейді (2012 жылы 8,7 млрд.теңге). Табиғи газды өндіру 2014 жылы 385,0 млн.текше метр болса, 2012 жылы 440,0 млн.текше метр болып немесе 55,0 млн.текше метрге азайды. Газ конденсатын өндіру 2014 жылы 9,2 мың тонна болса, 2012 жылы 10,4 мың тонна болып немесе 1,2 мың тоннаға азайды. Газ кенорындарынан табиғи газды және газ конденсатын өндіру жылдан жылға азаюда. Кіріске газдың көлемін көбейту бағытында көптеген жұмыстар жүргізілуде.2014 жылы орташа айлық жалақы 343149 теңгені құрады (2012 жылы – 251492 теңге). Жұмыс жасайтын қызметкерлер 1100-ден аса.

2 кесте. Шикі мұнай мен табиғи газ өндіру көлемі.

Атауы

2010 жыл

2011 жыл

2012 жыл

2013 жыл

2014 жыл

«Өзенмұнайгаз» АҚ арқылы өндірілген шикі мұнайдың көлемі, мың тонна

5 965,7

5 081,6

4 950,2

5 207,6

5 328,1

Жаңаөзен қаласы бойынша өндірілген шикі мұнайдың көлемі, мың тонна

10,0

14,2

417,2

457,5

468,3

Жаңаөзен қаласы бойынша өндірілген табиғи газдың көлемі, млн.текше метр

536,2

519,5

440,0

443,6

428,6

Жаңаөзен қаласы бойынша газ конденсаты, мың тонна

13,9

11,3

10,4

9,4

9,2

Жаңаөзен қаласы бойынша сұйытылған көмірқышқыл газы, мың тонна

112,0

116,7

110,6

153,0

162,0


Өңдеу өнеркәсібін дамыту

2014 жылдың қорытындысында өңдеу өнеркәсібінің көлемі 2012 жылмен салыстырғанда 1,9 есе, оның өнеркәсіп құрамындағы үлесі 6,3%-дан 9,8%-ға дейін өсті. Өңірдің өңдеу өнеркәсібінің негізін кокс және мұнай өңдеу өнімдерінің өндірісі, жеңіл өнеркәсіп, өзге де металл емес минералды өнімдер өндірісі құрайды.


3 кесте. Өңірдің 2012-2014 жылдардағы өңдеу өнеркәсібінің көрсеткіштері

Көрсеткіштер

Өлшем бірлігі

2012ж.

2013ж.

2014ж.

Өнім өндіру көлемі

млн.

теңге


7 837,0

13317,0

14459,0

Өткен жылға нақты көлем индексі

%

112,1

123,2

108,6


Өнеркәсіп құрылымындағы үлесі

%

6,8

10,1

9,9

Қалада – кен өндіру өнеркәсібімен қатар, тамақ өнімдері және жеңіл өнеркәсіптері дамыған. Өңдеу өнеркәсібінің өнеркәсіптегі үлесі 2012 жылы 6,3%, 2013 жылы 9,3%, 2014 жылы 9,8% құрады. Өңдеу өнеркәсібінің көлемі 2012 жылы 7651,7 млн.теңге (113,0%), 2013 жылы 13201,4 млн.теңге (125,2%), 2014 жылы 14666,4 млн.теңгені (108,6%) құрады. Өңдеу өнеркәсібіндегі өнім шығарудың нақты көлемінің индексі 2014 жылы 107,8% құрады.


4 кесте. Салалардың өңдеу өнеркәсібінің құрылымындағы 2012-2014 жылдардағы өндіру көлемі мен үлес салмағы


Өнімдердің атауы

2012 жыл

2013 жыл

2014 жыл

Өндіру көлемі, млн.

теңге


НКИ,

%


Үлес салмағы,

%


Өндіру көлемі, млн.

теңге


НКИ,

%


Үлес салмағы,

%


Өндіру көлемі, млн.

теңге


НКИ,

%


Үлес салмағы,

%


Барлығы


7 837,0

112,1

100

13317,0

123,2

100

14459,0

108,6

100

Тамақ өнімдерін өндіру


377,1

91,3

4,9

536,2

113,2

4,1

685,4

104,6

4,7

  • сүт өнімдерін өндіру

258,0

92,7




383,2

122,6




360,7

110,9




Нан-тоқаш және ұн өнімдерінің өндірісі

93,0

42,9

1,2



















Сусындар өндіру


129,8

94,5

1,7

152,1

146,3

1,1

156,7

190,8

1,1

Тоқыма бұйымдарын өндіруі

635,6

126,5

8,2

1292,4

107,4

9,8

1563,9

123,4

10,7

Баспа және жазылған материалдарды шығару

9,9

45,0

0,1

21,5

50,6

0,2

5,6

81,6




Кокс және мұнай өңдеу өнімдерін өндіру

5259,2

106,7

68,0

9757,3

132,5

74,0

10768,4

101,3

73,5

Химиялық өнеркәсіп өнімдерін өндіру

56,3

-

0,7

50,9

-

0,4

45,9

-

0,3

Өзге де металл емес минералды өнімдер өндіру

941,1

137,5

12,2

980,7

99,9

7,4

1192,1

133,3

8,1

Машина жасау


234,5

109,0

3,0

400,8

125,9

3,0

233,6

157,1

1,6


Тамақ өнімдері.

«Жаңаөзен сүт зауыты» ЖШС қаймақ, кефир, сүт, сүзбе және тағы басқа сүт өнімдерін өндіреді. Осы салада 85 адам қызмет етеді.



Өнім атаулары

2010ж.

2011ж.

2012ж.

2013ж.

2014ж.

өңделген сұйық сүт және кілегей, тонна

87

84

63

65

61

ірімшік және сүзбе, тонна

17

23

18

9

10

басқа сүт өнімдері, тонна

1144

1296

1239

1593

1779


Жеңіл өнеркәсіп.

Саланың негізгі кәсіпорыны «Жанарыс» ЖШС тігін фабрикасы 1989 жылдан бері жұмыс жасайды. Кәсіпорын мұнайшыларға, құрылысшыларға, денсаулық саласының қызметкерлеріне, коммуналдық кәсіпорындардың жұмысшыларына арнайы киімдер және басқа да тігін бұйымдарын жасап шығарады. Кәсіпорын арқылы өндірілген өнімнің көлемі 2014 жылы 1,5 млрд.теңгені құрады, осы салада 550-дей адам жұмыс жасайды.



Өнім атауы

2010ж.

2011ж.

2012ж.

2013ж.

2014ж.

Ерлердің жұмыс киімдері, бірлік

38 721

50 824

63 110

61 513

60 000


Құрылыс материалдарын өндіру.

Шығарылатын құрылыс материалдардың негізгі номенклатурасы – тас, табиғи құм, қиыршық тас, тауарлы бетон, темір бетон, бетон бұйымдары және тағы басқа да құрылыс материалдардың негізінен тұрады. Құрылыс материалдарын өндіретін – «Теміртас-1» ЖШС. Кәсіпорын номенклатура бойынша өндірілген темір бетон, бетон бұйымдары, тауарлы бетон, құрылыс балшығы, қиыршық тас, тас, құм өнімдердің көлемі 2012 жылы – 148,7 мың текше метр, 2013 жылы – 246,5 мың текше метр, 2014 жылы - 371,6 мың текше метрді құрады. Тауарлы өнімінің көлемі 2012 жылмен салыстырғанда 1,8 есе көбейген, мәселен 2012 жылы – 1100,0 млн.теңге, 2013 жылы – 1471,0 млн.теңге, 2014 жылы – 2001,1 млн.теңге. Жұмыс жасайтындар саны 2012 жылы – 185 адам, 2013 жылы – 208 адам, 2014 жылы - 224 адам болды.




Өнім атауы

2010ж.

2011ж.

2012ж.

2013ж.

2014ж.

Бетоннан жасалынған жиналмалы құрылыс конструкциясы, тонна

35 400

37 406

38 287

33 754

49 256

Ескерткіштер мен құрылысқа арналған гранит, құм тас және басқа тастар, мың текше метр

37,3

30,4

36,3

28,2

32,0




Өнім атауы

2010ж.

2011ж.

2012ж.

2013ж.

2014ж.

Бу және ыстық су (жылу энергиясы), мың Гкал

353,0

471,0

514,5

491,9

485,2

Ауыз су, мың текше метр

3 337,7

3 048,0

3 099,4

2 861,2

3 001,9


Өнеркәсіп бойынша SWOT-талдау:


МЫҚТЫ ЖАҚТАРЫ:

ӘЛСІЗ ЖАҚТАРЫ:

өнеркәсіптік өндіріс көлемінің 2012-2014 жылдарда айтарлықтай артуы;

«Жаңаөзен-Түрікменстан мемемлекеттік шекара» темір жолын пайдалануға беру есебінен көлік-логистикалық инфрақұрылымның дамуы.



өнеркәсіптің құрамындағы кен өндіру өнеркәсібінің үлкен үлесі (87,0%);

мұнай-газ жобаларындағы жергілікті қамтымның аз үлесі (8%)



МҮМКІНДІКТЕР:

ҚАТЕРЛЕР:

отандық тауарлар өндірушілерді сыртқы экономикалық тұрғыдан қолдау (кедендік жеңілдіктер);


қаланың мұнай-газ ресурстарының түгесілуі;

өңдеу өнеркәсібінің бірқатар салалалрын дамыту үшін шикізат базасының жеткіліксіздігі.




Өнеркәсіп бойынша негізгі проблемалар:

Қаланың арнайы оқу орындары базасында еңбек рыногында талап етілетін кадрларды даярлауды ұйымдастыру;

Мұнай-газ саласы: жұмыс істеп тұрған мұнай кен орындары қорларының табиғи түгесілуі, мұнайға арналған бағалардың, тиісінше мұнай компаниялары кірістерінің төмендеуі;

Машина жасау: мұнай-газ компанияларынан түсетін тапсырыстарға жоғары тәуелділік, бұл өз кезегінде мұнайға арналған әлемдік бағалардың конъюнктурасына;

Мұнай-химия (мұнайды қайта өңдеу өнімдерін өндіру): «ҚазГӨЗ» ЖШС-дегін жабдықтың жоғары тозуы (газ өңдеу зауыты 1973 жылы іске қосылды),

Құрылыс индустриясы және құрылыс материалдарын өндіру: жоғары бағалық бәсекелестік және сертификатталмаған құрылыс материалдарының жеткізілуі.


2.1.1.3. Агроөнеркәсіптік кешен.
Жаңаөзен қаласының аграрлық секторының тапшылығы объективті факторларға байланысты. Оларға ауыл шаруашылығын жүргізуге қолайсыз климаттық жағдайларды, сонымен қатар су ресурстарының жетіспеушілігін жатқызуға болады. Қалада ауылшаруашылық өндірісін мамандандыруға және дамытуға табиғи-климаттық жағдайлар зор ықпал етеді. Қала аумағы биоклиматтың жағдайлар сипатына қарай шөлдік аймаққа жатады.

Ауылшаруашылық өндірісін негізінде тамшылатып суару жолын пайдалану арқылы қамтамасыз етумен, егіншілік шаруашылығын дамытудың келешек беталыстары суарылатын жер алқаптарын кеңейтумен, жеміс-көкөніс өнімдерін өндіруде озық су сақтау технологияларын пайдаланумен, жылыжай шаруашылықтарын құрумен, аграрлық секторды және ауыл халқын сумен қамтамасыз етуді жетілдірумен байланысты.




Атауы

2011 ж.

2012 ж.

2013 ж.

2014 ж.

Ауыл шаруашылығының жалпы өнімі, млн.теңге

226,8

288,4

689,2

517,2

Нақты көлем индексі, %

154,7

109,0

209,9

73,8

соның ішінде:













Егін шаруашылығы, млн.теңге

66,1

2,6

303,1

142,9

Нақты көлем индексі, %




3,5

918,9

34,3

Мал шаруашылығы, млн.теңге

160,7

285,8

386,0

374,3

Нақты көлем индексі, %




154,5

132,9

108,0


Мал шаруашылығы.

Жаңаөзен қаласының ауыл шаруашылығы мал мен құс етін, сиыр сүтін, жұмыртқа, қой жүнін өндіру сияқты мал шаруашылығы өнімдерінің негізгі түрлерін өндірумен сипатталады. Негізінде қара түсті қаракөл қойлары, адай типтес жылқылар және түйелердің қазақ бактриан түрлері бар. Мал басының азаюының негізгі факторларының бірі құрғақшылықтың болуы.


Мал мен құстың 2011-2014 жылдардағы саны

Атауы

2011 жылы

2012 жылы

2013 жылы

2014 жылы

Ірі қара мал

298

450

437

450

Қой

7497

7645

2249

6619

Ешкі

1126

1049

875

621

Жылқы

2237

2123

2374

2242

Түйе

1104

1313

1319

1221

Құс

694

549

566

653


Мал шаруашылығының негізгі көрсеткіштері:




Өлшем бірлігі

2011 жыл

2012 жыл

2013 жыл

2012 жылдың кезеңіне, %

2014 жыл

2013 жылдың кезеңіне, %

Мал шаруашылығы өнімдерінің негізгі түрлерін өндіру

Мал мен құстың барлық түрлерінің тірі салмақта союға өткізілгені

тонна

309,7

458,3

642,2

140,1

674,4

105,0

Сауылған сиыр сүті

тонна

87,7

165,2

122,3

74,0

151,0

123,5

Алынған тауық жұмыртқасы

мың дана

72,0

49,1

37,8

77,0

52,1

137,8

Қойдан қырқылған жүн




10,5

16,7

13,0

77,8

16,9

3,0 есе

Мал мен құстың өнімділігі

Бір сиырдан орташа сауылған сүт

кг

670

654

525

80,3

514

97,9

Бір мекиеннің орташа жұмыртқалағыштығы

дана

82

92

77

83,7

77

100,0

Бір қойдан қырқылған жүннің орташа шығымы

кг

1,8

1,8

2,0

111,1

2,2

110,0

Бүгінгі күні азық-түлікпен қамтамасыз етудегі - Қазақстанның шекаралас орналасқан өңірлерден азық-түліктің әкелінуінен тәуелділігі негізгі мәселе болып қала береді, ауыл шаруашылық өнімнің 90 пайыздан астамы қалаға басқа өңірлерден әкелінеді. Жылыжай, жеміс сақтау орындарын салу сияқты жобаларды жүзеге асыру ауыл шаруашылық өнімнің сырттан әкелу үлесін төмендетуге, жаңа жұмыс орындарының пайда болуына және өңірдің азық-түліктік қауіпсіздігін арттыруға мүмкіндік береді.


Өсімдік шаруашылығы.

Өсімдік шаруашылығы негізінен көкөністер мен бақша дақылдарын өсіруден тұрады. «Төңірекшың» егістік алқабының ауданы 318 гектарды қамтиды. Оның ішінде 120 гектары тамшылатып суару жолымен суарылады, ал қалған егістік алқабының ауданы жердің құнарлығына қарай пайдаланылады. Онда қарбыз, қауын, қырыққабат, қызанақ, баклажан, қияр, және т.б. отырғызылады. Жер алқаптарын суару үшін су «ҚазТрансОйл» АҚ мекемесінің қоры арқылы жеткізіледі.

Егін шаруашылығы дамыту бойынша 2014 жылы «Төңірекшың» ойында шаруа қожалықтары 122 гектарға жерге, ал жеке кәсіпкерлер 31 гектарға жерге көкөніс-бақша дақылдарын егіп, қаладағы базарларда және жеке сауда дүкендеріне базар бағасынан 10-15 теңге төмен бағамен өнімдері сатылды. Оларға жанар-жағармай материалдары мен басқа тауарлық-материалдық құндылықтардың құнын арзандатуға субсидия алуы үшін қажетті құжаттары облыстық ауыл шаруашылығы басқармасына жіберіліп, өздеріне тиесілі субсидияларын алды. Сонымен қатар, жеке кәсіпкерге және шаруа қожалыққа 50% жеңілдікпен «ҚазАзот» АҚ-нан алынған тыңайтқыштарға субсидия алуға құжаттары жіберіліп, толықтай қанағаттандырылды.

Жалпы қала бойынша шаруа қожалықтарының саны 2010 жылы - 14, 2011 жылы - 14, 2012 жылы - 11, 2013 жылы - 15, 2014 жылы - 15 бірлікті құрады.

Халықтың көпшілігі үшін ауыл шаруашылығымен айналысу өздерін жұмыспен қамтамасыз етудің негізгі түрі болып табылады және отбасына табыс табу жолы болып табылады. Бұл жерді өңдеу және ауылшаруашылық жұмыстары қолмен атқарылатынымен, ауылшаруашылығы өнімін өндіру көлемінің аздығымен, соған байланысты техникаға деген қажеттіліктің аздығымен түсіндіріледі.

Ресми статистикалық деректер бойынша

Ауыл шаруашылығының негізгі капиталына тартылған инвестициялардың нақты көлемінің индексі 2012 жылы 94,6 пайызды құрады. 2013 және 2014 жылдары инвестиция тартылмаған.

Тамақ өнімдері өндірісінің негізгі капиталына тартылған нақты көлемінің индексі 2012 жылы 39,5 есе көбейген, 2013 жылы 100,2 пайызды, 2014 жылы 87,7 пайызды құрады.

Ветеринария.

Ауыл шаруашылық малдарына эпизоотиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында ветеринариялық препараттарды сақтауға, ветеринариялық препараттарды қолдануға республикалық бюджеттен 2012 жылы 2,340 млн.теңге, 2013 жылы 3,097 млн.теңге, 2014 жылы 3,083 млн.теңге бөлініп, толықтай игерілді.

Эпизоотияға қарсы іс-шараларын жүргізу бойынша 2013 жылы: сібір жарасына қарсы егуге мүйізді ірі қара малы (МІҚ) – 470 бас, уақ мал (МҰМ) – 8000 бас, жылқы – 2200 бас, түйе – 1350 бас, қой күліне қарсы егуге – 8800 бас, түйе обасына қарсы – 1350 бас, туберкулезге қарсы – 850 бас, уақ мал пастереллезіне – 1000, жылқы маңқасына – 400, ит құтыруына қарсы – 400, МІҚ құтыруына қарсы – 50, МҰМ құтыруына қарсы – 400, жылқы құтыруына қарсы – 150, түйе құтыруына қарсы – 200 және етқоректілерге эхинококкоз өңдеу – 3000, МІҚ-ға эмфиматозды карбункул – 220 мал бас санына егу жұмыстары жүргізілді.

Бруцеллез ауруына қарсы мүйізді ірі қара (МІҚ) малдан - 388, мүйізді ұсақ малдан (МҰМ) - 9125, түйеден - 1588, жылқыдан – 25 мал басынан қан алынып, Маңғыстау облыстық ветеринариялық зертханасына тапсырылып, сараптау қорытындысы бруцеллез ауруына теріс нәтижесін берді.

Мемлекеттік қызмет көрсету көрсеткіштері бойынша итке тістеліп, зардап шеккен тұрғындарға 237 дана ветеринариялық анықтама және тұрғындардың жеке меншігіндегі жылқы малына 145 ветеринариялық паспорт берілді.

Эпизоотияға қарсы іс-шараларын жүргізу бойынша 2014 жылы: сібір жарасына қарсы егуге мүйізді ірі қара малы (МІҚ) – 820 бас, уақ мал (МҰМ) – 10452 бас, жылқы – 2800 бас, түйе – 1593 бас, қой күліне қарсы егуге – 10452 бас, ет қоректі эхинококкозға – 3305, уақ мал пастереллезіне – 522 бас, эмкар МІҚ – 820 бас, маңқа жылқыға – 860 бас, брадзот МҰМ – 4084 бас, құтыруға қарсы МІҚ – 408 бас, МҰМ – 730 бас, жылқы – 400 бас, ит-831, мысық – 270, түйе – 794 бас жануарларға егу жұмыстары жүргізілді. Бруцеллез ауруына қарсы 346 бас мүйізді ірі қара (МІҚ) малынан, 3301 бас мүйізді ұсақ малынан (МҰМ), 1600 бас түйеден, 19 бас жылқыдан қан алынып, Маңғыстау облыстық ветеринариялық зертханаға тапсырылды, сараптаудың қорытындысы бруцеллез ауруына теріс нәтижесін берді.

«Ветеринария туралы» ҚР 10.07.2002 жылғы Заңына сәйкес, ҚР Үкіметінің 31.12.2009 жылғы № 2331 қаулысын іске асыру негізінде Ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру іс-шарасы негізінде Жаңаөзен қаласы, Қызылсай және Теңге селолары бойынша: 2013 жылы мүйізді ірі қара мал (МІҚ) - 202 бас, түйе – 1100 бас, мүйізді ұсақ мал (МҰМ) – 1158 бас; 2014 жылы: мүйізді ірі қара мал (МІҚ) – 110 бас, түйе – 502 бас, мүйізді ұсақ мал (МҰМ) – 1760 бас малдар бірдейлендіріліп, ветеринариялық паспорттар берілді.

АӨК саласын дамыту бойынша SWOT-талдау:


МЫҚТЫ ЖАҚТАРЫ:

ӘЛСІЗ ЖАҚТАРЫ:

пайдаланылмай жатқан ауыл шаруашылығы жерлерінің (жайылымдардың) зор резерві;


жайылымдарды суландырудың әлсіздігі;

білікті кадрлардың жетіспеушілігі;

саланың инвестициялық тартымдылығының және мұнай-газ өнеркәсібінің қарқынды дамуына байланысты жастарда ауыл шаруашылығы өндірісіне бастамашылықтың болмауы


МҮМКІНДІКТЕР:

ҚАТЕРЛЕР:

сүт-тауарлық түйе шаруашылығына және етті-майлы қой шаруашылығын дамыту;

мал шаруашылығын дәстүрлі салалаларының тұқымдық және өнімдік сапаларын одан әрі жетілдіру;




саланың табиғи-климаттық факторларға жоғары тәуелділігі;

ауыл шаруашылығы қажеттіліктеріне пайдалануға жарамды табиғи су көздерінің жоқтығы;

мал басының, тиісінше мал шаруашылығы өнімдерін шығарудың азаюы;

шығарылатын ауыл шаруашылығы өніміне арналған бағалардың өсуі;

шекара маңындағы елдерден аса жұқпалы аурулардың әкелінуінің жоғары ықтималдығы;



АӨК саласы бойынша негізгі проблемалар:

өңірде жайылымдарды суландырудың әлсіздігі;

өңірдің мал шаруашылығын дамыту үшін жем-шөп базасының жоқтығы;

білікті кадрлардың жетіспеушілігі.


2.1.1.4. Шағын және орта бизнес, сауда



Шағын және орта кәсіпкерлік
Жаңаөзен қаласының дамуының басты бағытының бірі - шағын және орта кәсіпкерлік, сауда саласы болып табылады. 2012-2014 жылдары шағын және орта кәсіпкерліктің көрсеткіштер беталысы жыл сайын тиімді өсіп отырғаны көрініп тұр.

Кесте 1. Шағын және орта кәсіпкерліктің негізгі көрсеткіштері

Көрсеткіштер атауы

Өлшем бірлігі

2012ж.

2013ж.

2014ж.

11 ай 2015ж.

Тіркелген шағын және орта субъектілердің саны

бірлік

7910

8104

8128

8679

Тіркелген белсенді ШОК субъектілерінің саны

бірлік

4711

6136

7046

7914

ШОК жұмыспен қамтылғандар саны

адам

16175

16488

16588

20467

Тіркелген ШОК субъектілерінің жалпы көлемінің үлесі

%

59,6

75,7

86,7

91,2

2010 жылдан бастап шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту мақсатында «Бизнестің жол картасы - 2020» бағдарламасы (бұдан әрі - БЖК-2020) іске асырылып келеді.

«БЖК-2020» бағдарламасы аясында 2012-2014 жылдары 5 жоба субсидияланып, 2 кредит бойынша кепілдендіру ұсынылды.

Кесте 2. «Бизнестің жол картасы – 2020» бағдарламасының аясында қолдау алған жобалар саны.


Колдау түрлері

2012ж.

2013ж.

3 бағыт бойынша субсидиялау

2

3

Кепілдік

1

1

Барлығы:

3

4

2012 жылдан бастап «Жаңаөзен қаласында кәсіпкерлікті дамытудың 2012-2014 жылдарға арналған Арнайы жоспары» бағдарламасы (бұдан әрі – Арнайы жоспар) іске асырылды.

Арнайы жоспарды іске асыру мақсатында 2012-2014 жылдары республикалық бюджеттен 253811,0 мың теңге бөлінді.

2012-2014 жылдары Арнайы жоспар аясында 1670007,5 мың теңгеге 54 жоба субсидияланды, 77249,9 мың теңгеге 11 жоба кепілдендірілді.


Кесте 3. «Жаңаөзен қаласында кәсіпкерлікті дамытудың 2012-2014 жылдарға арналған Арнайы жоспары» бағдарламасы аясында қолдау алған жобалар саны.

Колдау түрлері

2012ж.

2013ж.

2014ж.

Субсидиялау

24

22

8

Кепілдендіру

1

2

8

Барлығы:

25

24

16

Арнайы жоспар аясында мемлекеттік қолдау шараларын іске асыру нәтижесінде 210 жаңа жұмыс орны құрылды.

2013 жылдан бері Жаңаөзен қаласында халық арасында белсенді кәсіпкерліктің үлесін көтеру мақсатында «Моноқалаларды дамыту 2012-2020 жылдарға арналған бағдарламасы» жүзеге асырылуда.

«Моноқалаларды дамыту 2012-2020 жылдарға арналған» бағдарламасын жүзеге асыру үшін 2012-2014 жылдары республикалық бюджеттен 256706,0 мың теңге бөлінді (2013 жылғы субсидиялауға-59,4 млн.теңге, гранттар беру – 15,0 млн.теңге; 2014 жылғы субсидиялауға - 48,0 млн.теңге, гранттар беру – 9,1 млн.теңге, несие беру - 125,2 млн.теңге).

2012-2014 жылдары «Моноқалаларды дамыту 2012-2020 жылдарға арналған бағдарламасы» аясында 28 жоба 1598799,8 мың теңгеге субсидияланды; 9 жобаға 26100,0 мың теңге көлемінде мемлекеттік грант берілді. Мемлекеттік қолдау шараларын іске асыру нәтижесінде 300 жаңа жұмыс орны құрылды.



Кесте 4. «Моноқалаларды дамыту 2012-2020 жылдарға арналған» бағдарламасы аясында қолдау алған жобалар саны.

Колдау түрлері

2013ж.

2014ж.

Субсидиялау

3

25

Грант

4

5

Барлығы:

7

30

2012 жылдан бастап «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасының төртінші бағыты аясында «Қаржылық емес кәсіпкерлікті қолдау» іске асырылып келеді.

«Бизнес кеңесші» компонентінің кәсіпкерлікті қолдаудың қаржылық емес шараларының аясында курстар өткізіліп отырады. Бағдарлама аясында 2012-2014 жылдары 655 адам оқытылып, сертификатталды.

2012 жылдан бері Жаңаөзен қаласында «Жұмыспен қамту 2020 жол картасы» бағдарламасы іске асырылуда.

Кәсіпкерлікті қолдаудың мемлекеттік шараларының бірі шағын несие болып табылады.

«Жұмыспен қамту 2020 жол картасы» бағдарламасының екінші бағытын жүзеге асыру үшін, 2012-2014 жылдары «Каспий» микроқаржы шағын несиелеу ұйымы» ЖШС және «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ арқылы 81 жобаға 246,4 млн.теңгеге шағын несие беріліп, 180 жаңа жұмыс орны құрылды.



Кесте 5. «Жұмыспен қамту 2020 жол картасы» бағдарламасы аясында берілгендер шағын несиелердің саны.

Шағын несиелеу ұйымының атауы

2012ж.

2013ж.

2014ж.

саны, бірлік

қаржы көлемі, мың теңге

саны, бірлік

қаржы көлемі, мың теңге

саны, бірлік

қаржы көлемі, мың теңге

«Каспий» микроқаржы шағын несиелеу ұйымы» ЖШС

18

58 200,0

7

17 000,0

13

46 200,0

«Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ

-

-

-

-

43

125 000,0

Жаңаөзен қаласының өндірістік аймағынан кәсіпкерлерге жерді жалға беру мақсатында жалпы аумағы 30,0 га жер телімі бөлінді. Өндірістік алаңның (технопарк) инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымының құрылысы аяқталды. Кәсіпкерлерді орналастыру жұмыстары жалғасуда.


ШОК дамыту бойынша SWOT – талдау

МЫҚТЫ ЖАҚТАРЫ:

шағын және орта бизнестің даму көрсеткіштерінің жақсаруы;

Жаңаөзен қаласында кәсіпкерлікті дамыту да әртүрлі бағыттарының болуы;

Жаңаөзен қаласы әкімдігінің, МО «Атамекен» кәсіпкерлер Палатасының, «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ, екінші деңгейдегі банктердің шағын және орта кәсіпкерліктің даму көрсеткіштерін жақсарту бағытында және «БЖК-2020» бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасының бағыттарына кәсіпкерлерді тартуда белсенді жұмыстануы;



Кәсіпкерлік саласына тартылғандардың санының жалпы тұрғындар санынан үлесінің көбеюі;

Бизнес инкубатордың болуы;

Технопарктің болуы;


ӘЛСІЗ ЖАҚТАРЫ:

Қаржы мәселелері: несиелік мекемелердегі құжаттарды қарау мерзімдерінің ұзақтығы; салық салу көлемінде жеңілдіктердің жоқтығы;

Банк несиелерінің сыйақы пайыздық мөлшерлемелерінің жоғары болуы;

Білікті кадрлардың жетіспеуі, кәсіпкерлердің өздерінің жете білмеуі;

Қалада шағын және орта бизнестің салалық теңгерімсіздігі және оның әртараптандыруының төмен деңгейі.


МҮМКІНДІКТЕР:

Жаңаөзен қаласындағы шағын және орта бизнес саласын белсенді дамыту;

Шағын кәсіпорындардың тиімді қызмет етуін қамтамасыз ететін нарықтық инфрақұрылымды дамыту;

Инфрақұрылымы жүргізілген Технопарк аймағынан кәсіпорындарды орналастыру.



ҚАТЕРЛЕР:

Жұмыссыздықтың көбеюі;

Валюта нарығындағы қалыпсыз жағдайы.


Сауда.

Жаңаөзен қаласында бөлшек сауда тауар айналымының көлемі 2012-2014 жылдары 2 044 300,0 мың.теңгені құрады.



Кесте 6. Бөлшек сауданың НКИ.

Көрсеткіштер атауы

2012ж.

2013ж.

2014ж.

01.12.2015ж.

Бөлшек сауда тауар айналымының көлемі млн.тенге

4552,4

8119,9

2044,3

5811,7

Нақты көлем индексі, %


106,7

171,0

23,5

80,3

Қалада әмбебап базарлардың санын және аудандарын азайту бағытында сауда базарларын оңтайландыру үдерісі басталды. 2015 жылдың аяғында Жаңаөзен қаласы бойынша 2 базар тіркелген.



Кесте 7. Қаладағы сауда базарының саны.

Қала

Базар атауы

Өлшемдігі

Жанаозен

Жибек жолы

Шағын (0 ден 100 ад)

Бокен

Шағын (0 ден 100 ад)

2015 жылы экономикалық дағдарысқа байланысты әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларын тұрақтандыру мақсатында бағаны бір қалыпты ұстау мақсатында 84 сауда орталықтарымен меморандумға қол қойылды.



жүктеу 3,71 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау