Бағдарламасы «ертеңін үшін аянба! »


Бройлер үй тауықтарын өсіру



жүктеу 4,14 Mb.
бет3/4
Дата15.05.2018
өлшемі4,14 Mb.
#13906
түріБағдарламасы
1   2   3   4

17. Бройлер үй тауықтарын өсіру



1. Жалпы ақпарат. Бройлер – қарқынды өсуімен, тез пісетіндігімен, жем шығынының төмендігімен ерекшеленетін жұмсақ, дәмді ет беретін етті балапан. Бройлерді таза салмағы 1,5-2 кг. жеткенде, 6-9 апталық кезінде сояды. Бройлер еті – 22,5 пайызға дейін ақуыздан (ақуызы 92 % алмастыруға келмейтін аминоқышқылдан) тұратын диеталық өнім.

2. Бройлер өсірудегі тауық тұқымдары

  • Корнуэльдік тауықтар төбелескіш ескі ағылшын тұқымдарын малайлық және төбелескіш азиль тұқымымен будандастыру арқылы Ангияда шығарылған.

  • Етті-жұмыртқалы плимутрок тауық тұқымы АҚШ-тан шыққан. Оның қауырсын түсі бойынша жолақ ала, қара, қуқыл-сұрғылт, ақ және басқа да бірнеше түрлері бар. Бұлар бройлер өсіру үшін қолданылатын ең басты екі тұқым болып табылады. Сонымен қатар кучиндік мерейтойлық, панциревтік, род-айланд, нью-гемпшир,бірінші мамырлық және т.б. түрлері де бар.

3. Бройлер үй тауықтарын асырау. Тауықтарға арналған лайықты қораолардың денсаулығы мен өнімділігінің жақсы болуы үшін ең басты алғышарт. Тауыққора тауықтар еркін қозғалуы үшін кең (қолайсыз ауа райы кезінде, қыс мезгілінде тауықтар үнемі қорада болатындықтан), қолайсыз ауа райы ықпалынан қорғау үшін шатыры, қабырғалары мен едені жетерліктей ылғал мен жылу өткізбейтін, сонымен қатар жарық, жақсы желденетін және оңай тазаланатын болуы керек.

4. Бройлер үй тауықтарына жем беру. Тауық – қысқа ас қорыту жолы бар тамақ талғамайтын құс. Ол ең алдымен, азотты заттарға бай концентрацияланған дәндер, жануарлардың ақуызы және т.б жемдерді қажет етеді. Құнарландырылған жемдер тауықтардың тамақтануының үштен екісін, ал қалған бөлігін тамақ қалдықтары мен минералды заттар құрағаны жөн. Жұмыртқалау кезінде тауық кальцийді көп мөлшерде қажет етеді. Егер оның қорегінде кальций аз болса немесе сіңімді болмаса тауықтар сылақты, ең жаманы жұмыртқаны шоқи бастайды. Жұмыртқаламайтын кезеңде ересек тауықтар үшін дән мен үй шаруасының қалдықтары іспетті қорек жеткілікті. Ал жұмыртқалау кезінде жұмыртқа шығаратын тауықтарға арналған құрама жем қажет. Жаз мезгілінде тауықтарды сыртқа шығару үшін арнайы алаң қарастыған жөн, ал қыстыгүні жоңышқа, қалақай ұндарымен, тамырлы жемістермен қоректендірген дұрыс. Қыс мезгілінде жасыл жемнің орнына тауықтар дұрыс қоректену үшін тамырлы түйнекті жемістерді азығына (картоп, қызылша, сәбіз және т.б.) қосу керек. Жұмыртқалау кезінде тауықтарға дәннің бір бөлігін өскін түрінде беру қажет.

5. Бройлер балапандарын өсіру. Бройлерді өсіру үшін көп жағдайда бройлерлі құс фабрикаларынан немесе құс өсіру станцияларынан балапанның етті түрін таңдап алу қажет. Балапандарды 1 тәулік пен 3 тәулік аралығындағы жас шамасында алу қажет. Балапан өсірудің өнімді әрі тиімді жүйесі – торда ұстау. Торлық жүйеде бройлерлер салмақты жылдам жинайды және кеңістіктің тар болуы себебінен жемді аз жейді.

Торды қолдан дайындауға да болады: еден мен алдыңғы есік ретінде шыбықтардан жасалған торды пайдалануға болады. Әр балапанға ұзындығы кемінде 3 см. болатын жемдеу орны беріледі. Міндетті түрде жемдеу орнында жем үнемі болуын қадағалап отыру қажет. Ең дұрысы дәндер қоспасымен толтырылатын цилиндр тәрізді аспалы жемдеу ыдыстарын пайдалану. Сонымен қатар әр балапанға 1,5 см. есебімен су ішетін ыдыс қажет.

Балапандар қатайғаннан кейін оларды құс қораға ауыстырады. Балапандардың дұрыс өсуі мен дамуын қамтамасыз ету үшін тауыққораның бірқалыпты температурасын ұстап тұру қажет. Интенсивті жемдеп, дұрыс күтіп-баптаса бұл тауық өсіру әдісі 48-70 күнде 1,5 кг. салмақ мөлшерінде құс етін алуға мүмкіндік береді.

Бройлерлерге жем ретінде құрамында барлық дәрумендер мен минералды заттары бар арнайы құрғақ қоспалар берген дұрыс. Балапан-бройлерлерді толық рационды құрама жеммен қоректендіреді, сонымен қатар, жем мен су тәулік бойы үзілмей берілуі тиіс. Жас шамасына байланысты құрама жемнің үш түрін мына тізбек түрінде пайдаланады: алғашқы (1-4 күн), негізгі (5-30) және мәрелік (31-56 күн).



6. Өткізу нарығы. Бұл өндірістен пайда тек өткізу нарығын дұрыс жолға қойғанда ғана түседі. Сондықтан, қай сауда нүктелерінде бұл өнімді өткізуге болатынын анықтаңыз. Өткізудің тағы бір жолы – мейрамхана, дәмхана басшыларымен көтерме бағамен жеткізу туралы келісу.

Болжамды есептеулер.

    1. Шығыстар:

  • балапандарды сатып алу - 30 дана * 300 теңге = 9 000 теңге.

  • жем сатып алу 5-30 күнге - 40 кг * 67 теңге = 2 680 теңге; 31-56 күнге = 40 кг * 72 теңге = 2 880 теңге = 5 560 теңге.

Барлығы: 14 560 теңге.

7.2. Табыс:

Бір балапанның етін сату = 1 000 тенге * 30 балапан = 30 000 тенге.



8. Пайдалы сілтемелер:

http://yesyes.ru/business-98-page-3.html

http://subscribe.ru/archive/food.yhastok/201001/03121233.html

http://webfermer.narod.ru/broiler_doma.htm

Интернет арқылы іздеу. Сіз Интернет арқылы да осы тақырып бойынша көптеген материалдармен таныса аласыз. Ол үшін іздеуге арналған сайттар, мысалы www.google.kz, www.rambler.ru, www.yandex.ru сияқты жүйелерде «бройлер тауықтары» және т.б. кілт сөздерді теру керек.

18. Түйе өсіру




1. Жалпы ақпарат. Түйе – сүтқоректі жануар. Бұл әлемнің құрғақ өңірлерінде – шөлдерде, жартылай шөл, далаларда өмір сүруге бейімделген ірі жануар. Қазақстанда түйенің байырғы тұқымы болып табылатын қазақтың қосөркеш түйесі бактриан немесе қолға үйренген жануар ретінде белгілі бірөркешті дромадер кең тараған.

Үлкен түйенің салмағы – 500-800 кг, өнімге қабілетті жасы 2-3 жастан басталады. Түйелер 20 жылға дейін өмір сүреді. Бұл сүтқоректілер қатал әрі сусыз жерлерде өмір сүруге жақсы бейімделген. Қалың терісі күндізгі қапырықтан және түнгі суықтан қорғануға арналған. Әрбір түрі даму мен дене бітімінің өзіндік ерекшеліктеріне ие. Ересек түйелердің (ересек даму кезеңінде) таза салмағы орта есеппен 600-630 кг құрайды, аналық түйе - 450-500 кг, 53% сойыстық шығым, ал жүн қырқымы бір ересек түйеден орта есеппен 5 кг.



2. Өсіру. Түйе жазда өре, қыста қора секілді ең кең орында өмір сүреді. Ең бастысы қолданылатын орын таза, түйелер ылғалға өте сезімтал болғандықтан сыз өтпейтін болуы керек. Сауу, су беру, түйе жүнін қырқу автоматтандырылған болса, одан әрі түйе асырау айтарлықтай жеңілдей түседі.

3. Жемнің негізгі түрлері. Жыл бойы түйелер өрісте, жердегі шөппен азықтанады, түйе тікенектер мен жантақтардан басқа да түрлі өсімдіктерді жейді, ал қыста оларды пішенмен қоректендіреді. Қатты жемді қорыту түйе үшін сөз емес. Түйені қыста тәулігіне бір рет, жазда екі рет суарады. Олар 10 минут ішінде 13 шелек су ішеді.

4. Көбейту. Түйені көбейту – мал шаруашылығында экономикалық ең тиімді сала. Түйелерде екі жылда бір рет бір бота туады.

Екі өркешті түйенің буаздығы (бактриана), ал боталарды сүтпен емізу ұзақтығы 6 ай, көбею кезеңінің басталуы 3-5 жас.

Бірөркешті түйе (дромедар), оның буаздық уақыты 12-14 айды құрайды, ботасын емізу ұзақтығы 5-6 ай, аталығының көбеюге жетілуі – 4-6 жас, ұрғашыларынікі – 3 жас.

Түйенің 100 аналығынан орта есеппен 34-37 бас төл алуға болады. Түйе өсуді 7 жаста тоқтатады. Түйе күніне 3-4 литр сүт береді. Салқын күндері боталарды аналықтарынан бөлек жылы қораларда ұстайды және қоректендіру үшін оларға тәулігіне 6–7 рет жібереді.



5. Өнімді сату. Түйелерді өсіруден алынатын өнімдерді (шұбат, жүн, ет, май, ірімшік, тері) Қазақстан нарығында сатып өткізуге болады. Түйе сүтінің майлылығы 6,5% дейін жетеді. Ол ерекше дәмге ие сүт қана емес, сонымен қатар ұзақ сақталады, бактерицидті және емдік қасиетке ие болып табылады. Оны авитаминозда, туберкулезде, қант диабетінде, қан аздықта, созылмалы гастритте, колитте және басқа да бірқатар ауруларда пайдалану ұсынылады. Түйе сүті сиырдікіне қарағанда қаралау, майлылау әрі тәттілеу, ақуыздар мен С витамині мол, емдік қасиеттерге ие.

Егер тұқымына (бактриан, дромедар және олардың тармағы), жасына, өрістің жағдайына орай алып қарайтын болсақ, олар күніне 18 литрге дейін сүт береді, яғни жылына 2 000‑нан 4 000 литрге дейін, олай болса бұл күй талғамайтын жануарды өсірудің табысты екенін естен шығаруға болмайды. Түйені асырауға арналған барлық шығыстар тек жүнді сатумен ғана ақталады. Бірақ, жүннен басқа түйе 300–400 кг ет, оның ішінде 150 кг түйе майын, үлкен тері береді, жүні (өте жылы әрі емдік қасиеті бар) және басқа жануарларға қарағанда бірнеше қатпардан тұратын ерекше терісі тағы бар. Бұл ерекше үнемді сала.



6. Болжамды есептеулер.

6.1. Шығыстар:

  • түйе сатып алу – 2 түрі * 150 000 = 300 000 теңге.

  • пішен – 2500 теңге 1 тоннасы үшін * 2 т = 5 000 теңге.

Барлығы: 305 000 теңге.

6.2. Табыс:

Мысал ретінде түйенің бір түрін алып қарайық.



  • Түтіп дайындаудағы мамық 5 кг жүн * 2 түйе = 10 кг, 100 г = 300 теңге * 10 кг = 3 000 теңге.

  • Түйе сүтін сату, күніне 4 литр * 250 теңге = 1 000 теңге * 30 күн = 30 000 теңге айына.

7. Пайдалы сілтемелер:

http://bp.sk.kz/index.php?Itemid=164&option=com_zoo&view=item&category_id=77&item_id=391

http://www.kazpravda.kz/c/1281667412

http://www.kazakh-zerno.kz/index.php?option=com_content&task=view&id=24940&Itemid=80

http://www.floranimal.ru/pages/animal/v/198.html

http://www.fermer.ru/node/3950

Интернет арқылы іздеу. Сіз Интернет арқылы да осы тақырып бойынша көптеген материалдармен таныса аласыз. Ол үшін іздеуге арналған сайттар, мысалы www.google.kz, www.rambler.ru, www.yandex.ru сияқты жүйелерде «түйе өсіру» және т.б. кілт сөздерді теру керек.

19. Күрке тауық өсіру





  1. Жалпы ақпарат. Күрке тауық тауық тұқымдас құстардың ішіндегі ең ірісі болып табылады. Күрке тауық өсірудің рентабелділігі жоғары көрсеткіштермен ерекшеленеді. Оның еті дәмді, жұмсақ, әрі оның құрамында холестерин мөлшері өте төмен. Олар да мамық пен қауырсын береді. Бұл құстар қызыққыш, ақылды, адамдарға тез үйреніп кетеді. Олар жем талғамайды және де жаз мезгілінде көбінесе жайылымда болады.

Күрке тауық өсіру бойынша шағын бизнес идеясының тартымдылығы – бұл бизнесті үй шаруашылығындағы бизнеске айналдыруға болатындығында. Яғни, барлық отбасы мүшелерін осы бизнеске тарту арқылы жалдамалы жұмысшыларға кететін жалақыны үнемдеуге болады.

2. Тұқымдары. Талап етілген өнімділікке байланысты күрке тауықты өсіру мен көбейтуді тұқымдарды таңдаудан бастау қажет. Бұл құстардың қола түсті кең кеуделі күрке тауық және ақ кең кеуделі күрке тауық деген екі түрі бар.

  • Қола түсті кең кеуделі күрке тауықтар өздерінің жоғары көрсеткіштерімен ерекшеленеді, дұрыс тамақтанатын болса, аталығының салмағы 9-11кг. дейін жетеді. Орташа есеппен күрке тауық балапанының туғаннан кейінгі 13 аптадағы салмағы 4,4 кг., 17 аптадағы салмағы – 6,6 кг. болады.

  • Ақ кең кеуделі күрке тауықтардың етінің сапасы жақсы, сыртқы түрі өте әдемі (терісі сарғылт түсті) болып келеді. Қола кең кеуделі күрке тауықпен салыстырғанда еті тез піседі, жұмыртқа салуы 90 пайыздық ұрықтану көрсеткішімен шамамен 85 жұмыртқаны құрайды. Инкубацияға салынған барлық жұмыртқалардан балапан шығару көрсеткіші орташа есеппен 60 - 70 пайыз аралығын қамтиды.

3. Күрке тауықтарды асырау. Күрке тауық ірі құс болғандықтан оны басқа құстардан бөлек ұстау қажет. Құстарды орналастыру тығыздығын дұрыс есептеу қажет: 1 м²-ге екі үлкен күрке тауықтан артық болмайды. Жас балапандарын үлкендерінен бөлек ұстау қажет. Күрке тауықтар аязға, әсіресе жел мен сызға төзімсіз болғандықтан олардың ересектеріне арналған қора мықты қабырғалардан тұрғызылуы тиіс.

4. Жем беру. Күрке тауықтардың салмағын арттыру үшін оларға ақуызды тағамдар көбірек қажет. Қыс мезгілінде 3 рет, ал көктем айларында 4-5 рет жем беру керек. Тамақтану рационында дәнді-дақылдар әр күрке тауыққа 250-300 г-нан келуі тиіс.

Жем беру шырынды (картоп, қызылша, орамжапырақ, асқабақ, әр түрлі көк жемдер мен сүрленген шөп), дәруменді қоспалар (шикі сәбіз, асқабақ, бұршақ шөптері, шөптің және қылқан жапырақтың ұны) және дәнді дақылды азық (арпа, жүгері, тары, бидай кебегі) болып үшке бөлінеді.

Жаз мезгілінде күрке тауықтарға жем беру оңайлатылады. Егер құс жайылымда болса, онда ол әртүрлі көк шөптерді, жәндіктерді және т.б. өзі тауып жейді. Егер жайылымға шығару мүмкіндігі болмаса, арнайы алаңдар жасап, оларды жем беру ақырларымен, суару науаларымен, көлеңке қалқалармен жабдықтап, алаңға шөп сеуіп қояды. Қыста сыртқа шығаратын алаңды қардан тазартып, сабан төсейді және уыстап жем шашады. Жемді құстар оны іздеп үнемі қозғалыста болсын деп уыстап шашады. Егер сырттағы температура -10°С-ден төмен болса, онда құстарды сыртқа шығармайды.

5. Өсіру. Күрке тауықтарды көбейтуді олардың ұрғашыларын жұмыртқаға 27-30 күн бастыру арқылы немесе жұмыртқаларды пайдалана отырып инкубаторда да жүзеге асыруға болады. Егер көбейтудің бастапқы кезеңінде инкубаторлық станциялар мен құс фабрикаларынан бір тәулік болған балапандарды алсаңыз, қиындықтар да аз болады. Немесе оларды инкубациялық жолмен де өсіруге болады.

Балапандарды күрке тауықсыз шығарған кезде алдын ала лайықты орын дайындау қажет. Ең дұрысы – полиэтилен қаптамамен қапталған (төбесі мен алдынан басқа) тор. Жылыту үшін 250 Вт. лампаны қолданып, температураны 36°С-ден төмен түсірмеу қажет. Жем беретін ыдысын, су беру науасын және майда ойығы бар май шамды тордың суық жеріне орналастыру қажет. Төсенішті (ең дұрысы сабан немесе пішен) – күнделікті ауыстырып тұру қажет. 2-2,5 айдан кейін күрке тауық балапандарын құс қорасына ауыстыруға болады. Онда жел болмауы керек, жылытқыш шам қою қажет.



Күрке тауық балапандарын алғашқы күндері ұсақтап туралған піскен жұмыртқалармен қоректендіреді. 5-10 күн аралығында азығына ұсақтап туралған ет, құмырсқа жұмыртқасын, жасыл пияз бен салат, тәтті ірімшік қосады. Оныншы күннен бастап өсіп қалған балапандар азығын қаймағы алынбаған сүтке араластырылған піскен картоп пен бидай кебегіне, буға піскен тарыға, бидайға, ұсақталған арпаға, ірімшікке, әртүрлі ас үй қалдықтарына, үстеме қосу керек болса әртүрлі көк шөптерге ауыстырады. Қаймағы алынбаған немесе алынған сүтті, жылы, бөлме температурасындағы суды (суға жұмыртқаның сарысын араластырып жіберсе пайдалы болады) 5-6 күннен бастап беруге болады.

6. Өнімді сату. Өндірістен түсетін табыс өткізу нарығын дұрыс жолға қойғанда ғана болады. Ең алдымен, сіздің тұратын қалаңыздың немесе жақын маңдағы аудан (облыс) орталығының қай сауда нүктелерінде осы өнімді өткізуге болатынын анықтаңыз.Сонымен қатар сіздің қалаңызда немесе жақын елді мекендерде күрке тауық өсірумен айналысатын адамдардың бар-жоқтығын біліңіз. Егер бәсекелестер бар болса, олардың өткізу нарығы қалай ұйымдастырылғанын зерттеңіз.

7. Болжамды есептеулер.

7.1. Шығыстар:

  • инкубациялық жұмыртқаларды сатып алу (150 дана 80 теңгеден) = 12 000 тенге.

  • тұрмыстық инкубаторды сатып алу – 20 000 теңге.

  • бір жылға азық сатып алу – 30 000 теңге.

Барлығы 62 000 теңге.

7.2. Табыс:

  • Жұмыртқа сату. Жұмыртқа туу –жылына 50-100 дана * 50 күрке тауық = 2 500 жұмыртқа * 80-100 теңге (бір жұмыртқаның бағасы) = шамамен 200 000 теңге.

  • Ет сату. 1 күрке тауықтың салмағы шамамен 5-7 кг. * 1200 теңге (1 кг бағасы) = 6 000 теңге, ал егер 10 немесе 20 күрке тауық сататын болсаңыз, онда табыс айтарлықтай көп болады.

8. Пайдалы сілтемелер:

http://prohoz.ru/soderzhanie-cyplyat-indeek/

http://alwaystop.ru/post.php?id=55

http://www.fermer.ru/node/2905

http://www.forum-grad.ru/forum236/thread7168.html

http://indogu.narod.ru/indvz.html

http://www.fugl.ru/domashnyaya-ptitsca/indeika/porody-indukov.html

Интернет арқылы іздеу. Сіз Интернет арқылы да осы тақырып бойынша көптеген материалдармен таныса аласыз. Ол үшін іздеуге арналған сайттар, мысалы www.google.kz, www.rambler.ru, www.yandex.ru сияқты жүйелерде «күрке тауық өсіру» және т.б. кілт сөздерді теру керек.

20. Ешкі өсіру





  1. Жалпы ақпарат. Ешкі ұсақ мүйізді малға жатады. Ешкінің ең басты ерекшелігі – кез келген жағдайға бейімделе алатындығы. Жеке шаруашылықта да айтарлықтай төзімді болу ешкіге тән: олардың ас қорыту мүшелері 60 пайызы клетчаткадан тұратын азықты да қорытып жібереді. Ешкінің өмір сүру ұзақтығы 14-15 жыл.

Ешкінің сүті адамға ана сүтін алмастыра алады. Оның құрамындағы май оңай сіңімді, әрі адам денсаулығы үшін өте пайдалы. Ешкі сүтінің құрамында кальций мен фосфор минералдық заттарының мол болуы балалардың сүйектерінің қалыптасуы үшін өте пайдалы. Оны әртүрлі өкпе, суық тию ауруларын емдеу үшін қолданады, сондай-ақ ешкі сүті гепатиттен, асқазан жарасынан, астмадан және т.б. аурулардан қорғайды. Ешкі сүтінің құрамында В, В2, С және А дәрумендері бар. Күніне әр ешкіден 4-7 литрге жуық сүт алуға болады.

Ешкі орта есеппен бір жылда 300 гр. жүн береді, ал кейбір жақсы ешкілердің жүні 800 гр. дейін жетеді. Жүн көбінесе жем беру мен өсіру жағдайына, сонымен қатар ешкіні қырқу мерзіміне байланысты болады.



  1. Ешкіні күтіп-баптау. Ешкілер – талғампаз жануар емес, сондықтан оларды кез келген орында асырауға болады, ең бастысы оның тұратын орны құрғақ, жарық және онда өктем жел болмаса болғаны. Оның орналасқан жерінің температурасы +5-10 градустан төмен болмауы керек. Егер оның тұратын орны ылғалды болса, онда ешкі сүтінің майлылығы азаяды. Ешкі тұратын орынға кішігірім жем беретін аттақыр орналастырады. Аттақырдың төменгі шеті мен еденнің арасы 60-70 см. құрауы тиіс. Бұл малдың шөпті шашпауы үшін жасалады. Ешкілердің суы үнемі қабырғаға бекітілетін шелектерде болуы керек. Суды екі күнде бір рет ауыстырып отырады.

Ешкі – тазалықты жақсы көретін жануар, сондықтан олардың астында үнемі төсеніштері жеткілікті болуы қажет. Төсеніш ретінде ағаш үгінділерін, шымтезек немесе құрғақ жапырақтарды қолдануға болады.

  1. Ешкінің негізгі азығы. Ешкінің құнарлы заттарды қажет етуі жасына, жүктілік мерзіміне, емізу мерзіміне және өнімділік деңгейіне байланысты болады. Дұрыс емізбеу, әсіресе жас кезінде, даму мен өсуінің артта қалуына алып келеді, мұндай ешкілер көп сүт бермейтін болады. Қорада тұру науқанында ешкілердің басты азығы ұсақ шабынды шөп болып табылады. 45 кг. салмаққа дейінгі ешкілерге тәулігіне 2 кг. жуық шөп береді. Дұрыс тамақтану рационында шөптің болмауынан сүт өнімі мен сүттің майлылығы жылдам төмендейді. Дәнді азықтардың ішінен ешкілерге кебекті ұнтақталған немесе пісірілген түрінде, құрама жемді – сулы жемдермен бірге немесе бұқтырылған түрде беруге болады. Минералды заттардың ішінен ешкілерге ас тұзы мен бор беру керек. Ешкінің қыс мезгілінде қоректенуі шамамен 2 кг. шөптен, 2 кг. тамырлы жемістерден, 0,2-0,3кг. концентраттардан тұрады.

Ешкілерді байланып тұрған жерінен жайылымға біртіндеп шығарады. Жаз мезгілінде ең басты азығы – жасыл шөп. Ешкілерді тек шық кепкеннен кейін ғана өріске шығарады. Жаз мезгілінде оларды екі рет суарады.

4. Ешкі өсіру. Ешкілер – көбейгіш әрі тез өсіп жетілетін мал. Орташа буаздылық уақыты шамамен 150 күнді құрайды. Ешкінің жыныстық жетілуі 6-7 айынан 1,5 жылға дейін болатындықтан, оларды қашыруға 16-18 айында жіберген дұрыс. Ешкілерді кез келген үй жануарымен бірге бір орында ұстауға болады. Дұрыс коректендіріп, дұрыс қараған жағдайда ешкілер мүлдем ауырмайды.

5. Өнімді сату. Ешкі өсіру нәтижесінде алынған өнімді (сүт, жүн) қышқыл-сүт өнімдерін сататын шағын бизнес ұйымдарымен келісім-шарт жасасу арқылы, сондай-ақ газетке жарнама беру арқылы сатуға болады.

6. Болжамды есептеулер.

6.1. Шығыстар:

  • лақ сатып алу – 10 дана * 6 000 теңге = 60 000 теңге.

  • шөп – 1 т = 5 000 теңге.

  • кебек, құрама жем – 2 000 теңге.

Барлығы: 67 000 теңге.

6.2. Табыс:

  • Ешкіні сату: 4 дана * 12 000 теңге = 48 000 теңге, қалған ешкіні өсіп жетілдіруге қалдырамыз.

  • Жүн: ешкіні жарты жылда қырқу арқылы 1 ешкіден 150 г. жүн алуға болады * 10 ешкі = 1 500 г * 300 теңге ( 1 г құны) = 450 000 теңге.

  • Сүтін сату: күніне 4 литр * 250 теңге = 1000 теңге * 30 күнде = 30 000 теңге (айына), жарты жылда 180 000 теңге.

7. Пайдалы сілтемелер:

http://brokerf.ru/sh-kozav.htm

http://www.piznes.ru/business-ideas/idea186.htm

http://www.biznesnasele.ru/biznes-plany/biznes-plan-po-razvedeniyu-plemennyh-koz.html

http://prohoz.ru/category/razvedenie-koz/

Интернет арқылы іздеу. Сіз Интернет арқылы да осы тақырып бойынша көптеген материалдармен таныса аласыз. Ол үшін іздеуге арналған сайттар, мысалы www.google.kz, www.rambler.ru, www.yandex.ru сияқты жүйелерде «ешкі өсіру» және т.б. кілт сөздерді теру керек.

21. Үй қоянын өсіру


1. Жалпы ақпарат. Түпкі өнім көлемінің тез артуы бірден білінетін ең жетекші саланың бірі қоян өсіру шаруашылығы болып табылады және де бұл – назар аударуға тұрарлық сала. Қоян өсіру шаруашылығы түрлі өнім шығаруға мүмкіндік береді. Теріні өңдеу өндірісі үшін үй қоянының терісі пайдаланылады. Ол әртүрлі манто, бас киім, жаға, жәкет пен тондар өндірісі үшін пайдаланылады. Үй қоянын өсіруден алынатын тағы бір бағалы өнім – дәмді әрі тез сіңетін тағам болып табылатын үй қоянының еті. 

2. Үй қоянының түрлері. Үй қоянының 200‑ге тарта түрі мен тұқымдық топтары белгілі. Қазақстанда үй қоянының терілік және мамықты түрлерін өсіреді. Жүнді жабынының сипаты бойынша олар тәуір жүнді, қысқажүнді және ұзынжүнді болып келеді. Тәуіржүнді үй қояндарынан сұр дәу, ақ дәу қоянын, жылтыр жүндісін, қара‑қоңырын, шілтекүмістісін, веналық көгілдір түстісін, шиншилланы, көбелек тәріздісін және т.б. өсіреді. Бұл үй қояндарының сыртқы жүндерінің ұзындығы 3-4 см. дейін жетеді, астынғы жағының мамығы жартылай болып келеді. Таза салмағы 7 кг, ал кей жағдайда тіпті 9 кг-ге жетеді.

Қысқажүнді үй қояндарының сыртқы жүндерінің ұзындығы 2 см-ге жетеді; кейде оның ұзындығы мамығымен бірдей, бірақ көп жағдайда мамығынан қысқарақ болады. Сондықтан да қысқа жүнді үй қояндарының терісі жұмсақ әрі барқыт тәрізді болып келеді. Олардың терілерін қырықпай, әрі жұлмай тері бұйымдарын өңдеу үшін пайдаланады. Қазіргі кезде қысқажүнді үй қояндарының мынадай тұқымдық топтары өсіріледі: сібір тиіні, қара, көгілдір, қоңыр, жылтыр, қара‑қоңыр, кенгуру тәрізді және т.б. Ұзынжүнді немесе мамықжүнді үй қояндарының мамығы 12 см-ге дейін жетеді. Ең мамықты тұқымы - ақ мамықтысы. Аталған үй қояндарының тұқымдарын еліміздің барлық өңірлерінде де өсіруге болады.



3. Үй қояндарын асырау. Жеке шаруашылықта үй қояндарын ұстаудың көптеген тәсілдері бар. Бір өңірлерде кең қораларда оларды еркін ұстау әлі де қолданылады. Бірақ бұл тәсілдің өз кемшіліктері баршылық. Ең біріншісі – көжектеудің бақылаусыз қалуы, өйткені әртүрлі жастағы еркектері мен ұрғашылары бір жерде ұсталады, сондай‑ақ ұрғашы қояндар өздерінің ұяшығын терең ін етіп жасайтындықтан, жаңа туған көжектерді алу да оңайға соқпайды. Үй қояндарын бұлай асырау тиімсіз.

Ең тиімдісі – үй қояндарын жеке немесе топтық торларда асырау.

Қоян торларын ағаштар отырғызылған құрғақтау учаскелерге орналастыру қажет. Торды аймақтағы қолжетімді кез келген құрылыс материалынан жасауға болады. Тор конструкциясы жағынан қарапайым, жануарларға ыңғайлы, әрі оларды асырауға, яғни жем беруге, қояндарды бақылауға, астын тазалауға қолайлы болуы керек. Ең дұрысы – жерден 0,8 – 1,0 м биіктікке орналастыру. Торлар бір немесе екі орындық болуы мүмкін. 

Нақтырақ ақпарат алу үшін мына сілтемелерді қараңыз - http://agrariy.net/view2_3.html, http://krolix.org/soderzhanie_krolikov.html



4. Үй қояндарын көбейту. Қояндардың көбеюге дайындығы 3-3,5 айында басталады, бірақ оларды бұл жаста шағылыстыруға болмайды, өйткені олардың ағзасы әлі де толыққанды қалыптасып бітпейді. Ірі тұқымды ұрғашы қояндарды бес айлығында салмағы 3,5 кг. болғанда, ал орташа тұқымдыларды төрт айдан асқанда, салмағы кемінде 2,5 кг- ға жеткенде шағылыстыру ұсынылады. Қояндардың өмір сүру ұзақтығы – 5-8 жыл, бірақ олардың өнім беруі үш жылды құрайды, өйткені жасы ұлғайған сайын қояндардың көбею мүмкіндігі төмендейді.

Қояндар көбеюінің жоғары интенсивтілігі олардың көп көжектеуімен (бір ұрғашысы 5-7, жекелеген жағдайларда 17-ге дейін көжектей алады), буаздылығының қысқамерзімдігімен (30 күн), ерте физиологиялық жетілуімен және буаздық пен сүттілікті қатар алу мүмкіндігімен байланысты, бұның бәрі бір ұрғашы қояннан жылына 4-5 көжек алуға мүмкіндік береді. Ұрғашылары жыл бойы төлдей береді, тек күзде ғана олардың шағылысу белсенділігі біршама төмендейді.

Қысқы мезгілде көжектеуге дейінгі бес күн бұрын қораны жылылайды, тордың бұрышына аналық ұяны – ауқымы 55х30х20 см болатын жәшікті орналастырады және оны сабанмен толтырады. Ұядағы төсеніш құрғақ, жұмсақ, таза болуы керек.

Қояндар әдетте (негізі оншақты) жалаңаш, көзі жұмулы және құлағы естімейтіндей туылады. Ұрғашы қоян туғаннан кейін ұя жәшігінен шығысымен көжектердің тірі екенін тексеру керек. Ұрғашы қоян өзінің көжектерін қорғау үшін біршама ашулы болуы (бұл сирек кездеседі) немесе долдануы мүмкін. Оны ызаландырмаңыз, оның назарын басқа жақа аударыңыз, мысалы көжектерден алысырақ әкету үшін сүйікті тағамын (алма) беруге болады. Өлі көжектерді (суықтарын) немесе қатты ауруларын алып тастаңыз, осы арқылы сіз қалған сауларын қорғай аласыз.

Енді Сізге тордағы тазарту жұмыстарын, әдеттегіден бөлек, екі есеге арттыру қажет, өйткені жаңа туған көжектерге гигиена өте маңызды.

Алғашқы күндері көжектерді тамақтандыру туралы бас қатырудың қажеті шамалы, олар ана сүтімен қоректенеді. Бірақ бірқатар маңызды мәселелер баршылық. Қоректендіру процесі кезінде ұрғашы қоянның назарын аударатын адамдар, шу секілді факторлар болмау керек, себебі бұл жануардың өз көжектеріне деген қарым-қатынасына жағымсыз әсер етеді.

Көжектер сүтке тойып жүргенін қалай білуге болады? Жеткілікті деңгейде сүт ішкен көжектің іші томпақ, шымыр, тартылған, қатпарсыз болып тұрады. Егер көжектерге сүт жеткіліксіз болса, оларға сурогат ана бола тұруға тура келеді.

Жасанды жемді әзірлеу үшін қоспаны 53% құрғақ майсыз сүттен, 32% іркіт ақуыздан, 12% кокос және күнбағыс майынан 1-дің 3-ке қатынасы бойынша және 3% мультивитаминдер және минералдық заттар қоспасынан жасауға болады. Қоспаны 37-38 C температурада жылытып, күніне бір‑екі рет тамызғышпен немесе шприцпен беруге болады. Егер жақын маңда құнарлы сүт алмастырғыш сатылса, ветеринармен кеңесіп көріңіз, бәлкім оны көжектерге беруге де болатын шығар.



5. Көжектердің негізгі жемі:

  • көк (шөптер, тамыржемістілер сабақтары, қырыққабат, күнбағыс жапырағы, топинамбур, жүгері сабағы мен жапырағы);

  • сөлді (тамыржемістер, бақша дақылдары мен бақша шаруашылығының қалдықтары, сүрлем);

  • қатты (сабан, собық, бұта жемі);

  • концентрлендірілген (арпаның, сұлының, бидайдың, жүгерінің, ірі бұршақтылардың астықжемі және қалдықтары: жом, шрот, аралас жем, кебектер);

  • ұсақталған (шөп ұны, жом, астық үгінділері, етсүйекті немесе балықты ұн және микроэлементтер);

  • минералдар (тұз, бор, сүйек ұны).

6. Болжамды есептеулер.

6.1. Шығыстар:

  • тор сатып алу (құрастыру) – 40 000‑нан 180 000 теңгеге дейін.

  • қояндар сатып алу (20 тал) – 60 000‑нан 80 000 теңгеге дейін, аймаққа байланысты.

  • құрама жем – аймаққа байланысты жылына 100 000‑нан 500 000 дейін.

Барлығы: шығыстар жұмыстың алғашқы жылы 200 000‑нан 760 000 теңгеге дейін.

6.2. Табыс:

Етін сату – жылына 380 кг. 1 200 – 1 400 теңге кг. (456 000‑нан 523 000 теңгеге дейін жылына).

Бұл санды қайдан алдық? 20 ұрғашы қоян орта есеппен алғанда жылына 10 көжек табады, олардың әрбірінің салмағы 1,8-1,9 кг. Барлығы 200 қоян, сатылатын жалпы салмағы 380 кг.

Терісін сату – 200 000 теңге (200 тал әрқайсысы 1 000 теңгеден).



7. Пайдалы сілтемелер:

http://krolikoferma.ru/

http://www.greenrussia.ru/main/kroliki/1100-organizaciya-razvedeniya-krolikov.html

http://www.rabbit.kz/component/option,com_frontpage/Itemid,1/

http://agrariy.net/view2_9.html

http://agrariy.net/view2_1.html

http://www.dachi74.ru/shivotnie/kroliki.htm

Интернет арқылы іздеу. Сіз Интернет арқылы да осы тақырып бойынша көптеген материалдармен таныса аласыз. Ол үшін іздеуге арналған сайттар, мысалы www.google.kz, www.rambler.ru, www.yandex.ru сияқты жүйелерде «қоян өсіру» және т.б. кілт сөздерді теру керек.

22. Ірі қара мал өсіру





  1. Жалпы ақпарат. Ірі қара мал өсіру (ары қарай ІҚМ) – ауылдық жерде өз бизнесіңізді бастауға жақсы мүмкіндік. ІҚМ өсірумен айналысу үшін бұл бизнестің барлық қыр-сырын жақсылап зерттеп алу керек.

Ауылшаруашылық бизнесте аталған саланың бірнеше бағыты бар: ет тұқымдастарын өсіру, сүт тұқымдастарын өсіру, ет-сүт тұқымдастарын өсіру, (аралас әдіс) сатуға арналған жас төлдерді өсіру. Аталған бизнес түрін бастағанда оның негізгі бағытын анықтау керек. (ол болашақ ферманың орны мен жағдайына байланысты). Бұдан кейін ферманың құрылысынан бастау керек. Ескі қараусыз қалған ферманың жабдығы жарайды. Алайда жақын маңда ондай ферма болмаса, (сиырға арналған орын) онда біраз еңбектеніп, белгіленген мақсатқа арналған ғимарат салуға рұқсат алу керек.

  1. Тұқым түрлері. Қазақстанда кең тараған сүтті сиырдың түрі – далалық қызыл сиыр. Олар төзімділігі мен түрлі ауа-райына, табиғи климаттық жағдайларға шыдамдылығы арқасында кеңінен танымал. Дұрыс тамақтандырған жағдайда далалық қызыл сиырдың бұзауы тез өседі, орта есеппен тәулігіне 600-900 грамм қосып, 6 айда 160-180 кг салмақта болады. Далалық қызыл сиырды Қазақстанның оңтүстігінде далалық қуаң аймақтарда өсірген дұрыс.

Сиырдың ең көп тараған етті тұқымды түрі – қазақы ақбас сиырлар. Бұл тұқым түрі аптап ыстық пен аязға төзімділігімен, майды тез жинауымен ерекшеленеді. Бұл ірі қара көлемі жағынан үлкен емес, терең әрі кең төсті, дене бітімі жағынан жинақы, мықты сүйекті, жақсы дамыған бұлшық етті, кең денелі. Еттің дәмдік қасиеттері сапалы, ағылшын етті тұқым түрлерінен еш кем емес.

  1. Күту. Сиырлар жайылымдық-сиыр тұратын орында, жайылымдық немесе сиыр тұратын орында күтіледі.

Сиырды жаздық жайылымда бағу пайдалы сүт алуға мүмкіндік береді, мал денсаулығына жағымды әсер етеді, денеде өмірлік маңызды заттардың қорын қалыптастыруға жағдай жасайды. Жайылымдық бағуға малды біртіндеп, яғни бірнеше күн ішінде үйрету керек. Жайылымның ыңғайлы уақыты – таң сәріде және кешке. Күндіз ыстық күндері жануарды шатыры бар жел соғып тұратын биіктеу жерде орналасқан ашық қорада ұстау керек.

Сиырды қысқы қарауға көшіру үшін мал орнын жақсылап дайындау қажет. Тесіктерді бітеп, терезе мен есіктерді мықтап жабылатындай түзулеу керек. Есікті қосымша жылы қаптамамен немесе сабан матрацпен қаптайды. Әсіресе, төбені жақсылап бітеп алу керек. Сиыр тұратын орында оттықтар, қалқалар, тіреулер жөнделіп, дизенфекциялануы тиіс. Терезелер қораны желдету үшін ашылатындай болғаны дұрыс. Оларды мал басының деңгейінен биік шеткі жақа немесе артына орналастыру керек.

Мал тұратын орындардағы кір түрлі дене және басқа да ауруларды тудыруға, сүттің ластануына әкеп соқтырады. Сондықтан да, мал орнын күнде жинау, малды жуу, мал астына төсейтін құрылғыларды тазалықта ұстау – ірі қараның мықты денсаулығы мен жоғары сапалы сүт беруінің басты кепілі.

Жем. Жазда жайылымдағы шөп басты азық болады. Сиыр тәулігіне 60-70 кг. жақсы сапалы шөп жейді. Малды өсімдіктер гүлдегенге дейін жақсы өсіп тұрған шөпте жаю арқылы мол сауын алуға болады. Сыртқа жайылмайтын кезеңде негізгі азықты (тәулігіне 5-6 кг.) қатты жем құраса, сиыр құнарлы заттарға деген сұранысын толығымен қанағаттандыра алады. Қысқы уақытта шөп сиырлар үшін ең басты азық болып табылады. Сиырдың жағдайы және өнімділігі шөппен қаншалықты қамтамасыз етілуі мен берілген шөптің сапасына байланысты. Сиырларды азықтандыруда қызылша, қант қызылшасы, тарна, турнепс, сәбіз, картоп, алмұрт, асқабақ, жемдік қарбыз пайдаланылады. Бұларды сиырлар жақсы жейді, олардың тәбеті ашылып, тамақтың қорытылуы мен сіңуі жақсы қамтамасыз етіледі. Бұл өсімдіктер қосымша азық ретінде әсіресе, бұзаулаған сиырды алғашқы айларында сауу кезінде қолданылады.


  1. Көбейту. ІҚМ жасы орташа есеппен 18-20 жылды құрайды. Сиырлар мен таналарды ұрықтандыру аңду кезінде жақсы жүзеге асады. Ол сиырдың бұзаулауынан кейін немесе тананың жыныстық жетілуі кезінде белгілі бір мерзімде қайталанып отырады. Аңдудың уақыты 18-20 сағат. Дені сау малда ұрықтанбайынша аңду кезеңі үш апта сайын болуы керек. Сиырдың буаздық мерзімі шамамен 285 күнге жалғасады.

Төлдеуге 2-3 апта қалғанда сиырдың төсі үлкейіп, іші төмендеп кетеді. Бұзаулау көбінесе қиындықсыз, әрі тез өтеді. Сиыр бұзауын міндетті түрде жалауы керек. Өйткені жаңа туған бұзауды жауып тұрған шу сұйықтығында гормондар бар. Ал олар толғақ қысу жолдарынан жолдасының түсуіне жәрдемдесіп, туудан кейінгі жатырдың өз қалпына келуіне септігін тигізеді.

Туғаннан кейін бұзауды қалың сабанды қабаты бар торға салады. Бұзау туған алғашқы күндері жақсы күтім талап етіледі. Күн сайын 2-3 рет тезегін шығарып, төсемесін ауыстырып, лас жерлерді жуады. Бұзауды жаңа сауылған сүтпен қоректендіру керек.

Сиыр жылына бір рет төлдейді. (Өте сирек жағдайда екі рет төлдеуі мүмкін). Бұзаудың салмағы түрі мен сиырдың қоректену жағдайына байланысты сиыр салмағының шамамен 7 %-ын құрайды, яғни 20-40 кг. ІҚМ өсуі мен дамуы 5 жылға созылады.

6. Сату. Өндіріс дұрыс жолға қойылғаннан кейін өнімді сату жағын да ойластыру керек. Сүт өндірісі болса, онда сүтті жаппай сатып алатын жергілікті сүт зауыттарына өткізе аласыз. Ал ет өндірісімен айналыссаңыз, онда жергілікті ет өндіретін комбинаттарға өткізіңіз. Екі жағдайда да сату жағынан ешқандай қиындық туындамау керек. Басты мақсат – дайын өнімдерді өткізуде баға белгілеу.

7. Болжамды есептеулер.

7.1. Шығыстар:


  • бұзау сатып алу – 10 000 теңге * 5 бұзау = 50 000 теңге.

  • сиыр сатып алу – біреуі 50 000 теңге.

  • жем – 15  000 теңге.

Барлығы: 145 000 теңге.

7.2. Табыс:

1 кг. сиыр еті - 600 теңге, 1 сиыр = 150 кг. * 600 теңге = 90 000 теңге.



8. Пайдалы сілтемелер:

http://okrs.ru/?Osemenenie_korov

http://www.bibliotekar.ru/domovodstvo/180.htm

http://www.sovetferme.ru/node/12

http://www.zooeco.com/0-dom/0-dom-a270-8.html

http://moyhutor.net/ferma33.php

http://www.fadr.msu.ru/rin/livest/cow_fed.htm

Интернет арқылы іздеу. Сіз Интернет арқылы да осы тақырып бойынша көптеген материалдармен таныса аласыз. Ол үшін іздеуге арналған сайттар, мысалы www.google.kz, www.rambler.ru, www.yandex.ru сияқты жүйелерде «сиыр өсіру» және т.б. кілт сөздерді теру керек.

23. Жылқы өсіру



1. Жалпы ақпарат. Жылқы шаруашылығы – бұл жылқыны көбейтумен және пайдаланумен айналысатын мал шаруашылығының бір саласы. Аттардың бойы (шоқтығының биіктігі) 50‑185 см, салмағы 60‑1000 кг. Есту, иіс сезу және есте сақтау қабілетінің жақсы дамығандығының арқасында жылқылар үйретуге және жаттығуға тез көнеді.

Жылқы етінің майы аз болады, бірақ ол балғындығымен, әсіресе жас малдың еті, ерекшеленеді. Қымыз – бие сүтінің өңделген өнімі. Қымыздын қант құрамы бірден төмендейді, онда сүт қышқылы, көмірқышқыл газы, түрлі ароматты заттар жинақталады. Қымыз тәбет ашады, ұйқы безінің жұмысын, ас қорыту процесін жақсартады. Сондықтан да қымыз тек сау адамдар үшін ғана бағалы өнім болып саналмайды, сонымен қатар көптеген ауруларға қатысты күшейту құралы болып табылады.



2. Жылқы тұқымдары. Жылқының 200-ден астам тұқымы бар. Ең алдымен сіз жылқыны қандай мақсатта өсіретініңізді шешіп алу керек. Егер сіздің мақсатыңыз – жоғары сапалы ет пен құнарлы сүт (қымыз) алу болса, онда мынадай тұқымдарға назар аудару керек: қазақы, көшім, ресейлік, мұғалжар және т.б. Сонымен қатар, акклиматизация мен осы тұқымдас жануарлардың Қазақстанның өңірлерінің табиғи‑климаттық жағдайларына бейімділігі секілді факторларды да ескеру қажет, өйткені аталған мәселелер жануарлардың өнімділік сапасына кері әсерін тигізуі мүмкін.

3. Өсіру. Жылқыны ұстаудың түрлері: ат қорада (жыл бойы ат қорада), атқора мен жайылымда (атқора мен көктемнен күзге дейін жайылымда), жайылымда (жыл бойы жайылымда, қыста пішенмен және концентраттармен азықтандыру арқылы). Жеткілікті түрде дамыған құлындар алу және олардың алдағы уақытта жақсы сүтті өнімдіге айналуы үшін биелерді уақытылы құлындауға (тууына) даярлаудың маңызы зор, сауын маусымында толыққанды азықпен қамтамасыз етіп, қорада ұстау қажет.

Сүтті жылқы шаруашылығының технологиясы биелерді жайылымда бос ұстау жүйесін қарастырады.

Атқораны ағаштан, кесілген бөренелерден жасаған дұрыс, бұлар жылуды жақсы сақтайды, әрі құрғақ болады. Атқоралардағы жылқыларға арналған орын өжіре (жылқылар үшін жеке «бөлмелер») және бөлініп қойылған орындар болып бөлінеді, онда жылқылар бір бірінен қоршаулармен бөлектенген күйде немесе оларсыз қатар-қатар байлаулы тұрады, сондай‑ақ залдық түрі–онда жылқылар атқораның жеке кең орынжайында топтастырылып ұсталады. Еденді қатты етіп жасайды, асфальтты етуге де болады. Терезе әдетте екіқабатты әйнектен тұрады. Аттақыр әрбір атқа жеке орнатылады. Биені қалың төсеніштерде ұстайды, оларды жылына 2-3 рет ауыстырады. Суалмаған және сауылатын биелер үшін атқораны биіктігі 1,7 м болатын жылжымалы қалқалармен секцияларға бөледі, олардың әрқайсысы 10 биені ұстауға есептелген болуы керек. Секцияның оңтайлы алаңы 60-70 м². Жылқыларды серуендету үшін шөптермен жабылған қоршалған алаңдар жасайды, бұны левада деп атайды. Жылқыларды баптау дегеніміз жануарларды тазалап (щеткамен), жалын, құйрығын тарап, тұяқтарын тазалап тұру. Жұмысқа салынатын жылқыларды әдетте тағалайды, бұл тұяқтарының сынып, жарақат алудан қорғайды.

4. Жылқылар үшін жем. Қорадағы кезеңде жылқылардың негізгі жемі: сұлы, арпа, қарабидай, басқа да концентратты жемдермен (кебекпен, жоммен) араластырылған жүгері қоспалары, астық‑бұршақтық пішен, сөлді жем (сәбіз, жартылай қантты қызылша, картоп, сүрлем), құрама жем.

Өрістегі жайылым кезеңінде жылқылар үшін ең қажетті жем– өрістегі көк шөп немесе жаңа шабылған шөп. Бұдан бөлек, жылқыларға күн сайын қайнатылған тұз береді. Берілетін жемнің мөлшері оның таза салмағына, жылқының жағдайына, оның жасына, атқаратын жұмысы мен жемнің құндылығына байланысты. Жылқыны тәулігіне 3 рет суарады.



5. Көбейту. Жылқы шағылысуға 1,5 жаста жетіледі, бірақ көбеюге шаруашылық‑тиімді мерзім 3-3,5 жас болып табылады; өсімі 5-6 жаста тоқтайды. Буаздық мерзімі шамамен 11 ай. Бие әдетте бір құлын туады. Суалмайтын кезеңі 6-8 ай. Биенің сүттілік өнімділігі тәулігіне 11-15 л сүт (ерекше сүттілері — 25 л-ге дейін). Бұл құлынды өсірумен қатар, сүттің едәуір бөлігін қышқыл сүт өнімдеріне жататын қымызды жасауға мүмкіндік береді.

Жұмысшы тұқымдарының құлындарын жұмысқа 2 жасынан үйретеді. Буаз биелерді күн сайын аулаға, ал ауа райы жақсы болғанда далаға 2-3 сағатқа серуендеуге жібереді. Жылқыны ет үшін 1,5-2-жасқа дейін өсіреді, бұл кезеңде жылқының жас еті ең жоғары сапалы болады. Жылқының өмір сүру жасы – 25-30 жыл, шаруашылықта пайдалану мерзімі – 14-15 жыл, асыл тұқымдысы – 20-25 жыл.



6. Өнімді сату. Жолға қойылған өткізу рыногы үлкен табыс табу үшін қажет. Бұл үшін бірнеше нұсқалар бар: базарда сату, газетте, интернетте жарнама беру, бәлкім, сіз өз тауарыңызды тұтастай сатып алатын, әрқашан сізбен келісімге келетін саудагер тауып қаларсыз. Сондай‑ақ ауылдастарыңызға жылқыны өсірумен немесе соғым сатумен айналысатыныңызды ескертіп қойыңыз.

7. Болжамды есептеулер.

7.1. Шығыстар:

  • 1 жылқы сатып алу * 70 000-120 000 теңге.

  • жем (пішен, арпа, сұлы) = 100 000 теңге (2 жылға).

Барлығы: 170 000-220 000 теңге (өңірге байланысты).

7.2. Табыс:

Жылқы етін сату 1 кг = 1 200 теңге, бір жылқының салмағы 250 кг жетеді * 1 200 теңге = 300 000 теңге.



8. Пайдалы сілтемелер:

http://www.zooclub.ru/horses/48-6.shtml

http://www.zooclub.ru/horses/1.shtml

24. Құндыз өсіру





  1. Жалпы ақпарат. Құндыз – бұл суда жүзетін өте жылы әрі әдемі терісі бар егеуқұйрық. Құндыз терісінің түсі әртүрлі: ашық сұрдан қою қараға дейін. Ең сирек кездесетін тері өртеңі бар сұр түсті терілер, бұларға сұраныс та ерекше.

Неден бастау керек? Құндыз өсіру ерекше салым мен арнайы дайындықты қажет етпейді. Ең алдымен құндыздың не екенін және құндыз өсіру бойынша бизнесті басынан бастап ұйымдастырып, қалай одан пайда табуға болатынын біліп алу керек.

2. Тұқымдары. Біздің елімізде және шетелдерде стандартты және түстері әртүрлі құндыздарды өсіреді. Жамылғы түктің түсінен құндыздың 10 мутациясы (стандартты түстен ауытқу бойынша) мен 7 біріктірілген түрлерін ажыратуға болады.

Стандартты құндыздар ең көп тараған түрі, олар сыртқы сипаты бойынша құндыздың жабайы түріне өте ұқсас. Стандартты құндыздарда қара-қоңыр түс басымдыққа ие, ал жамылғы түктің жалпы түсі мен реңінің әртүрлілігі негізінен ұзын пішілген түктің түсімен анықталады. Олар жоғары көбейгіштігімен ерекшеленеді (5-6 күшік), жақсы аналық қасиетке ие.



3. Құндызды өсіру. Құндызды жылдың кез келген айында иеленуге болады, бірақ жануарды тасымалдау кезінде, мәселен жылдың суық мезгілінде ортаның жайлы әрі жылы болуын қамтамасыз ету керек. Өсіру барысында құндыз ерекше күтімді қажет етпейді.

Құндызды ұстауға арналған қора‑қопсы немесе тор жасау барысында олардың жартылай су астында жүретінін ескеру керек. Бұндай жануарларды «сусыз» ұстау тәжірибесі де кеңінен қолданылып келеді: бассейнсіз торлар айтарлықтай арзан тұрады, құндызды бағу да жеңілірек, жемге кететін шығындар да суда ұстағанға қарағанда 10-20% төмен.

Бассейнсіз де құндыздарды өсіруге болады, бірақ ондай кезде терінің сапасы жоғарғы деңгейде болмайды, өйткені жануардың оны күтетін мүмкіндігі болмайды. Суды пайдаланатын құндыздардың денсаулығы басқа жағдайда өсетіндерге қарағанда әлдеқайда мықтырақ. Қыстың күндері жануарлар құйрығы мен аяқтарын үсітіп алмас үшін бассейннен суды төгіп, оны сабанмен толтырған жөн. Қатты аяздарда үйшіктерді сабанмен немесе шөппен жауып, ішкі жүгіретін аулаларында төсеніштің көп болғаны дұрыс.

4. Құндыз жемі. Жемді тәулігіне 2 рет береді. Негізгі жем ретінде жаздың күндері көк шөп, ал қыста сабан, құнды астық түріндегі концентраттар, тамыржемістілер, көкөністер, нан өнімдерінің қалдықтары, құрама жемдер пайдаланылады. Алдымен концентраттар, сосын сулы және қатты жемдер беріледі. Көгерген, шіріген немесе топырақпен араласқан жемді қоспа түрінде де, жеке де беруге болмайды. Енесін еметін және жаңа туған кезде күніне үш рет жем беру керек.

5. Көбейту. Құндыздар көбейетін белгілі бір маусымды күтпейді. Олар жем беру мен бағудың жақсы жағдайында жыл бойы шағылыса алады. Еркектері мен ұрғашыларының шағылысу жасы әдетте 4-5 айлығында басталады. Шағылысуға жетілген ұрғашылары үнемі белсенді. Құндыздардың буаздығы орта есеппен алғанда 5-7 күндік құбылуымен 132 күнге созылады. Туулары көбінесе түнде болады және ол 20 минуттан 3-4 сағатқа созылады.

Аналықтары күшіктерін екі айға жуық емізеді. Күшіктердің барлығын бірге жеке торға немесе сол жастағы, шамамен бірдей дамыған басқа енелердің күшіктерімен бірге орналастырады.



6. Сату. Құндызды бірден бірнеше бағытта өткізуге болады. Бұл оның етін, терісін, сондай‑ақ өсіп келе жатқан күшіктерін сату дегенді білдіреді. Құндыздың еті қоянның етінен кем емес, ал терісі әлдеқайда құндырақ, әртүрлі түске ие, сапасы жағынан да қаракүзенге (норкаға) ұқсайды, төзімділігі жағынан тіпті олардан артық.

Құндызды өсіруге қатысты бизнесті бастау үшін әлеуетті сатып алушыларды іздеу мақсатында Сіздің қалаңыздағы барлық мейрамханаларға қоңырау шалып шығу қажет. Егер жоспарланған сұраныс байқалмаса, сіздің өніміңізді базарға ет сататын саудагерлерге өткізуге болады. Бағалы теріні тігін фабрикаларының жеткізушілеріне сатуға болады. Құндыздың жас төлі мен тауарға арналған ересек құндызды тұрақты өткізу нарығы кезінде өсіру және сату айтарлықтай табыс әкелуі мүмкін.

7. Табысты есептеу. Есептеп көрейік, құндызды өсіру жөніндегі бизнес‑идея қандай табыс әкеледі екен.

Құндыздың екі жұбы үшін шамамен 15 000 теңге беру қажет. Құндыздың ұрғашысында 5-6 күшіктен болады. Кемінде жылына 2-3 күшік алуға болады. Жануарды бауыздау үшін оларды 6 айлық жасқа дейін өсіру керек. Құндызда шамамен 1,5 кг ет болады, ол базарда шамамен 4 000 теңге тұрады. Яғни, 6 айдан кейін бизнестің бұл идеясы алғашқы пайдасын әкеледі, ескере кететіні, бұл тек құндыз етін сатқаннан түсетін пайда.

Мәселен, 5 құндыз * 1,5 кг * 4000 теңге = 30 000 теңге.

Бір теріні базарда 2 000-2 500 теңгеге сатуға болады, бәрі өңдеу сапасына байланысты.

Мәселен, 5 тері * 2 000 теңге = 10 000 теңге.

Шығар қорытынды, егер тек бір ғана жұп құндызды ұстасаңыз, онда 6 айдан кейін мынадай табыс алуға болады: шамамен 30 000 теңге, және жануардың терісі үшін 10 000 теңге, сомасы – 40 000 теңге. Ал егер бір ғана жұп емес, мәселен он жұп болса ше?



8. Пайдалы сілтемелер:

http://www.nutree.ru/kormlenie/

http://www.zooclub.ru/mouse/nutr/7.shtml

http://yesyes.ru/business-89-page-1.html

http://prohoz.ru/vybor-nutrij-i-osobennosti-razvedeniya-nutrij/

http://businessideas.su/biznes-na-domashnih-zhivotyh/56-biznes-ideya-po-razvedeniyu-nutrij.html

http://www.bibliotekar.ru/domovodstvo-2/61.htm

http://domashnie-zhivotnye.mixblog.com.ua/426.html

25. Қой өсіру





  1. Жалпы ақпарат. Қойлар – бұл қуысмүйізді қостұяқтылар тұқымына жататын үй жануарлары.

Қойдың жүні тоқыма, құрылыс және тіпті авиациялық өнеркәсіпте де пайдаланылатын керемет шикізат болып табылады. Қой терісі – бұл қойдан алынатын шикізат. Қолданылатын саласы бойынша қой терісін үш топқа бөлуге болады:

    • тон терісі (қысқы сырт киім тігуге пайдаланылады);

    • үлбір қой терісі (пальто, бас киім, жаға);

    • былғары қой терісі (былғары және галантереялық тері, аяқ киім күдерісі, шевро, лайка қолғап).

Қой сүті – құнды әрі өте сіңімді тағам. Қой сүтінің қышқыл сүт өнімдері мен тамаша ірімшігі әлем елдерінің тағам талғағыштары арасында ерекше танымал әрі үлкен сұранысқа ие. Ірімшік атаулының өзі қаншама: сүзбе ірімшік, рокфор және т.б. Ет өнімі – қой еті (ересек мал еті) және тоқты еті (жас қой еті) көптеген отбасылардың мерекелік үстелінің міндетті атрибуты болып табылады.

  1. Қой тұқымдары. Жалпы қойдың шамамен 600-ге тарта тұқымы бар. Әртүрлі тұқымдар арасында ерекше танымал түрлері мыналар:

  • қойдың еділбай тұқымы;

  • оңтүстік-қазақстандық меринос;

  • солтүстік-қазақстандық меринос.

Мәселен, еділбай тұқымы – құйрықты, қылшықжүнді етті‑майлы бағыттағы қой. Еділбай тұқымына жататын қошқарлардың салмағы 60-80 кг.

3. Қой ұстау. Үй жанындағы шаруашылықтарда малдарды түрлі типтегі арнайы ыңғайландырылған қораларда ұстайды. Қой қора жарық, құрғақ, кең болуы керек. Мүмкіндікке қарай, еденді сазбалшықтан, топырақтан немесе ағаштан жасайды. Жерден ол 20-30 см. көтеріңкі болғаны дұрыс. Қой қоралардағы температура 5-8 С-ден төмен, ал төлдегенде 15-18 С-ден төмен болмауы керек. Қойлар ылғалды онша ұнатпайды, сондықтан үнемі құрғақ төсеніш болғаны дұрыс (сабан, ағаш үгіндісі және т.б.). Терезені еден деңгейінен 1,2 м-ден төмен болмайтындай биіктікке орналастыру қажет, түнгі кезекші жарықты да қарастырған артық болмайды.

Қой қорада жем салатын аттақыр, суаратын астау және қораның ішкі жағынан да базадан да уақытша қалқа жасау үшін қалқандар орнатылуы керек. Жем беру үшін аттақыр мен астаудың ұзындығы бір қойға шамамен 30-40 см.‑ден болуы керек. Мәселен, бес қой үшін жем беретін астаудың ұзындығы 1,5-2 м болуы қажет. 



Қой қырқу. Қойды азықтандыру мен суаруға дейін қырқу керек. Қой қырқу барысында олардың жүні құрғақ болғаны дұрыс. Қырқым үшін арнайы серпілі қайшылар немесе қой қырқуға арналған машинкалар пайдаланылады (қырқу машинкасы).

4. Қой жемі – пішен, сабан, сүрлем, сұлы, арпа, кебек, құрама жем.

Жазғы кезеңде қойға қысқа қарағанда жемді азырақ беруге болады, өйткені олар өрісте жайылады. Егер шығынды аз жұмсау үшін ауылда тұруды жоспарласаңыз, пішен мен сабанды өзіңіз де шабуыңызға, ал сұлы мен арпаны шаруа қожалықтарынан арзан бағаға сатып алуға болады.



5. Қой өсіру. Төлдеу мүмкіндігі 6-8 айлық тоқтыларда болады. Бірақ күйекті (қой қашыру) бір жастық кезеңнен немесе бір жарым жастан ерте бастамау керек. Тек өте жақсы дамыған тоқтыларды ғана алғаш рет 10 айлығында қашыруға болады. Қойлардың буаздық мерзімі орташа есеппен бес ай (142-155 күн). Қыста төлдету үшін (қаңтар –ақпанда) қойды тамыз бен қыркүйекте қашыру қажет. Ал көктемгі төлді алу үшін (сәуір – мамыр) қошқарды қойға қараша не желтоқсанда салу керек. Төл алуды жоспарлағанда көктемде туған төлдің қыста туған және сол уақытқа дейін күшейіп алған төлге қарағанда көктемгі тұрақсыз ауа райын ауыр көтеретінін ескеру керек. Бұдан бөлек, қыста туған қозы жайылымға шығару басталғанға дейін жемді жақсы жейді, ол салқын тиетін ауруларға да көп шалдықпайды.

6. Өнімді өткізу. Көп табыс табу үшін жөнге келтірілген өткізу рыногы аса маңызды. Бұл үшін бернеше нұсқалар бар: базарда өзіңіз сату; газетке, интернетке жарнама беру; бәлкім сіз өзіңізбен үнемі келісімге келетін, тауарыңызды тұтас сатып алатын бір саудагерді тауып аларсыз; дәмхана, мейрамхана, кәуәп орталығы басшыларымен бұл өнімді жеткізу туралы келіссөз жасау.

7. Болжамды есептеулер.

7.1. Шығыстар:

  • жас қозыларды сатып алу (6 айлық) – 8 000 теңге ( 1 қой бағасы) * 6 қой = 48 000 теңге.

  • сабан - 3 тонна = 15 000 теңге.

Бір күнде қой 2 кг. сабан жейді, айына 60 кг, ал 60 кг * 8 айға = 480 кг (1 қойға) * 6 қойға = 2 880 кг, бұл шамамен 3 тонна.

Құрама жем (3 қап 50 кг-ден) – 500 теңге * 3 қап = 1 500 теңге * 6 қап = 9 000 теңге.

Барлығы: 72 000 теңге.

7.2. Табыс:

Қой сату 25 000 теңге * 6 қой = 150 000 теңге.



8. Пайдалы сілтемелер:

http://fermer02.ru/animal/ovca/284-razvedenie-ovec.html

http://bibliotekar.ru/domovodstvo-2/58.htm

http://prohoz.ru/zhivotnovodstvo/ovcevodstvo/

26. Бөдене өсіру



1. Жалпы ақпарат. Кәдімгі бөдене – тауықтар жасағына, қырғауылдар тобына жатады. Бұл құс осы жасақтың ең кішкентай өкілі болып саналады. Оның денесінің ұзындығы бар болғаны 16-20 см, салмағы – 80-150 г. аралығында болады.

Ең алдымен, бөденені қандай мақсатта өсіретініңізді шешіп алыңыз. Егер сіздің мақсатыңыз жоғары сапалы бөдене етін өндіру болса, онда калифорниялық тұқымға назар аударған дұрыс. Негізінен, бөденені жұмыртқа алу үшін өсіреді. Бұл жағдайда ең жақсы тұқым – жапондық бөденелер. Жапондық үй бөденелері 50-60 күн шамасында жұмыртқа сала бастайды (салыстырып көріңіз, тауықтар 180-210 күннен кейін ғана жұмыртқа салады). Жыл сайын әр бөдене 300 және одан да көп, салмағы 10-14 гр болатын, дәмді де пайдалы жұмыртқа береді.



2. Бөденелерді асырау: тор әлде инкубатор?

Егер сіз бөдене өсіруді жаңа туған кезінен бастағыңыз келсе, онда ең бірінші инкубатор қажет. Бөдененің жұмыртқасын инкубациялау үшін кіші көлемді тұрмыстық инкубаторды пайдаланыңыз, оны кез-келген базардан немесе арнайы дүкеннен сатып алуға болады. Көптеген әуесқой құс өсірушілер дайын зауыттық инкубатордан басқа, құрылымы жайлы, ол туралы мәлімет интернеттен оңай табылатын қолдан жасалған инкубаторды пайдаланады. Бөдене жұмыртқалары үшін инкубация мерзімі 17,5 тәулік (тауық жұмыртқалар үшін 21 тәулік). Бөденелердің балапан шығаруы белсенді түрде жүріп, 4-6 сағатта аяқталады.

Жұмыртқаны жаңадан жарып шыққан балапан жүндері үлпілдеп тұрады. Әрине, олардың тауық балапандарына қарағанда көлемі әлдеқайда кішкентай (дүниеге келген балапанның салмағы 6-8гр.) Дені сау бөденелерді арнайы дайындалған жәшіктерде немесе торларда, яғни, брудерларда өсіреді. Брудерді дайындау үшін фанера, пластик немесе картон пайдаланылады. Тағамдық жұмыртқа алу мақсатында үй бөденелерін асыраған кезде әдетте биіктігі 20 см-ге дейінгі торлар пайдаланылады. Оның көлемі торға салынатын бөденелердің санына байланысты, шамамен 180-200 см². жерге бір балапан орналасады деген есеппен жасалады. Егер Сізге диеталық тағамдық (ұрықтандырылмаған) жұмыртқа қажет болса, онда торда тек қана ұрғашы бөденелерді ұстауға болады.

3. Бөденелерді өсіру техникасы.

Бөдене өсіретін орында, әсіресе, алғашқы үш аптада жоғары температураны сақтау қажет, өйткені бұл кезеңде бөдене балапандарының жылуды реттеу мүмкіндіктері өте әлсіз болады. Алғашқы үш аптада балапандар орналасқан орын күндіз-түні жарықтандырылады. Бұдан әрі күндізгі жарықтың берілуі күн сайын 2 сағатқа қысқарып отырады. Торда немесе жәшікте 3 апталық балапандарды ұстаған кезде, әр басқа – 50 см². орын келетіндей болуы керек, 3-6 апта аралығында жәшіктің ауданы әр бөденеге 90 см². болуы тиіс. Жас бөденелерге су беру үшін вакуумдық суғарғыштар (төңкерілген шыны құтылар) қажет. Торларға кішкентай ыдыс суғарғыштар орнатуға болады. Ал екінші аптадан бастап ниппельдер орнатылады. Оларды кез келген бөдене балапаны жете алатындай биіктікке орнатады. Алғашқы аптада бөдене балапандарын 2 сағат сайын тамақтандырады. Бұдан кейін біртіндеп тамақтандыру саны қысқарып отырады. Бөдене балапандарын өсірудің алғашқы аптасында қатты пісірілген, майдалап ұнтақталған тауық немесе бөдене жұмыртқаларын, қатық, манный жармасын, одан кейін балапандарға арналған зауыт жемдерін беріп, біртіндеп ересек құстардың ережесіне көшіреді. Үшінші күннен бастап кәдімгі жемдерді де беруге болады. Алғашқы аптада бір бөдене балапаны күніне 4 гр., екінші аптада 7 гр., бұдан әрі 13-17 гр.-ға дейінгі мөлшерде жемді қажет етеді. Жетінші аптадан асқан кезде 25 гр. жем жейтін болады. Жемді мөлшері 20х20 см болатын төртбұрышты ыдысқа шашады. Құрғақ жемнің үстіне міндетті түрде жем шашылып кетпеуі үшін темір тор (10х10 мм.) қойылады.



4. Өткізу нарығы. Бұл өндірістен кіріс тек өткізу нарығы жолға қойылғанда ғана түседі. Сондықтан да бірден, сіз тұратын қаланың немесе аудан (облыс) орталығының қандай сауда нүктелерінде тауарды сатуға болатынын анықтап алған жөн. Сондай-ақ, сіздің елдімекенде (немесе жақын жерлерде) бөдене өсірумен айналысатын адамдардың бар-жоқтығын және де олар бар болса, олардың өткізу нарығы қалай ұйымдастырылғанын біліп алғаныңыз дұрыс.

5. Болжамды есептеулер.

5.1. Шығыстар:

  • тұрмыстық инкубаторды сатып алу – 20 000 теңге.

  • инкубациялық жұмыртқаны сатып алу (200 дана 50 теңгеден) – 10 000 теңге.

  • торларды сатып алу және орнату – 15 000 теңге.

  • жылына сатып алынатын жем – 20 000 теңге.

Барлығы: 60 000 теңге.

5.2. Табыс:

  • жұмыртқаларды сату: (100 бөдене жылына 30 000 жұмыртқа салады, бір жұмыртқаның бағасы – 50 теңге.) – 1 500 000 теңге.

  • ет сату (100 бөдене еті 1-2 айда өсіп жетіледі) – 300 000 теңге.

Барлығы: 1 800 000 теңге.

7. Пайдалы сілтемелер:

http://www.perepel.com/forum/

http://perepel-k.ru/

http://perepel-k.narod.ru/Pg2.htm

http://fermer.ru/sovet/ptitsevodstvo/2903

http://honeygarden.ru/viewtopic.php?f=3&t=12

http://www.perepel-kz.narod.ru/vira_per.html

http://dv0r.ru/forum/index.php?topic=431.msg89584

http://www.orlovdvor.ru/razvedenie_perepelov/

27. Шаян өсіру





  1. Жалпы ақпарат. Өзен шаяны - жер шарының барлық түкпірінде үлкен сұранысқа ие бағалы омыртқасыз жануар. Өзен шаяны немесе crawdad, кішкентай омарды еске түсіретін тұщы су шаяны тәрізді болады. Олар желбір арқылы тыныс алады, су тоғандарында кездеседі, негізінен жыртқыштардан қорғаныс болатын, тұщы суы бар жылғалар мен ағындарда кездеседі.

Өзен шаяндарын өсіру 16%-ға дейін ақуызы мен 0,5%-ға дейін майы бар жоғары сапалы диеталық және дәмді ет алуға мүмкіндік береді. Шаяндар сорпа, тұздық және салаттар әзірлеу үшін пайдаланылады. Пісірілген мойындары мысалы балық тағамдарына гарнир ретінде беріледі.

  1. Шаяндардың түрлері. Қазақстанда өзен шаяндарының екі түрі кездеседі: еуропалық және қиыр шығыстық. Аса танымал және кәсіптік мәнге ие түрлері еуропа шаяндары болып табылады. Соңғыларының өз кезегінде екі түрі кездеседі: кеңашалы және ұзынашалы. Кеңашалы секілді түрді жемісті етіп өсіруге болады, өте кең әрі күшті етті қысқыштарымен ерекшеленеді, оның кең етті көкеттері (иірім) бар, оны аспаздық және консервілеу ісінде «шаян мойыны» деп атайды.

  2. Бағу. Бақша маңындағы учаскеде шаяндарды өсіру үшін жасанды тоғанды пайдалануға болады. Тоған құрылысының технологиясы арнайы білім мен дайындықты талап етпейді. Шаяндар таза, тұрмыстық немесе өнеркәсіптік қалдықтармен ластанбаған тоғандарды ұнатады, олардың тереңдігі әдетте 2-5 м., бірақ жекелеген жағдайларда 8-15 м.-ге дейін жетуі мүмкін.

Жасанды тоған құрылысы туралы қосымша ақпаратты сіз мына сілтеме бойынша ала аласыз:

http://crayfishmaster.narod2.ru/stroitelstvo_iskusstvennogo_vodoema_dlya_viraschivaniya_rakov/

  1. Жем. Өзен шаяндары табиғи жолмен тоғандарда тіршілік ететін, өз кезегінде ұсақ балдырлармен (фитопланктонмен) қоректенетін, ұсақ омыртқасыз жәндіктерді азық етеді (дафний, циклоп, коловраток және т.б). Шаяндарға да қосымша жем беру қажет. Шаяндарды кешқұрым азықтандырады, шаяндар жиналатын орындарға бұзылған ет пен балық қалдықтарын, түрлі көкөніс кесінділерін, нан қоқымын, түрлі суланған дәнді бидайларды, нанның жұмсақ жомдарын суға араласқан күйде немесе май шығару өндірісінен қалған қалдықтарды тастайды.

Табиғи жемдік базасы бар тоғандарда өзен шаяндарын өсіру бастапқы кезеңде шығындарды азайтады.

5. Көбейту. Шаяндарды көбейтудің екі түрлі шаруашылық тәсілдері бар – тоғандық және зауыттық. Бастапқы кезеңде тоғандық түрі тиімді болып есептеледі. Шаяндар тоғанға мына жолмен орналастырылады: 40-50 ұрғашысына еркектерін 3:1 есебімен жібереді, өйткені шаянның еркегі бірнеше ұрғашысын ұрықтандыра алады. Олардың көбеюі көктем түскенде басталады. Шаяндардың шағылысуынан кейін құрттары жарып шыға бастайды, олар табиғи жағдайда өсіп дамиды. Бұл тәсіл ең қарапайым және бақша маңындағы учаскеге орналастырылған тоғандарда өзен шаяндарын өсіру үшін ыңғайлы. Бұл ретте иесінің рөлі су тоғанында тек қажетті жағдайларды жасау (оттегі режимі, судың кермектігі, рН), өзен шаяндарының сәйкес экологиясын сақтау, сондай‑ақ жемдік база жетіспесе, оларды қосымша жеммен қамтамасыз ету болып табылады.

6. Сату. Бизнес ұйымдасқан маркетинг болғанда ғана сұранысқа ие және табысты болады. Шаян бизнесінің бастапқы кезеңі үшін әлеуетті сатып алушыны іздеу мақсатында сіз тұратын қаланың барлық мейрамханаларына хабарласып шығу қажет. Егер жоспарлағандай сұраныс байқалмаса, онда базарлардағы балық сатушыларына өнімді өткізу керек. Тұрақты өткізу кезінде жас шаяндар мен тауар шаяндарын өсіру және сату айтарлықтай табыс әкеледі.

7. Болжамды есептеулер.

7.1. Шығыстар шаяндарды өсіргенде болмайды десек те болады. Жемге шығыстар қажет емес, өйткені шаяндар табиғи жолмен қоректенеді. Сіздің тоғаныңыз толығымен өзен шаяндарын асырауға дайын болғанда олар тіршілік ететін басқа тоғандардан тағы алуыңызға болады, сосын орнына әкеліп, карантиннен кейін жаңа тоғанға салуыңызға болады, осылайша шығын үнемделеді.

Егер Сіз тұратын жерде өзен шаяндары мекен ететін тоғандар болмаса, оны сатып ала аласыз. Тірі шаяндардың орташа бағасы бір келісі үшін 900-1 100 теңге, бұл 6-12 талды құрайды. Бастапқы кезеңде 10 кг аласыз * 900 теңге = 9 000 теңге, бұл 60-120 талды құрайды.

7.2. Табыс. Бір ұрғашысы бір жылда 60-тан 900-ге дейін уылдырық беретінін ескерсек, 50 (ұрғашы) * 400 (бір ұрғашысына келетін орташа уылдырық саны) = 20 000 уылдырық, оның 20 000 уылдырығынан 1000 кг шаян алуға болады, 1000 кг * 900 теңге = жылына 900 000 теңге.

8. Пайдалы сілтемелер:

http://crayfishmaster.narod2.ru/

http://www.aquatoria.net.ru/articles/rak.htm

http://msd.com.ua/fish-farming/rechraki/

http://novaode.ucoz.ua/publ/8-1-0-71

http://seloonline.com/index.php?topic=2.0

Интернет арқылы іздеу. Сіз Интернет арқылы да осы тақырып бойынша көптеген материалдармен таныса аласыз. Ол үшін іздеуге арналған сайттар, мысалы www.google.kz, www.rambler.ru, www.yandex.ru сияқты жүйелерде «шаян өсіру» және т.б. кілт сөздерді теру керек.

28. Өз бақшаңда тұқым өсіріп, оны сату



1. Жалпы ақпарат. Бұл бизнесті кез келген қалада, ауылда, аудан орталығында немесе облыс орталығында ұйымдастыруға болады Бір кемшілігі бұл – тек маусымдық бизнес.

Егер сіз бұл бизнеспен айналысуды шешсеңіз, бірінші кезекте тұқым сататын жақсы фирма табыңыз. Бастысы, бұл фирманың тұқымдарды өзі өндіретініне, тұқымдардың отырғызуға дайын ба екеніне, отырғызу үшін өңделгендігіне назар аударып, өзіңіз алда жұмыс істейтін тұқымдардың тізімін жасаңыз. Тұқымдардың қорапшасына назар аударыңыз, себебі көптеген сатушылар тұқымды мүшектеп сатып алып, сосын барып оны қолдан кішкентай қалталарға салып, базарлар мен түрлі адам көп жүретін орындарда сата береді.

Сонымен, сіз тұқымдардың тізімін жасап алдыңыз. Содан кейін парник салып, жер учаскесін дайындап, кәсіпті бастай беріңіз. Тұқым отырғызып, оған күтім жасаңыз және т.б. (бұл үрдіс жөнінде бақша егуге арналған кез келген журнал мен кітаптан ақпарат ала аласыз. Көкөніс дақылдарын өсіріп, олардан келесі жылы бақша егуге және сатуға тұқым алыңыз.

2. Технология. Енді бақша өсімдіктерінен тұқымдарды дұрыс жинап алу үшін бірнеше кеңестерге тоқталайық.

Шалғам тұқымын бірінші жылы отырғызып-ақ алуға болады. Жетілген өскінді таңдап, топырақ деңгейіне дейін жапырақтарын кесіңіз, өсетін жоғарғы жағын қалдырыңыз. Сонымен қатар тамырын жартысына дейін жоныңыз. Өсімдікті жаңа, жақсы өсетін топыраққа отырғызыңыз. Көп күттірмей, осы жылы-ақ гүлдері мен тұқымы пайда болады.

Сәбіз, қызылша, петрушка, сельдерей, пастернак пен шалғам тұқымдарын күздің соңында жинап, жертөлеге қояды немесе 0,5 м. тереңдікке қорапқа жабады. Көктемде құнарлы топыраққа сеуіп, гүлдері шыққанда сабақтарын сынып қалмас үшін байлап қою керек.

Екінші жылы орамжапырақтың да тұқымдары шығады. Орамжапырақты жертөледе көктемге дейін сақтаңыз. Егер ол бұзыла бастаса, оны уақытша топыраққа отырғызыңыз, сосын барып бақшаға қайта отырғызасыз.

Алдымен тұқымдар арқылы жуа мен сарымсақты көбейтуге болады. Жаз айларында тұқымнан жуа дәнін өсіріп, одан жуаның өзін өсіруге болады. Қысқа қарай, алғашқы үсіктерден кейін, сарымсақтың (чеснок) тұқымын отырғызыңыз. Бірінші жаз ішінде біртісті сарымсақ өсіріп шығасыз, оны тағы қысқа қарай отырғызсаңыз, тіртері бар сарымсақ аласыз.

Тұқым арқылы асқабақ пен бақша дақылдарының қажетті сортын алу үшін жасанды будандастыру әдісін пайдалану керек. Асқабақ, кабачок, қиярлардың ірі, әлі ашылмаған аналық гүлдері (ол тұқымымен болады) мен аталық гүлдерін алыңыз. Әр гүлді дәкемен байлап қойыңыз, бұны кешкі уақытта істеу керек. Таңертеңгі 11-ге дейін оларды шешіңіз де аталық гүлдер мен аналықтарды бір-біріне жақындату арқылы будандастырыңыз. Будандасқан аналық гүлді қайта байлап қойыңыз. Тұқым үлкейіп, өсе бастағанда марліні шешіңіз де оны ашық түсті лентамен белгілеп қойыңыз.

Қиярдың тұқымын әбден жетіліп сарғайған түрінен таңдаңыз. Қиярды екіге бөліп, тұқымды қиярдың ішіндегі жұмсақ массасымен бірге алыңыз, бірнеше күн ашытыңыз, содан соң жуып, кептіріңіз. Асқабақ дақылдылардың тұқымын бірден жуып, кептіріңіз.

Қызанақ тұқымын да әбден піскенінен ішкі жұмсақ массасымен бірге алыңыз. Оларды бір аптадай ашытыңыз, содан кейін жақсылап жуып, кептіріңіз.

Бұршақ дақылдылардың тұқымын жақсы жетілген, сарғайған сабақтарынан алыңыз. Оларды ашып, тұқымын әбден кептіріңіз.



3. Сақтау. Тұқымдарды қараңғы, салқын және құрғақ жерде матадан немесе қағаздан жасалған мүшектерде сақтаңыз. Барлығының сыртына аттары мен жиналған мерзімін жазып қойыңыз.

Тұқымдарды жинап алғаннан кейін сіздің жұмысыңыздың келесі сатысы басталады. Әр дақылға өз қалташасын жасатыңыз. Сыртына тұқым атауын, жалпы сипатын мен суретін орналастырыңыз. Әдетте бір А4 форматындағы парақтан екі қалташа жасауға болады. Параққа пішінін келтіріп алыңыз (полиграфиямен айналысатындарға жасатуға болады), содан соң шығарып, көбейтіңіз (принтер, ксерокс, ризограф, офсет). Қалташаларға белгілі бір мөлшерде тұқым салып, степлермен өзіңіздің жеке визиткаңызды кыстырыңыз (ол сатып алушының дақылды өсіруге қатысты сізден кеңес сурауы үшін қажет, сатып алушылар ол арқылы тұқым сатып алу мен т.б. мәселелер бойынша сізге хабарласатын болады, сонымен қатар, егер сіз байланыс телефоныңызды көрсетсеңіз, бұл сізге деген сенімді арттырып, сатып алушылар алдындағы беделіңізді көтереді).

Егер сіздің қалташалар жасатуға ақшаңыз болмаса немесе сіз бұл бизнесті жаңадан бастап жатсаңыз, тұқымдарға арналған қалташаларды қарапайым ақ қағаздан (кеңселік болғаны дұрыс) жапсырып жасауға болады. Ал барлық қосымша ақпаратты қолдан жасалған штамп немесе басқа нәрсе арқылы енгізуге болады.

Барлығы дайын болғаннан кейін, өніміңізді базарға шығаруға немесе өз тауар өткізу жолыңызды ойластыруға болады.



4. Болжамды есептеулер.

4.1. Шығындар. Бизнестің маусымды екенін ескере отырып, шығыстар мен табыстарды бір айға емес, жыл бойына есептеу керек. Дұрыс ұйымдастырылған жағдайда алғашқы кездері тұқым алуға көп қаржы жұмсамауға да болады.

4.2. Табыс. Бизнес дұрыс ұйымдастырылған жағдайда жылдың екі айында (наурыз бен сәуір) қомақты табысқа кенелесіз.

Интернет арқылы іздеу. Сіз Интернет арқылы да осы тақырып бойынша көптеген материалдармен таныса аласыз. Ол үшін іздеуге арналған сайттар, мысалы www.google.kz, www.rambler.ru сияқты жүйелерде «тұқым өсіру» және т.б. кілт сөздерді теру керек.

29. Эму түйеқұстарын өсіру



1. Жалпы ақпарат. Эму түйеқұстар тұқымдасына (ұшпайтын құстар), түйеқұс, киви және басқа да бірқатар құстар қатарына жатады. Бұл құстардың барлығының алдыңғы қанаттары жоқ. Эму Австралиядан шыққан. Ересек түрлерінің салмағы 75 кг және бойы 170-190 см.-ге жетеді. Ірі қара мал өсіргенге қарағанда эмуды өсірудің бірқатар артықшылықтары бар – олар қоршаған ортаға тез бейімделеді, тақыр жерлерде және басқа да аз пайдаланылатын жерлерде өмір сүре береді, ерекше күтімді қажет етпейді, сондықтан әбден жанама өндіріс көзі бола алады. Үшіншіден, эмуды өсіру арқылы өнімнің бірнеше түрлерін алуға болады.

2. Бағу. Өздерін қоршауда да, қора-жайларда да емін еркін сезінуі үшін түйеқұстар өсірудегі міндетті элементтердің бірі топырақ болып табылады. Оларға кең жер керек. Түйеқұстарға арналып салынатын құрылыс алаңы құрғақ жерде болуы тиіс. Өйткені түйеқұстар құрғақ аудандарда тіршілік етуге үйренген, олар желдің өтіне өте шыдамды, суықты да жақсы көтереді, қар үстінде еш қиындықсыз жүре береді. Қораларда бағу үшін температураны +15 градуста ұстаса да жеткілікті.

3. Жемі. Түйеқұстар негізінен шөпқоректілер және жайылымдардағы, бұталардағы шөп-шалаңмен, ағаш өскіндерімен қоректенеді. Азық ретінде жәндіктер мен ұсақ омыртқалыларды жиі пайдаланады. Түйеқұстарды асырау барысында жемі үшін қандай да бір экзотикалық тағам қажет етілмейді. Жемнің берілуіне қарай түйеқұстардың басқа үй құстарына қарағанда салмағы үлкен болады.

4. Эмуды асырау. Бұл түйеқұстар үшін аналықтарының жұмыртқалар салып, төлдеулері арқылы топтық көбею тән. Бұл жағдайда жұмыртқаларын, жас төлдерін, өсіңкіреген және үлкен түрлерін сою үшін сатуға болады. Құс өсіруді жаңадан қолға ала бастағандар үшін инкубаторлық әдіс ұсынылады. Эмуды өсірушілер үшін олардың жұмыртқа басуын үнемі бақылап жұмыртқаларын жинау, оларды кірден тазартып инкубаторға орналастыру қажет. Эму бір маусымда 20-50 жұмыртқа салады. Нақты алғанда бұл құс әр үш күн сайын 1 жұмыртқа табады. Стандартты көрсеткіш бойынша балапандардың 85% пайызы жарып шығады. Сау түйеқұстар 25-35 жыл бойы өнім береді, яғни көбейту үшін сатып алынған түйеқұс жұптарын көпжылдық инвестиция ретінде қарастыруға болады. Ұрғашылары температура ауысуына өте төзімді – барлық климатта жақсы көбейеді.

Инкубатор балапандарды шығару процесінде температура мен ылғалдылықтың қажетті деңгейін қамтамасыз етеді. Ол ауа алмасуын және салынған жұмыртқалардың бірқалыпты аударылуын қамтамасыз етеді. Бұл факторлардың барлығы балапандардың сапа көрсеткіштеріне әсер етеді. Инкубациялық кезең 50-55 күнге созылады. Бұл кезеңдегі күтімге мыналар жатады: эмбрионның дамуын бақылау, өлі жұмыртқаларды алып тастау, санитарлық жағдайды қамтамсыз ету. Балапандарды өсіру дегеніміз – оларды жабынмен қамтамасыз ету мен серуендету және оларға жем беру. Балапандарға жылы, желдетілетін, гигиеналық нормаларға сай қора қажет. Оларды серуендеуге шығарып тұру денсаулықтарын нығайту және аяқтарының қисаймауы үшін қажет.



5. Сату. Эму түйеқұстарын өсіру арқылы мынадай өнімдер алуға болады: дәмі мен құрылымы бойынша сиыр етіне ұқсас майлы емес, түрі қызыл ет, жұмсақ, қауырсын құрылымына ұқсас мықты тері, құрамында олеин қышқылы бар, тері арқылы биоактивті элементтердің өтуін арттыратын өзіндік қасиетке ие май. Қауырсынын сән салондары бас киімдерді декоративті сәндеу үшін, балық аулауда қалтқы жасау үшін, ал өнеркәсіпте тазартқыш құралдарын әзірлеу үшін пайдаланады. Жұмыртқасының қабықшалары мен тырнақтарын зергерлік өнерде пайдаланады.

Эму еті және жұмыртқасын мейрамханалар, экзотиканы аңсайтын азаматтардың жекелеген санаттары аса қызығушылықпен сатып алады, өңделген етін салқын және ыстық тағамдар үшін пайдаланады.



6. Болжамды есептеулер.

6.1. Шығыстар:

Түйеқұс сатып алу (жастары – 1-2 ай) – 2 тал * 40 000 теңге = 80 000 теңге.

Белгілі бір жасқа жеткенде бұл жұп жылына 30 жұмыртқа береді. Жемге кететін шығын бір түрі үшін жылына шамамен 200 кг құрама жем * 35 теңге = 7000 теңге * 2 түйеқұс = 14 000 теңге.

Барлығы: 94 000 теңге.



6.2. Табыс:

1 кг етінің құны 5 000-6 000 теңге * 75 кг (1 түрінің салмағы) = 375 000 теңге.

Түйеқұстың 1 жұмыртқасының бағасы шамамен 3 000-4 000 теңге * 30 (бір жылғы бір жұптың беретін жұмыртқа саны) = 90 000 теңге.

Басқа да өнімдерді (қанаттары, майы, терісі, тырнағы, қауырсыны) сату арқылы сіз өз табысыңызды айтарлықтай арттыра аласыз.



Түйеқұс фермаларындағы табыстың қосымша көзі экскурсиялар ұйымдастыру болуы да мүмкін. Түйеқұстарды көргісі келетіндер әрқашан табылады. Сонымен қатар ферма жанындағы мейрамханадан тамақтануды және кәдесый сатып алуды ұсынуға болады. Әрине, мейрамханада түйеқұс етінен және жұмыртқасынан жасалған тағамдар міндетті түрде болуы керек.

7. Пайдалы сілтемелер:

http://www.business-magazine.ru/ideas/niches/pub291676

http://www.fadr.msu.ru/rin/vestnic/vestnicapr99/2-2-99.html#1

http://www.fermer.ru/forum/strausy/55499

http://issyk.info/index.php?id=59

http://straus.yug.net.ua/straus.html

30. Үйрек пен қаз өсіру





  1. Жалпы ақпарат. Үйрек пен қаз – үй шаруашылығындағы пайдалы құстардың бірі. Олар күй талғамайды, ет пен майды, өте жақсы қауырсын мен мамықты мол береді. Үйрек пен қаз өнімдері: біздің тағамдық тұтынуымызда құнды болып саналатын еттері, қаздың майлы бауыры, олардың майы.

  2. Ғимарат. Үйрек те, қаз да төзімді құстар қатарына жататындықтан, тақтайдан тығыз етіп жасалған қоралар олар үшін әрі арзан әрі қолайлы болып саналады. Оның едені жерден сәл жоғары етіп жасалуы керек. Әрбір қораны екіге бөлген тиімді болар еді: біріншісін – үлкендеу етіп демалыс пен серуендеу үшін, екіншісін – кішілеу әрі аздап қараңғылау етіп құстардың дамылдап отыруы мен жұмыртқа салуы үшін. Үйрек пен қаз өсірудегі ең маңызды нәрсе таза төсеніш пен міндетті түрде ауаны желдетіп тұру болып табылады. Әрбір құстың ұясын жасанды түрде бір-бірінен бөлек ету үшін шөп, сабан, қурай, құрақ сынды немесе басқа да шөптермен жауып немесе қоршап қою керек.

  3. Құрал-жабдықтар. Егер сіз құс өсіруді балапан кезінен бастағыңыз келсе, сізге инкубатор қажет болады. Жұмыртқалардың инкубациясы үшін арнайы дүкендерде сатылатын кішігірім кез келген тұрмыстық инкубаторлар қолданыла береді. Дайын зауыттық инкубаторлардан басқа әуесқой құс өсірушілердің көбісі қолдан жасалған қарапайым инкубаторларды пайдаланады. Оларды құрастыру туралы мәліметтер интернетте жетерлік. Қаз балапандарының жұмыртқаны жарып шығу мерзімінің басталуы – 29- күн, жаппай шығатын күні – 30-күн, шығудың бітетін күні 31-күннің бірінші бөлігі, ал үйрек балапандарының шығуы 27- күні басталып, жаппай шығу – 28-күні жалғасады.

  4. Негізгі жем. Үйрек пен қаз балапандарының алғашқы қорегі – ұсақтап туралған пісірілген жұмыртқа, салат, әртүрлі көк-сөк, пісірілген күріш немесе тары. Екі аптаға дейін оларға әрбір екі сағат сайын жем беру керек. Одан кейін жем беруді тәулігіне 5-тен 3 ретке дейін қысқартуға болады. Бұдан кейін үйрек пен қаз балапандары қанаттанып, шамамен 2 айдай өсіп-жетілген уақытта оларды жетілген құстардың қорегіне көшіруге болады. Ал ересек үйрек-қаздарды жаз бен күзде көбінесе жайылымда ұстап, кешкі мезгілде ғана қоспа жеммен немесе дәнмен қоректендіруге болады. Үйрек пен қаз балапандарының тиімділігі сол, олар бар болғаны алғашқы 1,5-2 ай мерзімде ғана айтарлықтай калоритті жемді қажет етеді де, бұдан кейінгі уақытта оларды негізінен жайылымда өсіруге болады. Жайылымнан оралған уақытта күніне бір рет құстарды бақшаның көк шөптерімен: тамырлы жемістердің собығы, арамшөптер, адам тұтынуына жарамсыз жемістер мен көкөністердің, асхана, дән мен ұн қалдықтарынан дайындалған быламықпен қоректендіру керек.

  5. Үйректер пен қаздарды көбейтудің технологиясы. Оларды көбейтудің бірнеше тәсілдері бар: күріктеусіз, аналық ұрғашы қаз арқылы және күрік бастыру арқылы.

    • Үйректер мен қаздарды күріксіз көбейту тәсілі. Үйректер мен қаздарды күріксіз көбейту тәсілін қолдану барысында балапандар жарып шыға салысымен құс қорада + 32ºС температурасын сақтауды қамтамасыз етіп, оны 10 күн бойы күнаралатып 1ºС-ге төмендету керек. Бұдан кейінгі әрбір үш күн сайын 2ºС-ден төмендете отырып, қорадағы жылуды 8ºС-ге дейін төмендетпейінше осындай қалыпта ұстайды. Құс қораны балапандар тіршілігінің 22-күнінен бастап жылытпай-ақ қойса да болады немесе температура аяқ-астынан төмендеп кеткен жағдайда ғана жылыту керек. Оларды суға 14 күндік болған кезде күріксіз жіберуге болады, алайда су өте салқын және оның ағысы тым қатты болмау керек.

Ауа райы мен сыртқы температураны ескере отырып, үйрек пен қаз балапандарын жайылымға үйрете бастайды.

      • Күрікпен көбейту. Құстарға қолайлы жайылым ұйымдастырған жағдайда ғана жүзеге асуы мүмкін. Қаз балапандарын буындары қатайған кезде немесе туа салысымен-ақ жайылымға жіберуге болады.

      • Қаз бен үйрек балапандарын тор астында өсіруге болады. Қаздар мен үйректерді жұмыртқа шығаруға отырғызудың қолайлы мезгілі – наурыз айының аяғы, сәуірдің ортасы. Осы уақытта олардың жұмыртқа тууы тоқтап, жұмыртқа басу түйсігі пайда болады. Ерте жарып шыққан қаз бен үйрек балапандарының өсу кезеңі ең қолайлы мезгілмен тұспа-тұс келеді, себебі дәл осы уақытта олар жас, құнарлы шөппен қоректене алатын болады. Қаздар мен үйректер жұмыртқа басатын орын қараңғылау, таза, иіссіз, температурасы 12ºС-ден төмен болмауы керек. Жұмыртқа басу барысында құс қорада тыныштық болу керек, сондықтан өзге құстарды басқа жерге орналастырған дұрыс. Қаздар мен үйректер көбінесе жұмыртқа салған ұяларында ғана жұмыртқа басады. Егер жұмыртқаларды басқа жерге ауыстыратын болса, олар жұмыртқа басуын тоқтатуы мүмкін. Қаздың астына 11 – 13 жұмыртқа салады. Қаз бен үйрек балапандарын мұндай жолмен өсіру барысында жасанды жылытудың қажеті жоқ.

6. Сату. Қаздар мен үйректерді өсіру олардан алынған өнімдерді (мамық, қауырсын, тезек) толық өңдегенде ғана тиімді. Қаздың салмағы 4 - 8 кг., 600 г. мамық береді. Үйректің салмағы 1,5 кг., 3 кг. мамық береді. Етін өткізумен қатар, мамықты шикізат ретінде пайдалана отырып, жастық, көрпе жасаумен немесе тігін шеберханаларымен келісуге болады.

7. Болжамды есептеулер.

7.1. Шығыстар:

  • қаз бен үйрек балапандарын сатып алу – 1 бас – 400 теңге * 30 = 12 000 теңге.

  • жем – 3 000 теңге.

7.2. Табыс:

  • Қаздарды сату – 1 бас 3 500 – 4 000 теңге * 15 бас = 52 000 теңге.

  • Үйректерді сату – 1 бас 1 500 – 2 000 теңге * 15 бас = 22 00 теңге.

8. Пайдалы сілтемелер:

http://dom-ptica.org/vyrashivanie_i_otkorm_gusyat.html

http://www.fadr.msu.ru/rin/vestnic/vestnic2_01/2_10_01.htm#1

Интернет арқылы іздеу. Сіз Интернет арқылы да осы тақырып бойынша көптеген материалдармен таныса аласыз. Ол үшін іздеуге арналған сайттар, мысалы www.google.kz, www.rambler.ru, www.yandex.ru сияқты жүйелерде «үйрек қаз өсіру» және т.б. кілт сөздерді теру керек.

31. Қырғауыл өсіру



1. Жалпы ақпарат. Құстар – Алла жаратылыстарының ішіндегі тамаша туындылардың бірі. Олар шапшаңдығымен, сыртқы сымбаттары мен сұлулықтарымен көз тартады. Қырғауыл – ең әдемі құстардың бірі. Ол оңтүстікте кездесетін құс, алайда оны еденіне құм төселген, аналығы жұмыртқа салу үшін шөп салынған күркешесі бар ашық торлы қораларда жыл бойы өсіруге болады. Мұның бәрін үй маңындағы учаскеде жасауға әбден болады.

2. Тұқым түрлері. Азия аумағының кең көлемін мекендейтін қарапайым қырғауылдың (Phasianus colchicus) қанаттарының бояулары арқылы ерекшеленетін 30-ға жуық түрлері бар. Жалпы дене тұрқы тауыққа ұқсас болады, одан айырмашылығы ұзын құйрықтары ғана. Қырғауыл қанаттарында алтын, қою-жасыл, қызғылт-сары, күлгін және басқа да түстер кездеседі. Құйрығы сарғылт-қоңыр, жолақты болып келеді

3. Өсіру. Қырғауылдарды әдетте торлы қораларда ұстайды. Ағаш немесе темір тіректерге үш жағынан сым торларды керу арқылы тор қораларды қолдан жасап алуға болады. Қораның төртінші қанаты жағында тақтайдан жасалған сарай болады. Қырғауылға арналған қораның төбесін тормен кейде құстарды жауын мен ыстықтан қорғау үшін шатырмен жабады. Жалпы, қырғауылды орналастыру ережесі бойынша 1 м2 жерге 0,9-1,1 келеді. Оларды жұбымен, үйірімен ұстайды.

Қырғауылды күтуді құстар үнемі тоқ әрі тазалықта болатындай етіп ұйымдастыру керек. Тор қораны тазалықта ұстау – құс денсаулығын сақтаудың негізгі шарттарының бірі.



Қыс мезгілінде өсіру. Қораны арасына жылу сақтайтын жабын салынған екі қабатты тақтайлардан жасайды, оның терезесі мен желдеткіші болуы керек. Мұндай жылы жабындар шатыр мен төбенің арасына да салынады. Қораға жылытқыш құралдар орнатып, электр жарығын жүргізеді. Қыста күн жылы кезде жылу сүйетін қырғауылдарды тор қораға, күн көзіне шығаруға болады, алайда сарай есігі үнемі ашық болуы керек, өйткені қай жерде ыңғайлы болатынын құстардың өздері таңдайды.

4. Жем беру. Жемдерді түрлі топтарға бөледі, дәнді: жүгері, сұлы, арпа, бұршақты, шөпті: көк шөп (жоңышқа, беде, бұршақ, жас қалақай). Көк шөпті қырғауылдарға жаңадан шабылған жас күйінде, ұнтақтап немесе басқа жеммен араластырып, сулы быламық ретінде беру қажет. Жас шөпті жеке жем салғышқа салып та беруге болады. Қырғауыл балапандарының әр басы күн сайын 5-15 гр. жас шөп жесе, ересек қырғауылдар - 20-30 гр тұтынады.

Жас шөп каротиннің, түрлі дәрумендердің, көбіне ақуыздың қайнар көзі болып табылады. Қырғауылдың балапандарына мал жемдері ерекше қажет. Қырғауыл азығы үшін ұйыған сүт, ірімшік, қаймағы алынған сүт, ацидофильді сүт секілді сүт тағамдары да пайдаланылады. Балықты, балық ұнын алдын ала қайнатып, ұнтақтап береді.



5. Көбейту. Қырғауылдың ұрғашысы сарғыш-қоңыр түсті, жасыл теңбілдері бар 7-ден 18 жұмыртқаға дейін салады. Жұмыртқасының түрі мен үлкендігі өзгеріп отырады. Жұмыртқасының ұзындығы - 42-46 мм, ені - 33-37 мм. Жұмыртқаның орташа салмағы - 30-35 гр. Жұмыртқа басуының ұзақтығы 21-ден 27 күнге дейін жалғасады. Қырғауыл ұясы топыраққа тереңдете төселген собық, бұтақшалар, құс қанаттарынан тұрады.

Кішігірім шаруашылықтар мен бақша учаскелерінде қырғауыл балапандарын карлик (қортық) тұқымдас тауықтар (бентамка) мен үндіктер, т.б. күріктету арқылы көбейткен оңай. Күріктегіш құс балапандарды қыздырады, қауіп-қатерден сақтайды, ауладан олар үшін жем табады, әр уақытта өз жанынан тастамай, қарайлап, құстарды өсіруді біраз жеңілдетеді. Қырғауыл балапандарын күрік тауық арқылы көбейткен кезде ұялық бақшада ұстайды.

Ұялық бақша алдыңғы қабырғасы тұтас ағаштан кейде қырғауыл балапандары емін-еркін кіріп-шығатын, бірақ күрке тауық сыймайтын алынып-салынатын тормен алмастырылатындай ағаш жәшік түрінде жасалады. Қырғауыл балапандарын тауық балапандары секілді тамақтандырады. Инкубаторлық әдіс арқылы қырғауылды дәл тауық балапандары секілді көбейтеді.

6. Өнімді құс фабрикаларына, мейрамханалар мен дәмханаларға, базарларға өткізуге болады. Жергілікті басылымдарға жарнама беру арқылы өнімді тікелей сатуға да болады.

7. Болжамды есептеулер.

7.1. Шығыстарға өсіруге арналған жұмыртқа сатып алу кіреді–

100 теңге (1 жұмыртқа бағасы) * 100 дана = 10 000 тенге.

1 бас үшін құрама жем сатып алу (жылына) – 35 кг * 40 теңге ( 1 кг құны) = 1 400 теңге * 100 бас үшін = 14 000 теңге.

Барлығы: 24 000 теңге.



7.2. Табыс:

  • Ет сату - 1 кг, орта есеппен, 650 теңге.

  • Жұмыртқа сату – 10 дана – 900-1000 теңге.

  • Қырғауыл сату (айына), орта есеппен – бір құс 1 000-1 500 теңге.

  • Дербес ересек құстарды сату (жұбымен) – 7 000-8 000 теңге.

8. Пайдалы сілтемелер:

http://fermer02.ru/ptica/fazan/895-razmnozhenie-fazanov.html

http://fermer02.ru/ptica/fazan/803-vyvedenie-ptencov-pod-nasedkojj.html

http://www.prodindustry.ru/archive/2006/february/0005.php

http://fermer02.ru/ptica/fazan/400-volery-dlja-fazanov.html

http://fermer02.ru/ptica/fazan/739-ukhod-za-fazanami.html

Интернет арқылы іздеу. Сіз Интернет арқылы да осы тақырып бойынша көптеген материалдармен таныса аласыз. Ол үшін іздеуге арналған сайттар, мысалы www.google.kz, www.rambler.ru, www.yandex.ru сияқты жүйелерде «қырғауыл өсіру» және т.б. кілт сөздерді теру керек.

32. Мысыр тауығын өсіру





  1. Жалпы ақпарат. Мысыр тауығы – батыс Африкадан шыққан, тауық тұқымдастарына жататын үй құсы. Мысыр тауығы өз тұқымдасы болып табылатын тауық пен үндікке қарағанда жұмыртқа мен жабайы құс дәмін еске түсіретін аминоқышқылға бай, ерекше ет сапасының жоғарылығымен ерекшеленеді. Ересек мысыр тауығының таза салмағы – орта есеппен алғанда 1,5 кг-нан (қоразы), 1,8 кг-ға дейін (ұрғашысы), тәуліктік мысыр тауығы балапанының салмағы - 27-28 г, үш айлығының салмағы – 1-1,3 кг. Жас құстар өздерінің бастапқы салмағын 35-40 есе арттырады. Мысыр тауықтары туу маусымы кезінде 70-120 жұмыртқа табады. Олардың құрамындағы А дәрумені мен каротиноидтар тауық жұмыртқаларына қарағанда 1,5-3 есе көп. Мұнымен қоса, жұмыртқаларының қабығы тауықтікіне қарағанда 1,5 есе қалың және 3 есеге мықты, осының арқасында жұмыртқаны доғал жағымен жоғары қаратып (тамақ ретінде) ұзақ уақыт (жарты жылға не одан көп) сақтауға және кез келген көлікпен айтарлықтай алыс қашықтыққа тасымалдауға болады.

  2. Тұқымдары. Ғалым-селекцияшылар мен құс өсіруші мамандардың жұмыс нәтижелерінің арқасында екі тұқымдық топ құрылды: ақ сібір және загор ақтөсі. Мысыр тауығының кез келген тұқымын үй шаруашылығы жағдайында өсіруге болады. Ең бастысы сібір ақ тауығы мен загор ақтөс тауығының сұр-шұбар тұқым түріне қарағанда өнімділігі жоғары екендігін ескеру керек. Бірақ, барлық жағдайларда мысыр тауығының қандай да бір түрімен немесе тұқымдық тобымен шектелу қажет.

  3. Асырау. Мысыр тауығын қарапайым серуендегіші-соляриі бар құс қорада ұстауға болады, бұнымен қоса мысыр тауығының жылы қораларды ұнататынын ескеру керек; бұл құстар суыққа шыдамсыз, сондықтан қыста құс қораны үнемі жылытып отыру маңызды. Құс қора жарық, құрғақ және жиі желденетін болуы қажет. Еденге 9-10 см құм төселуі тиіс. Жазда мысыр тауығын жайылуы үшін бақшаға шығаруға болады. Олар күні бойы басқа жемдерді қажет етпестен, шаршамастан әртүрлі жәндіктерді аулаумен болады.

  4. Жем. Мысыр тауығы жем талғамайды, бірақ олардың спецификалық ерекшеліктерін және сұраныстарын ескеру керек. Ересек мысыр тауығы үшін негізгі азық мөлшері 130-150 г. құрама жемнен немесе аралас бидайдан (тары, үгітілген жүгері, жом) тұрады. Бұдан бөлек, туралған шөп пен көкөніс сабақтары түріндегі жасыл жем де жеуі тиіс. Азық мөлшеріндегі астық жемін түрлі үстелден қалған (піскен картоп, ботқа және т.б.) тамақ қалдықтарымен алмастыруға болады: наубайшы ашытқысынан шыққан және т.б. Ересек мысыр тауықтарына күніне үш рет жем береді: таңертең сағат 7-8-де, түскі сағат 12-14-те және кешке сағат 18-19-да. Суды астауға құйған жөн, тауықтардағы секілді оны күніне үш рет ауыстыру керек. Қыста 5°С температурадан төмен болмайтын, күн шығып тұрған уақытта оларды аулаға серуендеуге шығару қажет. Ал күн суық кезде көп уақытқа болмаса да, бірақ күн сайын құс қораны желдету барысында мысыр тауықтарын дәлізге немесе галереяға шығарып тұрған орынды.

  5. Мысыр тауығын көбейту. Мысыр тауығы балапандарын шығару үшін инкубаторда тауық балалапандарын алуға есептелгендей қарапайым әдістер қолданылады. Бұнымен қоса, инкубацияның 26-күнінде жұмыртқаларды шығару камераларына шығарады. Шығару камераларындағы ылғалдылық тауық жұмыртқаларының инкубациясынан 5-10% артық болады. Балапандар кеуіп, жүндері үлпілдей бастағанда оларды инкубатордан шығарып, еденіне ағаш үгінділері, газеттер немесе құрғақ құм төселген жылы, алдын ала әзірленіп қойылған қораға жайғастырады. Онда кішкене жем салғыш пен вакуумды астау орналастырылады.

Егер мысыр тауығын күрке тауық (немесе кішкене үндік) астында өсіретін болса, шаруа жеңілдейді, өйткені бұның балапан басу процесінен еш айырмасы жоқ. Аналық қасиеті бойынша тексерілген күрке тауықты таңдайды. Күрке тауық басып шыққан мысыр тауығының балапаны оған үйреніп алады да, үлкейген шағында оның артынан еш қалмай жүре береді.

Алайда ескеретін жайт, шамамен апталық кезінде мысыр тауығының балапаны ұшуға әрекет жасай бастайды. «Ұшып кетулерден» сақтану үшін тәуліктік жасында-ақ олардың (өсірудің барлық тәсілі бойынша) бір қанаттарының білезігін кесіп тастау керек, мұнда электропышақты пайдаланған дұрыс, өйткені ол көп қан ағуды, жараның ластануын болдырмайды және т.б. Бұндай ампутация құстардың ұшуының алдын алады. Қанатының бір бөлігіндегі ампутацияны қайшымен де жасауға болады, сосын кесілген орынды йод тұнбасымен күйдіру керек. Егер мысыр тауықтары балапандарының бір қанатының білезік ампутациясын уақытылы жасамаса, кейін ересек мысыр тауықтарының бір қанатының желпуішін қысқартады (10-12 см-ге), ал бұл операцияны жылына 2-3 рет істеп тұруға тура келеді. Мысыр тауығы балапандарына жемді тура кәдімгі балапандарға жем бергендей береді: алғашқы күндері қайнатылған жұмыртқаны, сосын жұмыртқаны сүтті бидай ботқасына араластырып береді. Суды астаушаға құяды. Әрбір 2 сағат сайын аз аздан жем беру керек.



  1. Өнімді сату. Бұл мәселеде мұқият болу керек. Мысыр тауығының еті мен жұмыртқасын базарларға, дүкендерге өткізуге болады, сондай-ақ сіз өнімнің қасиеттері мен сапасын ескере отырып, оны жеткізіп тұру туралы мейрамханалармен, кафелермен және т.б. келісуіңізге болады.

  2. Болжамды есептеулер.

7.1. Шығыстар:

  • Жоспарланған жем мөлшері - 1 мысыр тауығы үшін жылына шартты түрде 32 кг. зауыттан шыққан құс жемі * 20 мысыр тауығы (1 топ мысыр тауығының оңтайлы саны 18 ұрғашы мен 2 қораз есебінде) * 35 теңге (1 кг орташа бағасы) = жылына 22 400 теңге.

  • Инкубаторда шығару үшін жұмыртқа сатып алу 100 жұмыртқа * 150 теңге (бір жұмыртқа бағасы) = 15 000 теңге.

  • Инкубатор сатып алу – 20 000 теңге.

  • Айлық мысыр тауығы балапандарын алу – 500 теңге * 20 тал = 10 000 теңге.

Барлығы: 67 400 теңге.

7.2. Табыс:

    • Жұмыртқа сату. Жылдық орташа жұмыртқалауы 70-120 жұмыртқа (1 мысыр тауығынан) * 25 теңге (1 жұмыртқа бағасы) = 1 750 – 3 000 теңге (бір мысыр тауығының жұмыртқаларын сатудан). Мәселен, Сіз 18 ұрғашы тауық сатып алсаңыз * 1 750 теңге = 31 500 теңге.

      • Етін сату. Бір мысыр тауығының орташа салмағы 1,5 кг * 1 300 теңге (1 кг. үшін орташа бағасы) = 2 000 теңге бір мысыр тауығы үшін.

  1. Пайдалы сілтемелер:

http://fermer.ru/node/48716

http://prohoz.ru/cesarki-razvedenie-i-uxod-za-nimi/

http://www.ptichku.ru/prise.html

http://honeygarden.ru/animals_and_birds/hens_chickens/helmeted_guineafowl.php

http://delaem.com.ua/razved-cesarok/

http://ga-prom.ru/prvompt/280-cesarki.html

Интернет арқылы іздеу. Сіз Интернет арқылы да осы тақырып бойынша көптеген материалдармен таныса аласыз. Ол үшін іздеуге арналған сайттар, мысалы www.google.kz, www.rambler.ru, www.yandex.ru сияқты жүйелерде «мысыр тауығы» және т.б. кілт сөздерді теру керек.

33. Шиншиллалар өсіру





  1. Жалпы ақпарат. Шиншиллалар шиншилла тектес шиншиллалар отбасының кеміргіштер жасағына жатады. Оның екі түрі белгілі: кішкентай ұзынқұйрықты немесе жағалаулық шиншилла және қысқа құйрықты немесе үлкен шиншилла. Денесінің ұзындығы 22-38 см, құйрығы 7-15 см., басы ірі, көздері үлкен, құлақтары дөңгелене біткен 5-6 см-лік, вибриссалары 8-10 см. Артқы аяқтары төртсаусақты, алдыңғылары бессаусақты, аяқтары қолдарынан екі есе ұзын, алдыңғы қолдарының саусақтары жармасқыш болып келеді. Ауыздарында 20 тісі бар, оның 16-сы өмірінің барлық кезеңінде өсе беретін түбірлі тістер. Шиншилла терісі – сән индустриясындағы аң терісі бұйымдарының ішіндегі ең қымбаттарының бірі.

Бұл кішкентай аң түнде тіршілік етуге бейімделген, ұрғашылары еркегінен ірілеу болып келеді. Қалыпты түрі әр қылшығының өзінше бөлек түстері біріге келіп, соншалықты әдемі сұрқай көк түстегі агутиді қалыптастырады. Алайда, генетикалық жұмыстар нәтижесінде шиншиллалардың қара барқыт, сарғыш, ақ, эбони, сапфир, күлгін, көк барқыт, қоңыр барқыт және т.б. түстері туындаған.
  1. Шиншиллаларды өсіру мен күту. Шиншиллаларды ең дұрысы –қараңғылау және тыныш жерге қойылған торда ұстау. Тор әрі кең, әрі бірнеше қабатты болғаны дұрыс. Тордың ішіне үйшік, бұталар мен кішкентай баспалдақтар қойылады. Сонымен қатар ол жерде мезгілімен ауыстырылатын және елеуден өткізіліп тұратын майда құмы бар шомылуға арналған астауша болуы керек. Күнделікті құмға шомылу шиншиллалар үшін су рәсімдерін алмастырады, әрі жүндерін тазалап отыру үшін қажет. Төсеніш ретінде ағаш үгінділері немесе нығыздалған жаңқалар пайдаланылады. Оны аптасына бір рет ауыстырады, ал торды бастан-аяқ тазалау мен дезинфекциялау жұмыстарын айына 1-2 рет жүргізіп отырады.


Шиншиллаға дәретке отыруды үйретуге болады, сол үшін арнайы бұрышқа ағаш үгінділері немесе толтырғыштар салынған астау қойылады. Тордың температурасы 25ºС-ден жоғары болмауы керек, өйткені одан жоғары деңгей аңның өмір сүруін тоқтануына әкеліп соқтыруы мүмкін.

3. Жем беру. Шиншиллалар шөп қоректі жануарлар, сондықтан да олардың азықтық мәзірінің негізгі бөлігін өсімдіктер құрайды. Оларға күн сайын көк және аралас жемдер, шөп, түрлі қоспалар қажет болады. Бұл жануарларды дұрыс азықтандыру өте маңызды, өйткені олардың тең жартысы асқазан-ішек ауруларынан өледі.

Аралас жемдерге дәнді, бұршақты, майлы өсімдіктер және олардың өңделген өнімдері (кебек т.б.) жатады. Көк жемдерге жататын жас шөп пен сұлы өскіндері де шиншиллаларға өте пайдалы. Шиншиллаларға жем ретінде шалғындық және қарапайым шөптерді: жылқы қымыздық, бақбақ, қалақай, жолжелкен, түйежапырақ, бүлдірген жапырақтарын да беруге болады. Алайда көк азығы– бұл бар болғаны негізгі тағамға деген қоспа ғана. Шиншилла торында шөп жыл бойы (тәулігіне 25 г.) жатуы тиіс. Мәзірде шөп қарастырылмаған болса, ол жануардың өліміне апаруы мүмкін.

Шиншиллаларға арналған арнайы фабрикаларда дайындалатын түйіршекті дайын жемдер де бар.


  1. Көбейту. Шиншилла 6-7 айлығында жыныстық пісіп-жетіледі де жылына 2-3 қияласқа мүмкіндігі бар, олардың әрбірінде 1-ден 5-ке дейін күшіктері, орта есеппен 2-3 күшігі болады.

Шиншиллалар түнде қосылады. Жүктілік мерзімдері 106-114 күн. 18 жыл өмір сүреді, оның 12-15 жылында белсенді түрде көбейіп отырады.

Күшіктеуге 10 күн қалғанда ұялық жәшікті төсенішпен (шөп немесе собық) толтырады да ұрғашысы шөптерді шашып тастамас үшін саңылауын жоғары қаратып қояды. Күшіктеуге бірнеше күн қалғанда тордан құмдық шомылуға арналған ыдысты шығарып тастайды. Күшіктер көздері ашық, тістері жарылған, мамыққа оранған күйінде туылады, алғашқы күннен-ақ олар емін-еркін қозғала алады. Жаңа туылған шиншиллалардың таза салмағы 30-70 гр.

Ұрғашы ұрпақ әкелгеннен кейінгі күні-ақ қосылуға дайын болады. Ұрғашы шиншилла жылына 3 рет күшіктеуге қабілетті. Күшіктеген күні-ақ ұрғашысында сүт пайда болуы керек, алайда кей кездері ол 3 күнге дейін кешігіп келуі де мүмкін.

Лактациялық кезең 45-60 күнге созылады. Бұдан кейін кішкентай шиншиллаларды анасынан ажыратады. Жас шиншиллалар айтарлықтай тез өседі, бір айлық күшіктер өздерінің бір күндік салмақтарына үш есеге дейін қосып, 114 г. тартады, 60 күн болғанда – 201 г., 90 күнде – 270 г., ал 120 күнде – 320 г., 270 күнде – 440 г. және ересектері – 500 г. тартады.

Анасынан ажыратылған бірнеше жас күшіктерді бір торға қамап, еркегі мен ұрғашысын бөлек ұстайды.

Сондай-ақ, шиншиллаларды полигамды көбейту де жиі кездеседі. Бұл дегеніміз бір еркекке 2-4 ұрғашыдан, өскен сайын олардың санын 4-8-ге дейін көбейтуге болады деген сөз.



5. Болжамды есептеулер.

5.1. Шығыстар:

  • Кішкентай шиншиллаларды сатып алу – 10 дана * 15 000 теңге = 150 000 теңге.

  • Жем – 5 000 теңге.

Барлығы: 155 000 теңге.

5.2. Табыс:

10 данасы * 40 000 теңге = 400 000 теңге.



6. Пайдалы сілтемелер:

http://www.openbusiness.ru/html/dop5/sisnsilla.htm

http://prohoz.ru/zverovodstvo/razvedenie-shinshill/

http://www.bizidei.ru/biznes_na_razvedenii_shinshill_.html

http://www.chinchil.ru/part.files/businesplan.htm

http://www.chinchil.ru/korm.html

34. Балық аулау



1. Жалпы ақпарат. Балық аулау дегеніміз - өзен және теңіз балықтарын алу. Балық аулау ісіндегі басты объект – балық. Осы іске қосалқы объект ретінде суда жүзетін кішкентай және үлкен тіршілік иелерін жатқызамыз. Бұл бизнес түрі ірі қалалар мен кішігірім ауылдарда кеңінен тараған. Егер сіздің үлкен жер учаскеңіз болса, онда сирек кездесетін бағалы балықтарды өсіруге арналған бассейн жасауға болады.

Қазақстан балық шаруашылығының су қорына бай, сонымен қатар елімізде балық аулау мен балық ісі үшін қолайлы орта қалыптасқан.



Неден бастау кереке? Өз ісіңізді бастау үшін, ең алдымен, қандай балық түрін өсірумен айналысатындығыңызды шешуіңіз керек. Таңдауға лайық балық түрлері – тұқы (карп), бақтақ (форель), ақсерке (семга). Балықтың бұл түрлері жақсы өседі, сонымен қатар оларға деген сұраныс та үнемі жоғары. Балық шаруашылығын жүргізудің технологиясы таңдалған балықтардың түріне байланысты. Бұл бағалы балық түрлерінің өзіне тән ерекшеліктері, күн тәртібі мен күтімі бар.

Бұл бизнесті бастау үшін темірден жасалған жұқа ыдыстар керек. Бұлай істеген арзанырақ болады. Арнайы дайын бассейндерді оларды жасайтын және сататын фирмалардан алуға болады. Белгілі бір органдардың рұқсатымен сулы алқаптың керекті аумағын қоршап алуыңызға да болады. Бұл балық өсіру мен суды ауыстырудағы шығыстарды қысқартады.

Су сүзгілеу үшін гравитациялық сүзгіш қажет. Ондай сүзгіштер үй аквариумдарында қолданылады. Өз бизнесіңізді ашу үшін ең алдымен осындай мәселелерді бүге-шігесіне дейін зерттеп алу маңызды.

Тірі балықты дүкендерден немесе базарлардан сатып алып, оны тек әрі қарай өсіріп баптаумен айналыссаңыз болады . Қолайлы жағдайда балық жаз ішінде1 кг салмақ қосады, сонымен қатар ұрпақ әкеледі. Қосымша табыс үшін мальканы өсіріп, басқа балық өсірушілерге сатуға болады. Егер сіздің жер учаскеңіз болмаса, онда тоғанды жалға алуға болады. Алайда тоғанды тазалау және қорғау шараларына шығындалу керек. Ал ол өз кезегінде тауар бағасының өсуіне әкеп соқтырады.



2. Ақсерке (семга) мысалында балықтарды сипаттау. Ақсерке (семга) – арқан балық тұқымдастарына (семейства лососевых) жататын ірі, күміс түсті балық. Ол – өте дәмді балықтардың бірі. Оның, өсуі мен жетілуі жақсы деңгейде жүруі үшін су температурасы 14-20°С, оттегі мөлшері 7-8 мг/л болу керек. Ақсерке (семга) тұщы суларда мекендейді, жарықты онша ұнатпайды, судың терең жерлерінде, көлеңкеде тығылып жүреді. Жарық жерде көп уақыт бойы жүріп қалса, жағдайы нашарлап, уылдырықшалары өліп кетеді. Сондықтан да бұл балықтар бұлтты күндерде, кешкі және таңертеңгі мезгілде белсенді тіршілік етеді. Ең ұзақ өмір сүруі - 13 жыл. Табиғи су қоймаларда оның ұзындығы 1,5 м-ге, ал салмағы 38 кг-ға дейін болуы мүмкін. Тоғандарда табиғи тағаммен күнделікті қоректенсе, салмағы 20 кг. не одан да көп бола алады. Ауланатын ақсеркенің (семга) орташа салмағы 5 кг-дан 15 кг-ға дейін, алайда ұзындығы 150 см. салмағы 30 кг.-лықтары да кездесіп жатады. Ақсеркенің (семга) табиғи қасиеттері оны ең бағалы балық етеді, оның майы көп (11%-дан жоғары, кейде 24%-ға дейін).

Аналық балықтар 1-3 жасында жыныстық жетіліп, суқойманың орналасуына, аймақтың климаттық жағдайына байланысты өзгереді. Аталық балықтар аналықтарына қарағанда бір жылға ерте жетіледі. Ақсеркенің (семга) уылдырығы пісіп-жетілу үшін ол қыс бойы мұз астында өзеннің суық суында болуы керек. Аналық 300-ден 800-ге дейін уылдырықша шашады. Уылдырықтары 1,5-2 айда пісіп жетіледі.



3. Балық жемі. Балықтардың қорек ететін тағамдар құрамына түрлі мөлшерде балық ұны, балық майы, бидай, бидай және жүгері глютені, бұршақ протеині, соя протеині, майсызданған рапстың ұрығы, соя майы секілді компоненттер кіреді. Жем ретінде төмен температуралы (LT) балық ұны ғана қолданылады.

Арқан балық (лососевые рыбы) тұқымдастары азығының құрамында түрлі көлемде астаксантин болады (стандартты мөлшер - 40 және 80 мг/кг). Жемнің құрамында пигментті концентраттар мөлшері 20 мг/кг болса, балықтың әр 1 кг. дене салмағына 4 мг пигмент, ал пигментті концентраттар 50 мг/кг болса, онда 5 мг пигмент қосылады. Балық 1 кг. салмақ қосу үшін ол 4,3-4,5 кг. азық жеу керек. Яғни 300 тонна тауар балығын алу үшін 1,5 мың тонна азық керек. Балықтар табиғи жолмен салмақ қосатын болса, онда суқойманың бір гектарынан 3-4 центнер балық ала аласыз, ал егер оларды қосымша қоректендіретін болсаңыз, онда дәл осы алаңнан 12-15 центнер балық алуға болатынын ескерген жөн.



4. Сату. Өсірілген балықты супермаркеттерге өткізуге болады. Тірі балықты мейрамханалар мен дәмханалар қуана сатып алады. Тауарыңызды өткізу үшін өз бизнесіңізді заңды түрде тіркеп, әр тауар партиясына малдәрігерлік куәлік алып отыруды ұмытпаңыз. Демалыс орны аймақтарында балық аулау бойынша қызмет көрсетуді жүзеге асыру арқылы пайда табуға болады: адамдар демалып, балық аулайды, ал ұсталған балықтың әр келісі үшін сізге ақы төлейді.

5. Болжамды есептеулер.

5.1. Шығыстар:

  • Балық сатып алу (ақсерке (семга)) 100 кг. = 100 дана * 2 000 теңге = 200 000 теңге.

  • Қорек сатып алу – 100 дана балыққа жылына 216 кг. * 40 теңге (1 кг. құны) = 8 640 теңге.

  • Қармақ 1 дана – 7 500 теңгеден жоғары.

Суқойма болмаған жағдайда жасанды тоған жасауға болады. Жобаны құрастыру 48 000 теңге + 1 ш. м тоған құрылысы 10 000 теңге * 50 ш. м = 98 000 теңге.

5.2. Табыс:

Егер 100 балық сатсаңыз =100 кг * 2 000 теңге (1 кг құны) = 200 000 теңге.



6. Пайдалы сілтемелер:

http://www.sevin.ru/vertebrates/index.html?Fishes/39.html

http://www.aquafeed.ru/information/i7.php

http://rybak.net.ru/

http://www.fishres.ru/news/print.php?id=675

Интернет арқылы іздеу. Сіз Интернет арқылы да осы тақырып бойынша көптеген материалдармен таныса аласыз. Ол үшін іздеуге арналған сайттар, мысалы www.google.kz, www.rambler.ru, www.yandex.ru сияқты жүйелерде «балық аулау» және т.б. кілт сөздерді теру керек.

35. Жер учаскелерін өңдеу жөніндегі қызметтер



1. Жалпы ақпарат. Кейбір учаске егелері қаражат үнемдеу мақсатында өз білімі мен күшіне сеніп, кәсіби мамандар мен бақшашылардың тәжірибесін елемейді. Ал жұмыстар аяқталған соң бақша иесі бақшаны өсіру мен дамыту барысында туындаған проблемалармен бетпе бет кездесіп қалады. Тәжірибе мен арнайы білімнің жоқтығы әрқашан қателіктерге ұрындырады, соның салдарын жою үшін қосымша шығыстарға жол беруге тура келеді.

Ерте ме кеш пе жер иесі учаскеде бақташы не болмаса өсімдіктерді күтумен айналысатын маманның болуы қажет деген шешімге келеді. Әдетте бақташыға негізінен бақшаны күту, агротехника, өсімдіктерді отырғызу мен кесу, өсімдіктердің негізгі аурулары мен зиянкестерін және олармен күрес шараларын және т.б. бойынша іс-шараларды білу талаптары қойылады. Екінші жолы жазғы маусымға жеке кәсіби маманды немесе әуесқой-бақташыны жалдау болып табылады. Сондықтан да жер учаскелерін өңдеу бойынша қызмет көрсету үлкен сұранысқа ие болмақ.



2. Технология. Ағаштар мен бұталарды кесу технологиясы жер учаскелерін күтудегі негізгі қызметтердің бірі болып табылады. Бұл өсімдіктер күтіміндегі маңызды фактор. Көпшілігі онсыз да ағаш өсіруге болады деп ойлайды. Бірақ олай емес. Көп өсімдіктердің бұталарын кесіп отыру өте пайдалы, өйткені бұл – көп мақсатты көздеген операция. Біріншіден, бұндай процедура барысында құрғап, құрып бара жатқан, сынған бұталар кесіледі. Екіншіден, көпшілігі ағымдағы жылдың өскіндерінде гүлдейді, ал көктемгі бұталарды кесу арқасында олар осы маусымда гүлдейтін болады. Сондай-ақ, бұталар мен ағаштарды олардың әдемі түрлерін сақтау үшін, олар сау және мықты болып өсуі үшін кеседі, жас өскіндерді күтудің маңызы өте зор.

Сондықтан да бақшадағы көктемгі жұмыстарды өсімдіктерді шырпудан бастау керек. Барлық ережеге сай, жақсы құралдың көмегімен жасалған шырпу өсімдік өскіндерін және бұталарын зақымдамайды және ешқашан учаскеге зиянын тигізбейді.

Көптеген учаске иелері жерінің бір бөлігін жемісті бақшаға арнайды. Онда жеміс-жидек дақылдарының бірнеше сорттары өсіріледі. Өкінішке қарай, бақша иелері көбінесе сапасы төмен жемістердің шағын өнімін алумен ғана шектеліп, дақылдардың толық өнім беру мүмкіндіктерін пайдаланбайды. Бұған себептер де көп болуы мүмкін, бірақ негізгі себеп - өсімдіктердің қатты өсіп кетуі.

Өсіру технологиясы мен аймағына байланысты жемісті ағаштарды шырпудың көптеген тәсілдері бар. Жемісті ағашты шырпудың аса таралған және қарапайым түрлерінің бірі ярустық жүйе болып табылады, яғни сүйекті бұталар бір-бірімен ярустық түрде орналасқанда жүргізілетін әдіс. Бұл жеміс ағаштарын шырпудың әмбебап тәсілі, оны қара топырақты емес аумақтардағы негізгі жеміс және жидек дақылдар үшін пайдалану ұсынылады. Жеміс ағашын шырпудан кейін, жоғары жағындағы ярустар арасында гүлденген бүршіктерімен өсіп шығатын бұталардың жетілуі үшін жеткілікті кеңістік пайда болады. Келесі кезекте сүйекті бұталарды шырпуға көшеді. Жеміс ағаштарын шырпудағы негізгі міндет – бұталарды жеміс беруге келтіру.

Суару – бұл өсімдіктің оңтайлы өсімі үшін су режимін ұстауды қамтамасыз ететін маңызды жұмыс. Бұл ретте ыстық және құрғақ ауа райында жүйелі суару аса қажет. Оны ертеңгісін немесе кешқұрым, ал өте қапырық күндері (күндізгі температура +25ºС-ден жоғары) ертеңгісін де кешке де суарады, тек күн нағыз шыжып тұрған уақытта суаруға болмайды. Суару молынан болуы керек, бірақ бұл ретте топырақтың шамадан тыс ылғалдауын болдырмау қажет. Суару арқылы топырақтың ылғалдылығын 10 см тереңдікке дейін қамтамасыз ету керек, өйткені топырақтың бетін ғана сулайтын аз мөлшердегі суарулардың тиімділігі өте төмен. Судың температурасы +15ºС-ден +25ºС-ге дейін болуы керек, бірақ +10ºС-ден төмен болмауы тиіс, әйтпесе суарудың әсері болмайды. Топырақтағы суару нормалары түрлі механикалық құраммен анықталады, бірақ шамамен 1м² –ге 10-20 литр су есептеледі.

Ағаштар үшін де, бұталар үшін де, шөптесін өсімдіктер үшін де бірыңғай болатын тыңайтқыштардың негізгі ерекшеліктерін ескеру қажет.

Макроэлементтер деп аталатын негізгі сіңімді элементтерге азот, фосфор және калий жатады. Сәйкесінше тыңайтқыштар да азотты, фосфорлы, калийлі немесе осы заттардың түрлі үлесінен құралған болып табылады. Өсімдікке азотты берудегі мақсат – вегетативтік өсім, яғни өскінді ені мен ұзындығы жағынан арттыру, фосфорды берудегі мақсат – гүлдеуін, түйін тастауы мен жеміс беруін жақсарту, калийді берудегі мақсат – өскіннің механикалық мықтылығы мен жемістің қорғаныс қабатын арттыру.

Яғни, егер өсімдік қатты өсіп, бірақ гүлдемей, жеміс бермей тұрса, онда бұл фосфорды аз, ал азотты артық беруден; жемістері қалыптасып, бірақ жерге түссе немесе бұталары сынса – фосфор нормада, бірақ калий дұрыс мөлшерде берілмеген деген сөз. Бұдан бөлек, түрлі тыңайтқыштарды қолдану маусымдары да біркелкі емес: азотты күзде беру жаңадан өсіп келе жатқан жас бұталарды қалыптастырады, әйтпесе олар ағашқа айнала алмай, қыста үсіп қалуы әбден мүмкін. Жаздың соңында фосфор беру - қайта гүлдеуге қол жеткізсе де, жеміс беруі екіталай. Жалпы алғанда, теңгерімділік пен үйлесімділік тек декоративті композицияларда ғана емес, сонымен бірге құнарландыру секілді қарапайым нәрселерде де қажет.



3. Өткізу. Бизнес табыс әкелу үшін БАҚ‑қа хабарландыру беру қажет. Өзіңіздің туыстарыңыз бен таныстарыңыз арасында сіздің жер учаскелерін өңдеу қызметімен айналысатыныңыз туралы хабар тарату керек.

4. Болжамды есептеулер.

4.1. Шығыстар:

Құрал-саймандар болса, шығыстар қажет емес, ал олар болмаса, онда сатып алу керек: күрек, шелек, тырма, және тағы да басқа құралдар, олардың барлығы, орта есеппен, 5 000-6 000 теңге болады.



4.2. Табыс:

Жер учаскесінің жағдайына байланысты:



  • Ағаштарды кесу – шаршы метріне 1 000 теңге.

  • Тыңайтқыш – шаршы метріне 750 теңгеден жоғары.

5. Пайдалы сілтемелер:

www.dproekt.com.ua/articles/maintenance/text/446/

www.spb-gs.ru/catalogue.php?action=information&id=4&cat_part=2

II ТАРАУ. ҚАЛАЛЫҚ ЖЕРЛЕРГЕ АРНАЛҒАН БИЗНЕС-ИДЕЯЛАР

жүктеу 4,14 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау