Бағдарламасы әлеуметтік жұмыстың этикалық негіздері



жүктеу 126,28 Kb.
Pdf просмотр
Дата13.11.2018
өлшемі126,28 Kb.
#19258
түріБағдарламасы


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ 

БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ 



 

Республикалық оқу-әдістемелік кеңес 



 

 

 

ТИПТІК ОҚУ БАҒДАРЛАМАСЫ 

 

 

ӘЛЕУМЕТТІК ЖҰМЫСТЫҢ ЭТИКАЛЫҚ 

НЕГІЗДЕРІ 

 

 



 

5В090500 – Әлеуметтік жұмыс 



 

 

несие (90 сағат) 



 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қарағанды 2016 




 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 




АЛҒЫ СӨЗ 

 

1. 


5В090500  –  Әлеуметтік  жұмыс  мамандығы  бойынша  

типтік  оқу  бағдарламасы  Е.А.Бөкетов  атындағы 

ҚарМУ-дың  оқу-әдістемелік бірлестігімен  әзірленді.  

2.   


Типтік оқу бағдарламасы Мемлекеттік жалпы міндетті 

жоғарғы  білім  беру    стандартына  сәйкес  Қазақстан 

Республикасы  Үкіметінің  23  тамыз  2012ж.  №1080 

қаулысымен  қарастырған  және  толықтырулар  мен 

өзгертулер  енгізіліп,  бекітілгенен  13  мамыр  2016ж. 

№292  


3. 

Типтік оқу бағдарламасы Қазақстан Республикасының 

Білім және ғылым министрлігінің 30 маусым 2016ж. № 

хаттамасымен  Республикалық  оқу-әдістемелік 



кеңесінде бекітілген. 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 




ТҮСІНІК ХАТ 

 

«Әлеуметтік  жұмыстың  этикалық  негіздері»  пәні  

әлеуметтік 

қызмет 


көрсету 

саласындағы 

бакалавр 

мамандарын  дайындауға,    жеке  -  тұлғалық    және  кәсіби  

қабілеттерін    дамытуға  бағытталған.    Әлеуметтік  жұмыс 

кәсіби қызмет түрлеріне жатқызылуына байланысты кәсіби  - 

этикалық  құзыреттілігі  мамандықтың  маңызды  компоненті 

болып  табылады  және  практикалық  әлеуметтік  жұмыстың 

біртұтас  кәсіби  ойлау  қабілеттерінің  қалыптасуына  ықпал 

етеді. 


Бұл  пән  бойынша  дайындалған  типтік  бағдарламаның 

мазмұны 


әлеуметтік 

жұмыстың 

кәсіби 

маңызды 


құндылықтарын,  оның  құндылықтарының  қалыптасуы  мен 

дамуын,  әлеуметтік  жұмыстың  деонтологиялық  және 

аретологиялық  мәселелерін,    әлеуметтік  қызметкердің    іс-

әрекетін  реттеудегі  этикалық-аксиологиялық  жағдайын 

зерттеуге бағытталған. 

Бағдарламаның  логикалық  және  құрылу  тізбегі  кәсіби 

қызметті  ұйымдастыруда  этикалық-аксиологиялық  көзқарас 

мәні  мен  әлеуметтік  жұмыс  саласындағы  жалпыадамзаттық 

моральдық принциптерін жүзеге асыруға мүмкіндік береді. 

Пәнді  зерттеу  нәтижесі  әлеуметтік  жұмыстың  этикалық-

аксеологиялық  негіздерін  меңгеруге,    әлеуметтік  жұмыс 

құндылықтары  жүйесінде  қызмет  ету  қабілеттерін  ашуға, 

клиентке, қоғамға қатысты әлеуметтік қызметкердің этикалық 

міндеттерін  орындауға,  құндылықты-этикалық  өзін-өзі 

бағалау дағдыларын қалыптастыруға жағдай жасайды.  

Пәнді  зерттеу  барысында  болашақ  мамандар  бойында 

этикалық-аксиологиялық  көзқарасты  жүйелі  жүзеге  асыруда 

әлеуметтік 

жұмыстың 

әдістері 

мен 

формаларын, 



құбылыстардың,  жағдайлардың    этикалық  –  аксиологиялық  

нәтижелерін, кәсіби іс - әрекетті этикалық реттеу, әлеуметтік 

жұмыс  тәжірибесінде  этикалық  нормалар  мен  прициптерді 

жүзеге асыруға дайындығын қалыптастырады. 

Пәнді  зерттеу  барысындағы  нәтижелер    әлеуметтік 

 




жұмыстың  этикалық-аксиологиялық  негіздерін  меңгеруге, 

әлеуметтік  жұмыстың  құндылықтар  жүйесінде    бағыттық 

көзқарасын  қалыптастыруға,  қоғамға,  клиентке  қатысты 

әлеуметтік  қызметкердің  этикалық  жауапкершілігін  іске 

асыруға,  құндылықтық  -  этикалық  өзін  -  өзі  бағалау 

дағдыларын игеруге көмектеседі.  

Аталған  пәнді  зерттеудегі    алдындағы    пәндер: 

«

Әлеуметтану», «Философия», «Саясаттану» 



болып 

табылады.  

Келесі  пәндерді  зерттеу  барысында    алған  білімдер 

мазмұны  мен  мәні  іскерліктер  мен  дағдыларды  игеруге  

көмектеседі:  «Әлеуметтік  жұмыс  теориясы»,  «Жалпы  және 

әлеуметтік психология», «Құқық негіздері».   

Типтік  бағдарламаға  семинар  сабақ  тақырыптарының 

үлгілік  тізімі,  СОӨЖ  сабақтары,  курстық  жұмыстар 

тақырыптары еңгізілген. 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 




ТАҚЫРЫПТЫҚ ЖОСПАР 

 

 

№ 

Тақырыптар атауы 

Әлеуметтік  жұмыстағы  кәсіби  этика,  құрылымы



мәні 

 



Адамгершіліктің 

классикалық 

теориялары 

жоғары құндылықтарды бекіту ретінде 

 



Әлеуметтік жұмыстың құндылықтық негіздерінің 



дамуы және негізгі кезеңдерінің қалыптасуы 

 



Әлеуметтік 

жұмыстың 

кәсіби 

маңызды 


құндылықтары 

 



Әлеуметтік  қызметкердің  кәсібилігіне  этикалық 

талаптар 

 



Әлеуметтік 



қызметкердің 

кәсіби-этикалық 

кодексі 

 



Әлеуметтік жұмыстағы деонтологиялық сұрақтар 

 



Әлеуметтік  жұмыстағы  құндылықтық  қарама-

қайшылықтар және этикалық дилеммалар 

 

 

 

 

 




ПӘН МАЗМҰНЫ 

 

КІРІСПЕ 

Әлеуметтік  жұмыстың  теориясы  мен  тәжірибесіндегі 

этикалық  компонент.  Әлеуметтік  жұмыстағы  кәсіби  этика 

кәсіби этиканың бөлігі ретінде.  

Пәнді  оқытудағы  мақсат:  студенттер  бойында 

әлеуметтік  жұмыстағы  этикалық  негіздер  туралы  тұтас 

көріністі,  этикалық  аксиологиялық  ойлауды,  кәсіби  іс-

әрекетке жауапкершіліктік қарым- қатынасты қалыптастыру. 

Міндеттер:  

кәсіби  іс  -  әрекеттерді  ұйымдастырудағы  этикалық  - 



аксиологиялық көзқарастың мәнін ашу; 

студенттерге  әлеуметтік  жұмыстың  құндылықтық 



негіздері  туралы  білімдерді  және  олардың  дамуы  мен 

қалыптасу кезеңдерін игеруге көмектесу; 

әлеуметтік жұмыс жүйесіндегі іс - әрекеттің этикалық 



– 

құндылықтық    ерекшеліктерін  реттеу,    өзара  кәсібиліктің 

дағдыларын  қалыптастыру,  практикалық    іс  -  әрекетте 

этикалық кодексті қолдануға жағдай жасау. 

Пәнді  зерттеудегі  әдістер:  дәрістік,  іскерлік  ойын, 

ғылыми - ізденушілік және т.б.  



 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 




НЕГІЗГІ БӨЛІМ 

 

Әлеуметтік жұмыстағы кәсіби этика, құрылымы, мәні 

Этика  адамгершілік  туралы  ғылым.  Оның  функциялары. 

Этикалық жүйе. Этика және кәсіби этика түсінігі және негізгі 

категориялары.  Әлеуметтік  жұмыстағы  этика.  Әлеуметтік 

жұмыстағы кәсіби-этикалық жүйе. 

 

Адамгершіліктің классикалық теориялары жоғары 



құндылықтарды бекіту ретінде 

Платон  және  Сократтың  этикалық  құндылықтары. 

Аристотель  этикасы.  Эпикурдың  гедонистикалық  этика 

құндылықтары.  Утилитаризм  этикасының  құндылықтары. 

Моральдік  мотивациясы  Кант  этикасының  құндылығы 

ретінде. 

 

Әлеуметтік жұмыстың құндылықтық негіздерінің 

дамуы және негізгі кезеңдерінің қалыптасуы 

Ежелгі 


қоғамдағы 

көмектің 

инстинктивті-

практицистикалық  негіздері.  Көмек  және  өзара  көмектің 

дәстүрлі-прагматикалық  негіздері.    Мейірімділік  және 

аяушылық білдіру діни-адамгершіліктік құндылықтар ретінде. 

Адамға көмек көрсетудегі заманауи этикалық-аксиологиялық 

тұжырымдамалар. 

Әлеуметтік 

жұмыс 


дамуы 

және 


қалыптасуындағы 

әлеуметтік-идеологиялық 

көзқарас. 

Әлеуметтік  жұмыс  этикасының  мәнін  түсінудегі  және 

негіздеудегі  әлеуметтік-философиялық  көзқарас.  Әлеуметтік 

нормалар 

қоғамның 

адамгершілік 

құндылықтарын 

бейнелейтін және мәдениет фундаменті ретінде. 

 

Әлеуметтік жұмыстың кәсіби маңызды 

құндылықтары 

Құндылықтардың  адам  және  қоғам  іс-  әрекетіндегі  орны 

мен  рөлі.  Әлеуметтік  жұмыстағы  құндылықтар  жүйесі. 

Жалпыадамзаттық  және  спецификалық  құндылықтар  және 

кәсіби әлеуметтік жұмыс идеалы.  

 




 

 

Әлеуметтік қызметкердің кәсібилігіне этикалық талаптар  

Әлеуметтік  қызметкердің  этикалық  тәрбиесі.  Әлеуметтік 

қызметкердің  кәсіби-тұлғалық  сапалары.  Адамшылық 

әлеуметтік 

қызметкердің 

адамгершілік 

сапаларының 

сипаттамасы ретінде. Кәсіби жарамдылықтың аретологиялық 

белгілері. 

 

Әлеуметтік қызметкердің кәсіби-этикалық кодексі 

Кәсіби-этикалық  кодекс:  мәні  және  түсінігі.  Әлеуметтік 

қызметкердің кәсіби-этикалық кодексінің негізгі принциптері 

және  құндылықтары.  Әлеуметтік  жұмыстағы  жалпы  және 

ерекше  дискурстағы  кәсіби-этикалық  кодекс.  Әлеуметтік 

қызметкердің шетелдік  кодексі (Ресей, Ұлыбритания, АҚШ). 



                      

 

 



Әлеуметтік жұмыстағы деонтологиялық сұрақтар  

Парыз түсінігі. Әлеуметтік жұмыстағы парыздың кәсіби мәні. 

Жауапкершілік  этика  категориясы  ретінде.  Әлеуметтік 

қызметкердің  міндеті  және  жауапкершілігі:  қоғам  және 

мемлекет  алдында;  мамандық  алдында;  ұжым  алдында; 

клиент  алдында.  Әлеуметтік  жұмыстағы  деонтологиялық 

шиеленіс. 

 

Әлеуметтік жұмыстағы құндылықтық қарама-



қайшылықтар және этикалық дилеммалар 

Әлеуметтік 

жұмыстағы 

серіктестік 

тәжірибесі. 

Әлеуметтік қызметкер және клиент арасындағы адамгершілік-

этикалық  принциптердің  өзара  байланысы.  Әлеуметтік 

жұмыстағы  этикалық  дилеммалар  және  қайшылық  түрлері. 

Этикалық дилеммалар: мазмұны, шешу тәсілдері. 

 

 



 

 




СЕМИНАР САБАҚ ТАҚЫРЫПТАРЫНЫҢ 

ҮЛГІЛІК ТІЗІМІ 

1. 


Қоғам  мен  адам  өміріндегі  құндылықтардың  орны 

мен рөлі. 

2. 

Әлеуметтік  жұмыстың  идеалы  мен  моральдық 



құндылықтары. 

3. 


Әлеуметтік жұмыстың этикалық мәселелері. 

4. 


Құндылықтық  қарама-қайшылық  және  этикалық 

дилеммалар. 

5. 

Әлеуметтік  жұмыс  этикасының  халықаралық 



стандарты. 

6. 


Әлеуметтік  жұмыстығы  өзара  қарым-  қатынас 

этикасы. 

7. 

Қарым  -  қатынас  әлеуметтік  қызметкердің  негізгі 



құралы ретінде.  

8. 


Әлеуметтік  жұмыс  мамандарының  мінез-құлық 

мәдениеті мен кәсіби этикасы.  

 

 

 



 

 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

10 



СТУДЕНТТЕРМЕН ОҚЫТУШЫЛАРДЫҢ 

ЖЕТЕКШІЛІГІМЕН  ЖҮРГІЗІЛЕТІН ӨЗІНДІК 

ЖҰМЫС САБАҚТАРЫНЫҢ ТАҚЫРЫПТЫҚ 

ҮЛГІЛЕРІ (СОӨЖ) 

1. 


Жеке тұлғаның рухани - адамгершілік келбеті кәсіби 

табысының негізі ретінде. 

2. 

Адамгершіліктік  классикалық  теориялар  ең  жоғары 



құндылықтарды бекіту негізі ретінде. 

3. 


Әлеуметтік  қызметкердің  кәсіби  парызы  мен 

жауапкершілігі. 

4. 

Әлеуметтік  қызметкердің  кәсібилігіне  этикалық 



талаптар.  

5. 


Әлеуметтік  қызметкердің    кәсіби  «Мен-

концепциясы». 

6. 

Ынтымақтастық  -  әлеуметтік  қызметкердің 



тұлғалық-қалыптастырушы  қасиеттерінің  ажырамас  бөлігі 

ретінде. 

7. 

Қайырымдылық - қолданбалы этиканың категориясы 



ретінде. 

8. 


Әлеуметтік  жұмыс  мамандарына    кәсіби  білім  беру 

жүйесінде этикалық-аксиологиялық көзқарас.  

 

 

 



11 


КУРСТЫҚ ЖҰМЫС САБАҚТАРЫНЫҢ  

ТАҚЫРЫПТЫҚ ҮЛГІЛЕРІ  

1. 


Әлеуметтік көмектің жеке іс - әрекетін және ұжымдық 

сипатын реттеудің адамгершілік принциптері.  

2. 

Руханилық - «көмектесетін адамның» философиялық іс-



әрекетінің адамгершілік негізі ретінде. 

3. 


Әлеуметтік  жұмыстың  категориялық  аппаратындағы 

жалпы және жеке кәсіби этикалық негіздері. 

4. 

Халықты әлеуметтік қорғау қызметі мен органдарының 



іс-әрекетін құндылықтық нормативтік  реттеу ерекшеліктері.  

5. 


Әлеуметтік  көмектесуші  еңбектің  кәсіби  мінез  – 

құлықтық құндылықтары мен нормалық бірізділігі. 

6. 

Әлеуметтік 



қызметкердің 

кәсіби 


этикалық 

құндылықтық құрушы бағыттылығы. 

7. 


Әлеуметтік қызметкердің кәсіби-этикалық мәдениетінің 

мазмұнды жиынтығы. 

8. 

Жеке  тұлғаның  моральды  жағдайда  таңдау  жасауға 



жауапкершілігі мен бостандығы.  

9. 


Адамның әртүрлі іс - әрекет саласындағы этикеті. 

10. 


Әлеуметтік 

қызметкердің 

кәсіби 

мәдениетінің 



этикалық-аксиологиялық аспектілері. 

11. 


Әлеуметтік 

жұмыс 


саласындағы 

шиеленістік 

жағдайларды алдын – алудың  этикалық жолдары. 

12. 


Философтар  еңбектеріндегі  мұқтаждарға  көмек 

этикасының қалыптасуы. 

13. 

Әлеуметтік жұмыстағы этикалық регламенттеу. 



14. 

Мүгедектермен әлеуметтік жұмыс этикасы. 

15. 

Қарт адамдармен әлеуметтік жұмыс этикасы. 



16. 

Қауіп - қатер тобындағы адамдармен әлеуметтік жұмыс 

этикасы.  

17. 


Әлеуметтік  жұмыс  құндылықтар  жүйесі  мен 

қазақстандық менталитетіндегі сипаттық ерекшеліктері. 

18. 

Әлеуметтік  қызметкердің  мемлекет  пен  қоғам 



алдындағы парызы мен жауапкершілігі.  

 

12 




ҰСЫНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 

 

Негізгі әдебиеттер: 

1. 


Гусейнов А.А., Апресян Р.Г. Этика: учебник. 

М., 2010. 

2. 

Медведева  Г.П.  Этические  основы  социальной 



работы: Учебник и практикум. М., 2015. 

3. 


Медведева Г.П. Деонтология социальной работы. М., 

2011. 


4. 

Наместникова  И.В.  Этические  основы  социальной 

работы: Учебник для бакалавров. М., 2015. 

5. 


Коныгина  М.Н.,  Горлова  Е.Б.  Профессионально-

этические основы социальной работы. М., 2009. 

6. 

Фирсов  М.В.,  Наместникова  И.В.,  Студенова  Е.Г. 



Философия социальной работы: уч. пособие. М., 2016. 

7. 


Основы  этических  знаний.  /Отв.  ред.  М.Н.  Росенко. 

СПб., 2002. 

8. 

Ярская-Смирнова  Е.  Профессиональная  этика 



социальной работы: Учебник. М., 1998.  

 

Қосымша әдебиеттер: 

1. 


Белинская  А.Б. Конфликтология в социальной работе.  М., 

2009. 


2. 

Бойко  Ж.В.  Этические  основы  социальной  работы. 

Хабаровск, 2012. 

3. 


Медведева  Г.П.  Профессионально-этические  основы 

социальной работы: учебник. М., 2010. 

4. 

Теория  социальной  работы:  учебное  пособие.  /Под  ред. 



Е.П. Агапова.  М., 2010. 

5. 


Ценности и этика. Энциклопедия социальной работы. В 3 

т. Т. 3. М., 1994. 

6. 

Жуманкулова  Е.Н.      Әлеуметтік  жұмыстің  кәсіби-



этикалық  негіздері:  050905  «Әлеуметтік  жұмыс»  мамандығының 

студенттеріне арналған оқу-әдістемелік құралы/. Павлодар, 2010. 

 

 

 



13 


 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 

Авторлары:  Абдрашева  Б.Ж.,  соц.ғ.к.,  доцент;    Туткышева 

Г.Т., әлеуметтік жұмыс магистрі, аға оқытушы; Ахметова И.А 

әлеуметтік жұмыс магистрі, аға оқытушы.

 

 

14 



Document Outline

  • Әлеуметтік жұмыстың кәсіби маңызды құндылықтары
  • Құндылықтардың адам және қоғам іс- әрекетіндегі орны мен рөлі. Әлеуметтік жұмыстағы құндылықтар жүйесі. Жалпыадамзаттық және спецификалық құндылықтар және кәсіби әлеуметтік жұмыс идеалы.
  • Әлеуметтік қызметкердің кәсіби-этикалық кодексі
  • Кәсіби-этикалық кодекс: мәні және түсінігі. Әлеуметтік қызметкердің кәсіби-этикалық кодексінің негізгі принциптері және құндылықтары. Әлеуметтік жұмыстағы жалпы және ерекше дискурстағы кәсіби-этикалық кодекс. Әлеуметтік қызметкердің шетелдік  кодексі ...
  • Әлеуметтік жұмыстағы құндылықтық қарама-қайшылықтар және этикалық дилеммалар
  • Әлеуметтік жұмыстағы серіктестік тәжірибесі. Әлеуметтік қызметкер және клиент арасындағы адамгершілік-этикалық принциптердің өзара байланысы. Әлеуметтік жұмыстағы этикалық дилеммалар және қайшылық түрлері. Этикалық дилеммалар: мазмұны, шешу тәсілдері.
  • СТУДЕНТТЕРМЕН ОҚЫТУШЫЛАРДЫҢ ЖЕТЕКШІЛІГІМЕН  ЖҮРГІЗІЛЕТІН ӨЗІНДІК ЖҰМЫС САБАҚТАРЫНЫҢ ТАҚЫРЫПТЫҚ ҮЛГІЛЕРІ (СОӨЖ)
  • КУРСТЫҚ ЖҰМЫС САБАҚТАРЫНЫҢ  ТАҚЫРЫПТЫҚ ҮЛГІЛЕРІ

жүктеу 126,28 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау