134
(ұ, Ж) проблемалық сұрақ:
– Жер сілкінісі дегеніміз не?
Балалардың жауаптары.
педагог ақпараты: Таулы аумақта жердің астында үнемі
қозғалыс болып тұрады, ол жер бетінің дірілдеп, тербелуіне
әкеліп соғады.
тәжірибе. Педагог ыдыстағы суға ұсақ тастарды тастайды,
балалар тастардан таралған толқынды бақылайды. Таралған
толқын – судың қозғалысы. Жер сілкінісі барысында
осындай қозғалыстар пайда болады.
(ұ, Ж) Әліппе-дәптермен жұмыс.
– Жер сілкінісі кезінде не істеу керек? Адамдардың өмірін
қалай сақтауға болады?
Балалар Әліппе-дәптердегі суретті қарастырып,
талқылайды, төтенше жағдайларға байланысты
ұйымдастырылған ҰОҚ еске түсіріледі.
Қорытынды: Жер сілкінісі кезінде балалар мектепте
болса, партаның астына жасырынып, дүмпудің толастауын
тосады. Неліктен партаның астына жасырыну қажет?
Себебі парта баланы жоғарыдан құлаған заттардан
қорғайды.
Қауіпсіздік ережесі:
• Дүмпу тоқтаған соң, жылы киімдерін алып, арнайы алаңға
шығу керек. Ғимаратта қолшатырмен белгіленген қауіпсіз
орындар болады.
Әліппе-дәптер
135
• Жан-жаққа жүгіруге болмайды.
• Педагог балаларды тексеріп, қорғағыш маска және әр бала
жайлы мәлімет жазылған бейджик таратады.
– Қандай табиғи апаттарды білесіңдер? Өрттің шығуына
қандай себеп болуы мүмкін?
Балалар өрт сіріңкемен ойнағаннан, газ құрылғыларының
дұрыс жұмыс жасамауынан, өшірілмеген үтіктен, орманда
сөндірілмеген оттан пайда болатыны жайлы талқылайды.
педагог ақпараты: Балконнан лақтырылған темекі
тұқылы да себеп болуы мүмкін. Тіпті асүйдегі терезе
пердесі желден газ пешіне тиіп, өрт шығуы мүмкін. Өрт тез
арада үлкен аумаққа таралады. Өрт күйдіріп қана қоймай,
тұншықтыратын түтін иісімен де қауіпті.
– Өрт сөндірумен кім айналысады? Көмек шақыру үшін
қандай нөмірге хабарласу керек?
педагог ақпараты: Өрт сөндірушілер өртті сумен және
арнайы көбікпен сөндіреді. Егер өрт электр құрылғысынан
пайда болса, розеткадан сымды ажырату керек. Кішігірім
отты сөндіруге гүлсауыттағы су да жарайды.
Немесе оттың үстіне тығыз затты (кілемше, жамылғы,
күртеше) жауып, аяқпен таптап өшіруге болады.
Педагог отты өшіру әдістерін көрсетеді.
Өрт сөндірушінің киімі адам терісін күйіп қалудан қорғайды.
Ал баскиімі көзін оттан сақтап, тыныс алуына ыңғайлы. Өрт
сөндіруші шыныққан, мықты, төзімді болуы тиіс, өйткені
оның жұмысы ауыр, қауіпті.
136
тәжірибе. Стақан немесе банка ішіне педагог балауыз шам
салып, жағады. Содан кейін бетін жауып қояды. Сол кезде от
дірілдеп, кішірейіп барып сөніп қалады.
көптілділік: өрт – пожар – fire
педагог ақпараты:
– Өрт кезінде өрт қызметі – 101 нөміріне хабарлау керек.
– Тығылуға болмайды! Әйтпесе өрт сөндірушілер таппай
қалуы мүмкін.
– Жамылғыға оранып, далаға шығатын қауіпсіз жолды іздеу
керек.
– Егер үй ішінде қалың түтін болса, жерге жатып, есікке
қарай еңбектеу керек.
– Түтіннен бетке байланған сулы мата көмектеседі.
– Үнемі көмекке шақырып айғайлауды ұмытпа, адамды
даусы арқылы тез табады. Өрт сөндірушіні көрсең, соған
жетуге тырыс, ол өртенген ғимараттан шығуға көмектеседі.
Құтқару қызметтерінің нөмірі – 101, 102, 103, 104, 112.
–Егер сендер құтқарушыларға көше атауы мен үй нөмірін
қате айтсаңдар, не болуы мүмкін?
Балалардың жауаптары.
IV. ұОҚ қорытындысы.
рефлексия
25-30 минут
Педагог ҰОҚ қорытындылайды.
– Бүгінгі ҰОҚ-де қандай қызықты ақпаратты білдіңдер?
– Сендерге не ұнады?
(р) Педагог балаларға ҰОҚ барысындағы жұмыстарын
сәттілік баспалдағы арқылы бағалауды ұсынады.
Әліппе-дәптер
137
– Егер сендер табиғи апаттарға байланысты қауіпсіздік
ережелерін түсінбесеңдер, онда баспалдақтың ең төменгі
сатысына жабырқау смайликтің суретін салыңдар. Егер
барлығын түсініп, жаңа алған білімдеріңді айта алсаңдар,
онда баспалдақтың ең жоғарғы сатысына көңілді
смайликтің суретін салыңдар. Ал егерде өз білімдеріңе
сенімсіз болсаңдар, смайликтің суретін баспалдақтың
2-сатысына салыңдар.
– Кім смайликті баспалдақтың қай сатысына салды?
Неліктен?
Педагог мүмкіндігіне қарай түрлі пікірлерді тыңдайды.
№ 15
тАҚырыБы: ҚАуіпСіздік МектеБі. ҚАуіпті
ЖАНуАрлАр
Мектеп/Мұ:
күні:
педагогтің аты-жөні:
СыНып/тОп:
Қатысқандар саны:
Қатыспаған-
дар саны:
ұОҚ оқытылу
мақсаттары
0.3.3.2. Жануарлармен байланыс кезінде қауіпсіздік ережелерін қолдана білуі.
күтілетін нәтиже
Барлық балалар:
Жануарлармен байланыс кезіндегі қауіпсіздік ережелерін біледі.
көпшілік балалар:
Жануарлармен байланыс кезіндегі қауіпсіздік ережелерін қолдану керектігін түсінеді.
кейбір балалар:
Жануарлармен байланыс кезіндегі қауіпсіздік ережелерін қолданады.
138
тілдік мақсат
дағдыларын дамыту:
Қауіпсіздік талаптарын орындайды. Баспанасыз жануарлармен байланыс барысында
тазалық ережелерін сақтау қажеттігін түсінеді.
көптілділік: ит – собака – dog
Негізгі терминдер мен сөз тіркестері: малдәрігері, асыранды үй жануарлары,
баспанасыз жануарлар, қылық, құтыруға қарсы екпе, құтыру, безгек, ми қабынуы.
Пікір алмасу сұрақтары:
Асыранды жануарлар несімен қауіпті?
Жабайы жануарлар несімен қауіпті?
Асыранды жануарлар қауіпті ме?
Баспанасыз жануарлар туралы не білесің, олар қайдан пайда болады?
Ит қабудан қалай қорғануға болады?
Жәндіктердің шағуы қаншалықты қауіпті?
Өткен ұОҚ алған
білім
Жануарлардың әрекеті туралы қарапайым түсінігі болуы.
Жоспар
Жоспарланған
уақыт
Жоспарланған жұмыс түрлері
ресурстар
і. дұрыс әсерлі
көңіл күй орнату
0-2 минут
(ұ) Жағымды көңіл күй орнату.
«Жабайы және үй жануарлары»
Балалар шеңбер бойына жиналады, педагог аттарын атап, суреттен
түрлі жануарларды көрсетеді. Жабайы жануарды көрсетсе, балалар
қолдарын алға созып отырады, үй жануарын айтса, қолдарын жоғары
көтереді.
Мысалы: сиыр, қоян, жылқы, қасқыр, мысық, түлкі, қой, қозы, шошқа,
маймыл, қаз және т.б.
Достарыңызбен бөлісу: |