Бағдарламасы бойынша қазақстандағЫ Ұлттық консультациялар 2013 жылғы мамыр қазақстандағы БҰҰ Елдік командасы



жүктеу 1,21 Mb.
Pdf просмотр
бет12/21
Дата31.01.2020
өлшемі1,21 Mb.
#27877
түріБағдарламасы
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   21

 

25

салдарларға  соқтырады.  Интернет-контентті  бақылау  үшін  жастарға  кейбір  механизмдер 



жасау ұсынылды.  

 

Осымен байланысты, тәрбие беруде маңызды рөл атқарушы ретіндегі  отбасының рөлі атап 



көрсетілді.    Адамдардың мінез  құлықтары  мен олардың өмірге  көз  қарастары отбасындағы, 

адамның  физиологиялық,  рухани  және  әлеуметтік  құндылықтары  қалыптастыратын 

тәрбиеден шығады. Жас ұрпақ қазіргі заманғы қоғамда ненің қолайлы ненің қолайсыз екенін 

білетіндей  болып  тәрбиеленуі  тиіс,  бұл  ретте  ұлттың  тарихи  тамырлары  мен  мәдени 

құндылықтарын құрметтей білуі тиіс.  Құндылықтар мен өнеге нормалары: қоғам мен ұлтқа 

деген құрмет, басқа халықтарға құрметпен қарау және жауапкершілігі мол азамат болып өсу  

қажеттілігі ерте жастан сіңірілуі тиіс.     

 

Осымен  байланысты,  қатысушылар  Қазақстан  қоғамының  негізін  құраушы  ретінде  отбасы 



институтын нығайтуға үлкен көңіл бөлуді сұрады. Өкінішке орай, түрлі себептермен барлық 

отбасылар  бірдей  тиісті  қамқорлықпен  қамтамасыз  ете  алмайды,  балаларға  өмірлік 

дағдыларды  дарыта  және  баламалы  түрде    олардың  сезімдік  сұранымдарымен  айналыса 

алмайды.  Ұлттық      консультациялаға  қатысушылар  отбасыларға,  қоғамға  және  мектеп  

мұғалімдеріне қолдау көрсететін және балармен жұмыс істеген кезде ана болу мен әке болу, 

психология  және  эмоциялық  аспектілер  бойынша  консультациялар  беретін,  өмірлік 

дағдыларға  үйрететін  оқулар  өткізу  және  т.б.  осындай  жұмыстарды  жүргізетін    ұлттық 

орталықтар қажет деп санайды.    

 

Ертеңгі  күнгі  мемлекеттік  құрылымның  негізі  жастар  болып  табылатындықтан  жастардың 



әлеуеті  мен  кәсіпқойлығын  дамытудың  маңыздылығы  жеке  аталып  өтті.  Жастардың 

жұмысқа орналасуына мүмкіндік жасау қажеттігі  өте маңызды болып тұр. Дипломдарының 

барына қарамастан оқу бітірушілерге ЖОҚ мен колледждерді бітіргеннен кейін өзін алғашқы 

жұмысты табу өте күрделі. Оқу бітірушілерді жұмысқа орналастыруға мақсатты бағытталған 

мемлекеттік қолдаумен қамтамасыз етілген бағдарламалар қажет.  Мүмкін болатын шаралар  

тікелей  ЖОО  іріктеп  алу  процесін  және  осындай  іс-шараларды      мемлекеттік  және  жеке 

ұйымдардың  тағлымдамадан  өту  үшін  мүмкіндік  берілуін  қамтиды.  Мұндай  мүмкіндіктер 

жұмыс орындарында оқытуды сүйемелдеу үшін  тәлімгерлік  жүйесінің есебінен күшейтілуі 

мүмкін.  Басқа  елдерде,  жергілікті  халық  алдында  жастардың  басқа  санаттары  арасында 

қолдау  көрсету  арқылы  жұмыс  берушілер  мен  кәсіпкерлердің    жауапкершілігін  көтере 

отырып, Қазақстанда қолдануға болатын түрлі әдістер пайдаланылады.  

 

Жастардың  көз  қарастары:  Жастар  олардың  сұранымдары  тиісті  түрде  бағаланбайды  деп 

есептейді.  Олар  өзін  өзі  дамытуға  өздері  жауаптымыз  деп  санайды  және  мүмкіндіктерді  өз 

бетімен  іздейді.  Белсенді  болу  оларға  өздерінің  өмір  сүру  жағдайларын  жақсартуға 

көмектесетін  жұмыстары  болуын  білдіреді.    Жастар  мемлекеттік  енжар  жәрдемақы  алушы 

болып отырғылары келмейді, олар да белгілі бір  жауапкершілік алғылары келеді.  

 

Аз  қамтамасыз  етілген  отбастары  мен  балар  үйіндегі  жас  адамдар  да  сол  сияқты  мемлекет 



пен қоғамды ұйымдарға емес өздеріне сенуге бейім. Олар адал және әділ ортада тұрғылары 

келеді және еңбекке орналасу, тұрғын үй мен сапалы денсаулық сақтау қызметтерін алу үшін 

барынша  кең  мүмкіндіктер  іздейді.  Аз  қамтамасыз  етілген  от  бастарындағы  балалар  мен 

жастар өз бақыттары үшін  жауапкершілік өздеріне жүктеледі деп санайды. Олар қаржылық 

мәселелерді  шешу  және  өз  отбастарына  көмек  көрсету  үшін  мүмкіндіктер  іздейді. 

Респонденттердің  көпшілігі  үй  ішінің  амандығы  өздерін  бақытты  және  қауіпсіз  сезінуге 

жәрдемдеседі дейді.     

 

Жас  адамдар  қол  жетерлік  тұрғын  үй  мәселесін  өздерінің  игілігінің  маңызды  аспектісі 



ретінде  көреді.    Жастардың  мемлекеттік  тұрғын  үй  бағдарламасы  бойынша  үй  алуға 

мүмкіндіктері болмайтындығы айтылды, бұл олардың келешектегі деңгейіне жағымсыз әсер 




 

26

етеді.   Еңбекке орналасудағы жоғары бәсекелестік пен өмір сүру қымбатшылығы  тұтастай 



алғанда  олардың  өмірдегі  мүмкіндіктері  мен  таңдауларын  шектейді.  Жас  адамдар,  олар 

жастар мен жас мамандар үшін анағұрлым қол жетерлік болуы үшін, мемлекеттік тұрғын үй 

бағдарламасы мен жер учаскелерін беру жүйесін реформалау қажеттігін қадап айтты.    

 

Балар  мен  жастарға  шешім  қабылдау  процестеріне  қатысуға  және  өз  пікірлерін  білдіруге 



мүмкіндік беру де сол сияқты олардың дамуы үшін маңызды аспектілердің бірі ретінде  атап 

өтілді. Жастар «үлкендер жақсы біледі» және «үлкенді сыйлау»  деген дәстүрлі тұжырымдар 

олардың сөз бостандығын шектейді деп есептейді.  Мұндай орныққан тіл алғыштық моделі, 

олардың пікірі бойынша шешім қабылдау мен өз ісіне жауапкершілік алу кезіндегі көптеген 

адамдардың  жетілмегендігімен  шарттасады.  Жастар  тұтастай  алғанда  отбасында  да  және 

қоғамда  да  олардың  пікірлерінің  естілуін  және  шешім  қабылдау  процесінде  ескерілгенін 

қалайды.  

Білім беру  

 

Қазақстан  міндетті  түрде  жалпы  бастапқы  және  орта 



білім  беретін  жоғары  білімді  ұлт  болып  табылады  

Білімнің  екі  деңгейінде  де      гендерлік  тепе-теңдіктің 

жоғары  деңгейі  байқалады.  Орта    мектепті 

бітіргеннен 

кейін 

одан 


әрі 

білім 


алуда, 

университеттер  мен  колледждерге  ұлдарға  қарағанда 

қыздар  көбірек  түссе  де    табыстағы    айырмашылық 

негізгі рөл ойнайды.    

 

Консультациялар  барысында    білім  беру  жүйесінде 



бірқатар  жетіспеушіліктер  анықталды  және  білім 

берудің ұлттық жүйесін білім беруді үздіксіз, кешенді 

және  өзгермелі  еңбек  рыногына  сай  ету  үшін  

кәсіптік-техникалық  колледждерде  білім  беруді  қоса 

алғанда,  мектепке  дейіннен  бастап  жоғары  білім  беруге  дейін  реформалау  жөнінде 

ұсыныстар  енгізілді.  Білім  стандарттарынан  басқа  білім  беруге  еңбек  мигранттарының, 

әсіресе  маусымдық мигранттардың  балаларының  қол  жеткізуін  кеңейту  жөнінде ұсыныстар 

енгізілді.   

 

Білім  беру  сапасы  барлық  деңгейлерде  ең  көп  мазасыздық  тудыратын  мәселе  ретінде 

белгіленеді.  Ұлттық    консультацияларға  қатысушылар  Білім  беру  министрлігіндегі 

кадрлердің ағымы жоғары болуы білім беру жүйесін дамытуға кедергі келтіріп отыр деп тап 

айтылды.  Қазақстанда сауаттылықтың пен үлгерімнің жоғары деңгейі ұсталып отырғанына 

қарамастан  елдің  даму  деңгейі  жаңа  дағдылар  мен  ойлаудың  жаңа  түрін  талап  ететіні 

айтылды.    Білім  беру  жүйесі  Қазақстанның  әлемдік  аренада  бәсекеге  қабілетті  болып 

қалуына  көмектесу  үшін  бүгінгі  күннің  өзгерістеріне  төтеп беретін  дайын жастарды  өсіруі 

тиіс.  


 

Оқытушылар  құрамы  мен  әкімшілік  персоналдың  құзыреттілігі  төмендігі  айтарлықтай 

дәрежеде  білім  беру  саласындағы  жетістіктерден  көрінеді.  Білім  беру  бағдарламасын 

құзыретті түрде жүргіз алатын және балалармен жұмыс істей алатын білікті оқытушылардың 

жетіспеушілігі  аталып  өтті.    Сөз  тек  мұғалімдердің  сауаттылыққа  үйрету  қабілетін  туралы 

ғана  емес,  сонымен  бірге  интербелсенді  әдістерді  енгізе  және  пайдалана      білуінде, 

балалардың  өзін  өзі  білдіру  мен  эксперименттік

 

мотивацияны  көтеруі  туралы.      Сондай-ақ 



білікті мектеп директорлары мен мектеп әкімдерінің тапшылығы да атап өтілді.     

 

Негізгі фактілер



 

Бастапқы 

біліммен қамту 

(5-10 лет)



 

90,9% (2011 ж.) 

94,8% (2000 ж.)

 

Жалпы орта 

біліммен қамту 

(7-17 лет)



 

96,3 % (2011 ж.) 

97,9 % (2000 ж.)

 

Жоғары оқу 

орындарына 

түсетін жастар 

үшін

 

20,3% (2009 ж.) 

15,6% (2000 ж.)

 

Көз: ҚР Статистика агенттігі. 

 



жүктеу 1,21 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   21




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау