56
ДАМУ МАҚСАТТАРЫНДАҒЫ ӘРІПТЕСТІКТІҢ
НЕГІЗДЕМЕЛІК БАҒДАРЛАМАСЫ,
ҚАЗАҚСТАН, 2016-2020
МХҰ:
Үкіметке гендерлік факторларды ескеретін деректерді жақсартуға бағытталған
адамдармен сауда-саттық жасау және заңсыз көшіп-қону бойынша шараларды және, осы
қиындықтардың түпкілікті себептерін жою жолымен жүзеге асыруда қолдау көрсету.
ХЕҰ:
Өнімді жұмысбастылықтың, жұмысқа орналастыру бойынша мемлекеттік қызмет-
терді жаңғыртудың өсуіне бағытталған, еңбек нарығындағы өзгерістерге және жұмыс
күшінің артықтығын қысқарту және өнімділікті көтеру мақсатында еңбек нарығында бел-
сенді бағдарламаларды жүзеге асыруға сезімтал әлеуметтік және еңбек қатынастары са-
ласында жаңа модель мен саясат жасау бойынша жәрдем көрсету. Ұлттық еңбек қорғау
және қауіпсіздігі жүйесін еңбек қорғаудың және қауіпсіздігінің
профилактикалық мәде-
ниетіне трансформациялау мақсатында оны жақсартуға жәрдемдесу және халықаралық
стандарттарға сәйкес еңбек шарттары бойынша инспекцияларды күшейтуге жәрдемдесу.
БҰҰ Әйелдер:
олардағы үй жұмыскерлерінің және әйел текті еңбек мигранттарының қа-
жеттіліктері мен басымдықтарын есептеу және, тұтас алғанда, әйелдердің бейресми жұ-
мысбастылығын қысқарту мақсатында саясатты, заңнаманы және стратегияларды жақ-
сарту бойынша қолдау көрсету.
БҰҰДБ:
Ұлттық кадрлар әлеуетін елеулі кешенді көтеруге бағытталған шараларды жүзе-
ге асыру бойынша қолдау көрсету. Жасыл экономика саласындағы білім мен дағдыларды
дамытуға ерекше көңіл бөлу, шағын және орта бизнесті дамыту
және жергілікті деңгейдегі
мемлекеттік басқару жүйесінің әлеуетін нығайту. Экотуризм, ерекше қорғалатын табиғи ау-
мақтар мен «жасыл» сатып алу сияқты жаңа мүмкіндіктерді дамытуға қосымша назар ауда-
ру. Мемлекеттік қызмет бойынша көрсеткіштердің сапасын көтеру бойынша қолдау көрсету.
БҰҰ БЖКБ:
Босқындарды, баспана іздеуші тұлғаларды және азаматтығы жоқ тұлғаларды
еңбек нарығында біріктіру, олардың толыққандылық үшін мүмкіндіктерін кеңейту және
қазақстандық қоғамның нәтижелі мүшелері болуы мақсатында заңнамалық реформа
жүргізуде қолдау көрсету.
ЮНЕП:
Экономиканы «жасылдандыруда», ресурстарды қолданудың, тұрақты өндірудің
және тұтынудың тиімділігін көтеру бағытында өрлеуді жеделдетуде Қазақстанды қолдау.
ЮНЕСКО:
Диалог, әлеуметтік ауызбіршілік және тұрақты даму үшін қозғайтын күш ретінде
мәдени әртүрлілікке жәрдемдесу және қолдау.
ЮНИДО:
Инклюзивті және тұрақты өнеркәсіптік
дамуды ынталандыру, өнер-
кәсіпті әртараптандыру, жұмыс орындарын құру және экспорттың бәсеке қа-
білеттігі бойынша елдің қолданатын күш-жігерлеріне жәрдемдесу. Стратегиялық
нарықтар бойынша ақпарат беруге жәрдемдесу және іріктемелі басымдықты са-
лалардағы өнеркәсіптік кәсіпорындардың экспорттық әлеуетін нығайту. Шағын
және ірі кәсіпорындар өндіретін өнімнің сапасын көтеру мақсаттарында өнер-
кәсіптік жаңғыртуды, өнеркәсіптің энергетикалық тиімділігін және сапалы ұлт-
тық инфрақұрылымды құруды қолдау. Жеткізушілер/сатып алушылар және аут-
сорсинг желілері, өндіру-өткізу тізбектерін және әріптестік туралы келісімдерді
дамыту арқылы ұлттық өндіру-өткізу тізбектерінің ұлттық бәсеке қабілеттігі мен
аймақтық және жаһандық тізбектермен байланысын
көтеру бойынша елдің
күш-жігерлерін қолдау. Кәсіпорындар диагностикасы және өнеркәсіпті жаңғы-
рту, бәсеке қабілеттігі, салалық талдау жүргізу, кәсіпорынның басымдықты са-
лаларына қатысты нарықта жайғастыру бойынша ұлттық әріптестердің адамдық
және техникалық әлеуетін ұлғайтуға қолдау көрсету. ұлттық әлеуетін нығайту
бойынша қолдау көрсету. Сенімді және халықаралық тұрғыдан салыстырылатын
статистикалық деректерді осылайша қамтамасыз ете отырып, Қазақстандағы
өнеркәсіптік статистиканы халықаралық және еуропалық стандарттармен үй-
лестіру бойынша ұлттық әлеуетті нығайту бойынша қолдау көрсету.
ЮНКТАД:
Жұмысқа орналастыру мүмкіндіктерін көбейту мақсатында кәсіп-
керлікке жәрдемдесу үшін, халықаралық стандарттарға және алдыңғы қатарлы
тәжірибеге сәйкес қолайлы саудалық және инвестициялық климатты қамтама-
сыз ету мақсатында экономикалық реформаларға қолдау көрсету.
57
ДАМУ МАҚСАТТАРЫНДАҒЫ ӘРІПТЕСТІКТІҢ НЕГІЗДЕМЕЛІК БАҒДАРЛАМАСЫ, ҚАЗАҚСТАН, 2016-2020
Түпкі нәтиже 1.3:
Экожүйелер және табиғи
ресурстар қорғалуда және
тұрақты түрде пайдалану-
да, ал елді мекендер та-
биғи және антропогендік
апаттар мен климаттың
өзгеруіне тұрақты
БҰҰ АҚТБ:
Табиғи апаттардың және климат өзгерістерінің нәтижесінде төтенше жағдай-
ларға тұрақтылықты көтеру бойынша саясатты және стратегиялық әрекеттерді нығайту
бойынша техникалық көмек.
ДДҰ:
Қатерлерді бағалауды күшейту, қатерлерді басқару
және химиялық қауіпсіздік са-
ласындағы қатерлерді кешендік қысқартуды қадағалау, табиғат пен қоршаған ортаны
қорғау және адам денсаулығын қорғау арасындағы байланысты күшейту бойынша тех-
никалық көмек.
БҰҰ ҚАД:
Ақпараттық науқандар (семинарлар, дөңгелек үстелдер және т.б.) арқылы,
сондай-ақ, жергілікті, республикалық және аймақтық БАҚ-пен тиісті ынтымақтастық
арқылы ұлттық және Үкіметтің тұрақты даму мақсаттарын нығайтуды қолдау.
БҰҰ ЕЭК:
Су ресурстарын тұрақты басқаруды жақсарту, табиғатты қорғау қызметін жаңғы-
рту мен басқаруға және жергілікті деңгейде жасыл дамуға өтуге жәрдемдесу мақсатында
Қазақстанға жасыл экономикаға өтуде қолдау көрсету. Қазақстандағы БҰҰ ЕЭК-нің эко-
логиялық конвенцияларын орындау бойынша қолдау көрсетуді жалғастыру.
МХҰ:
Үкіметтің миграцияны басқару және сын-қатерлерде: (1) елде немесе халықаралық
масштабта БҰҰ-ның Миграциялық дағдарыстар бойынша операциялық шектерін (MCOF)
енгізу арқылы болатын табиғи немесе антропогендік себептердің салдарынан миграци-
ялық дағдарыстар; (2)
миграциялар және қоршаған орта, атап айтқанда, судың дефи-
циттік ресурстары мен миграция арасындағы байланысты зерттеу жолымен әрекет ету
бойынша институционалдық және операциялық әлеуетін нығайтуда техникалық көмек.
БҰҰДБ:
Климаттың өзгерісіне бейімделу бойынша экономикалық тұрғыдан да, эколо-
гиялық тұрғыдан да жәрдем ету. Ауылшаруашылықты жүргізу әдістеріне ерекше көңіл
бөлу, экожүйелерді басқару, тұрақты балық шаруашылығын жүргізу және биоәртүрлілікті
сақтау. Халықаралық экологиялық міндеттемелермен және конвенциялармен үйлестіру
бойынша әдістемелік нұсқаулар беру.
ЮНЕП:
Экологиялық басқарудың өрлеуіне, экожүйелерді басқаруға ерекше көңіл аудара
отырып, климаттың өзгерісіне бейімделуге жәрдемдесу, табиғи ресурстарды тиімді қол-
дану және биоәртүрлілікті сақтау. ЮНЕП-тің экологиялық конвенцияларын ұлттық жүзеге
асыруын тұрақты қолдау.
ЮНЕСКО:
Табиғи ресурстарды тұрақты қолдану және апаттар қаупін азайту үшін ғылыми
ресурстарды жұмылдыру.
ЮНИДО:
Өнеркәсіпте қуатты қолдану және энергетика тиімділігі бойынша алдыңғы қа-
тарлы тәжірибе мен технологияларды енгізу және тарату бойынша қолдау көрсету. Каран-
тиндік және жөнелту алдындағы фумигациялау және жемдерге
қолданылатын көлемдерді
есептемегенде, елде бромды метилдің қолданылуын тоқтатуға жәрдем ету; Монреаль
протоколының шектеріндегі міндеттемелерді Қазақстанның орындауына жағдай жасау.
ЮНИСЕФ:
Үкіметке тиісті басқару бойынша және халықтың осал топтары/балалар үшін
жеткілікті азықпен қамтамасыз ету бойынша техникалық көмек; алынған азық-түлікті
тиісті түрде пайдалануға арналған білім беру. Бұған тұрақты әлеуметтік қамтамасыз ету
бойынша және азаматтарға, әсіресе, қаржылық дағдарыстың нәтижесіндегі азық-түлік
өнімдері бағаларының жоғарылауы мен қаржылық шығасылар көбірек кері әсерін тигі-
зетін халықтың ерекше осал топтарына, әлеуметтік желілерді қамтамасыз ету бойынша
техникалық консультациялар беру де кіреді.
ЮНОПС:
Барынша тұрақты және өмірге бейімді жобалар мен бағдарламалардың, әсіре-
се,
инфрақұрылым секторында, мысалы, энергетикалық тиімді ғимараттар мен конструк-
циялардың ықтималдығын көтеру мақсаттарында қатерлерді басқарудың сенімді жүйесін
жасау арқылы ұлттық және Үкіметтің тұрақты даму мақсаттарын нығайтуда көмек көрсету,
қатты қалдықтарды басқару, қуаттың жаңартылатын көздерін қолданудың және апаттар
қатерлерін қысқартудың экономикалық тұрғыдан тиімді шешімдері.