Бағдарламасы, Қазақстан, 2016-2020 Қазақстан республикасындағы біріккен ұлттар ұйымы



жүктеу 3,89 Mb.
Pdf просмотр
бет26/83
Дата23.11.2018
өлшемі3,89 Mb.
#23617
түріБағдарламасы
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   83

54
ДАМУ МАҚСАТТАРЫНДАҒЫ ӘРІПТЕСТІКТІҢ НЕГІЗДЕМЕЛІК БАҒДАРЛАМАСЫ, ҚАЗАҚСТАН, 2016-2020
B ҚОСЫМШАСЫ: АГЕНТТІКТЕРДІҢ АҚЫРҒЫ НӘТИЖЕЛЕРГЕ 
ЖЕТУГЕ ҚОСАДЫ ДЕП КҮТІЛЕТІН ҮЛЕСІ
1-БАҒЫТ: ТЕҢСІЗДІКТЕРДІ ҚЫСҚАРТУ ЖӘНЕ АДАМ ДАМУЫН ЖАҚСАРТУ
Түпкі нәтиже
Агенттіктердің үлесі (әліпбилік тәртіппен)
Түпкі нәтиже 1.1:
  
Халық үшін, оның ішін-
де, әлеуметтік тұрғыдан 
осал және бейберекет 
тұлғалар мен топтар үшін 
кешенді сапалы әлеумет-
тік қызметтерге (денсау-
лық, білім алу, әлеуметтік 
қорғау, құқық және т.б. 
саласында) жақсартылған 
тең қол жеткізу мүмкіндігі
ДДҰ: 
Теңсіздіктер мәселелерін шешу және медициналық қызмет көрсетуді жалпы халыққа 
ортақтандыруды қамтамасыз ету үшін Қазақстанның денсаулық сақтау жүйесін нығайту 
мақсаттарындағы техникалық көмек. Атап айтқанда, ондай көмек денсаулығының нашар-
лығы нәтижесіндегі кедейліктің қатерінен халықты қорғау үшін медициналық сақтандыру-
ды дамыту/денсаулық сақтауды қаржыландыру бойынша консультативтік қызметтер си-
яқты осал халықты медицинаға шамадан тыс ысырапшылық жасаудан қорғауға арналған 
механизмдерді қамтиды. Созылмалы сырқаттар және туберкулезді стационарлық емдеу-
ден амбулаторлық емдеуге өту жағдайында медициналық көмекті басқаратын бастапқы 
медициналық-санитарлық көмекке ерекше көңіл бөле отырып, әлеуметтік бағытталған, 
үйлестірілген және кешенді денсаулық сақтау қызметтерін нығайту. Минималды көлемді 
бірінші медициналық-санитарлық көмекке психикалық денсаулық саласындағы меди-
циналық көмекті енгізу, психиатриялық көмек қызметтердің қол жетімділігін көтеру және 
психикалық сырқаттар қатерлерін ерте анықтауды жәрдемдесу бойынша қолдау көрсету. 
Денсаулық сақтау саласындағы стратегияны теңсіздіктер мәселелерін шешуге бейімдеу 
үшін, жұқпайтын сырқаттарды қоса, денсаулық сақтау қауіптерінің негізгі әлеуметтік-эко-
номикалық детерминанттарын анықтау мақсатында мақсатты тексерулер жүргізу. Осал 
тұлғалар мен топтардың денсаулығын қорғау және сырқаттардың алдын алу үшін денсау-
лық сақтау бағдарламалары мен қызметтеріне қол жетімділігін қамтамасыз ету мақсатын-
да жұқпайтын сырқаттардың (темекі, алкогольдің зиянды қолданылуы, жеміс-жидектер 
мен көкөністердің аз қолданылуы және жеткіліксіз физикалық белсенділік) негізгі қатер-
лері мәселелерін шешу бойынша салааралық бағдарламаларды және пилоттық шаралар-
ды әзірлеу. Барлығына арналған денсаулық жағдайын жақсартуды қамтамасыз ету бойын-
ша мемлекеттік саясат саласында орталық және жергілікті органдардың әлеуетін нығайту.
МХҰ: 
Мұқтаж мигранттарға, олардың жанұяларының мүшелеріне және адамдармен са-
уда-саттық жасау құрбандарына алдын алу және оңалту қызметтеріне тең қол жетуді 
қамтамасыз етуге қолдау көрсету. Әлеуметтік бірлесуді және денсаулық сақтауға, білім 
алуға, жұмысқа тұруға тең құқықтарды қамтамасыз ету және мигранттар мен адамдар-
мен сауда-саттық жасау құрбандары үшін әлеуметтік қамсыздандыру мақсатында норма-
тивті-құқықтық базаға өзгертулер енгізу. Мұқтаж мигранттарға, адамдармен сауда-саттық 
жасау құрбандарына және басқа осал топтарға әлеуметтік және заңгерлік қызметтер сапа-
сын көтеру үшін аналитикалық ақпарат, алдыңғы қатарлы тәжірибе мен нұсқаулар беру.
БҰҰ Әйелдер: 
АҚТҚ-мен өмір сүретін әйелдердің, еңбек мигранттарының және олардың 
жанұялары мүшелері мен мүмкіндіктері шектеулі адамдардың қажеттіліктері мен басым-
дықтарына ерекше назар аудара отырып, олардың гендерлік сезімталдығын қамтамасыз 
ету мақсаттарында заңнамаға, саясатқа және стратегияға толықтырулар мен өзгертулер 
жасау/енгізу бойынша қолдау көрсету. Тұрмыстық зорлық-зомбылықтан зардап шеккен 
әйелдерге тиімді қызметтер кешенін көрсетуде мемлекетке қолдау көрсетуді жалғастыру.
БҰҰ БЖКБ: 
Босқындардың, баспана іздеуші тұлғалардың және азаматтығы жоқ 
тұлғалардың денсаулық сақтауға, білім алуға және әлеуметтік қамсызданды-
рылуға Қазақстанның азаматтарына арналғандай шарттармен қол жетуін қамта-
масыз ететін заңнамалық реформаларды қолдау.
БҰҰ ЕҚБ:
 Адам құқықтарына бағытталған ғылыми негізделген алдын алуға және АҚТҚ ем-
деуге қол жеткізу, сондай-ақ, инъекциялық есірткілерді тұтынушыларды күштеуді азайту 
және оларды бостандығынан айыру үшін кедергілерді азайту мақсаттарында АҚТҚ-ға және 
инъекциялық есірткілерді қолданатын адамдарға қатысты заңдарды, саясатты және тәжіри-
бені жасау бойынша қолдау көрсету. Есірткіге тәуелді адамдардың есірткіқұмарлығының 
алдын алу, емдеу және оңалту мәселелері бойынша адам құқықтарына бағытталған және 
ғылыми негізделген саясатты, стандарттар мен тәжірибені жасауға қолдау көрсету.


55
ДАМУ МАҚСАТТАРЫНДАҒЫ ӘРІПТЕСТІКТІҢ НЕГІЗДЕМЕЛІК БАҒДАРЛАМАСЫ, ҚАЗАҚСТАН, 2016-2020
ЮНЕСКО: 
Барлығына арналған сапалы үзіліссіз оқу мүмкіндіктерін жәрдемдесу. Білім беру, 
әлемде кездесетін негізгі мәселелерді балалардың, жастардың және ересектердің түсінуіне 
жәрдемдесу арқылы бейбітшілікті және жаһандық азаматтықты ілгерілетуге жәрдемдесу. Білім 
арқылы денсаулықты нығайту.
ЮНИСЕФ: 
Балалар осалдығының көптеген факторларына, аймақтық теңсіздіктерге және 
табыстардың әртүрлі деңгейлерінен шығатын теңсіздіктерге тиімді әрекет ететін балалықты 
сақтау және қорғау жүйелерінің реформаларын қолдау. Қатыгездікпен қарау және кемсіту қа-
теріне, әсіресе, сәби кезінде ұшыраған балаларға мен олардың жанұяларына алдын алу, ден-
саулық сақтау және әлеуметтік қолдау бойынша сапалы қызметтер көрсетуге тең қол жеткізуді 
жақсарту мақсаттарында, балалықты ғылыми негізделген қорғауды және балаларды әлеу-
меттік қорғау жөніндегі саясатты күшейту. Балалардың, әсіресе, осал топтардан шыққан және 
кедейлікте өмір сүретін балалардың және олардың жанұяларының игілігіне жергілікті және 
ұлттық деңгейде бюджеттеу және қаржыландыру саласында шешімдер талдауды мен жаса-
уды, оның ішінде, әлеуметтік секторға жұмсалатын шығындарды көбейту бойынша ақпарат-
тық-түсіндіру жұмыстарын қолдау. Халықаралық стандарттарға және инклюзивті саясатты жа-
сау мақсаттарында шоғырсыздандырудағы қажеттіліктерге сәйкес келетін деректерді басқару 
жүйелерін жетілдіру бойынша қолдау көрсету.
ЮНФПА:
 қызметтерге тең қол жетуін және сапасын одан әрі көтеруді қамтамасыз ету мақсат-
тарында репродуктивтік денсаулықты қорғау және жанұяны жоспарлау қызметтерін күшей-
ту бойынша саясат саласындағы консультациялар және ақпараттық-түсіндіру жұмысы, сон-
дай-ақ, (қажетіне қарай) техникалық көмек. Жасөспірімдер мен жастар үшін, әсіресе, ауыл 
және шалғай аудандардағы, жыныстық және репродуктивтік денсаулық саласында кешенді 
білім беруге, ақпарат беруге және қызметтер көрсетуге ерекше назар аударылатын болады. 
Саясатты байсалды түрде жасау үшін дәлелді базаны нығайту мақсаттарында деректер жинау 
бойынша арнайы тексерулер мен басқа шаралар жүргізу бойынша қолдау көрсету.
ЮНЭЙДС: 
ЖИТС саласындағы ұлттық органға стратегиялық ой фактілеріне негізделетін, АҚТҚ 
инфекцияларын алдын алуға салынған орынды инвестициялардың ұзақ мерзімді перспекти-
вада қаражаттарды үнемдей алатыны туралы ақпаратты беру. Елдің басымдықтарына және 
қажеттіліктеріне сәйкес алдын алу бағдарламаларына бөлінетін қаражаттарды көбейту мақ-
саттарында ақпараттық-түсіндіру жұмысын өте жоғарғы деңгейде жүргізу. Басқа халықара-
лық ұйымдармен бірге АҚТҚ-инфекциясын емдеу және алдын алу үшін антиретровирустық 
терапияны қолдану бойынша жаңа шоғырландырылған басшылықтарға сәйкес ұлттық емдеу 
хаттамаларын жаңарту/қайта қарау мақсатында техникалық қолдау мен білімдерді беру. Ден-
саулық сақтау саласындағы келесі мемлекеттік бағдарлама шектерінде АҚТҚ инфекциясын 
алдын алу және емдеу бойынша ұлттық мақсаттық көрсеткіштерді белгілеу және келісу бойын-
ша ақпараттық-түсіндіру жұмысын жүргізуді жалғастыру. ЖТБЖҚ бөлетін қаржыландырудан 
Үкімет қатерге көбірек ұшырайтын топтар арасында АҚТҚ-инфекциясын алдын алуға бөлетін 
қаржыландыруға жайлап өтуді қамтамасыз ету мақсатында Қадағалау жөніндегі комитеттің 
басшылығымен АҚТҚ және туберкулезбен күресті үйлестірудің елдік механизмі жөніндегі 
Тұрақты хатшылығының жұмысына қолдау көрсету.
Түпкі нәтиже 1.2: 
Эконо-
миканы әртараптандыру 
жұмыссыздарға, жастарға 
және әлеуметтік тұрғыдан 
осал әйелдер мен еркек-
терге лайықты еңбек ету 
мүмкіндіктерін қамтама-
сыз етеді
ДДҰ:
 Құзыретті және сапалы медициналық-санитарлық көмек көрсете алатын медици-
налық кадрлардың дамуына жәрдем көрсету. ДСМ-ге денсаулық сақтау секторы үшін 
қажетті кадрларды болжауды жақсарту, сондай-ақ, кәсіби және жоғарғы медициналық 
білім жүйесінде медициналық мамандықтардың халықаралық стандарттары мен класси-
фикацияларының есебін қамтамасыз ету бойынша қолдау көрсету.
БҰҰ ЕЭК: 
Елдің инновациялық тиімділігін көтеру, инновациялық әлеуетін дамытуға жәрдемдесу 
және инновацияларды ынталандыру мақсатында саясатты және нұсқауларды жүзеге асыру бой-
ынша қолдау. Қазақстандық МЖС орталығын және МЖС-тің консуль тациялық орталығын мем-
лекеттік-жекеменшік серіктестік саласында алдыңғы қатарлы тәжірибе мен стандарттарын 
енгізу және Қазақстан үшін қолайлы МЖС модельдерін анықтау бойынша қолдау. Аймақтық 
және жаһандық экономикаға шоғырландыруды күшейту мақсатында саудадағы процеду-
ралық және нормативтік кедергілер бойынша нұсқауларды жүзеге асыру бойынша қолдау.


жүктеу 3,89 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   83




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау