Бағдарламасы аясында іске асырылды David В. Brinkerhoff, Rose Weitz, Suzanne T. Ortega



жүктеу 30,13 Mb.
Pdf просмотр
бет94/147
Дата25.12.2019
өлшемі30,13 Mb.
#24898
түріБағдарламасы
1   ...   90   91   92   93   94   95   96   97   ...   147

СТРАТИФИКАЦИЯ
213

Жақсыжұмысорындарынан 
I   айырылу кедейліккеұшыраған 
америкалықтардың санын арттырды.
рінше,  «кедейлік шегіндегілер»  шын мәнінде  «кедейлер» деп  есептелуі 
тиіс, өйткені екі топ үшін де лайықты деңгейде өмір сүру қиынға соғады. 
Алайда кедейлік шегіндегі адамдардың жағдайы кедейлік деңгейінен де 
төмен табысқа өмір сүретіндерден өзгеше (Newman & Chen, 2008).
Жоқшылықты  бастан  кешкен  кедейлермен  салыстырғанда  жағ- 
дайы кедейлікке  жақын тұлғалар  әдетте  жақсы  мектебі  бар  қауіпсіз 
(бірақ жақын  маңдағы кедей  аудандардан  қауіп  төнетін)  аудандарда 
өмір  сүреді. Тым  кедейлерге  қарағанда, кедейлікке жақындар толық 
күн (тіпті екі жүмыс орнында) жұмыс істейді, бастарында баспанасы 
бар  және  тамақтары  да  жеткілікті.  Дегенмен  олардың  еңбекақысы 
жоғары  емес,  жеңілдіктер  аз  немесе  мүлдем  жоқ,  еңбек  қауіпсіздігі 
төмен  (Newman & Chen,  2008).  Олар  көп ақша жинақтай алмайды. Ал 
жұмыстан  шығарылса  немесе  ауруға  байланысты  бір  апта  жұмысқа 
шыға  алмай  қалса,  шоттарын  төлеу  қиынға  соғады.  Медициналық 
сақтандыру аз немесе жоқ болғандықтан, дәрігерге бармас бұрын ұзақ 
және  көп  ойлануға  мәжбүр.  Тісін  емдетуге  жағдайлары  келмегендік- 
тен,  кейде  тістерінен  де  айырылады.  Үкімет  оларды  кедей  деп  сана- 
маса да, зерттеушілердің көпшілігі олар өмір сүрудіц жеткілікті дең- 
гейіне жете алмайды деген қорытынды жасайды.
Кедейлікке жақындар ағымдағы қаржы дағдарысының (Newman & 
Chen, 2008) ортасында қалды. Себебі кедейлік шегіндегілердің кейбірі та- 
бысы жоғары адамдармен бірге жұмыс істейді. Олардың қасында жүрген- 
де өздерін басқалармен салыстырады да, мүлде қамтамасыз етілмегенін 
түсінеді (5-бөлімде талқыланған). Әдетте бірнеше беделді банк немесе не- 
сиелік қызмет көрсететін мекемелер жақын орналасатыны мәлім. Соның 
нәтижесінде кедей америкалықтар соларға жүгініп, несие беру қызмет- 
герін пайдаланады немесе  «өз  пайдасын ғана ойлайтын»  несиелендіру 
компанияларына  душар  болып, жоғары  пайызбен  несие  алады,  сөйтіп, 
ипотека  брокерлерінің  нысанасына  айналады.  Өкінішке  қарай,  кейде 
үйлерінен де айырылады (Newman & Chen, 2008).
Ж ұмысшы табы
Жұмысшы  табының  өкілдері  кім?  Бүл  сұрақтың  жауабы  табыс  дең- 
гейіне,  әсіресе  адамның  мамандығына,  біліміне,  өзін-өзі  тануына 
және өмір салтына қатысты анықталады. Жалпы алғанда, жүмысшы


214
7-ТАРАУ
Назар
аударыңыз
Музыка мен 
әлеуметтік таптар 
арасындағы байланыс
Б
ір  қарағанда,  өзіміз  гыңдайтын  му­
зыка  біздің  жеке  таңдауымыз  бен 
қалауымыз  болып  көрінеді  Дегенмен 
біздің  музыкалық  талгамымыз  әлеу- 
меттік  деңгейімізді,  кейде  әлеуметтік 
деңгейді  өзгертуге деген  ниетімізді  көр- 
сетеді.  Сол  себепті  әлеуметтанушылар 
музыканы адамдар тыңдап қана қоймай, 
қолданатын дүние ретінде қарастырады.
Эрине,  адамдар  музы каны   ләззат 
алу  ушін  пайдаланады.  Бірақ  м узы ­
каны  қолдану  мунымен  шектелмей- 
ді 
Алғашқы  махаббатыңызды  еске 
салатын  сүйікті  әніңіз  немесе  біреу- 
ге  не  бүкіл  әлемге  ашулы  болғанда 
тыңдайтын әуеніңіз бар ма? Кез келген
БАҚ ЖӘНЕ  МӘДЕНИЕТ
жағдайда  өзіңізге,  кейде  басқаларға 
эмоцияңызды  ж е ткізу  үшін  немесе 
бөлісу  үшін  музыканы  пайдаланасыз. 
Салмақ  тастау  үшін  панк-рок  музыка- 
сын  қосы п  жаттығулар  жасайсыз,  рег­
ги  м узы касы н  тыңдап  отырып  сабақ 
оқуды унатасыз, себебі бұл сіздің көңіл 
күйіңізді  көтереді.  Осындай  белгілі  бір 
жзнрдагы   музыканы  (саналы  немесе 
бейсаналық,  христианды қ  рок  неме­
се  хип-хоп)  таңдауыңыз  әлеуметтік 
табыңызды  білдіретін  белгі  екен  (мы- 
салы,  Gardner,  2004;  Roy  &  Dowd,  2010). 
Мундай  белгілерді  клубтарда,  кон- 
церттерде,  Facebook  парақшаларын- 
да  немесе  бір  музыка  жанрларына 
арналған  интернет-сайттарда  көруге 
болады.
Сол  сияқты,  адамдар  оны  түсінсе 
де,  түсінбесе  де,  музыка  оларды  әлеу-
м еттік таптар  ретінде  байланыстыруы 
м үм кін  (Roy  &  Dowd,  2010).  Мысалы, 
төменгі  сынып  оқушыларымен  салыс- 
тырганда,  жогары  сынып  оқушылары 
көбінесе уйде дж аз және классикалық 
музыка  тыңдайды,  ал  кантри  неме­
се  хип-хоп  музы касы н  тыңдауы  си- 
рек  кездеседі.  Егер  опар  өсе  келе  де 
джазды   және  классикалы қ  музыканы 
унататын  болса,  онда  осы  музыканы 
қалауы  олардың  элеуметтік  тапта- 
рының  сипаты  ретінде  қабылданады 
Сонымен  қатар  кеэінде  зауыт  жумыс- 
шылары  болған  ата-анасынан  кантри 
музыкасына үйренген заңгер өзі еңбек 
ететін  заң  фирмасына  сай  болғысы 
келсе, м узы калы қ талғамын өзгертуге 
(немесе жасыруға) мәжбүр болады.
табына  өнеркәсіпгегі «көк жағалы» жұмысшылар мен олардың отбасы- 
лары, яіни халықтың 30-40%-ы жатады. Олар -  фабрикаларда, кеме жөн- 
деу доктарында және сұлулық салондарында жұмыс істейтін ерлер мен 
әйелдер. Арасында жүк машиналарын жүргізетін, хатшы ретінде жүмыс 
істейтін,  үй салатын жәие қызмет көрсету саласында еңбек е гетін қыз- 
меткерлер де бар. Олардың еңбекақысы кейде өте жақсы әрі жеңілдіктер 
алатын болса да, жүмысшы табы  болып қала  береді.  Ал экономикалық 
даідарыс  пен  құлдырау  кезінде  мұндай  жұмысшылардың  жұмыссыз- 
дыққа  үшырағандарының  саны  10-нан  30  пайызға  дейінгі  мөлшерді 
құрайды.  Бұл адамдардың көбі орта мектеп бітіргенмен, арасында жога­
ры білім алғандары аз.
Жұмысшы  табының  аз  ғана  өкілдері  орта  таптың төменгі топта- 
рымен тең немесе оларға қарағанда мол табысқа  не. Мысалы, жүк ма- 
шинасын жүргізушілердің табысы  медбикелер  мен мемлекеттік мек­
теп мұғалімдерінің табысымен салыстырғанда көбірек. Жұмысшы тап 
отбасылары  орташа деңгейдегі  отбасылар  сияқты,  бірдей аудандарда 
тұруы  мүмкін.  Алайда  экономикалық  тұрғыдан  олардың  жағдайы- 
ның үш ерекшелігі бар.
1. 
Жұмысшы тап  өкілдерінің қызметте  өсуіне мүмкіндік өте  аз не­
месе мүлде жоқ; ал олардың табысының көтерілуі өте сирек.
2.  Жұмысшы  табының  жұмыс  орындары  қауіпсіз  болуы  да  сирек, 
әсіресе америкалық экономика өндірістік түрінен қызмет көрсету 
саласына қадам жасағаннан бері ңауіп артты.
3.  Жұмысшы табындагы  адамдардың орта тап мүшелеріне  қараған- 
да зейнетақы, денсаулықты сақтандыру және басқа жеңілдіктерге 
қол жеткізуі әлдеқайда сирек.
Осы  себептерге  байланысты  жұмысшы  табы  өкілдерінің  ақша 
жинақтауға  немесе  басқа  активтерге  иелік  етуге  мүмкіндіктері 
жоқ. Ал жұмыстан шығып қалу,  ауруға шалдығу немесе жарақат алу


жүктеу 30,13 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   90   91   92   93   94   95   96   97   ...   147




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау