Бағдарламасы аясында іске асырылды David В. Brinkerhoff, Rose Weitz, Suzanne T. Ortega



жүктеу 30,13 Mb.
Pdf просмотр
бет90/147
Дата25.12.2019
өлшемі30,13 Mb.
#24898
түріБағдарламасы
1   ...   86   87   88   89   90   91   92   93   ...   147

204
7-ТАРАУ
айтуы  бойынша,  мысалы,  капиталистер  жұмысшылардың  еңбек 
өнімділігінен  пайда  көретініндей,  ерлер  әйелдердің  репродуктив- 
ті  еңбегінен  пайда  көреді.  «Репродуктивті  еңбек»  термині  әйел- 
дердің  дәстүрлі  міндеттерін,  яғни  тамақ  әзірлеу,  үй  шаруашылы- 
ғын жүргізу және бала тәрбиелеу қызметтерін сипаттайды. Қазіргі 
конфликтология  ғалымдарының  пікірінше,  көптеген  отбасында 
әйелдердің  дәрежесі  томен  болғандықтан,  олар  репродуктивті 
еңбекпен  айналысуға  мәжбүр.  Соның  нәтижесінде,  әйелдердің 
жақсы  табысқа  қол  жеткізуіне  мүмкіндік  жоқтың  қасы,  оның  есе- 
сіне олардың үй ішінде билігі артуы ықтимал.
Сыни ескертулер
Басқаны  бақылап  үйренгендер  өз  мүмкіндігін  кеңейтуі  және  арт- 
тыруы  үшін  өз  билігін  пайдаланатынына  (иелік  ету  және  басқару 
арқылы)  ешкім күмән келтірмейді. Алайда  сыншылар  «теңсіздікте 
әділетсіздік  пен  қажетсіздік  бар»  деген  пікірмен  келіспейді.  Бірін- 
шіден,  адамдардың  барлығы  бірдей  емес.  Кейбір адамдар  өзгелерге 
қарағанда  еңбекқор, сауатты және талантты. Олар ешқандай күрде- 
лі  кедергілерге  кезікпесе,  қиналмай,  алдау-арбаусыз  алға  шығады. 
Екіншіден,  басшылық  пен  бедел  функцияға  ие.  Жүйелі  жұмыс  ат- 
қара  алушылар басшылық етсе, басқарған ұйымы да жақсы жұмыс 
атқарады.
Ұғымдардың  қорытындысы:  стратификацияның  екі түрлі  үлгісі 
әлеуметтік  стратификацияның  құрылымдық-функциялық  үлгісін 
конфликт теориясының үлгісімен салыстырып қорытындылайды.
Репродуктивті еңбек -  әйелдердің 
тамақ әзірлеу, үй шаруашылығын 
жүргізу, балаға қарау сияқты 
әдеттегі міндеттері; бұл еңбек 
қоғам үшін ұрпақ жалғастыруға, 
басқалардың жұмыс істеуіне және 
демалуына мүмкіндік береді.
Өздігінен орындалатын 
болжам - артылған үміттің 
жүзеге асатынына сенім білдіру 
және оның іс жүзінде орындалуы.
Символдың интеракционизм
Құрылымдық-функциялық және конфликт теорияларымен салыстыр- 
ғанда символдық интеракционизм теориясы кейбір әлеуметтік топтар- 
дың басқаларга қарағанда неліктен жақсы жетістіктерге жететінін ту- 
сіндіруді мақсат етпейді. Оның орнына теңсіздіктің күнделікгі өмірде 
сақталуына не себеп болатынын зерттейді.
Символдық  интеракционизм  теориясының  маңызды  үлесінің 
бірі -  өздігінен орындалатын болжамның маңыздылығын анықтау. 
Өздігінен орындалатын болжам -  күтілген нәрсенің жүзеге  асатыны­
на сенім білдіру және оның іс жүзінде орындалуы. Бүл -  әлеуметтік ди­
намика -  әлеуметтік таптар  мәртебесінің  қалыптасуына  эсер  ететін 
себептердің бірі.
Мысалы, мұғалімдер бастауыш сынып оқушыларын математика 
пәніне  немесе  жазуға  қабілетсіз  санап,  оқушыларға  осы  пәндер  бой­
ынша  көмектесуге  аз  уақыт  бөледі.  Осы  оқушылардың  мұғалімдер 
қойған  талаптарды  орындауы,  математикалық  және  жазу  дағдыла- 
рын өздігінен дамытуы екіталай.
Символдық интеракционизм  теориясы  әлеуметтік тәртіптегі  ор- 
нымызды әрдайым еске  гүсіріп, күнделікті қарым-қатынастар теңсіз- 
дікті  қалай  нығайтатынын  түсінуге  көмектеседі.  Мысалы,  мейрам- 
хананың  көбінде  даяшылар  артқы  есіктен  кіруі  тиіс.  Олар  жуыну 
үшін жайсыз бөлмелерді пайдалануға,  өз үзілістерін терезесіз  бөлме- 
де өткізуге мәжбүр болады және жүмыс киімін киюі тиіс. Клиенттер 
өздеріне ілтипат көрсететін қызмет көрсетушілермен дөрекі  сөйлесе- 
ді. Даяшының кештің соңында шайпұл алуға лайықты немесе лайық- 
ты емес екенін клиент шешеді. Осылай мейрамханалардағы күнделік- 
ті  қарым-қатынастар  әлеуметтік жағынан  клиенттердің -   басым,  ал 
қызмет көрсетушілердің томен болуын танытады.


СТРАТИФИКАЦИЯ
205
Үғы м дард ы ң қоры ты нды сы
Стратификацияның екі түрлі 
үлгісі
С алы сты ру н е г із і
Қ ұ р ы л ы м д ы қ - 
ф у н к ц и я л ы қ  т е о р и я
К о н ф л и к т
т е о р и я с ы
Қ огам т а б и ғ а т ы
Ж алпы қаж еттіліктерді 
қанагаттанды руга 
ұм ты лған  топтар бірлестігі
Шектеулі ресурстарға 
бәсекелес топтар
Ө л еу м ет т ік  
қ у р ы л ы м  м а қ с а т ы
Мәселелерді шешу және 
қоғамға бейімделуге 
көмектесу
Теңсіздіктің қазіргі 
түрлерін қолдау
С т р а т и ф и к а ц и я н ы ң
с е о е п т е р і
Күрделі м індеттерді 
атқараты н ы  үш ін құрметке 
белену, марапаттау 
қаж еттігі, асіресе сирек 
кездесетін таланты  мен 
маш ыгы болуын талагі 
ететін кәсіп болса
Өндіріс құралдары ны ң 
күш  қолдану, алаяқты қ, 
қулы қ кесірінен тең 
бақылауда болмауы
С т р а т и ф н к а ц и я н ы ң
н е г із і
Қажетті және қалаулы
Қажетсіз ж эне қалаусыз, 
жоюға келм ейтін
Т е о р и я н ы ң
т н ім д іл іг і
М аш ықтанған және 
талантты  қызм еткерлердің 
өзгелермен тең болмауын 
қарастыру және адамдарды 
ж үмы сқа ы нталанды ру 
қ аж еттігін  көрсету
Мүдделер қайш ы лы гы н 
қарастыру және 
биліктегі адам дардың 
ж үйені өз үстемдіктері 
үш ін п айдалануы н 
көрсету
Т е о р и я н ы ң  ә л с із д іг і
Багалауда билік пен 
әулет мәртебесінің 
маңы зды лы ғы н 
елемеу жэне жоғары 
багалаудың ф ункциялы қ 
м аңы зды лы ғы н арттыру
Теңсіздіктің 
функциялары н және 
жеке қасиеттердің 
м аңы зды лы ғы н елемеу
Әлеуметтік тап деңгейінің 
детерминанттары
Әрбір ұрпақ ауысқан  сайын  белгілі  бір қоғамдағы  әлеуметтік деңгей 
де ауысуы тиіс. Кейбір адамдар жоғары деңгейде, ал кейбірі төмен дең- 
гейде болады: кейбіреулері шектелген ресурстарға көптеп иелік етеді, 
ал  кейбірінде  мүлде  болмайды.  Таптық  жүйелерде  осындай  бөліну 
процесі екі түрлі себепке байланысты: мүмкіндіктер нақты адамдарға 
қолжетімді, ал ортақ мүмкіндіктер қоғам және еңбек нарығында қол- 
жетімді. Біз оларды жетістікке эсер ететін микро және макродеңгейлі 
факторлар деп атаймыз.
Микроқүрылым: жеке мүмкіндіктер
АҚШ-тағы  әлеуметтік  тап  жүйесінің  касталық  жүйелерден  айыр- 
машылығы  -   ол  тікелей  немесе  толықтай  мирас  жолымен  беріл- 
мейді.  Дегенмен  салыстырмалы  түрде  аз  ғана  америкалық  өз 
ата-аналарының  әлеуметтік  таптағы  орнынан  өзгеше  орынға  ие 
болады.  Бұл қалай  болғаны? Бұл жүйеге  берілген ең дұрыс  анықта-


жүктеу 30,13 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   86   87   88   89   90   91   92   93   ...   147




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау