Бағдарламасы аясында іске асырылды David В. Brinkerhoff, Rose Weitz, Suzanne T. Ortega



жүктеу 30,13 Mb.
Pdf просмотр
бет79/147
Дата25.12.2019
өлшемі30,13 Mb.
#24898
түріБағдарламасы
1   ...   75   76   77   78   79   80   81   82   ...   147

180
6-ТА РА У

Ақнәсілділер мен басқа нәсіл 
I   өкілдері бірдей қылмыс жасаған 
күннің өзінде басқа нәсілділерді 
түтқындау, айыптау және соттау 
ықтималдығы жоғарырақ.
Жалпы халықтың  16  пайызы  болатын  испантектілер  ауыр қылмы- 
сы  үшін  тұтқындалғандардың  28  пайызын  құрайды.  Түтқындау 
және түрмеге жабу статистикаларында  мүндай үлкен айырманың 
болу  себебі -  азшылық пен  ақ нәсілділер  арасында  әлеуметтік тап 
ерекпіеліктері  бар.  Бұл  жайтты  есепке  алған  күннің  өзінде,  ис- 
пантектілер  мен  афроамерикалықтардың  қылмыс  жасаганы  үшін 
тұтқындалу ықтималдығы әлдеқайда жоғары.
Қылмыс  деңгейінің  жоғары  болуын  кедейлік,  сегрегация  (бас- 
қа  нәсілділерді ақ нәсілділерден бөліп тастау) және жұмысқа түру 
мүмкіндігінің  аздығы  сияқты  себептермен  түсіндіреміз.  Афро- 
америкалықтар  мен  испантекті  америкалықтар  көбіне  дәстүрлі 
жолдармен  жетістікке  жету  мүмкіндігіне  шектеу  қоятын,  ресурс- 
тары  аз  аудандарда  тұрады,  сондықтан  түрлі  қиындықтарға  тап 
болу  олардың  өмір  салтына  айналған  (Newman,  1999b;  Sampson  & 
Raudenbush,  1999;  Sampson,  Morenoff  &  Earls,  1999).  Дифференциял- 
дық  ассоциация  теориясы  да,  тежеу  теориясы  да  мүндай  жагдаят- 
тардың қылмысқа алый келуі мүмкін екенін айтады.
Бірақ азшылық пен көпшіліктің қылмыс деңгейі арасындағы ал- 
шақтық шындыққа онша жанаспайды. Орташа алғанда азшылықтың 
ақ нәсілділерге қараганда көбірек қылмыс жасайтыны рас. Бірақ олар- 
дың (мектепте  тентектік жасаудан  бастап кісі  өлтіруге дейін)  бірдей 
әрекеттерді жасау ерекшеліктерін салыстырар болсақ, азшылық өкіл- 
дерінің  сотқа  көбірек  шақырылып,  қамауға  жиі  алынатынын  және 
сотталатынын  байқаймыз  (Austin  &  Allen,  2000;  Cureton,  2000).  Нәти- 
жесінде, АҚШ статистикасында азшылық өкілдері жасайтын қылмыс 
саны тым көбейтіліп көрсетіледі.
Қылмыс үрейі
1990  жылдардан  бастап  қылмыс  деңгейі  күрт  төмендеді.  Сонда  да 
Gallup жыл сайын жүргізетін сауалнамада америкалықтардың үш ген 
екісі елдегі қылмыс саны  (Gallup.com  2010а)  артып отыр деп санайды. 
Бұл «үрей мәдениеті» қайдан пайда болды?
Көптеген  топтар  мен  адамдар  үрей  таратудан  пайда  көреді 
(Glassner,  2004).  Саясаткерлер  үрей  шақыру  арқылы  дауыс  жинай- 
ды, бинесмендер қорқыту арқылы өз тауарларын сатады (қару, дабыл 
жүйелері,  фишингке  қарсы  бағдарлама  және  т.б.),  адвокаттар  өз  үсы- 
ныстарына қолдау табу үшін үрейді пайдаланады (мысалы, арақ ішіп 
көлік  айдауды  қылмыс  қатарына  жатқызу,  нашақорларды  емдеуге 
жағдай жасау,  т.с.с.).  Ал  ақпарат құралдары  қылмыстың азайғанына 
емес, ауыр қылмыстарға көбірек назар аудару арқылы оқырман-көрер- 
менін  еселей  алады  (Altheide,  2002,  2006).  Ешқандай жаңа  тенденция 
байқалмаса  да,  БАҚ-тар  жалғыз-жарым  оқиғаларды  (мәселен,  2008 
жылғы Солтүстік Иллинойс университетіндегі қантөгісті) жаңа ағым 
ретінде көрсетуге тырысады.
Қылмыстан шамадан тыс қорқу, шынында, көп шығын келтіреді. 
Оның бір  салдары - түрме жүйесіне  өте көп қаржы жұмсалады (бүл 
туралы  келесі  тарауларда  жан-жақты  баяндалады).  Тағы  бір  салда­
ры -  қоғам  өмірінің  нашарлауы.  Кейде  егде  адамдар  қылмыстан  қо- 
рыққаны соншалық -  үйлерінен шығудан қалып, әлеуметтік түрғы- 
да  оқшауланады,  қимыл-қозғалысты  азайтады,  сөйтіп,  физикалық 
және  психикалық  денсаулығы  нашарлайды.  Ата-аналар  да  балала- 
рының  көшеде  ойнауына,  қоғамдық  көлікке  мінуіне,  қоршаған  ор- 
таны өз бетінше танып-білуіне мүмкіндік беретін басқа да әрекеттер 
жасауына тыйым салады (Skenazy, 2009).


ДЕВИАНТТЫ  МІНЕЗ-ҚҰЛЫҚ,  ҚЫЛМЫС  ЖӘНЕ  ҚОҒАМДЫҚ  БАҚЫЛАУ
181
Қылмыстық сот төрелігі жүйесі
Қылмыспен күресу жауапкершілігі қылмыстық сот төрелігі жүйесіне 
жүктеледі.  Бұл  тарауда  осы  жүйенің  негізгі  элементтерін  талқылай- 
мыз. Бірақ, алдымен, ең басты сұраққа жауап беруіміз керек: «Қылмыс 
жасағандарды неліктен жазалаймыз?»
Неге жазалаймыз?
Қылмыскерлерді жазалаудың төрт негізгі себебі бар:
• 
К ек а л у .
  Қылмыскерді жәбірленушінің және жалпы қоғамның ке- 
гін алу үшін жазалайды.
• 
А л д ы н   а л у .
  Қылмыскерлерді  соттау,  түрмеге  қамау  және  басқа 
жолдармен бақылауға алу арқылы олардың қылмысты қайта жа- 
сауына тосқауыл қойылады.
• 
Тежеу.
 Жазалау шарасы қылмыс жасағандарды және жасағысы ке- 
летіндерді бұл жолға түсуден сақтандырады.
• 
Т узет у.
  Жазалау  шарасы  ойдағыдай  орындалған  жағдайда  қыл- 
мыскердің  мінез-құлқын  түзетеді  және  оны  жақсы  институтқа 
бейімдейді, сол жерде қоғамның заңға мойынсұнған бір азаматы 
ретінде жұмыс істейтіндей білім-білік алады.
АҚШ-тың  қазіргі  қоғамдық  бақылау  органдары  осы  тәжірибе- 
лер мен философияларды аралас пайдаланады. Дегенмен АҚШ-тың 
қылмыстық  сот  жүйесі  түзетуден  гөрі  жазалау,  алдын  алу  және 
тежеу  әдістеріне  көбірек  бейімделген.  АҚШ-тың  қамау  орындары 
мен  түрмелерінде  қылмыскердің  білім  алуына,  оған  кеңес  беру- 
ге,  оны  ішімдік  пен  нашақорлықтан  емдеуге,  оның  мінез-құлқын 
түзетуге  қажет  басқа  да  шаралар  өте  сирек  қолданылады.  Ол -  ол 
ма,  АҚШ  штаттары  1970  жылдардан  бастап  кей  жағдайларда  өте 
үзақ мерзімге бас бостандығынан айыруға (кейде өмір бойына түр- 
меге  жабуға)  рұқсат  беретін  заңдар  қабылдады.  Мәселен,  «үшке 
дейін»  тәртібі  бойынша,  үш  реттен  артық  ауыр  қылмыс  жасаған 
адам  (мейлі,  ол  кісі  өлтіру  болсын,  дүкенде  ұрлық  жасау  болсын), 
шартты  жаза  алу  мүмкіндігі  берілместен,  25  жылға  дейін  бас  бос- 
тандығынан  айырылады.  Мұндай  заңдар  «бұл  адамдарды  түзету 
мүмкін  емес,  оны  қоғамнан  аластау  керек»  дегенді  білдіреді.  Ал 
зерттеулерге қарасақ, қылмысты азайтудың ең тиімді жолы -  жаза- 
ның қатаңдығы не түрме мерзімінің ұзақтығы емес, міндетті түрде 
жазалануы (McCarthy, 2002).
Келесі  тарауларда  қылмыс  жасағандарға,  күдікке  іліккендерге 
қарсы әрекет етудегі полицияның, соттың, түрменің және түрмеге ба- 
лама мекемелердің рөлін талқылаймыз.
Полиция
Қылмыстық сот жүйесінде полицейлер ерекше әрі шешуші орын ала­
ды. Олар ешкім арыз жазбаса да, әрекеттерін ешкім бақылап тұрмаса 
да, кез келген адамды тұтқындай алады. Заңның толық әрі біркелкі 
орындалуы тиіс болғанымен, олардың мұны жүзеге асыруы мүмкін 
емес.  2010  жылғы  мәлімет  бойынша,  АҚШ-та  әр  мың  адамға  3,5  по­
лиция  қызметкерінен  келеді  (Federal  Bureau  of Investigation,  2010). 
Яғни  полиция  ірі  қылмыстарға  көбірек  көңіл  бөлуі  тиіс.  Ал  ұсақ 
қүқықбұзушылыңтар көбіне назардан тыс қалады.


жүктеу 30,13 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   75   76   77   78   79   80   81   82   ...   147




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау