234
8-ТА РА У
әлеуметтану және сіз
Бұрмалаулар мен стереотиптер
этникалық топтардағы
қатынастармен шектелмейді.
Егер сіз егде адамдар жыныстық
қатынасқа қарағанда, карта
ойнауға көбірек қызығады деп
санасаңыз, стереотипке бой
алдырғансыз. Егер мұндай
стереотиптер сізді егде
адамдардың жастарга қарағаида,
қабілеті төмен деген қорытынды
жасауға түрткі болса, онда сіз
бұрмаланған пікірді ұстанасыз.
Осы бұрмаланған пікір сізді егде
адамды жумысқа алудан бас
таргуға мәжбүр етсе, онда сіз
кемсітумен айналысасыз.
С е гр е га ц и я
— азшылық және
көпшілік топ мүшелерін күштеп
айыру, оқшаулау.
меткер болса немесе ата-анасы ұлтаралас қарым-қатынасты қолда-
майтын болса, баласы амалсыздан дискриминацияға барады.
Дискриминация жасырын түрде болуы да (афроамерикалық оқу-
шыға ақ нәсілді оқушыдан гөрі аз назар аудару), ашық түрде болуы да
мүмкін (нәсіліне немесе үлтына байланысты біреумен кездесуден бас
тарту). Мысалы, бір эксперименттік зерттеуде тартымдылығына, қа-
рым-қатынастар құру қабілетіне, бойшаңдығы мен талғаммен киінуі-
не қарай жас жігіттер іріктелген. Оларға жалған түйіндемелер берілді.
Олар мұны алып хабарландыруда ұсынылған бос жұмыс орындарына
орналасуға барды (Pager, Western & Bonikowski, 2009). Басқа да ұқсас
зерттеулердегідей (Bertrand & Sendhil, 2004), сүхбаттасуға барған ақ нә-
сілділерге латынамерикалықтардан гөрі көбірек ұсыныс жасалды. Ал
латынамерикалықтарға деген ұсыныстар афроамерикалықтарға қара-
ғанда көп болған. Мысалы, афроамерикалық үміткер барған бір киім
дүкеніндегі қызметші оған «бос орынға басқа адам алып қойдық» деп
қайтарды. Дәл сол қызметші латынамерикалықпен сұхбаттасуда оған
бос орынға адам алынғанын айтты, бірақ түйіндемесін қалдыруын су-
рады. Ақ нәсілді америкалық үміткер сүхбатқа олардан кейін барды.
Ол сүхбаттың мынадай мағынада болғанын айтып берді:
«Мен ж ү м ы с қ а қ аб ы л д ау п р о ц есін ің қ а л а й ө т е т ін ін сүрады м : - А лдымен,
ө т ін іш т о л т ы р у ы м к е р е к пе, әл д е с ұ х б а т қ а қ а т ы с у ғ а бола ма?» - дедім.
Ол - м е н ің ө т ін іш ім е қ а р а п : - Сіз дереу ж у м ы с қ а кірісе а л а с ы з ба?» - деп
сү р ад ы . - Иә, - д ед ім . - Е ртең б астай а л а с ы з ба? - Иә. - Т а ң е р т е д сағат 10-
н а н , - деді» (Pager, W estern & B onikow ski, 2009: 788).
Жұмыс жөнінде көптеген ұсыныстар алумен бірге ақ нәсілді аме-
рикалықтарға кейде өздері күткен деңгейден жоғары жұмыс үсыны-
лады. Ал, афроамерикалықтарға күтілген деңгейден төмен жұмыс
қана үсынылған. (толығырақ «Деректерді зерделеу: нәсіл, сотталғаны
туралы дерек және жұмысқа тұру алдындағы сұхбаттасу» тақырыпты
тарауда талқыланған). Өзге тәжірибелік зерттеулер де осыған ұқсас
жауаптар тапты.
Дискриминация кейде үдемелі түрде қолданылады. Лакиша есім-
ді жұмыс іздеп жүрген қара нәсілді, жас әйелді елестетіп көріңіз. Бі-
ріншіден, есімінен-ақ афроамерикалық екенін түсініп, жұмысқа қа-
былдаушы оның түйіндемесін басқа құжат-қағаздардың ең астына
қоюы мүмкін. Келесі жолы сүхбаттасу өткізетін адам да Лакишаны
жұмысқа алуы екіталай, себебі ол - афроамерикалық. Лакиша жұмыс-
қа қабылданған күннің өзінде біліктілігі өзінікімен бірдей ақ нәсілді
америкалыққа қарағанда ецбегі аса бағаланбайды, еңбекақысы төмен
болады, мансабы сирек жоғарылайды және біліктілігін арттыруға,
басқа дағдыларды меңгеруге, қабілеттілігін көрсетуге берілетін мүм-
кіндік мардымсыз болады. Қадам сайын қарсы жасалатын дискрими
нация - оның табысын, жүмысқа түру мүмкіндігін, әлеуметтік мәрте-
бесін гөмендетеді.
С е г р е г а ц и я
Қоғамдық теңсіздікті сақтау мақсатында, билік басындағылар қол-
данатын стратегия - сегрегация деп аталады. Бұл күш немесе қысым
көрсету арқылы азшылық топты көпшіліктен айыру, оқшаулау.
Нәсілдік және этностық топтардың арасы қатаң жіктелетін бар
көптеген қоғамда азшылық топтар әртүрлі қысымдарға үшырайды.
Олар заңды түрде немесе дәстүрлі түрде геттолар, қытай орамдары,
сол сияқты тағы басқа аудандарда өмір сүруге мәжбүр. Егер олар басқа
НӘСІЛДІК ЖӘНЕ ЭТНОСТЫҚ ТЕҢСІЗДІК
235
жерге көшуді жоспарласа пәтер иелері пәтерді жалға беруден бас тар-
тады. Оған қоса жылжымайтын мүлік агенттіктері олардың телефон
қоңыраулары мен хабарламаларына мән бермейді. Ал басқа орынға
көшіп-қонуы сәтті өткен күнде де жаңа көршілері үйлерінің қабырға-
сына нәсілдік кемсіту сөздер жазып, жағымсыз суреттер салуы мүмкін.
Тіпті оларға қарсы небір жауыздықтар жасалуы таңғаларлық емес.
Тұрғын үйге қатысты дискриминациялау (азшылық топтарға пә-
терді жалға бермеу немесе олар шалған қоңырауды елемеу) 1960 жылы
заңсыз деп жарияланды. Алайда сегрегация басты екі себепке байла-
нысты әлі де орын алып огыр. Бұл себептер - нәсілдік/этностық және
ұлттық топтардың экономикалық айырмашылықтары мен сол топ-
тарға деген теріс көзқарас (Icelond & Wilkes 2000).
Эрине, экономикалық айырмашылық маңызды рөл атқарады.
Табысы төмен азшылық топтар тіпті өз топ мүшелерінің ауқаттыла-
рынан бөлек шеттетіліп өмір сүруі мүмкін. Бүл азшылық топтардың
әлеуметтік жағдайы оңалса, сегрегация азаятынын көрсетеді.
Бірақ сегрегацияның негізінде тек қана экономикалық айырма-
шылықтар жатқан жоқ. Бір жағынан, өсіп келе жатқан әлеуметтік
тап- азшылықтың оқшауландырылған ауданда тұру мүмкіндіктерін
жақсартып жатса да афроамерикалықтар мен латынамерикалықтар
арасында мұндай жағдай сирек кездеседі. Сол сияқты тіпті афроаме-
рикалық білім алып, жетістікке жетіп, басқа қалаға көшкен күнде де
олар «ақ» америкалықтармен салыстырғанда жайсыз аудандарда өмір
сүреді. Бүған ең басты себеп -табыс көлемі басқалармен бірдей болға-
нына қарамастан, жылжымайтын мүлік агенттіктерінің афроамери-
калықтарға жақсы-жайлы үй көрсетуі сирек кездеседі. Оларға ипоте-
калық кредит бермеуі мүмкін және болашақ көршілері тарапынан
наразылық білдірілуі ықтимал.
Case Study: нәсіл/ этнос / ұлт және сатып алу
қуқығынан айыру
2007 жылы Қүрама Штаттарда қоғамды ойран қылған оқиға - сатып алу
құқығынан айыру орын алды, бүл афроамерикалықтар мен латынаме-
рикалықтарға қатты соққы болып тиді. 1990 жылдың басында ипотека
беруден бас тартатын банкирлер оларға үсті-үстіне көбейтіп, ипотека-
лык; несие алуды оцайлатты. Бірақ мүндай несиелерге әдепкі ақ нәсіл-
ді арызданушыға берілгендей ұзақ мерзімді салымдар мен пайыздық
мөлшерлемелер қосылды. Сонымен қоса банкирлер азаматтарға, әсіре-
се афроамерикалықтар мен латынамерикалықтарға ақ нәсілді амери-
калықтармен бірдей ипотекалардың субстандартты мүмкіндіктерін
берудің дұрыс екенін дәлелдеді. Банкирлер жобаланған үйдің иесі тұ-
рақты түрде төлем жасауға мүмкіндігі болмай үйінен айырылып қа-
луы ықтимал болғанда ғана несие субстандартты түрде берілуі керек
деп есептеді (банкирлер мұндай үлкен көлемде қарыз беруге қуана ке-
ліседі). Себебі пайданың басым бөлігін жоғары салымдар мен ипотека-
лык; пакеттерді сатудан тауып жатты. Соңында азшылық топ өкілдері
тұрғын үй жағдайын жақсартуға немесе басқа шоттарды төлеуге қар-
жы қажетсінгенде қарыз берушілер оларға тек қана ерекше жоғары са
лымдар мен пайыздық мөлшердегі «азулы несиелерді» ұсынды.
Сегрегация құбылысы осы факторлар әсерінен еселепмолайды. Ір-
гелі мүлік агенттіктері мен банкирлер оқшауланған аудандарда тура-
тын, жұмыссыз қалу мүмкіндігі көп афро-латынамерикалықтарға
үйлер мен ипотекалық несие ұсынуды жалғастыра берді. Экономика
дағдарысы тереңдеген сайын халықтың жағдайы ауырлай түсті: пай-
ыздық өсімі еселеп көбейген қарызды төлеу қиындап кетті. Сегрега-
Достарыңызбен бөлісу: |