«Бір-біріне жақындай түсу – зиянды әдеттерден алыстау» ата-аналарға арналған сабақ
жасөспірімдердің – VII-X сыныптың оқушыларының ата-аналарына арналған
zajecia_kazach_nauczyciele.indd 12
8/10/16 12:18 PM
Жаттығу
Сіз психобелсенді заттарды (шылым, ішімдік, есірткі) қолдану мәселесімен
кездескен жасөспірімдерге және отбасыларына көмек көрсететін қандай ұйымдарды
(жастар және олардың жақындары үшін) және орталықтарды білесіз? (10 минут)
Мақсаты
Ата-аналардың маңызды рөлін атап өте отырып (ынтымақтастық және ақпарат алмасу кезінде), есірткіге тәуелділерге
көмек көрсететін жергілікті ұйымдар туралы мәліметтер.
Қажетті материалдар
„Ақпарат беруші – жастарға көмек көрсететін (оның ішінде психобелсенді заттарды қолданумен байланысты
мәселелер кезінде) ұйымдардың тізбесі” формуляры (№4-қосымша).
Егжей-тегжейлі сипаттау: „жентек қар” тәсілі
Мұғалім ата-аналарды 3 топқа бөледі. Ол қасында отырған ата-аналардан топқа бірігуді сұрайды (мысалы,
12345/12345/12345 және т.б.).
Әрбір топ таза қағаздың парағын алады. Топтар ойланады және қағаз параққа қатысушыларға белгілі, ата-аналар
және балалар көмек сұрап бара алатын мекемелердің мекенжайларын және телефон нөмірлерін жазады: бірінші топ
– егер бала темекі шексе, екінші топ – егер ішімдік ішсе, үшінші топ – егер бала есіркіні, медициналық препараттарды
қолданса немесе желімді иіскесе.
10
минуттан кейін мұғалім топтағы бір адамнан жұмыстарының нәтижелерін айтып беруді сұрайды. Ата-аналардың
мекемелердің нақты мекенжайларын немесе телефон нөмірлерін білмей қалуы мүмкін.
Мұғалім жаттығуды аяқтайды, кейбір жағдайда ата-ананың араласуы, күтетін нәтиже бермейтінін және бала өзінің
тәуекелді іс-әрекетін жалғастыра беретінін және зиянды әрекетін тоқтатпайтынын атап өтеді. Бұндай жағдайларда
кәсіби көмекке жүгіну қажет немесе бұндай мәселені қалай шешуге болатының айтатын сәйкес мекемеге телефон
соғуға болады. Мұғалім көмек сұрап хабарласуға болатын, жақын жердегі мекемелер туралы ақпаратты ата-аналар
үшін дайындап қойғандығын хабарлайды және ата-аналарға №4-қосымшаны таратады.
10
zajecia_kazach_nauczyciele.indd 13
8/10/16 12:18 PM
Сабақтың аяқталуы (5 минут)
Кездесу аяқталғаннан кейін мұғалім ата-аналардан келесі сөйлемдерді аяқтауын сұрайды:
Бұл кездесу мен үшін өте маңызды болды, өйткені мен келесі туралы білдім...........................
Немесе
Бүгінгі сабақтан ең басты білгенім, бұл - ..........................
Ата-аналар ойларын айтып болған соң, мұғалім дидактикалық материалдар (жедел отбасылық араласу жоспары –
№3-қосымша, көмек көрсететін мекемелердің тізбесі – №4-қосымша) таратады.
Үй тапсырмаларын түсіндіреді және нұқсаулықтар таратады
Ата-аналарды …………………… жоспарланған келесі кездесуге шақырады.
Дидактикалық материалдар
1.
«Жедел отбасылық араласу жоспары» - №3-қосымша
2.
„Біздің қаладағы жастарға көмек көрсететін ұйымдардың тізбесі” – №4-қосымша
Үй тапсырмасы – нұсқаулық (10 минут)
Балаңызбен (балаларыңызбен) психобелсенді заттарды қолданудың салдары туралы сөйлесіңіз және оған/оларға
өзіңіздің үмітіңізді және ережелеріңізді ашық айтыңыз.
Егер мүмкін болса, балаңызға (балаларыңызға) «Отбасылық қауіпсіздік ережелерінің тізімін» көрсетіңіз. Балаңызға
(балаларыңызға) бұл ережелерді ұстану неге маңызды екендігін айтыңыз. Төменде қауіпсіздік ережелері тақырыбына
балалармен әңгімелесуге көмек көрсететін бірнеше нұсқалар келтірілген.
Мысалдар
Мен дәрігер емеспін, бірақ темекінің денсаулыққа зиянды екендігін білемін, ал ішімдік және есірткі тек қана
денсаулыққа зиян келтірмейді, сонымен қатар мезгілсіз қазаға әкелуі мүмкін. Бұл заттар жас адамға ерекше қауіпті.
Сондықтан біреу осы заттардың бірін қоданып көруді ұсынса, одан бас тарту маңызды.
Өмірде сені көптеген қызықтар күтіп тұр. Мен сенің алдыға қойған мақсаттарыңа кедергісіз жетуіңді тілеймін. Егер сен
ішімдік ішсең немесе есірткі қолдансаң, онда апатқа түсуің, аурып қалуың және тіпті өліп қалуың мүмкін. Сондықтан
оны жасама. Сен біз үшін өте қымбатсың, біз сені жақсы көреміз және саған жаман бірдеңенің болғанын қаламаймыз.
Жүргізушісі мас (егер ол ішімдік ішсе немесе есірткі қолданса) машинаға ешқашан отырма. Қандай жағдай болса
да маған телефон соқ, ал мен үйге аман-есен келуіңе тырысамын.
Темекі шегу өте зиян. Ол үшін уақыт та, ақша да, күш-қуат та жібергің келмейді. Оны қолданбаған дұрыс, өйткені
оларға дағдылану өте оңай, ал одан арылу өте қиын. Сондықтан сенің темекі шекпегеніңді қалаймын.
11
Назар аударыңыз!
Егер сабақ кезінде кейбір ата-аналар баласы есіркі қолданып көргенін мойындаса, оларға кеңес беру немесе мүмкін терапия
немесе емдеу туралы егжей-тегжейлі айтып беретін маманмен (психолог/дәрігер/терапевт) кездесуді ұйымдастыруы
қажет.
«Бір-біріне жақындай түсу – зиянды әдеттерден алыстау» ата-аналарға арналған сабақ
жасөспірімдердің – VII-X сыныптың оқушыларының ата-аналарына арналған