Бағдарламасы 6М091000 «кітапхана ісі» мамандығына арналған [«Қызмет көрсету»



жүктеу 196,93 Kb.
Дата12.05.2018
өлшемі196,93 Kb.
#12167
түріБағдарламасы

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ ___________________________________________________________________

Жоғары оқу орнынан кейінгі білім

ТИПТІК ОҚУ БАҒДАРЛАМАСЫ


6М091000 – «КІТАПХАНА ІСІ »

мамандығына арналған

[«Қызмет көрсету» мамандықтарының тобы]



базалық және кәсіптік пәндер


М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті
Шымкент
2016

АЛҒЫ СӨЗ
1. М.Әуезов атындағы Оңтүстiк Қазақстан мемлекеттiк университетiнде ӘЗIРЛЕНГЕН ЖӘНЕ ҰСЫНЫЛҒАН
2. Республикалық оқу-әдістемелік жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі бiлiм беру кеңесінің 2016жылғы 30 маусымдағы №2 мәжіліс хаттамасының шешімімен БЕКIТIЛДI ЖӘНЕ жоғары, жоғары оқу орнынан кейінгі білім және халықаралық ынтымақтастық департаментінің 2016 жылғы 07 шілдедегі №14-4/1134 хатымен ҚОЛДАНЫСҚА ЕНГIЗIЛГЕН


3. Үлгі оқу бағдарламасы 23.08.2012ж. №1080 (13.05.16ж. №292 ҚР ҮҚ-мен толықтырылған) ҚР Үкіметінің қаулысымен бекітілген мемлекеттік жалпыға міндетті жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру стандартына және 6М091000-«Кітапхана ісі» мамандығы бойынша 2016 ж. үлгі оқу жоспарына сәйкес әзірленген.
4. М.Әуезов атындағы ОҚМУ Республикалық Оқу-әдістемелік кеңесінің білім, өнер және қызмет көрсету мамандықтар бойынша ОӘС отырысында ҚАРАЛҒАН, 27.05.2016 жылғы №3 хаттама

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ


ҮЛГІ ОҚУ БАҒДАРЛАМАСЫ

__________________________________________________________________

Зерттеу іс-тәжірибесі


6М091000 - «Кітапхана ісі» мамандығы бойынша


Көлемі – 3 кредит


Шымкент, 2016

МАЗМҰНЫ


Алғы сөз

2

Мазмұны

3

Түсіндірме жазба

4

Практика мазмұны

5

Кіріспе

5

Магистратура ғылыми-зерттеу практикасы мазмұнының құрылымы

5

Практика ұйымдастыру және мазмұнын іріктеу принциптері

7

Жеке тапсырмалар

7

Зерттеу практикасын ұйымдастыру

7

Практикаға жетекшілік

7

Магистранттың ғылыми-зерттеу практикасы және ғзж-ның есебі

8

Практика жетекшісінің міндеті

8

Қорытынды аттестаттау

8

Ұсынылатын әдебиеттер

9

Авторлары

10


ТҮСІНДІРМЕ ЖАЗБА
Зерттеу іс-тәжірибесі типтік бағдарлама 6М091000 - Кітапхана ісі мамандығы бойынша магистранттар үшін құрастырылған. Бағдарлама материалы білім беру, өнер және қызмет көрсету саласында жоғары кәсіптік білімнің Мемлекеттік білім беру стандарты (2010 жылдың қыркүйегінде қолданысқа ендірілген) және кітапханалар қызметін реттейтін басқа да нормативті құжаттар талабын ескере отырып берілген.

6М091000 - Кітапхана ісі мамандығы бойынша магистранттардың зерттеу практикасы 4 семестрде өткізіледі.



Практика мақсаты - жиналған, талданған және ғылыми өңделген ақпараттар негізінде магистірлік диссертацияны даярлау мен рәсімдеу болып табылады.

Бұл мақсаттарды іске асыратын міндеттер:

-магистранттардың кәсіби шеберлігі мен дағдыларын ЖОО-нда, ғылыми орталықтар мен лабораторияларды ғылыми-зерттеу жұмыстарда ұйымдастыру мен басқару;

-магистранттардың зерттеу ұжымы ғылыми-зерттеу жұмыстарына іс жүзінде қатысуын қалыптастыруға баулу;

Магистранттардың зерттеу практикасы магистрлік диссертация тақырыбы бойынша ғылыми мәселелерді өңдеу принциптері мен осы күнгі әдістерін игеру; ғылыми ақпаратты пайдалану мен өңдеудің қазіргі әдістерін тұтастай игеруді бағдарлануға; білімді беру шеберлігін дамыту үшін ғылыми және ғылыми-әдістемелік әдебиеттерді шығармашылық талдауға бағытталған.

Практика магистрлік диссертация таңдалған тақырыбының ғылыми жетекшісінің жетекшілігінмен іске асырылады. Практика есеп беру және баға немесе сынақ қоюмен аяқталады.



Берілген зерттеу практиканы өтетін магистранттар келесі пәндер білімдерін игерулері қажет: «Кітапхана ісін ғылыми-зерттеудің методологиясы», «Кітапхана технологиясының теориялық негіздері», «Кітапханатану, библиографиятану және кітаптанудың теориялық-методологиялық негіздері», «Кітапхана ісін басқарудың құқықтық негіздері», «Кітапханалардың инновациялық-әдістемелік жұмысы», «Кітапханалық және библиографиялық жұмыстағы ғылыми зерттеулердің әдістемесі мен методологиясы» және т.б.
ПРАКТИКА МАЗМҰНЫ

Кіріспе

Магистрант зерттеу практикасын өткізу процесінде төмендегідей міндеттерді шешеді:

1.Магистранттардың зерттеушілік шеберлігі мен дағдыларын жетілдіру, олардың ғылыми-педагогикалық қызметті іске асыруда шығармашыл шығармашылық тұрғыдан келуін қалыптастыру;

2.Болашақ педагог-зерттеушілерге ақпаратттық мәдениеті, инновациялық шығармашылық түрде ойлауын тәрбиелеу;

3.Магистранттардың жоспарлаудың, ғылыми-педагогикалық зерттеулерді ұйымдастыру мен іске асырудың технологиялық тәсілдерін, ғылыми нәтижелерді өңдеу мен ұсынуды т игеру деңгейін жетілдіру .
Магистратура ғылыми-зерттеу практикасы мазмұнының құрылымы

Магистратураның зерттеу практикасы процесінде магистранттар ғылыми-зерттеу жұмыстарының негізгі түсініктерімен танысып, санқилы эмпиристік әдістерді пайдалана отырып (сұхбат, сауалнама, сұрақ, рефлексия.) Осы күнгі білім берудің мәселелерін зерттейді., мәселелер банкін құрастырады.

Магистранттар практика барысында өз зерттеуі тақырыбын нақтылайды, зерттеу бағытталған қарама-қайшылықты анықтайды. Зерттелетін мәселе бойынша әдеби деректемелерді библиографиялық, ақпаратттық, реферативтік басылымдармен, ретроспективті библиографиямен, диссертациялармен танысу.

Магистрант үшін диссертация қол жазбасымен жұмыс кезеңдерін анықтау өте маңызды, оған кіретіндер: Диссертациялық зерттеу композициясымен танысу, зерттеудің көкейтестілігі, жаңашылдығы, практикалық маңызын анықтау, мақсаттарды, міндеттерді, объектіні қалыптастырып нақтылау, зерттеу гипотезасы, зерттеу жолын бөлімдер, кіріспе, тұжырымдама, қорытынды арқылы құру. Бұндай жұмыс барысында магистрант тғылыми материалдарды мазмұндаудың әдістерімен танысады: қатаң біржүйелік, тұтас тәсілдерін таңдау; диссертация тілі мен стильі, материалды қисынды мазмұндау жолы, ғылыми терминологияны пайдалану, ғылыми зерттеудің тәсілдерін фразеологиясы, ғылыми сөздің граматикалық ерекшеліктерімен танысады.

Магистрант ғылыми-зерттеудің тәсілдерін, зерттеу материалының өңдеу әдістерін игеріп, алынған материалдарды талдай білуі тиіс, мысалы методологиялық семинары, ғылыми журналдарда ж т.б.

Зерттеуші қалыптасуының маңызды орын алатыны ол «Мәдениеттану, әлеуметтік жұмыс және музей ісі» кафедрасы және тұтастай М.Әуезов атындағы ОҚМУ педагогтарының ғылыми мектебімен танысу.

Жоғарыда келтірілген зерттеу практикасы міндеттерін шешу магистранттың ғылыми жетекшімен нақты ғылыми-педагогикалық зерттеуді жұмыс тәжірибесімен үйлестіріп және магистратурада оқушылардың болашақ қызығушылығын қозғайтын, нақты ғылыми мәселемен шектелген өз тақырыптық зерттеуін атқаруға сеп болады.

Ғылыми-зерттеу практикасының мақсаты ол магистрант оны аяқтаған соң ғылыми-зерттеу қызметінің келесідей элементтерін меңгеруі тиіс:

1. Ғылыми-педагогикалық мәселе жағдайын талдай білу, зерттеу көкейтестілігін анықтау, әдеби деректемелерді зерттеу негізінде зерттеу объектісінің мақсатты мен міндеттерін қалыптастыру;

2. Зерттеу тақырыбы бойынша ғылыми-педагогикалық ақпаратты дап, жүйелеу білу;

3.Ғылыми-педагогикалық зерттеудің оңтайлы әдістері мен бағдарламаларын таңдау, зерттеудің нақты міндеттерінен шыға отырып, қазіргі және жаңа әдістерді модификациялу;

4. Әдістердің педагогикалық моделдерін өңдеу, ғылыми-педагогикалық зерттеулерде шешім қабылдаудың қолдау жүйесін және компютерлік технологияларды пайдалану;

5.Теориялық және эксперименталды зерттеу әдістерін, алгоритмдерді, бағдарламаларды, педагогикалық кешендер мен жүйелерді талдау;

6. Мәдени-тынығу қызметкерлері –тұтастай педагогикалық процестер объектісін басқарудың барлық басқару кезеңдерінде пайдаланылатын әдістер мен технологияларды зерттеу мен талдау;

7. Өткізілетін ғылыми-педагогикалық зерттеулердің ғылыми және практикалық маңызын талдау, әрі өңдеудің әлеуметтік және педагогикалық тиімділігін бағалау;

8. Зерттеу нәтижелерін ғылыми басылымға жариялау үшін даярлау, әрі шолу, реферат, есеп, баяндама құрастыру;

Практика жеке тапсырма дайындау магистранттарға шығармашылық ғылыми-зерттеу қызметі тәжірибесін береді.

Ғылыми-зерттеу практикасы барысында магистранттар келесідей мәселелерді білуі қажет:

-Магистрант ғылыми-зерттеу, практикасын өткізетін базаның мекеме, ұйым, құрылымымен танысу;

-Магистрант тікелей ғылыми-зерттеу қызметін іске асыратын бөліммен танысу (құрылымы, тарихы, негізгі ғылыми мектеп бағыты, ғылыми қызмет нәтижелері және т.б)

- ҒЗЖ-бойынша бөлімнің есеп беру құжаттарымен танысу;

- Бөлім ұжымы мен барлық мекеме шешетін ғылыми міндеттер, бағдарламалармен танысу;

- ҒЗЖ-ның жеке жоспарын құру

- ҒЗЖ-ның өңделген жоспарын іске асыру;

- Бөлім ұжымы ғылыми-зерттеу жұмысына белсене қатысу;

- Ғылыми-зерттеу практикасы кезеңінде алынған ҒЗЖ-ы нәтижесінің нәтижелерін есеп түрінде беру.


Практика ұйымдастыру және мазмұнын іріктеу принциптері

Ғылымилығы - педагогика және психология заңдылықтары, дидактикалық қазіргі талаптары және тұрғындар демалысын ұйымдастыру заңдылықтарын ескере отырып мазмұныны іріктеу және сабақты құрастыру;

Креативтілік - оқушыларды білім беру процесінің субьектілері ретінде дамытуға сүйене отырып магистранттардың сабақ өткізуге шығармашылық тұрғыдан келуін көкейтестіндіру және көтермелеу;

Магистранттардың ғылыми қызығушылығын есепке алу - практика магистранттардың ғылыми-зерттеу қызығушылығына сәйкес келетін пәндерге сабақ өткізуді қарасытрады.


Жеке тапсырмалар

Магистранттарға жеке тапсырмалар ғылыми-зерттеу практикасының басында беріледі. Жеке тапсырмаларды орындаудың мақсаты алған теориялық білімді нығайту, өзіндік ғылыми зерттеу қызметі дағдыларын дамыту.

Жеке тапсырма магистранттардың ғылыми тақырыбын ескере отырып, магистранттар таңдаған пәндер мазмұнында, материалында болады.
Зерттеу практикасын ұйымдастыру

Зерттеу практикасы оқу жоспарына сәйкес өткізіледі, әрі оның мерзімі оқу процесі кестесімен анықталады.

Практика жоғары оқу орындарында әрі алыс және жақын шет елдер ғылыми мекемелерінде өткізіледі.

Зерттеу практикасына шығар алдында магистранттарға міндеттер қою конференциясы өткізіліп, онда практика ба,ғдарламасы және жеке міндеттермен таныстырады. База практикасына келген соң магистранттар тәжірибелі ғылыми қызметкерге бекітіліп, практика жетекшісімен практика өтудің нақты жоспар мазмұныны анықтайды.

Практика өтетін магистрант үшін негізгі құжат оны өткізудің жеке жоспары болдып табылады.
Практикаға жетекшілік

Магистранттың ғылыми-зерттеу практикасына оқу-әдістемелік жетекшілікті кафедра ұсынған кандидатураны базалық ЖОО-ның факультет Ғылыми кеңесі бекіткен ғылыми жетекші іске асырады. Бұнда практика жетекшісі келесідей негізгі міндеттерді шешеді:

1. Практика алдында магистрант практикадан өтетін өтетін ЖОО-да, ғылыми мекемелерде орындар ұйымдастырылады.

2. Жеке апсырмаларды орындау бойынша дайындық конференциясы мен консультация өткізеді.

3. Практика бойынша тапсырмалардың, әрі ғылыми-зерттеу тақырыбы бойынша жекелеген кезеңдерінің орындалуын, әрі магистранттың ішкі тәртіпті сақталуын бақылап, есептер қабылдау және ескерту, ұсыныс, жетілдірулерімен практика бойынша қорытынды есеп құрастырады.
Магистранттың ғылыми-зерттеу практикасы және ғзж-ның есебі

Магистрант зерттеу практикасы біткен соң практика жеке жоспарының орындалуы жөнінде жазбаша есеп береді, онда болатын:

1.Магистрлік диссертацияны даярлау бойынша ғылыми-зерттеу практикасының ҒЗЖ кезеңдерінің мақсаты, міндеттері;

2.Зерттеу практикасы өтетін жер және магистрлік диссертация даярлау бойынша ҒЗЖ атқарылуы; ұйымның ғылыми қызметінің негізгі міндеттері мен құрылымын жазу; ұжымның негізгі ғылыми жетістіктері мен негізгі ғылыми бағыттарын жазу;

3.Магистрант өткізетін ҒЗЖ тақырыбы, магистрант атқаратын жұмыс мазмұны; зерттеу практикасы және ҒЗЖ-ның алынған нәтижелері.

Магистрант бұдан бөлек , апта сайын атқарылған жұмыстар мен негізгі мазмұны белгіленген практика күнделігін өткізеді.

Жазбаша сипаттама түрінде ғылыми жетекші және зерттеу практикасы педагог-жетекшісінің пікірін де өткізу қажет.
Практика жетекшісінің міндеті

1. Білікті ғылыми жетекшілік;

2. Магистранттың ғылыми-зерттеу қызметі барысын ұдайы бақылау, практика күнделігі жазуларын тексеру;

3. Зерттеу практикасы барысында магистрант атқарған ҒЗЖ-ын оңды бағалау;

4. Магистрлік диссертация тақырыбы бойынша зерттеу жұмысының атқарылған көлемі, атқарылған жұмыс пікіріне қорытынды даярлау.

Бұлардан бөлек практика жетекшісі магистранттың ғылыми-зерттеу практиканы өту нәтижелері және ғылыми-зерттеу жұмыстарына көпшіліктері мен ұсыныстарды жетілдіру, ұйымдастыру, мазмұны бойынша есеп дайындайды. Есеп кафедра мәжілісінде және факультет Ғылыми кеңесінде талқыланып бекітіледі.


Қорытынды аттестаттау

Зерттеу практикасы бойынша қорытынды аттестаттау дифференциалды сынақ формасында өткізіледі. Бағалауда магистрант өткізген есеп беру материалдарының сапасы және практика жетекшілерінің пікірі ескеріледі.

Магистрант практика жетекшісіне әр апта сайын есеп береді.
Ұсынылатын әдебиеттер тізімі

Негізгі әдебиеттер:

1 Агеев В.Н. Электронная книга: новое средство социальной коммуникации.-М., 1997.

2 Барсук А.И. Библиографоведение в системе книговедческих дисциплин: Методологический очерк. - М.: Книга, 1975.

3 Ванеев А.Н. О методологической базе библиотековедческих исследований// Библиосфера. – 2008. – № 4. – С. 3–6.

4 Ванеев А.Н. Разработка методологических и методических проблем библиотековедения (обзор публикаций второй половины XX века)// Библиосфера. – 2007. – №3. – С. 47–52.

5 Гиляревский Р.С. Информатика и библиотековедение: Общие тенденции в развитии и преподавании. – М., 1974.

6 Дворкина М.Я. Сущность и структура библиотечно-информационной деятельности // Научные и технические библиотеки. – 2008. – № 5. – С. 5–21.

7 Куфаев М.Н. Избранное: труды по книговедению и библиографоведению. – М. 1981. - (Труды отечественных книговедов).

8 Коршунов О.П., Лиховид Т.Ф., Новоженова Т.А. Библиографоведение: Основы теории и методологии: Учебник /Под ред. О.П. Коршунова. – М.: ФАИР, 2009. – 336 с.

9 Проблемы методологии и методики изучения библиотечной отрасли: Учеб. пособие/Науч.ред. В.С.Крейденко. – СПб., 1994. – 156 с.

10 Сляднева Н.А. Библиография в системе универсума человеческой деятельности. - М., 1993.

11 Солтон Дж. Динамические библиотечно–информационные системы: Пер. с англ. – М., 1979.

12 Столяров Ю.Н. Библиотековедение, библиографоведение и книговедение как единая научная специальность: Курс лекций для аспирантов и соискателей. - Орел, 2007. - 239 с.
Қосымша әдебиеттер:

1 Берков Н.П. Библиографическая эвристика: теории и методы библиографических разысканий. – М., 1960.

2 Дворкина М.Я. Библиотечно-информационная деятельность как система// Научные и технические библиотеки. – 2008. – № 1. – С. 81–88.

3 Козленко Е.Ю. Эволюционное моделирование в библиографоведении: из опыта применения // Библиосфера. – 2009. – № 4. – С. 83–87.

4 Полтавская Е.И. Объект и предмет библиотековедения: анализ проблемы в начале XXI века// Научные и технические библиотеки. – 2007. – №1. – С. 75–91.

5 Рябов М.А. Библиотека как коммуникативная система// Библиотековедение. – 2008. – № 2. – С. 28.

6 Тикунова И. Современное библиотековедение и электронные средства научных коммуникаций//Библиотечное дело. – 2007. – №12. – С. 28–30.

7 Ядов В.А. Стратегия социологического исследования. Описание, объяснение, понимание социальной реальности: Учеб. для вузов. - М.: Добросвет, 2000. – 596 с.


Авторлары:
Мусаева С.Т. - п.ғ.к., М. Әуезов атындағы ОҚМУ доценті;

Исенгалиева А.Г.-ф.ғ.к., М.Әуезов атындағы ОҚМУ доценті;



Кукеева М.К. - п.ғ.к., М. Әуезов атындағы ОҚМУ.





жүктеу 196,93 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:




©g.engime.org 2025
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау