1
ӘЛЕМ ЗЕРТХАНАЛАРЫНДАҒЫ ЖАЗҒЫ МАШЫҚТАНУ БАҒДАРЛАМАСЫ ’2018
БАҒДАРЛАМА ҚҰЖАТЫ:
№ Айқындамасы
Сипаттамасы
1
Бағдарлама
атауы:
Ph.D
бағдарламасына
түсуді
қалайтын
студенттерге
арналған
әлем
зертханаларындағы жазғы машықтануға демеушілік көрсету бағдарламасы
2
Жоба
негіздемесі:
Бағдарламаны іске асыру келесі негіздемелерге сүйенеді:
1) Әлемнің жетекші жоо-на доктарантураға және асперантураға оқуға түсудегі
негізгі талаптардың бірі - ғылыми зертханалардағы жұмыс тәжірибесі және
зерттеушілік тәжірибенің болуы. Көптеген отандық студенттер қажетті
машықтанудан өту мүмкіндігінің болмауы себептерінен қажетті тәжірибе ала
алмай, нәтижесінде әлемнің жетекші университеттеріне оқуға түсу және ғылыми
қызметін жалғастыру мүмкіндіктерінен айрылып, үмітін үзеді;
2) Бүгінгі күнде отандық жастар ерекше қолдауға мұқтаж. Бұл жоба мықты ғылыми
кадрларды құрастыру және құру мақсатында талантты және қазақстандық
ғылымды дамытуға мүдделі жастарды қолдау үшін қажет.
3
Жоба мақсаты: Кем дегенде 10 студентке әлемнің жетекші зертханаларында машықтанудан өту
мүмкіндігін ұсыну және келешекте оларға Ph.D оқуына (өз бетінше) түсу мүмкіндігін
беру.
4
Жоба
міндеттері:
1. Қазақстанның зерттеушілік қызметін және ғылымын дамыту жолында уәждемесі
бар үміткерледі іріктеп алу;
2. Студенттерге машықтанудан өту үшін лайықты зертханаларды және
профессорларды іздестіруде бырынша қолғабыс көрсету;
3. Машықтануға түсу үшін қажетті ұсынымдар беруге және бағыттап отыруға,
көмектесуге дайын кеңесшілер командасын ұйымдастыру.
5
Жоба мерзімі:
2017 ж. қараша – 2018 ж. қыркүйек:
1-кезең: қараша-желтоқсан 2017 ж. – студенттерді ақпараттандыру, хабарландыру
2-кезең: желтоқсан, 2017 - қаңтар, 2018 жж. – іріктеу, жеңімпаздарды анықтау
3-кезең: қаңтар - наурыз 2018 ж. – үміткерлермен жұмыс (бағдарламаларды
іздестіру, профессорлармен хат алмасу, эссе жазу, құжаттарды жинау,
зертханаларға сұраныс беру және т.б);
4-кезең: наурыз-сәуір, 2018 ж. – нәтижелерді алу;
5-кезең: мамыр, 2018 ж. – демеушілік көмекті ұсыну;
6-кезең: маусым-тамыз, 2018 ж. – машықтанудан өту;
7-кезең: қыркүйек, 2018 ж. – есеп алу, қорытындылау.
6
Жоба бюджеті: 70 000 USD (төлемдер төлеу күнінің курсы бойынша теңгемен жүргізіледі)
Орта есеппен адам басына 7 000 у.е.
7
Жоба
серіктестері:
Қазақстанның жоғарғы оқу орындары (хабарландыру), Қазақстан Республикасының
ғылым жене білім министрлігі
8
Өту форматы:
Жоба байқау түрінде өткізіледі:
1.
өтінімдер негізінде іріктеу;
2.
тренинг және сұхбат негізінде іріктеу.
9
Бағыты:
Демеушілік көмек жаратылыстану-ғылыми және техникалық бағыттарында білім
алып жатқан 10 студентке беріледі.
2
Ph.D бағдарламасына түсуді қалайтын студенттерге әлемнің зертханаларындағы жазғы машықтанудан
өтуге демеушілік көмек көрсету бағдарламасы туралы Ережелері – 2018 жыл
1.
ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР
1.1. Академик Шахмардан Есенов атын. ғылыми-білім беру Қорының (әрі қарай - Қор), әлем
зертханаларында жазғы машықтанудан өту демеушілік көмек көрсету бағдарламасы (әрі қарай -
Бағдарлама) болашақта әлемнің кез келген жоғарғы оқу орындарының докторантурасына түсуді
көздейтін, мемлекетіміздің ғылыми зерттеу саласының дамуын қалайтын талантты Қазақстандақ
жастарды іздеу, іріктеу және демеумен айналысуға бағытталған.
1.2. Осы ережелерде аталған “Демеушілік көмек” термині әрбір қаржы алушыға 7000 АҚШ долларынан
артық емес өтеусіз ақшалай төлемді білдіреді. Төлем берілген күнгі валюта бағамы бойынша саналады.
Бұл бөлінген ақша дүниежүзінде орналасқан ғылыми және зерттеу зертханаларында жазғы
машықтанудан өтуге арналған.
1.3. Қазіргі таңда талантты жастарға докторантураға түсу және Ph.D дәрежесіне алу үшін ғылыми және
зерттеу жұмыстарын жүргізу тәжірибесінің болуы міндетті шартқа айналғанын түсінгендіктен, Қор осы
бағдарламаны ұйымдастыруда. Бұл бағдарламаның дамуы Қордың отандық ғылыми кадрларды
дайындаудағы бір үлесі;
1.4. Бағдарлама
Shakhmardan
Yessenov
Foundation
ғылыми-білім
беру
Қоры
бастамасымен
қаржыландырылады.
1.5. Бұл бағдарлама байқаудың екі кезеңінен сәтті өткен ең мықты 10 студентке 2018 жылының жазында
әлемнің зертханаларында машықтанудан өтуге мүмкіндік береді.
1.6. Бағдарлама қатысушылары - Қазақстан жоғары оқу орындарында техникалық және жаратылыстану-
ғылыми мамандықтарында оқитын, Қазақстан Республикасы азаматы болып табылатын 2,3 курс
студенттері.
2. БАҒДАРЛАМАНЫҢ ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛУ КЕЗЕҢДЕРІ:
2.1. Қордың бұл демеушілік бағдарламасы ұзақ мерзімді болып саналады және бірнеше кезеңде жүзеге
асырылады.
2.2. Бірінші кезең - Бағдарлама қатысушыларын іріктеу кезеңі. Бұл кезеңде негізгі пәндер бойынша жоғары
білімі бар, болашақта ғылыми жұмыстарға қатысуға қызығушылық көрсеткендер, өздерінің ғылыми
жұмыстардағы (олимпиадалар, конференциялар, зерттеулер) жетістіктерін дәлелдегендер және
ағылшын тілі деңгейі жақсы қатысушылар іріктеліп, келесі кезеңге өтеді.
2.3. Екінші кезең - Дайындық кезеңі және жазғы машықтану бағдарламасына түсу. Бұл кезең барысында
байқау іріктеуінен өткен қатысушылар Бағдарламаға түсу дайындық үдерісінен өтеді:
1) Бірнеше сәйкес бағдарламалар ізделінеді;
2) Қажетті құжаттар дайындалады (эссе, пікірлер мен ұсыныстар, ғылыми жұмыстардың
аудармалары және т.б.);
3) Профессорлармен хат жазысып, байланыс орнатылады;
4) Нәтижелерін күтеді;
Бұл кезеңде Бағдарламаның әдейі дайындалған және талапкерлерге көмек беретін кеңес берушілер тобы
демеу көрсетеді.
3.
БАҒДАРЛАМА ҚАТЫСУШЫЛАРЫН ІРІКТЕУ БАЙҚАУЫ:
3.1.
Конкурсқа қатысушыларға арналған талаптар:
1) Қазақстандық азаматтығы бар жоғары оқу орындарының техникалық және ғылыми-
жаратылыстану мамандықтары бойынша 2, 3-курс бакалавриат студенттері байқау
қатысушылары бола алады.
2) Үміткерлердің негізгі пәндер бойынша үлгерімі “жақсы” және “өте жақсы” болуы міндетті. Бұл
бағаларды куәландыратын сынақ кітапшасының түпнұсқасы мен көшірмесі және студент оқитын
жоғарғы оқу орнының ректорынан немесе проректорынан ұсыныс хаты болуы қажет.
3
3) Үміткер мектепте оқу кезеңінде олимпиадалар мен ғылыми жұмыс жарыстарында жетістіктер
иегерлері болуы, сонымен қатар орта білім аттестатының орташа бағасы жоғары болуы тиіс. Бұл
жетістіктер дипломдар, марапаттау хаттары, сертификаттар мен аттестаттардың түпнұсқалары
мен көшірмелерімен куәландырылуы қажет.
4) Үміткердің ағылшын тілін білу деңгейі intermediate-тен төмен болмауы керек. Егер үміткердің
аталған құжаттарды көрсету мүмкіндігі болмаса, оған тиісті тесттен өту мүмкіндігі беріледі.
5) Үміткердің нақты ғылыми саласына деген қызығушылығы болуы және Қорға сәйкес
дәлелдемелер көрсетуі қажет: өзінің ғылыми мақалалары, материалдар, қандай да бір
зерттеулердің нәтижелері және т.б.
6) Сонымен қатар, үміткер өзінің Ph.D бағдарламасына түсу қызығушылығы мен болашақта ғылыми
жұмыспен айналысу құштарлығын негіздеп, баяндайтын эссе жазуы керек.
3.2. 2017 жылғы Бағдарламаға қатысқан демеушілік көмек иегерлері, 2018-жылғы бағдарламаға қатыса
алмайды.
3.3. ІРІКТЕУДІ ЖҮРГІЗУ ТӘРТІБІ:
Іріктеу екі кезеңде жүргізіледі:
1) Өтінімдер қабылдау:
-
10.12.2017 ж. мерзіміне дейін Қорға сәйкес түрде толтырылған өтінім тапсырылуы керек.
Өтінімге қосымша келесі құжаттарды тапсыру қажет:
1. Жеке куәлік көшірмесі;
2. Сынақ кітапшасының көшірмесі (барлық сессияларды қоса);
3. Ғылыми жұмыс жарыстары бойынша дипломдар, сертификаттар көшірмелері;
4. “Маған Ph.D дәрежесі.... үшін қажет ” тақырыбына шығарма;
5. Жоғары оқу орнының проректоры/ректорынан немесе ғылыми жетекшісінен мінездеме.
-
Өтініш
пен
қажетті
құжаттарды
Қордың
электрондық
поштасына
жіберіңіздер:
info@yessenovfoundation.org
;
-
Бұл кезеңде студенттердің академиялық үлгерімдері, өтінімідерінің толтырылу сапасы,
жетістіктері және ғылыми жұмыстармен айналысуға деген құлшынысы бойынша іріктеу
жүргізіледі;
2) Тренинг негізінде іріктеу/Интервью:
-
Тренингке/интервьюге өтінімдерін уақытылы жіберген және бірінші іріктеу кезеңінен сәтті өткен
студенттер жіберіледі.
-
Тренинг және интервью үміткердің жеке тұлғалық қасиеттерін анықтау үшін өткізіледі.
-
Тренинг/интервью 2018 жылдың 10-20 қаңтар аралығында өткізіледі.
3.4 Байқаудың іріктеу кезеңінен өткен студенттер Бағдарлама қатысушылары атанып, келесі дайындық
кезеңіне өтеді.
4. ДАЙЫНДЫҚ КЕЗЕҢІ ЖӘНЕ БАҒДАРЛАМАҒА ТҮСУ
4.1. Байқау іріктеуінен өткен Бағдарлама қатысушылары Қор бапкерлері және кеңес берушілерімен жұмыс
жасау мүмкіндігін иеленеді.
4.2. Қор кеңесшілері келесі бағыттар бойынша тренингтер өткізеді:
1) сәйкес шәкіртақы бағдарламаларын бірге таңдау мен іздеу;
2) қажетті құжаттарды дайындап, жіберу;
3) Университеттер мен зертханалар профессорларымен хат алмасу;
4) Лидерлік, стресске қарсы тұра алу, қарым-қатынас қасиеттерді дамытуға бағытталған жалпы
тренингтер;
4.3. Осы жұмыс барысында Бағдарлама қатысушылары әлем зертханаларында машықтану үшін өтінім мен
құжаттарын жібереді.
4.4. Бұл жұмыс нәтижелері бойынша қойылған мерзімге дейін Бағдарлама Қатысушысы Қорға таңдалған
бағдарлама бойынша түсуі туралы нәтижелерін хабарлауға міндетті;
5. БАҒДАРЛАМАНЫҢ КЕҢЕСШІЛЕР ТОБЫ
5.1. Кеңесшілер тобы бүгінгі таңда АҚШ немесе басқа халықаралық оқу орындарында оқып жүрген
Қазақстандық жас ғалымдардан тұрады;
4
5.2. Бағдарлама кеңесшілерінің міндеттері:
1) Бағдарлама Қатысушыларына уақытылы мастер – класстар жүргізу;
2) Бағдарламаның әр қатысушысына 5 реттен кем емес кеңес беруді;
3) Қатысушылардың сынақ мерзімін өтуіне өтінім беру үдерісіне жәрдемдесу және белсенді қатысу;
4) Кеңес берушілер тек кеңес берумен айналысада. Бағдарлама қатысушыларының орнына өтінім
үлгілерін толтыру, шығармы жазу сияқты және басқа да Бағдарлама Қатысушының ізденісіне тікелей
немесе қосалқы әсер ететін әрекеттер жасай алмайды;
5.3. Кеңесшілер Отандық жастардың мүмкіндіктерінің артуына бағытталған жұмысты ақысыз жүргізеді.
5.4. Қор бағдарлама қатысушыларының қосымша дағдылары мен білімін дамыту мақсатында ақылы немесе
ақысыз негізде бапкерлер мен психологтарды сәйкес тренингтер жүргізуге жұмысқа шақыруға құқылы.
6. БАҒДАРЛАМАНЫҢ ҚАТЫСУШЫЛАРЫН ІРІКТЕУ БАЙҚАУЫ
6.1. Ғылыми зертханаларда машықтануға шақыру алған Бағдарлама Қатысушылары автоматты түрде
Демеушілік көмек алушыларды іріктеу байқауының соңғы қорытынды кезеңіне өтеді;
6.2. Дайындық үдерісі кезінде өздерін талапшыл, мақсатқа ұмтылғандығын және басқа да жақсы
жақтарынан көрсеткен ең үздік 10 (он) Бағдарлама Қатысушысы демеушілік көмекке ие болады.
6.3. Демеушілік көмекті беру шешімін Байқау Комиссиясы, Қордың жауапты өкілдері, Бағдарламаның кеңес
берушілер тобының өкілдері және шақырылған бапкерлер мен сарапшылар бірлесіп қабылдайды;
6.4. Қор құрылтайшысы бекіткен, Байқау Комиссия және Қамқоршылар Кеңесі мүшелерімен мақұлданған
Байқау Жеңімпаздарының тізімі Қор сайтында ресми түрде жарияланады;
6.5. Қор демеушілік көмекті бермеу себептерін түсіндірмеуге құқылы.
7. ДЕМЕУШІЛІК КӨМЕКТІ БЕРУ
7.1. Ақшалай қаражат Конкурс жеңімпаздарына Демеушілік көмек Келісімшарты негізінде беріледі.
7.2. Ғылыми зертханадағы жазғы машықтануға қатысу үшін берілетін қаражат Бағдарлама
Қатысушыларының жол жүру, тұру, тамақтану шығындарын қамтиды. Тамақтану және көлік шығысын
қамтитын белгіленген мөлшерлеме күніне 40 АҚШ Долларын құрайды.
7.3. Демеушілік көмек қаражат алушының жеке есеп шотына аударылады.
7.4. Демеушілік көмек Келісімшартына қол қойған қаражат алушы келесі шарттарды орындауға тиіс:
1) Қабылдаушы зертхананың ережелері мен қойылған мерзімдеріне сәйкес сынақ мерзімін өту;
2) Барлық берілген жұмыстарды толық жауапкершілікпен орындау;
3) Өтіп жатқан сынақ нәтижелерін сәйкес есептеме түрінде Қорға үнемі хабарлап отыру.
Ережелерге қосымша ақпарат:
1. Ph.D дәрежесі – Батыс білім беру жүйесінің аспирантурасы мен отандық ғылым кандидаты
дәрежелерімен пара-пар. Дәреже атауы философиямен байланыссыз (тек тарихи) және барлық ғылыми
салаларда беріледі; мысалы, әдебиет философия докторы немесе физика ғылымының докторы.
2. Машықтанудан өту бағдарламасы келесі мақсаттарға бағытталған:
-
Студенттерге әлемнің алдыңғы қатарлы ғылыми зертханаларында сынақ өту мүмкіндігін береді;
-
Отандық ғалымдардың дайындық деңгейлерін дүниежүзінің алдыңғы қатарлы жоғары оқу
орындарында сапалы әрі қолайлы жағдайларда оқыту арқылы жоғарылату.
Достарыңызбен бөлісу: |