Есеп мысалдары.
1. Массасы m=100 кг балға h=1,77м биікгіктен төске түсті. Соққы уақыты t=10-2с. Орташа соққы күшін анықтау керек.
2. Бастапқы жылдамдығы 0=20м/с дене мұз үстімен сырғанап t=40с уақыттан соң тоқтады. Үйкеліс коэффиценті қандай ?
3. Массасы 50 кг жүк арқан арқылы 2 с ішінде 10 м биіктікке көтерілген. Жүктің көтерілуі бірқалыпты үдемелі қозғалыс деп есептесек арқанның керілу күшін анықтау керек
4. Ұзындығы 2 м, радиусы 0,8 мм. мыс сымға массасы 80 кг жүк ілгенде сымның созылуына жұмсалатын жұмысты анықтау керек.
5. Мылтық атылғанда газдың ұлғайғандағы қысымы 13300 Дж жүмыс істейді. Оқтың атылу уақыты 1,4710-3с, массасы 9,6г, ұшып шығу жылдамдығы 880 м/с. Атылудың толық және пайдалы қуатын анықтау керек.
6. Массасы 3 кг дене мұнара басынан жерге 2 секунд уақытта еркін түседі. Дененің жолдың дәл орта тұсындағы кинетикалық және потенциалдық энергиясы қандай болады?
7.Биіктігі 22 м мұнара басынан горизонтқа бұрыш жасай тас лақтырылған. Лақтырылғандағы алғашқы жылдамдығы 15 м/с, жерге түсер кезіндегі жылдамдығы 25 м/с болды. Егер ауаның кедергісін жеңуге жұмсалған жұмыс 6 Дж болса тастың массасы қандай болады?
8. Биіктігі 5 м тік тұрған діңгек түбінен қиылып жерге құлатылады. Діңгектің жоғарғы нүктесінің жерге құлау мезетіндегі жылдамдығы қандай болады?
9. Бастапқы жылдамдығы 0-ге тең, массасы m дене түрақты Ғ күштің әсерінен қозғалады. Кинетикалық энергияның уақытқа байланысы қандай болады?
1.4 Тартылыс өрісі
Тихо Брагенің планеталардың қозғалысын бақылаудағы мәліметтерін зерттей отырып, Кеплер мынадай заңдарды тағайындайды:
1) Барлық планеталар бір фокусында күн тұратын эллипс бойымен айналады.
2) Күннен планеталарға жүргізілген радиус-векторлар тең уақыт аралығында тең аудандарды сызады.
3) Планеталардың күнді айналу кезіндегі периодтарының квадраттарының қатынасы үлкен жарты осьтерінің кубтарының қатынастарындай болады.
(1.4.1)
Бұл заңдар тағайындалған соң планеталар қандай күштің әсерінен қозғалады деген заңды сұрақтар туады. 1666 жылы Гук аспан денелері бір-бірімен әсерлеседі, бұл әсерлесу денелердің арақашықтығының квадратына кері пропорционал болады деген пікірді айтады. Бірақ Гук бұл айтқан пікірін дәлелдей алмады. Математикаға, механикаға өте жетік Ньютон орасан үлкен физикалық сезіммен, көрегендікпен бүкіл әлемдік тартылыс заңын тағайындады.
Кез келген денелердің арасындағы тартылыс күші денелердің массаларына тура, олардың арақашықтығының квадратына кері пропорционал болады.
(1.4.2)
Достарыңызбен бөлісу: |