Бағдарламасы 2013 ж №1 басылым 5В072400 «Технологиялық машиналар және жабдықтар» мамандықтары үшін



жүктеу 5,16 Mb.
бет2/385
Дата30.12.2019
өлшемі5,16 Mb.
#25462
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   385

.


.

КІРІСПЕ
Қоршаған орта мен осы ортадағы адамдардың сезім мүшелеріне әсер етіп түйсік тудыратын барлық дүние материя делінеді. Материяның бөлінбейтін қасиеті мен өмір сүру формасы қозғалыс болып табылады. Жалпы қозғалыс деп материяның кез-келген өзгерісін айтады - ең қарапайым орын ауыстырудан ойлаудың кұрделі процестеріне дейін. Материяның сан алуан қозғалыс түрлерін көптеген табиғат тану ғылымдары зерттейді, соның ішінде физиканың алатын орны өте зор. Физика материяның қозғалыс формаларын зерттейді. Оның зерттейтін қозғалыс формалары (механикалық, жылулық, электромагниттік, т.б.) материяның барлық жоғары және ең күрделі қозғалыстарына (химиялық, биологиялық және т.б.) тән.

Қазіргі кезде табиғат танудың көптеген жеке ғылым салалары бар: физикалық химия, астрофизика, геофизика, биофизика және т.б. Физика өзінің зерттеулерінде осы ғылымдардың жетістіктеріне сүйене отырып, баска табиғат тану ғылымдарына жетешілік роль атқарады. Басқа табиғат тану ғылымдарының жетістіктеріне сүйене отырып, олардың алдына жаңа проблемалар кояды. Сөйтіп олардың дамуына түрткі болады.

Физика техникамен тығыз байланысты. Физиканың дамуына техниканың қажеттіліктері әсер етіп, бұл проблемалар физикалық зерттеулердің жаңа тақырыптарын анықтап отырады. Сонымен қатар физиканың дамуына өндірістің техникалық деңгейі тәуелді. Физика – техниканың жаңа бағыттарын (электрондық техника, ядролық техника, нанотехника) жасаудың базасы.

Физиканың техникамен тығыз байланыста болуы инженерлік-техникалық мамандықтар дайындайтын жоғарғы оқу орындарында физика курсының алатын орнының маңыздылығын анықтап береді. Бүгінгі заманғы техниканың қарқынды дамуына сәйкес физиканың зерттейтін мәселелерінің аумағыда кеңеюде. Өндірістік техниканың деңгейінің өсуі физиканың дамуына тәуелді. Сондықтан, физика – студенттерді өз ісінің маманы ретінде теориялық тұрғыдан даярлауда фундаментальдық база болып табылады.



1 МЕХАНИКА



1.1 Материялық нүкте кинематикасы
Физиканың механика бөлімі материяның қозғалысын зерттейді. Дененің уақыт өткен сайын кеңістіктегі басқа денелермен салыстырғанда орнының өзгеруін механикалық қозғалыс деп атайды. Сондықтан денелердің қозғалысын уақыт пен олардың салыстырмалы орны арқылы сипаттауға болады. Механика кинематика, динамика, статика салаларынан тұрады. Кинематика денелердің қозғалыстарын оны тудырушы және өзгертуші себептерінсіз зерттейтін бөлім. Динамика денелердің өзара әсерлесулерін және сол әсерлесулер нәтижесінде пайда болатын қозғалыс заңдылықтарын зерттейтін механиканың бір бөлімі. Ал статика денелердің тепе-тендігін зерттейді.

Дененің кеңістіктегі қозғалысын қарастыру үшін алдымен материалдық нүкте ұғымы енгізіледі. Материялық нүкте деп белгілі бір жағдайда өлшемі мен формасын ескермеуге болатын денені айтады.

Дененің қозғалысы басқа денелермен салыстырғанда ғана көрінеді. Бұл уақытта қозғалысы зерттелетін денені қозғалмайтын басқа денемен салыстырады. Сонда соңғысын санақ жүйесі деп атайды.

Дененің қозғалысын сипаттайтын шамаларға траектория мен жол жатады. Материялық нүктенің қозғалыс кезінде сызатын сызығы траектория делінеді. Ал жол деп траекторияның ұзындығын айтады. Сонымен қатар кез-келген уақытта дененің кеңістіктегі орнын радиус-вектор арқылы, яғни орын ауыстыру векторы арқылы көрсетуге болады. Орын ауыстыру векторы деп берілген мезеттегі дененің бастапқы орны мен соңғы мезеттегі орнына тартылған векторды айтады. Материялық нүктенің траекториясының формасына байланысты козғалыс түзу сызықты немесе қисық сызықты болуы мүмкін.



Материялық нүктенің траектория бойынша жүрген жолы теңдеуімен анықталады (1.1.1-сурет).

1.1.1-сурет. Материалық нүктенің траектория бойынша қозғалысы


Материялық нүкте бастапқы уақытта А нүктесінде болсын, ол уақыттан кейін қандай да бір жол жүріп В нүктесіне келсін. Уақыт бірлігінде орын ауыстыру векторы жылдамдық деп аталады, нөлге ұмтылған жағдайда

жүктеу 5,16 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   385




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау