3.3.17 Электрондар мен атомдардың магниттік моменттері
Тәжірибелер магнит өрісіне қойылған кез келген заттардың магниттелетіндігін көрсетті. Осы құбылысты кез келген заттарда болатын молекулалық тоқтар жайлы Ампердің гипотезасына сүйене отырып қарастырайық.
Резерфорд бойынша заттардың атомдары оң зарядталған ядродан және ядроны айнала қозғалатын теріс зарядталған электрондардан тұрады.
Магниттік құбылыстарды түсіндіру үшін электрон ядроны дөңгелектік орбитамен айнала қозғалады дейік (3.3.17.1-сурет). Осындай бір орбита бойымен қозғалған электронның орбиталық магниттік моменті , ал оның модулі
(3.3.17.1)
болады, мұндағы -тоқ күші, е- электрон заряды, - электронның орбита бойымен айналу жиілігі, S-орбита ауданы. Егер электрон сағат тілінің бағытымен айналса тоқ бағыты сағат тіліне қарсы бағытталады. Магниттік момент, бұранда ережесі бойынша (3.3.17.1)-суретте көрсетілгендей орбита жазықтығына перпендикуляр болып жоғары бағытталады.
Достарыңызбен бөлісу: |