1.5.11-сурет. Пойыздар жүрісінің пакеттік даражолды графигі
• даражолды-қосжолды график, яғни даражолды және қосжолды аралықтардан немесе қосжолды айырымдардан тұратын телімдегі график (1.5.8-сурет) – пойыздардың бір бөлігі қосжолды аралықтарда немесе қосжолды айырымдарда тоқтамастан айырылысады, ал қалғандары – тарам жолды бекеттерде айрылысады.
Жолай жүру бағытындағы пойыздардың орналасуына қарай графиктер мынадай болуы мүмкін:
• әдеттегі (пакеттік емес) график – даражолды телімдегі пойыздар аралықтарда жүріс бағыты өзгертіліп алма-кезек салынады (1.5.4-сурет);
• топтама (пачкалы) график (1.5.10-сурет) – жолай бағыттағы пойыздар станциялық ара қашықтықпен бөлініп жүреді (пойыз жүрісінің аралықтағы уақыты мен жолай жүрісті станциялық интервалмен). Бұл бұрынырақ жөнелтілген пойыз алда тұрған станцияға келмейінше, аралыққа пойыз жөнелтуге болмайды дегенді білдіреді, яғни аралықта бір уақытта бір ғана пойыз болуы тиіс. Бұл график жартылай автоблокировкамен жабдықталған қосжолды телімде және даражолды телімде – тақ графикте қолданылады;
• пакеттік график (1.5.11-сурет) – мұнда жолай бағыттағы пойыздар автоблокировкада (диспетчерлік орталықтандыруда) блок-аралықтармен шектеледі, немесе блок-қосындары бар жартылай автоблокировкада – қосынаралықтармен шектеледі. Бұл жағдайда станциялар арасында бір уақытта пакет түзетін бірнеше жолай пойыздар болуы мүмкін;
• ішінара-пакеттік график (1.5.12-сурет) – графикте пойыздардың бір бөлігі пакет тәртібімен, қалғандары – әдеттегі тәртіппен салынған.
Пойыздардың жүріс графиктерін жасауға арналған бастапқы мағлұматтар мен нормативтер
Пойыздардың жүріс графигін жасау үшін графиктің мынадай элементтері қажет болады:
пойыздардың аралықтар арқылы жүру уақыты, екпіндеу мен баяулауға жұмсалатын уақыт нормалары;
пойыздардың аралық және басқа станцияларда техникалық және коммерциялық операцияларды атқару үшін тоқтап тұру нормативтері;
локомjтивтердің негізгі және айналым деполарында тұруының және техникалық операцияларды атқаратын бригадалар ауысымының ұзақтығы нормативтері;
пойыздарды қабылдау, жөнелту және станциялар арқылы өткізу кезіндегі есептік минимум интервалдары (станциялық интервалдары);
пакеттегі пойыздар арасындағы интервалдар (пойызаралық интервалдар).
&&&
Графиктің көрсеткештері және оның орындалуын талдау
Жасалған график бойынша оның көрсеткіштері есептеп шығарылады, олар сандық және сапалық көрсеткіштерге бөлінеді.
Сандық көрсеткіштерге мыналар жатады: жолаушылар және жүк пойыздарының жүріс көлемі, жолаушылар және жүк жүрісі бойынша пойыз-километрлер мен локомотив-сағаттар, пойыздарды түйіспе қосындарға беру.
Сапалық көрсеткіштерге мыналар жатады: жолаушылар және жүк пойыздарының техникалық және телімдік жүріс жылдамдықтары, локомотивтің орташа тәуліктік жүрісі және жолаушылар пойыздарының орташа айналымы, жолаушылар және жүк (жеделдетілген, маршруттық, өтпелі) пойыздарының маршруттық жылдамдықтары және транзиттік жүк пойыздарының телімдік және сұрыптау станцияларында орташа тоқтап тұру уақыты. Сапалық көрсеткіштер әрбір телімге жеке анықталып, графиктің бланкісіне түсіріледі.
Желiлердiң өткiзгiштiк және тасымалдау қабiлетi. Темiр жол мен темiр жол көлiгiнiң өндiрiсiнiң қозғалысын басқару
Желінің (телімнің) белгілі бір техникалық жабдықталуы және қабылданған жүрісті ұйымдастыру жүйесі (график түрі) жағдайында бір тәулік ішінде осы желі (телім) арқылы өткізілетін белгіленген массадағы пойыздардың немесе пар пойыздардың ең көп саны теміржол желісінің (телімінің) өткізу қабілеті деп аталады.
Нақты өткізу қабілеті – әлде бір күрделі жұмыстар атқармай-ақ, қолда бар техникалық жабдықтар арқылы жүзеге асырылады.
Жобалық өткізу қабілеті – телімнің техникамен жарақтануын күшейту үшін белгіленген қайта құру және құрылыс жүргізу жұмыстарын жүзеге асырғанда орындалады.
Қажетті өткізу қабілеті – әрбір нақты бағытта мемлекеттің мүддесімен анықталатын резервті ескере отырып, берілген жүк және жолаушылар ағынын өткізе алатын телім болуға тиіс.
Бұдан әрi телiмнiң аралықтар арқылы өткiзу қабілетін есептеп шығару әдiстемесi баяндалады. Техникалық құрылғылардың өткiзу қабілетін басқа пәндер зерттейдi.
Телiм аралықтарының өткiзу қабілеті түрлiше болады, сондықтан телiмнiң аралықтар арқылы өткізу қабілетін анықтау үшiн алдын ала өткiзу қабілеті өте аз аралықты табу қажет, оны шектегіш аралық деп атайды, оның өткізу қабілетін есептеп шығарып, осы арқылы, тұтас алғанда, телiмнiң өткiзу қабілетін анықтау керек.
Аралықтың өткiзу қабілеті графиктiң түрiне және оның элементтерiнiң мөлшеріне, сондай-ақ бөлiм бекеттерiндегi жол тарамдарына байланысты. Аралықтардың өткiзу қабілетінің жалпы түрі:
, (1.6.1)
мұндағы – жолдарды, түйiспе желiлердi және басқа құрылғыларды күнделiктi күтiп-баптауға арналған графиктегi технологиялық «толас кездің» ұзақтығы; – техникалық құралдардың сенiмдi жұмыс iстеуiн ескеретiн коэффициент; – график периоды; – график периодындағы пойыздар (пар пойыздар) саны.
Достарыңызбен бөлісу: |