Техникалық жарақтандырылуына қарай сұрыптау дөңестері механикаландырылмаған, механикаландырылған және автоматтандырылған сұрыптау дөңестері деп бөлінеді.
Темiр жол және көлiк тораптарының жұмысын ұйымдастыру
Теміржол торабы деп - бірнеше теміржол бағытының желілері түйіскен (қиысқан) немесе қосылған жерде станциялар мен басқа да айырым бекеттерін байланыстырушы жолдар арқылы біріктіретін пунктті айтамыз. Ол станциялар бір-бірімен басты жолдармен, қосымша жолдармен біріктірілген, тараптағы барлық станциялар бірыңғай технологиямен жұмыс істейді.
Теміржол торабтары - теміржол тораптарының схемасына қарай, құрылыстардың орналасуына қарай, олардың геометриялық формаларына қарай келесі түрлерге бөлінеді:
1. Теміржол торабы пайдалану түріне қарай және жолдың маңызына қарай екіге бөлінеді:
кішкентай не орташа қаланың жанында, көбінесе транзит жүк және жолаушы пойыздарды өңдейтін транзит тораптары. Мұндай тораптарда жергілікті өңдеу жұмыстары көп болмайды;
әр бағыттаманың транзит пойыздары мен сұрыптау жұмыстары көп - транзиттік торап. Мұндай тораптарда бірнеше сұрыптау станциялары болуы мүмкін.
2. Қаланың адам санына қарай тораптар төртке бөлінеді:
жергілікті өңдеу жұмысы көп тораптар (250 500 мың адамнан тұратын қаланың жанында);
жергілікті өңдеу жұмысы аз тораптар (50 100 мың не 250 мыңға дейін адамнан тұратын қаланың жанында);
теңіз бен өзен порттарының жанында, көбінесе жүктерді қайыра тиеу жұмыстарын орындайтын порттың торабы болып бөлінеді;
үлкен қалалық торап (500 мыңнан көп адамдар тұратын қаланың жанында орналасқан) болып бөлінеді.
Темiр жол желiсiнде вагонағындарды ұйымдастыру
Пойыздарды құрастыру деп темiржолдың барлық желiсiндегi және жалпы тораптағы барлық вагонағындарды пойыздарға бiрiктiру жүйесiн айтамыз. Бұл жүйе стансаның пойыздарды тарқату, құрастыру және тоқтаусыз өткiзу жұмысының технологиясы мен жұмыс көлемiн анықтайды.
Вагон ағындарын ұйымдастыру нұсқаларын таңдау тәсілдері
Үйлестірілген талдап салыстыру әдісі (метод совмещенных аналитических сопоставлений) (авторы проф. А.К. Бернгард). Басты бағалау критериi варианттарда уақытты үнемдеу (вагон-сағат) болып табылады. Тәсілдің мақсаты – ең тиiмдi вариантқа бiртiнде жақындау болды.
Абсолюттік есептеу әдісі (авторы проф. А.П. Петров). Есептеу полигонындағы вагон ағындарын біріктірудің түрлі нұсқаларын салыстыру вагон ағындарын ұтымды ұйымдастыру шешімі болып саналады.
Абсолюттік есептеу әдісі бойынша вагон-сағаттарды іс жүзінде мүмкін болатын барлық нұсқалар үшін анықтайды. Оңтайлы нұсқаны қабылдау мүмкін болмайтын (әлде бір сұрыптау станцияларында сұрыптау жолдары жетіспейтін) жағдайда оңтайлы нұсқаға жақын келетін басқа нұсқаны табу қиын емес.
Варианттарды бағыттап талдау әдісі. Пойыздарды құрастыру жоспарының талдап есептеу әдістері мүмкін болатын нұсқалардың бәрін емес, олардың бәсекеге түсу әдістері мүмкін болатын нұсқалардың бәрін емес, олардың бәсекеге түсе алатындарын ғана қарастыруға, сөйтіп олардың ішінен неғұрлым тиімділерін қарастыруға мүмкіндік беретін белгілі бір әдістерді, шарттарды, ережелер мен рәсімдерді пайдалануға негізделген.
3. Қажетті шарт (ҚШ), жеткілікті шарт (ЖШ) және жалпы жеткілікті шарт (ЖЖШ) бойынша тексеру. Жолай техникалық станциялардан өңдеусіз өтуден келтірілетін вагон-сағат үнемі құрастыру станцияларындағы жинақталу вагон-сағатынан көп немесе соларға тең болатын жағдайда вагон ағындарын құрастыру жоспарында баратын станциясына жеке бөлек шығару пайдалы болады:
ҚШ: ЖШ:
Достарыңызбен бөлісу: |