Бағдарламасы 10 11 сыныптар қоғамдық гуманитарлық бағыт


Оқу пәнінің мазмұны мен құрылымы



жүктеу 311,5 Kb.
бет2/4
Дата21.11.2018
өлшемі311,5 Kb.
#22744
түріБағдарламасы
1   2   3   4

Оқу пәнінің мазмұны мен құрылымы


Кіріспе

Жастардың алғашқы әскери дайындығының мақсаты, мазмұны және міндеттері. Қазақстан Республикасының Заңдары: «Қазақстан Республикасының қорғанысы және Қарулы Күштері туралы», «Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы», «Ұлттық қауіпсіздік туралы», «Азаматтық қорғаныс туралы». Алғашқы әскери дайындық пәнінің мазмұны, бағдарламасы, міндеттері. Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің заңдылық негіздері. Алғашқы әскери дайындық сабағындағы оқушылардың міндеттері мен құқықтары.



Қарулы Күштер Қазақстан Республикасы егемендігінің күзетінде

Әлемде болып жатқан ғаламды өзгерістер кезіндегі еліміздің әскери қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі Қазақстан Республикасының әскери саясаты жаңа кезеңде.

Қазақстан Республикасының әскери доктринасы, бейбіт уақытта, қауіп төнген және қақтығыс басталған кезде әскери қауіпсіздігiн қамтамасыз ету үшін мемлекет шешетін міндеттер.

Республиканың Қарулы Күштерін құрудың заңдылық негіздері. Қарулы күштердің мемлекет құрылымында тағайындалуы.

Әскери қызметті өтеудің құқықтық негіздері. Әскери қызметке шақырылушылар мен әскер жасына дейінгілерді әскери қызметке даярлау. Қазақстанда әскери мамандықтар бойынша офицер кадрларын даярлау. Техникалық және әскери-қолданбалы спорт түрлерін дамыту – жастарды әскери қызметке дайындаудың негізі. Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің дәстүрлері мен даңқты батырлардың ерлігінде жауынгерлерді даярлау.

Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің жарғылары:

Ротаның жеке құрамына арналған казармалық үй-жайлар. Казармада үй-жайларды тағайындау. Үй-жайлар күтіп ұстауға қойылатын талаптар. Қаруды сақтауға қойылатын талаптар. Ротаның мүліктерін және жеке заттарын сақтауды қамтамасыз ету.

Әскери бөлімшелерді елді мекендерде орналастыру. Өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша өткізілетін іс-шаралар. Өрт пайда болған жағдайдағы жеке құрамның іс-әрекеті. Әскери қызметшінің қоршаған ортаны қорғау жөніндегі міндеттері.

Әскери бөлімнің күн тәртібі. Күн тәртібінде қарастырылатын іс-шаралар. Әскери қызметшілердің қызметі мен тұрмыс жағдайын сауықтыру шарттары.

Әскери қызметшінің денсаулығына медициналық бақылау жасау.

Тактикалық дайындық


Мотоатқыштар взводын, ротасын ұйымдастыру. Штаттық қару-жарағы мен ұрыс техникасы. Ұрыс сипаттамасы және оның түрлері. Ұрыстағы ату. Атыс жүйесі. Атыспен маневр жасау. Бөлімшелер мен атысты басқару.

Мотоатқыштар бөлімшесінің жорық, ұрысқа кіру және ұрыс тәртіптері. Ұрыстағы өзара қимыл және оның мәні.

Қорғаныс негіздері. Қорғаныстағы атыс жүйесі. Қорғаныстағы взводтың орны, рөлі мен міндеттері.

Қазіргі ұрыстарда барлау жүргізу тәсілдері мен міндеттері, рөлі.

Шеру негіздері. Взводтың жорық күзеті. Взводтың бір орында орналасуы. Взвод сақтық күзетінде.

Қарулы қақтығыстағы арнайы әскери іс-қимылдар. Бөлімшелердің ұрыс тапсырмаларын орындау кезінде блокпостты инженерлік жарақтандыру.

Танкіге қарсы және жаяу әскерге қарсы қолданылатын негізгі миналар. Жарылмайтын инженерлік бөгеттер. Жарылмайтын және мина-жарылғыш бөгеттерден өту. Техникалық және әскери-қолданбалы спорт түрлерінің негіздері және алғашқы әскери дайындық.

Атыс дайындығы

Мергендік винтовканың ұрыстық қасиеті мен қолданылуы.

Мергендік винтовканың механизмдері мен негізгі бөлшектері. Мергендік винтовканы бөлшектеу және жинастыру.

Мергендік винтовканың механизмдері мен бөлшектерінің жұмысы. Мергендік винтовкамен атыс кезінде болатын кідірістер және оларды жою тәсілдері.

Гранататқыштың ұрыстық қасиеті мен қолданылуы. Гранататқыштың негізгі бөліктері мен механизмдері. Гранататқышты толымсыз бөлшектеу тәртібі. Толымсыз бөлшектеуден кейін гранататқышты жинастыру тәртібі. РПГ гранататқышының бөліктері мен механизмдерінің жұмысы.

Мергендік винтовка (МВ) мен қол гранататқышынан ату тәсілдері мен ережелері

Мергендік винтовкадан ату үшін атыс орнын таңдап алу. Жергілікті жерде атыс орнын ауыстыру тәсілдері. Атысқа ыңғайлану. Винтовканы оқтау тәртібі. Атыс жүргізу. Атысты уақытша немесе толық тоқтату. Винтовканы тексеру және оғын алу тәртібі. Тасадан ату тәртібі. Әуедегі нысаналарды ату тәсілдері. Гранататқыштан ату тәсілдері.



Саптық дайындық

Автомобильдер жанына сап құру. Автомобильге орналасу, отыру және түсу. Машиналар арасындағы ара қашықтық және қозғалыс жылдамдығы.

Сап пен машинаны бір орында және қозғалыста басқаруға арналған белгілер.

Әскери топография

Топографиялық карта жайлы түсінік. Топографиялық картаның қолданылуы. Карталар масштабы және олардың көлемі.

Карта бойынша қашықтықты өлшеу. Жергілікті жер сипатына байланысты бағыт ұзындығының түзету коэффициентері.

Координаттар жүйесі. Географиялық және жазық тік бұрышты координаттар жүйесі. Карта бойынша координат нүктесін анықтау. Берілген координат бойынша картаға нүктені түсіру.

Ақиқат азимут, магниттік азимут, дирекциондық бұрыш. Дирекциондық бұрышты карта бойынша өлшеу. Дирекциондық бұрыштан магнитті азимутқа ауысу.

Топографиялық картаның шартты белгілерінің түрлері. Биіктіктің балтық жүйесі. Картадағы горизонтальдар сызығы. Картадан абсолюттік биіктік пен ылдидың тіктігін анықтау.

Жергілікті жерде карта бойынша бағдарлану. Өзінің тұрған нүктесін картадан анықтау. Картаны оқып үйрену, жылжу бағытын таңдау және бағыттың бағдарын анықтау. Жергілікті жерде карта көмегімен жасалатын қозғалыс және бағыт кедергілерді айналып өту.

Азаматтық қорғаныс

Шет мемлекеттер әскерлерінің ядролық қаруы. Ядролық жарылыстың зақымдаушы факторлары. Ядролық жарылыстың зақымдау әсерінің сипаты.

Химиялық және биологиялық қару, жаппай жою қаруынан жеке құрамды қызметшілерді қорғау және олардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету.

Радиациялық және химиялық барлау аспаптары. Зақымдану (залалдану) ошақтарына барлау. Радиациялық және химиялық бақылау посты құрамындағы барлаушының іс-әрекеті. Зақымдалу ошағында объектіде барлау жүргізу кезінде барлаушы буын құрамындағы барлаушының іс-әрекеті.



Медициналық білім негіздері

Науқастарды жалпы күтудің практикалық дағдысы. Ашық және жабық сынықтар кезінде алғашқы медициналық көмек көрсетудің жалпы ережелері. Бинтті таңғыштардың негізгі түрлері.

Бас сүйегіне, кеудеге, ішке, шатқа (бұт арасына), аяққа және қолға таңғыш салу тәсілдері мен ережелері. Әртүрлі бақытсыз жағдайларда көрсетілетін алғашқы медициналық көмек көрсету.

Оқу материалдарын тақырыптық жоспарлау үлгісі


Кіріспе сабақ (1сағат)

Тақырыбы: «Жастардың алғашқы әскери дайындығының мақсаты, мазмұны және міндеттері»

«Қазақстан Республикасының қорғанысы және Қарулы Күштері туралы», «Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы», «Ұлттық қауіпсіздік туралы», «Азаматтық қорғаныс туралы» Қазақстан Республикасының Заңдары және «Алғашқы әскери дайындық туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысы, сондай-ақ жастарды жедел әскери қызметке дайындау тәртібі туралы.

Алғашқы әскери дайындық сабақтарындағы оқушылардың міндеттері мен құқықтары.

I Тарау

Қарулы күштер қазақстан республикасы

егемендігінің күзетінде (6 сағат)

1- тақырып: «Қазақстан Қарулы Күштерінің құрылуы» (1 сағат)

Қазіргі кезеңдегі Қазақстанның әскери саясатының ерекшеліктері. Қазақстан Қарулы Күштерінің тағайындалуы.



2 - тақырып: «Қарулы Күштерді құрудың заңдылық негіздері және Қазақстан Республикасының әскери доктринасы» (2 сағат)

Қарулы Күштерді құрудың заңдылық негіздері. Қазақстан Республикасының әскери доктринасы.

Қазақстанның ішіндегі әскери қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі заңдылық негіздер.

Әлемде болып жатқан ғаламдық өзгерістер кезіндегі Қазақстан Республикасының әскери қауіпсіздікті қамтамасыз ету саясаты.

Бейбіт уақытта және қауіп төнгенде, әскери қақтығыс басталған кезде әскери қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін мемлекет шешетін міндеттер.

3-тақырып: «Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы»

(1 сағат)

Әскери қызмет өтеудің құқықтық негіздері.

Қарулы Күштерді толықтырудың түрлері. Әскери қызметке шақырылушылар мен әскер жасына дейінгілерді әскери қызметке даярлау.

Әскери қызметтен босату жөніндегі заң нормалары. Әскери қызметті өтеу үшін жасалынатын келісім-шарт жүйесі.



4–тақырып: «Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің жауынгерлік дәстүрлері» (1 сағат)

Қарулы Күштерінің жауынгерлік дәстүрлері туралы түсінік.

Қазақстан аумағында әскери істің даму тарихы. Даңқты батырлардың ерлігі. Ұлы Отан соғысы батырлары. Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері әскерлерінің жауынгерлік дәстүрлерін қалыптастыру.

5-тақырып: «Қазақстанда әскери кадрларды даярлау» (1 сағат)

Қазақстан Қарулы Күштері жоғары әскери оқу орындарының құрылу себептері мен тарихы. Офицер кадрларын даярлаудағы мақсаттар мен міндеттер. Офицер кадрларының мамандықтары. Жоғары әскери оқу орындарына қабылдау шарттары мен жалпы ережелері. Техникалық және әскери-қолданбалы спорт түрлерін дамыту - әскери қызметке жастарды дайындаудың негіздері.



II Тарау

Қазақстан Республикасы қарулы күштерінің

жалпы әскери жарғылары (5 сағат)

1-тақырып: «Әскери қызметшілердің орналастырылуы» (1 сағат)

Ротаны орналастыру үшін қарастырылатын казарма үй-жайлары. Казармадағы үй-жайлардың тағайындалуы. Қаруды сақтауға қойылатын талаптар.



2-тақырып: «Үй-жайларды ұстау» (1 сағат)

Үй-жайларды ұстауға қойылатын талаптар.

Рота мүлкінің және әскери қызметшілердің жеке заттарының сақталуы. Тұрғын үй-жайлардағы температура. Жатын орындарын жарықтандыру және желдету.

3-тақырып: «Әскери бөлімдер мен бөлімшелерді елді мекендерде орналастыру» (1 сағат)

Бөлімшелерді елді мекендерде орналастыру. Орналастыру кезінде жүргізілетін іс-шаралар. Әскери қызметшілерге қойылатын талаптар. Өрт қауіпсіздігін сақтау бойынша жүргізілетін іс-шаралар. Өрт пайда болған жағдайдағы әскери қызметшінің әрекеті. Әскери қызметшінің қоршаған ортаны қорғау жөніндегі міндеттері.



4-тақырып: «Уақыттың бөлінуі және тәртіпті сақтау» (1 сағат)

Жалпы әскери жарғының әскери бөлімдердегі уақыттың бөлінуіне қоятын талаптары. Әскери бөлімнің күн тәртібі. Әскери бөлімнің күн тәртібінде қарастырылатын іс-шаралар.



5-тақырып: «Әскери қызметшілердің қызметі мен тұрмысының жағдайларын жақсарту» (1 сағат)

Әскери қызметшілердің тұрмысы мен қызмет жағдайын жақсарту бойынша жалпы әскери жарғының негізгі талаптары. Әскери қызметшілердің денсаулығына медициналық бақылау жасау, жеке және қоғамдық гигиена талаптарын сақтау ережелері, шынықтыру тәсілдері.



III Тарау

Тактикалық дайындық (11 сағат)

1-тақырып: «Мотоатқыштар взводын, ротасын ұйымдастыру және ұрыс іс-қимылдарының негіздері» (2 сағат)

Мотоатқыштар взводын, ротасын ұйымдастыру. Штаттық қару-жарақ пен ұрыс техникасы. Ұрыс түрлері және оның сипаттамасы.

Ұрыстағы атыс. Атыс жүйесі. Ұрыстағы маневр. Мотоатқыштар взводының, ротасының жорықтық, ұрысқа кіру және ұрыстық тәртібі. Ұрыстағы өзара қимыл және оның мәні. Бөлімшелер мен атысты басқару.

2-тақырып: «Взвод қорғаныста» (1 сағат)

Қорғаныс негіздері. Взводтың қорғаныстағы орны, рөлі мен міндеті. Қорғаныстағы атыс жүйесі. Ерекше жағдайдағы қорғаныс.



3-тақырып: «Барлау. Барлаудағы взвод» (1 сағат)

Қазіргі ұрыстағы барлаудың рөлі. Барлаудың міндеттері. Взводтың барлау жүргізу тәсілдері.



4-тақырып: «Шеру және жорық күзеті» (1 сағат)

Взводтың шеруі мен жорық күзетінің негіздері.

Жаппай жою қаруларын пайдаланудан қорғану.

5-тақырып: «Бір орында және сақтық күзетте орналасу» (1 сағат)

Взводтың бір орында орналасуы. Взвод сақтық күзетінде.



6-тақырып: «Жалпы әскери бөлімшелердің шағын аймақтағы соғыс қимылы» (1 сағат)

Қарулы қақтығыстағы арнайы әскери іс-қимылдар. Блокпост бөлімшенің ұстанымның негізгі нысаны ретінде және блокпостты инженерлік жарақтандыру.



7-тақырып: «Танкіге қарсы және жаяу әскерге қарсы қолданылатын негізгі миналар» (2 сағат)

Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің миналары, олардың тактикалық-техникалық сипаттары мен жалпы құрылысы. Жаяу әскерге қарсы және танкіге қарсы миналар. Олардың арналуы мен құрылымы.

Танкіге қарсы, шынжыр табанға қарсы және жаяу әскерге қарсы миналардың тактикалық-техникалық сипаттамасы.

8-тақырып: «Жарылмайтын инженерлік бөгеттер» (2 сағат)

Жарылмайтын бөгеттер. Жарылмайтын және мина-жарылғыш бөгеттерден өту тәсілдері.



IV Тарау

Атыс дайындығы (4 сағат)

1-тақырып: «Драгунов мергендік винтовкасының механизмі және негізгі бөлшектері» (1 сағат)

Мергендік винтовканың ұрыстық қасиеті мен қолдануы. Мергендік винтовканың механизмдері мен негізгі бөлшектері. Винтовканың механизмдері мен бөлшектерінің құрылысы, қолданылуы. Мергендік винтовканы бөлшектеу және жинастыру.



2-тақырып: «ДМВ бөліктері мен механизмдерінің жұмысы»

(1 сағат)

Оқтаулы кезіндегі Драгунов мергендік винтовкасының механизмдері мен бөлшектерінің жұмысы. Атыс кезіндегі механизмдер мен бөлшектердің жұмысы. Мергендік винтовкадан ату кезіндегі болатын кідірістер және оларды жою тәсілдері. Мергендік винтовкаға қажетті жабдықтардың құрылысы мен қолдануы.



3-тақырып: «Танкіге қарсы қол гранататқышының құрылғысы, оны ұстау, күту және сақтау» (1 сағат)

Гранататқыштың ұрыстық қасиеті мен қолданылуы. Гранататқыш бөліктері және механизмдерінің құрылғысы мен қолданылуы. Гранататқышты бөлшектеу және жинастыру.



4-тақырып: «РПГ гранататқышының бөліктері мен механизмдерінің жұмысы» (1 сағат)

Оқтаулы кездегі гранататқыш бөліктері мен механизмдерінің жұмысы. Ату кезінде гранататқыш бөліктері мен механизмдерінің жұмысы. Ату кезіндегі кідірістер мен оларды жою тәсілдері. Тазалау және майлау.



V Тарау

Мергендік винтовка (МВ) мен қол гранататқышынан ату тәсілдері мен ережелері (5 сағат)

1-тақырып: «Мергендік винтовкадан ату тәсілдері» (1 сағат)

Мергендік винтовкадан атыс жүргізу үшін орын таңдау. Жергілікті жерде жылжу тәсілдері. Жатып және тұрып ату үшін орынға орналасу. Винтовканы оқтау тәртібі.



2-тақырып: «Атыс жүргізу» (1 сағат)

Атыс жүргізу: көздеуішті қою, винтовканың дүмін қалыпқа келтіру, көздеу тәсілдері, ұрыстық қайырмадағы шүріппені ағыту.



3-тақырып: «Атысты тоқтату» (1 сағат)

Атысты уақытша және толық тоқтату. Қаруды тексеру және оғын алу тәртібі. Жатып ату жағдайынан тұру кезіндегі атқыштың әрекеті.



4-тақырып: «Тасадан тірей ату тәсілдері» (1 сағат)

Ату үшін таса мен тіреудің қолданылуы. Таса артынан атыс жүргізу тәсілдері. Әуе нысаналарын ату тәсілдері.



5-тақырып: «Гранататқыштан ату тәсілдері» (1 сағат)

Ату үшін орын таңдау. Гранататқыштан ату кезіндегі қауіпсіздік шаралары. Атысқа ыңғайлану. Атысты тоқтату.



VI Тарау

Саптық дайындық (2 сағат)

1-тақырып: «Машиналар жанындағы және машинадағы жауынгерлердің іс-әрекеті» (2 сағат)

Машиналар жанына сап құру. Машинаға отыру, орналасу және түсу. Машиналар арасындағы ара қашықтық және қозғалыс жылдамдығы. Қозғалыстағы бұрылыстар. Сапты және машинаны басқаруға арналған белгілер.



VII Тарау

Әскери топография (12 сағат)

1-тақырып: «Топографиялық карта жайлы түсінік. Картамен жұмыс жасау» (1 сағат)

Топографиялық карта жайлы түсінік. Карталар масштабы. Карталардың масштабтары бойынша қолданылуы. Карта масштабының шамасы.



2-тақырып: «Карта бойынша қашықтықты өлшеу» (1 сағат)

Карта бойынша қашықтықты өлшеу тәсілдері. Карта бойынша қашықтықты өлшеудің дәлме-дәлдігі. Жергілікті жер сипатына байланысты бағыт ұзындығын түзету коэффициенті.



3-тақырып: «Географиялық координаттар жүйесі» (1 сағат)

Географиялық координаттар туралы түсінік. 1:10 000 – 1: 100 000 масштабындағы топографиялық карталар бетінің жақтауын ресімдеу. Картадағы географиялық координат нүктелерін анықтау. Географиялық координат бойынша картаға нүкте салу тәртібі.



4-тақырып: «Жазық тік бұрышты координаттар жүйесі» (1 сағат)

Жазық тік бұрышты координаталар жүйесі туралы түсінік. Тік бұрышты координаталық тор. Картада пункттің орналасу орнын жуықтап көрсету. Карта бойынша координат нүктесін анықтау. Картаға нүктені түсіру.



5-тақырып: «Азимуттар мен дирекциондық бұрыштарды анықтау» (2 сағат)

Ақиқат және магнитті азимут, дирекциондық бұрыш. Карта бойынша дирекциондық бұрышты өлшеу тәсілдері. Дирекциондық бұрышты магниттік азимутқа қайта есептеу формуласы және керісінше.



6-тақырып: «Топографиялық карта бойынша жергілікті жерді зерделеу» (2 сағат)

Топографиялық шартты белгілер және олардың түрлері. Балтық биіктік жүйесі. Карта бойынша абсолюттік биіктікті анықтау және картадағы сипатты жазылулар. Картадағы көлбеу сызықтар.



7-тақырып: «Жергілікті жерде карта бойынша бағдарлану»

(2 сағат)

Картаны бағдарлау. Жергілікті жерде картаны бағдарлау тәсілдері. Өзінің тұру нүктесін түрлі тәсілдер арқылы анықтау. Картаны жергілікті жермен салыстыру, картада заттың бейнесін және жергілікті жердегі затты табу.



8-тақырып: «Жергілікті жерде карта көмегімен жасалатын қозғалыс» (2 сағат)

Жергілікті жерде карта көмегі арқылы жол бойымен, жолдан тыс, жабық жерлерде және түнде қозғалыс жасау.



VIII Тарау

«Азаматтық қорғаныс» (22 сағат)

1-тақырып: «Шаруашылық объектілерінің азаматтық қорғанысы» (1 сағат)

Азаматтық қорғаныстың міндеттері мен мақсаты.



2-тақырып: «Осы заманғы шет мемлекеттері әскерлерінің жаппай жою қаруы» (5 сағат)

Ядролық қару. Ядролық жарылыстың зақымдаушы факторлары.



3-тақырып: «Ядролық жарылыстың зақымдау әрекетінің сипаттамасы» (1 сағат)

Ядролық оқ-дәрілер жарылысының зақымдау әсерінің құрамдастырылған сипаты. Зақымданудың координаттық заңы. Зақымдау объектілерін топтастыру.



4-тақырып: «Химиялық қару» (2 сағат)

Ұрыстық улы химиялық заттары. Улағыш заттардың жіктелуі. Химиялық қаруды қолдану қағидалары.



5-тақырып: «Биологиялық қару» (1 сағат)

Биологиялық қарудың зақымдау әрекетінің сипаттамасы. Биологиялық құралдардың түрлері және негізгі қасиеттері. Адамның жұқпалы ауруларының сипаттамасы.



6-тақырып: «Жаппай жою қаруынан халықты және әскери қызметшілерді қорғау және олардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету» (6 сағат)

Жеке құрамды қорғау және қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша жүргізілетін іс-шаралар.

Жеке қорғану құралдары. Зақымданған жерде әрекет жасау кезінде жеке қорғану құралдарын пайдалану.

Бөлімшелердегі жеке қорғану құралдарына техникалық қызмет көрсету.

Зақымдану аймағынан өту. Зақымдану аймағындағы қирау, су басу және өрт аудандарындағы әскерлердің әрекеті. Қорғайтың ғимараттарда халықты паналату, жұмысшыларды, қызметкеллерді тарату және халықтың эвакуациясы.

7-тақырып: «Радиациялық және химиялық барлау аспаптары» (3 сағат)

Радиациялық барлау аспаптарының жұмыс қағидалары мен құрылысы(ИД-1, ДП-22В, ДП-5В, ВПХР мөлшерін өлшеу кешені), тактикалық-техникалық деректері, қолданылуы. Жеке құрамның сәулелену мөлшерін есепке алу. Бөлімшенің ұрысқа қабілеттілігін бағалау.



8-тақырып: «Апатты жағдайлардағы аудандар мен зақымдану ошақтарында жүргізілетін құтқару және басқада жедел қалпына келтіру жұмыстары» (1 сағат)

Ядролық зақымдау ошақтарында жүргізілетін құтқару жұмыстары.



9-тақырып: «Зақымдану (залалдану) ошақтарын барлау» (1 сағат)

Зақымдану ошақтарындағы объектілерге барлау жүргізу және ұйымдастыру.



10-тақырып: «Радиациялық және химиялық бақылау посты құрамындағы барлаушының іс-әрекеті» (0,5 сағат)

Радиациялық және химиялық бақылау посты үшін орын таңдау. Барлаушының барлау жүргізуі, оның міндеттері мен тапсырмалары.



11-тақырып: «Зақымдалу ошағындағы объектіге барлау жүргізу кезінде барлау буыны құрамдағы барлаушының іс-әрекеті» (0,5 сағат)

Барлау буынының міндеттері. Бағыт және зақымданған учаскелерді табу кезіндегі барлаушылардың іс-әрекеті.



IX Тарау

Медициналық білім негіздері (30 сағат

12 - тақырып: «Жұқпалы аурулардың негізгі топтары мен биологиялық жұғу ошақтарының сипаттамасы. (12 сағат)

Карантин және обсервациялық бақылау туралы түсінік. Ауру тудырғыш микробтар. Жұқпалы ауруды қоздырғыштар. Аса қауіпті жұқпалы аурулар. Жұқпалы ауруларды жою және шектеу бойынша жасалатын іс-шаралар.



13 - тақырып: «Науқастарды күтудің жалпы практикалық дағдысы» (6 сағат)

Көп қызметті (функционалды) төсек құрылғысы және науқастың орналасуы.

Науқасты санитарлық өңдеу. Науқасты бөлімге апару. Дене қызуы және оны өлшеу. Қан айналымына әсер ету шаралары. Жүрек, қан тамырлары жүйесінің қызметі бұзылған науқастарды бақылау және күту.

Ашық және жабық сынықтар кезінде алғашқы медициналық көмек көрсетудің жалпы ережелері. Бинтті таңғыштардың негізгі тәсілдері.



14 - тақырып: «Дененің әр түрлі бөлігіне таңғыш қою» (6 сағат)

Басқа, кеудеге, ішке, бұт арасына, аяқ пен қолға таңғыш қою тәсілдері мен тәртібі.



15 - тақырып: «Әр түрлі бақытсыз жағдайларда көрсетілетін алғашқы медициналық көмек» (6 сағат)

Үсудің алдын алу және осы кезде алғашқы медициналық көмек көрсету.

Күн және ыстық өту туралы түсінік, олардың алдын алу және алғашқы медициналық көмек көрсету.

Электр жарақаты кезінде көрсетілетін алғашқы медициналық көмек және осы кездегі қауіпсіздік шаралары. Суға кеткен кезде көрсетілетін алғашқы медициналық көмек. Жүрек жұмысы мен тыныс алуды қалпына келтіру тәсілдері.



Улы өсімдіктер және саңырауқұлақтармен уланған кезде, улы жыландар мен жәндіктер шаққан кезде көрсетілетін алғашқы медициналық көмек.

ІІІ ОҚУШЫЛАРДЫҢ БІЛІМ, БІЛІК ЖӘНЕ ДАҒДЫЛАРЫНА ҚОЙЫЛАТЫН ТАЛАПТАР

10 сынып оқушысы:

Қарулы Күштер Қазақстан Республикасы егемендігінің күзетінде

біледі:

  • Қарулы Күштерді құрудың заңдылық негіздері және бейбіт уақытта, қауіп төнген, әскери қақтығыс басталған кезде әскери қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін мемлекеттің міндетін;

  • Қарулы Күштердің қазіргі қоғамдағы рөлі мен оның Қазақстан Республикасының даму кезеңдерінде шешетін міндеттерін;

  • Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінде әскери қызметті өтеудің құқықтық негіздерін;

  • Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің дәстүрлерін.


Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Жарғылары

біледі:

  • жедел әскери қызметтегі әскери қызметшілерді жатын үй-жайларында орналастыру және үй-жайларды ұстауға қойылатын талаптарды;

  • әскери бөлімшелерді елді мекендерде орналастыру, өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету мен қоршаған ортаны қорғауды;

  • әскери бөлімнің күнделікті өмірінде өткізілетін іс-шаралар мен күн тәртібін белгілеуді;

  • әскери қызметшілерді сауықтыру мен олардың тұрмыс жағдайын жақсартуды қарастыратын іс-шараларды.

Тактикалық дайындық

біледі:

  • мотоатқыштар взводының, ротасының ұйымдастырылуы мен олардың қару-жарағын;

  • ұрыс түрлерін және оның сипаттамасын;

  • атыс жүйесі, ұрыстағы маневр, ұрыстағы өзара іс-қимыл, бөлімшелер мен атысты басқаруды;

  • мотоатқыштар взводының жорық, ұрысқа кіру және ұрыстық тәртібі;

  • қорғаныс негіздерін;

  • қазіргі замандағы ұрыстардағы барлаудың рөлі, взводтың барлау жүргізу тәсілдері, жалпы әскери бөлімшелердің шағын аймақтағы соғыс қимылын;

  • взводтың бір орында және сақтық күзетте орналасуы;

  • взводтың шеруі мен жорық күзетінің негіздері;

  • миналардың арналуын, әрекет қағидасын және олардың құрылғысын;

  • жарылмайтын инженерлік бөгеттердің бөлінуі, түрлері және мина-жарылғыш бөгеттерден өтуді.

Атыс дайындығы

біледі:

  • мергендік винтовканың арналуы мен ұрыстық қасиетін, негізгі бөліктері мен механизмдерін;

  • мергендік винтовканың толымсыз бөлшектеу тәртібін және толымсыз бөлшектеуден кейін мергендік винтовканы жинастыру тәртібін;

  • драгунов мергендік винтовкасымен атыс кезінде болатын кідірістер және оларды жою тәсілдерін;

  • гранататқыштың ұрыстық қасиетін, қолданылуын;

  • гранататқышты толымсыз бөлшектеу тәртібін және гранататқыштың толымсыз бөлшектеуден кейін жинастыру тәртібін;

  • ату кезіндегі кідірістер мен оларды жою тәсілдерін.

жасай алады:

  • мергендік винтовканы толымсыз бөлшектеуді және жинастыруды;

  • ДМВ ату кезінде болатын кідірісті жоя білуді;

  • Гранататқыштан ату кезінде болатын кідірістерді жоя білуді.

Мергендік винтовка (МВ) мен қол гранататқышынан ату тәсілдері мен ережелері

біледі:

  • мергендік винтовкадан ату тәсілдерін орындау, атысқа ыңғайлану, атыс жүргізу, атысты тоқтату кезінде берілетін командаларды;

  • винтовканы оқтау және оғын алу тәртібін;

  • гранататқыштан ату кезіндегі қауіпсіздік шараларын;

жасай алады:

  • жер бауырлай жылжу, жатып ату, тізерлеп ату, отырып ату, тұрып ату кезінде винтовканы ұстауды;

  • винтовканы оқтау мен оғын алуды;

  • тасадан тірей ату, оқпанадан атыс жүргізу, әуедегі нысаналарды ату тәсілдері кезінде винтовканы дұрыс ұстай білу мен орналаса алуды.

Саптық дайындық

біледі:

  • машиналар жанындағы және машинадағы жауынгердің іс-әрекетін;

  • сапты және машинаны басқаруға арналған белгілерді: қолмен, жалаушалармен, шаммен.

орындай алады:

  • машиналар жанындағы және машинадағы іс-әрекет кезіндегі командаларды орындауды;

  • белгілердің көмегімен сапты және машиналарды басқаруды.

Әскери топография

біледі:

  • топографиялық картаның қолданылуын, карталарын, бағытын және олардың шамасын;

  • географиялық координаттар мен жазық тікбұрышты координаттарды анықтау үшін топографиялық карта бетінің ішкі жақтауын ресімдеуді;

  • азимуттар мен дирекциондық бұрыштарды анықтауды:

  • жергілікті жерде карта көмегімен жасалатын қозғалыс ерекшелігін.

жасай алады:

  • карта бойынша қашықтықты өлшеуді;

  • карта бойынша географиялық және жазық тік бұрышты координаттарды анықтауды;

  • карта бойынша дирекционды бұрыштарды анықтауды;

  • бір орында картаны бағдарлау және өзінің тұрған нүктесін анықтауды;

  • картадан жер бедері, елді мекендер, гидрография, жол торабы, өндірістік, ауыл шаруашылық және әлеуметтік-мәдени объектілер және өсімдіктер жамылғысының бейнеленуін оқуды.

Азаматтық қорғаныс (АҚ)

біледі:

  • азаматтық қорғанысының міндетімен мақсаты;

  • ядролық қару ерекшелігін және оны қолдану кезінде жеке құрамға тигізетін әсерін;

  • химиялық қару ерекшелігін және оны қолдану қағидаларын;

  • биологиялық қару ерекшелігін, түрлері және биологиялық құралдардың негізгі қасиеттерін;

  • жеке қорғану құралдарына техникалық қызмет көрсету тәртібін;

  • радиоактивтік, химиялық және биологиялық зақымдану аймағынан өтудің негізгі тәсілдерін;

  • апат аудандары мен зақымданған ошақтарында жүргізілетін құтқару және жедел қалпына келтіру жұмыстарын жүргізу тәртібін.

Медициналық білім негіздері

біледі:

  • жұқпалы аурулардың негізгі топтарының сипаттамасын;

  • биологиялық зақымдау ошақтарындағы карантин мен обсервация туралы;

  • қан айналымына қышалар пайдалану арқылы әсер ету шараларын;

  • бинтті таңғыштар қоюдың негізгі тәсілдерін;

  • қысқыш және бекіткіш таңғыштар салу ережесін;

  • бастың, кеуденің және іштің тесіп өткен жаралану кезінде таңғыштар қою ерекшеліктерін;

  • өкпеге жасанды желдету жасау тәсілдерін («ауыздан-ауызға», «ауыздан-мұрынға» Сильвестр бойынша, Каллистов бойынша).

жасай алады:

  • науқастарды күтуды;

  • артериалық қан қысымын өлшеуді;

  • жүрекке тікелей емес массаж жасауды және өкпеге жасанды желдету жасауды;

  • ашық және жабық сынықтар кезінде шендеушітер салумен алғашқы медициналық көмек көрсетуді;

  • бас сүйегі, бұғана, қабырға, омыртқа, жамбас сүйектері, қол-аяқ сүйектерінің сынуы кезіндегі алғашқы медициналық көмек көрсетуді (таңып тастауға арналған құралдар мен табельдерді пайдалану арқылы) басқа, кеудеге, бұтаралық, қол-аяқ сүйектеріне таңғыш қоюды;

  • әр түрлі бақытсыз жағдайларда: үсу, күн және ыстық өту, электржарақаты, суға кеткен кезде алғашқы медициналық көмек көрсетуді.

11 сынып оқушысы:

Қарулы Күштер Қазақстан Республикасы егемендігінің күзетінде

біледі:

  • Қарулы Күштерді құрудың заңдылық негіздері және бейбіт уақытта, қауіп төнген, әскери қақтығыс басталған кезде әскери қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін мемлекеттің міндетін;

  • Қарулы Күштердің қазіргі қоғамдағы рөлі мен оның Қазақстан Республикасының даму кезеңдерінде шешетін міндеттерін;

  • Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінде әскери қызметті өтеудің құқықтық негіздерін;

  • Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің дәстүрлерін.

Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Жарғылары

біледі:

  • жедел әскери қызметтегі әскери қызметшілерді жатын үй-жайларында орналастыру және үй-жайларды ұстауға қойылатын талаптарды;

  • әскери бөлімшелерді елді мекендерде орналастыру, өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету мен қоршаған ортаны қорғауды;

  • әскери бөлімнің күнделікті өмірінде өткізілетін іс-шаралар мен күн тәртібін белгілеуді;

  • әскери қызметшілерді сауықтыру мен олардың тұрмыс жағдайын жақсартуды қарастыратын іс-шараларды.

Тактикалық дайындық

біледі:

  • мотоатқыштар взводының, ротасының ұйымдастырылуы мен олардың қару-жарағын;

  • ұрыс түрлерін және оның сипаттамасын;

  • атыс жүйесі, ұрыстағы маневр, ұрыстағы өзара іс-қимыл, бөлімшелер мен атысты басқаруды;

  • мотоатқыштар взводының жорық, ұрысқа кіру және ұрыстық тәртібі;

  • қорғаныс негіздерін;

  • қазіргі замандағы ұрыстардағы барлаудың рөлі, взводтың барлау жүргізу тәсілдері, жалпы әскери бөлімшелердің шағын аймақтағы соғыс қимылын;

  • взводтың бір орында және сақтық күзетте орналасуы;

  • взводтың шеруі мен жорық күзетінің негіздері;

  • миналардың арналуын, әрекет қағидасын және олардың құрылғысын;

  • жарылмайтын инженерлік бөгеттердің бөлінуі, түрлері және мина-жарылғыш бөгеттерден өтуді.

Атыс дайындығы

біледі:

  • мергендік винтовканың арналуы мен ұрыстық қасиетін, негізгі бөліктері мен механизмдерін;

  • мергендік винтовканың толымсыз бөлшектеу тәртібін және толымсыз бөлшектеуден кейін мергендік винтовканы жинастыру тәртібін;

  • драгунов мергендік винтовкасымен атыс кезінде болатын кідірістер және оларды жою тәсілдерін;

  • гранататқыштың ұрыстық қасиетін, қолданылуын;

  • гранататқышты толымсыз бөлшектеу тәртібін және гранататқыштың толымсыз бөлшектеуден кейін жинастыру тәртібін;

  • ату кезіндегі кідірістер мен оларды жою тәсілдерін.

жасай алады:

  • мергендік винтовканы толымсыз бөлшектеуді және жинастыруды;

  • ДМВ ату кезінде болатын кідірісті жоя білуді;

  • Гранататқыштан ату кезінде болатын кідірістерді жоя білуді.

Мергендік винтовка (МВ) мен қол гранататқышынан ату тәсілдері мен ережелері

біледі:

  • мергендік винтовкадан ату тәсілдерін орындау, атысқа ыңғайлану, атыс жүргізу, атысты тоқтату кезінде берілетін командаларды;

  • винтовканы оқтау және оғын алу тәртібін;

  • гранататқыштан ату кезіндегі қауіпсіздік шараларын;

жасай алады:

  • жер бауырлай жылжу, жатып ату, тізерлеп ату, отырып ату, тұрып ату кезінде винтовканы ұстауды;

  • винтовканы оқтау мен оғын алуды;

  • тасадан тірей ату, оқпанадан атыс жүргізу, әуедегі нысаналарды ату тәсілдері кезінде винтовканы дұрыс ұстай білу мен орналаса алуды.

Саптық дайындық

біледі:

  • машиналар жанындағы және машинадағы жауынгердің іс-әрекетін;

  • сапты және машинаны басқаруға арналған белгілерді: қолмен, жалаушалармен, шаммен.

жасай алады:

  • машиналар жанындағы және машинадағы іс-әрекет кезіндегі командаларды орындауды;

  • белгілердің көмегімен сапты және машиналарды басқаруды.

Әскери топография

біледі:

  • топографиялық картаның қолданылуын, карталарын, бағытын және олардың шамасын;

  • географиялық координаттар мен жазық тікбұрышты координаттарды анықтау үшін топографиялық карта бетінің ішкі жақтауын ресімдеуді;

  • азимуттар мен дирекциондық бұрыштарды анықтауды:

  • жергілікті жерде карта көмегімен жасалатын қозғалыс ерекшелігін.

жасай алады:

  • карта бойынша қашықтықты өлшеуді;

  • карта бойынша географиялық және жазық тік бұрышты координаттарды анықтауды;

  • карта бойынша дирекционды бұрыштарды анықтауды;

  • бір орында картаны бағдарлау және өзінің тұрған нүктесін анықтауды;

  • картадан жер бедері, елді мекендер, гидрография, жол торабы, өндірістік, ауыл шаруашылық және әлеуметтік-мәдени объектілер және өсімдіктер жамылғысының бейнеленуін оқуды.

Азаматтық қорғаныс (АҚ)

біледі:

  • азаматтық қорғанысының міндетімен мақсаты;

  • ядролық қару ерекшелігін және оны қолдану кезінде жеке құрамға тигізетін әсерін;

  • химиялық қару ерекшелігін және оны қолдану қағидаларын;

  • биологиялық қару ерекшелігін, түрлері және биологиялық құралдардың негізгі қасиеттерін;

  • жеке қорғану құралдарына техникалық қызмет көрсету тәртібін;

  • радиоактивтік, химиялық және биологиялық зақымдану аймағынан өтудің негізгі тәсілдерін;

  • апат аудандары мен зақымданған ошақтарында жүргізілетін құтқару және жедел қалпына келтіру жұмыстарын жүргізу тәртібін.

Медициналық білім негіздері

біледі:

  • жұқпалы аурулардың негізгі топтарының сипаттамасын;

  • биологиялық зақымдау ошақтарындағы карантин мен обсервация туралы;

  • қан айналымына қышалар пайдалану арқылы әсер ету шараларын;

  • бинтті таңғыштар қоюдың негізгі тәсілдерін;

  • қысқыш және бекіткіш таңғыштар салу ережесін;

  • бастың, кеуденің және іштің тесіп өткен жаралану кезінде таңғыштар қою ерекшеліктерін;

  • өкпеге жасанды желдету жасау тәсілдерін («ауыздан-ауызға», «ауыздан-мұрынға» Сильвестр бойынша, Каллистов бойынша).

жасай алады:

  • науқастарды күтуды;

  • артериалық қан қысымын өлшеуді;

  • жүрекке тікелей емес массаж жасауды және өкпеге жасанды желдету жасауды;

  • ашық және жабық сынықтар кезінде шендеушітер салумен алғашқы медициналық көмек көрсетуді;

  • бас сүйегі, бұғана, қабырға, омыртқа, жамбас сүйектері, қол-аяқ сүйектерінің сынуы кезіндегі алғашқы медициналық көмек көрсетуді (таңып тастауға арналған құралдар мен табельдерді пайдалану арқылы) басқа, кеудеге, бұтаралық, қол-аяқ сүйектеріне таңғыш қоюді;

  • әр түрлі бақытсыз жағдайларда: үсу, күн және ыстық өту, электржарақаты, суға кеткен кезде алғашқы медициналық көмек көрсетуді.

IV. ОҚЫТУДЫҢ ӘДІСТЕМЕЛІК ЖҮЙЕСІНІҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
Алғашқы әскери дайындық бойынша теориялық бiлiм дидактикалық материалдар мен техникалық оқу құралдарын қолдана отырып, сұбхат және әңгiмелесу түрiнде жүргiзiледi. Практикалық сабақтар қару-жарақ пен әскери – техникалық мүлiктердi, жеке қорғаныс құралдарын, аспаптар және басқа да жабдықтарды қолдана отырып, оқытылған материалдарды бекiтуге бағытталған.

Оқу пәнінің мазмұны мен құрылымы кіріспе сабақтан, әскери іс негізі тарауынан, азаматтық қорғаныс пен медициналық білім негіздерінен тұрады.



Кіріспе сабақты өткізуде жастарды әскери қызметке және Қазақстан Республикасын қорғауға дайындаудың маңызына, алғашқы әскери дайындық курсының оқу міндеттерін орындауға байланысты моральдық, психологиялық және дене күшін шоғырландырудың қажеттігіне ерекше қөңіл бөлінеді.

Әскери іс негіздері келесі тараулардан тұрады және алғашқы әскери дайындық білім беру бағдарламасының базалық бөлімі болып табылады:

  • Қарулы Күштер Қазақстан Республикасының егемендігін қорғау күзетiнде;

  • Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің әскери жарғылыры;

  • Тактикалық дайындық;

  • Атыс дайындығы;

  • Саптық дайындық;

  • Әскери топография.

Әскери іс негіздерін оқып-үйрету процесінде алғашқы әскери дайындықтың оқытушы-ұйымдастырушысы - үйренуші жастардың азаматтық қөзқарасын қалыптастыру, Қазақстан Республикасы егемендігін қорғау қажеттілігіне қөз жеткізу, әскери қызметке жауапкершілікпен қарауға саналы түрде даяр болуға үйрету міндеттерiн шешеді. Сабақта жастардың әскери анттың рөлі мен мәнін жете түсінуіне ықпал ету қажет, Қазақстан Республикасы Қарулы Күштеріне, оның жауынгерлік дәстүрлеріне, әскер салалары мен түрлеріндегі қызмет атқару ерекшеліктеріне, әскери мамандыққа деген қызығушылығын дамыту керек, әскери білім алуға ынталандыра отырып, оларға Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Жарғылары – бұл Қарулы Күштердің тұрмыс–тіршілігін белгілейтін заңдар жинағы, сондай-ақ жарғы талаптарын орындау - әрбір әскери қызметшінің міндеті екендігі түсіндіріледі.

Тактикалық дайындық оқытудың негізгі тарауларының бірі болып табылады. Тактикалық дайындық бойынша сабақтардың барлық тақырыптары оқушыларды жалпы әскери ұрыс негіздерін оқып-үйренуге, ұрыста іс-әрекет жасай алуға, қарсыластың ұрыс машиналары мен жаяу әскерін жою үшін қарулар мен гранатты қолдана білуге бағытталған. Сабақ барысында үйренушілер қарулар мен гранаттарды қолдана білу техникасы бойынша дағдыларды меңгереді.

Тактикалық дайындық бойынша практикалық сабақтарды өткізу үшін винтовка макеттері, оқу автоматтары (пулеметтері), сондай-ақ оқу гранаттарына арналған сөмкелердің бар болуы қарастырылуы кажет. Оқушылар жергілікті жерде практикалық тәсілдер мен әрекетті орындауға ыңғайланып киінулері керек.

Атыс дайындығы бойынша сабақ өткізу кезінде басты назарды қару және оқ-дәрілермен жұмыс істеу кезіндегі қауіпсіздік шараларына аудару қажет. Сабақ барысында оқушылар атыс қаруының құрылымын, оны атысқа дайындау тәртібі мен ату ережелерін, қаруды күту және сақтауды үйренеді.

Саптық дайындық бойынша барлық сабақтар саптық дайындыққа арналған алаңда (плацта) өтеді. Практикалық сабақты өткізген кезде басты назар оқытушы-ұйымдастырушының оқушыларға саптық тәсілдерді тұтастай және үйренуі бойынша көрсетуіне, оқушылардың саптық тәсілдер мен жаттығуларды үйретілген элементтері бойынша көрсетуiне аударылады. Саптық элементтерді орындауын дағдыға айналдыру алғашқы әскери дайындықтың сыныптан тыс өтетін іс-шаралары кезінде де жалғастырылуы қажет.

Әскери топография бойынша сабақтар, оқушыларды бейтаныс жерде картасыз бағдарлана білуге, өз тұрған жерін анықтай алуға және компас көмегімен берілген азимут бойынша нысанаға қарай қозғалу маршрутын таңдай білуге үйретуді қарастырады.

Азаматтық қорғаныс және медициналық білім негіздері сабағы үйренушілерді бейбіт және соғыс уақытында Казақстан Республикасының халқын табиғи зілзала зардаптарынан, ірі апаттардан құтқару және қарсыласқа қазіргі кездегі жою құралдарын пайдалану, сонымен қатар төтенше жағдайлар туындаған аудандар мен ошақтарда құтқару және шұғыл көмек көрсету, апатты – қалпына келтіру жұмыстарын жүргізу, зақым және жарақат алған кездерде алғашқы медициналық көмек көрсетуді жүзеге асыратын іс-шараларымен таныстырады.

Алғашқы әскери дайындықты жоспарлау осы Бағдарлама талаптарына сәйкес жүзеге асырылуы тиіс. Ол Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінде жасөспірімдерді қызмет етуге сапалы даярлауға, бағдарламаның толықтай орындалуын жүзеге асыруға, оның барлық бөлімдерін басқа мектеп пәндерімен тығыз байланыстыра кешенді түрде зерделеуге бағытталуы тиіс.

Әрбір оқу орнында алғашқы әскери дайындық өтуінің апталық жоспары бүкіл оқу жылына әзірленеді. Алғашқы әскери дайындық бойынша сабақтар оқу орнының жалпы мектептік кестесіне енгізіліп, оқу топтары мен сыныптар бойынша өткізіледі. Сыныптар мен оқу топтары взвод деп аталынып, үш бөлімшеге бөлінеді. Оқу орны директорының бұйрығымен әрбір сыныпта немесе оқу тобында озат оқушылар қатарынан бөлімше және взвод командирлері тағайындалады.

Алғашқы әскери дайындық сабақтарында взводтар мен бөлімшелердің командирлері взводтағы немесе оқу топтарындағы оқу тәртібін қадағалап отырады, сондай-ақ оқытушы-ұйымдастырушы пәрмені бойынша топтың немесе взводтың жеке құрамын басқарады.

Алғашқы әскери дайындық сабақтарында оқушылар мен оқытушы- ұйымдастырушы арасындағы өзара қарым-қатынас Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері жарғыларының талаптарына сәйкес құрастырылады.

Оқушылар сабаққа дайындалып және ұқыпты киініп келулері тиіс.

Алғашқы әскери дайындық пәнінің оқытушы-ұйымдастырушысы сабақ басталмастан бұрын алдын-ала оқу тобына немесе взвод жеке құрамына киім үлгісі жайында айтуы тиіс.

Жалпы білім беретін мектептерде алғашқы әскери дайындықтың оқу-материалдық базасы құрылып, үнемі жетілдіріліп отырады. Оған:



  • алғашқы әскери дайындықтың оқу кабинеттері (сынып);

  • азаматтық қорғаныста, тіршілік әрекеттерін қамтамасыз етуде, алғашқы әскери дайындық бойынша арнайы мүліктер сақтауға арналған бөлме;

  • саптық дайындық бойынша сабаққа арналған алаңдар;

  • тәуліктік кезекші мен сақшы міндеттерін практика жүзінде оқып үйретуге арналған орын, ату тәртібі мен тәсілдерін және тактикалық дайындық бойынша сабаққа арналған жаттығу қалашықтары;

  • оқу-көрнекілік құралдары және техникалық оқу құралдары қосылады.

Оқу орындарын жаттығу қаруларымен, әскери-техникалық мүліктер және оқу құралдарымен қамтамасыз ету Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі, Білім және ғылым министрлігі, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі, Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар жөніндегі министрлігі әзірлеп және бекіткен табельдер бойынша жүзеге асырылады.

Қосымшалар

1-кесте

Жалпы бiлiм беретiн мектептiң 10-сыныбына арналған

жүктеу 311,5 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау