Бағдарламасы №1 басылым қыркүйек 2014 ж. ««Кәсіпорындардағы технологиялық есеп беру»» пәнінің


Дәріс № 12 Материалдық құндылықтардың бухгалтериядағы есебі



жүктеу 428,33 Kb.
бет3/3
Дата11.12.2017
өлшемі428,33 Kb.
#3978
түріБағдарламасы
1   2   3

Дәріс № 12

Материалдық құндылықтардың бухгалтериядағы есебі

Жоспар:


  1. Жинақтау ведомосі

  2. №10 ведомосі

  3. Ауытқуларды бөлу тәртібі

Жинақтау ведомосі

Қоймадан тізілім бойынша келіп түскен құжаттар алдын – ала жинақталғаннан кейін таксалауға беріледі. Таксалаудан кейін құжат деректері кәсіпорында белгіленген есептік топтар бойынша ( орман материалдары, темір және т.б.) топтастырылады. 20 және 22(тауарлар) бөлімшелердің шоттары бойынша тауарлы – материалдық құндылықтардың кірісі мен шығысы бойынша жүретін , материалдың талдамалы есебінің жинақтаушы ведомосте әрбір топ бойынша сомалық өлшеммен көрсетіледі.

а) өткен айдағы ведомосте алынған айдың басындағы қалдық.

б) құжаттарды өткізу тізілімінен ай ішіндегі топ бойынша тауарлы – материалдық құндылықтардың кірісі.

в) құжаттарды өткізу тізілімінен ай ішіндегі топ бойынша тауарлы – материалдық құндылықтардың шығысы.

г) есептеу жолымен анықталған ай соңындағы қалдық.

Жинақтау ведомосі (сличит) бухгалтерия мен қойма есебінің деректерін салыстыру үшін пайдаланылады. Қойма есебі материалдардың талдамалы есебі карточкаларында және қалдықтар кітабында жүргізіледі. Қалдықтар туралы деректер сәйкес келу керек, өйткені қоймадағы жазулар (қалдықтар кітабы мен жинақтау ведомосі) бір ғана құжаттың негізінде жүргізілген .

Бухгалтериядағы жинақтау ведомосінің (сальдолық әдіс кезінде) немесе материалдық құндылықтардың қалдығы мен қозғалысы туралы есептемесінің негізінде “Материалдардың ақшалай өлшемдегі қозғалысы” деген №10 ведомосі жасалады.

2. №10 ведомосі талдамалы есептің деректерін материалдық ұқндылықтардың талдамалы есебінің көрсеткіштерімен ұштастыруға арналған. Келіп түскен материалдық құндылықтардың құны жинақтамалы шоттардың немесе есептік топтардың келісімінде есептік бағалар бойынша келтіріледі.

№10ведомосі бірнеше бөлімнен тұрады:

1) бөлім – нақты өзіндік құн бойынша жиынтық деректер мен ай ішінде келіп түскен материалдардың есептік құнын көрсетуге арналған. Бұл деректер әртүрлі журнал – ордерлерден ( №6 ; №10 ; №3 ; №7; №1 және т.б.) көшіріледі.

Мұнда жүктерді жеткізу жөніндегі шығындарды , тиеп – түсіру жұмыстарының шығынын , теміржол алымдарына төлемді және материалдарды сатып алу құнынан тыс жұмсалған басқа шығындарды қоса алғанда материалдық құндылықтарды сатып алуға және әзірлеуге жұмсалған шығындар ескеріледі. Дәл осы бөлімге ведомостің басқа бөлімдерінен алынған материалдық ұқндылықтардың нақты өзіндік құны және ай басындағы есептік бағасы бойынша қалдығын жазады. Оған ай ішінде келіп түскен материалдардың құны қосылады. Одан кейін нақты құнның есептік баға бойынша құннан ауытқуының сомасы мен проценті анықталады.

Ауытқулар сомасы дегеніміз – осы көрсеткіштер арасындағы айырмасы , ал ауытқу проценті - бұл ауытқу сомасының материалдардың есептік құнға қатынасы.

Ауытқу (“ + “) немесе (“-“) таңбасымен болуы мүмкін.

№10 ведомосі екінші және одан кейінгі бөлімдері материалдық құндылықтарды сақтау жері (қоймалар , участкелер) бойынша кірісін , шығысын және қалдығын ақшалай өлшеммен көрсетуге арналған. Бұл деректер материалдық есеп берудің сальдолықжинақтаушы ведомостерінің негізінде толтырылады , ал оларда – материалдық құндылықтардың қозғалысы мен қалдығы есептік бағамен келтірілген. Материалдың толық нақты өзіндік құны есептік бағалар мен ауытқулар бойынша материалдар құнының сомасы ретінде анықталады.

3. Ауытқуларды бөлу тәртібі.

Ауытқуларды бөлу мынадай тәртіппен жүргізіледі :


  1. Есептік кезеңнің соңындағы материалдық құндылықтар қалдығының есептік құнына ауытқулар сомасы анықталады.

  2. Қалған сома есептік бағалары бойынша материалдар есептен шығарылған баланстық шоттар бойынша ведомосінің басқа бөлімдерінде бөлінеді :

а) 845 – шотқа – есептелген процентпен

б) 901 – шотқа - әдетте қалған сома

Егер 921 шотқа көптеген материалдар есептен шығарылатын болса , онда ауытқудың сомасы есептік бағасы бойынша ағымдағы айда осы шотқа есептен шығарылған материалдар құнын №10 ведомосте өткен айда көрсетілген , сол айда қолданылған ауытқу процентін көбейту жолымен анықталады. Барлық қалған шоттарға( 91 ; 951 ; 941 ; 821 ) ауытқулар есептен шығарылмайды.
Дәріс №13

Бухгалтерлік есептің әдістемелік негізі

Жоспар:


  1. Құжаттау және түгендеу

  2. Бағалау және калькуляция

  3. Шоттар мен екі жақты жазу

  4. Бухгалтерлік баланс

  1. Құжаттау және түгендеу.

Бухгалтерлік есепті ұйымдастырудың әдістемелік негізін әдістер мен тәсілдер жүйесі құрайды. Олар құжаттау, түгендеу, бухгалтерлік балама жасау, екі жақты жазу әдісін қолданып жинақтамалы және талдамалы шоттар жүйесін, мүліктер мен міндеттемелерді бағалау, калькуляциялау мен кәсіаорнының есеп беруі арқылы жүзеге асырылады.

Құжаттау – шаруашылық операцияларын құжаттардың көмегімен олар жасалған сәтте және сол жерде бастапқы тіркеу.

Құжат бухгалтерлік жазбалар үшін міндетті негіз болып саналады. Әрбір шаруашылық операциясында ол жасалған сәтте құжат жасалады, онда құжаттың атауы, операцияның мазмұны, оның жасалған күні, өлшем бірлігі, операцияның жасалуына жауапты адамдардың қойған қолдары көрсетіледі. Сөйтіп құжаттар заңдық растаушы күшке ие болады.



Түгендеу – мүліктің нақты қолда барын бухгалтерлік есептің деректері бойынша заттай сәйкестігін тексерудің әдісі. Ол бухгалтерлік есеп деректерінің растығы мен кәсіпорын меншігінің сақталуын қамтамасыз ету мақсаттарымен жүргізіледі. Негізгі құралдар, тауарлы-материалдық құндылықтар, ақша қаражаттары, аяқталмаған өндіріс, сауда кәсіпорнының тауарлары және т.б. түгенделуі тиіс.

Түгендеу белгіленген мерзімде материалды жауапты адамдар ауысқан кезде, аудиторлардың тергеу органдарының талабы бойынша және т.б. жағдайларда жүргізіледі.

Түгендеу деректері актпен рәсімделеді.


  1. Бағалау және калькуляция.

Бағалау – бұл натуралды көрсеткіштерді ақшалай көрсеткіштерге аудару әдісі. Мұның өзі шаруашылық қорлар мен олардың қорлану көздері туралы жалпылама деректерді алу үшін бухгалтерлік есепте ақшалай көрсеткіштерді міндетті түрде пйдаланумен байланысты болып отыр. Кәсіпорынның мүлкі мен оның көздерін бағалаудың шынайылығы мен дұрыстығы бухгалтерлік есептің барлық жүйесін құру кезінде маңызды болмақ. Бағалаудың принциптері нормативтік актілермен реттеледі. Мысалы: қолданыстағы нормативтік құжаттарда белгіленгені: бухгалтерлік баланста негізгі құралдар бастапқы құны бойынша, материалдық емес активтер – бұларда бастапқы құны мен жинақталған тозу сомасын көрсету арқылы қалдық құны бойынша, өндірістік қорлар оларды сатып алу мен дайындаудың нақты құны бойынша бағаланады және т.с.с.

Калькуляця – шығындарды топтастыру мен сатып алынған материалдық құндылықтардың, әзірленген өнімдер мен атқарылған жұмыстардың өзіндік құнын анықтау әдісі. өнімнің өзіндік құнын калькуляциялау нормативтік құжаттармен реттеледі.



  1. Шоттар мен екі жақты жазу

Бухгалтерлік есептің шоттары біртектес шаруашылық операцияларын топтастыруға және ағымдағы есебін жүргізуге арналған. Қорлардың әрбір түрі мен олардың көздеріне жеке шот ашылады. Мысалы: 441 – «Есеп айырысу шотындағы қолма-қол ақшалар»; 451 – «Кассадағы Ұлттық валютамен берілетін қолма-қол ақшалар!; 551 – «Заңмен белгіленген резервтік капитал»; 571 – «жиынтық кіріс» және т.б.

Екі жақты жазу – шаруашылық операцияларын бехгалтерлік есептің шоттарында тіркеудің әдісі. Бұл әдістің мәні - әрбір шаруашылық операциясы екі рет тең сомамен бір шоттың дебетінде және басқа шоттың кредитінде жазылады.



  1. Бухгалтерлік баланс

Бухгалтерлік баланс - кәсіпорынның мүлкі мен олардың пайда болу көздерін ақшалай бағамен белгілі бір күнге,әдетте айдың бірінші күніне экономикалық топтастырудың әдісі.

Кәсіпорынның қорлары бухгалтерлік баланста ақшалай өлшеммен екі топтамада көрсетіледі. Оның бірі кәсіпорынның қандай қорлары бар екндігін, ал екіншісі – олардың қандай көздерден пайда болғанын көрсетеді; яғни баланс кесте түрінде жасалады. Ол екіге бөлініп, бір жағы актив, ал екінші жағы пассив деп аталады. Бухгалтерлік баланстың екі жағы өзара тең, өйткені оларды бір ғана мүлік кңөрсетіледі; бірақ бір жағынан құрамы мен орналасуы бойынша, екінші жағынан оның пайда болу көздері бойынша көрініс табады.

Сонымен баланстың негізінде кәсіорындағы шаруашылық қорларының жағдайы мен оларды пайдалануға қадағалауды жүзеге асыруға болады.

Есеп беру дегеніміз – кәсіпорынның белгілі бер кезеңіндегі өндірістік-шаруашылық және қаржы қызметтерін сипаттайтын көрсеткіштердің арнайы кестелерге толтырылған жүйесі. Есеп берудің көрсеткіштері кәсіпорынның қаржы жағдайын талдау үшін, нарықты жағдайын бағалау үшін, тиісті шаруашылық шешімдерге негіздеме әзірлеу және қабылдау үшін пайдаланылады.



Бухгалтерлік есептің әдістемесін құрайтын әдістері мен тәсілдері өзара тығыз байланысты және өзара шарттастырылған. Оларды қолдану нәтижесінде ескеріліп отырған объектілердің бухгалтерлік есепте ақшалай, еңбектік және натуралды өлшеуіштермен үздіксіз, жалпылама және құжатпен негізделе көрсетілуін; мүліктерді, олардың пайда болу көздерін, шаруашылық операцияларын бухгалтерлік есептің шоттарында біртектес топтастыру қамтамасыз етеді.

Бұл мүліктерді, оның пайда болу көздері мен шарушылық операцияларын екі жақты жазу әдісінің көмегімен шоттарда өзара байланыстырып көрсету, мүліктер мен міндеттемелердің нақты қолда барын есеп деректерімен мерзім сайын салыстыру шынайы, жиынтық, жүйеленген есептеме деректерін алуға мүмкіндік береді.
жүктеу 428,33 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау