Page Control- көп парақты панельдер жиынтығы.
RichEdit- форматталған мәтінге арналған көп жолдық редактор.
TrackBar – программадағы кейбір шамалардың мәнін басқаруда қолданылатын жылжытқыш.
Animate- қарапайым анимацияны шығаруға мүмкіндік беретін мультипликатор.
TreeView- пиктограммалардың тармақты құрылымымен байланысқан жиынтықтан тұратын таңдау тармағы т.с.с.
Page Control көп парақты панелі қосымшада әр түрлі парақта әртүрлі мазмұнды объект қою арқылы қосымшада экрандық кеңістікті үнемдеуге мүмкіндік береді. Компонентті формаға орналастырғаннан кейін оған жаңа парақ қосу үшін контекстік менюден “Жаңа парақ” (New Page) пунктін шертеміз. Delphi автоматты түрде TabSheet1, TabSheet2…атты жаңа парақ жасайды. Парақ тақырыбы Caption қасиеті арқылы өзгертіледі.
Мысал: Page Control компоненті арқылы әр сұрағы әр парақта орналасқан тестілеу программасын жасау мысалын қарастырайық. (Жоба интерфейсі 60,61- суреттегідей болады.)
Сурет 60,61. Page Control компонентін қолданып тестілеу жобасын жасау
RichEdit компоненті көп жолды мәтінді редакциялау терезесі болып табылады. Memo көп жолды мәтіндік редакторынан айырмашылығы RichEdit компонентіндегі мәтін кеңейтілген мәтіндік формат (RTF- Rich Text Format) ережесіне бағынады. SelAttributes қасиетінің мәнін бере отырып, мәтін фрагментінің атрибутын өзгертуге болады. TTextAttributes типті бұл қасиеттің Color (түс), Name (қаріп аты), Size (өлшемі), Style (стиль) т.б. ішкі қасиеттері болады.
Ағымдық абзацты туралау, шегініс т.б. әрекеттерін Paragraph қасиеті басқарады. Оның ішкі қасиеті- Alignment. Ол мәтінді туралауды жүзеге асырады. Бұл қасиеттің мәндері: taLeftJustify (солға), taCenter (центр бойынша ) және taRightJustify (оңға).
TreeView- ағаш түріндегі иерархиялық мәліметтерді шығару компоненті болып табылады. Одан қолданушы өзіне қажет мәліметтерді таңдай алады. Бұл компоненттің негізгі қасиеті- Items. Ол индекстелген түйіндер тізімінен тұрады. Әрбір түйін TTreeNodes типті объект болып табылады. Түйіндер TreeView компонентінде 2 рет шерту немесе Items қасиетінің оң жағындағы үш нүктелі батырманы шерту арқылы жасалады. Нәтижеде төмендегі 64-суреттегідей түйін жасау терезесі экранға шығады.
Сурет 64. TreeView компонентінің түйін жасау терезесі
Бұл терезе келесі батырмалардан тұрады:
Достарыңызбен бөлісу: |