Бағдарламалау технологиялары және тілдер



жүктеу 1,75 Mb.
бет67/84
Дата06.01.2022
өлшемі1,75 Mb.
#36866
1   ...   63   64   65   66   67   68   69   70   ...   84
интеграция

SpeedButton батырмасы

Delphi- де батырманың 3 түрі бар:

Button – стандарт батырма

BitBtn- суретті батырма

SpeedButton- тез ену батырмасы.

SpeedButton батырмасы түрі және функционалдық мүмкіндіктері бойынша BitBtn суретті батырмаға ұқсас. Одан айырмашылығы бұл батырма TGraphicControl класына жатады және басқарудың терезелі емес элементі болып табылады.

Бұл батырма құралдар панелін жасауда қолданылады. Басқа батырмалардан айырмашылығы SpeedButton батырмасы ауыстырып- қосқыш ретінде қолданыла алады. Сондықтан бұл батырманың қалыпты жағдайдағы және шарткен жағдайдан өзге 3- жағдайы таңдалған немесе қосылған жағдайы болады. Батырманың таңдалғандығы оның Boolean типті Down қасиеті арқылы анықталады. Бұл қасиеттің мәні true болса, онда батырма таңдалған, керісінше жағдайда таңдалмаған.

Мысал: Speedbutton1.down:=true;

SpeedButton батырмасын ауыстырып- қосқыш ретінде қолданудың белгілі бір ерекшеліктері бар. Барлық мұндай батырмалар топқа біріктіріледі, мұндай батырмалардың әрбіреуі топтардың біреуіне тиісті. Батырмалардың топқа тиістілігін Integer типті GroupIndex қасиеті анықтайды. Қалыпты жағдайда бұл қасиеттің мәні 0- ге тең және батырма топқа тиісті емес. GroupIndex қасиетіне бірдей мән беру арқала әртүрлі батырмаларды бір топқа біріктіруге болады. Бұл жағдайда топтың барлық батырмалары келісімді түрде жұмыс істейді, егер бір батырма таңдалса, қалған батырмаларды таңдау автоматты түрде ажыратылады.

Мысалы: MS Word мәтіндік редактордағы форматтау құралдар панеліндегі өзара тәуелді мәтінді туралау батырмалары (сол жақ шеті, оң жақ шеті, центрі және ені бойынша)



Бұл батырмалардың барлығының GroupIndex қасиетінің мәндерін бірдей етіп қою керек. Мысалы: GroupIndex=5

Нәтижеде жоғарыдағы 4 батырма бір- біріне тәуелді жұмыс жасайды. Бір батырманы таңдағанда басқа батырмаларды таңдау автоматты ажыратылады.

Батырма басқа батырмалардан тәуелсіз жұмыс істеуі үшін 1 батырмадан тұратын әртүрлі топ жасалады. Бұл жағдайда мұндай батырмалардың GroupIndex қасиетіне әртүрлі мәндер меншіктеледі.

Мысалы: MS Word мәтіндік редактордағы форматтау құралдар панеліндегі өзара тәуелсіз қаріп стилін таңдау батырмалары (жартылай қою, көлбеу және асты сызылған)




Бірінші батырма үшін GroupIndex=1, екіншіде GroupIndex=2, үшіншіде GroupIndex=3.

Мұнда бірнеше батырманы қатар таңдауға болады.



SpeedButton батырмаларын таңдау мүмкін болған жағдайда Boolean типті AllowAllUp қасиеті бұл батырманы қайта шерту арқылы таңдалмаған жағдайға оралу мүмкіндігін анықтайды. Егер AllowAllUp=true болса, онда мұндай аыйрып- қосу мүмкін болады. SpeedButton батырмасының BitBtn батырмасынан айырмашылығы оның бетіндегі сурет 3 емес, 4 жеке бейнеден тұрады. Сондықтан, бұл батырма үшін NumGlyph қасиетнің максимал мәні 4- ке тең.

SpeedButton батырмасының Boolean типті flat қасиетінің мәні true болса, батырма жақтауы көрінбейтін жазық батырма шығады, яғни батырманы қазіргі заманғы стильде безендіруге мүмкіндік береді.

Бұл батырманың бетіндегі жазу Caption қасиеті, ал батырма бетіндегі сурет Glyph қасиеті арқылы қойылады.



жүктеу 1,75 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   63   64   65   66   67   68   69   70   ...   84




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау