Бағдарламалау технологиялары және тілдер



жүктеу 1,75 Mb.
бет66/84
Дата06.01.2022
өлшемі1,75 Mb.
#36866
1   ...   62   63   64   65   66   67   68   69   ...   84
интеграция

Тапсырмалар:

Delphi ОБП тілі ортасында Label және Edit компоненттерін және InputBox(), MessageDlg() функцияларын қолданып орындаңдар:

1. Теңгемен берілген қаржы мәнін курсқа байланысты рубль, доллар және евроға айналдыратын қосымша жасаңдар.

2. Берілген үш таңбалы бүтін санның жүздігін, ондығын және бірлігін шығарыңдар.

3. Берілген екі санның арифметикалық және геометриялық ортасын табыңдар.

4. Дене салмағының мәні килограммен берілген. Тоннаға айналдырыңдар.

5. Қашықтық мәні километрмен берілген. Метрге айналдырыңдар.

6. Сатушы мен сатып алушы арасындағы сұқбатты жүзеге асырыңдар. (Сатушы төлеу қажет ақша мөлшерін айтады. Сатып алушы төлейтін ақша мөлшерін ұсынады. Сатушы қайтарылатын ақша мөлшерін хабарлайды)

Әдістемелік нұсқау: Берілген есептің қойылысын талдап, программасын құрыңдар. Программаны орындатып,тестілеңдер.
1. СОБӨЖ.

Тақырыбы: Шартты оператор. Тәуелді және тәуелсіз айырып- қосқыш компоненттері

Тапсырма: Сұрақтарға жауап беру.

Сұрақтар:



  1. Object Pascal тіліндегі шартты команданың жазылу форматы?

  2. Object Pascal –да құрама шарт қалай жазылады?

  3. CheckBox компоненті қандай қызмет атқарады?

  4. RadioButton компоненті қандай қызмет атқарады?

  5. Бұл екі компоненттің айырмашылығы қандай?

  6. Компоненттердің Caption қасиетінің қызметі?

  7. Компоненттердің таңдалғандығын анықтайтын қасиеті қандай және оның типі қандай болады?

  8. Компоненттердің Alignment қасиетінің қызметі және ол қандай мәндер қабылдайды?

Әдістемелік нұсқау: Берілген сұрақтарға жауап дайындап, конспектілеңдер.

Әдебиеттер: 8 [711-739]


2,3. СОБӨЖ.

Тақырыбы: Таңдау операторы. ComboBox және ListBox тізімдік өріс компоненттері

Тапсырма: Сұрақтарға жауап беру.

Сұрақтар:

1. Object Pascal тіліндегі таңдау командасының жазылу форматы?

2. Таңдау командасы қалай орындалады?

3. ListBox және ComboBox компоненттері қандай қызмет атқарады?

4. Бұл екі компоненттің ұқсастығы мен айырмашылығы?

5. Компоненттердің Items қасиетінің қызметі?

6. Компоненттердің ItemIndex қасиетінің қызметі және қабылдайтын мәндері?



Әдістемелік нұсқау: Берілген сұрақтарға жауап дайындап, конспектілеңдер.

Әдебиеттер: 8 [711-739]


1. СӨЖ.

Тақырыбы: Таңдау операторы. ComboBox және ListBox тізімдік өріс компоненттері.

Тапсырма: Сұрақтарға жауап беру.

1. Object Pascal тіліндегі таңдау командасының жазылу форматы?

2. Таңдау командасы қалай орындалады?

3. ListBox және ComboBox компоненттері қандай қызмет атқарады?

4. Бұл екі компоненттің ұқсастығы мен айырмашылығы?

5. Компоненттердің Items қасиетінің қызметі?



Әдістемелік нұсқау: Берілген сұрақтарға жауап дайындап, конспектілеңдер.

Әдебиеттер: 8[ 578- 592] ,3[533-567]


2,3. СӨЖ.

Тақырыбы: Таңдау операторы. ComboBox және ListBox тізімдік өріс компоненттері.

Тапсырма: Сұрақтарға жауап беру.

1. Object Pascal тіліндегі таңдау командасының жазылу форматы?

2. Таңдау командасы қалай орындалады?

3. ListBox және ComboBox компоненттері қандай қызмет атқарады?

4. Бұл екі компоненттің ұқсастығы мен айырмашылығы?

5. Компоненттердің Items қасиетінің қызметі?



Әдістемелік нұсқау: Берілген сұрақтарға жауап дайындап, конспектілеңдер.

Әдебиеттер: 8[ 578- 592] ,3[533-567]


Он бірінші апта

№11 дәрістің тақырыбы: Delphi-дің additional парағының компоненттері



Additional парағының құрамына сұхбаттасу терезелерін орнату үшін қолданылатын келесі компоненттер кіреді.



Сурет 46. Additional парағы





Standard парағында орналасқан Button батырмасы стандарт батырма болып табылады да, қосымша жасауда жиі қолданылады. Ал Additional парағында батырманың ерекше түрі –Bitbtn қолданылады. Бұл батырманың қарапайым батырмадан айырмашылығы- оның бетіне сурет орналастыруға болады. Батырма бетіндегі жазу Caption қасиеті арқылы қойылады.

Bitbtn батырмасының Kind қасиеті батырма түрін анықтайды. Бұл қасиеттің қалыпты жағдайдағы мәні- bkCustom. Одан басқа да мәндері: bkOK, bkCancel, bkHelp, bkYes, bkNo, bkClose, bkAbort, bkRetry, bkIgnore, bkAll. Бұл батырмаларда сәйкес жазу мен пиктограмма орнатылған. (47- сурет)

Батырма бетіне сурет Glyph қасиеті арқылы қойылады. Объект бақылаушысы терезесіндегі Glyph қасиетінің жанындағы көп нүктелі жолды шерткен кезде шағын терезе ашылады. Одан Load батырмасын шертіп, қажетті bmp типті файлды таңдау керек. Delphi-де батырмалар үшін суреттердің мол жиынтығы бар. Олар әдетте \program files\common files\borland shared\ Images\Buttons бумасында орналасады.

Кез- келген батырманың негізгі оқиғасы- OnClick. Ол батырманы шеркен кезде пайда болады.



Сурет 47. Bitbtn батырмасының Kind қасиетінің мәндері


жүктеу 1,75 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   62   63   64   65   66   67   68   69   ...   84




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау